Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 01:16


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Шетпедегі қақтығыстан соң Ақтауда халық алаңға жиналды

Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп Шетпе станциясында темір жолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атты. Бір адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді. Жексенбіде Ақтауда жұрт алаңға тағы жиналды.

Жаңаөзендегі оқиғаға орай өткен шеру. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Суретті түсірген "Лада" (www.lada.kz) газетінің тілшісі Ольга Ярославская).
Жаңаөзендегі оқиғаға орай өткен шеру. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Суретті түсірген "Лада" (www.lada.kz) газетінің тілшісі Ольга Ярославская).
Мәтін көлемі - +

Желтоқсанның 18-і күні таңертең Ақтаудың орталық алаңына тағы да жұрт жиналды. Олар Жаңаөзендегі ереуілшілердің еңбекақыға байланысты қойған талабы орынды болатын дейді. "Ынтымақ" алаңындағы бірнеше ондаған адамды осы жерде полицияның арнайы жасағы сырттай бақылап тұр.

Жиналған тұрғындар ақ матаға жазылған: «Оқ атқандарды халық ұмытпайды!», «Қантөгіске жол жоқ!» және «Репрессия болмасын – біз мародер емеспіз» деген жазулар ұстап тұрды.

Ақтаудағы жиын туралы YouTube сайтында жарияланған видео:




ШЕТПЕДЕГІ ҚАҚТЫҒЫС

Желтоқсанның 17-сі күні кешкі сағат 8-дерде Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе станциясында да қарапайым халық пен арнайы жасақ қақтығысып қалды.

Шетпе ауылы тұрғындарының айтуынша, кешкі сағат 6-да арнайы жасақ келіп,  пойыз жолын бөгеп тұрған жұрттың кетуін талап еткен. "Алайда  темір жол үстіне топтасқан жұрт тарқамады, ақыры қоян-қолтық  ұрыс басталып кетті" дейді Шетпеден телефон арқылы Азатық тілшісіне хабарласқан Бауыржан есімді азамат.

- Мен қазір аудандық ауруханада отырмын. 25 жастағы бір жігіт басынан оқ тиіп қаза болды. 8 адам жарақат алды. Жаралылар көбейіп барады, - деді Бауыржан сенбі күні кешке.

Шетпедегі оқиға туралы YouTube-те жарияланған видео:



Басқа бір дерек көзі дәл осындай халық наразылығы Жетібай кентінде де  басталғанын, тұрғындардың әкімдік алдына жиналғанын хабарлады.

"БҰЗАҚЫЛАРДЫҢ" БЕСЕУІ ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕКТЕН СОҢ ҮЙЛЕРІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ 

Желтоқсанның 18-і күні кешке қарай Қазақстан Бас прокуратурасы  Маңғыстау облысының, Маңғыстау ауданындағы Шетпе станциясында полиция мен темір жолды бөгеген топтың арасында болған қақтығысқа қатысты жаңа мәліметтер жария етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 17 желтоқсан күні Шетпе станциясында бір топ адам «Маңғышлақ- Ақтөбе» жолаушылар поезының қозғалысына тосқауыл қойған болатын.

Мұның сыртында оқиға орнына мемлекеттік нөмері жоқ УАЗ көлігі бірнеше мәрте келіп, ондағы белгісіз адамдар құқық қорғау орындарының қызметкерлеріне қарата оқ жаудырып кетіп отырған деп мәлімдеді Астанада Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. Осы шабуылдар салдарынан ішкі істер органдарының 5 қызметкері жарақат алды дейді прокуратура. Бұл қақтығыстар 17 желтоқсан күні кешке қарай болды.

Әрі қарай ресми хабарламада «бұзақылардың қимыл-әрекеттері бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау огандары қызметкерлерінің өздерінің өміріне қауіп төндірген соң, полиция бірнеше мәрте ескерту ретінде оқ атты, ақырында қару қолдануға мәжбүр болды» делінген.
Сондай-ақ оқ негізінен ауаға қарата және бұзақы топтың аяқтарын көздеп  атылғанын атап өту керек. Зардап шеккен 12 адамның 8-і аяқтарынан жараланғандар, 5-іне дәрігерлік көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді, 6 адам ауруханада, 1 кісі қаза болды» деп жазылған.

Алайда текетірес мұнымен біткен жоқ, «бұзақылық жасаушылар» Шетпе ауылындағы жаңа жылдық шыршаны өртеп, дүкендердің сөрелерін қиратты, көліктердің терезелерін сындырды» деп Бас прократура «бұзақылар» жасаған басқа да жайттарды сипаттаған.

Түнгі сағат 22-ден 20 минут өткенде Сай-Өтес станциясында жол жұмыскерлеріне шабуыл жасағандар 5 жұмысшыны байлап-матап тастап, темір жол құралдарын алып кетіп,соның көмегімен 180-ші шақырымда темір жолды істен шығарып тастады. 

Қазіргі уақытта Шетпе ауылындағы жағдай тұрақталып, қоғамдық тәртіп пен Шетпе станциясы арқылы өтетін поезд қозғалысы қалпына келтірілді деп қорытындылаған Қазақстан Бас прокуратурасы хабарламасын.

ЖАҢАӨЗЕНГЕ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ЖОЛ ЖАБЫҚ

Жексенбіге қараған түні Алматыдан Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласына журналистердің шағын тобы ұшып барды. Олардың арасында Азаттық тілшісі де бар. Негізі журналистер сенбі күні таңертең келмек болған еді, бірақ Алматыдан Ақтауға қатынайтын ұшақ рейсі кейінге шегерілді.

Желтоқсанның 18-і таңертең Алматыдан барған журналистер Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасында болды, бірақ онда тілшілерді қабылдамады.

Бұдан соң Жаңаөзенге баруға рұқсат алу үшін облыстық прокуратураға барған журналистерге осы мекеменің аппарат жетекшісі басшылардың барлығы Жаңаөзенде жүргенін және ол қаламен байланыс жоқтығын айтып, Маңғыстау облысында соңғы ахуалға қатысты қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Қазір алматылық журналистер Ақтаудың орталық алаңында жүр.

Сенбі күні Қазақстан президенті Назарбаев Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай тәртібін енгізу туралы жарлық шығарған еді.

Ресми ақпарат бойынша, 16 желтоқсанда Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік барысында 11 адам опат болып, қарапайым тұрғындар мен полиция өкілдері бар барлығы 80-нен астам адам жарақаттармен ауруханаға түскен.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕАКЦИЯ

Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысты халықаралық ұйымдар алаңдаушылық танытты.

Еуропа одағы мен ЕҚЫҰ Жаңаөзендегі қақтығысқа қатысты алаңдаушылық танытты.

Human Rights Watch ("Хьюман Райтс Уотч") халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстанның құқық органдарын Маңыстау облысы Жаңаөзен қаласында тәртіпті қалпына келтіру кезінде адам құқығын сақтауға шақырды.

БҰҰ адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Нэви Пиллайдың өкілі Руперт Колвилл "қазақ билігін бұл жағдайды егжей-тегжейлі тексеріп, қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру кезінде құқық қорғау орындарының шектен тыс күш қолданбауын қадағалауға" үндеді. 

Желтоқсанның 17-іне қараған түні Киев қаласында Қазақстан елшілігі алдына украиналық солшылдар, құқыққорғаушылар мен кәсіподақ белсенділері Жаңаөзен ереуілшілеріне ынтымақтастық таныту акциясын өткізді.

Украиналық белсенділердің Жаңаөзендегі ереуілшілерге қарсы күш қолдануды айыптап, Қазақстан үкіметінің атына наразылық үндеуін оқығаны және олардың талабын тыңдауға қазақ елшілігінің қызметкері шыққаны туралы видео интернетте жарияланды. Осындай шара Мәскеудегі қазақ елшілігінің алдында да өтті.

Сол сияқты, желтоқсанның 17-і күні шетелдегі қазақ оппозициясы бюросының жетекшісі Бали Мажец мәлімдеме жасап, «Жаңаөзендегі репрессияны тоқтатуды, әскер мен арнайы отрядтарды қаладан шығаруды, бейбіт халыққа оқ атуға бұйрықты кім бергенін анықтауды, Жаңаөзеннен ақпараттық шектеуді алуды, телефон және интернет байланыстарын қалпына келтіріп, оқиға туралы шынайы ақпарат таратуды» талап етті. Мәлімдемеде ереуілші мұнайшылар мәселелерін шешу, саяси тұтқындарды босату талаптары да айтылған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 8
    Келесі 
Кімнен: Интернет батыр Қайдан: Зайсаннан
18.12.2011 13:25
+0 / -0
Оппозициялық саяси партиялар мен ұйымдар митинг өткізсе соларды қолдайық! Интернетте отырып батырсынғаннан көп нәрсе өзгермейді. Құр сөзден әрі аса алмайтын партияларды өзім де ұнатпаймын,бірақ халық көп жыйналса кімнің батыр,кімнің қатын екенін халық өзі-ақ түсінеді.
Пікір алмасу

Кімнен: 20 zhas Қайдан: Алматы
18.12.2011 13:56
+0 / -0
Митинг? 300 жылда қол жеткен құндылықтың бағасын білген түріміз осы болғаны ма?! Сайлау ел берекесін қашыратын науқан емес! Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос...
Пікір алмасу

Кімнен: Лазым Қайдан: Шетпе
20.12.2011 01:41
+0 / -0
кешеги боган окигаларда шетпедеги жастарды бузакы етип корсету билик пен ок аткан омоннын озин актап алу ушин аиткан сози. Шетпе жастарынын бір кателиги олар биликтин муншалыкты катигез, жауыз екенин билмеди, билик оз жастарына карсы боевой патрондармен ок атады деп ойламады. Егер билик оз тургындарымен келиссоз жургизе алмаса, оларды кондире алмаса ондаи биликтин кажети барма. Оз халкына ок аткандарды калаи атаимыз. халык жаулары ма
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2011 14:15
+0 / -0
Зайсанда интернет барма?
Пікір алмасу

Кімнен: Кунзадаш
18.12.2011 15:03
+0 / -0
Е4 бастысы сайлауда оппозицияны жа0тап со5ан дауыс беру керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақтың қара баласы Қайдан: Қарабұлақ қой совхозы
18.12.2011 21:13
+0 / -0
Зайсанның қай жерінде митингке жиналатын жоспар бар?
Пікір алмасу

Кімнен: Интернет батыр Қайдан: Зайсаннан
19.12.2011 11:11
+0 / -0
Оны білмедім,жерлес,мен қазір Алматы жақтамын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 09:24
+0 / -0
не деп кеттиндер? кайдагы мининг, казактар???
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 16:00
+0 / -0
халыққа оқ атпаңдар деп, шығуын ай, кімді ақымақ қылады, өте жақсы жоспарланған ойын, тек бейшара адамдар азғын топтың қармағына ілініп кетті
Пікір алмасу

Кімнен: Кабакай Адай Қайдан: Атырау
24.12.2011 02:21
+0 / -0
Мине нагыз акымак! Оларга ок атылсын олар ,болса ун тунсиз тура берсин демекшимисин. Жарайсын! Апама жездем сай демекши сендей ез, дымбилместерге осындай президент сай
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2011 16:05
+0 / -0
ереуілге шығып не тапты, туған жерін, қаласын қиратты, шығын келтірді, біұл елін сүйген азаматтың тірлігі емес
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 03:15
+0 / -0
НӘН мұнайшылардың талабын шешкен жоқ
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 11:37
+0 / -0
Отбасындағы татулықтан өсіп келе жатқан балалар үлгі алады. Сондықтан мен отбасында басталған татулық – елдің татулығы
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 11:46
+0 / -0
Өзара түсіністік татулыққа, ал татулық бақытқа жеткізеді.

Кімнен: Хасен Қожа-Ахмет Қайдан: Алматы
18.12.2011 13:42
+0 / -0
Ия, Аруақ! Бар екенсің ғой батыр Адайым!

Кімнен: Батыс Қайдан: кайдан
18.12.2011 13:42
+0 / -0
Не болды мына Актаулыктарга
Пікір алмасу

Кімнен: Актау
18.12.2011 14:02
+0 / -0
Согыс болып жатыр

Кімнен: ай ай ай
18.12.2011 13:43
+0 / -0
ай ай ай ай жаман бұл

Кімнен: серік елікбай Қайдан: паводар
18.12.2011 13:54
+0 / -0
тағы да қан болған қазақ...осы елді бастар ер бар ма?жаңа өзендік бауырлар біз сіздермен біргеміз...с.елікбай.
Пікір алмасу

Кімнен: Интернет батыр Қайдан: Зайсаннан
18.12.2011 14:56
+0 / -0
Ерім деген ел болмаса,елім деген ер қайда?! Ел бастайтын ерлерді соттатып қойып "қарап" отырмыз ғой. Арон Атабек пен Ермек Нарымбаевтің түрмеде отырғандығы бірден сезіледі...
Пікір алмасу

Кімнен: Софысымақ
18.12.2011 15:39
+0 / -0
Бұл бүліктің бәрі Исматулланың түрмеде отырғанының кесірі.
Пікір алмасу

Кімнен: asl-86@mail.ru Қайдан: казакстан
18.12.2011 18:29
+0 / -0
Кайдагы ИсматуЛлах кангыган шал тут причем! Осы жылы Айтты калай тойлап едындер естерынде ма Аллахтын хахары болмасын.Ал Ел тауелсыздыгын кара калай тойладык.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2011 13:55
+0 / -0
Сұмдық!!!Бұл нәрселер жақсылыққа апармайды. Осылай жалғаса берсе, осы кунимизге сорлап каламыз!!!

Кімнен: Узбек Қайдан: Узб
18.12.2011 14:02
+1 / -0
Ассалому алайкум биродарлар. Шу кунларда булаетган нотинчлик бизларни хам бефарк колдирмайди. Чунки барчамиз багр жигармиз, ен кушнилар хисобланамиз. Бу булаетган конли фожеларда хукуматнинг жуда катта роли (айби) бор. Иншаллох НАН ва ИАК тез кунларда уз уринларини бушатишиб беришади, еки бушатишга мажбур булишади. 2005 йилда ИАК андижон халкини конини тукган эди, бугун эса биродарларимизни кони тукилмокда. Хали вакти келиб хар иккала давлат бошидагилар жавоб беришади, хар бир олган нафаси учун. Мархумларимизни Аллох уз рахматига олсин, якинларига сабр токат тилайман. Узбек биродарлар номидан таъзиямизни кабул килгайсизлар!
Пікір алмасу

Кімнен: Roman2244
18.12.2011 16:38
+0 / -0
рахмет бауырым.
Пікір алмасу

Кімнен: aktaulik Қайдан: kikolim@mail.ru
18.12.2011 18:14
+0 / -0
raxmet!biz tubi bir xalikpiz!

Кімнен: tawba Қайдан: hetay
18.12.2011 14:04
+0 / -0
кедеидың етегыне бидаи тұссе, ......тогып кетеды деген. эгемендыктың қадырыне жете былмеген қаиран халқым-аи, алтау ала болса ауыздағы кетеды-ғои. аитаққа жұгырып азап шеккендерге алла жар болсын! қазақстанның дамуына риза болмағанның жаны шықсын.

Кімнен: Әбілхайыр Қайдан: Қазақ елі
18.12.2011 14:22
+0 / -0
Билік басындағы иісі қазақтар анадан туғандарын ұмытты ма? Мына зұлымдықты тоқтатсын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2011 14:24
+0 / -0
Мынау баска облыстардагы намысы жок сорлы казактарга улгі болды. Остіп кандастарынды таптап жатканда унсіз шуйіркелесіп отыра беріндер. Баска калалардын барлыгы аланга шыгыкып, революция жасауга шакырам

Кімнен: Салтанат Қайдан: Семей
18.12.2011 14:41
+0 / -0
Қайдағы митинг! Егемендік, бейбіт өмір тақияларына тар келдіме. Жанаөзендегі оқиға қарапайым халықтық қамын ойлағаннан емес, тойынғаннан болған. Тәубә дейік! Егемендігімізді қадірлейік!
Пікір алмасу

Кімнен: Кунзадаш Қайдан: Астана
18.12.2011 15:01
+0 / -0
Найман! Жүрген жерің - айран!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2011 13:54
+0 / -0
Найман жүрген жерің айран деп қояды ғой. Иә ұйыған айран болуға АЛЛА жазсын Қазағымды. Бірақ сол ұйыған айранға іріткі болып отырған кім? Басында титтей миы бар адам бір тайпа ел түгілі, бір анадан да ала да, құла да туатынын түсінер болар. Әй-й-й-й-й!!!!???...
Пікір алмасу

Кімнен: man7701 Қайдан: Актау
18.12.2011 15:05
+0 / -0
Қайдағы бейбіт. Сорлы сен нені білесің кімнің тойынғанын, кімнің тонғанын. көзіңді ашып қарамайсынба. Жеті ай бойы өз еңбегін ала алмай жүрген Мұнайшыларға оқ атып жатқан өкіметті.
Пікір алмасу

Кімнен: нур Қайдан: алтай
18.12.2011 18:57
+0 / -0
Салтанат журмейтин жерин жок екен кет дегенде ит те кетеди найманга соз келтиртип отырсын
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
18.12.2011 21:54
+0 / -0
тойынган халык деп кателеспе осы мангыстаудын аркасы....! казактын баска калаларынын тойынып отканы................! аузына келгенді құса берме....! сенде қазақсын жыгылганга жұдырык деме.....!

Кімнен: Кыр баласы АдайДаласынан
18.12.2011 14:45
+0 / -0
Осы котерлисти мен тусинемин бурынгы ак патша кулаган кезде сонда Алекендер токтандар деп жургенде казак даласында Азаматык согыс болгвн еди сонда бул котерлисти мен зангер ретинде колдаймынба или датаймынба деп отырмын НАН орнынан кеткенде онын орнына ким лайык Ол сырткы куштердин етегинде кетпейма аа Жане олда Нан нен асып туспейма оны тарихтан билемиз котерлис токтасын дегим келеди Бул котерлистен пайда жок боска кырламыз

Кімнен: ЫЗАЛЫ
18.12.2011 14:53
+0 / -0
БАСҚА ОБЛЫСТЫҢ АДАМДАРЫ МЕҢІРЕУСІҢДЕР МЕ, ӘЛДЕ ҚУЛДЫҢ БАЛДАРЫНА ҚУЛ БОЛУҒА ЖАРАЛДЫҢДАР МА? НЕГЕ МАҢҒЫСТАУДЫ ҚОЛДАМАЙСЫҢДАР. ҚАЗІР АДАЙДЫҢ БАТЫР ҰРПАҚТАРЫ ӘДІЛДІК СҰРАП АЛАҢДА ТҰР. қАНІШЕРЛЕР ҚАНШАМА ҚАРА ХАЛЫҚТЫ ҚЫРДЫ. ЕЛБАСЫ КӨП ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАДЫМ ЖАҢАӨЗЕН ҮШІН ДЕП ҚЫРТЫП ОТЫР. ЖАҚСЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮРІН.
Пікір алмасу

Кімнен: батыс қызы
18.12.2011 15:03
+0 / -0
Ақтөбеде қай жерде мұнайшыларды қолдауға жиналып жатыр екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Сағым
18.12.2011 15:21
+0 / -0
Ақтөбе, бауырларымызға араша, қолдау көрсету қай жерде жиналады?
Пікір алмасу

Кімнен: Мусылман Қайдан: Кызылорда
18.12.2011 17:45
+0 / -0
Ассаляму"алейкум, мусылмандар! Бул ереуылдын колдайтында колдамайтында жеры бар. Онсызда оркендей алмай журген калаларынды неге кираттындар? Кыргыздырга коп кулып койдык,аттегенай. каланы киратып кажеты жок еды, бул адылдык ыздеген хылыктын арекеты емес,тартыпсыз елдын арекетыне уксап кетты.Будан быз утпаймыз, жогалтатынымыз коп.Ойланындар казактар!!! Ливияны еске алсаныздаршы азаттык аламыз деп, Франциянын кол астына кырып кетты.Ондайды басымызгы жазбасын.Кошедегы машиналарды, Гимараттарды киратып не керек?Кудайым хайырлысын насып етсын! Амин!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2011 18:41
+0 / -0
Мұсылмансымақ "мусылман", біріншіден, сен алдыңдағы компьютеріңді қазақшалап ал, Қызылордада жоқ орысша компьютерді қандай қоқыстан тауып алдың? Содан соң, саясат сенің не теңің!?
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
18.12.2011 20:45
+0 / -0
Кешіріңіз, ЫЗАЛы мырза немесе ханым, бірақ өзге халықтың сіздерді қолдауы үшін біріншіден жалақысы маңғыстаулықтардың деңгейінде болуы керек. Немес сіздердікі біздің деңгейге түсу керек. Сонда ғана "тығылып отырсыңдар" деген әңгімеңіз орынды болуы мүмкін. Ал қазір оныңызды ешкім де қолдамайды.
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
18.12.2011 22:01
+0 / -0
бауырым оз намысынды акшага тенеме ешкашан.....! сенде казаксын мында кырлып жатканда казак....!
Пікір алмасу

Кімнен: Бекмурзаев Қайдан: Кызылорда Жанакорган
19.12.2011 00:43
+0 / -0
барар едим акшам жок
Пікір алмасу

Кімнен: Казак Қайдан: Алматы
19.12.2011 10:38
+0 / -0
Ей казактар, коймадындар гой, не жетпей жатыр сендерге?! 70 жыл биреудын кол астында отырып ауыздарынды аша алмай, енди не болды?! осы тауелсиздик кандай кан тогылумен колга тускенин умыттындар ма, улкендер кишилерге сол айырмашылыкты тусындырудын орнына неге итермелеп жур?! Жастар, жастар деген сайын сендер де есире саласындар, жастарды осындай болсын деп котермелеп жатыр ма?! Унамай ма бирдене, окындар, биреуды жамандап, тилдеринмен жактарына суйенип отырмай, канша атамыз осы казактардын козин ашу ушин жандарын тапсырган, сендердин истеп жургендерин мынау, уят кайда, намыс кайда, тауга суйресе, жарга тартып, бундай карангылыкты тартудын ози кандай киын биздин елбасымызга, оздерин ойланындаршы, осындай жас елмиз куни кеше гана тауелсиздик алдык. осындай киыншылакта адамды адам санамасак, тогилген кан айтылган соз, бекер деген емес пе?! естеринде болсын болмайды деген соз жок, аркашан еки нуска болады, биреуы карангылыктын белгисымен шешилетын, екинши бираз ойланып акылмен шешилетын!!!Айналайындар, биреуден талай жыл бойы таяк жегенимыз аздай,енды калмаганы бир бирымызды куртайык, тистери бата алмаган душпандар куле тистерин тигызсын енды, бирликсыз елдин тирлигы жок, кандастарым, ойланындар!!!

Кімнен: Марат Қайдан: Алматы
18.12.2011 14:54
+0 / -0
Өз халқына оқ атып қанға бояған мына малдарды тоқтату керек ғой. Қайда біздің оппозициямыз? неге халықты көшеге шығармайды? Елді қырып жатқан кезде біз ін-інімізге тығылып алып, ұялмай бесбармқ жеп жата береміз бе?
Пікір алмасу

Кімнен: Лазым Қайдан: Шетпе
19.12.2011 00:01
+0 / -0
Қазақтар, 16-17 желтоксан куни билик оз құқыгын коргаган өз елінің халқына оқ атты. Ондаган біздің бауырларымыз олді, жуздегені жараланды. Коптеген шет елдерде жанаозен мен шетпе тургындарын колдап халык кошеге шыгып жатканда озимиздин кандас казактарымыздын оздериннен корин дегени неси. Намыс калмаганы ма биздин казактарда. Адайдын жигиттери аланга шыкты, билик 7 ай бойы кангытып коиган жумысшылардын шыдамы таусылды. Ал билик оларга ок атты, оз халкына кару аткан ел ешкашан онбайды, Осындай сәтте казакты казак колдамаса сендей кандастардын куны бес тиын

Кімнен: Алаш баласы Қайдан: Жетісудан
18.12.2011 15:09
+0 / -0
Маңғыстаулық-Жаңаөзендік бауырлар біз сіздермен біргеміз! Алла әділдікті орнатып халық тілеуін бергей деп тілеймін! Алматы жұртына Маңғыстаулық ағайындарға қолдау көрсетіп алаңға шығуна шақырамын! ешнәрсені қиратудың қәжеті жоқ, тек қана бәріміз топтасып алаңда билік қарапайым халықты қан қып қырғанын тоқтатсын! Халқына қару кезеніп оқ жаудыратын биліктің бізге керегі жоқ! Жүрегім қан жылап жатыр сендер үшін бауырлар! Құдай тілеуімізді берсін! Әруақ!

Кімнен: Кыргыз боордош Қайдан: Ош шаары КР
18.12.2011 15:26
+0 / -0
Уважаемый народ казахстана! Родные казахи! Беспорядки которые происходят в настоящее время в вашей стране это провокация. От имени кыргызов призываю вас не поддаваться провокациям, призываю вас хранить спокойствие и не поддаваться эмоциям. Кыргызский народ, особенно кыргызы пережили двух революций, в последствии чего не нашли ничего хорошего. Только потери, и экономически и морально. Я считаю что происходящие событие у вас организованы специально. Организаторы этих операций неприятели вашей страны! У них только злые намерения, возьмите в пример Кыргызстана, вы видите что-то хорошего у нас? Так что прошу обдумайте.
Пікір алмасу

Кімнен: GTFO
18.12.2011 15:54
+0 / -0
провокатор. ты не кыргыз
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2011 16:11
+0 / -0
Бұл қырғыздың атынан өтірік пікір жазып отырған НӘНнің өзі немесе тимур, әлде дариға ма
Пікір алмасу

Кімнен: Даригуша Қайдан: Не знаю
18.12.2011 18:26
+0 / -0
Как вы угадали, что я написала? Вам надо участвовать в поле чудесе.
Пікір алмасу

Кімнен: Сұлтан Қайдан: Ақтау
20.12.2011 12:31
+0 / -0
Н сениң не теңің жалтырап тұр көтенің дейтін АДАМ жоқ қой қасыңда! Теңімен теңімен, тезек қабымен дейді ҚАЗАҚ!!! Буштың балдары ертең террористерді іздейміз деп сау етіп кірсе сонда саған нағыз ДЕМОКРАТИЯ болады! Аңқау, аңқылдақ, қызылға еліргіш, БІЛМЕ БІЛГЕННІҢ ТІЛІН АЛМА деген қарғысқа қалған ЖАСТАРЫМ!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2011 17:01
+0 / -0
ПОЧЕМУ КИРГИЗ ПИШЕТ НА РУССКОМ. ЧТО, У НАЗАРБАЕВА ПЕРЕВОДЧИКА-КИРГИЗА Н НЕ НАШЛОСЬ?!
Пікір алмасу

Кімнен: Мусалман Қайдан: Кызылорда
18.12.2011 17:47
+0 / -0
колдаймын,дурыс айтады.баскалардын катесынен уйрену керек
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: мангыстау
18.12.2011 19:25
+0 / -0
озинди жети ай бойы жумыссыз жатсан корер едим
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
18.12.2011 20:26
+0 / -0
Жеті ай жұмыссыз отырмын дегендерді, әсіресе осы жерде комментарий жазып жатқандарды қалай түсінуге болады? Бұл жерде меніңше екі вариант:
1. ол адамның жұмыс істейін деген ниеті жоқ
2. ол адамға ақшаның қажеті жоқ.
Бірінші жағдай түсінікті болса, екіншісі ой салатындай. Ақшасыз өмір сүріп, бала-шағасын асырау мүмкін емес екенін ескеретін болсақ, бәлкім оның қызметі алаңда отыру ма екен? Тіпті сол үшін жалақы алатын шығар? Қалай ойлайсыздар?
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Қайдан: Актобе
19.12.2011 01:17
+0 / -0
Әбіл !!!- 1-ші ол адамнын жумыс истейдін ниеті жок болса , алажак жалакысын кайдан және калай сурап жур ??егер ол жумыс жасамаса ?
2-шіден ол адамға акша керек болмаса жалакысын неге талап етеді ?? осыны ойлап кордіңізбе ?? Сіздің нұсқаңыз (Вариант) кызык екен !!) (Тусиниксіз жаздыңыз)
Адам баласы ашынбаса, немесе белгілі бір себеп болмаса ҚЫЛЫШҚА карсы кім серіреді жалаң аяқ????
Қазақстан бюджетінің 80 пайызын (жобамен) құрайтын маңғыстау мен Атырау облыстары .. былайша айтқанда тұтастай Өзбекстан Республикасының 1 - айда бюджетке түсіретін пайдасынан 2-3 есе артық пайда әкеледі. яғни тек қана 2 облыс Тұтастай 1 мемлекеттен де коп пайда табады деген сөз.. енді әрі қарай өзіңіз саралап көрсеңіз де болады!!! ал сол обылыстар халқының жағдайы мүлдем басқаша ! ал ақша қайда ,еңбек ақы қайда ? Тіпті онымен қоса Ақтау-Ақтөбе, Атырау - Ақтобе аралықтарында авто көлік жолдары мүлдем жок..........!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Мейірбек Қайдан: Түркістан
19.12.2011 01:30
+0 / -0
Қайран елім қазағым!!! не өтпеді басыңнан?! мен сендермен біргемін!!! мойымаңдар!!! бұл да өттпелі алланың бір қиыншылығы шығар....
Пікір алмасу

Кімнен: Әбілге Қайдан: міндетті емес
19.12.2011 01:54
+0 / -0
аузым бар деп сойлеуге болматйн шыгар балким Әбіл мырза !?!!))))
"Койлеги коктин , тамагы токтык аздырар адам баласын" дегендей кеиип танытып отырганыныз белгили болды .... Батыста ониринде акша коп болса , азык-тулик, заттар, баска да усак туйектер ,баска облстарга караганда еки- уш есе кымбат , былай карап корсен , баска облстардын кун корис жагдайымен тепе тен, ажыратып алар ешнарсе жок ............... осыны сиз мулдем ойламаган боларсыз ?? аузым бар деп сойлеудин де , жауапка келгенде ауыздын куиуи де осыдан болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
19.12.2011 23:36
+0 / -0
Шіркін-ай, осы цифрлерді сырттан ауыздарыңа салып отырғандарды көріп-ақ келіп тұрғаным! Сендерге "ақымақтар!!!" деп айтсам қатты кетіп қалмаспын. "А" дегеннен кейін "б" айту керек, ақылшыларың келесі қадамдарың жөнінде не айтады екен? Бөлініп кетеміз, иә болмаса бізге ерекше мәртебе берілсін деймісіңдер!? Бірақ не нәрсенің салдарын ескеріңдер! Ертеңгі күні 80 пайыз емес қолдағының барлығы шетке кетейін деп тұр ғой!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
19.12.2011 23:43
+0 / -0
Мен Алматыда аяғыма носкиді ары кетсе 180-200 теңгеге аламын, ал Жаңа өзенде (жақында ғана көшіп кеткен досымның айтуынша) ол 500-ден кем емес. Бұл да бекерден емес деп ойлаймын.

Кімнен: zheltocsan
18.12.2011 15:35
+0 / -0
қалай болғанда да биліктің халықты атып жатқан бассыздығын тоқтатып, қарусыз ашынған халықты атып жатқан қылмыскерлерді жауапқа тарту керек.

Кімнен: Салтанат
18.12.2011 15:55
+0 / -0
Марқұмдардың отбасыларына көңіл айтамыз, қайғыларына ортақпыз!
Ызаға бой бермейік, сабыр түбі сары алтын!

Кімнен: Асылбек
18.12.2011 16:02
+0 / -0
Кыргыз бауырымыз дурыс айтады. Не нужно идти на поводу эмоции, устраивать беспредел, от этого страдают невинные, мирные жители, не поддавайтесь провакациям. Будьте благоразумными.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2011 17:03
+0 / -0
ты точно тимур!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ақылгөй
18.12.2011 18:35
+0 / -0
Асылбек, халықты емін-еркін тонай алмай қаламын ба деп, сендердің де жандарың қысылды ма?
Мен де саған ақыл айтайын.
Сен біреуге ақыл айтардан алдында алдыңдағы компьютеріңді қазақшалап ал!

Кімнен: ТОЛКУН Қайдан: БИШКЕК
18.12.2011 16:05
+1 / -0
Ассалом алейкум баурлар! Жакынын жоготкон баурларга конул айтам, Жаратканым кайрат берсын. Биздин кыргызча сайтымызда де журу. Ал жакта де баарынызга конул айтып жатыры. Анша-мынша тили бузукулар да жазып жатын ануы-мынауы деп. Аларга конул болмендер. Кыргыз-казак бир тууган. Соган мен силерге ден саулык, тыншчылык каалаймын. Эш бир кан тогулместен алдыда турган маселени тынштык жолы мен шешип алуундарды каалайм. Сак болындар, ананайындар !!!
Пікір алмасу

Кімнен: Roman2244
18.12.2011 16:40
+0 / -0
Рахмет, бауырым.
Пікір алмасу

Кімнен: казак Қайдан: казакстан
19.12.2011 02:27
+0 / -0
теріс болды буліншілік жасамау керек еді енді киын болады
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
18.12.2011 20:30
+0 / -0
Ертеңгі күні біздің де қырғыз ағайындар сияқты өзге қандастарымызды сабырға салып, осындай коммент жазудан Алла сақтасын.
Пікір жарияланған бет , жиыны 8
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?