Бейсенбі, 23 мамыр 2013, Алматы 05:46


ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

"Қазақмыс" корпорациясы жұмысшылар талабын орындауға уәде берді

Бүгін, мамырдың 7-сі "Қазақмыс" корпорациясының Жезқазған қаласы маңындағы "Анненский" кенішіндегі жұмысшыларға басшылық тарапынан жалақыны өсіру жөніндегі талаптарының орындалатыны туралы жазбаша уәде берілген. Мамырдың 6-сы күні жұмысшылар жалақыны 100 пайыз өсіру туралы талаптары орындалмаса, жер астындағы шахталарынан шықпайтындарын мәлімдеген болатын.

"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шығып тұр. Жезқазған, "Анненский" кеніші, 6 мамыр 2012 жыл.
"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шығып тұр. Жезқазған, "Анненский" кеніші, 6 мамыр 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Жергілікті басылым редакторы Берік Жағыпаровтың айтуынша, "Қазақмыс" корпорациясының бас директоры Эдуард Огай жұмысшылардың талаптары толығымен орындалатынын айтып, жазбаша келісім берген. Жұмысшылар содан кейін ғана жер асты шахтасындағы ереуілдерін тоқтатып, жер үстіне шыққан. Жағыпаровтың сөзіне қарағанда, корпорация "Шахтада болған 98 кенші жер бетіне шықты" деп хабар таратқан.

Ал ереуілдеген кеншілер арасында болған, өзін Бауыржан деп таныстырған жұмысшы Азаттық радиосына "Шахтада 350-ге тарта ереуілші болғанын, олардың шахтадан шыққанын" айтты. Оның сөзіне қарағанда, корпорация мамыр айынан бастап кеншілердің жалақыларын талап бойынша 100 пайыз өсіруге келісім берген.
"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге жиналды. Жезқазған, "Анненский" кеніші, 6 мамыр 2012 жыл."Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге жиналды. Жезқазған, "Анненский" кеніші, 6 мамыр 2012 жыл.
x
"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге жиналды. Жезқазған, "Анненский" кеніші, 6 мамыр 2012 жыл.
"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге жиналды. Жезқазған, "Анненский" кеніші, 6 мамыр 2012 жыл.

Мамырдың 5-і мен 6-сы күндері "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Анненский" кенішінің жұмысшылары ереуілге шыққан еді. Олар жалақыны шахтаға түскен адамға ең азы 150 мың теңге, ал тікелей кен өндірумен айналысатындарға 350-500 мыңға дейін көтеруді талап еткен.

Reuters ақпарат агенттігі мамырдың 6-сы "Қазақмыс" корпорациясы жұмысшыларының орташа айлығы - 240 000 теңге (1 мың 622 АҚШ доллары), бұл - елдегі орташа жалақыдан үш есе көп" деген ақпарат таратты. 

"Қазақмыстың" 18 кеніші, 10 кен байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту өндірістік кешені және 60 мыңдай жұмысшысы бар. Мәселен, "Анненский" кенішінде машинист болып істейтін Бақытжан есімді жұмысшының айтуынша, «жалақыны өсіреміз» деген басшылар уәдесі әлі орындалмаған». Ол Азаттық тілшісіне мамырдың 5-сі күні:

 - Егер маған жоспар берсе, қолыма 150 мың теңге аламын. Және бұл тұрақты жалақы емес. Кейде 130 мың аламын. Бұл - аз. Қазір жарық, азық-түліктің бағасы - бәрі қымбаттап жатыр. Біздің жұмысымыз өте ауыр. Шахтаның астында ауа жоқ. Зиянды газдар бар. Басқа жерлерде бізден де көп алады, - деген еді.

Кеше, мамырдың 6-сы Азаттыққа мәлімет берген Жезқазғандағы аймақтық басылымның тілшісі Берік Жағыпаров:

 - 65, 67-ші кеніштердің, сонымен бірге «Шығыс және Батыс –Жезқазған» кеніштерінің жұмысшылары да «Анненскийге» (жердің үсті - ред.) жиналып жатыр. Басшылық басқа да наразы жұмысшылар кеніштің астындағы жолмен қазіргі 98 адамға қосылып, ереуілдеушілер саны 4-5 мың болып кете ме деп қорқып отыр, - деген болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
07.05.2012 11:34
+0 / -0
Құрметті бауырларым кеншілер!
Биліктің бір де бір сөзіне сенуге болмайды, тағы да алдап соғады! Қазір ең алдымен кеншілердің белсенділерін қудалау, жұмыстан шығару басталады...
Ал екіншіден бұл жетесіз билік сол қолмен беріп оң қолмен тартып алуға әбден төселіп алған, бүгін сендердің жалақыларыңды 100 пайызға өсірсе ертең-ақ азық-түліктің, жанармай, жағармайдың құны да 100 пайызға өсіп шыға келеді! Сондағы айнала сорланып шырылдайтын қарапайым халық болып шығады...
Пікір алмасу

Кімнен: Қарабатыр Қайдан: Ақтау
07.05.2012 16:24
+0 / -0
Ауылдың қазағы, дұрыс айтады. Назарбаев менмен адам, өкпешіл, өзіне сын айтқанды немесе өзінен талап еткенді өте жақтырмайды. Сондықтан, кеншілердің талабын орындамайды. Орындаса басқалар да сұрайды деп қорқады. Бұл жерде біреулерді үн шығарғаны үшін жазаламаса, марапаттамайды. Солай,бауырлар.

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
07.05.2012 11:40
+0 / -0
"Қазақмыс" жұмысшыларға жазбаша берген уәделерінде тұрып, талаптарды толық көлемде орындатуды қадағалау керек!
Қазақстан жұмысшылары өздерінің шынайы кәсіподақтарын құрып, бір орталықтан үйлестіру жұмыстарын жүргізу арқылы өз құқықтарын қорғай алатын болса, демократиялық түзімге бір табан болса да жақындаған болар едік.

Кімнен: барақ Қайдан: алматы
07.05.2012 12:13
+0 / -0
Қазақстан пролетариаты жасасын !

Кімнен: Сұңқар Қайдан: оқжетпес
07.05.2012 12:37
+0 / -0
Бұл қазақстандық жұмысшылардың тұңғыш жеңісі болды. бұл жеңісті басқа жерлердегі жұмысшылар атап өтуге, әрі үлгі алуға тис. азық түліктік жапай қымбатауына қарсы басқада мекмелер өз айлықтарын өсіруді өкіметтен талап етуге құқылы.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 13:35
+0 / -0
Енді,қара қытайларға тосқауыл болу керек. Ақтөбе мен Қызылорда, Атырау кеніштерінде қытайлар да жұмысшылардың маңдай ақысын жеп отыр гой.Қытайлар қазақтарға түк жағдай жасап отырған жоқ

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
07.05.2012 14:09
+0 / -0
Жаңаөзен оқиғасынан кейін үкімет тәубесіне келді!
бұрын қара халықты тобыр ретінде көруші еді.
етін өздері жеп, сүйегін халыққа лақтырып бізді адам қатарына жатқызбайтын!
Жаңаөзендік батырлар жасасын!!!!

Кімнен: Қарабатыр Қайдан: Ақтау
07.05.2012 16:18
+0 / -0
Жезқазғандық бауырларды алдап соқты. Бұл биліктің кәнігі тәсілі. Мұның бәрінен Маңғыстаулық мұнайшылар өткен. Билік бірінші майдан бастап өсіремін десе, сол уәде арқылы ол бір айға тыныс алады, бірақ айлықты көбейту үшін емес, уақыт оздырып, кішкентай баланы кәмпит беремін деп алдаған сияқты қылады. Сол уақыт ішінде активистерді қысуы мүмкін, немесе оларды сатып алуға тырысады, немесе басқаша беделіне нұқсан келтіру арқылы, ол жөнінде өсек таратуы мүмкін. Жалпы, жұмысшылардың арасына сына қағумен айналысатын болады. Ұрып,соғу да болуы мүмкін. Біржар адамды өлтіре салу да олардың қолынан келеді. Үйлеріне шабуыл жасап, өртеуі де мүмкін, баласына не қызына қол жұмсауы мүмкін . Осы айтқанның бәрі Жаңаөзен мен Ақтау, Шетпеде болды. Сондықтан айтып отырмын.
Пікір алмасу

Кімнен: ара
07.05.2012 16:45
+0 / -0
сеніңше сонда не істеу керек? жұмысшылардың талабы жалақыны көтеру болды. енді жұмыс беруші жалақыны көбейтем деп жазбаша түрде уәде беріп тұр. бұл жағдайда не істеуі керек жұмысшылардың?
Пікір алмасу

Кімнен: Қарапайым Қайдан: Алматы
07.05.2012 21:51
+0 / -0
Қарабатыр дұрыс айтады, соңғы жылдардан бері мен биліктің әбден салт болып қалған арамдығына көз жеткіздім. Жаңаөзенде НАН барып, бір апаға мұнайшылар сотталмайды деді, артынан мұнайшылар жазықсыз деп жар салып кетті. Ал енді көрші! солар ғана қиналып жатыр гой. Ал енді билік олардың белсенділерін бір-бірден сындырады да аузын жабады, кейін келе сол белсенділер телевизордан сойлейді: Елбасыға рахмет! біз оның беріп отырған ақшасына қанағат қылмай, айтаққа ілесіп қателік жасадық, енді міне, ұяттан жарылардай болып тұрмыз, бәріне разымыз! - деп. Жалпы айлықтары қайта сол айлықтарына төмендегенін олар өздері де, бізде білмей қалармыз! Мейлі қалай болсада айлықтары көтерілсін, бір Қазақ бауырым болса да жақсы өмір сүрсін! Бірақ мына иттер соны тек жағдай ушығып кетпесін деп жасап отырғаны да белгілі сияқты.
Пікір алмасу

Кімнен: Қарабатыр Қайдан: Ақтау
07.05.2012 23:14
+0 / -0
Дереу ұжымшарлық келісім шарт жасасып, құжаттарды бітіріп алу керек. Әйтпесе, созылып кетеді. Созылып кетсе бітпейді деп есептей бер. Билік халықты алдап үйренген. Сөйтіп жүре береді.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?