Бейсенбі, 23 мамыр 2013, Алматы 14:51


АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ / Діни көзқарасы үшін қудалау

Ахмадияшылар кеңсесінде діни ғұрыптар өткізуге тыйым салынды

Forum 18 атты халықаралық құқық қорғау ұйымы «Қазақстандағы ахмадиші мұсылмандар қауымы бұдан былай діни ғұрыптарын өткізу үшін бір жерге бас қоса алмайды» деп жазады. Баптистерге де осындай тыйым салынуы мүмкін.

Ислам дінін ұстанушылар. Астана, 11 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Ислам дінін ұстанушылар. Астана, 11 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

Норвегияда орналасқан Forum 18 халықаралық құқық қорғау ұйымы Ахмадия мұсылмандар қауымының діни жоралар өткізуіне тыйым салуға «жер комитеті, прокуратура мен басқа да мемлекеттік органдардың діни бірлестіктерді тексеру науқаны» себеп болды деп хабарлайды.

ЖЕР ИНСПЕКЦИЯСЫ

Алматы қаласы мен Алматы облысының жер инспекторлары Forum 18 ұйымына діни бірлестіктердің бүкіл жылжымайтын мүліктерін тексеріп жатқандарын айтқан. Олар ғимараттар мен жер телімдерінің мақсатқа сай пайдаланылуын тексермек.
Діни мақсатқа арналмаған ғимараттардың иелеріне діни қызметті тоқтату туралы ескерту жасалады. Ескертуді елемегендерге түрлі жаза қолданылмақ.

Ахмадия мұсылмандар қауымының мүшесі Нұрым Тайбек сәуірдің 19-ы күні Forum 18 ұйымына Алматы қаласы әкімдігі қауымның Медеу ауданындағы ғимаратында діни жораларды өткізуге тыйым салғанын хабарлаған. Оның сөзіне қарағанда, наурыздың 2-сі күні ғимаратты тексерген жер инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 253-бабы бұзылған деген уәжбен 48 мың 540 теңге айыппұл салған. Бұл ғимарат - Ахмадия мұсылмандар қауымының ресми тіркелген мекенжайы.
Алмалы аудандық сотының ауласында намаз оқып жатқан әйел. Алматы, 28 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)Алмалы аудандық сотының ауласында намаз оқып жатқан әйел. Алматы, 28 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Алмалы аудандық сотының ауласында намаз оқып жатқан әйел. Алматы, 28 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Алмалы аудандық сотының ауласында намаз оқып жатқан әйел. Алматы, 28 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Нұрым Тайбектің айтуынша, қауым жер инспекциясының бұл шешіміне келіспей, арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағым түсірген. Наурыздың 16-сында бұл шағымды қараған судья Ғалым Келдібаев айыппұл туралы шешімді сол күйінде қалдырған.

Жер инспекторлары түсірген суреттерден үйдің бір бөлігі кеңсе болғаны байқалады. Инспекторлар «Ғимаратта діни жоралар да өткізіліп келген» дейді.

Ахмадия мұсылмандарының Шымкентте тіркелген қауымының да жеке меншік үйде бас қосып, діни жиын өткізуіне бұрынырақта тыйым салынған болатын. Оңтүстік Қазақстан сотында болған аппелляция мен кассация еш нәтиже бермеді.

«ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҰСЫНЫСЫ»

Жер инспекторы Асқар Дүйсековтің сөзіне қарағанда, ахмадия қауымын тексеруді әуел баста Алматы қаласының прокуратурасы ұсынған. Дүйсеков «қазір жер инспекторлары барлық діни бірлестіктердің мүлікті мақсатқа сай пайдалануын тексеріп жатқанын» да айтты.

Forum 18 ұйымының тілшілеріне Алматы қаласы прокуратурасының қызметкерлері қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Алматы қаласының прокуроры Берік Асыловтың хатшысы Forum 18 ұйымының тілшілеріне сәуірдің 19-ы күні "прокурордың қолы тимейтінін" айтқан. Ұйым өкілдерін шағымдарды қабылдауға жауапты тұлға Бақытгүл Туткинаға жіберген.
Түсінік беруге құзыреті жоқ екенін айтқан Бақытгүл Туткина тілшілерді прокурордың көмекшісі Марлен Сламбековке жіберген екен. Алайда ол да бұл тақырыпта сөйлесуден бас тартқан. 

«БІЗ АХМАДИЯ ҚАУЫМЫНА ҚАРСЫ ЕМЕСПІЗ»

«Ахмадия мұсылмандары неліктен өз үйінде діни жораларды өткізе алмайды?» деген  сауалға жер инспекторы Асқар Дүйсеков «Ғимарат алдымен діни жораларды өткізетін орын ретінде ресми тіркеуден өтуі тиіс» деп жауап берді.
Forum 18 ұйымының ресми логотипіForum 18 ұйымының ресми логотипі
x
Forum 18 ұйымының ресми логотипі
Forum 18 ұйымының ресми логотипі

Forum 18 ұйымы мәлімдемесінде Асқар Дүйсековтің «Біз ахмадияшылар қауымына қарсы емеспіз, бірақ олардың жер кодексі талаптарын бұзуына жол бермейміз» деген сөзін мысалға келтіріпті.

Қауым мүшесі Нұрым Тайбектің пікірінше, бұл тіркеуден өту - әрі қиын, әрі ұзаққа созылатын шаруа. Өйткені тіркеуден өту үшін ғимараттың құрылысын өзгерту және билік орындарының табалдырығын тоздыру керек. Алдымен қалалық әкімшіліктен, сосын жер комитеті, өрт қауіпсіздігі инспекциясы, сәулет агенттігі сияқты мекемелерден рұқсат алу керек. 

КЕЛЕСІ КЕЗЕК КІМДІКІ? 

Сәуір айында Талдықорғандағы методистердің «Жаңа өсиет» шіркеуінің қауымы жиналатын үйдің иесіне жер телімін мақсатқа сай пайдаланбағаны үшін 8 мың 90 теңге айыппұл салынды. Қауымның тіркелген заңды мекенжайы осы үй екен.

Қауымның пасторы Валерий Ким Forum 18 ұйымына өз шіркеуін де жауып тастай ма деп қауіптенетінін айтыпты. 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шіркеу 2001 жылы мемлекеттік тіркеуге тұрған. Ал 2008 жылы Талдықорған қаласында қайта тіркеуден өткен шіркеу қауымы мұндай қиындықпен осы күнге дейін ұшыраспаған екен. 

Қазақстан билігі тіркеуден өтпеген діни бірлестіктерді тексеру қарқынын күшейтетін сыңайлы. Forum 18 «Мұндай тексеріске ұшырайтындардың қатарында принципті түрде тіркелмей отырған баптистер шіркеуінің кеңесі де бар» деп жазады.

Осы тұрғыдағы соңғы шаралардың бірі ретінде Қостанай облысындағы жергілікті биліктің баптистерге ескерту жасауын атауға болады. Ескертуде жеке меншік үйде діни жораларды өткізуге, тіркеуден өтпеген қызметті жүзеге асыруға тыйым салынатыны көрсетілген.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ара Қайдан: ұядан
04.05.2012 14:28
+0 / -0
Ахмадия ешқандай мұсылман қауымы емес.
Олардың Құдайға сенуі оларды мұсылман қылмайды. Құдайға иегова куәгерлері де сенеді, біз енді "Иегова куәгерлері мұсылмандар одағы" деп атамаймыз ғой?

Исламның ең негізгі шарты, Аллаһ құлшылық етуге лайықты жалғыз Құдай деп тану және Мұхаммед ибн Абдуллаһты Аллаһтың адамзатқа жіберген соңғы елшісі деп мойындау.
Ал ахмадия дінің ақидасы бойынша соңғы пайғамбар - Ахмад Гулам

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
04.05.2012 14:31
+0 / -0
батыс қылқынып өле қалса да Қазақиядағы қаптаған секталарға тиым салып, Аллаһтың жіберген, ата бабамыз ұстанған діні ислам дінін ғана қалдыру керек

Кімнен: алмас Қайдан: актобе
04.05.2012 18:20
+0 / -0
Адамнын имандылыг сырткы пишинде емес, журегинде казак ултынын дастурли динин устану керек озга елдин дини , салты кийми кереги жок бизге

Кімнен: шырын Қайдан: казак ел
04.05.2012 23:50
+0 / -0
Almas bauyrym baska eldin eshtenesin almai ulttyk kiimmen zhursiz ba? Orystyn aragyn, kolbasasyn paidalanganyn sanalmai ma? Armanidy kigenin zhok pa? nemistin mashinasy ne zhapondiki unamai ma? turik kino ne amerika kinosy karalmai tek kyz zhibekti karap zhursin ba? sasymashaishy.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 14:09
+0 / -1
Ахмади бір жағынан, бір бекболат, дарын мубаровтар басқаратын салафилер бір жағынан, біздің мазхабымызға соқтыға берді,
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Алматы
05.05.2012 15:41
+1 / -0
Осы менің таң қалатыным біздің мазхаб Әбу-Ханифа деп зарлай береді жұрттар, сүйте тұра Әбу-Ханифаның кім екенін, оның ақидасын, жолын білмейді. Әбу-Ханифа деп жүрген адамдардан сұрасам ол туралы, еңбегегі туралы ештеме айта алмайды, о кісінің жолымен жүрмейді, бірдеме бола қалса болды, Әбу-Ханифа былай айтқан деп, өзінің қалаған нәпсісіндегі өтірікті Атақты Ғалымымызға жаба салады. Сүйтіп осы Ғалымның атына қанша жала жабылды, ол айтпаған, істемеген нәрсені оған телу ауыр қиянат! солай ғана адамдар Әбу-Ханифаның (Аллаһ ол кісіге рахым етсін!) атымен күнәлар жасай беретін болды.

Кімнен: Валера Қайдан: Тараз
06.05.2012 21:29
+0 / -0
менің түсінбейтінім неге осы дінге келгенде ұлттық, ұлттық деп сол нарсені дінге жүктейбереді осы қазекендер. Діннің шарты шариғатқа сай аурет жерді жабу т.б. емеспе? Неге сол ұлттық проблемаларды сол айтып жүргендер өздері орындамайды, ұлттық киім киіп. Қатындармен алысқанша өліңдер!

Кімнен: orazaly Қайдан: aktobe
07.05.2012 09:42
+0 / -0
Ей халайық алдымен Әбу ханифанның кім екенін біліп алып. сөйлеңдер,әйтпесе кім болса сол дәрет ала алмай жүріп,әбу ханифаның иман негіздерін, шариғат үкімдерін білмей жатып өздерінше көсемсіп, шешенсінеді.Жазықсыз иманды адамдарға ұрынып, тиіседі.Бұл құдайға қарсылық екені өз алдына ,азаматтардың да конституциялық құқығын шектеу болып табылады.

Кімнен: aydos Қайдан: mongolya
09.05.2012 15:53
+0 / -0
assalaumagalikum barsha musilman baurlar.biz haida ketip baramiz hai ata babamiz dindi san sahga bolip osgan ersen jumahga kresn dep edi.tipti paygambarmizdin zamaninda da tek hana myshriktermen muslmandar gana bolmapba edi.al hazir ol myshrikterden emes ozmzdn aramzdan horkatin halge jettik bir birmzdi jamandap.aytis ahina Aybek Halyev agamz aythandai bir kezderi ruin kim dep suraushi edik endi hai jamagattansn dinin kim dep suraitn halge keldik.Hazak 3 jyzge bolngen men dinge agimga bolnbegen edi.endi haida barip toktaymz hazagm ayrandai uyip otrgan Hazaktn hazanina bir araptin nemese bir tyriktn shomishin maldrmandar men mangolyanin Hazahtar mekendegen Bayan ulgey aymagnanmin ne bari 95min hazah turamz sol az gana hazahtn arasnda hazrgi jagdaymen tyrk againdardn kirgzp kelgen 4 jamagati bar. olar bir birne harsi.demek bizdegi az hazahta 4ke bolnip kele jatir.oilasam ishsim eljireydi.5 kyndik jalgan omirde bolinbey oteyk hazagim tek hana ALLAH.bir Paygambar shin,huran shin.muslmanbiz.ol yshin ana minagan erip elirudin hajeti az 5 parizdi ornda yaman et mine sagan tura joppaygambarmiz hadisinde bilay deyt.Esh handay olmytin syahti dynien yshin tiris erten olip halam dep oilap hulshilih et deit.allah barmzdi ah joldan taymagan huldarnan hilsn.amin

Кімнен: маубас Қайдан: парламенттен
10.05.2012 12:29
+0 / -0
айналайын бауырлар ...БІР АЛЛАҒА СЕН ... Абайды оқы , Шәкәрімді оқы , Махамбетті оқы , Мұқағалиды оқы бір сөзбен айтқанда ҚАЗАҚ бол тіліңді сүй ... Еліңді құрметте !!!! !!! !!! Осы емес пе бастысы :::

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?