Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 03:18


ӘЛЕУМЕТ

Аналар индексі: Қазақстан – дамушы сексен елдің сегізіншісі

Бірқатар елдерде мамыр айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Аналар күні қарсаңында Save the Children ұйымы әлемдегі аналардың жағдайы туралы кезекті баяндамасын жариялады.

Жеңіс күніне арналған мерекелік шараны тамашалауға келген әйел баласын емізіп отыр. Ақтау, 9 мамыр 2012 жыл.
Жеңіс күніне арналған мерекелік шараны тамашалауға келген әйел баласын емізіп отыр. Ақтау, 9 мамыр 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Save the Children қайырымдылық ұйымы 2012 жылғы баяндамасында 165 елдегі аналардың жағдайын салыстырған.

Ұйым бірқатар көрсеткіштер (денсаулық, білім деңгейі, экономикалық ахуал және тамақтану жайттары) негізінде дайындаған баяндамасында осы елдерді үш категорияға –  «Дамыған елдер», «Дамушы елдер» және «Дамымаған елдер» деп бөлген.

НОРВЕГИЯДАН НИГЕРГЕ ДЕЙІН

Әлем бойынша аналарға жақсы жағдай жасалған елдер тізімін дамыған мемлекеттер – Норвегия, Исландия, Швеция бастап келеді.

Бұл тізімдегі аналардың жағдайы ең нашар мемлекет – Нигер. Save the Children ұйымының мәліметінше, Сахел аймағындағы азық-түлік дағдарысына байланысты Нигерде миллионға жуық баланың өміріне қауіп төніп тұр.

Соңғы екі жыл бойы бұл баяндаманың соңында Ауғанстан тұратын. Бұл елде 
Баласын тамақтандырып жатқан ана. (Көрнекі сурет)Баласын тамақтандырып жатқан ана. (Көрнекі сурет)
x
Баласын тамақтандырып жатқан ана. (Көрнекі сурет)
Баласын тамақтандырып жатқан ана. (Көрнекі сурет)
аналардың жағдайы біршама жақсарып, биыл бір сатыға көтерілген. Ана жағдайы нашар деп бағаланған үшінші мемлекет – Йемен.

Балаға емшек берудің маңыздылығын насихаттап келе жатқан Save the Children ұйымы әлемде 171 миллион бала өмірінің алғашқы айларында нашар тамақтанатындығын хабарлады.

Ұйымның дерегіне қарағанда, бала кезінде асқа жарымаған аналардың сәбилері де көбінесе салмағы кем және әлсіз болады.

«Егер ана кедейшілікке батып, жұмыстан әбден қажыса, оған қоса білімі төмен және денсаулығы нашар болса, онда баласын жеткілікті дәрежеде емізе алмайды – бұдан көп проблема туындайды» дейді баяндама авторлары.

ЕМШЕК СҮТІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Бұл баяндамада дамушы елдер санатында аталған Қазақстан аналардың жағдайына қатысты тізімде осы екінші топтағы 80 мемлекеттің арасында сегізінші орында тұр.

Соңғы жылдары Қазақстанда «ана мен баланың жағдайы жақсарғанын» жуықта Қазақстан премьер-министрі мен денсаулық сақтау министрлігінің сайттары да жазған. Алайда тәуелсіз сарапшылар ана мен бала өлімі жайлы «көлеңкеде қалған көрсеткіштер де бар» деп, ол дерекке күмәнданған.

32 жастағы Шымкент тұрғыны Анар Маратқызы «Қазақстанда қыз-келіншектердің көбі ана сүтінің пайдалы екенін жақсы біледі» дейді. Осыдан екі ай бұрын тұңғышын көрген Анар баласын екі жасқа дейін емізбек болып отырғанын айтады.
Анамыз бәрімізді кем дегенде бір жарым жасқа дейін емізген екен. Содан болса керек, денсаулығымыз жақсы.

– Шешем бала емізудің артықшылығын көп айтатын. Біздің отбасымызда екі ұл, үш қыз бар. Анамыз бәрімізді кем дегенде бір жарым жасқа дейін емізген екен. Содан болса керек, денсаулығымыз жақсы. Ана сүтінің артықшылығын дәрігерлер де айтып жатады. Мен де өз балаларымды көбірек емізбекпін, – дейді ол.

Нәрестелерді алты айға дейін тек қана ана сүтімен тамақтандыруға дағдыландырып, одан соң ғана қосымша тамақ берудің артықшылығы ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы бала өліміне арналған баяндамасында да айтылған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.05.2012 21:43
+0 / -0
Халықтың арасында не боп жатқанын білмейді ситема қойа бергеннен не тұседі витаминдер жемесе тәуір тамақ ет жемесе

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
10.05.2012 11:59
+0 / -0
Қазақ Станда ана мен баланың жағдайы қалай жақсарады егер Жаңаөзендегідей құтырған полицайлар ана демей бала демей автоматтан оқ жаудырса?
Ана демей бала демей қазақты қырғынға ұшыратып отырғандар «ана мен баланың жағдайы жақсарғанын» қалай ғана ауыздары қисаймай айтып отыр десеңізші!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.05.2012 14:57
+0 / -0
Расында да ана сүтін емген азамат әр қашанда мықты болмақ. Мені анам 3 жасыма дейін емгізіпті.шыны керек осы уақытқа дейінбір ретте ауырып көрген емеспін.
Пікір алмасу

Кімнен: қожа
11.05.2012 21:19
+0 / -0
дұрыс өте пайдалы, тек екі жасқа дейін пайдалы, одан кейін зиян екені медицинада дәлелденген. Дініміз исламда да екі жасқа дейін емізу Құранда тікелей айтылған

Кімнен: Шындық . Қайдан: Ақ жаулығын кір басқан ел
10.05.2012 15:13
+0 / -0
Қазақстанда Аналарымызды кедеишілік , жұмыссыздық , қымбатшылық жағдаиларын нашарлатып жіберген , өнебоиы уаиымда жүрген Ананы емген бала әжуаз болатыны белгілі , осыған баиланысты кәзіргі кезде көп балалы Аналар азаиып бара жатыр . Аналарымыздың болашаққа деген сенімін жоғалтып бастары салбырап ои құшағында жүргенін баиқауға болады . Баилыққа тұнып тұрған баи ел өз Аналарына қомқорлық көрсете алмаи келеді , бұл жетістік емес , бұл азу , іріп , шіру . Аналарымыздың жағдаиы нашар болып тұрғанда сәбилеріміздің жағдаиы белгілі . Өмірде кәзіргі таңда 88 ші орында тұрғанымыз дәлел бола алады . Совет Одағы кезде Анамен балаға көп көңіл бөліп қамқорлығын көрсетіп аямаи қарасып еді , тәуелсіздік алғалы жағдаилары нашарлағаны жаныңа батады екен . Аналарын , сәбилерін , жетімдерін жылатқан ел ешқашан оңбаиды , кешегі қаимағы бұзылмаған елдің сиқы осы . Отанымды осындаи жағдаиға жеткізген билік , ұлт көшбашысы кінәлі . Ертеңақ қиналмай 100 ші орынды қаншығасына баилайды , қаитеміз жылармыз , күлемізде қоиармыз .

Кімнен: Азат Қазақ
10.05.2012 16:52
+0 / -0
Әрине, Аналарымызды, әсіресе көп балалы Аналарға мемлекет, үкімет тарапынан әсіресе материалдық қолдау қажет. Бұл жерде әр баланың болашағына үкімет тарапынан депозиттер ашылып, кейін білім алуына, отбасын құрған жағдайда баспана мәселесіне көмек ретінде жұмсалуға тиіс. Сондай-ақ "Батыр ана" деп жатамыз, неге "Батыр Әке" деп, оларды да бір ескеріп қойса артық болмас еді. Мәселен, жұбайы босанған кезде, жанында көмектесу мақсатында 10 күн заңды түрде демалыс берсе және т.б.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?