Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:06

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

«Жаңаөзеннен кейін Тәуелсіздік медалін таға алмаймын»

Шымкенттік азамат Мұхтар Мұхамбетжан Тәуелсіздіктің 20 жылдығына берілген мерейтойлық медальдан бас тартып, облыстық әкімшіліктің наградалармен марапаттау бөліміне апарып тапсырды.

Мұхтар Мұхамбетжан, Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты Тәуелсіздік медалінен бас тартқан қоғамдық белсенді. Сурет оның "Мой мир" желісіндегі парақшасынан алынды.
Мәтін көлемі - +

«Мені осы наградаға ұсынғандардан алдымен кешірім сұраймын» деп басталатын үндеуінде Шымкент тұрғыны, мамандығы инженер, «Ел бірлігі» деп аталатын тәуелсіз газеттің бас редакторы Мұхтар Мұхамбетжан: «Үкімет әскерлері отандастарымды Тәуелсіздік күні атып өлтіріп жатқанда, дәл сол күні бұл биліктен медаль алуға менің ар-ұятым жібермейді... Бостандығым мен өмірімді бәйгеге тігіп, қазақ жастарының мыңдаған адамдық тәуелсіз одағын құрған жан ретінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығында шеттен келген басқыншылар емес, қазақ полициясы қазақ азаматтарына оқ атқаны ашу-ызамды келтірді.

Мен бұл ісіме қатысты өмірімде билік тарапынан ұйымдастырылатын келеңсіз жайттар боларын сеземін, бірақ өз билігі масқаралаған елдің азаматы ретінде, қазақтың баласы ретінде мен бұл награданы мақтанышпен тағып жүре алмаймын» деп жазып, желтоқсанның 21-і күні медальді қайтарып берген.
Үкімет әскерлері отандастарымды Тәуелсіздік күні атып өлтіріп жатқанда, дәл сол күні бұл биліктен медаль алуға менің ар-ұятым жібермейді.

Азаттық радиосының поштасына келіп түскен осы үндеуден кейін Мұхтар Мұхамбетжанмен телефон арқылы әңгімелесудің сәті түсті.

- Мен осы үндеу бәріне де түсінікті болсын деп алдымен орыс тілінде жаздым, сосын, расын айтайын, бірден батылым жетпей төрт-бес күн ойландым, менің бала-шағам, ұл-қыздарым бар. Аз да болса қаражат түсіріп тұрған газетім бар дегендей.

Бірақ, енді адамда ұждан деген бар, ұлттық қасиет деген бар, ойлана келіп ақырында шешіп, үндеуді, медаль екеуін көмекшім Бауыржан арқылы беріп жібердім. Сөйтіп 23 желтоқсан күні медальдан құтылып қойдық, - деді Мұхтар Азаттық радиосына.

"Медальді қайтарғаннан кейін әкімшілік бірнеше рет шақырды, бірақ оған барып жатқан жоқпын" дейді Мұхтар.

Совет Одағының әскері сапында ауған соғысына қатысып, екі рет контузия алып, бір рет аяғынан жараланған, "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталған Мұхтар «Мен ананың баласынан айрылып жылаған қайғысының қалай болатынын, бейбіт күнде жақынын жоғалтудың қандай қасірет екенін жақсы білемін» дейді.
Мен ананың баласынан айрылып жылаған қайғысының қалай болатынын, бейбіт күнде жақынын жоғалтудың қандай қасірет екенін жақсы білемін.

Ауған соғысынан 1986 жылы оралған  Мұхтар Мұхамбетжан 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ жастарының тәуелсіз одағын құрып, ел тәуелсіздігі үшін күрес жүргіздім дейді. "Одақтың жарғысында Қазақстан тәуелсіздігін алған күні жұмысымызды тоқтатамыз деп жазған едік, дәл солай етіп, Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсанында жұмысымызды тоқтаттық" дейді Мұхтар өткен күндерді еске алып.

Содан кейнігі жылдары Шымкенттегі қоғамдық-саяси істердің көпшілігіне белсене араласқан Мұхтар бірде билік қатарында қызмет етіп, енді бірде қызметтен қуылып, сотталып, талай құқайды бастан кешірген.

«Бірақ қалай болғанда да мен өз ұжданым мен ар-ұятыма қарсы келетін іске ешқашан барған жоқпын. Шенеунік болып тұрғанда да ел мүддесіне орайласпайтын жерде үндемей қалған емеспін» дейді Мұхтар Мұхамбетжан.

Толық сұқбатты төмендегі сілтеме бойынша тыңдаңыздар.

Мұхтар Мұхамбетжанмен сұқбат



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 19:30
+0 / -0
Мұқтаржан, кімнің кімнен тәуелсіздік алғанына ендігі көзің жеткенді, атқа қайта қонсаң ешкім бұның қалай демес.
Пікір алмасу

Кімнен: Бакен Мамайдан Қайдан: Алматы
27.12.2011 02:11
+0 / -0
Бізде сонда шын оппозиция кім?
Пікір алмасу

Кімнен: нағыз қазақ қызы Қайдан: ЖАҢАӨЗЕН
27.12.2011 12:36
+0 / -0
бүкіл елдің қабырғасы қайысып, қайғырып отырғанда қолдау көрсетіп, мерейтойлық медальдан бас тартқаныңызға ризашылығымды білдіремін. Алайда билік басындағылар құқық қорғау органдарын кіналап отырған жоқ, әйтпесе бүкіл дүниежүзі видеодан анық көрді ғой. Сол күні бейбіт халыққа оқ жаудырған ІІб қызметкерлерін, сонымен бірге қала ӘКІМІН жауапқа тарту керек. Қала әкімі парадқа шыққанда оқушылардың қоршауында ортада жүрді. Ол сонда бәрін біліп, дайын отырған. Мектеп оқушыларының, парадқа шыққан жұмысшылардың басын қауіп-қатерге байлап отыр ғой. Ол аз болса ертесіне Шымкенттен келген ОМОНдар қала тұрғындарын қрып-соғып, тонағанын өз көзімізбен көрдік.
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақұлы Қайдан: Қазақия
27.12.2011 21:12
+0 / -0
Бүгін маңғыстауға Шымкент пен солтүстіктен әкеліп басты. Ертең Шымкентте көтерілсе оларға адайларды апарып қырғызады. Жерге, руға бөлінбей ел болып бірігіңдер. Қазақтың ұлт болып қалыптасуы әлі жүріп жатыр. Осы кезде қазақ бөлінбей бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығармасақ қиын болып тұр. Бізге ешкім көмектеспейді. Қазағым, тағдырың өз қолыңда. Азаматтарымызды қорғай алмасақ, ел болмаймыз

Кімнен: адай Қайдан: маңғыстау
26.12.2011 19:34
+0 / -0
ұяты бар азамат жігіт екен!
Пікір алмасу

Кімнен: Бакен
27.12.2011 01:57
+0 / -0
Бұл кісінің аудио сұқбатын тыңдап отырып, "біз де өзі шын оппозиция бар ма, қайсысы биліктің адамы емес, қоғамымызға жаны ашитындар әлде еш партияда болмайды ма екен" - деген ойға қаласың

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 19:36
+0 / -0
Көп адамның қолынан келе бермейтін іс жасапсыз. Бұл үшін жүрек керек.
Алла Сізге, бала-шағаңызға жар болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: МұзБұршақ
27.12.2011 18:07
+0 / -0
Балашағаңызға ақша емес, адамгершілік рух қалдыратыныңызды ойлап сүйіндім. аман болыңыз.

Кімнен: Алишер Қайдан: Ташкент
26.12.2011 19:36
+0 / -0
Нағыз еркек, нағыз қазақ, нағыз азамат!!! Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Ғарифолла Есім, Нұрлан Оразалиндер өнеге алатын мықты әрекет. Бірақ қазақ зиалыларының басым көпшілігі қорқақ келеді. Олардан азаматтық дәметкен, өгізді сауып сүт алуға әрекеттенгенмен бірдей емес пе? Осы "зиалылар" қалай ғана орден-медальдерін тағып жүрер екен, а? Ұлттық трагедия!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ташкенттік Алишерге Қайдан: Астана
27.12.2011 11:08
+0 / -0
Әлішер, Ташкенттен не біліп отырсың өзі? Есің болса құлағасып тыңда: мына сайтта жазылған шындық - жарты шындық. Шолақ ақппаратқа сеніп, санаң шолақ болып отыр. Елге сыйлы азаматтардың есімдерін аузыңа алып жала жапқаның...Өзім білем десең, ақппараттың қалған жартысын екінші тараптан қарастырып шық - ол жақтың әділдігін біліп сосын қорытынды шығарғаның дұрыс. Өзіңді қазақпын десең мемлекеттігіміз сенің жұлдызың болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Тұрсын
28.12.2011 22:55
+0 / -0
Астаналық бұлаңқұйрық түлкі, ташкенттік Алишер дәл жанды жерің тигесін шар ете қалдың ғой. Ол азаматтың бір сөзінде қате жоқ. Сенің "елге сыйлы азаматтарың" Әбіш, Фариза, Ғарифолла, Нұрлан және басқа сорлылардың билікке жағынамыз деп ел алдында қара бет болып, тірі масқараға ұшырағанын жұрттың бәрі көрді. Сондықтан итаршыланбай, жайыңа отыр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 19:46
+0 / -0
Мен де Сізге қосылар едім, әттең наградам жоқ!
Ұлтын сүйген азамат екенсіз!
Бірақ енді абай болыңызшы, Құдай жар болсын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 19:56
+0 / -0
Әрбір азаматтың түсінігі осындай болса жер бетінде әділетсіздік болмас еді. Шын соғысты көргендер ғана өмірдің мәнін түсінер. Қазіргі күнімен ғана жүргендер халықты қаралар, қарнының қамы үшін туған баласын да жендетке байлап беретіндер көбейген заман болды ғой. Уақыт өтер, заман өзгерер бірақ бұл болған қылмыс ешқашан ұмытылмас. Еліміз есін жинап, көп нәрсені түсінген шығар. Оқпен оятпаса оянбайтын едік. Оян, елім! Жалғыз жүріп жол таппайық, ауызымыз бір болсын! Алты алаш ала болған соң ит-құсқа жем болдық қой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 20:44
+0 / -0
Mine kazak azamati nagiz!!!! Keibireyler siakti murtimen tufli surtip jurgen jok nagrada uwin!!!! Allah koldasin aga !!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 20:42
+0 / -0
Мұхамеджан дегенді жақсы білеміз. Атың шықпаса, қар өртенің керін жасап отыр. Егер сол медальдың орнына қомақты қаржы берсе, көрер едім, оның не істегенін...
Мінезінің қыңырлығынан орнықты жұмыс та істей алмай жүр. Ауған соғысына қатысып келгенін міндетсініп жүрген адам ғой ол. Ауғанстанда тек сол ғана соғысқа қатысыпты ма? Жүр ғой өзіндей азаматтар "ауғаннан келдім" демей-ақ, жұрт қатары. Ұлы Отан соғысына қатысқандар да оған ұқсап көкірек соққан жоқ. Елге ірткі салып жүргендер де осы Мұхамбетжандар секілділер ғой... Өзін көрсетудің жолын осылай тауып жүр ғой ол. А то Ауғаннан келгенін ешкім елемей қойды да...
Пікір алмасу

Кімнен: жанар Қайдан: Алматы
26.12.2011 20:53
+0 / -0
Осылай бір бірімізді көре алмаушылықтан ақ жем болып жатырмыз ғой. Мұхтар кім болса да, осы ісінің өзі үлкен ерлік.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.12.2011 18:08
+0 / -0
Билік ақша төлеп жаздырып отырған бұралқы ит қой, мынау.
Пікір алмасу

Кімнен: Ербол Қайдан: Шым қала
27.12.2011 20:05
+0 / -0
Бұл Мұхтар кезінде оппозицияның ардагерлерге арнап жайған ақ дастарханын бүлдіріп, бүлік ұйымдастырған азамат қой. Ақша мен билік болса, Назарбаевшыл, биліктен босатса, оппозициясымақ. табанының бүрі жоқ біреу. Алтынбек, Жармахандарды екінші қабаттың терезесінен секіртіп еді. Қолындағы билікті пайдаланып (ол кезде Жастар сарайының директоры болатын) бүкіл студенттерді жинап, қарсы қойған болатын. "Дикий Арманның" жарыққа шыққан оқиғасын айтамын. Осыдан кейін Мұхтарға қалай сенбексің? Қазір де қуыршақ кандидат болып обл. мәслихатқа түсіп жатыр ғой өзі
Пікір алмасу

Кімнен: Мұхтар Шымкент Ерболға Қайдан: Шымкент
31.12.2011 12:51
+0 / -0
Ерболтай, Тұяқбай 2-этаждан секірсе, ерлігіне сын. Әбділдин секірген жоқ қой. Сейтжаппаров та қасқиып қарап тұрды. Ешкім оларға тиген де жоқ. Абилловтарынды өзім жеке құшақтап алып, аман алып шықтым. Залым болмасаң, сол жерде жастарды екі рет , екінші рет Тұяқбайыңның алдында бақырып тұрып тоқтатқан едім ғой. Іші тар, залым, екіжүзді, арам болмасаң, шындықтан тая алмас едің ғой, Ербол. Сауатсыз да екенсің - жастар Сарайының директоры үш-төрт мың студентке билігі жүрмейді, надан, оны тек ректорларды шұқылаумен облыс әкімі ғана істей алады. расы, бекер барыппын, Сендер сияқты қорқақ, қашақ, екіжүзді, өтірікші, шындықтан гөрі әлсізге жала жабуға дайын тұратын оппозицияны құтқарып нем бар еді десей. осы адамшылығымнан, еркекшіл позициямнан көп таяқ жедім. Себебі еркек түріндегі қатындар көп қазақта, сен сияқты. Бірақ қатындардың көбі еркектен артық өжет қой.

Кімнен: Жайна
26.12.2011 20:45
+0 / -0
Азаттык осындай азаматтардын жасаган ерликтери туралы тагы тарата бериндерши! Сендерден баска ешким жазбайды оны, елде бари отирик айтып жатыр биликке жагу ушин,,,

Кімнен: Азат Қайдан: Алматы
26.12.2011 20:58
+0 / -0
Ұлтымыздың тарихында "ақтаңдақ жылдар" атанған 37-ші жылдары Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет, Халел, Әлихандар секілді мыңдаған ұлт зияларын, Кеңестік жүйе мен тоталитарлық қоғам "Халық жауы" атап, өлім жазасына кесті. Алайда "қазақ" деген халық бұл ақиық тұлғаларды қандай заман болсын, қандай кезең болсын "Қазақтың аяулы арыстары" деп атады. "Қайта құру" деп аталған кезеңде сексенінші жылдардың аяғында, сол аяулы арыстар ақталып, өз халқымен қауышты....
Қазір Оқиға мүлдем басқа арнаға өзгерді.
Неге? Қалай?
Қазіргі зиялылар Әбіш Кекілбай, Фариза Оңғарсынова, Нұрлан Оразалин, Смағұл Елубай "сияқтылар" - Жаңаөзенде өз халқына оқ атқан "Арсыз билікті" мақтап, өз ұландары мен азаматтарын "басбұзарларға" теңеп, үндеу жасады.
Бұлары ойсыз қадам болды. Билік оларды өтірік "Арыстар" деп арқасынан қақты.
Ал қабырғалы Қазақ Елі оларды "Халық жауына" теңеп отыр.
Халықтың қарғысы емес, алғысын алған Мағжан, Ахмет, Жүсіпбектер қандай бақытты еді.
Әбіш, Фариза, Нұрлан, Смағұлдар қарғысқа қалып отыр қазір. "Сатқын биліктің" атақ, медалдарынан бас тарту туралы оларға ой айтудың өзі - құр әурешілік...
16 - желтоқсан - Әбіш, Фариза, Нұрлан, Смағұлдардың "Тірілей" өлген күні...
Қандай қасірет!? Ғұмыр бойы жиған абырой, бір-ақ сәтте айрандай төгілді...
Тірі жүріп, тозақта өмір сүру - деген осы шығар...
"Оян, Қазақ!" депті Міржақып, жиырмасыншы ғасыр басында. Ал бүгінгі халыққа "Ойлан, Қазақ!" дегім келеді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 21:15
+0 / -0
Неге айтпадыңыз; "халыққа оқ тақан елдің басшысы - Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсыну керек!"- деп??

Кімнен: Мұңлық Қайдан: Астана
26.12.2011 21:22
+0 / -0
Халық қарғысын арқалаған Әбіш, Фариза, Нұрлан, Ғарифолла, Смағұл тездетіп қазақ елінен жылап тұрып кешірім сұрап, халық жағына бүгін шықпаса ертең кеш болады. Ес жиыңыздар, көз ашып қараңыздар, өтінем.
Пікір алмасу

Кімнен: WOMEKEI
26.12.2011 21:30
+0 / -0
Сені туген ананнан айналайын!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: қонақ
26.12.2011 21:46
+0 / -0
Рахмет Мұхтар.....Шымкенттен келген,тәртіп сақшыларының істерін жақында көретін боласыңыздар.Әй халыққа берген азаптары олардың,айтатыны жоқ ит екен біразы.Айтқан сөздерін сіздер естімей-ақ қойың мен айтпайын.

Кімнен: Жамағат Қайдан: Барсакелместен
26.12.2011 21:33
+0 / -0
Тағыз еркек екенсің, Мұхтар. Алла саған саулық берсін. Мақсаттарыңа жете бер. Көртышқанжар ешнәрсе де көрмейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Серж Қайдан: астана
27.12.2011 16:51
+0 / -0
азаматтык ic жасапсың
өркенің өссін

Кімнен: Дос Қайдан: Астана
26.12.2011 21:38
+0 / -0
Мұхтар сабыр етпедіңіз, бар жоғы он-шақты полицейлердің қызу үстінде жасалған қателікке еліктедіңіз де, сол дақты бүкіл халыққа, мемлекеттігімізге, өз басыңыздан кеткен - өткен өміріңізге жағып, жоққа шығардыңыз, ай-далаға тастадыңыз...өкінішті
Пікір алмасу

Кімнен: Не деп отырсың?
26.12.2011 22:23
+0 / -0
Не деп отырсың? "бар жоғы он-шақты полицейлердің қызу үстінде жасалған қателікке" НЕ СӨЗ МЫНАУЫҢ? Жүздеген адамды қырып тастаған полицейлерді ақтап алғың келе ме?
Пікір алмасу

Кімнен: Не деп отырсың-ға Қайдан: Астана
27.12.2011 10:55
+0 / -0
"Жүздеген адамды қырып" деген жалғанды ұрандама, бетімен. Одан да ашық айт мен өз елімнің сатқынымын, маған қазақ мемлекеті бір тиын деп мойында. Ұрпағың оған баға берер, мәңқұрт
Пікір алмасу

Кімнен: ҰзынМылтық
27.12.2011 18:12
+0 / -0
Мемлекет пен билік бір нәрсе емес, билік киім секілді ауысып тұруы керек, ал мемлекет тұрақты. Жаңөзеншілер мемлеке үшін күресті, бірақ мемлекетті ойыншыққа айналдырған билік оларға қарсы оқ атты. Сондықтан қылмыскер билікке қарсылықты мемлекет үшін істелген ұлы іс деу керек. Жирма жыл бойы түк тындырмай, тек қазақ даласының байлығын соруды, сорғызып сатуды ғана қолға алған биліктің ескі, тоз тоз киімге айналғалы қашан. Енді ол жаңалануы, басынан бақайына дейін қайта құрылуы керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Қаракерей
28.12.2011 22:59
+0 / -0
Қанышер Назарбаев билігіне қарсы шыққандарды "сатқын" дейтіндер - Отанын бірінші болып сататын нағыз азғындар.

Кімнен: Азамат Қайдан: Шымкент
26.12.2011 21:59
+0 / -0
Ей, Мұха! Сіз бір кездері биліктің қол шоқпары болып Шымкенттегі бір қонақүйден оппазициялық партиясының азаматтарын хайуандықпен қуып шыққаныңды ешкім ұмытқан жоқ, ал енді келіп билікке тіл тигізіпсің. Бұндайларды дінде "Мунафиқ", яғни екі жүзді дейді. Бір күні қайтадан биліктің қол шоқпары болсаң таң қалмаспын!
Пікір алмасу

Кімнен: Тыңда балам!
26.12.2011 22:21
+0 / -0
Мақаладағы аудионы тыңдасаң, мынадай пікір жазбайсың.
Пікір алмасу

Кімнен: Рысбек Қайдан: Алматы қаласы
26.12.2011 22:25
+0 / -0
Бір жігіт Шымкентте сендей-ақ болсын, Нағыз ерлік көп жасаныз! Енді Мұхтардай 20 жігіт шықса ғой шіркін! Адасқанның айыбы жоқ! Қайтіп үйірін тапқан соң, Ойланыңдар жігіттер!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Қызылорда
26.12.2011 22:23
+0 / -0
Мұха!Азаматсың!Қалың Қазақтың Батырысың!
Мына азаматтық қадамын басқа да ауған соғысының ардагерлері мен Желтоқсаншыларға үлгі болатындай!Күтеміз,басқа қазақ азаматтарын биліктен медаль алған,шен алған!Сын уақыты барлық қазақтың есігін қағып тұр!Есіктің көше бетінде ар-намыс пен ақиқат,ал іш жағында қара бет күй мен елдің лағнеті!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 22:55
+0 / -0
Мұха! Назарбаевтан тәуелсіздік алған күні сіз одан да үлкен сыйлықпен марапатталасыз! Сол күнге Алла тез жеткізсін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.12.2011 22:47
+0 / -0
Шымкенттің Азаматы,қазақта сүрінбейтін тұяқ жоқ дейді онда да айтқан сөздерінің рас-бұрысын өзін білерсің.Бірақ Мұхан азаматтық болмысын көрсетті!Ал сен айнаға қарап қой әлсін-әлсін,мүмкін тілінде сүйел шыққан болар!

Кімнен: Асан Қайдан: Астанадан
26.12.2011 23:26
+0 / -0
Муха братан ризамын... Шымкенттін жігіттері кандай болатынын далелдедініз... Премер министр сымак Масимов Жанаозенге бара алмай отыр коркып, Орынбасары бола тура Шымкенттін жігіті Омірзак Шокеев барды. міне Шымкенттін жігіттерін... барлык батыр сымактар мен министр сымак, депутат сымактарга улгі болдыныз

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Касиеттистан
26.12.2011 23:40
+0 / -0
Есимизде, 1986 жылы казак жастарын басып-жансыган ушин, соган катыскан солдаттар, полиция жане офицерлерге медалдар, грамоталар тапсырган. Сол медалдан жалгыз адам бас тартты. Ол кыргыз бауырымыз екен. Баскалар сондагы алган медалдарына куанып, мактан етип жур. Мухтанжан сол кыргыз бауырымыздын ерлигин кайталады. Жарайсын бауырым!!! Коп жаса, бала-шаганнын рахатын кор.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.12.2011 01:36
+0 / -0
1959 год. Расстрел в Темиртау
http://you1917-91.narod.ru/lelchuk1959.html

Кімнен: Тәңірберген Қайдан: Алматы
27.12.2011 01:53
+0 / -0
Нағыз ер-азаматтың ісі!
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі