Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:13

БАС ТАҚЫРЫПТАР

Жаңаөзен оқиғасынан кейін Назарбаевтың Еуропаға алғашқы сапары басталды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Германияда жүр. Ол Германия үкіметімен халықаралық және аймақтық мәселелер, екі ел арасындағы қарым-қатынастар жөнінде бірқатар келіссөздер жүргізбек.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси қайраткер Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қаңтар, 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Tagesspiegel газетінің жазуынша, Германия үкіметі Назарбаевпен Қазақстандағы сирек металдар мен қазба байлықтар кеніштеріне қатысты және Қазақстан экономикасына керекті технологиялар туралы келіссөздер жүргізбек.  

Назарбаев сапарының қарсаңында Қазақстандағы саяси оппозиция өкілдері Германия канцлері Ангела Меркельге Жаңаөзен оқиғасы туралы арнайы хат жазып, Назарбаевты ресми сапармен қабылдамауын сұраған.

Қазақстан президенті сапарына бір апта қалған шақта, қаңтардың 31-і күні Еуропарламент комиссиясының Жаңаөзенге қатысты тыңдауы өтті. Жиынға Қазақстанның атынан бұл елдің Бельгия мен Люксембургтегі елшісі Ерік Өтембаев, бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко, сыртқы істер министрлігінің бірнеше өкілі қатысқан.

Сонымен қатар, бұл тыңдауға Жаңаөзенге барып қайтқан журналистер - ресейлік «Новая газетаның» тілшісі Елена Костюченко мен Stan.tv бейнепорталының 
Елена Костюченко, "Новая газета" басылымының меншікті тілшісі.
x
Елена Костюченко, "Новая газета" басылымының меншікті тілшісі.
​​​​журналисі Жұлдыз Төлеу қатысқан болатын.

Еуропарламент депутаттары Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі апталарда Жаңаөзен қаласына барып қайтқан екі тілшінің деректерін естіді.

Елена Костюченко Жаңаөзендегі тергеу абақтысында полицейлер соққысынан қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың көз жұмар алдында айтқан сөздерін оқыды. Марқұм Жаңаөзен абақтыларындағы азаптау оқиғаларын баяндаған еді. Елена Костюченко «өлген адамдардың саны ресми тарап айтқан цифрмен мүлдем сәйкес келмейтінін» айтады.

Ақпанның 6-сында Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия қызметінің директоры Хью Уильямсон "Германия канцлері Ангела Меркель 8 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болатын кездесуінде Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты мәселелерді көтеруі керек" деді. 
"Меркель Назарбаевпен кездесуінде Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты мәселелерді көтеруі керек"

Хью Уильямсонның ойынша, "Меркель Назарбаевты негізінен Жаңаөзенде 16 желтоқсандағы оқиғаларда қаза тапқан 14 адамның әрбірінің өліміне тергеу жүргізуге шақыруы тиіс және Қазақстан билігі тұтқындалған оппозиция белсенділеріне "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген екіұшты айып тағудан бас тартуы керек".

Human Rights Watch "Меркель Назарбаевпен кездескенде Қазақстандағы сөз бостандығы мен шеру өткізуге шектеу қою, оппозициялық "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийдің тұтқындалуы сияқты мәселелерді де қозғауы керек" дейді.

Ақпанның 2-сінде Норвегиялық Хельсинки комитетінің Ослода өткен семинары да Жаңаөзен оқиғасына және Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарының жағдайына арналған болатын. 

Онда Жаңаөзен оқиғасы туралы, ереуілші мұнайшылардың еңбек дауы жайлы айтылған. Хельсинки комитеті қызметкерінің сөзіне қарағанда, «Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің өкілдері Жаңаөзен тақырыбындағы жиынға қатысудан бас тартқан».
Раушан Толғанбаева, БҰҰ штабы алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Женева, 5 ақпан 2012 жыл.
x
Раушан Толғанбаева, БҰҰ штабы алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Женева, 5 ақпан 2012 жыл.
​​​​Назарбаевтың сапары қарсаңында еуропалықтардың Жаңаөзен оқиғасы туралы хабардар болуына септігі тиген тағы бір шара ақпанның 5-сі күні өтті. Германияда тұратын қазақ суретшісі Раушан Толғанбаева Швейцарияның астанасы Женева қаласындағы БҰҰ-ның ғимараты алдында Жаңаөзен оқиғасы кезінде биліктің оқ атқанына және одан кейінгі репрессияларға қарсы наразылық акциясын өткізген.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 15:07
+0 / -0
Екіжүзді, ұятсыз,өтірікші,қанішер,баукеспеұры,екісөйлер,алаяқ,қарақшы, адамның түрінің қандай болатынын білемін, енді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 21:05
+0 / -0
Бұл расымен ресми сапар ма? Әуежайда оны Тоқаев бастаған қазақтар қарсы алды ғой, немістер қайда? Негізі президенттің атқаратын жұмыстары емес, кәсіпкердің немесе басқарма бастығының шаруалары секілді ғой. Жасайтын келісім шарттары осы болса, тым құрығанда Қайрат Келімбетовті ме, Жанар Айжанованы неге жібермеген? Үлкен басын кішірейтіп барғаны ұят емес пе? Ай, бірақ, осының өзінде бас болғанымен миы бар ма?!

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
07.02.2012 15:07
+0 / -0
Қанішер барған екен ғой. Меркель қазақтар да , өзбектерге ұқсап Андижаннан кейін, үндемей қалады деп есептеген ғой. Андижаннан кейін заманның қаншалықты өзгергенін бажайлай алмай отыр екен дағы. Интернет,Араб көктемі, Ресей шерулері- бәрі мүлдем басқаша ғой. Осынысынан опық жейтін болады.

Кімнен: Алишер Қайдан: Ташкент
07.02.2012 15:40
+0 / -0
Қызық, Назарбаевтан "Бұдан былай Еуропа бақылаушыларын сайлауға шақырмаймыз" дегеніңіз не деп, Меркел сұрар ма екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 01:23
+0 / -0
Кәримов туралы бірдеңе айтсаңызшы?!!

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
07.02.2012 15:40
+0 / -0
па шіркін тұрысынай қазақ халқын қырып салып қан жоса қылып енді не бетімен ел аралап жұр екен бұл бейшара өтірікті суша сапырып бәрін халлыққа жауып кайтатын болар алкаш норкаманга тенеп озі сүттен ак судан таза болып онысы бола коймас бір Алла көріп отыргой бұнысын сондықтан қолы қан адам ға өз басына сол қанды жүктейді
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 00:21
+0 / -0
Егер басқарып отырған туған халқы, қазақтар, алқаш және наркоман болса, бұның өзі екі аяғы слабырап аспаннан түсіп пе?
Онда оның аты осыдан былай не Алқашбасы, не Наркоманбасы болсын.

Кімнен: Тобанияз Қайдан: Маңғыстау
07.02.2012 15:56
+0 / -0
Біріншіден, Астананы Ақмолаға аударуы ерлік болды дегеніңізбен келісе алмаймын. Басында миы бар адам, үй салудан бұрын коммуникациядан бастайды ғой. Әлі жол жоқ, кеңестік дәуірден қалған темір жол, автомобиль жолдары, нанбасаңыз Шұбарқұдықтан Құлсарыға қарата жүріп көріңіз,сосын Бейнеуден Ақтауға қарата. Жалпы бүткіл Қазақстанда шетелдік стандарттарға сай жол жоқ. Жол болмаса экономика қайдан дамиды, қарағым ау. Осының бәрін келістіріп алып, астана саламын десе мүмкін орынды болар ма еді, бірақ астананы ауыстырып, шөлмек құрылыстарды толтыру ақымақтың ісі. Басқа жақтары мүшкіл жағдайда жатқанда. Борат деп бізге бекер күліп жүрген жоқ, ойлап қарасаңдар.
Екінші, бізге қауіп сырттан келіп тұрған жоқ. Қауіп өзіміздің ішімізде. Біздің елімізге ең басты қауіп- ол бюджет ақшасының жүйелі түрде желінуі. Жүйелі деп отырғаным, бюджет ақшасын жеу, Назарбаевтың жариясыз рұқсатымен жүріп жатырған, шенеуініктердің негізгі бизнесі,яғни табыс көзі. Бюджет қаржысының 30 пайызы "кесіліп" шенеуініктердің жаңқалтасына түсіп жатыр, негізгі бөлігі әрине құлқыны түпсіз Назарбаевқа кетуде. Мекеме басшыларының откаттары өз алдына. Саакашвили билікке келгеннен кейін,"Грузияда шенеуініктердің бюджет қаржысын тонауы жойылды" деп еді. Ал бізде 23 жыл болды, жойылмақ түгілі өршіп барады. Бізде дәм болсын мақтаншақтық, дарақылық өріс алды. Жағымпаздық өз алдына. Гинесс рекорды не к...ізге керек, халықтың ақшасы тоналуын тия алмай жатырғанда. Жаңаөзен қырғыны сол коррупцияның жемісі. Мұнайшылардың еңбекақысын жеу не деген сұмдық. Билік басындағылардан қанағат кеткен, бюджеттен тонағандары аз болып, енді қарапайым жұмысшының, пенсионердің, инвалидтің жаңқалтасына қол салған! Ресейде бұндай жасағанда Путинді әлдеқашан төңкеретін еді. Бұл билік енді ұзаққа бармайды, қан жібермейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 00:28
+0 / -0
Дәл айтасыз!
Әсіресе ана Диюдың аузын айтсаңызшы. Ауыз емес, апан ғой! Қап-қабымен емес, вагон-вагонымен жұтылып кетіп жатыр ғой.Ойпырмай, бір күні сол апан ауызға бала-шаға, мал-жанымызбен жұтылып кете бармасақ болар.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
07.02.2012 15:59
+0 / -0
Барсын. Мұнда бетіне айтылмағандарды есітіп, жер болсын. "Нобельден" безінсін. Ангела Меркельдің күліп отырып күйдірер кекесінініне тап болсын.

Болмаса жүрді ғой осында 2,5 ай уақыт бойы "менікі дұрыс екен" деп.

Меркельге басқа бір дүниетанымдары дұрыстар табылатын шығар өзі айтарға ;-"Алдыңа сүмірейіп иттей болып келген қандықол қарақшының еліндегі қазба байлықты арзанға алуға қалай дәтің барды ұялмай" деп?
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
07.02.2012 18:55
+0 / -0
Қазақстанның байлығын сора түсуді көздейтін шетелдік қу басшылар бізден Қарақшы барса да, Алапес барса да, өтірік күліп, жылы сөйлеп қарсы алып, өзіне керек шарттарға қол қойдырып алып, тағы өтірік күліп, ыстық сөйлеп шығарып салады. Көрелік, Меркель сөйтпегенде, қайтер екен? Оған сый-сияпатты молынан апарып, біздің Бетсіз оның бетін бояп та қойған шығар. Қадағалаңыздар, "өте жақсы кездесу" болатыны сөзсіз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 00:31
+0 / -0
Жарқыным, Жақып!
Дәл сен айтқандай болады. "Сапар сәтті болды" деп қаңқылдайды теледидар.
Күтейік.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 16:42
+0 / -0
сол жакта адамзатка жасаган кылмысы ушин бирден туткындап Гаага соты НАНды олiм жазасына кессе, казакстанда той болар едi

Кімнен: Айтсаң АЙТ! Қайдан: Астана
07.02.2012 17:50
+0 / -0
Осы Азаттық радиосы сайтынан көшіріп алып едім мына өлеңді. Басқадай жеткізу мүмкін емес!
Уа, Нұрсұлтан!
Бар-жоғымды тонадың!
Басқа жауды көрмей тұрмын қатерлі –
Сенің жүйең,
Сенің ашкөз маңайың,
Баршамызды жиырма жылдай қанаған.
Барын салып, санамызды жадылап,
«Казахстанец» деген таңып шатасын,
Қазақ атын өшірмек боп зорлаған!
Түйіндісі «ойқы-шойқы» ойлардың:
Ұрлығыңды қой десем де, қоймадың,
«Өз күніңді өзің көр!» деп қорладың!
Жаңаөзенді қырып салып тағы да,
Қан уыстап, ұрттасаң да, тоймадың!
Қазақ ұлтын автоматпен жусатып,
«Тұрақтылық» дегеніңді қоймадың!
Әй, Нұрсұлтан!
Тыңдасаң, ақыл айтам:
Жасырынба!
Құлағың қылтиып тұр,
Қантөгістің авторы – сен ант ұрған!
Көтеріп жау биліктің қылмыстарын,
Қара жер сонша уақыт қалай тұрған?!
Нұрсұлтан, қайталаймын, тағы да айтам:
Қайтарып бер елімнің азаттығын,
Жетер енді сұрқия кәззаптығың!
Алып таста, торыңды өзің құрған,
Босатпасаң, шынжырын бұзып шығам!
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
07.02.2012 19:29
+0 / -0
1996жылы 86жасында атамның әкесі бурын совет одагы кезінде жогарыракда жумыс жасаган,сол кісі бірде мына үкімет халыкдың калтасына түсетін үкімет болады деп айтып еді дәл айытган екен,ол кісі кайтыс болып кетті.бала кезімізде әкеміз айтып отыратын еді каргыс алмаң каргыс жеті урпакка дейін куады деп мына мыңдаган адамдар нәнді каргап жатыр сонда нәннің неше урпагына дейін кетер екен,,,,
Пікір алмасу

Кімнен: Жантық Қайдан: Астана
07.02.2012 20:20
+0 / -0
Жасасын Қазақ елінің тұңғыш Президенті! Нұрсұлтанның арқасында дүние әлемге танылдық! Мен өзімді бақытты сезінемін...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 21:05
+0 / -0
СЕНІҢ перғауын президентің керемет болып тұр.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 21:52
+0 / -0
Жантык сенин жанын тыныш, астанада элитный уйде туратын шыгарсын. ауылдык жерлерди еринбей 4 сагаттай айналып келсейши мумкин иманын орнына келмеседе намысын оянар.
Пікір алмасу

Кімнен: Саке Қайдан: Алматы
10.02.2012 18:40
+0 / -0
Е, сенің атың Жантық қой өйткені. Ертең келесі елбасының қасында да солай сөйлейсің. Әкең атыңда қалай біліп қойған.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
07.02.2012 19:01
+0 / -0
Аблязовтың Назарбаевқа билігінен бас тартса ,дүние-мүлкін сақтауға, бас бостандығына кепілдік берейік деген ұсынысы болып еді.
Енді, Жаңаөзеннен кейін жағдай өзгерді, Назарбаевқа енді ешкім кепілдік бермейді, ол бір, екіншіден,Назарбаевтың ішкі және халықаралық беделіне едәуір нұқсан келді, яғни бұл біршама әлсіреді. Осы жағдайларды ескере отырып,кепілдікті қасындағы шенеуініктерге берсе қайтеді, яғни Назарбаевты жығып берген топқа кепілдік береміз десек. Ал Назарбаевтың өзіне кепілдік те жоқ, кешірім де жоқ. Бұған басқалар не айтар екен?

Кімнен: Бахытжан
07.02.2012 21:02
+0 / -0
Бұл қақ бастың оиы текқана қазақты қорлау зорлау сатыу өлтіру құл қылу тілін дінін жоиу соған серт бергенба ата бабаларының аруағының алдында ант ішкенба осы ұлытың тұқымына тұз егеміндеп осы қасындағылар не деп оилайдекен сол жоңғарлар сияқты жоқ болып кетсек сол кезде қасындағылар типа қазақ сиақтлар өздерін не деиді кім деиді екен немесе өздерін бурят якут немесе чукча деимекен орыспын деиіндесе түрі келмеиді ол үшін кемінде екі үш ата өту керек қан араластырыу керек олай істеу үшін уақыт тіреліп қалды дегендеи
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 11:09
+0 / -0
Оның бір қызының, Динарасының, интерьвюін оқығанымда айтады:"Менің әкем өз елін өте жақсы көреді." - деп, жақсы көргендегі жасап отырғаны осы болса, жек көргені қандай екен?!

Кімнен: zheltoсsan Қайдан: күмәнсіз бір нәрсе айқын
07.02.2012 21:42
+0 / -0
егер ол көтерілген елді атуға бұйрық бермегенде (мейлі, рұқсат бермегенде деп алсақ та болады) қаншама адамның оққа ұшқанына жол бергені үшін министрді міндетті түрде жазалар еді бұл кезге дейін. Ең болмағанда қызметтен шеттетер еді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 23:19
+0 / -0
N арак ишип,мас болып отырып атындар деген.содан ана жексурындар ура деп ,ан аткандай халыкты коздери акиланып атып кырган.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 00:38
+0 / -0
Қымбатты достар!
“Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры” қоғамдық қоры Алтынбек Сәрсенбайұлының жақын досы және әрiптесi, “Азат” жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбiлев пен саяси күрестегi әрiптестерi Әмiржан Қосанов және Әмiрбек Тоғысовтың өздерiнiң азаматтық ұстанымдарын ашық түрде мәлiм­дегендерi үшiн заңсыз сотталуларына байланысты төмендегiдей шешiм қабылдады:

Алтынбек Сәрсенбайұлын Еске алу күнiне арнал­ған жекелеген шаралар биылғы жылдың 16 ақпаны күнi өтетiн болады.
2011 жылғы саяси журналистика мен публицистика саласындағы Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жыл сайынғы сыйлықты тапсыру оның туған күнi – 2012 жылдың 12 қыркүйегiне ауыстырылды.

“Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры” Қоғамдық қоры.

Кімнен: Еңбек
08.02.2012 09:35
+0 / -0
Өкінішті! Бір жерде үлкен, үй, жол, тротуар,көпір салып жатса, ұнжырғым түсіп кетеді. Өйткені, сол құрылыс көлемін тендер қылып сайысқа түсіргенде обылыс,аудан әкімдері 20-30 пайыз алып, қарпып қалады. Және, сол билікке жақын фирмалар оны жасап, арзан сапасыз қытай тауарларын қолданып,арзанқол өзбек, қарақалпақтарды пайдалынп, біраз ақша жымқырып оңай, ешбір ақыл қолданбай едәуір байып шыға келеді. Сосын бір-бір үлкен жапондық джип алады, сосын бір баласы болса да, катедж салып алады.Сосын кекіріп саған биіктн қарайды,сұмырайлар. Ол джиппен қаланың ішінде қалай ұялмай жүреді десеңші! Джип деген внедорожник емес пе? Шетелде адамдар ақыл, шеберлік жасап, көлік, кір жуатын мәшина,құрал-саймандар... жасап таза еңбекпен баийды. Өкінішті! Мен жазда бақша саламын. Қыста босап қаламыз. Астыма мінгенім нива, 2 бөлмелі үйде тұрамын. Әлгі откатпен келген ақшаға әкімсымақтардың балдары, тіпті қыздары қасыңнан үлкен джиппен зу етіп басып кете жаздайды, оңбағандар!
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
08.02.2012 12:29
+0 / -0
Еңбек агайын сол жипдер еңбегімен келді дейсіңба айлыкбен 80,,,100 мың доллордың машинасын миналмайтының айдан анык ол мына халыкдың акшасы,бул бир екінші мен өзім көрген бирак бір кісі айтыпеді нән бір сөзінде калыкдың жагдайы жаксы шет елдің мәшиналарын минет бізің бала кезімізде Жигули минү арман едідеп, ол нән мына халыкдың килең 15,,,20,,жыл болган неміс пен жапонның калдыкдары екенін білмейма екен,оныңда новайы кредітге алынган калыкдың жагдайы жаксы болса дүкеннен шертіп туруп жаңасын алмайма,осы мунайдың устүнде отырсакда мен танытын асып тасып отырган адам көргенім жок, халыкдың жагдайы жаксы болса ешуакытта көтерілмейді кайта білікке рахметін айытпайма әне осылай агайындар.

Кімнен: zheltocsan
08.02.2012 15:24
+0 / -0
Жерманиядағы немістер сирек қолға түсетін эликир деген бәлені тауып берсе мен сирек металлдар қорын тегін-ақ бере салар едім.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
08.02.2012 16:55
+0 / -0
үйткені менің жаным Жаңаөзенде қыршын кеткен жастардың жанынан тәтті ғой.

Кімнен: астана Қайдан: елорда
08.02.2012 20:54
+0 / -0
Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қоры ақпан айының басында SMS қызметін де іске қосты. Оған сәйкес, қазақстандық ұялы байланыс операторларының кез-келген түрін пайданалатын адам 9685 нөміріне Help сөзін жазып, SMS жіберу арқылы көмек көрсете алады. Бір SMS-тің құны – 449 теңге.

Кімнен: Ашина Қайдан: Орда
09.02.2012 14:37
+0 / -0
Н>амыссыз
А>лбасты
Н>адан!
Сенi Халык,тын наласы мен Алланын жазасы атсын. Бул сенiн, халык,ты атк,анын,а жауап. К,арfыс тобен,нен к,ос к,олдап урсын. Гитлер кезiнде оз улты еврейлердi сатып к,ырып салып едi. Ал Сен сол гитлердiн, iзнен к,уfан шакiртi болдын fой!

Кімнен: Беріш Қайдан: Жері сатылған ел
12.02.2012 19:02
+0 / -0
Бұл сапар ішіміз түтүн сыртымыз бүтүн дегенді білдіргендеи.Әрине біз зор баилығымызбен әлемге танылған елміз.Барлық дамыған елдерге керегі баилық.Осы баилықтың арқасында Назарбаев бедел жинап халқын атуға бұирық берген болсада әзірше аман жүре тұрары анық.Көп бікірталастардан жие оқып жүргенімдеи Казақстанда тыныш тық бізге керегі осы деиді көп оқырмандарымыз енді осыган қысқаша тоқталып өтеиін.Шындығында бұл тыныштық жалған тыныштық , соңғы кездері Ел бірлігі, ұлттар татулығы,бірлік бар жерде тірлік бар деген сөздер көп аитылады. Естіген құлаққа жылы көрінгенмен сананы улап адамның миын аиналдырып НӘН нің нұры секілді жалған ұранның жетегінде кетіп мүсәпір күи кешуімізге таптырмаитын құрал.Ал тыныштыққа келер болсақ алдымызға салып қоиған әсемде әдемі сурет,сол суретке қарап мәз болып қарап отыра береміз.Сол жалған тыныштықты үкімет паидаланып шырқымызды бұзып жүргені белгілі.Егерде сол тыныштықтың ішіне үңіле қараитын болсақ сатылған киелі жерді,жетімдерді,ана тіліңнің мылқауда саңырау екеніне,қасиетті дініңнің азып тозғанын ,елімдеп еңіреген ерлерімнің атылғанын сотталғанын қудалауға ұшұрағанын көруге болады.Сонда НӘН нің қаита,қаита аитып жүрген тыныштығы осыма.Тыныштық керек болса неге бірінші өздері бұзады неге тыныштығы берік ел бола алмады.Сен сол тыныштығыңды пір тұтұп,тұмар қылып моиыныңа тағып жүргенде қасиетті Бекет Ата жатқан жерде Оқ атып Ұландарымды аяусыз қырып салды осыма НӘНнің көп аитатын тыныштығы.Ия оқ атылды бұл еліме жау шапқанмен бірдеи бұл көзге көп көріне бермеитін арбап,алдап әкеліп қырып салатын жау. Сондықтанда елбасының көп аитатын тыныштығымен,ел бірлігі жүрегімізге қадалған көзге көрінбеитін оқ.Шындығында біз белгісіз бір тұнғұиыққа сүңгіп жоқ болып бара жатырған елміз,бізді арбап алдап тұсаулап баилап матап,аяқ қолымызға кісен салып тастаған бірақ көзге көрінбеиді.Қазағым көзіңді ашып оянып бұғауды бұзып жарып болашаққа қанат қаққан, арманды шыңға аиналдырған ел орнатаиық.
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл