Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:15

САЯСАТ

Ақорда Назарбаевты мәңгілік президент ету ұсынысы туралы хабарлады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды өмір бойы басқарсын. Осындай ұсынысты бейсенбі күні Назарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында профессор Закратдин Байдосов жасады деп хабарлады президенттің баспасөз-қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылғы желтоқсандағы президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін қолдаушыларының алдында. 5 желтоқсан, 2005 жыл.
x
Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылғы желтоқсандағы президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін қолдаушыларының алдында. 5 желтоқсан, 2005 жыл.
Мәтін көлемі - +
«БОЛАШАҚТА ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУ ӨТКІЗУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ»

Қазақстан президентіне қатысты бұл жолғы ұсыныс ақтөбелік профессордан шығып отыр. Өмірлік президент өкілеттігін беру туралы бастаманы бейсенбі күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде профессор Закратдин Байдосов жасай келе былай деген екен ол:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, халық әрдайым Сіз үшін дауыс береді. Сіз әрқашан халық игілігі және күллі еліміз үшін қызмет жасайсыз. Біз болашақта президенттік сайлауды өткізудің қажеті жоқ деп есептейміз. Сіз Қазақстанды басқаруыңыз және әрқашан елімізге басшылық жасай беруіңіз керек. Конституцияға тиісті өзгертулер енгізу қажет, - деді тарих ғылымдарының докторы Байдосов.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Коституциясына соңғы енгізілген өзгерістер мен түзетулер бойынша шектеусіз мәрте президенттік сайлауға түсе алады. Тұңғыш президентке қатысты президенттік сайлауға қанша рет түсуге болады деген шектеу жоқ, ол 2007 жылы мамырда алынып тасталынды.

Сол кезде Конституцияға түзету енгізу туралы ойды парламент депутаттары айтқан болатын. Олар мұндай ұсынысын «Қазақстанның алғашқы президентінің тарихи ролімен» түсіндірген еді.

"ЖАҒЫМПАЗ  ПРОФЕССОР ЖАСТАРҒА ҚАНДАЙ ТӘРБИЕ БЕРЕДІ"


Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы басты қарсыластарының бірі, коммунист Серікболсын Әбділдин өз бәсекелесіне өмірлік президент өкілеттігін беру туралы ұсынысқа қарсы. Оның пікірінше, дәл осындай ойдың өзін профессорға ол әдейі айтқызған болуы мүмкін.

- Президентке жағымпазданғысы келген профессор жастарға дұрыс тәрбие бере алмайды. Ал оны айтқызып жүрген Назарбаевтың өзі деп есептеймін. Егер халықтың көпшілігі қолдай қалатын болса, соны жүзеге асырады. Мен бұған үзілді - кесілді қарсымын. Жалпы мұндай жағдай дүниежүзінің тәжірибесінде жоқ. Бұл ұлттың мүддесіне қайшы келеді. Заң бойынша уақытында басшыларды ауыстырып отыратын дәрежеге қол жеткізу керек. Сонда ғана демократия, шындық жолы халықтың арасына тарайды, - деді Коммунистік партияның төрағасы Әбділдин.

Биыл Қазақстанда жоғары билік басына Нұрсұлтан Назарбаевтың келгеніне тура 20 жыл толды. 1989 жылы маусымның 22-інде ол Қазақстан Компартиясы ОК-нің І хатшысы қызметіне кіріскен болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы президенті болып сайланды. 2005 жылы 4 желтоқсанда президенттік сайлауда ол жеті жылдық мерзімге қайта сайланды. Қазақстан заңына сәйкес, кезекті президент сайлауы 2012 жылы өтуі тиіс.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Мырқымбай Қайдан: ауылдан
10.09.2009 22:03
+0 / -0
һім, жетіскен екенбіз!!

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
10.09.2009 22:04
+0 / -0
Путин мырзаны ел әлі күнге дейін құрметтейді...

Кімнен: жылпос Қайдан: белден төмен
10.09.2009 22:12
+0 / -0
қап әттегенай мына ақтөбелік шал алдымды орап кетті-ау. джарайт енді, әйтеуір ақптсаның көзіне өзгелерден бұрын тусті дегенмен. енді оған облыстық бастықтардан кемінде автокөлік, әйтпесе пәтер, балаларына майлы қызмет бұйырар, соны ойлағанда ішім удай ашып кетті...

Кімнен: заһаратдин Қайдан: астана
10.09.2009 22:16
+0 / -0
дұрыс, қолдаймын. Нұрекеңді перғауын деп жариялау керек. Пирамидасы уже дайын тұр мұнда

Кімнен: қажы амантай Қайдан: ж...хана
10.09.2009 22:20
+0 / -0
хан көтеру салтанатын өзім басқарам. әлгі бір құс бар еді ғой сол секілді мың жыл жаса Нұрсұлтан!!!

Кімнен: сааааамаааттт... Қайдан: шу алқабы
10.09.2009 22:32
+0 / -0
ееееейй, ппррррооофффесссорр, жааақсыыы шшееееггіп аааппссссыыыыың ғғғғоооооой, шшшшөөөбббііііңңннненннн мааағғғғаан даааа ббббееееерршшшшшшііі.....

Кімнен: Мақсұт
10.09.2009 23:10
+0 / -0
өй өңшең мәңгүрт не болдыей қорқаудай шулап абалап қазағымның маңдайына біткен жалғыз көсемді табалап, аулақ кетіңдер үндерің өшсын маңғіге! Нұреке, біз сізді қолдаймыз, сіз біз үшін дәл қазір Абылайсыз, қажымаңыз, талмаңыз!!

Кімнен: Тәңірберген Қайдан: Алматы
10.09.2009 23:31
+0 / -0
Ғаламат ұсыныс! Тек бізге жетпей тұрғаны осы еді. Өтінетінім ай аттары мен мерекелерді түркмендер тәрізді өзгертіп жібермей кемі он-он бес жыл қоя тұрсақ игі болар еді.

Кімнен: Жантық Қайдан: Атырау
11.09.2009 00:06
+0 / -0
Осылай боларын бұрыннан-ақ сезіп едім. Жасасын прфессорлар!

Кімнен: men goy Қайдан: almaty
11.09.2009 09:37
+0 / -0
<- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, халық әрдайым Сіз үшін дауыс береді.> өте орынды сөз!!! амал жоқ деген сөз ғой! дауысымызды былай да аласың, былай да аласың, одан да өлгенге дейін отыра бер деген сөз ғой, қайтсын байғұс <Прафессор>, оның да арытнда ректор бар ғой! haha

Кімнен: нур Қайдан: алматы
11.09.2009 09:46
+0 / -0
Сасқан үйрек артымен жүзеді деген осы екен. Халық бұрынғы халық емес. Енді бұрынғы әдіс-тәсілдерге жұрт көне қоймас. Осылай жасасын, көрейік керемет болса. Өз көрін өзі қазып отыр-ау шамасы. Немесе қасындағы баз-біреулер осылай қазып беріп отыр. Тірі болсақ, көрерміз.

Кімнен: Елшібек Қайдан: Алматы
11.09.2009 10:01
+0 / -0
Жақсы ұсыныс. Сайлауға млрд-тап ақша жұмсап қайтеміз, бәрібір бір кісі жеңеді. Одан да сол ақшаны Астанадағылар бөліп алсын. Байғұстар қиналып жүр ғой.

Кімнен: Айна
11.09.2009 10:07
+0 / -0
Сапармураттың стилі ғой, ол тек Сапекеге жарасады. Оны қайталағаннан басқа жол құрыды ма? Тағдырлас болып жүрмесін.

Кімнен: Алдаспан Қайдан: Сары арқа
11.09.2009 10:15
+0 / -0
Қытай тарихында, чин шыхуаң атты екі мың жыл бүрын өмір сұрген патша өткен.Тарих менен басталады,бірінші тарих менен бастап жазылуы керек деп жарлық шығарып,дәрігерлік,бал ашудан басқа,ертеден келе жатқан тарихи кітаптар мен қолжазбаларды,өртеп,көзі тірі тарихшыларды,оқымыстыларды,тағылымшыларды тірідей көмдірген еді.Не болмаса осы ақтөбелік шалды емдету керек,бәлкім ауырып жүрген болуы мүмкін.не болмаса ол шалды....оқымысты ғой,ептеп,тірідей....құдай оның бетін ары қылсын,көмдірсе деуге аузым барар емес.Қазақ па екен өзі мархұм!

Кімнен: Мұрат Қайдан: Торғай
11.09.2009 10:30
+0 / -0
Былай қарап отырсаң, әлемдегі оркениетті елдердің тәжірбиесінде президенттік мерзім 1 немесе 2 мерзімнен аспайды. Олар адамдардың ел басқару тарихын әбден зерттеп және зерделеп алғаннан кейін осындай мерзім белгілеп отыр.
Мысалы: 1-кезең. Адам ел басқараруға келгенде алғашқы мерзімде қарқынды жұмыс жасайды. Реформатор болады, көптеген жаңалықтар енгізеді, қателеседі. Егерде қателіктері көп болып, реформалары нәтежие бермей жатса, онда оны халық екінші мерзімге жібермейді. Бұндай жағдайда оның қолдаушылары мен қолпаштаушылары аз болады немесе тіптен болмауы мүмкін. Сондықтан ол өз қателіктерін түсініп, халықтың алдында бет бейнесін сақтап қалу үшін өзі отставкаға кетуі мүмкін (бұндай қадамға бару екінің бірінің қолынан келе бермейді, барғандар үшін бұл Ерлікпен пара пар).
Ал, реформалары оң нәтижие беріп жатса халық оны қолдап екінші мерзімге жібереді, әрі істеген жұмыстарының нәтижелерін аяғына дейін жеткізгісі келетін оның өзі де орнын сақтап қалуды көздейді, бұндай жағдайда оны қолдаушылар мен қолпаштаушылар көбейеді. Міне осы қолдаушылар мен қолпаштаушылар оған екінші мерзімі кезінде оған жұлдызды ауруын жұқтырады. Өйткені оның қолдаушылары мен қолпаштаушыларының арасында шын достары сейреп өңкей жылпостар мен жағымпаздар көбейеді, олар ел қамын емес өз қарақан бастарын ойлай бастайды және ел басқарушыыға тікелей әсер ете бастайды, бұл мемлекет үшін өте қауіпті. Президенттік мерзімді ұзартудың түрлі әдіс айласын жасайды, халыққа жалған ақпарат таратады. Елде жеке басқа табынушылық қалыптасады. Саяси күштердің арасындағы баланс бұзылады. Мінеки сондықтан президенттік мерзім екі кезеңнен аспауы керек.

Кімнен: Ық Қайдан: Байтурсынов-Космонавтов
11.09.2009 10:56
+0 / -0
Зәкеңдікі дұрыс...

Кімнен: Oralbai Қайдан: qazaqeli
11.09.2009 11:33
+0 / -0
Saqaldy basymen,prfessorlaryymyzdyng o'zi jaghatswdan aldyna jan salmai jatqanda,oiy,bilimi tayaz adamdargha nesin.bu'kil xalyqtyng atynan bir adam so'ilei beretin zaman boldy-ghoi bul.

Кімнен: 007 Қайдан: астана
11.09.2009 12:06
+0 / -0
сайлауға кететін қыруар қаржыны үнемдеп қалудың ең тиімді тәсілі осы болуы керек. қазіргі елбасы сайламға түсер болса, ол кісінің жеңісіне ешкімде шүбәланбайды. тіпті парламенттіде сайлаудың керегі жоқ оны нұротандықтардың тізімінен, басқа партиядан керек болып жатса, әділет, ақжолдарың тізімінен қойая салуға болады. халықтың қаржысы үнемделіп оны талан-таражыдан сақтап, халықты байуға жетелейтін адамменен топтарға халық ереді.

Кімнен: нұрбек Қайдан: Кызыл Орда
11.09.2009 12:45
+0 / -0
2030 БАҒДАРЛАМАСЫ ӨМІРЛІК ПРЕЗИДЕНТТІКТІҢ КЕПІЛІ БОЛАТЫН ОҒАН ТАҢҚАЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ ЖӘНЕ ЕШКІМ КЕДЕРГІ БОЛМАЙТЫНЫ БЕЛГІЛІ

Кімнен: Архимед Қайдан: Актобе
11.09.2009 13:14
+0 / -0
Сөз бастаушы бұрынғы райком хатшысы,кәзіргі қоғамның мүлде өзгергенін қаламайтынын бар болмысымен білдіргені ғой,оған мінбе бергендерде осы өзгерістерді қаламайтындар,тек өркениет көшінен қалып қоятынын сезбегендері ұят іс.
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі