Жұма, 25 шілде 2014, Алматы 15:03


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Мұнайшылар Назарбаевты көре алмады

Маңғыстау облысындағы жағдаймен танысу үшін осы аймаққа келген Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімі мен "Қазмұнайгаз" басшылығын ауыстырып, Жаңаөзенге барды. Бірақ Қазақстан президенті қарапайым жұртпен кездескен жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев Кремльдегі келіссөздер кезінде. Мәскеу, 19 желтоқсан 2011 желтоқсан
Нұрсұлтан Назарбаев Кремльдегі келіссөздер кезінде. Мәскеу, 19 желтоқсан 2011 желтоқсан

Президент Назарбаев бүгін Ақтауға барып, Маңғыстау облысының жаңа әкімі етіп Бауыржан Мұхамеджановты тағайындады.

Ресми ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Назарбаев Маңғыстау облысының әкімімен бірге "Қазмұнайгаз" ұлттық мұнай-газ компаниясы мен "Қазмұнайгаз" Барлау-өндіру" мұнай өндіру компаниясына жаңа басшыларды - Ләззат Қиынов пен Алик Айдарбаевты тағайындаған.

Осы мұнай-газ компанияларына иелік ететін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы, Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевты да отставкаға жіберу туралы шешім қабылданғаны президенттің осы сапары барысында хабарланды.

НАЗАРБАЕВ: «КӨШЕРБАЕВТЫҢ КІНӘСІ ЖОҚ»

Президенттің келетіні жайлы хабар Ақтау қаласына демде тарады. Дүйсенбі күнге дейін демалыс деп жариялаған ереуілшілер тез арада бір-біріне хабарласып, қайтадан Ақтауға шұбырып жатты. 

Алайда президенттің тек облыс белсенділерімен кездесіп, Маңғыстау облысының жаңа әкімі ретінде Бауыржан Мұхамеджановты таныстырып кеткені белгілі болды. Кейін бұл туралы журналистерге брифинг өткізген Маңғыстау облыс әкімі кеңесшісі Жанна Ойшыбаева хабарлады. Ол «облыстың бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевтың жұмыстан өз өтінішімен кеткенін» айтты.

- Президент Қырымбек Көшербаевтың Маңғыстау облысына сіңірген еңбегін жоғары бағалады: «Ол облысты артта қалған аймақтан экономика саласындағы көшбасшы облысқа айналдырды. Жаңаөзендегі жағдайда Көшербаевтың кінәсі жоқ.  Ол - ұлттық мұнай компаниясы бұрынғы басшыларының  өз жұмысшыларымен ортақ тіл табысып жұмыс істей алмауынан» деп атап көрсетті, -  деді Жанна Ойшыбаева.

Жанна Ойшыбаеваның айтуынша, «облыстың бұрынғы әкімін президент өзімен бірге Астанаға алып кетеді, Қырымбек Көшербаев мемлекет басшысының жанында жұмыс істейді».

Маңғыстау облысының  әкімі қызметіне тағайындалған 51 жастағы Бауыржан Мұхамеджановтың негізгі мамандығы - заңгер. Бұған дейін ішкі істер министрі болған, одан бұрын президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

Бауыржан Мұхамеджановтың бұрынғы ішкі істер министрі болуы облыс жұртшылығы арасында екіұдай пікір тудырып отыр. Ереуілші мұнайшылардың ойынша, мұны «бақылауды күшейте түсу мақсатында жасап отыр».

«ӨЛГЕН БАЛАЛАРЫМЫЗ ҮШІН КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ?»

Қазақстан президенті Ақтаудағы сапарынан соң Жаңаөзенге барған еді. Бірақ Жаңаөзендегі ереуілшілер президентпен кездесе алмағандарын айтты.

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы мұнайшысы Күнсұлу Әйтішованың айтуына қарағанда, арнайы жасақ мұнайшыларды президенттің маңына жолатпаған. 

- Тек бір шалдың «Біздің өлген балаларымыз үшін кім жауап береді?» деген сауалын ғана естідік. Оған Назарбаев: «Қирату мен өлімге мұнайшылардың қатысы жоқ екені белгілі болды. Ол - арандатушылар мен басбұзарлар ісі. Әлі тергеп, ақ-қарасы анықталатын болады» деп жауап берген, - дейді Күнсұлу Әйтішова.

Жаңаөзен мұнайшыларының президентпен кездесе алмағанын бұған дейін қала тұрғыны Гүлбаршын Күлжанова да хабарлаған еді. 

- Біз үйден шықпай отырмыз. Халықты ол жаққа жолатпай жатыр, - деген Жаңаөзен тұрғыны.

«Президенттің Жаңаөзен қаласындағы «Жалын» кинотеатрында кездесу жасағанын естідік. Бірақ кіммен жүздескенінен хабарсызбыз» дейді мұнайшылар.

Желтоқсанның 22-сі күні кешке Шетпеде жүрген Азаттық тілшісіне хабарласқан мұнайшылар ертең қайтадан «Ынтымақ» алаңына жиналатындарын айтып отыр. Олар президентпен жүздесуден әлі де дәмелі. 

АЛТЫ КҮН БҰРЫНҒЫ ОҚИҒА

Қазақстанның батысындағы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында желтоқсанның 16-сы күні бірнеше ай бойы ереуілдеп тұрған мұнайшыларға қарсы полиция қару қолданған еді. Қанды оқиға кезінде кем дегенде 15 адам қаза тапқан болатын.

Соңғы ресми мәліметтер бойынша Маңғыстау облысының Жаңаөзен және Шетпе қалаларында болған толқу кезінде жалпы саны 16 адам өліп, 108 адам жараланған. 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Жаңаөзенде тоғыз, Шетпеде сегіз полиция қызметкері жараланған.

Расталмаған бейресми мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен жараланғандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Маңғыстау облысының кейбір тұрғындары қанды оқиғадан кейін туыстарының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлап жатыр.

Жаңаөзенде жарияланған төтенше жағдай 2012 жылғы қаңтардың 5-іне дейін жалғасады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 4
Кімнен: Ainur Қайдан: almaty
23.12.2011 01:40
+0 / -0
Онбаган. Баска соз кор болад оган.

Кімнен: Көкжал Дәуір Қайдан: Алматы
23.12.2011 01:49
+0 / -0
Естеріңді жиыңдар, Қазақтар! Ояныңдар, көтеріліңдер, сілкініңдер! Қазақтың рухы өлмек емес. Пір Бекеттің наласына қалды ау үкімет! Қасымовты қана емес тараншы Кәрім Мәсімовті құрту керек! Әлгі жазғыш Албан саған айтарым: сен ұйғырларға қарсы полиция құсап провакация жасамасаң орнынан алатын түрі жоқ қо. Егер кетпесе, кетірейік. Сол емес пе, ең басты жау?

Кімнен: Бекей
23.12.2011 01:54
+0 / -0
Ереуілшілердің сөзін осы жерде көріңіздер!
http://www.youtube.com/watch?v=Btrx1hXqNO0&feature=related
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Бейнеу
23.12.2011 09:23
+0 / -0
Менің айтқым келіп отырғаны Бұл саясат, Жоғарғы жақ Жаңаөзендегі халықты шашкідегі фишкі қылып отыр, айтады ғо саясат пен айналыспасан, саяасат сенімен айналсат, бұл жердегі халық қырылуы біреуге керел болт сол үшін,

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 02:23
+0 / -0
Мұнай саласын басқаруға Ләззат (Адай) пен Алик (Шапырашты) келіпті. Пешкілер ғой.
Мұнайды бұрынғыша күйеу басқара береді. Себебі шүмек соның қолында, баяғыда жекеменшік боп кеткен. Отставкаға қалай кетеді,бұл дегенің сенің бұтыңдағы жекеменшік ыштаныңды шешіп алам деген сияқты әңгіме.
Қалай ойнатса да жер асты-үсті байлықтары сол семьяныкі екенін жұрттың бәрі біледі.

Кімнен: Подружка Нурика Қайдан: Жердің бір жері бар
23.12.2011 02:40
+0 / -0
Султик! Ты просто молодец!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 02:58
+0 / -0
Адай батырларым назарбаевтың шынайы бет-бейнесін ашып дүние жүзі көрсетдіңдер,Сонымен қатар 42 тайпалы Қазақтың көзін ашдыңдар,

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 05:00
+0 / -0
Астанадағы қазақтың қызына- Сен бабамыз айтқан "шашы ұзын,ақылы қысқа" қатындардың бірісін ғой.Бала сүймеген,ағайын-туыспен қатынаспайтын,құда-жекжатын жоқ бейшара қатын боларсың,жазған сөздеріне қарағанда.Адай қызым айтқандай,адамдық болмысында рухани құндылықтарын жоқ сорлы адамсың!Өкінішті-ақ!

Бұл ауыс-түйіс қазақтың ызасын,өксігін баспайды!Халық көтеруліге дайын,пісіп жетті!20 жыл күттік,бір ұлттық мүддеміз шешілмеді!Енді келіп қазаққа от атты!Көзімізде жас емес,қан тұр!Жағдайды шиеленістірмей Назарбаев жанұйасымен биліктен ж/е елден кетсің!Құлыбаевын ере кетсін!Елде шұғыл сайаси реформа жүргізілсін!Әйтпесе,қазақ көтеріледі!Жаппай көтеріледі!Соның алдын алу керек!

Кімнен: Назира Қайдан: Атырау қаласы
23.12.2011 09:17
+0 / -0
Мен бейбіт өмірді қалаймын, маған елдің тыныштығы қымбат. Себебі ата-баба әруағы өте қауіпті.Ол кісілер сан ғасырлар бойы ТӘУЕЛСІЗДІК үшін қан төккен.

Кімнен: 12345
23.12.2011 09:24
+0 / -0
Жаңаөзен халқын қолдай отырып Назарбаевтың барып қайтуын жақсылыққа жориық ағайын. Өткен іске салауат айтып, жастарымызды бейбітшілікке шақырып Маңғыстау жұртын нағыз қазақтар дегім келеді. Сабырлық танытайық.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 09:38
+0 / -0
Назарбаев барған немесе келген жерде егқашан халыққа жақсылық болған емес!!! ЕНді ешқашан болмайтындығын түсін сорлы бейбақ! Әлде орындығың барма ақша беріп, әрең мінген?
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақтың патриот қызы Қайдан: Алматы
23.12.2011 09:56
+0 / -0
Ұлы қазақ халқы!!! Ру-руға бөлініп, қатынның аузынан шығар қарғысты қардай боратып отырған еркектер үшін жерге кірердей болып отырмын! Ер азамат өз "тілімен" сөйлесін. Саналы азамат, мәдениетті халық екенімізді көрсетейік, халқым! Басқа ұлтқа күлкі болдық! Сабыр айтып, басу айтқан өз бауырларыңның жер-жебіріне жетіп, ауыздарыңнан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатыр. Бұйрыққа амалсыз бағынған полиция, ОМОНдарды "о дүниеге" жіберіп қойдыңдар. Олардың ішінде балаларың, бауырларың, туыстарың бар шығар, мүмкін?! Солай бола ма?! Әрине, үкіметтің жаңаөзендіктерге істегенін барша халық құптап отырған жоқ. Бәріміз маңғыстаулықтар жағындамыз! Киелі қазақ тілін өз дәрежесінде пайдаланайық! Ашуға беріліп, өзімізді - өзіміз қарғап-сілеп жатырмыз. АЛЛАның құлағына шалынса, бүкіл қазаққа "мә саған!!" деп, барымыздан айырар. Ақылмен шешейік бәрін!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 11:01
+0 / -0
Aқылсымай жайыңа отыршы!
Қазақтың әзірге белгілі болғанындай 74 азаматының қанын суша ағызып, тірі қалғандарын жертөледе азаптап жатса, бұл қай сөзің?!
Ең алдымен тұтқындағы бауырларымызды босатып алуға күш салайық, ағайын!
Алжыған шал қандыбалақ Мұхаметжановты әкім тағайындағаны халықты әлі де қыра түсетіндігін дәлелдемей ме, ендігіміз не тұрыс?!
Пікір алмасу

Кімнен: Ашулы қазақ Қайдан: Қазақстан
23.12.2011 13:42
+0 / -0
Сіз ақылды болсаңыз, дәл қазір Үкімет басында немесе мұнайдың компаниясын басқарып отырар едіңіз! Сауатсыз, ой-өрісіңіз төмен сіз сияқты адамдардың кесірінен алып-ұшып, "әйт десе, ытқып тұрған" жастар қырылды! Ақылыңыз тасып бара жатса, сол жастар ТӘУЕЛСІЗДІК мерекесі күні "өз қазанына" түкіргенде, басу айтып, "Тәйт!" дер едіңіз! енді тыныш жатқан халықты бір-біріне айдап салып, "ұрандатып" отырсыз! Сіз сияқты адамдар - қазақтың түбіне жететін! АДАМДАР, байқас болыңдар! Айтаққа ермеңдер! Ешкімнің ештеңесі кетпейді! Сорлап қалатын, жылап қалатын тағы да өзіміз!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 11:30
+0 / -0
Сенің қаның ата-бабаңның қанынан артық па?

Кімнен: Аноним
23.12.2011 09:45
+0 / -0
Шынымен де, қазақ жері өте бай жер, бірақ қазақ халқы туралы үйтіп айта алмайсын. Еліміздің 35% халқы кедейлікте тұрады, ал елбасы және оның күйеу балалары ең бай адамдардың бірі болып саналады. Біздің басты байлығымыз - мұнай, Қазақстан мұнайды 40 жыл бойы өңдеп жатыр, ал Араб Эмираттары 20 жыл, сонда екеуін салыстырғанда біздің еліміз соншама кедей ме екен?! Мұнай тек Үкіметтің қалталарына түсе бермеу керек, оны елге жұмсау керек.

Кімнен: Шығыстан
23.12.2011 10:01
+0 / -0
Құдай ау не деген өсектен жалықпайтын өсекшілер, біреуі анау дейді біреуі мынау дейді жалықпайды екенсіңдер. жаман атқа жал бітсе жанына торсық байлатпастың кебінін киіуге таяпсыңдар... Жаңа өзендіктердің жалақысын біз 5-6 айда аламыз ғой.... шүкірлік ету керек!
Пікір алмасу

Кімнен: оңтүстіктен
23.12.2011 12:10
+0 / -0
Дұрыс! Мен қалада пәтер жалдап тұрамын. Таңертеңгі 8-ден кешкі 7-ге дейін жұмыс істеп табатыным - 60 мың. Соның өзіне қанағат деп отырмын. АЛЛАНЫҢ осы бергеніне шүкіршілік ету керек. Мүйіз сұраймын деп жүріп, құлақтан айрылған ешкі секілді болмайық, мұнайшылар. Басқа жақтан жұмыс берсе, бар! Өзіміз де туған ауылдан кетіп, жұмыс іздеп кеттік қой. Адал еңбек етіп, семьямды асыраймын деген адамға жұмыс көп.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 10:24
+0 / -0
Бұлай даурыға бергенше сабырға келейік! шара қолданбады емес. қолдады?
Пікір алмасу

Кімнен: Келісемін Қайдан: Алматы
23.12.2011 12:05
+0 / -0
Дұрыс айтасыз, бұған келісемін. Сабыр түбі - сары алтын. Президент ақымақ адам емес. Өз халқын, өз елін (шетелдіктер алдында) көрге тықпас.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 10:52
+0 / -0
Назарбаев - бұл шешімің көңілге қонады. Бірақ СЕН бұлай жасап ел адындағы жазадан, АЛЛА алдындағы күнәдан құтыла алмайсың! Шаһит жастардың қаны сенің мойныңда, олардың барлығы бірдей бұзақы емес. Құлыбаевты, Ақшолақовты, Көшербаевты алып тастаумен іс бітпейді. Енді халыққа оқ атқызған Қасымов пен облыстық Ішкі істер басқармасының бастығын, сосын қара халықты қауып жүріп атқан ОМОН жасағының сарбаздарын тауып, 15-20 жылға түрмеге тоғыту керек. Сосын жұмыстан шығып қалған мұнайшыларды республиканың әр жеріне бөліп жұмысқа орналастырамыз деген құйтырқы саясатты қойып өз туған жеріндегі мұнай компанияларына жұмысқа алу керек. Өйткені Маңығыстау жерінде жалғыз "Өзенмұнайгаз" емес, мұнай кәсіпорындары толып тұр. оңқазақ болған адамдардың отбасына кем дегенде 10 миллион теңгеден өтемақы төлеу керек. Өйткені Ата заң бойынша халықтың теңдігі мен құқығын сақтауға алдымен СЕН - НАЗАРБАЕВ жауаптысың, кепілсің! Ені соңғысы - елді басқа жерлерінде осыдай жағдайлар қайталанатын болса Ақордада шалқайып отырып алмай алдымен өзің барып, дауды шешуің керек. Өйткені халқың саған өзің айтқандай СЕНІП 90 пайыз дауыс берді! Сондықтан СЕН халықтың мұңына, зарына құлық түріп, тыңдауын керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Жанашыр Қайдан: Актау
23.12.2011 11:24
+0 / -0
Бұл өмірде ешкім бір бірін сотқа тарта алмайды, Алла бізді өзі қалағанынша жазалайды! Сен НӘНге олай жаза қоймай-ақ қой! Осы Жаңаөзен оқиғасына сол мұнайшылардың да 10 пайыздық кінәсі бар!
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
23.12.2011 11:45
+0 / -0
1986 жылғы желтоқсан көтерілісінде, студент жастарды қырғызуға Назарбаевтың тікелей қатысы бар -ау деп күдіктенетін едім, енді оның қанішер екеніне көзім айқын жетті. Бұл шалдан қорғасын оқ пен дубинкадан басқа ештеңе дәметпейсің. Өзінің ақылы келте болғасын, қасына да сондайларды жинаған. 20 жылда сұрыпталып, қасында өзі сияқты өңкей канішерлер мен садистер қалды. Мына Мұхамеджанов та соның бірі. Бұл кісіні тегін әкелген жоқ. Олардың ойы Маңғыстаудың жігерін жасытып, халқын құл қылу. Бірақ ол ақымақтардың ол ойлары жүзеге аспайды. Сондықтан "шал -орныңды босат!" деу керек. Басқа әңгіме қалған жоқ. Мына ауыс-түйістерден Маңғыстауға пайда жоқ, зиян болмаса, себебі Мұхамеджанов деген бұл жерге үш қайнаса сорпаса қосылмайтын адам, және бұған дейін де қолы қан адам. Қазіргі талап, Қабыловты коменданттықтан босатып( тіпті сол чрезвыйчайный положениенің керегі де жоқ),ана жатырған адамдарды босатуын талап ету керек. Сосын Қабыловты міндетті түрде жазалау керек. Егер оны үкімет жазаламаса халық жазалайды.

Кімнен: Қазақ
23.12.2011 11:05
+0 / -0
Тоқтатыңдар НӘНнің бір аяғы мұнда, бір аяғы көрде кісі! Қартайған сәтте осындай күнді көріп отырған ол кісіге ауыр! Өйткені, қазіргі НӘНге қарсы шығып отырған оппазициянерлер "Кыршын" кезінде, НӘН Тәуелсіз ел болуға әбден үлес қосып, басшы болды! Мықты болса, сол оппазициянерлер шықпады ма өзін көрсетіп, дайын, тәуелсіз елге ие бола қалмай енді!
Пікір алмасу

Кімнен: Гаухар Қайдан: Атырау
23.12.2011 13:27
+0 / -0
Тәуелсіз ел болуға әбден үлес қосып, басшы болды! Мықты болса, сол оппазициянерлер шықпады ма өзін көрсетіп, дайын, тәуелсіз елге ие бола қалмай енді!
Ай, Алла-ай, қазақ баласының ақымақтығына сөз жоқ! Қайдағы дап-дайын тәуелсіз елге ие болу? Біле-білсеңіз қазіргі Қазақстанның жағдайы 1991 жылғы қарағанда әбден ауыр. ол кезде халықта мүмкін қазіргідей зәулім ғимараттар мен шетелдік машина болмаған болар, тауар да аз болған болар, алайда ол кезде ешбір зауыт, ешбір өндіріс, ешбір Қазақ байлығы шетелге сатылып жіберілмеген еді! Қазіргі күйіміз осы енді шетелдіктерге біржола мүдделі болып, өз жерімізде, өз елімізде құлдың күйін кешіп отырғанымыз! Осы ма Назарбаевтың тәуелсіз ел болуға қосқаны?! Керісінше ол бар күш-жігерін біздің елді басқадан тәуелді болуға қосты!

Кімнен: арсен
23.12.2011 11:09
+0 / -0
Назарбаевка бул болган жагдайлардын бари белгисиз болыпты, онын кулагына мунын бири де жетпеген екен! Не деген сумдык! Кол астындагы Кулибаевты сол ушин куып жиберипти жумыстан!
Пікір алмасу

Кімнен: астаналық Қайдан: негізі астаналық емес
23.12.2011 11:50
+0 / -0
Назарбаевтың екі күйеу баласы екеуі де қолдары қанға боялып отыр! Оның ішінде батыстың жігіттерін өлтіріп отыр! Бұл тағдыр ! Өмірінде мұнайдың не екенін көрмеген ж/е білмеген олар; сосын аргындар Ұкілең юристер мен тілі сүйреңдегн сумақайлар; қай жерде дау бар, соны жағалап жүрушілер) барлығы енді келіп мұнайға бастық болып отара қалғанын лөрмейсің бе? Қай ата-бабасынан қалған кәсіп екен бұл оларға?!
Пікір алмасу

Кімнен: Мен Қайдан: жер
23.12.2011 12:23
+0 / -0
Назарбаев дым білмей қалатындай сонша сен құрлы ақымақ болғаныма сонда?! Үйіңде отырып сен білгенді НӘН білмейді дегенің барып тұрған жалғандық, жағымпаздық! Бүкіл қазақтың көтерілетін кезі келді, әйтпесе осылай шетінен қыра береді. Бірақ қаншалық қанды көп арқаласа, соншалық тозақта отқа оранып, ішкені ірің мен жегені құсық болады. Соны білсе деймін, Алланың жазасынан құтылмасы анық, өйткені бұл ақиқат!!!

Кімнен: Алмат Қайдан: Алматы
23.12.2011 11:38
+0 / -0
http://geopolitika.kz/razbor-pol%D1%91tov/zapad-kazachstana-vtoroy-den-besporyadkov

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 11:55
+0 / -0
Соншама жерден салпаңдап барғанда Назарбаевты көре алмай қалғандары қалай? Неге кездесе алмаған? Ол сол жердегі халықты көруге барды емес пе? Адайлар қорқып үйлерінен шыға алмайқалды ма? Өздерінің де арты бос болғаны ғой!!! Жүректері дауамаған болар?? Сорлы адай, сорың бітпеген екен сенің!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 15:15
+0 / -0
Иә, Атам Ақтауда да, Жаңаөзенде де Алаңның ортасында тұрып бұзықтарды көп күтті. Ау, мен келдім, шығыңдар, сөйлесейік деді.
Тым-тырыс. Бір адам шықшасы! Атам тұрды-тұрды, сосын "құрысын, мына қасқаларды жер жұтып кетті ме" деп ренжіп, гостенецеге қайтып келді.
Енді қашанғы жата береді ол жерде, үйде де қырғын шаруа қалған, сосын қайтып кетті.
Өздері үйге тығылып жатып алып, атам кеткен соң "ойбай, кездеспеді" деулері ұят қой.
Және айтарым, атам ойнап жүр ме сендерше? Бәріне балаша сенгіш аңқау атамды ендігіде бұлайша әржерге алдап шақырып алып, жасырынбақ ойнағанды қойыңдар! Өздеріңді атамның орнына бір сәтке қойып қараң,осынша жасқа келіп ел басқармақ түгілі, таяқ ұстап, етектеріңе сүрініп құлап жатушы едіңдер.
Рахметі жоқ қарақасқалар екенсіңдер тегі!
Пікір алмасу

Кімнен: Дегерес Қайдан: Алматы
23.12.2011 22:11
+0 / -0
Атаңмен бірге барып тоңқалаң ас!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 12:36
+0 / -0
Не де болса сең бұзылған сияқты.
Жаңаөзендік бауырлар сіздерді жеңістеріңіз бен шын жүрегімнен құттықтаймын (қаза болғандардың жайлары жаннатта болсын, олар босқа құрбан болған жоқ, әділдік жолында құрбан болды). Дегенмен "Жауды жеңсең желікпе, тығамын деме тесікке" деген аталы сөз бар, сондықтан ендігі жерде сабыр мен ақылдылыққа салып, бұрынғы қойылған талаптардың барлығын орындату керек.
Құлыбаев кететін болды деп жатыр.
Егер оны алып тастаса, Елбасыға мыңда бір рахмет. Себебі сол ит дер кезінде келіп мәселенің ақ қарасын анықтап шешкенде, бүгінгідей қантөгіс те болмас еді.
Енді Елбасынан Тимурды сотқа тартуды сұрау керек, оның миллиардтары қалай пайда болғанын екжей текдейлі тексеру керек.
Егеменді алған жиырма жылдың ішінде адал жолмен бірнеше миллиард жинау мүмкін емес қой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.12.2011 15:20
+0 / -0
Әй, үндеме ойбай!
Мелардтың жартысы қайынатаныкі емес пе. Оны қалай тексереді?
Бәрін өзіміз-ақ көріп отқан жоқпыз ба, қайдан келгенін. Жап аузыңды, үндеме!

Кімнен: Мейрамбек Изенбаев Қайдан: ОКО. Мактарал ауданы.
23.12.2011 12:38
+0 / -0
Амiршi есiрсе, -алеумет сорлайды.

Кімнен: Нурбала Қайдан: Мекен
23.12.2011 14:22
+0 / -0
Алланын көзі ашық болсын. ... бәрі болдығой, билікте, ақшада. барлықтарыңызға Имандарыңыз жолдас болсын.Қазақтар қазақилығымызды жақсы жағымыздан көрсетейік.
Пікір жарияланған бет , жиыны 4

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Boeing 777 ұшағы жолаушыларының қазасына қатысты Харьковтегі қаралы жиынға келген әйел "Путин Гаага сотына тартылсын" деген плакат ұстап тұр.

«Бұл – бүкіл әлемнің Путинмен соғысы»

Украинаның шығысында террорға қарсы операция (АТО) жүргізіп жатқан жауынгерлер ресейліктермен соғысып жатқандарын айтады. Толығырақ