Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:18

ЕРКІН СӨЗ

Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» деген мәртебе берудің астарында не бар дегенге орай үш түрлі болжам

Қазақ парламенті мақұлдаған екі заң тым қолайсыз уақытта қабылданып жатыр. Біріншіден, Ақорда ЕҚЫҰ төрағасы болып, оның саммитін Астанада өткізбек ниетте еді. Екіншіден, Қырғызстандағы оқиғаның шаңы әлі басылған жоқ.

x

Мультимедиа

Дыбыс
Мәтін көлемі - +

ЕЛЕС... БЫЛТЫРДАН БЕРІ КЕЗІП ЖҮР


Назарбаевқа ұлт көшбасшысы деген мәртебені заңдастырып беру әуелі, билікке жақын «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Серік Әбдірахманов айтпақшы, «кезекші бұлбұлдардың» бірі Дархан Қалетаевтың аузынан шыққан. Өзі ол кезде президенттік «Нұр-Отан» партиясының басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші орынбасары болатын. Одан кейін мұны «Нұр-Отанның» тағы бір жетекшісі Ерлан Қарин іліп әкетті.
Дархан Қалетаев ("Нұр Отан" партиясы төрағасының бұрынғы
орынбасары) "Айт парк" пікірі-сайыс клубында. Алматы,
3 қараша 2009 жыл.


Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеуі баласы Рахат Әлиевтің айтуынша 2007 жылы-ақ «Супер Хан» деген аса құпия жоспар қабылданған екен. Оны АҚШ-тағы бизнесмен Александр Миртчев (Мирчев) бастаған лоббистер дайындады дейді Рахат Әлиев «Өкіл қайын ата» кітабында.

Әйтеуір, былтырдан бері «ұлт көшбасшысының елесі» Ақорданың сәнді сарайларын кезіп жүрді. Қазақстан ОБСЕ төрағасы болуды армандаған 2010 жыл да жетті.

Ақорда биыл ОБСЕ саммитін Астанада өткізуге жанын салып жатыр. Биыл, әрі кеткенде 2011 жылы қиялды шындыққа айналдыруға осы да жетер еді.

Аяқ астынан көршілес жатқан Қырғызстанда тағы бір революция бұрқ ете қалды. Ақорда қожайының әріптесі Құрманбек Бакиев тақтан тайды.

Қазақстанда «ұлт көшбасшысы туралы заңды неге асығыс-үсігіс қабылдады» деген сауалды жұрттың бәрі қояды. Оған қатысты, аз дегенде, үш түрлі болжам бар.

1. РАСЫНДА ДА КЕТЕДІ

Бұған байланысты бірінші болжам жасауға президенттің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың сөзі себеп болды.

«Интерфакс-Казахстан» агенттігіне сұхбат бергенде Нұрсұлтан Назарбаев ұлт көшбасшысы туралы заң қабылданған соң президенттіктен мерзімінен бұрын, тіпті, биыл-ақ кетуі мүмкін деген ой айтқан.

Ертісбаевтың «бірақ мен ондайға үзілді-кесілді қарсымын» дегенін қаперден шығармау керек. Өйткені, менің ойымша, 15 жылдан бері аттан түспеген «бастығының» ендігі тағдырына байланысты айтқан батыл пікірінің сыры осы сөзде жатыр.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі
Ермұхамет Ертісбаев


Мәдениет және ақпарат министрінің тағынан түсіп қалған соң, ол мекеменің мемлекет қаржысын оңды-солды шашқанына байланысты қылмыстық іс қозғалып жатыр деген деген әңгімеден соң Ермұхамет Ертісбаевтың екі шоқып, бір қарайтыны әбден қисынды. Әсіресе экс-министрлер Жақсыбек Құлекеев, Нұрлан Ысқақов, Серік Бүркітбаев сияқты біраз ірі шенеуніктерге байланысты шыққан шуды ұмытқан жоқ. Олар да Ақорданың қазіргі қожайынына деген адалдықтарына ешкім күмән келтірмеген адамдар болатын.

Қазақстан билігінің бір істі бастар кезде «жұрт не айтар екен» деп, кейбір ақпаратты әдейі тарататыны бар. Бұл жолы да кеңесшінің «ерекше батылдығына» Ақорданың өзі дем беріп отырмасына кім кепіл?

Қазақ оппозициясы басшылары мен саяси сарапшылар да, бұрынғы һәм қазіргі серіктері де – Нұрсұлтан Назарбаев биліктен өз еркімен кетпейді деген пікірді қостайды. Кеңесші Ермұхамет Ертісбаев 18 наурызда ғана «Время» газеті ұйымдастырған сұхбатта былай деп мәлімдеген:

«Назарбаевтың 70-ке толғанын тойлауға не үшін тыйым салғанын білемін. Күш-қайраты да, ақылы да кемел шағында тұр. Қазақстанның таяудағы он жыл өміріне байланысты талай жоспары бар. Қуаты толған, қыруар шығармашылық жоспары бар. Неше жасқа келгенін ешкімнің еске салмағанын хош көреді».

2. НАЗАРБАЕВ СЕРІКТЕРІНЕН ҚАУІПТЕНЕДІ

Екінші болжам бойынша, президент Нұрсұлтан Назарбаев жанындағы серіктеріне сенбейді, «қырғыздағы әріптесімнің аяғын құшамын ба» деп қауіптенеді. Бұл болжамды «Новая газета – Казахстан» басылымының бас редакторы Амантай Дандығұлов Азаттық радиосына сұхбат бергенде айтты.

Оның айтуынша, Қырғызстандағы қанды оқиғалардан кейін іле-шала осы заңның қабылданғаны кездейсоқ емес.

«Бұл заңды халықтан қорғану үшін қабылдатып отырған жоқ. Жанындағылардан қауіптенеді. Оларға сенбейді, өйткені бізде бюрократияның диктатурасы, элитаның диктатурасы үстем екенін көріп-біліп отыр.

Қырғызстанда Бакиевке қарсы қылмыстық іс қозғалсын деген декретті оның бұрынғы серіктері шығарды... Серіктері оның [Бакиевтің] қанша ақша ұрлағанына дейін біледі. Сол ақшаны елге қайтарған кезде талай жан жолдан таюы мүмкін. Ондай кезде біздің элита да президенттің ақшасына көз тігуі әбден мүмкін», – дейді Амантай Дандығұлов.

Билікке жақын «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Серік Әбдірахманов: «Күні ертең-ақ Назарбаевтың айыбын ашатын – Әбділдин де емес, Алдамжаров та емес, Козлов та емес – қазір қолын сүйіп, адалмын деп ант ішіп жүргендер. Олар, тіпті, Мұхтар Әблязевтен де асып түседі» дейді.

Әбдірахмановтың ойынша, «президенттің төңірегінде шенеуніктер осы заң арқылы президенттің абыройын түсіріп, әулетінің байлығына жұрт назарын аудартпақ болып жүр».

3. «КАЗАХГЕЙТТІҢ» КЕСІРІ

Үшінші болжам атышулы «Казахгейтке», яғни бизнесмен, АҚШ азаматы әрі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Джеймс Гиффенге қарсы қозғалған қылмыстық іске байланысты.

Шетел азаматтарына, оның арасында Қазақстан басшылығына қыруар сомада пара берген Джеймс Гиффеннің ісі он жылға созылған еді. Оның да аяқталатын кезі таяп қалды.

Келесі (мүмкін, шешуші) сот отырысы Нью-Йоркте маусым айында өтуі керек. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа байланысты екі конституциялық заңның асығыс-үсігіс, мамыр айында қабылданғаны АҚШ-тағы сотқа байланысты болуы әбден мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, Нью-Йорк соты қандай шешім шығарса да, Қазақстанда "ұлт көшбасшысы" деген мәртебе алуы мүмкін, осы қылмыстық істе «Ко-2» деген құпия сөзбен аталатын адамның беделіне нұқсан келеді.

Гиффеннің адвокаттары «Джеймс Гиффен Қазақстан басшылығына, әсіресе Ко-2-ге құпия мәлімет алу үшін Орталық барлау Басқармасының тапсырмасы бойынша пара берді» деген болжамды жақтайды. «Казахгейттің» соты соған байланысты ұзаққа созылған.

Джеймс Гиффен сотталса (АҚШ прокуратурасы солай боларына сенімді), Қазақстандағы Ко-2 және одан кейінгі басшылары соңында алты нолі бар америка долларын алған парақорлар болып шыға келеді.

Қазақстан президентіне ұлт көшбасшысы мәртебесін беру туралы заң Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа барған соңғы сапарынан кейін ылдым-жылдым қабылданғанын да ұмытпайық.

Ол Вашингтонға барғанда адвокаттарымен жолығып, бар жағдайды, АҚШ-тағы соттың қандай әсері боларын мұқият ақылдасуы әбден мұмкін. Оған қоса Ақорда басшысы Нью-Йоркке екі сот отырысының арасында барып қайтты. Бірінші сот биыл ақпанда өткен, екіншісі – маусымда.

Қазақстан президентінінің АҚШ-қа төрт жыл бойы ат ізін салмағанын де ескерте кетейік. Швейцариядағы Давосқа барғаннан да сап тыйылды. Сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл оқыс мінезінің себебін «Казахгейттен» іздейді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзін ұлт көшбасшысы деп жариялайтын заңға өзі қол қоярдың алдында біраз дамылдап алғанды жөн көріпті. Президенттің баспасөз-қызметі 17 мамыр күні Қазақстан басшысының шұғыл демалысқа кеткенін мәлімдеді. Ақорданың ресми сайтында мемлекет басшысының неше күн демалатыны, қайда демалатыны айтылмаған.

(Журналист Сұлтан-Хан Аққұлыұлының бұл мақаласында білдірген жеке ой-пікірі Азаттық радиосының ұстанымына сәйкес келмеуі мүмкін.)



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Шарасыз қазақ
21.05.2010 12:43
+0 / -0
Неше түрлі ақылға сыймайтын істер жасалып жатыр. Қарапайым дені дұрыс адам қабылдай алмайтын істер...Қазақ гимніне қыстырылып, бір-жар сөз қосып өзін автор деп жариялау, қуыршақ партия болса да оның атауының алдына "нұр" сөзін қосу, қазақ хандарын далаға лақтырып тастап орнына өз ескерткішін қою... әйтеуір тізбектеліп кете береді. Ендігісі мынау... "Жіберсең құлды еркіне, күнде тышар бөркіне" депті бұрынғының шалдары. Қалай дәл тауып айтқан десеңізші.

Кімнен: Мырқымбай
21.05.2010 13:14
+0 / -0
Шындығында, мынау біздің бағымызға емес, сорымызға тап болған басшы болды. Әбділдин дұрыс айтады - мұның бойын үрей жайлап алған. Сонысынан қорыққаннан нешетүрлі ақылға сыймайтын тірліктер жасауда. Бірақ қанша жерден түлкібұлаңға салса да халық бәрін көріп-біліп отыр, қайда барар екен деп сырттай бақылап қана отыр. Басқа шарасы да жоқ, өйткені

Кімнен: айтақын Қайдан: алматы облысы
21.05.2010 13:27
+0 / -0
ханның бірі Нұрсұлтан
жанның демі Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан деп былдырлап
Өлең айтам азаннан
Пікір алмасу

Кімнен: Қайым айтыс
21.05.2010 23:24
+0 / -0
Нұрсұлтаным - ханның ханы!
Нұрсұлтаным - жанның жаны!
Нұрланып елімнің батар күні,
Нұрланып атады таңы!

Нұрсұлтаным - інжу маржан асылым,
Киелі өзі - жалғыз талы шашының.
Нұрекеңді ойға алсам,
Сел боп аққан судай тасыдым!!!

Ал, ендеше, Айтақын....

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
21.05.2010 13:43
+0 / -0
Бөгет болмаңдар! Әркім өзінің істеген ісінің зейнетін көреді...
Пікір алмасу

Кімнен: Ереке Қайдан: Жүрген жері береке
21.05.2010 23:19
+0 / -0
Ау, Тәке, бұдан кейін пікір жазбаймын дегеніңіз қайда?

Кімнен: Кендіқұл Қайдан: Алматы
21.05.2010 13:55
+0 / -0
Назарбаевтың бегзат, текті, ақсүйек емес екені әбден көрініп болды. Түп-тұқиянымен билік етіп көрмеген адамдардан ғана ХХІ ғасырда осыншама шектен шыққан, "бөркіңе күнде ....қан" кербездік ерен қызыл болып шығады. Әйтпесе, Жапондардың, кәрістердің, тіпті Қытайдың мемлекет басқару өнеріндегі дәстүрлерге, озық тәжірибелерге неге аттап бір қадам баспайды. Жаны құл. Құл тойымсыз келеді. Көкірегі қараңғы. Бір сәуле түспейді. Бұл президенттікке жабысып қалды. Одан да артында қалатын тарихи өнегесін ойламай ма? Ондай асыл текті бегзаттық бұның не теңі?

Кімнен: Мока
21.05.2010 13:57
+0 / -0
Құрметті азаттықтар. Серік Ақсұңқарұлының "ООО! Ұлық ұры төрлегіл,
Сен тұрғанда шыға алады төрге кім?!", -деп басталатын өлеңін жариялаңыздаршы. Газетке бір шықты да жоқ болды.

Кімнен: Исатай Қайдан: Қазақ Елі
21.05.2010 14:09
+0 / -0
Бұлыру-бұлдыру бәрі өтірік! Рас. Рас!!! казахгейт, Қырғыз жағдайы, кландардың потставасы...Расы сол, бұл құрсауы кеткен тақтың құруы, киенің ұруы. Тек іштегі шер болып қатып қалған бір өкініш ; шындықты шынғырып айтам деген Шынболат марқұмның тілімен - " Ұяат болды-ау достан да, дұшпаннанда!"

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
21.05.2010 14:21
+0 / -0
Ұлы Мәртебелі Масон ұйымдарының тапсырмасын мүлтіксіз орындағаны үшін Нурсултан Абишевич Назарбаевқа "Мәңгүрттер Мамлюкетінің Көшбасшысы" атағы берілсін!
Қол қойдым. Бұйрық газет бетіне шыққаннан бастап күшіне енеді. :)

Кімнен: Айгерим Амирова Қайдан: Талдыкорган
21.05.2010 14:43
+0 / -0
"Жіберсең құлды еркіне, күнде тышар бөркіне". Ата-бабамыз калай гана тауып, орнымен айткан десенши!!! Байкайсыздар ма, кезинде хандыкка қара халықтан емес, тек ақсүйек тұқымынан, хан отбасынан шыққан адамдар ғана хан, қазірше айтқанда Көшбасшысы болып сайланған. Неге деп ойлайсыздар? Менің ойымша, қанша айтқанмен хан отбасынан шыққандар мен қарапайым отбасынан шыққандықтың айырмашылығы зор. Аталарымыз кезинде бекер атадан балага хандықты тастап отырмаған ау. Хан баласы ес биле сала ел исинин ман-жайынын хабардар болады. Ал, кара баласы соны үйренип ак уакыт жогалтады ау. Интеллегент отбасынан шыққандар канша айтканмен, ерекше болып келеди. Тек өзі ғана оқығандар бәрі бір оларға жете алмайтын сияқты. Мумкин меники дурыс емес шығар. Егер солай болса, ойларыңызды билдирип жатарсыздар.

Кімнен: Алтайшы Қайдан: Астана
21.05.2010 14:50
+0 / -0
Брежнев, Мао-Зе-Дун, Ким Ир Сен секілді диктаторлардың бәрін шаң қаптырып кеткен НӘН-ге енді айтар жоқ. Ертең-ақ, күлкіге (бүгіннің өзінде) қалатын тірлікке несін айтамыз?

Кімнен: Қияқ
21.05.2010 15:41
+0 / -0
http://www.zhasalash.kz/saraptama/1832.html
Балақтағы биттердің басқа шыға бастауына кім кінәлі?

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
21.05.2010 19:50
+0 / -0
Назарбаевты кетеді, кетеді-мен ана қасындағы жандайшаптарынан басқа қазақтың барлығы күте-күте мойындары ұзарып,кетпеннің сабындай болған жоқ па??....Әлгі жандайшаптарының;- "Қазір Қазақ елінде Назарбаевтан басқа Президент болар адам жоқ" дегені күйдіріп барады....Олары бар қазақты "мәңгүртке" теңегені деп санаймын өз басым....Назарбаевқа дейін болған қазақ, онан кейін де қараң қалмас!!!!....Бірақ кім келсе де, дүниеқоңыз болмай, жүрегі қазағым деп соқса болғаны....Басқасын жау алмас!!!....

Кімнен: Қайым ақын
21.05.2010 23:33
+0 / -0
Мына суреттегі Дарқан Қалетаев:
- "Мына саусағыммен кімнің артын сүрткенімді білесіңдер ме? Содан бері саусағымды бір рет те жуған жоқпын. Анда санда аузыма салып қойғаным болмаса" - деп тұрғандай ма, қалай өзі...
Пікір алмасу

Кімнен: qazaq Қайдан: BATYS
22.05.2010 17:14
+0 / -0
ia duris aitasizdar,jogarda aitkan agalardin aitkan sozine kosilam,shininda buni kaidan shigarip jur,ondai atka laik bolu ushin xalix kamin oilaitin,adm bolu kerek,

Кімнен: Қиял Қайдан: Барсакелмес
21.05.2010 23:37
+0 / -0
Журналист Сұлтан-Хан Аққұлыұлының бұл мақаласында білдірген жеке ой-пікірі Азаттық радиосының ұстанымына сәйкес келмеуі мүмкін.
Журналист С.Аққұлыұлы сонда екінші Народеский бола бастағаны ма?
Бұндай бассыздықты қашан қоясыңдар!!!

Кімнен: Қайым ақын
21.05.2010 23:44
+0 / -0
Логиканың ең қарапайым есебі

Мына суреттегі Ертісбаев әбден шаршаған адамның кейпінде екен. Сөзі де солай болып тұр Мысалы, оның сөзбен қақпақыл ойнап тұрғанын мынадан байқауға болады:
Алдымен, - "Президент орнынан кетуі мүмкін" - деген ойды айтады.
Одан кейін: - "Мен оған қарсымын. Денсаулығы мықты, жоспары да көп" - дейді.
Соңғы пікірін айшықты етіп көрсету үшін, халықтың құлағына сіңісті ету үшін, ақыр соңында әріптестерінің алдында тағы да көрініп қалу үшін (әртіст) алғашқы постулатты ойдан шығарып тұр. Бұл - формалды логикада ежелден қолданылатын белгілі есеп, тәсіл. Ендеше, оның сондай (формалды логика) дәрежесіне түсіп кеткені - оның әбден шаршағанын білдіреді!!! (Ескерту: Менің ойым да формалды логиканың есебіне құрылған).

Кімнен: Mugalima
22.05.2010 13:31
+0 / -0
Azattyq qatelerge man berinizdershi, ozimnin mamandygym bolgan son, qatesin tuzegim kelip, qolym qyshyp tur. Azattyq EQYU deushi edi, Qazaqstandagy BAQ syaqty OBCE dep jazatyn bolgansyzdar ma?

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
22.05.2010 14:44
+0 / -0
Солайына солай ғой, барлық діндерді жинады елімізге, Қазақстанды 130 ұлт тату тәтті тұратын әлемнің бейбітшілік астанасы қып көрсетпек болды, барлық діндерге Қазақстан территориясында еркіндік беріп қойдық білгенін істей берсін деп (өйткені олай жасасақ ертең өзімізге керек болады ғой атақ алуға), ядролық қаруды жойдық (байқап қарасаңыздар осының бәрі тек атақ алу үшін сияқты), қысқасы не керек Нобельді алуға ары тырысты, бері тырысты, болмады ғой, ала алмады, ең соңғы үміті Вашингтонға барып келген соң үзілген болса керек, онда не ОБСЕ саммиті қолдау таппады, не "Қазақгейт" те біржақты емес, Нобель туралы тіпті армандай да алмай қалды...

Енді не істеу керек? "Шайтанға" да жан керек депті ғой, "Қой ең болмаса Қазақстанда өзімді бір жақты қылып алайын" деген шығар, қайтсін байғұс.

Кімнен: Жойқын
23.05.2010 23:01
+0 / -0
Елбасында ұят жоқ,
Еразаматта қуат жоқ,
Ұлтшылдарда бірлік жоқ,
Ұлтжандыларда ірілік жоқ - сондай бір мағынасыз өмір болды ғой. Мағынасыз өмір ертеңге мағынасыз тарих қана қалдырады.

Кімнен: жын
24.05.2010 13:00
+0 / -0
Қанында жоқ ақсүйектік қайдан сосын оңсын,құл жиылып бас болмас,құм жиылып тас болмас деген дәл осындай пақырларға арналған,ұлт лидері ме, әлде ұрылар лидері ме,оны уақыты келгенде заңға солай өзгеріс енгізілуіне дауыс беремін

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иран.горган
24.05.2010 20:11
+0 / -0
Ең алдымен" ұлт көшбасшысы " тіркесіндегі екі сөздің ұғымы мәлім болуы керек . Қазақстанда ұлттың аты затына сай ма , әлде аталса да жоғалған немесе болмаған дүние ме екен ? Ұлт деген ұғым қалалы болу үшін талай бәлені басынан өткерген , рулары бас қосқан халықтарда ғана көрініс таба алса керек . Қазақ болса ен далада бұрыңғы хағанаттардан өкпелеп енші ала басын алып қашқан ұлыстардан қырық құрау болып құралған көрінеді . Тарқау базары шабуылға ұшыраған кезде , азды - кем , ұйымдаса қойып әрең дегенде жан сақтап жүріпті ау . Олардың бетке ұстарлары елді тастап отанда ұлтан болғанша бөтенде сұлтан бола қалып артына қарамаған сияқты . Сол жат жұрттықтарға мұтына мақтанып жүрген Қазақ қаншама . Сонымен Қазақ ұлт деңгейіне жетті не ондай жетістігін сақтай алды деп айту қиындау секілді . Қазіргі Қазақстан кеңес одағы бүлінген соң қалған бүлдіргі болмасын . НӘН мен жандайшаптары иесіз қалған елге , әлдекімдермен келісе билік жүргізіп жүрген десек онша қателеспеген шығармыз . Өйтпесе бір ұлтқа керек құрылымдар неге жоқтың қасы ? Партиалар , үкіметтік емес ұйымдар қане ? Өнеркәсіпті қалалы орта тап неге болмайды . Ал ілгері кеткісі бар кім бар мұнда ? Бастық қай жаққа алып бармақ өзіне ілескендерді ? НӘН қай идеологияның көсемі ? Жүзден аса ұлыстар мекендеген елді бұл жарықтық қалай жарылқап келе жатыр ? Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Қазақстанда ұлт құралғаны кәдік бола тұра оған көшбасшымын деп еліру бәдіктердің сандырағы .
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі