Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:18

БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Араб басшылары тақтан тайып жатқанда Назарбаев өкілетін ұзартты

Washington Post басылымы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің өзге автократтарындай емес, билікте мығым отыруының себептеріне үңіледі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев инаугурациясы кезінде. Астана, 8 сәуір 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қазақстан халқы мұсылман әлемін бір сілкінтіп өткен толқулар өздеріне жетпей тұрып, 20 жыл бойы билікте отырған басшысына тағы бір бес жыл мерзім қосып берді. Қаңтар айында тунистіктер 23 жыл ел тізгінін ұстаған президентін орнынан тайдырған тұста қазақстандықтар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігін 2020 жылға дейін ұзартуды қарастырып жатты деп жазады Washington Post сәуірдің 14-і күнгі санында.

«БАТЫС АЛДЫМЕН ҚАЗАҚСТАНМЕН САНАСУЫ КЕРЕК»

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев: «Меніңше, қазіргі президент Қазақстанды тағы он жыл басқарады. Бұл Батысқа ұнамаса, бұған көндігулеріне тура келеді» деген еді.

Батыс Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуын сынға алып, халықаралық бақылаушылар сайлау додасынан кінәрат тапты. Бірақ өткен аптада АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам құқықтары мәселесін қорытқан жылдық есебі ұзын-сонар мәселелерді тізе келе, Қазақстандағы жағдайды тұрақты деп бағалапты. Washington Post мұның себебін АҚШ мұнай компанияларының Қазақстанға миллиардтаған доллар инвестиция салуынан іздейді. Сондай-ақ Қазақстанға сұғына еніп келе жатқан Ресей мен Қытайдың ықпалының артуын қаламайтын АҚШ үкіметінің Астанамен достық пейілде қарым-қатынас жасау ұмтылысы да Батысты Қазақстанның кемшіліктеріне көз жұма қарауға көндіріп отыр дейді басылым.

«Нұрсұлтан Назарбаев биліктен өле-өлгенше кетпейді» дейді тіркелмеген жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана филиалының жетекшісі Серікбай Әлібаев.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды Совет одағы кезінен бері басқарып келеді. Президент үстемдігінің шексіз болғандығынан елде ешқандай саяси бәсеке қалыптаса алмады, бірақ саяси ептілігі арқылы бүкіл халықты өзіне қарата алды» деп жазады басылым.

Ал басылым президентті сайлауда түгелдей өзі тағайындаған әкім-қаралар жеңіске жеткізгенін жазыпты. Елдің оңтүстік-батысындағы шағын, артта қалған Арал қаласының әкімі Нәжмадин Мұсабаев: «Мұнда сайлаушылардың 99 пайызы президентті қолдап дауыс берді. Президент бізге келіп кетті, халық оның өздерінің қамын ойлайтынын біледі» деді аса қуанышты түрде.

Сыбайлас жемқорлық деңгейі өте жоғары болғанмен, мұнай мен газдың қоры Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімін 1994 жылғы 700 АҚШ долларынан 9000 АҚШ долларына дейін арттыруына мүмкіндік берді. Бұған қоса «Форбс» журналындағы әлемнің ең бай адамдарының тізіміне президенттің қызы мен күйеу баласы ілінген.

ШЕКСІЗ БАҚЫЛАУ ӨЗГЕШЕ ОЙЛАУҒА МҰРСАТ БЕРМЕЙДІ

Ал Санкт-Петербургтегі Демократия және адам құқықтары орталығының директоры, саясаттанушы Григорий Голосов режимге еш қауіп төніп тұрмағанын айтады. Ол: «Қазақстанда барлығы – бақылауда. Бақылаудың күштілігі сондай, тіпті жұрттың көбі Назарбаевқа балама адам жайында да ойлай алмайды» дейді.

Сайлауға дейін Назарбаевтың бар екендігі қала көшелері мен елді-мекендерден көріне бастады. «Біз елбасыға дауыс береміз» деген жазулармен көмкеріліп, көкжиектен көтеріліп келе жатқан Назарбаевтың суреті бейнеленген жарнамалары ілінді. Мәскеулік саясаттанушы Алексей Власов жарнамаға байланысты: «Бұл – бүкіл әлемнің проблемасын шешетін адамның бейнесі. Сол себепті халық Назарбаевты қолдайды» деген ой айтады.

Постсоветтік елдерді зерттейтін ақпараттық-талдау орталығының директоры Алексей Власов Нұрсұлтан Назарбаевты мықты, прагматик және тактикалық саясаткер деп санайды. «Назарбаев шешім қабылдайтын кезді біледі, әрі ол қазақтардың тұрақтылықты қалайтынын пайдаланып кетті» деп тұжырымдайды саясаттанушы.

Қазақстан халқы араб елдерін шарпыған төңкерістерге қызғана қарағаннан гөрі көрші мемлекеттер бастан өткерген күйзелістерден айналып өткендігіне рахмет айтуға бейім. Мәселен, Тәжікстан шығыны зор азамат соғысына ұрынса, Қазақстандағыдан анағұрлым қатал Өзбекстанда халық азаматтық тәртіпсіздіктерден зардап шекті.

БАТЫСТЫҢ БАСЫН АУЫРТАТЫНЫ – ӨЗГЕ СЕБЕП

Алексей Власов: «Ресей, Қытай және АҚШ Қазақстанда тұрақтылықтың болуына мүдделі. Сол себепті өткен 10-15 жыл бойы бұл мемлекеттер Назарбаевқа еш қарсы шықпады. Әрі олар елде сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігі шектеліп, оппозицияға қысым көрсетіліп отырса да, Нұрсұлтан Назарбаевты әрдайым заңды президент ретінде танып келеді» дейді. Бұл саяси ойыннан шеттетіліп қалған оппозицияның салын суға кетіріп отыр дегенді айтады басылым.

Тіркелмеген жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана филиалының жетекшісі Серікбай Әлібаев: «Қазақстан еркін және әділ сайлау өткізуге үнемі уәде беріп келеді, бірақ ол орындалмайды. АҚШ және Еуропа неге бұндай уәдеге илана береді? Сірә, Қазақстанның байлығы оларды өздері ұнатпайтын жағдайға көз жұма қарауға итермелейтін секілді» дейді.

Басылым Нұрсұлтан Назарбаев пен «Нұр Отан» партиясының конституцияға өз мақсаттарында еш қиындықсыз өзгерту енгізе алатынын да жазған.

Серікбай Әлібаев: «Конституция жеті рет өзгертілді. Соңғы рет ақпанның 2-сінде конституцияны санаулы минутта ғана өзгертіп, сайлау өткізуге ілік тапты» дейді. Ал өткен жылы жасалған түзету Назарбаев пен оның отбасына өмірлік қол сұғылмаушылық және жауапқа тартылмайтын артықшылықтар беріп, зейнетке шыққаннан кейін де билікке араласу құқын берді.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ РЕСЕЙЛІК КӨШІРМЕСІ

Саясаттанушы Григорий Голосов Қазақстан Ресейдің сайлау авторитаризмі деп аталатын жүйесін қабылдап алғанын айтады.

Голосовтың айтуынша, демократияның бейнесі сайлауларда көрініп қалады, бірақ билік партиялардың ұйымдасып, үміткерлердің сайлауға түсу шарттарын қиындатып жібереді. Мысалға, партиялар парламентке өту үшін сайлаушылардың кем дегенде 7 пайыз дауысын алуы тиіс болғандықтан, әрбір орынға «Нұр Отан» партиясы ие болады. Сөйтіп Батыстық жетекшілер мен инвесторларға демократияның алдамшы белгілері ғана көрсетіледі дейді саясаттанушы Григорий Голосов.

Нұрсұлтан Назарбаев әлсіретіп тастаған оппозицияны жақтырмайтын саяси кеңесші Ермұхамет Ертісбаев оппозиция мүшелерінің үнемі министрліктен болмаса елшіліктен қызмет сұрап жүргенін айтады. «Саясат дегеніміз – билік үшін күрес. Грузияда олар халықты алаңға алып шығып, биліктің алқымынан алды. Ал мұндағылар рақым сұрайды» дейді кеңесші.

Бірақ Назарбаев айналасындағы саяси күштерді тепе-теңдікте ұстап, мығым отыр. «Осы жиырма жыл ішінде олардың (оппозициядағылардың) кейбірі Назарбаевты саяси диалогтың модераторы ретінде таныды, ал мұны мойындамайтындар қазір Лондонда жүр» дейді саясаттанушы Голосов.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: galimbek Қайдан: urumqi
19.04.2011 23:59
+0 / -0
kazakctan da dektatir nursoltan nazarbayev el basqara beruin basqa kurshi memeleketter aryne qalayt olarqa nursoltan nazarbayev syaqty aqimaq quirshaq el basqarushi kerek qazaq uilti ushin qizimet jasaytin bas shini olar qalamaydi uyt keni kazakctan da orasan zor tutli tusti metal qazba bayliqtar jetterlik muinay uiran dar bar t.b artuirli bayliqtar dunye boyinsha mol qazaq qalqi kedey ar azamat jastari uilkenderi bolsin uizininh adamiy uiqigin duris qorgay almaydi bonday aqimaq beyshara uilitti sayasat ekonomykaliq jaqta basqa uilittar bayligin talan tarajilap oyina kelgenderin istegisi kelet olarga nazarbayev uizaq otirsa amal bar basqa memeleketterge orasan zor payda keltiret amal ne qazaq uiltininh beysharaligi .

Кімнен: AL-ASTER Қайдан: Kazakhstan
20.04.2011 00:24
+0 / -0
Сонда не, Қазақстан Батыстықтардың айтуымен жүруі керек пе? Мүмкін бас пен жақты айыратын "Батыстықтар" шығар? Бір елдің егемендігіне бір елдің араласуы ешқашан жақсылық әкелмес. Жақсы болып көрінемін деп, іштерінде ит өліп жатпасына кім кепіл? Қай заманда қашан Қазақ халқын Еуропалықтар ұлықтап еді? Жоқ, әркімнің өз жолы бар. Әркім өз ісінен өзі сабақ алуы тиіс, тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас.
Мейлі өз билігіңізді жақтаңыз, мейлі сырт көздің "сынын" жақтаңыз, ертең өткен тарихқа щолу жасай отырып, қате жасағаныңыз анық болады. Себебі, екі жақтың да өз жақсы және жаман жақтары бар.
Менің ойымша, бұл өмір жалған деп бекер айтпаған. Жалғанның аты жалған. Нақты бір қағидамен өмір сүремін деп, ол жолыңыз қате болып шығуы әбден мүмкін. Қарапайым адами қағиданы сақтай алсақ, бұның өзі жетістік.
Пікір алмасу

Кімнен: ЖОйқын
20.04.2011 01:21
+0 / -0
онда биліктің орыстардың зорлығымен, қытайдың ымымен жүргені дұрыс екен де? Еуропалықтар ешқашанда қазаққа тиісіп көрген жоқ! Қазаққа тиіссе қытай мен орыс тиісті! ЕНдеше қазіргі қытай мен орысты жағаттап жүрген биліктің арсыздығын қалай түсінуге болады?
Арабтар быт-шыт! соғысқұмар, оларды жағаттау қиын, сосын секталар аралық соғыс ушығады. Таза қазақы ислам күйрейді.
Еуропалық құндылықтар көп елдерді дамытты, ғылым, өнер, мәдениет соларда, ал біз олардың құлы болуға да жарамаймыз (АБай айтпақшы). Олардан үйренген жапон да, кәріс де, қытай да дамыды. Ал біз ші? Абай ғылым өнер кімде болса содан үйрен жамандығынан қашық бол деді емес пе. ЕНдеше неге үйренбеске. Бірақ біз олардың этикалық жағын қабылдамаймыз. біздің ұлттық түпнегізіміз бар. Соны негіз еткен күйде еуропалық өндіріс, тұрмыс, шығармашылық, экономика, ғылым, техника қалыптастырамыз: сосын олардың демократиясы дұрыс! Қазақта да дала демократиясы болған, еуропалықтардың демократиялық ел басқаруын ұлттық негізге жақын қалптастырсақ қоғам әділ болады, ұлт дамиды. АЛАСТАР деген балақайдың әлі бір он жылдық өмір тәжірибесі мен ойланып-толғануы жетіспейді. Үгітттерге алданып, өзі ми істетпейме қалай? Жоқ әлде бұл да биліктің соқыр бұралқысы ма?
Пікір алмасу

Кімнен: AL-ASTER Қайдан: Kazakhstan
21.04.2011 23:32
+0 / -0
Жеке басыма тиісіп, тәкәппарланбай-ақ қойыңыз. Шындап келгенде, Көлденең сөз - артыма, бұралқы сөз - бұтыма. Құдды бір орыс пен қытайға ұрысқандай ұрысып жатқаныңызға жол болсын. Орыс пен қытайдың ежелден жау елдер екенін өзіңіз ғана біліп, біз білмейді деп па едіңіз? Кім қазір Боратты сүйіп көретін? Кімдер қазір көшпенді халық мәдениетін менсінбей, Еуропалық цивилизацияны адамзаттың жетістігі деп көкіректенетінін? Еуропада, ғылыми-техникалық жетістіктер алдымен қыру-жою, жаулау мақсатында жасалып, содан кейін халық игілігіне қолданыла бастайды. Әлбетте, бұндай "жетістіктер" қазір глобалдық апаттарға әкеліп соғып жатыр! Мен бұл жетістіктерді теріске шығармаймын, тиынның екі жағы бар. Шахановша айтқанда, Еуропа арнасына қосыламыз деп, канализациясынан бірақ шықпасақ болды да. Мен билікті мінеп боқтай боқтай, пессимисттік көзқараспен "миды" тоңқайтқанша, өз пікірімді білдіруге құқылымын. Өз елімнің жаман болғанын қаламаймын. Қате айтсам, қате жерімді түзетіп қойыңыз, балағаттағаннан гөрі, соныңыз дұрысырақ.

Кімнен: AL-ASTER Қайдан: Kazakhstan
20.04.2011 00:25
+0 / -0
Где нас нет, там лучше. :-)

Кімнен: Нұржайлау Қайдан: Қаскелең
20.04.2011 00:42
+0 / -0
Мынаны қалай түсінуге болады№ Миым жетпей қойды...
Япония займет Казахстану более 6 млн йен

13 апреля, 2011 PROfinance.kz

Рубрика Экономика и бизнес
Японское Агентство международного сотрудничества готово предоставить Казахстану заем в сумме 6 361 млн. йен.
фото с сайта analytics.zerich.ru


Срок погашения займа - 25 лет, включая 7-летний льготный период. Выплата вознаграждения предусматривается раз в полгода по фиксированной ставке 1,7 % годовых. Комиссия за обязательство составляет 0,1% годовых.

Привлечение займа планируется для реализации Проекта по реконструкции и развитию сети автодорог и реконструкции комплексов дорожной эксплуатационной службы. Софинансирование правительства РК не превысит $40 млн. Средства республиканского бюджета будут направлены на софинансирование строительных работ, а также оплату налогов.

По словам депутат Мажилиса Амзибека Жолшибекова, обслуживание и погашение привлекаемого займа будет осуществляться за счет средств республиканского бюджета в соответствии с финансовыми условиями, установленными соответствующим Соглашением.

В рамках Соглашения предусматривается реконструкция участка коридора, проходящего по территории Жамбылской области в рамках участка дороги Тараз - Кордай протяженностью 20 км с переводом в 1-ую техническую категорию.

Соглашение в форме обмена нотами между правительством Республики Казахстан и правительством Японии о привлечении займа для осуществления проекта реконструкции транспортного коридора подписано 10 августа 2010 года в Астане. Заем будет доступен для использования в соответствии с соглашением о займе, подписанным между правительством Республики Казахстан и Японским агентством международного сотрудничества.