Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:20

ҚАЗАҚСТАН

Ғалымдар Назарбаевқа «Ғасыр ғұламасы» деген атақ берді

Желтоқсанның 1-і күні Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда отандық ғалымдармен кездесті. Назарбаевқа «Ғасыр ғұламасы» деген атақ беруді жария еткен Қазақстан ғалымдары жиында мадақ айтудан жарысқа түсті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ғылым ордасындағы" кездесуде сөйлеп тұр. Алматы, 1 желтоқсан 2011 ж.
Мәтін көлемі - +
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейсенбі күні Алматыда отандық ғалымдармен кездесуі совет заманындағы жиындарды қайта тірілткендей болды. осы кездесуде Қазақстан ғалымдары Назарбаевқа «Ғасыр ғұламасы» деген атақ берді. Мінберге шығып сөйлеген академиктер күллі ғалымдар атынан президентке бірнеше рет алғыс айтты.

«Қазақстан президентімен кездесу» дайындығын бірнеше күннен бері қайта-қайта пысықтаған ғылыми институттар өкілдері мен осы кездесуге қатысу үшін сұрыпталған, яғни «президентке артық-ауыз сөз айтып қоймайтын» ғалымдардан жинақталған жиылыс президент Назарбаевқа қарата айтылған мадақтаулармен басталып, сол сарында аяқталды.

«ҒАСЫР ҒҰЛАМАСЫ»

Жиналысты жүргізген Қазақстан білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ең әуелі президент Нұрсұлтан Назарбаевты «Қазақстан ғылым қауымдастығының» ең жоғары атағымен марапаттап алғанды жөн көрді.

Министрдің айуына қарағанда, президентке мұндай атақ беру жөніндегі шешім осы жиылыстан небәрі бір күн бұрын ірі ғылыми бірлестіктер басшылығы мен Қазақстан ұлттық ғылым академиясының төралқасының съезінде қабылданған.

- Әлемдік ғылымды дамытуға қосқан орасан зор үлесі үшін және мемлекеттік даму стратегиясының ғылыми негізін қалап, жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының президенті, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Ғасыр ғұламасы» ең жоғары атағы берілсін, - деп салтанатты түрде оқып шықты Бақытжан Жұмағұлов.

Қазақстан білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов



Ең жоғары атақ белгісі мен куәлігін табыс ету мәртебесіне академик Мұрат Жұрынов ие болды.

Осы марапатты алып тұрып Назарбаев былай деді:

- Баршаларыңызға рақмет. Мен нақты ғылыми ешқандай жаңалық ашқанмын жоқ. Бірақ біз тарихта болмаған жаңа мемлекетті құру барысында әрбір қадамымыз, әрбір жолымыз, әрбір шешіміміз жаңалық деп санасақ, қабыл алуға болады. Маған сіздердің атыңыздан көрсетілген өте зор құрмет деп айтамын. Сыйлықтар менде біраз бар, дүние жүзінің бәрінен алған. Соның ішінде мен үшін ең мәртебелі марапат осы деп санаймын. Рақмет.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев



Ғалымдардың ду қол шапалағынан кейін қайыра сөз алған Бақытжан Жұмағұлов Назарбаевты тағы да құттықтап,  ғылым саласындағы жұмыстарды қысқаша баяндап шықты.

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Құрметті әріптестер! Мемлекетіміздің 20 жыл ішінде өркендеп дамуы оның негізін қалаушы Қазақстан Республикасының президенті, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өткен Қазақстан әлем таныған мемлекетке айналды. Ғылым саласы да мемлекетпен бірге қарыштап дамып келеді. Отан үшін аянбай еңбек етуге міндетімізді береміз. Біз елбасына сенеміз, - деп ғалымдар атынан президентке алғыс айтты.

Министр өз баяндамасында «Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасы бойынша жоғары ғылыми техникалық комиссия Қазақстан ғылымының жаңа басымдықтарын бекіткенін, оның бірі «өмір туралы ғылым» екенін атап өтті.

«ЕРТЕГІНІҢ  БАТЫРЫНДАЙ ЕЛБАСЫ»

Министрден кейін сөз алған «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбаевтың президентке қарата айтылған сөзіне де тыңдаушылары қайта-қайта қол шапалақтап қолпаштап отырды.

- Аса құрметті, жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің жүрген жүрісіңіз, келген келісіңіз нұрлы жақсылық жолында екеніне халқымыздың көзі әбден жеткен. Осы айтулы жиырма жыл ішінде сіз туған халқыңызбен бірге небір ғаламат ауыр күндерді де, күреске толы қиын жылдарды да, еселенген еңбектің шаттығын сезінген ғажайып сәттерді де бастан кешіріп келесіз. Ауырлыққа беліңіз қайысқан жоқ. Алапат қуанышқа кеудеңіз ісініп тасынған жоқ. Бәрін ақыл сарабынан өтікізіп, саналы салмақтылықпен ой түйіп, елімізді сәулелі болашаққа баяғы ертегенің батырларындай адастырмай алып келе жатырсыз.

Ғалымдар сіздің бір басыңыздағы ауыр жүктің салмағын жай ғана емес, ғылыми негіздей отырып сезініп, жоспар-жобаларыңызға, әлемді таңғалдырып келе жатқан кемел шешімдеріңізге тәнті. Әлем ғұламасындай болмысыңызға масаттанады. ...Сіздің ұстанымдарыңыздан қуат аламыз, - деді Өмірзақ Айтбаев.

«Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбаев


Академик мұнымен тоқтамай, «күллі ғалымдар атынан ризашылығын» білдіріп, өз айтуынша, 1991 жылы өзі шығарған Назарбаевқа арнау өлеңін мәнерлеп оқып берді.

Жиында сөйлеген академик Нағима Айтқожина Назарбаев университетінің құрамына кірген ұлттық медициналық холдинг "қазірдің өзінде-ақ идеяны өмірде жүзеге асырудың үлгісін көрсетіп, Ресей мен Орталық Азияда бұрын-соңды болмаған операциялар жасағанын" айтты. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология магистрі Анна Данченко қазақша сөйледі.

- Туған жерім, кең байтағым бесігім,
Қайда жүрсем мақтан етем есімін,
Қасиетті кіндік кескен мен үшін,
Қазақстан Елбасымен бұл - қос ұғым! - деген ол өзге ұлт өкілдерінің атынан алғыс білдіріп, сөзін «ел болашағы, жас ғалымдар қашан да елбасымен бірге» деп аяқтады.

Сондай-ақ Ирландияның Дублин университетінде докторантурада оқып жатқан «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Азат Абдуллаев та президентке деген разылығын жалынды сөзімен білдіріп өтті.

«АКАДЕМИЯ - ҒЫЛЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫНА САЙ ЕМЕС»

Жиылыста сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылым жолында жеткен жетістіктерін тізіп өтті. Өз сөзінде ол ұлттық ғылым академиясының бұрынғы мәртебесі қайтарылса деген ұсыныстардың әлі де айтылып жүргеніне тоқталды.    

- Марқұм Салық Зиманов: «Барлығын тындырып жүрсің ғой, енді академияны да қалпына келтірсең дұрыс болар еді» деген еді бір кездескенімізде. Бірақ ол академия соны аңсаған академиктерге жақсы болатын шығар, бірақ ғылымның болашағына сай келмейді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жиын соңында Қазақстан президентінің бір топ ғалымға мемлекеттік наградалар беру туралы жарлығы оқылып, солардың ішінде үшеуіне - Мұрат Жұрынов, Нағима Айтқожина және Иван Пакқа орденді Назарбаев сол жерде өз қолымен тапсырды. Ал қалған ғалымдарға наградалар кейін табыс етілетіні хабарланды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.12.2011 14:02
+0 / -0
жағымпаздар не деп берсе сол деп берсін, ертеңгі тарихта кім болып қалатыны тым кешікпей белгілі болады ғой.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
02.12.2011 14:42
+0 / -0
Ұрышәйтанның алмаған атағы, жетпеген дәреже-мансабы қалмады! Енді кешегі ФЗУ-шникке "Ғасырлар ғұламасы" деген атақ берген соң, оған Марсқа қонған қазақтың бірінші ғаламдық ғарышкері деген атақ бере салмай ма?.. Кім қарсы?! Қарсылар жоқ, бірауыздан дауыс берілді. Бітті! Кеттік!

Кімнен: Алматы
02.12.2011 14:52
+0 / -0
Мыналарың еріккеннің ұят қылығын жасап отырған жағымпаздар болды ғой! Қай ғылымның дамуына үлес қосыпты бұл нан?! Ертең не дер екен сорлылар!
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
02.12.2011 15:32
+0 / -0
Ертең бірінші болып Назарбаевты жерден алып,жерге салып жамандайтындар да осылар болады. Ал біздер ,сірә,үндемейміз ғой,әліптің артын бағып. Митингіге бармайтынымыз сияқты.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
02.12.2011 15:07
+0 / -0
Қой болмады ғой, алдында жіберген пікірім қаттылау шықса керек, модератор мырза жібермей қойыпты. Олай болса сәл жұмсартып айтайын:
Жарандар! Бұл не деген масқара, қаймана қазақты қашанғы мазақ қыла бермекші мынау тексіз билік?! Бар бітірген білімі (очно дегенім ғой) ФЗУ - дың деңгейінен аспаған адамға "Ғасыр ғұламасы" деген атақ қай жеріне тағып шығуға керек болып қалды екен?

Мен дым деместен келісер едім, егер халық өзі қалап оған "Ғасыр ұрысы" деген атақ беріп жатса. Мен тіпті екі қол екі аяғымды көтеріп дауыс берген болар едім-ау...

Кімнен: Полымбет Ақсайұлы Қайдан: Ақтаудан
02.12.2011 15:13
+0 / -0
Телевизордан "елбасының еңбегі дұрыс бағаланбай келеді" - деп соқты ғой, шіркіндер.
Бұл жағымпаздық деген, ар ұяттан биік болған заман болды ғой. Қазір 20 жылда толағай табыстарға жеттік деп бөсіп жүрміз ғой. Қандай жетістік екенін адам білмейді. Жақында Азербайжан мен Өзбекстанға барған досым ол жақтың әл-ауқаты жақсы көрінеді. Ал, өзбек қаңғырып жүр дейміз... Олар өз еліне бізден қаржы құйып отыр. Революция керек ағайын, жағымпаздық пен жемқорлыққа қашнғы төземіз!!!!

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
02.12.2011 15:31
+0 / -0
жағымпаздарға сөз жоқ. не істесек елбасына жағамыз деп қу дүниенің құлы боп жүрген адамдар. Бірақ НӘНге не жетпейді? Мыналарыңды тоқтатыңдар деп басып тастамай ма? Елдің бәріне мазақ боп жатыр енді...
жас бала емес, оң солын танымайтын.

ертең НӘНді спорт министрлігі "Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері", немесе діни басқарма НӘНға "шейхул ислам" деген атақ берсе таң қалмаңыздар

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
02.12.2011 16:15
+0 / -0
"УХ"... Құдайым-ай!!. "Азаттықтар-ау", өңшең артжалағыштардың айтқан әңгімелерінен басқа жазарларың қалмағаны ма? Қойсаңдаршы енді, бәлниске түсерміз...

Кімнен: kazak Қайдан: china
02.12.2011 17:06
+0 / -0
Haser Hulamase , otan kaharmane, ekonomyka mamane, uzen humur maytalmane, boks sholpane, sausahenan oner tamhan kuyshi, el uranen jaz'han aygili aken, temir kortu mamane, gorbashevting dose, akordadahe uzdik kezemetker, halekteng meyirimdi anase, otanneng atase, allaneng elshisi, kelexek payhambaremez dege atak bere beringder .
bizden barhandar kaytep kelip jater.

Кімнен: Нысанбай Қайдан: Алматы
02.12.2011 17:10
+0 / -0
- О, кемеңгер қасиеттім, ұлылардың ұлысы,
Даңқымыздың көшбасшысы, құдыреті, тынысы,
Сізсіз күллі бұл Әлемнің бітпек емес бір ісі,
Сізден асқан данышпан жоқ,
Егер біреу бар десе,
Оның өзі - Сіздегі ұлы парасаттың інісі.
Тіпте әлемде Сізбен қатар қоя алмаймыз ешкімді!
- Дұрыс!
- Шын сөз!
- НӘН жасасын! - деген қоштау естілді.

Кімнен: 007 Қайдан: astana
02.12.2011 17:15
+0 / -0
“Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген. “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев, Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б. Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011

Кімнен: Алаш ұлы Қайдан: Талдықорған
02.12.2011 17:27
+0 / -0
"Елу жылда ел жаңа, ..." - деген, барлығына уақыт төреші, тарих таразы ...

Кімнен: Қазақ
02.12.2011 17:29
+0 / -0
НӘН кеткен соң осы жағымпаздар не деп сайрайды екен. Ал әзірше жалай тұрсын, ертең НӘН орнына келгендікін жалайды.

Кімнен: Шымкентбай Қайдан: Шымкент
02.12.2011 17:42
+0 / -0
Сапармурат Ниязовты еске тусіретін сиякты Қысқасы бірінші қадам басылды тағы 5 жыл шыдармыз одан соң Ливиядағы жағдай бізде де болады. Барлық байлыкты бөлісті енді атқа таласу басталды бұның соңы жақсы болмайды. Бекерге қара халықты сорлатады ғой

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.12.2011 17:59
+0 / -0
Тагы да тарихта болмаган мемлекет деди-ау

Кімнен: Нұреке Қайдан: Алматы
02.12.2011 18:20
+0 / -0
Тәәк! Дәуір данышпаны кім болар екен енді?

Кімнен: zheltocsan
02.12.2011 19:32
+0 / -0
жағымпазданудан марафон осылай жалғаса берсе бұлардың Назарбаевты бір күні Құдай деп жариялауына таң қалмас едік.

Кімнен: Aqorda Explorer Қайдан: Барзақстан, Күстана
02.12.2011 20:21
+0 / -0
Алда әттеген-ай, алдымды орап кеткен екен! Атыраудың халқының өкпесінде жиналған күкірттен түзілген минералға "нұрсұлтанит" деп ат беріп, шекпен кием бе деп едім.

Кімнен: Жорғатай Жолдасбекаф
02.12.2011 21:19
+0 / -0
Тууу, сендерге не болған, шошқа баққандар да алып жатқан атақты қызғанып?

Кімнен: Aqorda Explorer Қайдан: Барзақстан, Күстана
02.12.2011 22:06
+0 / -0
Еее, бұл жағымпаздар негізі қауіптің көкесі алда келе жатқанын түсінбей жүр. Бір күні тайпабасы өз пайғамбарлығына әбден сеніп, "маған иман келтіргенің рас болса, құрбандыққа ұлыңды шалып, дәлелде!" деуі мүмкін. Қызықтың көкесі сонда болады.
Бірақ бұл арсыздар оны да жасар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.12.2011 22:22
+0 / -0
Әй, келесі президенттен ұялмайсыңдар ма? Ол отырған шығар іші күйіп, маған атақ қалмады -деп.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі