Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:23

САЯСАТ

Қазақ тілі туралы заңның 20 жылдығына арналған онлайн-конференция сұрақтарының толық жауаптары

Құрметті оқырмандар! Президенттік қордың директоры Берік Әбдіғалиев сіздердің сауалдарыңыздың біршамасына Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында жауап берген еді. Берік мырза уәде етілгендей онлайн-коференция барысында үлгермеген сауалдардың жауаптарын Азаттық радиосына жазбаша түрде жолдады. Төменде сұрақтардың барлығын толық жауаптарымен жариялап отырмыз.

Онлайн-конференцияның қонағы мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі Президенттік қордың директоры Берік Әбдіғалиев Азаттық радиосының Алматы бюросында сұрақтарыңызға жауап берді. 7 қыркүйек, 2009 жыл.
x
Онлайн-конференцияның қонағы мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі Президенттік қордың директоры Берік Әбдіғалиев Азаттық радиосының Алматы бюросында сұрақтарыңызға жауап берді. 7 қыркүйек, 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

1989 жылдың 22 қыркүйегінде «Қазақ ССР-індегі тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Бірақ қазақ тілі тіпті Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де толыққанды мемлекеттік дәрежеге жеткен жоқ. Қазақстан Үкіметі совет заманында-ақ қабылданған осы заңның көптеген ұстанымдарын жүзеге асыра алмады. Оған не себеп?

Сіздердің қазақ тілінің тағдырына, Қазақстан үкіметінің тілдік саясатына қатысты сұрақтарыңызға осы саладағы беделді деген мемлекеттік менеджерлердің бірі, Азаттық радиосындағы Онлайн – конференцияның қонағы – мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі Президенттік қордың директоры - Берік Әбдіғалиев жауап берді.

Біз Берік Әбдіғалиев мырзаға да, сауалдарын жолдаған оқырмандардың баршасына да алғыс айтамыз. 

Берік Әбдіғалиевке қойылған сауалдар да, олардың жауаптары да осы хабарландырудың Форумында толық жарияланып отыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 8
    Келесі 
Кімнен: Антивирус Қайдан: Қазақ Елі
03.09.2009 08:47
+0 / -0
ҚАЗАҚСТАН ОРЫС ТІЛІН «РЕСМИ» СТАТУСЫНАН АЙЫРА АЛА МА?

Сонымен Қазақстан билігі алдағы 22 қыркүйекте қандай тосын сый ұсынуы мүмкін. Қазақстан Конституциясының 7-бабындағы «орыс тіліне ресми статус» берген сөйлемді түбірімен жоя ала ма? Әрине, қазақ тілін өрге бастырмай тұрғанда, өзгетілділердің оны үйренугіне қажеттілік пен мәжбүрлік тудырмай тұрғанда осы – Конституциямен бекітілген орыс тілінің ресми статусы. Бірде-бір саяси қайраткер де, қоғамдық күштер де бұл бап төңіргенде әңгіме өрбітіп көрген емес. Шын мәнісінде, осы бапқа қолқа салсақ, Ресей бізге қандай экономикалық санкция жариялауы мүмкін. Ресеймен тым қоян-қолтық отырған Қазақстан оның шамына тиетін қадамдар жасауға әзірге дайын емес шығар.

Бұл жөнінде сіз не ойлайсыз, құрметті Берік мырза?

Кімнен: Берік Әбдіғалиев
03.09.2009 08:47
+0 / -0
Жақын арада Конституцияға орыс тілінің ресми статусына байланысты өзгеріс енгізіледі деп ойламаймын, өкінішке қарай. Бұл мәселе тек қана Ресейге байланысты емес, біріншіден бұл өзіміздің қазақтың қанына сіңген сақтық, жалтақ сезім бар - орысқа, орыс тіліне деген. Әлі күнге дейін көбісі орыс тілін қожайынның тілі секілді қабылдайды, осындай құлдық сана бар біздің қоғамда. Тағы бір себебі, қазақ тілінің дамуы мен таралуына байланысты - егер үкіметті де, парламентті де толықтай қазақ тіліне ауыстырса, қазақ тілінде сөйлейтіндердің саны көбейген сайын қазақ тілінің статусы артады. Сондықтан көп нәрсе өзімізге, қазақтарға байланысты. Егер өзіміз қазақ тілінде сөйлеп, басқаларды да сөйлете алсақ, онда Ресей бізге ықпал жасай алмайды.

Кімнен: Антивирус Қайдан: Қазақ Елі
03.09.2009 09:09
+0 / -0
МАНКУРТ-это существо,национальное сознание которого ранее было "опущено"масонским руководством СССР(Системы Супер Современного Рабства), а сейчас ежедневно "опускается" международными паразитами стремящимися к мировому господству. Манкурты на своей Земле, в своей Стране, в своем Доме между собой разговаривают на языке тех, кто их "опускает."
....................................
Интернеттен алынған осы анықтамаға сүйенсек,Қазақ Елінің Парламенті мен Үкіметін "мәңгүрттер" жаулап алған ба?

Неге ол жерлерде қазақтың үні шықпайды?

Неге 16 миллион біртұтас халықтың ішінен мемлекеттік тілді білетін,ұлттық ойлау қабілеті жоғары, Еліміздің тарихын-салт дәстүрін-әдет ғұрпын-мәдениетін жақсы білетін мың азаматты іріктеп ала алмаймыз?

Кімнен: Берік Әбдіғалиев
03.09.2009 09:09
+0 / -0
Қазақ елінің парламенті мен үкіметін мәңгүрттер емес, "Нұр Отан" партиясы жаулап алған. Ал сұрағыңыздың екінші бөлігіндегі ұсынысыңызбен келісемін, тек оны іске асыру үшін біз арнайы бағдарлама жасауымыз қажет.

Кімнен: Rauan Қайдан: Almaty
03.09.2009 09:35
+0 / -0
Қазақ тілінде әдебиет жетіспейді,осы мәселеде неліктен аударма ісі қолға алынбай отыр, яғни өзге тілдердегі әдебиетті қазақ тіліне аударуды айтамын. Бұл мәселеде сіздің қорыңыз не жасамақшы?

Кімнен: Берік Әбдіғалиев
03.09.2009 09:35
+0 / -0
Бұл шынында өзекті мәселе. Тіпті, қазіргі жасалып жатқан аудармалардың өзінде жүйелілік жоқ. Бүгінгі күні аудармашыларды оқыту, арнайы еңбектерді аударуға мемлекеттік тапсырыс бар. Біздің қор бұған қатысты тек аударма сапасына байланысты қоғамдық іс-шаралар ғана жүргізеді.

Кімнен: Rauan Қайдан: Almaty
03.09.2009 09:38
+0 / -0
Қазақ тілін Инглиш файл не Хедуей секілді оқытуға арналған оқу құралдарын дайындауға итермелеу ойларыңызда бар ма?Себебі ескі тәсілмен оқыту жастарды зеріктіріп жібереді,ал оны ойын ретінде өткізу эффективтілігі жағынан әлдеқайда тиімдірек деп есептеймін.

Кімнен: Берік Әбдіғалиев
03.09.2009 09:38
+0 / -0
Біздің ондай ойымыз бар, қазақ тілін дәл осы жолмен оқыту-үйрету жөніндегі әдістеме құралын жасау туралы жобаңыз болса, оған қолдау көрсетуге дайынбыз.

Кімнен: Oralbai Қайдан: qazaq eli
03.09.2009 09:41
+0 / -0
Cizderding qazaq tili u'shin jasaghan jumystaryngyzgha alghys aitamiz.alaida sizderding jumystaryngyz lailanghan swdy ayagynan tundyrwmen ainalysqan qojanasyrdyng qylyqtaryn eske salghandai.nege,blik basyndaghylardy qazaqsha so'ilewge ma'jbu'rlemeidi?a'li ku'nge deiyn xalyqty aldawmen keledi.memlekettik qyzmetke alw u'shin qazaq tili o'lshemin qoswgha bolmaima?

Кімнен: Берік Әбдіғалиев
03.09.2009 09:41
+0 / -0
Елімізде мемлекеттік қызметке қабылдау кезде қазақ тілін білудің 5 деңгейлі өлшемін анықтайтын "Казтест" секілді сынақ жүйесі қабылданған. Алайда, соны іс жүзіне асыру үшін қоғамның да, биліктің де табандылығы жетіспей отыр. Белгілі бір лауазым иелеріне қазақ тілін білуді міндеттейтін қаулы жобасы да дайын тұр. Оған кіретіндер: мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, полиция, сот жүйесі, құқық органдары, әлеуметтік сала қызметкерлері, т.б. Бұған қоса өзіміздің талабымыз - бүкіл министрлер, әкімдер, депутаттар, президент секілді, қазақ тілінен емтихан тапсыруы керек. "Казтест" жүйесі соған дайын.

Кімнен: Роллан Кемербаев Қайдан: Семей қаласы
03.09.2009 09:46
+0 / -0

Қазір қоғамда қостіл¬ділік бар деп тіпті оны қорғайтындар да кездесіп қалады. Осы төңіректе қандай ой айтасыз?
“Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы” “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы”Заңның 4 – бабында осылай жазылған осы орайда қоғамдық келісім мен халықтың топтасуын қалыптастыруда мемлекеттік тілдің қызметі қандай?
Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолдану аясы туралы қазақ тілді ақпарат құралдарында жиі жазылады да да орыс тілді ақпарат құралдарында көп айтыла бермейді осы тұрғыда қандай іс шараларды атқару керек?

Қазақ тілін дамытуда бұқаралық ақпарат құралдарының орны қандай Сіз жетекшілік ететін қор осыған қатысты қандай жұмыстар атқаруда?

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекетік тапсырысты орындау бағытындағы жұмыста қазақ тілі мен орыс тілінің ара салмағы қандай?


Қоғамдық құндылықтарды анықтап, халыққа бағыт бағдар беретін зиялы қауыммен ғалымдардың осы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуде орны қандай және қалай ықпал етіп жатыр?

Сіз жетекшілік ететін қордың грантын алу байқауына қалай қатысуға болады?

Жауап бергеніңізге рахмет.

Кімнен: Догалан Қайдан: Караганды
03.09.2009 11:20
+0 / -0
Мемқызметке кіру үшін мемлекеттік тілді міндетті түрде білу шартын қалай заңдастыруға болады???

Кімнен: Берік Әбдіғалиев
03.09.2009 11:20
+0 / -0
Ондай үкімет қаулысының жобасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде дайын тұр. Енді оған премьер-министр басқаратын үкіметтік комиссияның шешімі керек.

Кімнен: Орал Қайдан: Алматы
03.09.2009 11:39
+0 / -0
Президент "қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін" - дейді.Ендеше неге өзі бастап (Мәсімовті қоспағанда) Тоқаев, Тасмағамбетов, Әбілев, Р.Әлиев, Т.Құлыбаев сияқты тағы да басқа қазақ шенеуніктермен саясаткерлермен неге қазақша сөйлеспейд?

Кімнен: Берік Әбдіғалиев
03.09.2009 11:39
+0 / -0
Себебі, олар саясаткерлер. Ал саясаткерлер өзіне тиімді жағын ғана таңдайды.

Кімнен: Орал Қайдан: Алматы
03.09.2009 11:56
+0 / -0
2. Егер президент қазақша сөйлесе, барлығы өзінен-өзі-ақ қазақша сөйлеп кетеді, сонда біз тілге деген желеумен миллиардтаған ақша бөлмейтін едік. Сіз қалай ойлайсыз?

3.Қазақ тілін ұрандатып нан табу (саудаға айналдыру) мен саяси ұпай жиану жағынан М.Шаханов екеуіңіздің араңызда айырмашылық байқалмайды. Айырмашылықтарыңыз - біріңіз биліктің тілімен, екіншіңіз эмоциямен ғана сөйлейсіздер. Осыдан ұялмайсыздар ба?

4.Тіл туралы шығарған басылымыңыз президенттің орысша сөзімен басталған соң, тілдің маскасын киіп алып қазақтарды мазақ қылып жүргеніңіз анық байқалады. Осыған жауабыңыз?

5. КТК телеарнасы кезінде Рахат Әлиевті жақтап ашық сөйлей бастағанда, қазақ тілін сақтамай отыр деген желеумін телеарнаны 1-2 ай жауып тастады. Рахат кеткен соң арна қайта ашылды, бірақ қазақшасы баяғы 2 кезекте. Бұл жағдайға Құл-Мұхамед мырза екеуіңіз әлі үндемейсіздер?

Кімнен: Берік Әбдіғалиев
03.09.2009 11:56
+0 / -0
Бүгін президенттің қазақша сөйлегені жеткіліксіз. Енді ол өзгелерді қазақша сөйлетуі керек, себебі олар басқа ешкімді тыңдамайды, қорықпайды да. Сонда бюджеттің қыруар қаржысын үнемдеуге елбасының жеке үлесі болар еді.



Менің арманым - қазақ тілінің мәселесі шешіліп, қорды жабу. Шахановтыкі эмоция дейсіз, ал ол кісі депутат кезінде сол эмоциямен тілге бөлінетін қаражатты жүз мың теңгеден бір миллиардқа көтерді. Ол үшін мен ұялмаймын, керісінше, мақтанамын.

"Қазақ альманахы" журналының бірінші саны туралы айтатын боларсыз. Біз президенттің қазақ ұлтының мәртебесіне байланысты, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екендігі туралы айтқан сөздерін теріп, орыстілді оқырман үшін арнайы бердік. Сол сөздерді сіз бен біз айтсақ, бізді "ұлтшыл" дейді. Ал Елбасының аузынан естісе оны "дұрыс екен" деп қабылдайды. Бұл мазақ емес, бұл саяси технология. Қазақылықты насихаттағанда орыс тілін де дұрыс қолдана білуіміз керек.

Сіз айтып отырған телеарна жекеменшікте, елде "Тіл туралы" заңның орындалуын қадағалаушы бірден бір орган - прокуратура. Екіншіден, әрине, қоғам да бұған бейтарап болмауы керек. Сондықтан одан тіл туралы заңның орындалуын талап ету барлығымызға сын.

Кімнен: Нағашыбай Қайдан: Алматы
03.09.2009 11:59
+0 / -0
Жалпақшешейлікке салынбай, ешкімге жалтақтамай ҰЛТтық идеология жүргізу керек. Бұл идеологияның бір тармағы тілге арналуы қажет. Кез-келген жерге қазақ тілімен қатар орыс тілін де тықпалауды қою керек. Мысалы: Байтұрсынұлы көшесі деп жазылған болса, қасында міндетті түрде ул. Байтурсунулы деп жазулы тұрады. Осындай көше аттарын жазған кезде, оны орысша қайталау неге керек? Онсыз да түсінікті емес пе. Бұл бір ғана мысал ғана. Ал, мұндай мысалдарды мыңдап келтіруге болады. Осындай қосақтардан қашан құтыламыз, Берік мырза?

Кімнен: Берік Әбдіғалиев
03.09.2009 11:59
+0 / -0
Нағашыбай мырза, олардан қашан құтыларымызды білмеймін, бірақ мен Қазақстанда ресми түрде барлық жарнамалар және мекеме, көше атаулары тек қазақ тілінде жазылуы керек деп санаймын. Себебі, олар интерактивті көрнекі құрал қызметін атқарады.

Кімнен: самат Қайдан: ақтөбе
03.09.2009 12:34
+0 / -0
тіл мәселесі сан мен сапаға байланысты.алдымен сан жөнінде.
соңғы санақ бойынша қазақ санынын үлесі 67 жетті. әр облыс,үлкен қалалар бойынша айтып берсеңіз.қазақ бала саны жалпы бала санында айкқын басымдыққа ие.шамамен 70тен астам үлесі.сонын бала бақша,орта білім,орташа,жоғары білімді қанша қазақ бар,сонын қаншасы қазақша тәрбиеленіп,қазақ тілінде білім алуда.осыған қарап грантты бөлуді де қазақтілділерге басымдық беретін кез келген жоқпа?.
Пікір жарияланған бет , жиыны 8
    Келесі 
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл