Accessibility links

Cергей Әзімовпен онлайн-конференция


Кинорежиссер, продюсер және документалист Сергей Әзімов Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференцияда оқырмандар сұрағына жауап беріп отыр. 15 сәуір 2015 жыл.
Кинорежиссер, продюсер және документалист Сергей Әзімов Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференцияда оқырмандар сұрағына жауап беріп отыр. 15 сәуір 2015 жыл.

Азаттық сайтында кино режиссері, продюсер, документалист Сергей Әзімовпен онлайн-конференция өтті.

Кино режиссері, продюсер, документалист, қайраткерлер туралы деректі фильмдердің авторы Сергей Әзімовпен болатын онлайн-конференция қазіргі Қазақстандағы деректі фильмнің дамуы жайында болды.

Сергей Әзімов Қарақалпақстанда туған. Еңбек жолын аудандық газетте әдеби қызметкер болып бастаған.

Совет кезінде Кино өнері бүкілодақтық мемлекеттік институтының режиссерлік факультетін тәмамдаған. "Қазақтелефильм" студиясында түрлі қызметтер атқарған. "Қазақфильм" киностудиясында деректі фильмдер режиссері болған.

Президенттің баспасөз қызметінде жұмыс істеп, президенттің телерадиокешенінде басшылық қызмет атқарған.

2002-2007 жылдар аралығында Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" кино студиясының басшысы болған Сергей Әзімов - қазір Tanaris кино компаниясының директоры. Бірнеше кинофестивальдарды ұйымдастырушы ретінде де танылып жүр.

Онлайн-конференция видеосын көріңіз:

XS
SM
MD
LG