Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 21:50


Онлайн-конференция

Ермек Тұрсыновтың онлайн-конференциясы

Азаттық радиосы 20 сәуір күні кинорежиссер Ермек Тұрсыновпен онлайн-конференция өткізді.

Режиссер Ермек Тұрсынов Азаттық радиосының бюросында. Алматы, 20 сәуір 2012 жыл.
Режиссер Ермек Тұрсынов Азаттық радиосының бюросында. Алматы, 20 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Ермек Тұрсынов Қазақ ұлттық университетінің (Алматы) журналистика факультетін, Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу) сценарий және кинотану факультетін бітірген.

Ол «Мұстафа Шоқай», «Құрақ көрпе», «Гүлзар», «Апамның жұмағы», «Кешіккен махаббат», «Моңғол», «Бақсы», «Келін» және тағы басқа көркем фильмдерге сценарий жазды.

«Келін» (2008), «Шал» (Эрнест  Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісімен, 2012) фильмдерін түсірді.

Бірнеше халықаралық байқаудың лауреаты.

Ермек Тұрсынов 2009 жылы Сұлтан Бейбарыс туралы жазған «Мамлюк» романын жариялады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Қырғи
18.04.2012 16:08
+0 / -0
Ермек! Сізге қояр еш сұрағым жоқ, тек алдағы уақытта Келін сынды филмдер түсірмеуіңізді өтінемін. Сол жағдайда ғана сізбен бір үстел басына отыруға, сізбен әңгіме-дүкен құруға дайынмын.Бізге еш блокбастер, экшн -дердің қажеті жоқ, бізі қазақпыз, біз мұсылман елміз, біз мұсылман халықпыз. Америка, ебропа халқы егер біздің филмдерге қызығушылық танытса, тек қазақы салт-дәстүрге бай, иманды, салықалы киноларды көруге ынтазар болатынға ұқсайды. Олар біздің ұлттық болмысымызды көргісі келеді, танығысы келеді. Ана кинолары жалаңаш Ебропа, АҚШ, Ресейдің құрдымға кетіп бара жатқанын байқайсыз ба? Олар бала тумақ түгілі, үйленбейтін халге жетті, олар үйлерінде ит пен мысықпен тұрады, еркек пен ерке, әйел мен әйел некелесіп жатыр. Құдай сақтасын.
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 17:05
+0 / -0
Мен АҚШ-та тұрып келген адаммын. 4 жыл тұрдым. Мәскеуде 5 жыл тұрдым. Еуропа елдерінде шамамен 3 жылдай тұрдым. Таяу Шығыс елдерінде - нағыз мұсылман елдерінде - Сирия, Мысыр, Йордания, Палестинада тұрдым. Сол жақтағы көп жерлерді араладым. Сондықтан, қай елдің мінезі қандай, өмір-салты қандай, табиғаты, саясаты қандай екенін білем деп айта аламын. Айырмашылығы көп. Сіздей адамдарға айтарым - "Келінді" көрмей-ақ қойыңыз, "Шалды" көріңіз.

АҚШ пен Еуропаға қатысты айтқаныңызбен келісем, кемшіліктері көп, бұзылған жерлері бар. бірақ, оларға мен сын көзбен қарай алмаймын. Олардың өздерінің болмысы сондай болса мен қайтем.

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
18.04.2012 16:18
+0 / -0
Осы Султан Бейбарыс бабамызды кей елдер биздики дейди, мысалга кырымга мешит салдырган сондыктан ол киси кырым жагынын азаматы дейди сол распа
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:54
+0 / -0
Мұндай әңгімелер бұрыннан бар. Кезінде Ленинді қалмақтар "апасы қалмақ" деп өзімсінген. Сонан кейін Лениннің суретін салған моңғолдар моңғолға ұқсатып салатын. Ал, Бейбарысқа келсек, оның қыпшакқ даласынан екені ақиқат. Тарихи дерекке сүйенсек, Бейбарыстың туған жері - қазіргі Атырау облысы, сол жердегі Беріш өзенінің жағасы. Қазір ол өзен бар ма, жоқ па - білмеймін. Мәселен, арабтар әл-Фарабиді араб деп есептейді. жерленген жері - Дамаскі. Айтпақшы Бейбарыс та Дамаскіде жатыр. Арабтар бұл екі тұлғаның қай жерде туғанын біледі, ол фактімен есептеседі. Бірақ, олар өзіміздікі, яғни, арабтар, біз өсірдік дейді.

Кімнен: Алматыдан
18.04.2012 16:44
+0 / -0
"Келін" фильмі көп қазақтың ашуына тигені рас. Оны жасыра алмаймыз. Шыныңызды айтыңызшы, сізді осы фильм үшін ешкім ұрған жоқ па?
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:46
+0 / -0
Жазушы ағаларымыздың "Ол заманның әйелі бүйтіп ыңырсымаған" деп сынағанын да естігенбіз. Бұл сұрақ та сондай аумақтан келген болар.

Кімнен: Zhandos Қайдан: Қазақстан
18.04.2012 17:20
+0 / -0
Сен "Келін" фильмі арқылы Қазақстанды шетелге танытқың келді, осы ісің үшін көпшілік қазақ (оның ішінде жастар) саған ашу-ызамен қарайды. Жалпы сенің фильміңе пікірлерді естіп жүрсің, саған жеткен және жетпеген пікірлерден кейін не нәрсені көкейіңе түйдің?
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:43
+0 / -0
Ештеңе өзгерген жоқ. Мен өзгерген жоқпын. Мен ойлай болатынын білгем. "Соқырлардың" үйіне свет жақсаң бәрібір ештеңе өзгермейді ғой, қараңғыда жүре береді. Бірақ, сырттағылар көреді ғой үйдің ішінде шам жанғанын. Сондықтан, көзі ашық адамдар келіп көмектесетін шығар деп үміттенгем. Әлем қандай, сыртта қандай әдемі көріністер болып жатқанын "соқырларға" айтып барсын дедім. Мүмкін сонда "соқырлар" әлемді көргісі келетін, басқа нәрселерді де көргісі келетін шығар деймін.

Кімнен: оралмаған
18.04.2012 17:34
+0 / -0
Қазақ менталитетіне келінкіремейтін кішкентай деталь кіріп кеткені үшін сөз болып жүргені болмаса "Келін" қай жағынан қарасаң да жоғары тұрған туынды болған. Бұндай фильмді түсіру кез келген режиссердің қолынан келе бермейді. Ереке, сізге сәттілік тілеймін!
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:42
+0 / -0
Рахмет.

Кімнен: Арнұр Қайдан: Алматы
18.04.2012 18:10
+0 / -0
"Келін" филмінде ене ролі жақсы сомдалған. Түркінің жауынгер ұлдарын тәрбиелеуде аналардың алатын орны да ерекше. Таңшыхай туралы оқыдыңыз ба, Ермек. Сол Таңшыхайды тәрбиелеген қараша үйде тұрған кедей кемпір болған. Сол кемпірдің тәрбиесінде өскен Таңшықай ер жете келе қуатты Сянби мемлекетін құрған. "Келін" филмдегі ене боп ойнаған

Кімнен: Арнұр
18.04.2012 18:30
+0 / -0
Таңшықайды тәрбиелеген сол жанды еске түсіреді "Келін" фильміндегі ененің ролі. Көрермендер, сыншылар фильмдегі эротикалық жағына беріліп кетті де, идеясына мән бермеген. "Келін" фильмінің идеясы ол ана образы. Батырларды, даланың жауынгер ұлдарын тәрбиелеп өсіре білген жандар. Фильмнің негізгі идеясы осы болар.
Пікір алмасу

Кімнен: №1-көрермен Қайдан: Елден
18.04.2012 19:32
+0 / -0
Жаңаөзен туралы фильм трүсіру қолыңыздан келе ме?
Пікір алмасу

Кімнен: men Қайдан: anayu
18.04.2012 22:45
+0 / -0
Жаңа өзен туралы филым түсіргенше..........
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:52
+0 / -0
Бұл аяқталмаған сұрағыңызды жақсылыққа жорып отырмын, түсірейік, тұсау кесерінде жолығайық.
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:33
+0 / -0
Жаңаөзен туралы кино түсірер едім. Бұл жабық тақырып емес қой.
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:40
+0 / -0
Негізгі идея деп айта алмаймын. Бірақ, негізгі идеялардың арасында ұрпақ тәрбиелейтін аналар туралы идея да бар. "Келіндегі" ене ұрпақтың қамын жейтін, ұрпақ үшін шырқырайтын, айналасындағылардың бәрі айналып келіп отыратын алтын қазық.

Кімнен: Атырау .
18.04.2012 19:44
+0 / -0
Ермек түсірген фильмдеріңізді кім қаржыландырады , егерде билік қаржыландырса неге . Сіздің тсіргендеріңізге билік араласып шектеу қоиылама . Өмірдің шынаиы келбетін жөнінде фильмдер түсіру оиыңызда барма . Жалпы кәзіргі жүиені қолдаисызба . Рахмет .
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:34
+0 / -0
Егер "Қазақфильм" қаржы беріп жатса, соның ақшасына түсірем. Егер инвесторлар болса, солардың ақшасына түсірем. Билік болғанда, парламенттегі Бекболаттармен "Келін" бойынша біраз дауластық. Кейбір саясаткерлер шектеу қойып, бұл фильмді жауып тастау керек, Тұрсыновты түрмеге отырғызу керек деген біраз әңгімелер шықты. Өмірдің шынайы келбеті туралы сұрағыңызға - "Шалды" көріңіз. Қазіргі жүйені қолдайсыз ба деген сұраққа - биліктің қазіргі әректтерінің бәрі көңілімнен шығып жатыр деп айта алмаймын. Ондай ойдан аулақпын.

Кімнен: Марат Кажмуратов Қайдан: Орал қаласы
18.04.2012 22:12
+0 / -0
Ермек Тұрсынов - дарынды режиссер.Яғни әлемдік деңгейде ойлайтын болғасын көбіне қарапайым адамдар түсіне бермейді.
Менің сұрағым, "Келінді" түсіргенде адамдардың сөйлемесе де түсінікті болып шығуын жапон киноларынан алды ма екен.Не болса да сәтті дүние! Шығармашылығыңызды дамытып әлемге таныла беріңіз!
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:30
+0 / -0
Жоқ, жапондар ғана шығарған жоқ. Кезінде Чаплиннің заманында кинолар үнсіз болып еді ғой. Бірақ, бәрі түсінікті. Чаплин заманының кино тілі - нағыз кино тілі. Ал, қазіргі киноларда сөз көп, мағына аз. Бәрін сөзбен айтып береміз. Ал, кәсіби деңгейі биік көптеген киноларда сөздері сюжетке тірек болып тұрады. Осыны ескеру керек.

Кімнен: Ілияс Қайдан: Атырау
18.04.2012 22:31
+0 / -0
ермек! Түсіре алсаң, қазақы, тәрбиелік мәні бар, жақсы кино түсір! Болмаса, өзіңді де, өзгені де мазақ қылуыңды доғар!! Саған деген ашулы адам көп екенін біліп қой! Сенсіз де қазақ халқын рухани аздыру мақсатында Қазақстанның телеканалдары "жақсы" жұмыс жасап жатыр!
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:27
+0 / -0
Ашулы адамның саны көп екенін мен білем. Бірақ, маған жақтасатын адамның да саны аз емес. Қан жағынан туыстық боладық, рухани туыстық болады. Рухани туыс адамдар көбірек шығар деп ойлаймын. Сондықтан осы бағытымда жұмысымды істей беремін. Сіздей адамдар маған кедергі бола алмайды. Ал, "қазақ халқын рухани аздыру мақсатында Қазақстанның телеканалдары "жақсы" жұмыс жасап жатыр" деген сөзіңізге қосыламын.

Кімнен: мке Қайдан: рр
18.04.2012 22:48
+0 / -0
Жақында сіздің "Шал" деген филымді көрдім. Өте ұнады. керемет туынды. "Келін" филыміде керемет туынды. Оны әр адам түсінігі біледі. Баяғыда Қазақ филімде бір филім болған , енесі рөлде , келінмен шофер машинаның арт жағында жататын... және анау бір филым бар "аңшы" ғой деймін. Сонда да аттың үстінде қызбен... ол филымдерді неге сынамайды? неге біздің көрерменнің санасы төмен? қалай ойлайсыз?
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:15
+0 / -0
Бір кездерде қазақтың атын, қазақтың рухын төмендететін кинолар көп болған - ауыл қирап жатады, біреулер асылып өліп жатады, өңкей ішкіш. Сондай кинолар көп еді ғой бір кезде. Қазір бізде жылтырақ кино көбейді - ауылды мақтайтын, бәрі Астанадан басталды ғой негізінде. бірақ, ана кинода да, мына кинода да шындық жоқ. Егер автор өз киносында өз ұлтын сүйетін болса, жыласа да, мақтаса да ар жағында шындық жатуы керек. Қазақ өліні даттамайтын, тіріні мақтамайтын халықпыз ғой. Сынға көп ұшырағанына қарағанда қазақ киносы тіріле бастаған шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Жадыра
20.04.2012 17:10
+0 / -0
Өз елін боққа теңеген режиссерден бір шедевр шығады дегенге сенбеймін. Мегополистегі сұхбатыңызды оқып, қатты көңілім қалды.
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 17:11
+0 / -0
Мен "Мегаполиске" ешқандай сұқбат берген жоқпын. Ол - бір. Екіншіден, мен ешқашан өз елімді сіз айтқан нәрсеге теңеген емеспін. Үшіншіден, мен өз шығармаларымды шедевр тұтып жүрмін деп айта алмаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Жұман
20.04.2012 17:12
+0 / -0
Мен де көрдім Шалды, Келінді. Оператордың жұмысы керемет, режиссердің емес. Оскардың тізіміне де сол операторлық жұмыс үшін іліккенін мойындайсыз ба?
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 17:13
+0 / -0
Мына сұрақты жазған адам сол оператордың қаншама қателерін постпродакшн кезінде түзегенімізді білмейді. Мұрат Әлиев деген оператор. Ол өте шебер маман. Бірақ, бұл кинода тек қана оператордың жұмысы озық дегенге мен қосылмаймын. Сонда жалғыз оператордың шеберлігіне ғана қарап Оскар комитеті бұл фильмді таңдады дейсіздер ме? Ал әртістер жұмысын қайтеміз? Әр түрлі - 14 жануар болды. Қасқырлар, қодастар, үкі болды, ешкінің шеберлігін актер ретінде неге бағаламасқа, құмайлар (қарақұс) болды. Қаншық қасқыр да бар. Суретшілердің жұмысын неге бағаламаймыз. Жалпы Оскар комитеті киноны қарағанда - Оскар комитеті дегеніміз ол 3000-нан астам адам, әр қайсысы өз саласындағы мықты мамандар - киноны тұтас бағалайды, гриміне дейін қарайды, сценарий, әуен, композитордың еңбегін де сараптайды. Сондықтан, бұл кино тек қана опретордың еңбегімен шықты деуге болмайды. Айтпақшы, "Шалдың" да операторы - осы Мұрат бәйке Әлиев.

Кімнен: Шаке
18.04.2012 22:52
+0 / -0
Ермек Моңғол фильмі неге толық қамтылып түсірмеген , қаржы жағы жетбедіме , Қытаилар түсүргендеи шамаға келтіргенде жақсы шығатын еді . Рахмет еңбегіңізге жеміс тілеимін .
Пікір алмасу

Кімнен: Сыншы
19.04.2012 03:43
+0 / -0
Не десендер о дендер. Ермек ол- Ермек. Биздин ешким кормейтин надан режиссерлардын филмьдерине караганда Турсыновтын киноларынын артынан дау коп ереди. Себеби, биз казак, коре алмайтын халыкпыз гой.
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
19.04.2012 08:05
+0 / -0
"Келінді" түсінгендер, түсінбегендер бар. Қай халық болсын бір қалыптан шыққан кірпіш емес қой. Ал мына "Сыншы" мырзаша халықты тұтас жазғыру, өзін одан биігірек қою білгендік емес. Қашан, кім, не туралы болсын жалпылап сөйлеуге әуес болмайық. Сыншы: Бізде көре алмайтындар да жеткілікті десе, әне, сол дұрыс болар еді. Халықты допқа айналдыру, тебе салу - кінә да, күнә да!
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:05
+0 / -0
Сұрақтың өзінің ішінде жауап бар. "Келінді" біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Көре алмайтындар бар екені рас. Көреалмаушылық біздің ұлттық ауруымыз. Ең шын төреші - уақыт. Болашақта ақиқатты айтатын да, анықтайтын да сол уақыт. Үш жыл бойы "Келінді" айтып келе жатырмыз. Осы 20 жылдан кейін осы "Келінге" қайта оралып талқыласайықшы. Сонда көреміз. Ал қазір мәселен - Әбіш Кекілбаевтың бір тарихи кітабында түркілердің тарауы туралы аңыз жігіт пен қаншық қасқырдың шағылысуынан түркі туды дегенге кеп саяды. Егер оны кино тіліне түсіретін болсақ, Әбіш ағамызды атып тастауға тура келетін шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:14
+0 / -0
Алып-қосарым жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:19
+0 / -0
Біріншіден - жанрлары бөлек. Қытайлардың түсіргендері - сериял. Мына біздің түсіргеніміз - толық метражды фильм. Айырмашылығы көп.
Екіншіден - Қытайлар кино түсіргенде керемет түсіреді. Адам көп. Массовка жағына келгенде қытайлардан ешкім аса алмайды. Сондықтан сериялдары бай көрінеді. Көп адам былай жүгіреді, алай жүгіреді. Бұл - қалжың. Ал шынайы талқыласақ, қытайлардікі - тарихи деректерге сүйеніп жасалған сериял. Ал біздікі - көркем дүние.

Кімнен: Адил Қайдан: Атырау
19.04.2012 17:56
+0 / -0
Ермек Қазақ киносын қандаи биіктерден көргің келеді , таудаи талабың бар сияқты келешекте жоспарыңыз жөнінде аиытсаңыз .
Пікір алмасу

Кімнен: Секен Қайдан: Алматы
20.04.2012 08:12
+0 / -0
Ермек, сізбен сырттай сұхбат болады деген орыстілді хабарламада "Сыншы" деген Рүстем Әбдірәшев туралы пікіріңізді сұраған еді, соған байланысты мен Рүстемнің президенттің бала шағы туралы кино түсіргені жағымпаздық, Рүстемді ол жолдан қайтару жөн болады, дос-жолдастары, айтыңыздар дегенмін.Оның әкесі Жарасқан жағынуға жаны қас ақын еді, баласының болашағына обал болмасынды ойлап едім, ал ол тілегім сайттың орысша жазылды да, жоқ болды. Енді Сізге сол тілегімді қайталап отырмын. Рүстем бүгін бар, ертең жоқ болар оқиғалармен әуестенбесінші!
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:00
+0 / -0
Өте орынды пікір. Мен бұған толық қосыламын. Мен Жарасқанмен кезінде дос болғанмын. Ол - қазақ жазушылары мен ақындарының арасында ең нәзік, қорғансыз ақын. Жарасқанда ешқашан жағымпаздық деген болған жоқ. Енді, шығармашылық адам - әркім, өзі жолын табады ғой. Мүмкін ол бұл тақырыпқа өмір бақи келе жатқан шығар. Мен жақсы көретін Рүстем - "Қаладан келген қыз", "Құрақ көрпе", "Сталинге сыйлық" атты кинолар. Ал, қазіргі күнде жасап жүргенін мен қатты құптай қоямын деп айта алмаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:01
+0 / -0
Әрине, әлеммен қазір кино тілінде сөйлесу керек. Қазақ кино режиссерлері әлемге ортақ кино тілімен сөйлей алса деймін. Сол арқылы қазақтың мәдениетін, рухын әлемге танытса. Біздің киноданышпандарымыз үлкен әлемдік байқауларда жүлделер алып жататын шығар. Бірақ, менің бүгінгі күнге түсінгенім - ешқандай халықаралық жүлделер түкке тұрмайды, егер өз жеріңде сені ешкім бағаламаса, ешкім естімесе. Шетелдегі жүлденің жұпарынан өз жерімдегі тезектің түтіні қымбат.

Келешектегі жоспарға қатысты - кітап жазу, кино түсіру. Бірінші жоспарда "Кенжені" түсіру.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 09:19
+0 / -0
Жезтырнақ кемпір деген ертегіні білеміз, Сізде жезөкше кемпір деген сценарий бар екені шынба? рахмет!
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:00
+0 / -0
Білмеймін, ол сценарийді осы сұрақты қойған кісі өзі жазып жүрмесе, менде ондай сценарий жоқ. Ондай идеяға менің ойым әлі жеткен жоқ.

Кімнен: Ерік Қайдан: Алматы
20.04.2012 11:56
+0 / -0
"Шал" филімін ұстазымызбен барып Арман кинотеатрында көрдік. Басында мыжырайған кішкентай шалды неменеге көрсетеді екен деген ой келді. Кейін ол шал алып Адамға айналғанда бір мақтаныш кернеді бойымды. Бірақ "Келіннің" деңгейіне жетпеген сияқты! Салыстырып көресіз бе?
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:00
+0 / -0
Енді мен өзімнің шығармаларына баға бере алмаймын ғой. Оны көрермен айтсын, білгіштер айтсын. біреулерге "Келін" көбірек ұнайды, бәреулерге - "Шал". Бірақ, басты мақсат - қазақтың рухын, мәдениетін, өнерге деген эстетикалық көзқарасты өзгерту.

Кімнен: талгат Қайдан: алматы
20.04.2012 13:47
+0 / -0
ереке кино онерін туснетін казак коп. сухбаттарынызда ултшылдарга ренжим деп айта бересіз. казактын бари ондай шовик емес. нагыз шовиктер россияда екенин умытпаныз. Шалдан кейинги жоспарыныз кандай? рахмет
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:00
+0 / -0
Бірінші - қазақтар бар да, қазақбайлар бар. Мен қазақтармен біргемін. Өштесіп жүрген қазақбайлар. Қазақбай дегенім - қазақ болу қазір өте пайдалы, қазақтардың арасында ұлтшыл болып пайда тауып жүргендер бар. Өзінің қазақтығын ұпай жинауға пайдаланып жүргендер бар.

Екінші - "Шалдан" кейін "Кенже" болады. Сонда "Келін", "Шал", "Кенже" (Младший брат) - трилогия болады. "Шалдан" кейін "Кенжені" түсіремін.

Кімнен: АЛТАЙ
20.04.2012 16:23
+0 / -0
Қытайда тұратын қазақтардың түсірген филімдері бар. Көрдіңізбе? және сіздің көз қарасыңыз қандай? Алдын ала рахымет
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:50
+0 / -0
Түсірсе түсіріп жатқан шығар. Өкінішке орай мен ол фильмдерді көрмедім.

Кімнен: ainalain
20.04.2012 16:41
+0 / -0
неге киноларыныздын аты "Келин" "Шал" баска аттар болмады ма?!алда кандай кино утсиресин онын аты кандай!?
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 16:48
+0 / -0
Бұл сұраққа басында жауап бердім. Менің ойымдағы дүние - трилогия.

Кімнен: бек Қайдан: алматы
20.04.2012 16:54
+0 / -0
Қазіргі билікке көңіліңіз тола ма
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 17:03
+0 / -0
Бұған жоғарыда жауап берілді.

Кімнен: Атырау .
20.04.2012 16:56
+0 / -0
Ермек бауырым берген жауабыңызға рахмет , қашанда ел қадірлеитін азамат болып қалатыныңызға сенім мол . Түсірген фильмдеріңізді көріп мін таба алмадым , түсінген адамға болашағыңыздан үлкен үміт күтетіндеи . Аман болыңыз , табыс , амандық тілеимін . Рахмет .
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Тұрсынов
20.04.2012 17:02
+0 / -0
Сізге де рахмет.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?