Accessibility links

Жарылқап Қалыбаймен онлайн-конференция


«Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай Азаттық студиясында онлайн-конференция өткізіп отыр. Алматы, 1 сәуір 2015 жыл.
«Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай Азаттық студиясында онлайн-конференция өткізіп отыр. Алматы, 1 сәуір 2015 жыл.

Азаттық сайтында «Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбаймен онлайн-конференция өтті.

Жарылқап Қалыбай 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Шымкент автотехникумын және Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1988 жылы қазақ жастарының Алматыдағы бейресми қоғамы «Ақиқат» ұйымының, «Азат», «Семей-Невада» қоғамдық қозғалыстарының белсенді мүшесі болған.

Ал 2010 жылдан бері «Аңыз адам» журналын шығарып, бас редакторы қызметін атқарып келеді.

Жарылқап Қалыбай биылғы кезектен тыс президент сайлауына өзін-өзі ұсынып, қажетті 93 мың қолды жинай алмағандықтан кандидат ретінде тіркеле алмай қалды.

Жарылқап Қалыбай апта басында жаңа саяси партия құру бастамасын көтерді.

Онлайн-конференцияның видеосы:

XS
SM
MD
LG