Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:28

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ / Саяси оппозицияны қудалау

Козловқа операция жасалмақ

Тіркелмеген «Алға» партиясы Алматы қалалық бөлімшесінің жетекшісі Ерлан Қалиевтің сөзіне қарағанда, адвокат Владимир Козловтың әйеліне хабарласып, күйеуінің науқас екенін, оны операцияға дайындап жатқанын айтқан.

Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов парламент сайлауына қатысу үшін "Халық майданы" қозғалысының құрылғанын жариялап отыр. Алматы, 29 маусым, 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

- Владимир Ивановичке шабының көк етіне (жарық) жедел түрде операция жасатайын деп жатыр. Мұның қалай екені түсініксіз, - деді Ерлан Қалиев ақпанның 2-сі күні Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, Владимир Козловтың әйелінің өзі бұған таң қалып отыр - себебі «Козловта ондай ауру болған емес».

Ерлан Қалиевтің айтуынша, Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова операцияны Алматыдағы орталықтардың бірінде жасатуды өтінбек болған кезде оған санитарлық блокта жасайтындарын, ол жақта операция жасауға барлық мүмкіндіктер, дәрігерлер барын айтқан. 

Ол сөз арасында ҰҚК-інің тергеу изоляторының өте жабық мекеме екенін, олардан ешқандай ақпарат ала алмай отырғанын да айта кетті.

 - Козловты операцияға дайындап жатқаны рас, - дейді Ерлан Қалиев.

Козловтың денсаулығы және оған операция жасау мәселесі жайлы ақпанның 2-сі күні ҰҚК-нің Алматы қалалық бөлімшесіне хабарласқанымызда, кезекші баспасөз қызметінің қысқарып қалғанын, ресми сауалды комитетке әкелу қажет екенін айтты.

Ал «Аман-саулық» қоғамдық қорының төрайымы Бақыт Түменованың пікірінше, Козловқа операцияны ҰҚК сияқты «өте жабық мекемеде» емес, денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ауруханада жасаған жөн.

 - Негізі заң бойынша әрбір пациент аурухана мен дәрігерді өзі таңдауға құқығы бар, - деді ол. 

Оның айтуынша, ақпанның 1-і күні Әлия Тұрысбекова хабарласып, күйеуінің операциясына байланысты кеңес сұраған.

- Кеше маған жұбайы хабарласып, Козловтың сәлемін айтты. Ол: "Операция керек пе, керек емес пе? Қандай наркозбен жасалады - шектеулі наркоз бе, әлде жалпы наркоз бе екен - осыны анықтасыншы" депті. Егер ауру өте қатты асқынып кетпесе, шектеулі наркозбен жасаған дұрыс екенін айттым, - дейді Бақыт Түменова.

Ол Козловтың денсаулығына байланысты ҰҚК-ге сауал жібермек болып отырғанын да айта кетті. 

ҰҚК қаңтардың 23-інде тіркелмеген "Алға" партиясының Алматыдағы кеңсесінде және партия жетекшісі Владимир Козловтың үйінде тінту жасап, "әлеуметтік жік туғызды" деген күдікпен Козловты тұтқындаған болатын.

Қаңтардың 24-інде ҰҚК бұл тінтулер мен тұтқындау қылмыстық кодекстің 164-бабы 3-бөлімі ("әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни араздықты қоздыру") бойынша Жаңаөзендегі ереуілшілер белсендісі Айжангүл Әмірова мен басқа да тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілгенін мәлімдеді. 

Қаңтардың 26-сында Алматының Алмалы аудандық соты тіркелмеген "Алға" оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козловты екі айға қамау туралы шешім шығарды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
02.02.2012 14:18
+0 / -0
Сонда ерлан мырзаның айтуы бойынша ойласақ,ауыр соққыдан көк ет жарылған болар,,,,,,,,,,,
Пікір алмасу

Кімнен: Азат Алашұлы Қайдан: Семей
02.02.2012 16:43
+0 / -0
ҰҚК-Ұрының Қауіпсіздігін Күзетушілер.
Құқық қорғау органдары- Құқық қорлау органдары.
Неміс газеттерінен "Қазақстанда "Фюрер туралы" заң қабылданды".

Кімнен: ҚОРҚАҚ Қайдан: АЛМАТЫ
02.02.2012 14:46
+0 / -0
ССС ПЕН ГЕСТАПО КҮШЕЙІП БАРА ЖАТЫР ҒОЙ.ХАЛЫҚТЫҢ БІР БӨЛІГІН СОТСЫЗ-ДЫМСЫЗ АТЫП ТАСТАДЫ. ДҰРЫСЫН АЙТҚАНДАРҒА ІСТЕП ЖАТҚАНДАРЫ МЫНАУ.ЖҮГІРІП БАРЫП "НУР ОТАНҒА"ӨТІПКЕТСЕМ БЕ ЕКЕН. ШЫНДЫҒЫ ДА ,ХАЛҚЫДА ҚҰРЫСЫН. ЗИЯЛЫ АҒАЛАРЫМА ҰҚСАП.

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
02.02.2012 14:48
+0 / -0
Азаматтар, Козловты назардан тыс қалдырмайық. Ол назардан тыс болатын адам емес, себебін Жаңаөзендіктер айтар. Козлов Жаңаөзен мәселесінде жанқиярлықтың үлгісін көрсетті. Қорғайық бұл азаматтарды ағайын. Біздің болашағымыз түптеп келгенде, осы кісілерді бүгінде қалай қорғаймыз, осы мәселеде басымыз біріге ме,бірікпей ме, соған байланысты.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 15:36
+0 / -0
Менде қосылам !!! Козловқа бостандық берілсін, қиянат жасаған Ұрының Қауіпсіздігі комитеті қызметкері анықталып ,жазалансын. Әнеугі күні үйіне тінтуге барғандардың біреуі мен саған ішке барғасын көрсетем деп қоқаңдап еді ғой соны табуып , немесе аты-жөнін, қайда тұратынын білетін адам бар ма? хабарласыңдаршы, осында аты мен адресін жазыңдаршы !! Қалғаны көреміз
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 16:09
+0 / -0
Ал жалпы қандай халықпыз деген сұраққа былай деп жауап берер едім: біз өте немқұрайлы халықпыз. Бізге бәрібір секілді, кейде... Тонап жатыр ма, ұрлап жатыр ма, құқығың тапталып жатыр ма, жүре береміз. Жалпы, басқаруға өте ыңғайлы ұлтпыз ғой. неге???неге???неге???
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 21:38
+0 / -0
Козлов Маңғыстауда туып өскен. осыдан 10жыл бұрын ғана Алматыға келген. Соколова да Маңғыстаудан.Маңғыстаудың бір бөлігі "оралман" деп Құлыбаев, Шөкеевтер бір біріне қарсы қойғысы келсе, бұлар бұрынғыдан бетер бірігуде.Біздің Алматының ақылы бар орыстарын МФаңғыстауға жіберіп тұру керек .стажировкаға?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 09:31
+0 / -0
"Адаец - тот же казах, только со знаком качества" - дегенді босқа айтпаған, мұнда тек қана сапалы адамдар тұрады. Көріп тұрғаныңыздай, мұнда орыстар да сапалы
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 11:15
+0 / -0
Козлов, Сапарғали, Винявский сынды азаматтарды қаматып қойып, қарап отыру - ұлтымызға сын!

Кімнен: Тұрархан Қайдан: Өскемен
02.02.2012 14:58
+0 / -0
Биліктің бассыздығына бірігіп қарсы тұруымыз керек. Төзуге болмайды. Жетеді енді!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 15:07
+0 / -0
ол кисини коргауымыз оте кажет! титпи казакта ондай адам бир-де бир!

Кімнен: Жәй адам
02.02.2012 15:32
+0 / -0
Козловты "өзіне-өзі үш рет оқ атты" деген сияқты бір жеріне зақым тигізбесе жарар еді. Биліктің қиялына қарапайым адамның санасы жете бермейді. Олар "дәрігерлердің" қолымен талай билікке жақпайтындарды о дүниеге аттандырып жіберген.
Пікір алмасу

Кімнен: әліптің артын бағушы
02.02.2012 16:20
+0 / -0
2003 ;жылы-ау дедім сол кездегі парламент спикері МАРАТ Оспанов белгісіз жағдайда қайтыс болып кетті. конечно айыбы бар бірнеше рет2005 жылы президентік сайлауға түсем деп айтып қалыпты.вообше, ауыздарыңды дұрыстап ашпасаңдар, бәріңдер де жауап бересіңдер деп тыр ғой.Не істесек екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 16:42
+0 / -0
Біз оны жеңе алмаймыз, оны тек жұмыртқасындағы ісік қана жеңеді
Пікір алмасу

Кімнен: ұмытпаймыз,кешірмейміз Қайдан: жаңаөзеннен
02.02.2012 17:31
+0 / -0
модератор менің комментым соңғы кезде шықпай қойды неге әлде мені НӘН черный списокке жіліп қойды ма
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
02.02.2012 17:36
+0 / -0
Құрметті ұмытпаймыз,кешірмейміз,

нақты қандай жазба туралы сұрап отырсыз? Осы кезге дейін сізден жалғыз пікір келген, оны шығарып қойдық. Бізде ешқандай "черный список" жоқ, ал форум ережесін білесіз деп ойлаймыз.
Пікір алмасу

Кімнен: ҰМЫТПАЙМЫЗ,КЕШІРМЕЙМІЗ! Қайдан: ЖАҢАӨЗЕННЕН
02.02.2012 16:32
+0 / -0
Азаттық радиосы сізден өтінерім Сізде Козловтың әйелі Әлияның телефоны бар шығар ол кісіге айтыңызшы местный наркозбен операция жасатсын. Биліктен бәрін күтуге болады наркозды беріп-беріп өтірік сұрақтар қойып кінәлі деп шығуға да ұялмайды бұл билік.Әділетсіздер ғой бұлар.

Кімнен: Қарлығаш Қайдан: Қызылорда
02.02.2012 16:29
+0 / -0
- Негізі заң бойынша әрбір пациент аурухананы мен дәрігерді өзі таңдауға құқығы бар, - деді ол.
«Кеше маған жұбайы шығып, қалай айтқанын білмеймін, әйтеуір, Козлов маған «сәлем» айтып, «операция керек пе, керек емес пе?», «және қандай наркозбен жасалады? Жергілікті наркозбен бе, әлде жалпы наркозбен бе екен деп»,- осыны анықтаңызшы деп айтыпты.
Жаңылтпаш жазып отырсыздар ма?

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
02.02.2012 20:50
+0 / -0
Козлов та қазаққа бөтен болмады. Күйеу бала екен. Назарбаевтың тірліктері күйеу балдары болмаса алға баспайтынындай Козловты өзімен бірге Германияға алып кетіп, сол жақтағы клиникаға екеуі екі палатада жатып әлгі оталарын бірге жасатса болмай ма екен осы? Әлде Назарбаевтікі күрделірек пе екен? Осында медицинадан хабарларың бар біреулерің болса мына елге түсіндіріп жібесеңдерші. "Жарық" дей ме-ау, "грыжа" дей ме-ау? Біреулері тепкіден болады деп отыр. Жаңаөзенде тепкілеп жатыр деп есіткенбіз қазақтарды. Әлде Алматыда керісінше ме екен?

Дегенде Назарбаевтың соңына осы "күйеубалалардың" бірі жететін де шығар?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 11:34
+0 / -0
Ареке,
қазақта көк еттің сөгілгенін жарық дейді. Көк ет қатты соққыдан да сөгілуі мүмкін. Кей адамда туада болатыны кездеседі. Козловтың ондайы жоқ болатын деп айтқан әйелінің сөзіне қарағанда, азаптау көріп жатқан сияқты ғой.
Наркозсіз ота жасатқаны жөн болады. Әйтпесе, дәрігердің қателігінен болды деп бір дәрігердің обалына қалудан именбейді мына тексіз биліктің құл-құтандары.

Кімнен: астана Қайдан: елорда
02.02.2012 20:54
+0 / -0
Бүгін «Рух пен тіл» клубының бастамасымен Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалардан зардап шеккендерге SMS хабары арқылы көмек көрсету қызметі ашылды. Бұл туралы Азаттық радиосына Алматыда баспасөз жиынын өткізген клуб белсендісі Инга Иманбай хабарлады.

Оның айтуынша, қазақстандық ұялы байланыс операторларының кез-келген түрін пайданалатын адам 9685 нөміріне Help сөзін жазып, SMS жіберу арқылы көмек көрсете алады. Бір SMS-тің құны - 449 теңге.

Бұдан ары байланыс операторлары SMS арұылы түскен қаражатты гуманитарлық көмек қорына аударады. Қор зардап шеккен адамдарға көмек береді.

Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін қор бұдан бір жыл бұрын "Рух пен тіл" клубының бастамасымен құрылған.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 20:58
+0 / -0
Қазақ пен орыс біріксек осы биліктен баяғыда құтылар едік
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 11:20
+0 / -0
Қазақ-орыс деп бөлініп отырған жоқпыз ғой, не жазып отырсыз?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 23:28
+0 / -0
Қалайда қамауда отырған азаматтарымызды қорғауымыз керек!
Егер оларды қорғай алмасақ, мына қандықол билік болашақта бізге есе бермейтін болады. Жікке, ұлтқа, руға, партияларға бөлінбей, құрылған комитеттің құрамында және жанында жедел іс басқарушы топ пен қоғаммен байланыс орталығын құру арқылы жұмыс жасау керек деп ойлаймын. Әр қайсымыз бөлек-бөлек еш нәрсе бітіре алмаймыз. Бір орталықта жұмыс жүре бастаса, атсалысатын азаматтар көптеп келетін болады. Тек бастаушы серке керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Байқадам Қайдан: Ақтау
03.02.2012 01:31
+0 / -0
Өте дұрыс бір орталықтан басқарылуы керек, мүмкін интернет арқылы болама, бірақ ол орталық шетелде болуы керек сияқты, себебі ел ішіндегілері үнемі репрессияға ұшырап отырады. Осыған қалай қарайсыңдар, ағайындар. Бұл ел қамын ойлап жүрген азаматтардың құлағына алтын сырға.

Кімнен: Модератор
03.02.2012 08:32
+0 / -0
Құрметті оқырмандар,

бұл форумға келіп түскен бірнеше жазбаның мазмұны сайт ережесіне қайшы болуы себепті жарияланған жоқ. Азаттық сайты көзқарас, ұстанымы әрқилы азаматтардың өз ой-пікірін еркін білдіру құқығын құрметтейді, алайда пікірсайысты жеке басқа тиісетін, ұлтына, нәсіліне, тіліне байланысты кемсітуге құрылған, ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын, сондай-ақ, анайы, былапыт сөздермен емес, пікірталасқа қатысушылардың өз ойларын мәдениеттіліктің шекті деңгейінен шықпай жеткізгендерін құптайды.

Пікірталас барысында форум ережесіне қайшы келетін жазбалар жарияланбай, бірден жойылатындығын баршаңыздың қаперіңізге тағы да салғым келеді.

Азаттық сайтының форумына белсенді қатысып жүргендеріңіз үшін баршаңызға алғысымызды білдіреміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Еркін Қайдан: Алматы
03.02.2012 18:46
+0 / -0
Модератар, ескертпеңіз орынды."Абай.кз"-да таяуда Айгүл Қохаева дегеннің "Билік, оппозиция және ұлтшыпдық" деген халықтар арасына іріткі салатын ,арандатқыш мақала шықты. Жымысқы идеясы : орыстармен, орыс тілділермен бірікпейік, ЖСДП-да өңкей қазақ тілін білмейтіндер, олардан іргемізді аулақ салу керек, дейді. М.Шаханов неге ЖСДП-ға жақындайды деп налиды. Бұл "мақаласымақтың" астарында не жатыр, оны түсіну қиын емес. Билік және оның итаршылары Мұхтардың ЖСДП-мен жақындасуынан қатты қорқып отыр. 28-індегі митинг билікті есеңгіретті. Алда 25-інде, одан да зор, айбынды митинг күтіп тұр. Шаханов бастаған ұлтшылдарды ЖСДП-дан қалай ажырату керек. Ол үшін түрмеде отырған Козловты, Әбіловты, Қосановты, Винявскийді, опармен қоса Тұяқбайды, Ерғалиеваны , т. б., жамандап мақала жариялау керек, оларға күйе жағу керек,біреу болмаса біреу сеніп қалар. "Іздегенге сұраған", дегендей, қол астынан Қохаева деген"ұлт жанашыры" табыла кетеді. Бір қызығы, біздің билік әйелдерді пайдалануға әбден машықтанып алды. 80-нен асқан Бибігүл әжеміз қалай қызмет етті. 70-тегі Алтыншаш шешеміз Мұхтар мен Серікжанды сайлауға жібермей қандай "ерлік" жасады. Ал мына Айгүл Қохаева биліктің емеурінін алыстан сезетін епті әйел екен :дер кезінде өте қажетті мақаланы жарқ еткізіп шығарды. 25-ақпандағы митингтің қарсаңында бұл баға жетпес қолқабыс қой. Сыйақысы да қомақты болар...
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
03.02.2012 23:08
+0 / -0
Фариза деген апамыз да қан төгушілерді жақтаймын деп онсыз да азайып бара жатқан беделін нөл қылып алды.

Кімнен: zheltocsan
03.02.2012 23:33
+0 / -0
рас болса билікпен ымыраға келмеген Батырхан Дәрімбетті де операциядан өлді деп еді.