Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:29

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ / Саяси оппозицияны қудалау

Оппозицияның тағы екі белсендісіне айыппұл салынды

Алматы қаласының әкімшілік соты қаңтардың 28-нде өткен рұқсат етілмеген шеруге қатысқан екі белсендіге айыппұл төлеуге үкім етті.

"Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы наразылық шеруінде сөйлеп тұр. Алматы, 28 қаңтар, 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Алматы қаласының әкімшілік соты бүгін "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы мен суретші Қанат Ибрагимовқа қаңтардың 28-інде өткен рұқсат етілмеген шеруге қатысқаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (32 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.

​Рұқсат етілмеген шеруге қатысқан Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның ісіне өзгерістер енуіне, парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова мен «Желтоқсан» қозғалысының белсендісі Құрманғазы Рахметовтің Алматы қаласында болмауына байланысты бұл әкімшілік істерді қарауды сот кейінге шегерді. 
Суретші Қанат Ибрагимов (сол жақта) наразылық акциясында сөйлеп тұр. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл.
x
Суретші Қанат Ибрагимов (сол жақта) наразылық акциясында сөйлеп тұр. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл.
​​
Қаңтардың 28-інде Алматыда ЖСДП жетекшілері Жаңаөзен оқиғасы кезінде оқ атылғанын айыптап, парламент сайлауының нәтижелеріне наразылық білдіріп, шеру өткізген болатын. 

Шеру өткен күні Алматының ауданаралық әкімшілік соты Болат Әбілев, Әміржан Қосанов және Әмірбек Тоғысов үшеуіне «бейбіт жиындар мен митинг өткізу заңдылықтарын бұзды» деген айып тағып, 15 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарды. 

Ал Жармахан Тұяқбайға 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 200 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынған еді. Үкімді орнынан тұрмай тыңдағаны үшін және пікірін отырып айтқаны үшін »сотқа кұрмет көрсетпеді« деп айыпталған Болат Әбілевтің жазасына тағы үш тәулік жамалып, ол 18 тәулікке қамалды.

Ал қаңтардың 30-ы осы шеруге қатысқан Мұхтар Шахановқа - 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (шамамен 150 АҚШ доллары), Мұхтар Тайжанға – 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 200 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынған болатын. 


 



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Абыз Қайдан: Алматы
01.02.2012 13:47
+0 / -0
Опазиция толығымен қазаққа бұрылмай, тек қана қазақша сөйлемей, қазақ мүддесін бірінші орынға шығарып, соған қызмет етпей қазақ халқы орыс тілді, орыс жанды опазицияға ермейді. Негізі біздің опазиция ондай қадамға бара алмайды. Өйткені оларда орыстың құлақ кесті таза құлы. Сондықтан Мұхтар Шаханов бастаған ұлт зиялылары Мұхтар Тайжан сияқты ұлтшыл саясаткерлердің басын қосып, жаңа партия құрғаны жөн деп білемін.
Пікір алмасу

Кімнен: Тасайтегі Қайдан: АЛМАТЫ
01.02.2012 15:01
+0 / -0
РЫСБЕК қазақ журналистикасында жүрген жігіттердің,ең жүректісі,ең біліктісі. РЫСБЕК ағаны " қазақтың жан -дүниесінің барометрі"десе болады.Осындай ағаларымыздың соңынан еруге дайынбыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Сәке Қайдан: Алматы
01.02.2012 16:41
+0 / -0
Тасайбаласы, Рекеңнің кім екенін жақсы білмейсіз-ау шамасы, тым тыштыртып мақтап жіберіпсіз. Кім екенін білу үшін автобиографиясына үңілсеңіз артық болмас еді. Қазақ осындай алданудан өмір бақи опық жеп келеді емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Тарбағатай Қайдан: Алматы
01.02.2012 17:34
+0 / -0
Толық қосыламын. Митингідегі сөзін айызым қанып отырып тыңдадым. Айтайын дегенім, "Жас алаш" менде ашылмайды
Пікір алмасу

Кімнен: Масат Қайдан: Ақтау
01.02.2012 16:09
+0 / -0
Онанда іріткі салушымын десейші. Кешегі Жаңаөзенде қазаққа оқ атқандар қазақша сөйлеп жүрді ғой, оған не айтасың. Сондықтан , ең басты нәрсе- ол демократия. Ал қазақ тілінің кенже қалуына күнәкәр - Назарбаев бастаған билік, ниет болса алдақашан бәрін үйретуге болатын еді, оларда ниет жоқ. Бос сөзден басқа ештеңе білмейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Тарбағатай Қайдан: Алматы
01.02.2012 17:31
+0 / -0
Қазақ тілді, орыс тілді деп бөліп-жарудың қажеті қанша? Ірі қалаларда орыс тілділер көп, олардың арасында да Назарбаевқа қарсылары бар. Митингтен көрген жоқсыз ба? Әлде Жаңаөзенде қырылған қазақ екен деп, тек қазақтың қасіреті демексіз бе? Бұл барып тұрған адамзақа қарсы қылмыс, сондықтан да қандай да бір жалғыз ұлттың бас қайғысы деген ұғымға сыймайды. Біле-білсеңіз 86-жылғы қазақ жастарының көтерілісі ұлттық сипатта болғанымен 70 жыл 16 елді құрсауында ұстап келген Кеңес үкіметінің іргесін шайқалтқан дәл сол көтеріліс болатын. Сең қозғалтты. Жаңаөзендегі көтерілісті басып-жаншу сорақылығы жағынан 86-ның желтоқсанынан асып түсетіндіктен біздегі төңкерістің ауылы алыс емес, иншалла.
Пікір алмасу

Кімнен: Самат
01.02.2012 17:33
+0 / -0
дұрыс айтасың. мен осындай пікірімді желтоқсан айында айтқам.
Қазір өз ел өз жерінде қорлық көріп отырған тек қазақтар. Сондықтан шынайы оппозиция бар болса ол қазақша сөйлеп, халықтың арасына баруы керек.
Орыстардың, халықаралық ұйымдардың бізге еш көмек бермейтінін түсінетін кез келді.
Қазақтың мәселесін тек қазақтар өздері ғана шеше алады!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Алмас Қайдан: Алматы
01.02.2012 23:11
+0 / -0
Абыз бен Самат (Абыз деп ат қойғаныңа қарағанда бір делқұлысың ғой деймін),сол митинггте бір орыс әйелі : мен орыспын, бірақ казашкамын, маған әділеттік, теңдік керек, деп сөйлеп, бүкіл жиналғандарды тебірентті. Физикада, химияда ұлт болмаса, әділеттік, шындық, демократия, сөз бостандығы, адам құқықтарын сақтау сияқты жалпыадамхаттық құндылықтарда да ұлт,география болмайды. Ресейде диктатор Путинге қарсы түрлі бағыттағы (ішінде кімдер жоқ-коммунмстер, либералдар, анархистер, шовинистер, т.с.с.)партиялар мен қозғалыстар бірлесіп күреске шықты.. Сен екеуің не биліктің жалдамалы малайысыңдар, не саяси саналарың кешегі советтік ПТУ деңгейінде қалған надансыңдар.
Сөзімді рәсуа қылмай осымен доғарайын деп едім, бірақ екеуіне мына сұрақты қоймауға болмады : Маңғыстауда орыс келіншегі Соколова не үшін 6 жылға сотталды, саясаткер Козлов пен журналист Винявский неге абақтыда отыр... Немене, олар қазақтарды тәуелсіздігінен айырып Ресейге қосамыз деді ме. Ал шындығында бізді Ресейге кім қосып жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Әмірбек Қайдан: Апматы
01.02.2012 23:22
+0 / -0
Митингке қатысқандардың бәрін де соттамақшы ма. Мен де қатыстым, жасырмаймын.Полицияға барып айтсам, мені де жазалай ма. Барып көрейін бе.Бірақ ақша жағынан ұяттымыз. Сонда жиналған мың адам барсақ қайтеді...25- ақпанда бәрі бір барамын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 09:33
+0 / -0
1000*ды қайдан шығарып жүрсіңдер .,ақпараттқұралдарының көбісі 2000 дейді. интернеттегілер ғана азайта береді. Әлде мен білмейтін интернеттегі кез келген цифрды екіге бөліп түсіну керек пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Асқар Қайдан: Алматы
02.02.2012 11:35
+0 / -0
28-інде қатысқандардың саны бірде бір мың, бірде екі мың деп айтылып жүр. Қайсысы дұрыс. Жиналғандарды санау болғаны ма. Келесі 25- ақпандағы митингке қатысушыларды есепке жүйрік адамдар дәпме -дәп етіп санаса дұрыс болар еді. Менің болжауымша 5 мың мен 10 мыңның аралығында болуға тиіс.