Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:30

САЯСАТ / Партиялар

Президентшіл «Ақ жол» партиясынан сайлауға 79 адам түседі

Қатары кәсіпкерлермен жаңарған «Ақ жол» партиясы жексенбіде Алматыда съезін өткізді. Партия белсенділері кезектен тыс парламент сайлауына Назарбаевты толық қолдайтын саяси ұйым ретінде түсетінін мәлімдеді.

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев. Алматы, 27 қараша 2011 ж.
Мәтін көлемі - +

Қарашаның 27-і күні Алматыдағы «Қарғалы» санаторийінде «Ақ жол» партиясы 10-шы съезін өткізді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтындарын мәлімдеген партия 2012 жылғы қаңтардың 15-іне тағайындалған кезектен тыс парламент сайлауына 79 адам ұсынып отыр. Партиялық тізімдегілерінің дені – кәсіпорын жетекшілері, сонымен бірге бірнеше ақын-жазушы және бір Олимпиада чемпионы бар.

НАЗАРБАЕВТЫ ҚОЛДАЙТЫН ПАРТИЯ

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, «Ақ жол» президент Назарбаевты қолдай отырып, осыған дейін бірпартиялы болып келген парламентке өзгеріс енгізу, қоғамға тың серпін беру үшін саяси науқанға түспекші.

– Қазақстанның саяси мәдениеті өркениетті оппозиция қалыптастыруға пісіп-жетілді, оның мақсаты – билік партиясымен бәсекеге түсу. Бірақ, ол қоғамды қаққа жару үшін емес, озық ойлы адамдарды біріктіру үшін, мемлекетті шайқалту үшін емес, демократиялық конституциялық құрылымды нығайту үшін, баршамыздың жалғыз, сүйікті, туған мемлекетімізде әрбір қазақстандыққа лайықты қарым-қатынас болуын қамтамасыз ету үшін жасалмақ. Біз осы мақсаттардың бәріне жетуді президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да айтып жүргенін жақсы білеміз. Бұл орайда «Ақ жол» партиясы мемлекет басшысына жан-жақты қолдау білдіреді, – деп мәлімдеді Азат Перуашев.

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтің съездегі сөзі


Ол сөзінде бұған дейін партияның қозғаушы күші белсенді зиялы қауым болса, соңғы кезде партия қатары бизнес өкілдерімен толыққанын да атап өтті. «Зиялы қауымның қаруы – ой мен сөз болса, бизнестің қаруы - іс, «Ақ жол» бүгінде нақты сөз бен істің партиясы», – деді Азат Перуашев.

«Ақ жол» партиясының 10-шы съезіне саяси ұйымның бұрынғы жетекшісі Әлихан Бәйменов келген жоқ. Съезде тек ақын Серік Тұрғынбекұлы ғана Бәйменовті есіне алды. Жұма күні Астанада Назарбаевтың қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясының съезінен Бәйменовті көріп қалған кейбір
«Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Әбдіжаппаров, 27 қараша 2011 ж.
​​журналистер ол сол партияның қатарына өткен бе деген сауалдар қойды. Алайда Азат Перуашев қазірде мемлекеттік агенттікті басқаратын Әлихан Бәйменовтің «Ақ жолдың» мүшесі болып қалғандығын айтып отыр.

ЖАРЫССӨЗ

Съез мінберінен сөйлеген шешендердің бірқатары бүгінгі «Ақ жол» партиясын өткен ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің ісін жалғастырушыға теңеді. Сол сияқты, президент Назарбаев пен «Ақ жолдың» жетекшісі Азат Перуашевтың атына да мадақтау сөздер айтылды.

– 20 жыл бойы ұлт көшбасшысының жүргізіп келе жатқан саясатының қолдаушысы бола отырып, Перуашев партияны қазіргі заманғы қауіп-қатерге қарсы қоғамды саяси біріктіретін қуатты құралға айналдыра білді. Дұрысында, қазіргі кезде біздің ортақ үйімізде тыныштық пен бейбітшілік сақталуы үшін әрбір қазақстандық Назарбаевшыл болуы тиіс, – деді «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Әбдіжаппаров.

«Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Әбдіжаппаровтың партия съезіндеі сөзі.


Кентау трансформатор зауытының вице-президенті, «Жас маман» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Еркебұлан Ильясов өзі және бірлестік атынан президент Назарбаевтың саясатын қолдайтыны туралы көпшілік алдында мәлімдеді.

«Жас маман» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Еркебұлан Ильясовтың сөзі



Қазақ тілінің тағдыры мен совет заманында қазақ жерінде болған ашаршылық құрбандарын сөз еткен жазушы Смағұл Елубай президент Назарбаевтың айтқанын үлгіге келтіріп, қатары кәсіпкерлермен толыққан «Ақ жол» әлеуметтік әділет туын көтерген партия болуы тиіс деген ойын білдірді.

Жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ жол» партиясы съезіндегі сөзі


«АҚ ЖОЛ» ТІЗІМІ

Президентшіл «Ақ жол» партиясының 10-шы съезі алдағы кезектен тыс парламент сайлауына партиялық тізімін бекітті. Оған енген 79 адамның көпшілігі – кәсіпорындар басшылары мен кәсіпкерлік ұйымдардың
Жазушы Смағүл Елубай «Ақ жол» партиясының съезінде. Алматы, 27 қараша 2011 ж.
​​жетекшілері. Солармен қатар бұл тізімде партия төрағасы Азат Перуашев, оның орынбасарлары Людмила Жуланова мен Бөріхан Нұрмұхамедов, экс-депутат Амангелді Айталы, жазушы Смағұл Елубай, ақын Исраил Сапарбай, журналист Қазыбек Иса, Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев және басқалар бар.

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы болып биыл шілденің 2-і күні сайланды. Ол соның алдында ғана «Нұр Отан» партиясы қатарынан шыққанын мәлімдеген еді. Ал сол уақытқа дейін партияны басқарып келген Әлихан Бәйменов президент Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстанда 2002 жылы құрылған «Ақ жол» демократиялық партиясының сол кездегі саяси қарсыластарының бірі болған президентшіл «Азаматтық партиясының» жетекшісі Азат Перуашев еді.

Кейін, 2005 жылы «Ақ жол» партиясының ішінен жік шығып, Әлихан Бәйменовті «Ақорданың адамы» деп айыптап, одан іргесін аулақ салған Алтынбек Сәрсенбайұлы, Болат Әбілов, Ораз Жандосовтар бастаған топ «Нағыз Ақ жол» партиясын құрды.

2006 жылы ақпанда Алтынбек Сәрсенбайұлы қастандықпен өлтірілді. Сол жылы қараша айында «Азаматтық партия» президент Назарбаев төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясына қосылды, Азат Перуашев сол партияның қатарына өтті.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Жеккөруші Қайдан: Қасиетсіздер елінен
27.11.2011 21:57
+0 / -0
Осылардай қасиетсіз сатқын адамдарды өлердей жек көремін.
Алтынбек және басқа өлтірілгендер мен сотталғандардың обалы осылардың мойнында.

Кімнен: Мысқыл
27.11.2011 22:54
+0 / -0
е-е-еп, бәсеее! неғып тек жалғыз Әбіш Кекілбай ғана "жүрек жұтып" қол сүйді десем, бар екенсіңдер ғой, айналып қана кетейін жәдігөйліктің жалауын желбіреткен жазушылармыз бен қайлақылықтың майы мен балын тамызып, патшаның алдында жер бауырлап жыр жазатын жағымпаз сарай ақындары!...

Пах-пах, енді бір ышқынсыңдар, Назарбайды Алладан да асырып жібересіңдер мына түрлеріңмен. Кәне, тағы да күшеніп сөйлеңдерші, қаттырақ-қаттырақ күшене түсіңдер! Әбден жыртылсын! Ал жыртылған соң апарып "көшбасшы" ұрыларыңа көрсетіп, мемлекеттік сыйлық, пәтер, балдарыңа жайлы қызмет алып қалуларың бек мүмкін!..
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
28.11.2011 00:34
+0 / -0
"Ақ патшаға" жағу үшін жәдігөйліктен бұрынғылардан да озу керек, күннен күнге ол да қиындап бара жатыр. Әбіш ағамыз қолын сүйіп бір айды аспанға шығарды, бұлар не істер екен.

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
28.11.2011 00:47
+0 / -0
Ресейдің саяси технологтарының жұмысы көрініп тұр. Артистер, спортшылар өріп жүр, жақсы дайындалған екен. Нұротан, Ақжол,Руханият үшеуі де биліктің сценариі , егіздің сыңарларындай, үшен деп айтуға болады. Оппозицияны солай жеңеміз деп отыр ғой. ЖСДП- да әншілер мен спортшылар жоқ, сол жерден алдырып тұр. Бірақ, ЖСДП-ның бір артықшылығы бар, және сол шешуші болады. Ол ЖСДП-ның құрамында жәдігөйлер мен жантықтардың жоқтығы. Халық олар ойлағандай ақымақ емес, ЖСДП жеңеді. Тек бір кеңесім ,халықтың даусын ұрлауға мүмкіншілік бермеңдер. Ұрласа, қарсылық шараларына дайындалу керек.

Кімнен: Ердене Қайдан: Алматы
28.11.2011 01:14
+0 / -0
Жетектеген тазы түлкі алмайды деп еді мына заманда алатын болды ғой.

Кімнен: Сараман Қайдан: Қазақ даласынан да..
28.11.2011 06:18
+0 / -0
Негізі сатқын, жәдігөй адамның жұрмейтін жері болмайды. Ілгеріде әлихан Бәйменов (атын бас әріппен де жазғың келмейді, бірақ бабасының қатысы жоқ деп ойлаймын) айналасындағы "жас бөрілерді" сатып кеткенін білмейтін адам жоқ деп ойлаймын. Сол сатқын өзіндей тағы бір сатқынды алыстан танып, (Азат Перуашев) соған өзінің орынын беріп кеткен бұл партия халыққа іріткі салғаннан басқа не оңдырар деп ойлайсыз? Билік-Байменов-Перуашев "үшемінің", яғни сатқындардың жолын кесіп тастау-біздің бас міндетіміз болу керек!!

Кімнен: ДОк Қайдан: Туркстан
28.11.2011 11:04
+0 / -0
Мына жолдар жазылған кезде 6 пікір бар еді, өкінішке орай олар пікір емес - арандатулар. Негізінен мұндай арандатудың тегі қайдан шығып тұрғанын табу қиын емес, ол Ливия, Египт, Грузия т.с.с. мардымсыз халықтарды мойынсұндырған ажал. Осы алтаудың құлақтарына алтын сырға - өзге елдің сұлтаны болғанша, өз елдің ұлтаны бол...
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
28.11.2011 17:47
+0 / -0
Осы сөздерді Нұрсұлтанға айтып көріңізші. Сосын 7 айдан бері әділдікке жете алмай тұрған мұнайшылар Қазақстанды өз елім деп еміреніп айта алар ма екен, сұрап көріңізші солардан.

Кімнен: Антивирус Қайдан: Алматы
28.11.2011 11:26
+0 / -0

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ !!!

…в список делегатов на съезд партии “Нур Отан” от Астаны вошли заместитель генерального секретаря ООН Касым-Жомарт Токаев, премьер-министр Карим Масимов, министр обороны Адильбек Джаксыбеков, аким Астаны Имангали Тасмагамбетов, глава минэкономразвития Кайрат Келимбетов, министр связи и информации Аскар Жумагалиев, президент “Казахстан темир жолы” Аскар Мамин и другие……………….

Қазақстанның болашағына сенетіндер – өз ҰРПАҒЫН қазақ тілді балабақшада тәрбиелеп, қазақ мектебінде оқытуға НИЕТІ бар және оны орындауға МЫЙЫ-ЖІГЕРІ-ҚАЙРАТЫ жететін АЗАМАТТАР.

«НҰРОТАН» ХДП қатарында осындай, ҚАЗАҚТЫҢ болашағына сенетін, АЗАМАТТАР қаншалықты!?

Алдағы Парламенттік сайлауда, Тәуелсіздіктің арқасында, санасы құлдық психологиядан тазарған әр бір АЗАМАТ өз Елінің болашағына сеніп, бүкіл іс-әрекетін мемлекеттік – қазақ тілінде жүргізетін ПАРТИЯҒА ғана дауыс беретін шығар.

ТОЛЫҒЫМЕН ОҚУ:http://internettv.kz/#/​?p=4152#more-4 152

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
28.11.2011 11:33
+0 / -0
Нұроотан, Ақжол ,Руханият - үшеуі бір қолдан шыққаны көрініп тұр, аты жөндері өзге демесеңіз, құрамы копировкадан щыққан сияқты. Политтехнологтар қанша тыраштанғанмен, қолдан жасалғанның аты қолдан жасалған, ол табиғи құрылғандай болмайды, сол жалғандығы көзге ұрып тұр. Ұқсастығы- үшеуі де жағымпаздар мен жәдігөйлерден құралған. Қазақ "жігітке ұры деген жақсы атақ емес" дейтін еді, солай демегенде қалай дейміз.Осы ұқсастықтары олардың ең осал тұстарының бірі деп есептеймін, оңбай қателесіпті. Қолдан жасалғаннан кейін, шатаспаулары да мүмкін емес еді. Енді тек халықты сайлауға бару керектігін түсіндіріп, бақылау, санау жағын жақсы ұйымдастырсақ, әрине көпшілік халықсыз шаруа бітпейді, жұмылсақ ,серпіп тастау қиын дүние емес.

Кімнен: Батырхан Қайдан: АСТАНА
28.11.2011 12:58
+0 / -0
ҰЛТ МҮДДЕСІ ҮШІН КҮРЕСІП ЖҮРГЕН НАҒЫЗ ҚАЙРАТКЕР ҚАЗЫБЕК ИСА "АҚ ЖОЛДА" БОЛСА, ОНДА БҰЛ ПАРТИЯҒА ДАУЫС БЕРУ КЕРЕК. ОЛ 138-ДІҢ ХАТЫНЫҢ АВТОРЫ, МИТИНГІДЕ "ЕГЕР МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІН АҚОРДА ШЕШПЕСЕ, АЛАҢДА БІЗ ШЕШЕМІЗ" ДЕГЕН БАР ГАЗЕТТЕР МЕН САЙТТАР ЖАРИЯЛАҒАН, ОРЫС ЖУРНАЛИСТЕРІ СОЛ ҮШІН ЖАБЫЛЫП СЫНАП ЖАТҚАН АТАҚТЫ СӨЗДІҢ АВТОРЫ. М. ШАХАНОВТЫҢ ЕҢ ЖАҚЫН СЕРІКТЕРІНІҢ БІРІ БОЛА ТҰРЫП, ОНЫҢ : "ОРЫС ТІЛІ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ТІЛІ БОЛСЫН" ДЕГЕНІНЕ КЕЛІСПЕГЕН, ҚАЙСАР АҚЫН. БАТЫРХАН.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
28.11.2011 17:50
+0 / -0
Ақжол сатқындар партиясы. Сол сатқындарға қосылған адамды қалай ұлықтасаң да, абыройы бір тұтам.

Кімнен: Aqorda Explorer Қайдан: Барзақстан
28.11.2011 17:29
+0 / -0
"Президентшіл" партия...
Бір партияның басқа партиядан айырмашылығы - ең болмаса көзқараста болуы керек.
Тек бізде ғана осындай саяси синтезден құбыжық-құрылымдар тууы мүмкін.
Бұрын лоқсып қоя беретін едік, енді шылапшын әкеліп, жақсылап бір құсып алу керек болып тұр.

Кімнен: Шапырашты емес
28.11.2011 18:57
+0 / -0
2001 жылы ДВК құрылған кезде, елде бір өзгеріс болып қалатын шығар деген үміт болып еді. Кейін жастүркілердің екіге жарылуы жаңадан пайда болған қозғалыстың болашағын бұлыңғыр етті. Мен қазақ оппозициясын немесе демократияға бет бұрған жігіттердің саясаттағы өмірін үщ кезеңге бөліп қараймын. Ең алдымен ДВК-ның құрылуы, екіншісі Алтынбектің және Заманбектің қастандықпен өлтірілуі, үшіншісі Әлихан Байменовтың сатқындығы. Міне, осы үш кезең немесе оқиға қазақ демократиясының болашағына балта шапты. Соңғы екі оқиға - қазақстанның демократиясын тағы да 20 жылға шегерді.

Бір қызығы, адам өміріндегідей, саясатта да біз күтпеген оқиғалар болады екен. Ақ жол партиясы екіге жарылған кезде, оның дүние мүлкінің бөлінуі байынан ажырасқан бетпақ қатынның әрекетін елестетіп еді. Өмір деген қызық екен.

Жақында Әлиханды Нұр Отан партиясының съезінде көріп қалдым. Семіріп алыпты.

Ал биыл Заманбектің бейітіне оның жолдастары келмеді.

Өмір деген қызық екен.