Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:35

САЯСАТ

ОСК: дауыс беруге сайлаушылардың 75 пайызы келді

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихаттар сайлауына сайлаушылардың 75 пайызы қатысқанын хабарлады. Сайлаудың алдын ала қортындысы жақын күндері белгілі болмақ.

Алматыдағы №263 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген сайлаушы. 15 қаңтар 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қазақстанда қаңтардың 15-і өткен кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауына сайлаушылардың 75 пайызы қатысқаны хабарланды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов жексенбі күні Астанада жергілікті уақытпен сағат 22.30-да өткен брифингте жария етті.

–  Жалпы, республика бойынша сайлаушылар тізімінде тіркелген 9 миллион 300 мың сайлаушының 6 миллион 980 мыңы, яғни 75,07 пайызы дауыс беруге келген. Қазір барлық сайлау учаскелерінде дауыс жинау жүріп жатыр. Айта кетейін, сайлау заңына сәйкес, сайлау учаскесінде дауыстарды санап шығу уақыты санау басталған кезден бастап 12 cағаттан аспауы тиіс, – деді Қуандық Тұрғанқұлов.

Ол Қазақстаннан тыс жерде 56 сайлау учаскесіндегі мәліметтер кейін түсетінін айтты.

Орталық сайлау комиссиясының жексенбі күнгі жариялап отырған мәліметтері бойынша, Астана уақытымен сағат 14-ке дейін түскен деректерде Қазақстанда сайлаушылардың 55.5 пайызы, яғни 5 миллион 162 мың 922 адам дауыс бергені хабарланды.

Оған дейін, яғни сағат күндізгі 12-дегі мәлімет бойынша, сайлау тізіміне енген азаматтардың 35,3 пайызы, ал таңертеңгі сағат 10-дағы деректер бойынша, сайлаушылардың 15,8 пайызы сайлау бюллетеньдерін алғаны хабарланған еді.

«ӘДЕТТЕГІДЕЙ ТАҢДАУ»

Сол күні таңертең Астанадағы ұлттық кітапханада орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берген президент Нұрсұлтан Назарбаев елдегі кезектен тыс парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы «ашық және әділ өтуі үшін барлық шаралар жасалған» деп мәлімдеді.

«Бүгін халық дауыс беріп өз таңдауын жасайды» деген Назарбаев ел азаматтарының «әдеттегідей тұрақтылық пен тыныштық үшін дауыс беретіндігіне» сенімді екендігін айтты.

– Біз үшін бұл - үлкен емтихан. Қазақстандықтар еліміздің еркін болашағы үшін,
ЖСДП партиясының жетекшісі Жармахан Тұяқбай №311 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. Алматы, 15 қаңтар 2012 ж.
x
ЖСДП партиясының жетекшісі Жармахан Тұяқбай №311 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. Алматы, 15 қаңтар 2012 ж.
​​отанымыздың тыныш өмірі үшін дұрыс таңдау жасайтындығына сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Бұл кезде Алматыдағы №159 мектеп-гимназиясында орналасқан №311 сайлау учаскесінде дауыс берген Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Жармахан Тұяқбай журналистерге әр адамның өзі үшін дауыс беруі керек екенін, сайлаудың әділ өтетіндігіне жылдан жылға сайлаушылардың сенімі азайып бара жатқанын айтты.

– Сайлаудың нәтижесі қалай болса да, біз 17 қаңтар күні митинг өткіземіз, – деді Жармахан Тұяқбай.

КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУ

Қазақстанда парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға дауыс беру қаңтардың 15-і күні Астана уақытымен таңғы сағат 7-де басталды.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, жексенбі күні сайлаушылар Қазақстан аумағы және шетелде ашылған 9 мыңнан аса сайлау учаскелерінде дауыс берді.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7-де басталып кешкі сағат 8-де
Алматыдағы №263 сайлау учаскесінде дауыс беру басталар алдында орындалған мемлекеттік әнұранды қосылып айтып тұрған сайлау комиссиясының мүшелері. 15 қаңтар 2012 ж.
x
Алматыдағы №263 сайлау учаскесінде дауыс беру басталар алдында орындалған мемлекеттік әнұранды қосылып айтып тұрған сайлау комиссиясының мүшелері. 15 қаңтар 2012 ж.
 ​​аяқталды. Дауыс беру өтіп жатқан сайлау учаскелерінің алдында қоғамдық ұйымдар экзит-пол жүйесімен сауалнама өткізді.

Ресми дерек бойынша, 16 миллионнан аса тұрғыны бар Қазақстанда 9,3 миллион сайлаушы тіркелген.

Бұл жолы парламент мәжілісіндегі 98 орын үшін елде жеті саяси партия өзара бәсекеге түсіп жатыр. Олар - президенттік «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, «Қазақстан патриоттары» партиясы және Коммунистік халық партиясы.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы «Руханият» партиясын сайлаудан алып тастаған. Оған осы ұйымның бұрынғы жетекшісінің бас прокуратураға берген арызы негіз болды.

Бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі - елдің сайлау заңнамасына соңғы жолы енгізілген толықтыруларға сәйкес, мәжіліске кемінде екі саяси партия өтуі тиіс. Заңда көрсетілгендей, егер парламентке өтуге қажетті жеті пайыздық межені жалғыз ғана партия еңсерген жағдайда, дауыс беру қортындысы бойынша екінші орын иемденген партия, сайлауда қанша дауыс алғанына қарамастан парламентке өтеді.

Ал парламент мәжілісі депутаттығына тағы тоғыз адамды қаңтардың 16-сы күні ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев басшылық ететін Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды.

Қазақстандағы биылғы сайлауды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы, ТМД және Шанхай ынтымақтастағы ұйымы миссиясы сияқты 8 халықаралық ұйымдар мен 80-нен астам шет мемлекеттен жиыны 800-ден аса халықаралық бақылаушы қадағалайтыны хабарланған еді.

Сайлаудың барысын жариялау үшін жүзден астам шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тіркелген.

Қазақстан қоғамы «көппартиялы парламентке мұқтаж екенін» айтқан президент Назарбаев былтыр қарашаның 16-сы күні парламент мәжілісін таратып, 2012 жылы қаңтардың 15-інде елде мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 5
    Келесі 
Кімнен: бақылаушы
15.01.2012 07:39
+0 / -0
басталды
Пікір алмасу

Кімнен: Мұрат керей Қайдан: Жаңаөзен
15.01.2012 09:38
+1 / -0
Рахат Әлйевтің сөзне сенер болсақ, бұл сайлаудың нәтйжесі 30-31 желтоқсанда дайындалып қойған, сайлаұға ел бойынша бірде-бір адам бармасада нәтійжесі 95% адам даұыс беріп, 98% сайлаушы "ҰРЫ ОТАН" қолдап шықты деп, ұйатсыз беттер БҮЛК етпестен кеште ана "Хабар" "Қазақстан" кеште айтады, сенбесең қарада тұр...
Пікір алмасу

Кімнен: Марат Досалиев Қайдан: Қазақия
15.01.2012 12:00
+0 / -0
Мұрат бауырым, тәуелсіз ел болып, демократиялық даму жолына түскелі маңызы өлшеусіз саяси науқанның қадір-қасиетін ұғына бастадық. Халықаралық байқаушылар мен сарапшылардың үзбей қатысуы Қазақстандағы сайлаулардың ашықтығын, мөлдірлігін, жариялылығын арттырды. Ең бастысы, сайлау мәдениеті қалыптасты. Саяси ұйымдар электоратқа ықпал етудің, өзіне тартудың барлық жолдарын қарастырып отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 14:05
+0 / -0
Мұрат мырза, дәлелсіз мәліметтер таратып, халықты шатастырудың еш қажеті жоқ. Сайлаудың нәтижесі бойынша әр партия өзіне лайықты бағасын алатынына сенеміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 16:49
+0 / -0
Мұрат баұрым дұрыс айтады, елдің-күннің аманында өздерінің табан-ет маңдай терін талап етіп көшеге шыққан қарапайым өз қазағын 7 ай әүре сарсанға салып, ақыр айағы КГБ ның жендет йтерін халықтың ішне әдейі кіргізіп бүлік шығарып, ол мұнайшы адал адамдарды тапа-тал түсте қынадай қырып салды,Марат баұырым сен бұл бйліктен қандай жақсылық күтіп отырсың, жоқ сен ана "Хабар" мен "Қазақстан" айтатын Теле-экранның ішіне кіріп алып өмір сүріп жүрсің бе?
Пікір алмасу

Кімнен: Марат Досалиев Қайдан: Астана
15.01.2012 21:03
+0 / -0
Аты жөні көрсетілмеген азаматқа! Елдегі жүргізіліп отырған игі істерден мақұрым қалыпсыз. Біздер бүгінгі бар бақытымыз үшін Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлына қарыздармыз, борыштымыз! Өйткені, ол біздің Тәуелсіздігіміздің басты қаһарманы. Сондықтан, жарқын болашағы, жарқыраған ертеңі бар туған халқымызға жан-тәнімен қалтқысыз қызмет етушіге тілеулес болайық.
Пікір алмасу

Кімнен: Ернур Қайдан: Алматы
16.01.2012 16:06
+0 / -0
Сайлауға мен де барып өз дауысымды бердім!!! Бәрі де жақсы ұйымдастырылған. Нұр Отанды қолдағаныма өкінбеймін. Нұр Отанның сенімімізді ақтайтыныма күмәнім жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Nurseit Қайдан: Astana
17.01.2012 14:49
+0 / -0
Мурат бауырым, жалған сөздерге сенгенді қою керек! сондай сөздерге сене берсек болашақ Қазақстан қандай болмақ! ойланып жазайық!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Рахым Тәңірбергенов Қайдан: Түркістан
15.01.2012 15:24
+0 / -0
Иә, басталды. Түркістан қаласында А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Л. Ташимов университет студенттері мен оқытушыларын автобустарга салып, сайлау участкелерін аралауды бастады. Кешкі сағат 17.00-ге дейін олар барлығы 12 сайлау участкесінде болып «Нұр Отан» партиясы мен облыстық мәслихатқа үміткер болып түсіп отырған университет президенті Л. Ташимовқа дауыс беруі қажет. Сайлау учаткелерінде студенттерге бюллетеньдер еркін таратылып, олар «Нұр Отан» партиясының 98℅ жинақтауына өз үлестерін қосады. Бұл ұлан-ғайыр жоспардың артында қалалық «Нұр отан» партиясының төрағасы Рысбеков Ғани Құрмашұлының сарабдал саясаты жатыр. Мінеки, түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында сайлау осылай демократиялық жолмен жүріп жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: адал Қайдан: ақтау
16.01.2012 02:02
+0 / -0
28 мкр-ғы сайлау учаскесіне көп адам барған жоқ, мұғалімдер жеті-сегізден қайта-қайта барып салдық-деп отыр!
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбеден
16.01.2012 22:31
+0 / -0
Қазақтың қасиетті жерінде, қасиетті қаласында осындай қылмысқа жастарды итерген ректор Ташимовтың ата - бабасы көрде өкірсін! Ұрапқтары мылқау тусын! Ал, жігерсіз студенттерге айтатынымыз - аяқ-қолың сынсын!
Пікір алмасу

Кімнен: DDoS-шабуыл Қайдан: Тау
15.01.2012 15:36
+0 / -0
Ертең жексенбі деп түні бойы кино көріп, таң ата жатқам, жаңа тұрдым. Әйелім келіп тұр сырттан. Тойға баратындай костюм киіп алыпты.
- Қайда жүрсің, шәй қойшы!
- Біз мұғалім байғұстар қайда жүруші ек! Сайлау деп, точно келмейді дегендердің орнына дауыс беріп келдік!
- Қайсысына?
- Қайсысына болушы ед! Өзің де шығып, ауа жұтып дауыс беріп келсеңші...
- Мен беретін партия жоқ!
- Бәрібір "нуротан" жеңеді ғой...
- Шықсам шығып қайтайын ауа жұтуға... бірақ көк түтін ғой біздің Құлагерде...

Пи Эс: Әйелім шәйға шықырып жатыр. Сол кезде ойланармын... бару, бармауды...

Кімнен: Жәй адам
15.01.2012 08:30
+0 / -0
Дауыс ұрлау басталды десеңізші.
Пікір алмасу

Кімнен: Абок Қайдан: алматы
15.01.2012 09:30
+0 / -0
3 4 жерде камера койылды
Пікір алмасу

Кімнен: Мен ғой Қайдан: Алматы
15.01.2012 10:06
+0 / -0
Әр халық өзіне сай әрі лайық өзі сүйген өзі таяғын жейтін жандарын сайлайды!

Кімнен: инфанта Қайдан: кзылорда
15.01.2012 08:31
+0 / -0
пойдем семьей незадолго до закрытия участка и проверим на месте ли наши голоса,все будем фиксировать,В случае кражи наших голосов обратимся к наблюдателям,Если голоса на месте проголосуем за ОСДП,которую власть традиционно травит,спуская на нее всех своих шавок,

Кімнен: бақылаушы Қайдан: Астана
15.01.2012 08:35
+0 / -0
Таңертеңгі сағат 8-30. Мәссаған, Назарбаев пен оның екі оққағарынан басқа әлі бірде-бір пенде бас сұққан жоқ. Оққағарының бірі (таныстығым бар еді) шығарда құлағыма келіп "ЖСДП-ға бердік екеуіміз де" деп сыбырлап кетті.
Сонымен есеп 2:1 ЖСДП-ның пайдасында. Басқа сайлаушылар жоқ болған соң ерігіп отырған бақылаушы деп түсініңіздер.

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
15.01.2012 10:01
+0 / -0
чумачейчая выборы

Кімнен: Адай Қайдан: Мангыстау
15.01.2012 10:13
+0 / -0
Дауыс калай урлайды екен?Сонда 800 астам бакылаушы айга карап отыратыны болганы ма?Ай казагым ай,казак десен таяктын бiр ушы озiне тиедi,амал не заман солай,заман емес адам солай болып тур ау!
Пікір алмасу

Кімнен: Төреші Қайдан: Астана
15.01.2012 11:24
+0 / -0
Адай бауырым! басқада отандастар олар дауысты санау кезінде бәрін дұрыс санайды протокол (хаттама) толтырған кезде де бақылаушылардың козінше бәрін дұрыс жазады мысалы: "Нұр Отан" осынша басқасы осынша деп, ал енді жоғары жаққа есеп берер кезде басқа хаттама толтырылады да жонелтіледі 95% деген сияқты. Қазір әр сайлау учаскелерінде артығымен хаттамалар дайын тұр.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
15.01.2012 12:19
+0 / -0
бізде 800ден астам бақылаушы болса дауыс беру аймақтары одан да көп. мысалы ауыл аудандарда бақылаушы деген атымен жоқ. ондай жерлерде билік ойына келгенін істейді.

сондай-ақ жакында ресейде болған дума сайлауында көптеген заң бұзушылықтарды камераға түсіріп ютуб сайтына қойды орыстар. оппозиция сайлаудың бұрмаланғанын нақты дәлелдеді. бірақ ештеңе өзгерген жоқ.
бізде де солай болады

Кімнен: Қазақстандық Қайдан: Көкшетау
15.01.2012 11:34
+0 / -0
Бұл сайлау емес нағыз спектакль, НАН бастаған "Ұры Отан" партиясының сайқымазағы. Осыған дейін осындай саяси шараға тікелей де жанама да қатысқан болатынмын. Қалай дауыс ұрлаудың айла-тәсілдерін олар әбден үйреніп алған. Былайша айтқанда фальсификация жасау олар үшін түкке тұрмайтын нәрсе.
Біріншіден сайлау бюллетенінде "барлық кандиттарға қарсымын" деген графа жоқ. Емін еркін сайлау болмаса, яғни мен таңдаған партия болмаса, сайланушы тізімде болмаса ол сайлауға мен неліктен барамын? Сондықтан да бұл саяси "қойылымға" бармауды жөн санадым.
Шамамен сағат 10.50-де 5 сыныпта оқитын баламның мұғалімі үйге телефон шалып "сайлауға бардыңыздар ма? осы уақытқа дейін неге бармадыңыздар?" деген қысым көрсетіп, мазамызды ала бастады. Мен оның мұндай сауалына мектеп мұғалімінің бұл саяси шараға қандай қатысы бар, шындап келгенде оқушыны саяси науқанның "құрбаны" қылмауын сұрадым. Мұндай көрініс сәуірдегі президент сайлауында да болған еді. Ал енді осы сайлауалды науқан басталғалы әлгі мұғалімнің осындай талаптағы бірінші рет телефон шалуы емес.
Бұған қарап бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін қол шоқпар етіп, "қара тізім "жасай бастағаны аңғарылады.
Барлық жұмыс ұйымдарында осындай тізімдер, кім қай учаскеде сайлауға барады, қанша адам, сағат бәленшеге дейін дауыс беріп, жауапты қызметкерге есеп беруі тиіс, ал ол болса одан әрі жоғары жаққа басшылыққа мәлімет береді.
Бұл сайлауға қатысу, қатыспау әркімнің өз қалауы - ол заңда қарастырылған, әзірге ешкім оны өзгерткен жоқ.

Кімнен: майкл Қайдан: қоржынтүбек
15.01.2012 12:02
+0 / -0
барлық жерде өтірік мәлімет
Пікір алмасу

Кімнен: Ainur Қайдан: Astana
15.01.2012 12:27
+0 / -0
Негізінде жасалынған істерді сынға алу кімге болса да оңай екендігі рас. Қалай десек те, не десек те біздің еліміз алға басып келеді. осы күнге дейін қанша іс шаралар өткіздік. Ең бастысы, сайлау мәдениетін үйреніп қалдық. Әрбір азамат ел болашағы үшін үлесін қосуға міндетті. Сондықтан да, бір дүние жақсартқымыз келсе, алдымен өзімізден бастайық ағайын...
Пікір алмасу

Кімнен: Нұрғожаева Қайдан: Эльнура
16.01.2012 13:51
+0 / -0
Сайлауға қатысу бұл еліміздің жарқын болашағы үшін өз үлесіңді қосу. Кеше елімізің 81% "Нұр Отанға" дауыс берді. Нұр Отанның жеңісі -халықтың жеңісі! Шетелдік сарапшылар біздің елімізің белседілігіне оң бағасын берді.
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
16.01.2012 22:16
+0 / -0
Ұры Отан дауысты ұрлап жеңіске жетіп отыр! Олар ЖСДП дан өлердей қорқады! Халықтан да өлердей қорқады! Халық бірігіп қарсы шықпауы үшін қолынан келгеннің барлығын жасауда.
Бұл жеңіс емес - жнңіліс!
Жеңіс қалмақтың жеңісі!
Жерімізді сатты; халықты құл қылды!
Орта жүз бен ұлы жүз орыстар мен немістердің аяғының астында әбден езіліп, ез болып кеткен. Ненің не екенін әлі ажырата алмай келеді!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2012 12:29
+0 / -0
Бұл таза жеңіс! Нұр Отанның жеңісі! Қазақстанның жеңісі деп білемін!!!

Кімнен: Askar Orazalinov
15.01.2012 12:07
+0 / -0
Жаңа дауыс беріп келдім, адам көп емес. Барлығы асықпай түстен кейін дауыс беретін сияқты
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
15.01.2012 12:35
+0 / -0
Атырау облысы 37,Қостанай облысы 32 пайыз үш сағатта - ақылға симайды.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
15.01.2012 12:15
+0 / -0
сайлаудың әділ өтетінінен үмітті екендігін және cайлау нәтижесі қандай болғанына қарамастан, 17 қаңтар күні митинг өткізуге Алматы қалалық әкімшілігіне өтініш білдіргенін" айтты.

=============================

қорыққан бірінші жұдырықтайды деген дана сөз бар халқымызда. Соған қарағанда ЖСДП жеңілетінін алдын ала сезген сиякты............................
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 13:54
+0 / -0
Құрметті шыбын мырза, мына жерден бірбөлім азаматтардың сайлау туралы не дегенін тыңдап алып сөйлесеңші, әлде туалетте к+ ашылмай тұр ма?
http://www.youtube.com/kplustvkaz#p/u/3/KcpZHnjjxf0

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
15.01.2012 12:26
+0 / -0
Ұятсыздар! Атырау облысы 3 сағатта 37 пайыз,Қостанай облысы 32 пайыз! Сол бюллетендерді тексерсеңіз 100 пайыз нұротан болып шығады. Фальсификация басталды.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат Қайдан: Астанадан
15.01.2012 14:38
+0 / -0
Біздер бүгінгі кенелген бар бақытымыз үшін Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлына қарыздармыз, борыштымыз! Өйткені, ол біздің Тәуелсіздігіміздің басты қаһарманы. Сондықтан, Елбасыға тілеулес болайық.
Пікір алмасу

Кімнен: Жаушы
15.01.2012 15:00
+0 / -0
16 миллион ғана... Соның ішінде жер егесі қазқтың көрген күні азап болды-ау. Дүния-мүлік жиналар, бәрінен бұрын анайы жүйелі түрде ұлттық сананы жою саясаты жүргізіліп жатқаны жанға бататын. Сондағы ойлары - санасын алдыртқан халық ата-ана, бауыр қадірін, атаменкен-ел қадірін қайдан біледі? Бір-бібімізді шімірікпей өлтіре алуға дейін жеткізді ордалы жылан. 40 мың тастанды бала, адам саудасы - баланы сыртқа сату, өзге дінмен уландыру, *Бейәдеп сөз жазбаңыз!*лік, нашақорлы, азғындық, жемқорлық, әділеті жоқ сот жүйесі, жерге зар болып, үйден айрылған, суға кету, отқа орану, бомж болып, үсіп, қол-аяқсыз қалып жатқандар, қылмыс - толған түрме. Тап бұндай болады деп кім ойлаған? Сырғып өмір өтіп жатыр, енді ес жыймасақ, артынан жөндеу қиын... Ана беттегі Сәкеннің айтқан : Жұмыр жерді қатар басып жүрсек те ортақ талап, ортақ туралық жоқ. - дегеніне саяды, санамен бірігейік - әділет - ақты жақтаушылар көбейген сайын, арамдық қаша бастайды, кірді су жуады, тамшы судай біріксек - терең су батырады, көп қорқытады. Ақыл жастан. Ырысбек, қаламға Құдай қуат берсін. "Арғы аталарымыз аларынан айрылса да, айтарын жібермеген." - депті ғой Сәкен.
Пікір алмасу

Кімнен: Нұрғожаева Қайдан: Эльнура
16.01.2012 13:31
+0 / -0
Бұл пікіріңізге қосыламын, қазір мұндай заманда ең бірінші бақыт - бірлік пен тыныштық. Осы бақытты сыйлап отырған Елбасымызды қолдап, елімздің жарқын болашағы үшін игі істер мен амалдар жасау керекпіз ағайын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 12:44
+0 / -0
Өскеменде сағат 12 де 44 сайлау учаск. ОБСЕ нің бақылаушылары келіп ақпарат алып жатты. Дауыс беру залы тар. Бақылаушыларға еш жағдай жасалмаған. Олар түрегеліп тұрып бақылауға мәжбүр.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
15.01.2012 12:51
+0 / -0
Ақтауда К+, республика, соц.действие ашылмайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 13:27
+0 / -0
Дауысымызды ОСДП ға беріп келдік.
Халық аз. Звондасқан таныстар да осы пратияға беріп жатыр екен. Егер әділдік болса, ОСДП кем дегенде 60% алады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: кызылорда
15.01.2012 12:57
+0 / -0
бари жалган мен сайлауга сенбеймин нур отан болады бари биледи бундай коринис кимге керек мен сайлауга бармаймын
Пікір алмасу

Кімнен: Эльнура Қайдан: Нұрғожаева
16.01.2012 13:27
+0 / -0
Сайлауға бармағаныңыз өкінішті. Елімнің болашағы ушін, халқымның жарқын өмірі үшін дауыс бердім!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 13:12
+0 / -0
Ресейдегі сайлауды бұрмалау
http://www.youtube.com/watch?v=NwxxE8XJQHI

Кімнен: Сайлаубек Қайдан: Астана
15.01.2012 13:19
+0 / -0
Таңертең сағат 9-да Астанадағы №65 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім! Тізімдер әліппе реті бойынша, шетелдік байқаушылар мен партиялардың өкілдері қарап отыр, халық келіп дауы беріп жатыр. Кейбіреулер азаматтарды тіркеу кітапшаларымен бірге келіп жатыр (пропискасын дәлелдеу үшін ау деймін). Дауыс беріп жатырғандардың көбісі жасы үлкен кісілер. Жалпы тыныш, бәр қалыпты өтіп жатқан сияқты!

Кімнен: Қоныс Қайдан: Маңғыстау
15.01.2012 13:27
+0 / -0
Қайдағы бақылаушы аудан ауылдарда бұрынғы әкімшілік адамдары жүрген мұғалімдер басқа бөгде бақылаушы көрген жоқпын.Баяғы сарын өтірік сайлау.

Кімнен: Жастар Қайдан: Астана
15.01.2012 13:32
+0 / -0
озим Алматы тургынымын! Астана каласына кызмет бабымен ис сапарга келди! Сайлау учаскимди Астана каласына ауыстырып менде ертемен сайлауга бардым! Сайлаушыларга барлык жагдай карастырылган, барлыгы адилетти турде , аркимнин оз тандауы бойынша дауыс берип жатыр! Сайлауга кишкентай булдиршиннен карт адамдар бари калмай келипти.Оз тандауымызды жасайк!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Жарқын
15.01.2012 13:50
+0 / -0
<бардық, ЖСДП ға дауыс бердік. екі-үш адамнан артық ешкімді көрмедік, астана қаласының ортасындағы сайлау нүктесінде бәрі де бейжай, тыныш! Сайлауға қатысушыларды тіркеу кітабының 90 пайызының ақ тұрғанына қарап, бүгінгі сайлауға ары кеткенде астанадан 20 пайыз ғана адам қатысатынын көруге болады. Мен де бармас едім, көрейін, қалйа болып жатыр екен деген қызығумен бардым. Өйткені өтірік дауыс саналатынын білетін жұрт алдамшылыққа жәрдем бергісі клемейтіні түсінікті ғой. Қазақстанда билікке сенім әбден кеткен. Халық ығыр, зеріккен, ашулы,
Пікір алмасу

Кімнен: Шынболат Қайдан: Алматы
15.01.2012 14:25
+0 / -0
Көршілер бол отбасыларымызбен ЖСДП-ға дауыс бердік. Партиялардың нөмірлерін бюльлетенде жазбапты, әдейі шатастыру үшін жасаған ғой. Руханиятты алып тастамаған.Нұротан бірінші тұр, одан шатаспайды, басқалары былығып жатсын деген ғой.Бұл да қулықтарының бір түрі.
Пікір алмасу

Кімнен: Астадагы сулу
15.01.2012 17:57
+0 / -0
жок!шатастыратын ешкандай кулык жасалмады !!!!! биз достарымызбен барып дауыс бердик ондай жагдайды байкамадын!!!!

Кімнен: zheltocsan
15.01.2012 13:45
+0 / -0
парламенттен коммунистерге 1 орын, әлілетке 3 орын (бірақ оның ішінде Қайсар жоқ), ақ жолға 9 орын, патриоттарға 1 орын, ауылға 0 орын, жсдп-ға 0 орын, қалғаны нұротанға тиесілі болады. Осыған дайындала беріңіздер.

Кімнен: Azat Қайдан: Semey
15.01.2012 13:46
+0 / -0
http://www.youtube.com/watch?v=PVjAPpC3RCg
Пікір алмасу

Кімнен: Мәссаған!
15.01.2012 13:59
+0 / -0
Алматы қаласында "Азат" ЖСДП өкілдері сайлау кезінде заң бұзушылықты анықтады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Тілшіміздің хабары бойынша, партия белсенділері Абай даңғылы мен Манас көшелерінің қиылысында "Нұр Отан" партиясына дауыс беріп жүрген ішінде 50 ге тарта адамы бар мемлекеттік нөмірі А158 НВО автобусын анықтаған. Партия белсендісі өздеріне автобустағы әйел адам "Нұр Отан" партиясына дауыс бергені үшін оларға 2 мың теңгеден берілетінін айтқанын жеткізді.

Автобустағы 50 ге тарта адам Ораз Жандосов атындағы № 105 мектеп гимназиясында орналасқан № 1936 194 сайлау учаскелеріне дауыс берулері тиіс болған дейді партия өкілдері.

Азаттық тілшісі "Азат" ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілевтің прокуратураға, ішкі істер министрлігіне хабарласқанын, бірақ прокуратурада оған тиісті адамның орнында жоқтығын, ал ішкі істер министрлігінде телефон тұтқасын көтермегенін айтады.
Пікір алмасу

Кімнен: Әттең-ай!
15.01.2012 15:18
+0 / -0
Өткен сайлауда бақылайшы болғаным бар.Бұрмалаудың көкесі кешкі сегізден бастап түнгі үшке дейін болады. Оған дейін бақылаушылар шаршайды.Әуелі аудан сайлау комиссиясының бастығы сайлау учаскелерінің бастығынан телефон арқылы қанша деп сұрайды, көңілдегідей болмаса, қайта санаттырады, компьютерге қайта -қайта бастыртады.Әбден қажыған өздері аш бақылаушылар үйге кеткісі кеп соңғы протоколдаға қол қоя салады. Аудандық комис. басшысы сайлау учаскесінің нәтижелері ойдағыдай болмайынша сайлау материалдары қабылдап алмайды.
Пікір жарияланған бет , жиыны 5
    Келесі