Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:36

САЯСАТ / Партиялар

ЖСДП оппозиция атынан сайлауға түсетінін мәлімдеді

Жалпыұлттық социап-демократиялық партия кезектен тыс парламент сайлауына оппозиция атынан жалғыз түскелі отыр. Қарашаның 26-сы күні Алматыдағы съезде 57 адамнан тұратын партиялық сайлау тізімі бекітілді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай. Алматы, 26 қараша 2011 ж.
Мәтін көлемі - +
Сенбі күні Алматыдағы "Қазақконцерт" залында 9-шы съезін өткізген Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 2012 жылы қаңтардың 15-іне белгіленген кезектен тыс парламент сайлауына түсетін тұғырнамасын айқындап, 57 адамнан тұратын партиялық сайлау тізімін бекітті.

ТҰҒЫРНАМА

Съезге Қазақстанның барлық аймақтарынан 475 делегат қатысып отырғаны хабарланды. Ең әуелі съез партияның атауына қатысты тиісті шешімді бекітті.

Оппозициялық партия теңтөрағасы Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, олар мұндай мәжбүрлі қадамға осыған дейін бір саяси ұйымға біріккен екі партияның атауын "Азат" жалпыұлттық соцал-демократиялық партиясы" деп өзгертіп қайта тіркеу туралы өтінішті әділет министрлігі екі жыл бойы созып келіп, ақыр соңында оны қайта тіркеуден бас тартқан соң барып
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай съез жұмысын ашты. Алматы, 26 қараша 2011 ж.
​​отыр. Сөйтіп, партия алдағы парламент сайлауына бұрынғы – Жалпыұлттық соцал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атауымен және сол партияның жарғысы негізінде түсетін болды.

Егер бұл сайлау әділ, заңды жолмен өткізілсе, ЖСДП жеңіске жетері сөзсіз, оны билік те сезеді дейді оппозициялық партия жетекшісі Жармахан Тұяқбай:

– Өткен сайлауда 90 пайыз дауыс алдым деп бөскен депутаттар неге парламентті тастап тым-тырақай қашып жатыр? Себебі, біріншіден олар өздерінің халықтың өкілдері емес екендігін сезеді, екіншіден, жауапкершіліктен қорқады. Бүгінгі халықтың билікке деген ашу-ыза мен өкпесі күннен күнге күшейіп келе жатқанын көріп отыр.

Ол партия бұл сайлауға Қазақстандағы бүкіл оппозициялық күштердің атынан түскелі отыр деп мәлімдеді.

– Осы сайлауды жоспарлағаннан бастап билік Коммунистік партияның қызметін алты айға тоқтатып тастағанын білесіздер, "Алға" партиясын жылдар бойы тіркемей келеді. Сондықтан ЖСДП барша оппозицияның атынан осы сайлауға түсетін бірегей партия болмақ. Елдегі барлық саяси оппозициялық күштер мен тұлғалар, демократиялық бағытта жүрген ұйымдар біздің партияға қолдау білдіріп отыр, – деді Жармахан Тұяқбай.

Жармахан Тұяқбайдың сөзі


Тұяқбайдың айтуынша, ЖСДП-ның сайлау тұғырнамасы үш негізгі мәселеге – экономикадағы жемқорлықтан, әлеуметтік саладағы әділетсіздіктен және саяси жүйедегі кемшіліктерден арылтуға арналған.

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚҚА ҚАРСЫЛЫҚ

ЖСДП теңтөрағасы Болат Әбілов "Ақорда Қазақстан халқын аяқ-қолынан ұстап Еуразиялық одаққа кіргізбекші болып тәуелсіздікке қатер төндіріп отыр, дәл солай елді Кедендік одаққа апарып тықты, одан 
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Болат Әбілов. Алматы, 26 қараша 2011 ж.
​​Қазақстан зиян ғана шекті" деп мәлімдеді. Бұндайда билік өз халқымен санаспайды, күні кеше Каддафиге кеңес берген Тони Блэр сияқты қайдағы біреулерге құлақ асады деп сын айтты Болат Әбілов.

Жиырма жылғы саясат нәтижесінде ат төбеліндей азғана топтың алпауыт байға айналып, халықтың негізгі бөлігі кедейшіліктің қамытынан құтыла алмай келе жатқанын айтқан Болат Әбілов, Қазақстан қоғамында соңғы кездері болған террорлық сипаты бар жарылыстардың негізгі түп-төркіні – әділетсіздік пен әлеуметтік теңсіздіктен шығып отыр деп мәлімдеді.

Оппозициялық саясаткер экстремизмнің жаппай таралмауына қазіргі билік сияқты күшке салып басып-жаншумен емес, адам құқықтары қорғалатын, әділ сайлау жүйесі мен сөз бостандығы бар демократиялық, әділетті қоғам орнату арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап көрсетті.

Болат Әбіловтың сөзі


«ӘУЕЛІ ЖАУАП БЕРСІН»

Бүгінгі съезге шақырылған ресми тіркелмеген "Алға" оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов жақында "Халық майданына" енген саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар алдағы сайлауда ЖСДП-ға қолдау таныту туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

– Бүгінгі билік біраз жылдардан бері оппозицияның жүзеге асыра алмай келе жатқанын өз қолымен жасап берді – біздің басымызды біріктірді. Қоғамдағы оппозицияның ымырасыз, белсенді бөлігін тіркемеу, қызметіне
Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов ЖСДП съезінде сөйлеп тұр. Алматы, 26 қараша 2011 ж.
​​тыйым салу арқылы сайлауға қатыстырмауды көздеген билікке қарсы тұрған жалғыз ЖСДП және онымен бірге біз бармыз, – деді Владимир Козлов.

Ол билікті қолдайтын тек жалғыз "Нұр Отан" ғана емес, тағы алты бірдей партия барын еске салды.

– Осы тақауда ғана олар президенттің алдында тізе бүгіп, оның режиміне құлдық ұрып қызмет жасауға ант-су ішкен. Енді, міне, солар бүгін аяқ астынан өздерін "оппозициямыз" деп шыға келді, олар тіпті сіздер мен бізден президентті сайлау құқығын тартып алып, оны өмір бойы тағайындау мақсатында өздері құрған "2020" коалициясында әлі бірге тұр. Осылар оппозиция ма? Өтірік! – деді тіркелмеген оппозициялық партия жетекшісі.

Сонымен бірге Владимир Козлов съезд делегаттарын алдағы кезектен тыс сайлауға қатысты ЖСДП өкілдерімен кездескенде талқыланған бір жайттан хабардар етті.

– Біз сіздердің басшыларыңызбен кездескенде, бұл жолғы сайлауда "Назарбаев, кет!" деген ұранды қолданбаймыз деп келістік. Бұл – дұрыс, өте дұрыс. Қалай – кет? Керек жоқ, азаматтар! Әуелі жауап берсін, ал кейін көре жатармыз, – деді Владимир Козлов.

Владимир Козловтың сөзі


Сенбі күнгі съезде ЖСДП атына қолдау білдіріп сөйлегендердің бірі – 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін совет кезінде жеті жылға сотталған Құрманғазы Рахметов болды. Сонымен бірге, "Бибі ана" мүгедек әйелдер қоғамы, "Арын" баспанасыздар ұйымы сияқты бірқатар қоғамдық ұйымдар да алдағы сайлауда ЖСДП партиясын қолдаушылар қатарында болмақ.

ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМ

ЖСДП атынан парламент сайлауына түсетіндердің тізіміне 57 адам енгізілді. Олардың арасында аймақтан келген партия белсенділерімен бірге тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, саясаткерлер Болат Әбілов, Балташ Тұрсынбаев, Жармахан Тұяқбай, Әміржан Қосанов, Маржан Аспандиярова, Серікбай Әлібаев, Петр Своик, отставкадағы генерал Әмірбек Тоғысов, Совет
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының съезіне қатысушылар. Алматы, 26 қараша 2011 ж.
​​Одағының батыры, ауған соғысының ардагері Николай Кремениш, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан Құрманғазы Рахметов және басқалар бар.

Сол сияқты, Ермұрат Бәпи, Гүлжан Ерғалиева, Бақытгүл Мәкімбай, Серғазы Мұхтарбек, Рысбек Сәрсенбай сынды бірқатар журналистер де ЖСДП атынан сайлауға түсетіндер арасында аталып отыр.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 16-сы күні парламент мәжілісін таратып, 2012 жылы қаңтардың 15-інде елде мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлық шығарды. Осындай бастама көтеріп қарашаның 10-ы күні парламенті мәжілісінің 53 депутаты Назарбаевқа үндеу жолдаған болатын.

Қарашаның 25 күні Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының 14-ші съезінде алдағы қаңтарда парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауына билік партиясынан депутаттыққа ұсынылатын 127 адамның арасында соңғы таратылған мәжіліске депутат болған 49 адамның аты-жөні жүр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Нысанбай Қайдан: Алматы
26.11.2011 19:24
+0 / -0
Бұлар да Нұсұлтанның айтағына еріп кетті ме? Өтірік сайлауды заңдастырып беруге неге соншалықты құмар а? Тарихтан неге сабақ алмайтындарына таңым бар...

Кімнен: Алмабек Ақтайлақұлы Қайдан: Астана
26.11.2011 20:48
+0 / -0
Тізімнен бұрыннан осы партияның шашбауын көтеріп жүрген Балташ Тұрсынбаев,Өтеген Ықсан,Ораз Жандосов т.б тұлғалар,ал,енді партия оппозиция атынан түседі дегенді негізге алса онда тіпті елге танымал,халық бір сенсе соларға сенетін біраз адамдар кіруі тиіс еді сол танымалдар көрінбейді.

Кімнен: Aqorda Explorer Қайдан: Барзақтан
26.11.2011 21:39
+0 / -0
Еее, мынау Федералдық Тергеу Бюросының. тойыс Мемлекеттік Тергеу Комитетінің төрағасы Жарымаған Тұяқбай ғой, таныдым. Том-том істерді сатып, түк жианған адам НӘН-ге шәуілдейді деп жүргендер кім? Оңбайсыңдар-ей өздерің, хе-хе.

Кімнен: Суинқара Қайдан: Шөл дала
26.11.2011 22:20
+0 / -0
Жарайсыңдар,қос қолдап дауыс беруге дайынбыз,әлдеқашан бірігіп тізе қосып қимылдау керек еді ғой,керек болса көшеге шығамыз.
Мына биліктен жалыққанымызға 16 жыл болды,ҰКнің өтірігіне тойғанымызға,хабарда көрсететін Қазақстанда өмір сүргім келеді.

Кімнен: Балгер емес Қайдан: Зайсаннан
26.11.2011 23:22
+0 / -0
Халықтың көпшілігі,ЖСДП "Азатқа" дауыс береді,"Нұр Отар",ол дауыстарды ұрлап алады. ЖСДП "Азат" шулап-шулап қояды. Басқаларды білмеймін,өзім бұны талай көргенмін,артық айтсам кешіріңіздер. 2-қазандағы митингте,Мұхтар Шахановты көп адам қолдайтынын көрдік қой,Руханиятқа дауыс беру керек шығар....Жоғарыдағы сценарий қайталанбасын десек. (Модераторға:айтқандарым жалған болса,пікірді шығармай ақ қойыңыз)

Кімнен: Халық дауысы Қайдан: Қазақстан
27.11.2011 00:05
+0 / -0
Жай адам ретіндегі ұсынысым: әр партиядан үш адамнан парламентке тағайындалсын. Ассамблея сияқты ұйымдардан парламентке депутаттар тағайындалып жатқан кезде әр партиядан 3-4 адам өкіл болса жаман ба? Біз, жай халық тынышталып қалар едік. Менің сөзімді депутаттар айтып жатса несіне аузым қышымақ? Нұреке, сөйтіңіз. Бұл дана шешім болады. Әр партиядан міндетті түрде өкіл мәжілісте болсын. Ал басым бөлік Нұр Отаннан болса да еш қарсылығымыз жоқ. Тек өзге пікірлерде парламентте көрініс тапсын деп ойлаймыз...Әйтпесе терроризмді жақтаушылар саны ұлғая бермек. Айтпақшы, әрбір дін топтарының өкілдері парламентте болса дұрыс болар еді. Еліме тыныштық тілеуші қатардағы жай қазақ.

Кімнен: сыр қазағы Қайдан: акмешіт
27.11.2011 00:56
+0 / -0
билік қарашадан көз жазып қалған
кешегі лаңкестік әрекеттерден соң көңілі жүдә құлазыды, кеудесін өксік қысты, көзіне жас үйірілді, жаңғызсырағаны сезілді
алда-жалда бірге жауап беретін жанына қарақұра іздеуде

Кімнен: Seitbayev Қайдан: Тараз
27.11.2011 01:38
+0 / -0
Мұхтар Шахановтың Руханиятқа кіріп кеткеніне таң қаламын!!! Бұл қалай болғаны?! Шаханов мырзаға өте қатты көңілім қалды, сайлауға түскісі келсе,неге ол ЖСДПге қосылмады? Жеке өз басым және үй-ішім ЖСДПға дауыс береміз, қайтседе елімізде өзгерістер керек, әйтпесе жыл сайын өтетін кезектен тыс сайлаудан шаршадық, басқа еш бір жерде кездеспейтін феномен.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
27.11.2011 19:50
+0 / -0
Мұхтар Шаханов басқа қарапайым халық секілді біздің біресе орысқа біресе батысқа жалтақтаған оппозицияға қосылғысы келмейді!!

Қазақ тілін қолдап, орыс тілін ресми тіл атауынан айыру жөніндегі президентке хатқа біздің шала қазақ оппозиция басында қол қойып кейін орыстардан қорқып қойған қолдарынан бас тартқан. Ондай оппозицияның құны көк тиын қазақ халқы ушін!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Seitbayev Қайдан: Тараз
27.11.2011 21:46
+0 / -0
Сонда Руханият шешім болып па??? Шахановпен бірге митингтерге шығып жүрген ЖСДП өкілдері емес пе еді???
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
28.11.2011 00:33
+0 / -0
руханиятқа жаңдан барып партия басшысы болып отыра қалуы ештеңені аңғартпайды ма? бұның да алаяқ біреу екені оның парламентке сайлауға түсу үшін дайын партияға аяқ астынан кіре қалып "маған биліктің керегі жоқ" дегенінен-ақ аңғарылып қалды.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
29.11.2011 19:49
+0 / -0
ЖСДП өкілдері кім митингке шыкса солармен бірге олар шыға береді. кім билікке қарсы боп бір шеру ұйымдастырса сол жерде ЖСДП өкілдері болады. ертең қазақстандағы гейлер өздернің "құқықтарын қорғап" шеру ұйымдастарса, ЖСДП өкілдері де сол жерден табылады.

ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН, БИЛІККЕ ҚАРСЫ ШЫҚҚАН АДАМНЫҢ БӘРІ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫМЕН ЖУР ДЕП ОЙЛАУ ӨТЕ ҚАТЕ ПІКІР.

ШАХАНОВТЫҢ ЖСДП өкілдерінен БІР АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ, ШАХАНОВ ЕШКАШАН БИЛІКТЕ БОЛЫП ХАЛЫҚТЫ ТОНАМАҒАН.
АЛ СЕН ЖАҚТАҒАН ЖСДП өкілдері КЕЗІНДЕ БИЛІКТЕ БОП НӘНмен БІРГЕ ХАЛЫҚТЫ ТОНАҒАН ҰРЫЛАР

Кімнен: Islam Abu... Қайдан: Nur Otan+AZAT=Nur Otan
27.11.2011 01:40
+0 / -0
mina OPIKterdin bari N.Nazarbaev adamdary,otirik halyk aldinda MASKA kyip algan...maskovi4ter onkei...bulardi ASTANA akelip bastarina jumirtka laktiru kerek,kormannye OPIK-ter..senderge juregim ainidi,sakalsiz terrorlar goi bular,atirauda,tarazda,aktobe,astanada osilar terakt jasatip jurgen,sakalsiz terrorlar.OPIK kizdar kietin TOPIK>>>>>>
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.11.2011 09:25
+0 / -0
Сен осы жұмыртқа лақтырушы, Ағаң (марқұм, жаны жаннатта болсын) Қайраттың атын жамылып жүрген вақабит Т.Рысқұлбековсың ба?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.11.2011 02:48
+0 / -0
Билік қаласа да, қаламаса да, әйтеуір оппозицияның басын біріктірді. Елде өзгерістер болады деген үмітімізді сақтай отырып, әділетсіз сайлау өткеннен кейін жалпы халықтық наразылық шеруін ұйымдастырар кезде 2005 жылғыдай бұғып қалмай елді бастай білуге әзірден бастап дайын болыңыздар!!!
Халықтың Сіздерден басқа таңдау мүмкіндігі жоқ!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.11.2011 05:07
+0 / -0
ЖСДП оппозиция атынан түссе де мәні жоқ.Бұл партия саяси өлікке айналғаны қашан.Бұларды нотариатқа енер тұстағы ревизиялық комиссия десе де болады.Қазақстан атты жеке меншік мемлекеттің есеп-қисабын тексерген болып біреу "Арыстан-еке,қасқырлар қойды сіз белгілеген шектен шығарып жей бастады.Тоқтам салыңыз!-деп айғай салған Түлкі-еңдер ғой!

Кімнен: Иманғали Үміткер Қайдан: Қазақстан
27.11.2011 12:11
+0 / -0
Халқым, Нұр Отанды беріктей Тас Отанмен ауыстыратын кез жақындағандай...Иманды жолға бастамақ ниетімді болдыртпай жатыр. Жақтастарды қаматты. Бір көкеміздің бейбіт әрекетінен түк шықпады. Қол сүйді деп жұрт кінәлап тастады.Егер қолдасаңыздар қазақ үшін басымды тігуге дайынмын. Егер Темір Күлкібаевтар келсе қазақтың заты жоғалып аты қана қалады. ЖСДП, Руханият Ақ Орданың жобалары ғана. Олар аяғына дейін бармайды. Оларға осы позициялары ұнайды. Өмірзақтар келсе қазақты ойлауы мүмін, бірақ бір жақты оңтүстік болып кетеді. Солтүстік орыстанған, Шығыста іліп алар тұлға жоқ. Тек таза қазақтар орналасқан Атыраулықтар болмаса, қазақ үшін күресетін кім бар? Күллі қазақтың басын біріктіруге шамам да, беделім де, байлығымда жетеді. Алдағы жылдар қазақ үшін сыни жылдар болмақ. Нар тұлғалы азаматтар керек қазақтарға...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.11.2011 12:34
+0 / -0
Ей, мұсылманның балалары! ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ с.ғ.с. тәубесіне келген дін Исламның қас жауы Хиндаға да, Икримеге де кешірім беріп, олардың да Ислам үшін ізгі амалдар жасауына жол ашпап па еді?! Тұяқбайдың тәубасын қабылдаудан бас тартып, бұрынғы өткен өміріне жала жабатын сіздер кімсіздер. Қазақ "боқты тұрткен сайын саси береді" дейді. Әлде сол сасыққа құмар боққоңызбысыңдар? Біз үшін қазір ОСДП-дан басқа таңдау қалмады. Дауыс беріңдер!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.11.2011 12:34
+0 / -0
ЖСДП"Азатқа"қолдау корсеткен адамнын бірі мен едім,митингісіне қалмай барып,сайлауда соларға ғана дауыс беріп. Бірақ сайлауда ұрланған дауыстарымызды іздемеді,мәлімдеме жасаудан ары аса алмады...(Оны,сол партияға дауыс берген адамдар жақсы біледі) Саясатты ысырып қойып,журналистикаға беріліп кетті. Сайлау әділ болмаса халықты демонстрацияға алып шықсын. Талаптары екіұшты емес нақты болса,халық оларға ереді. Құр сөзден әрі аса алмайтын партияға,Мұхтар ағаның кірмегені дұрыс болды!

Кімнен: демос Қайдан: Шымкент
27.11.2011 12:38
+0 / -0
Өте дұрыс Алға мен Компартия ресурстары да біріктіріліп ЖСДП қолдау жасасын. Желтоқсанның ортасында әділ сайлауды қолдап митинг ұйымдастыру керек Ресейдегідей.
Пікір алмасу

Кімнен: Нысанбай Қайдан: Алматы
27.11.2011 21:35
+0 / -0
Бәрібір мың адамнан артық адам жинай алмайды. Саяси "импотенттерден" бала тууы екіталай. Сондықтан, қимаң қышымай-ақ қойсын.

Кімнен: сәмет
27.11.2011 15:19
+0 / -0
Оппозиция сайлауға өтпей қалып шеруге шығамыз десе қазіргі таңда оны қолдап артынан еріп шығуға он он бес мың адам табылады Алматыда так что олардың енді сол шеруін күтейік, сайлауды қайтесіңдер, сайлаудан оппозиция өтпейді

Кімнен: zheltocsan
27.11.2011 16:38
+0 / -0
тізімде жазықсыз мұсылман ауған халқын қыруға қатысқан және онысына ешуақытта халық алдында кешірім сұрамаған сәбеттік "батырдың" да аты жүр екен. Демек, бұндай тізімге дауыс беру деген сөз - "мұсылман халқын қыру ешқандай айып емес" дегенді білдіреді.. Сонымен қатар тізімде бұрын Назарбаевтың қол астында билікте болып, өз халқын өздері тонаумен айналысқан кішігірім әкімшіл-әміршіл шенеуніктердің тұрғандары да анық. Ал бұларға қарсылас партиялардың ұрылар жүйесін сақтап қалудан басқа ешқандай мақсат-міндеттері жоқ. Сондықтан сайлауды ойлап бас қатырудың және оған барып уақыт ысырап қылудың зияннан басқа ешбір пайдасы жоқ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.11.2011 19:14
+0 / -0
Әркім қолда барын серке қояды. ОСДП-дан басқа жарығанын көрмедім. М.Шаханов қарық қылатын болса отырды ғой өткен сайлауда бес жыл.

Кімнен: ТОНЫКОК АБЫЗ
27.11.2011 20:43
+0 / -0
Уа-а, алты Алаштың баласы үш ғасыр күткен Тәуелсіздігіңді "Кеден одағы" деп өзегіңді кемірген Назарбаев, Қазақпен санасуды еш уақытта жасамаған қадетімен, енді "Евразия одағымен" түп тамырыңды үзбекші.Сондықтан есіңді жыйна?!. Өңшең жағымпаз да сатқын "Нұр Отанға" бір де бір дауыс бермеңдер ! Қазақтың ата-бабасы қалдырған Жерді арсыздықпен сатты, астындағы және үстіндегі байлықты талан-таражыға түсіріп, енді қол-аяғыңды матап Ресейге құлдыққа бермек! Енді, Тәуелсіздігіңді сатпақ шы ! Бұл нағыз жауыз бен жаудың істейтін ісі ! Кешегі "Нұр отанның" сьезінің түрін көрдіңдер ғой, өмірде мұндай ұятсыздық пен бассыздық еш уақытта болған емес. Бұлар енді 3-4 жылда Ұлы Далаңнан ұлтарақтай да қалдырмай жояды. Ата-бабаңның аруағын сыйла Қазақ ! "Нұр отандықтар" - ІБІЛІСТЕР ! Оларға дауыс беру - АЛЛАҒА да және АРУАҚҚА да шет болумен бірдей, ҰРПАҒЫҢДЫ ойла жұртым, алданбашы аңқау Елім !!!...

Кімнен: Әй, саясаткер сымақтар, Қайдан: мәселені түсініп алыңдар!
28.11.2011 00:40
+0 / -0

Біреуің былай деп, екіншің олай деп, үшіншің тағы басқа деп, жамырайсыңдар, келіп.
Өйтіп елдің мәселесін шеше алмайсыңдар.
Ең бірінші, біздің шешілмей тұрған ЕҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕНІ анықтап алуымыз керек.

Ол -ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕ?

ОЛ- ҚАЗАҚЕЛІНІҢ ТАСҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАС ТАҒЫНА ТАСТАЙ БОЛЫП ЖАБЫСЫП АЛҒАН ТАССҰЛТАННАН ҚҰТЫЛУ (қолынан іс келмейтін, афёрист, алдаркөсе, көбікауыз, ұятсыз, арсыз, сатқын, қорқақ, жалтақ, алаңкөз, нұршәйтан, ұрысұлтан, құрсұлтан, тассұлтан, т.б.-ден).

Себебі, ол(афёрист), өзінің білімсіздігімен елді экономиялық тығырыққа тіреп, одан құтылудың жолы "Кедендік одақ" деп, "Кедендік одақ" құрды.
Бірақ, одан экономика түзелмек түгілі, оның "Кедендік одағы" керісінше, орасан зор қымбатшылықты алып келіп, еңбекақысы Ресейден 3-4 есе аз қарапайым, адал-аңқау қазақ халқын титықтатып жатыр.
Соның салдарынан, ол мемлекетті саяси тұйыққа тіреп, одан шығу жолы деп, "Еуроазиялық экономиялық одақ" құрмақшы болып жүр.

Қазіргі экономика деген таза саясат болып есептеледі.
Сондықтан, Еуроазиялық экономиялық одақ дегеніміз-ол, қазіргі заманда саяси одақ болып табылады.
Ал, саяси одақ дегеніміз-ортақ парламент, заң, үкімет, ел, жер. Демек, саяси одақ -тәуелсіздіктен айырылу, мәдениеттен, тілден, діннен, жерден айырылу болып табылады.

Бұл-Алдаркөсенің жасап жүрген тірлігінің бәрі ғылыми талдаусыз, зертеусіз, ел-жұрттан сұрамай, оның жеке басына, ойына тарс етіп келіп, көңіліне ұнап, "қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса" деген дүниелер.
Бұл қылмыскер, өзінің жеке қу басын қорғау жолында сүйтіп, біресе былай, біресе олай жүгіріп, бойына қорқыныш ұялап, аласұрып, 10 миллион, маңдайның соры бес елі халықтың тағдырын тәлкекке салып, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, бір пәлеге ұрындыруға алып бара жатыр.

Қазақстан тыныш-тыныш деп, енді мынау атыс-шабыстың басталғаны.

Қазақстанда 140 ұлттың "ынтымағы мен достығы жарасқан, жарасқан" деп зарлап, енді сол "ынтымағының" салдарынан қорқып, "Еуоразиялық одаққа" тығылмақшы.

Бұл Нұршәйтан өте қауіпті "ТҰЛҒА", әсіресе қазақ ұлты үшін.

Жалғасы бар.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі