Сенбі, 25 мамыр 2013, Алматы 06:50


ЕРКІН СӨЗ

«Қашсаңшы, өлесің ғой, қасқа бала!»

16 желтоқсанда көтеріліс алаңында қазатапқан адам. Жаңаөзен, Маңғыстау облысы. Скриншот Ютуб сайтынан алынды.
16 желтоқсанда көтеріліс алаңында қазатапқан адам. Жаңаөзен, Маңғыстау облысы. Скриншот Ютуб сайтынан алынды.
Мәтін көлемі - +
Жаңаөзен бейнежазбасын көргенде…

Жаңаөзен ұқсамайды Астанаға,
Сұрқы мен ұсқыны да басқа қала.
Ысқырып Желтоқсанда оқ борады,
«Қашсаңшы, өлесің ғой, қасқа бала!!!»

Жырау жұрт Қыз Жібектің баянынан
Сыр шертіп жырлаушы еді баяғыдан.
Мұратын іздеген ұл - Төлегеннің
Жығылды қан сорғалап аяғынан!

Анасын есіне алып лашықтағы,
Еңбектеп алға ұмтылса – асыққаны…
Мұнайдан артық еді-ау сол баланың
Бір тамшы көз жасы мен қасық қаны!

Бота көз балғын қызы маң даланың
Бұлқынып бұғалықта,
Зарлаған үн...
Түтіні шудаланып аспанға ұшып,
Өзегін от шарпыды «Аруананың»!

...Кірісті қылмысты іске соттар бекем,
Ойласа Қыл көпірді тоқтар ма екен?..
Жаннатта болсын жаның, қасқа бала,
Сені де келер ұрпақ жоқтар ертең!..

Арман ҚАНИ 

Павлодар қаласы.

Осы өлеңге арқау болған видеоны мына жерден көре аласыз:
Loading
12:00:00 / -:--:--

 



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
16.04.2012 11:32
+1 / -0
Өте жақсы жазылған екен. Әсіресе, біздің өңірге тән "қасқа бала" деген сөзді Павлодарлық ақынның өз орнымен қолдануына риза болып отырмын - бұл барлық қазақтың біртұтас екендігін тағы да дәлелдей түсетін "деталь".
Пікір алмасу

Кімнен: Төреші Қайдан: Астана
18.04.2012 13:34
+0 / -0
Ала қойлар (И. А. Крыловтан) Абайдың аудармасы

Бір таудағы хайуанды бір арыстан
Билеген патшасы екен әуел бастан.
Әділ атақ алмақшы ниеті бар,
Ешкімді ауыртпастан, жылатпастан.

Онысы рас, басында тәуір болған,
Сөйтсе де кімді бұзбас бақ антұрған.
Алдынан жан шықпаған патшамыздың
Ала қойды көргенде көзі ауырған.

Ала қойда кінә жоқ жүннен басқа,
Қойдан қашып шығыпты патша тасқа.
Көрсе қаза тұрады аза бойы,
Болмады бұған айла ойламасқа.

Тұрды патша қайғырып уайым жеп:
"Ала қойды болады қайткенім еп?"
Аю, түлкі - қасында уәзірлері,
Кеңеседі оларға "қайтемін?"- деп.

Қолбаң етіп, қорс етіп сөйледі аю:
- Батыр патшам, не керек көп ойлану?
Қойды жан деп, есіркеп кім аяйды?
Ақылы ала қойдың - қырып салу.


Кімнен: Биліктен Қайдан: Қазақстан
16.04.2012 12:12
+0 / -1
Жаңаөзен қасіретін қайта-қайта қозғай бермейікші!!!. Болды ғой енді. Ұмытқымыз келсе де осындай жан-дүниеге әсер ететін өлеңдермен жараның аузын тырнай бересіңдер. Шейіт болған әруақтарды өздерінің құтты мекендеріне жіберейік. Өлілер қайтып келмейді. Марқұмдар бастапқы мекеніне қайтты. Онда ,бәлкім,олар жердегіден әлдеқайда бақытты шығар?!...Жерде олар не қызық көрді? Көктегі құдай бәрін көріп тұр ғой...
Пікір алмасу

Кімнен: Биліктенге
16.04.2012 13:24
+1 / -0
Ойпырмаааааааааай, Жаңаөзенді ұмытып, түк болмағандай жүре бер дейсіңдер-мееей!? Астапралла! Ұмыта алмапсың да, ұмыттырмаймыз!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Билікке
16.04.2012 13:29
+1 / -0
Сендерге сол керек,халықтың ұмытқаны,ұиықтағаны.Кей оқиғалар жүздеген жыл айтыла береді.Әлімсақтан қазірге шейін дүние жүзінде солай.Қазақстандықтар халықты қырған полицейлер мен Астанадан бұйрық бергендер толық жазасын алмай айта беруміз керек.Қазірге шейін жүздеген өлең жазылды.Әліде мыңдаған автор бұл тақырыпқа қалам тербейтін шығар? Біз осылай айта бергенде ғана билік бұл иттігін еліміздің басқа жерінде қайталай алмайды.Үндемесек солай болу керек.деп айлық сұрағанды ата беруә мүмкін.
Пікір алмасу

Кімнен: Окырман Қайдан: Китапхана
16.04.2012 13:54
+0 / -1
Акындарда уят жок екен. Жана Озеннин касиретинен атак абырой жинап журген. Биликтен дурыс айтады.
Пікір алмасу

Кімнен: Нурзада Қайдан: Мангыстау
17.04.2012 18:04
+0 / -0
Біреулер умытып, тыныш уйыктагысы келеді екен.

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
16.04.2012 13:51
+1 / -0
биліктен деген не оттап отырсын жап жас өрімдей ұлдарды жіберіп қызық көрмеген соны анан жакта бакытты деп отырмысын Алла адамды не үшін жаратты мына жарык өмірдін рахатын көрсін енбек етсін деп жіберді кісі колынан өлсіндеп жіберген жок солардын жанын жағанамға жіберген менттардын жанын алып тек көр азабынан айырмагай соларға үкім еткен жоғарыдағылардың тұқымы өспесін бірге құрысын әмин!осы тілекті солардың және 362-әулие аталырымыздыңда киесі ұрсын соларды атып сол күні болған менттерді
Пікір алмасу

Кімнен: Казак баласы на Қайдан: Казахия
16.04.2012 14:34
+0 / -0
қазақ баласы:: Менін кателеспеуім ше Ен бір кабыл болатын бір Каргыс екен да онын Бірі Халыктын Каргысы ал екіншісі Ананнын балага деген каргысы шын манінде Кабыл болады екен

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.04.2012 13:55
+1 / -0
Жаңаөзен мәселесі шешілмей жатып ұмытсақ ,болашақты ойлаудыңда қажеті жоқ.Тағы бір жерде қырылармыз шулармыз, ұмытармыз,қасапқа арналған малдар құсап.Кінәлі адамдар жазасын алу керек, асыраушысынан айырылған отбасыларына өмірлік пенсия тағайындалуы керек, қаза болған жігіттерге батыр атағы беріліп ,туған жерлері олардың атын иеленуі, үлкен қалаларда көше аттары берілуі керек! Сонда ғана қазақ қазаққа тура қарай алатын болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.04.2012 14:52
+1 / -0
Казактарды аяймын,Ен байлыгын аркимге улестирип, коринген келимсеккке жем болдык. Басканын барин тобемизге шыгартып, адал енбек,мандай терин сураган кара казактарды атып,кырып салдык.Бул Жванаозен-казактын жана тарихынын ,казирги биликтин жемкорлыгы мен ултка джаны ашымайиындыгынын накты кориниси болып тарихта калады.Ен болмаса сол байгустарды букил казак ели,казак жумысшылары болып та еске алып, дурыс ауызбирлик танытпадындар. Тек шулап,арким оз кайгысымен ози калды.ол унеми айтылады.

Кімнен: Адайдың баласы Қайдан: Қазақ елі
16.04.2012 14:36
+1 / -0
Жаңаөзен трагедиясы бүкіл қазақ елінің трагедиясы, біз оны ешқашан ұмыптауымыз керек, себебі ол- қазіргі режимге қарсы шыққан көтеріліс.
А л ұмыту керек дейтіндер олар- анау Ақ орданың жендеттері, оларға байлық пен жылы төсектен басқа еш нәрсе керек жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.04.2012 23:47
+0 / -0
сол казир сот барысы режимнын планы бузылып жатуынан да режим оны озине пайда шыгармак, ертен соттап жаткан мунайшылар акталып шыгады, олар олар бир ауыздан "бизге жалакы гана керек болды, биз режимге карсы емеспиз" деп НКнын режимы акталып шыга келед

Кімнен: Шындық
16.04.2012 15:34
+1 / -0
Шындығы тұнұп тұрған өте ауыр тақырып . Ия биліктің қолы қан 100 жылдада жуып кетіре алмас . Жылдар өткен саиын Жаңаөзен қасіреті аиқындалып ашыла түсері белгілі , елу жыл өтседе бұл қаиғылы оқиға бүгін болғандаи әсерде боламыз . Адам жанына батар ауыр қаиғы ешқашанда ұмытылмақ емес . Кешірмеиміз , ұмытпаимыз .Бибіт кезде оқ атып жастарын қырып өлтірген билік тек кетуге не болмаса өлуге тиіс . Бұндаи сорақылықты басын ашып , биліктің бет пердесін жұлып алмаи тарихтың қоинауына жібере алмаимыз . Сондықтанда Жаңаөзен тақырбы басты ашық тақырып болып қалады ,әліде аитамыз , жырда жазылар себебі бұл ұлт қаиғысы , шындықты қағаз бетіненде , көңілденденде , жүректенде өшіре алмаимыз . Мен қазақпын , менің қаным кешегі бабалар қаны .Судыңда сұрауы бар , өлгендердің сұрауы ауырда қатал болады .

Кімнен: Қамбар Қайдан: Ақтау
16.04.2012 15:45
+1 / -0
Төлеутаева әйел адам ғой, эмоцияға көп берілген. Бірақ, ол хлопок естідім деді, сол уақытта бір секундта, яғни бір мезетте алаңнан полицейлер зыта бастады, және топ ішінен бір жігіттер шығып, сценаны қирата бастады, деді. Сигнал болған сияқты. Егер видеоны байқап қарасаңыз, сол жігіттер сценада қалып қойған полицейге тиген жоқ, жайлап арқасынан не қылып жүрсің дегендей,сипағандай қылып , бағыттап жіберді. Бұл жерде шыпа бар. Шеп құрып жүрген полицейлер халықты қысып, ызасына тиді деді. Осының бәрі зерттеліп, түбегейлі тексерілуі керек. Телефонмен сөйлескенде айтылған сөз іспен жасалмаған болса, ол қылмыс емес.
Мәселен, бір адам екінші адамды анаңды......... деп боқтағанда, ол кісіні екінші кісінің шешесін зорлады деп соттамайды ғой. Сол сияқты телефонмен өлтірем дегені ұшін, адам өлтірдің деп соттамайтын шығар.
Сондықтан, СМС немесе телефон сөздері үшін Төлеутаеваны қылмысты деп отырғандары түбегейлі дұрыс емес.
Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық Қайдан: Маңғыстау облысы
16.04.2012 16:57
+1 / -0
Қамбар, осы сұрақ мені де ойландырады, Сіз мәселені орынды көтеріп отырсыз. Шындығында да, біз телефонмен не айтпай жатырмыз, ауыз өзіміздікі болған соң әртүрлі әңгіме айтуымыз табиғи нәрсе, ал оны біреу тыңдап тұр немесе осы сөздер үшін сотталу деген мәселе үш ұйықтасақ та түсімізге кірмепті.
Сонда қалай болғаны? Төлетаеваның телефонын тыңдаған болып тұр ғой, олай істеуге кім рұхсат беріпті? Бұл барып тұрған заңсыздық емес пе? Алдымен бұл жасырын тыңдаулардың заңдылығын дәлелдеу керек қой, егер дәлелденбесе ше? Онда телефондағы сөздер негізінде адамды кіналау - бассыздық, ондай айыптаулардың заңдық күші болмауға тиіс!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
16.04.2012 18:54
+1 / -0
«Қашсаңшы, өлесің ғой, қасқа бала!»

Ау, қайда қашпақ? Өзінің туған жерінен "безіп", шет ел асып кетпесе қайда қашпақ? Қазақ жеріндегі тұрмыс-тіршілігі оңып отырмаған соң шыққан жоқ па алаңға? Өз билігі аямай отырған қазақты шет ел қайтсін, басына ұрғаны бар ма?

Әне сөз етіп отырғандарың, ана Роза Төлеутаева да айтыпты ғой сотқа, "Мен Назарбаев келіп, мұнайшылардың мұнда кінасы жоқ" дегенге қуанып, полицияға өз еркіммен барып едім, ақыр соңында ҰҚК қызметкерлерінің қолынан бір-ақ шықтым. Ал олар шашымнан жоғары байлап қойып түсінік алды" деп... Бүкіл зал жылады деп жазыпты "Республика" сайтында.

БІЗ ҚАЙДА КЕТІП БАРАМЫЗ?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.04.2012 20:18
+0 / -0
Мен Қазақстанымды ,қазағымды бөлшектегенім емес,Бірақ айтып жатады ғой.Мында көкпар, ана облыстатб. дамыған.Мына мәселеге мына облыстан мұнша үн қосты деп.Осы мәселелерге үн қосқан авторлар саны жағынан,Митинг өтуі жағынан,Қазағы көп емес облыстар алда тұр.Әсіресе Павлодар, Орал, Қарағанды облыстарынан көбірек азаматтар үн қосуда.Қызылорда,Атырау, Шымкент қазағы көп болғанмен ,үн қосушы азаматтар саны аздау болып тұр.Мен бұлардан нөпір шығады деп күткем.Қазірше бәрі керісінше.
Пікір алмасу

Кімнен: Әкөш Қайдан: Сарыарқа
16.04.2012 20:51
+1 / -0
Арыс көке-ау, «Қашсаңшы, өлесің ғой, қасқа бала!»деген тырнақшаға алынып тұр ғой! Полицейлердің қолынан оққа ұшып жатқан сәтті көрген ананың шырқыраған жан дауысы ғой! Сонда айтқаны ғой! Қашпай, бәрі полицейлерге қарсы жүгіріп, қынадай қырылуы керек па еді?! 17 млн ғана аз ғана қазақтың қырылғаны керек па?! Өз жерімізде отырып өзіміз қырылып жатырмыз. қаш демегенде не десің енді? Шетел асып жатқандар халықтың қазынасын қымқырған шенеуніктер ғой!

Кімнен: Әкөш Қайдан: САРЫАРКА
16.04.2012 20:43
+1 / -0
Жаңаөзен қасіреті - ұлттық қасіретіміз.Бұл күн ұмытылмауы тиіс. Қайғылы жырлар да толастамауы керек. Павлодарлық Арман Қани ағамыз қашан да болсын еліміздегі саяси оқиғаларға белсене араласып жүретін алашшыл,күрескер ақындардың бірі.Бұл қанды оқиға ағамызды да бей жай қалдырмаған екен. Аман болыңыз , аға! Тағы да жаза беріңіз.

Кімнен: Арман Қайдан: Алматы
16.04.2012 21:03
+0 / -0
Ақынның өлеңі өте жақсы екен. Әсіресе, айтпағы...

Кімнен: Қамбар Қайдан: Ақтау
16.04.2012 22:48
+1 / -0
Бүгін сотталушы Қосбармақов жауап бергенде былай деді. Артымнан келген бір жігіт менімен жағаласып кетті, ол азаматтық киімде еді, мен оның курткасын тартып қалғанымда, куртканың алды ашылып кетті, ішінен полицияның формасын және тапаншаны көрдім деді.
Пікір алмасу

Кімнен: Дико
18.04.2012 11:28
+0 / -0
Тәртіпсіздікті ұйымдастырған адамдар үшін полиция киімін тауып алу қиын ба, тәйірі. Қаншама қылмыс полиция киімін киген, бірақ полицияға еш қатысы жоқ қылмыскерлердің қолымен жасалады. Осы жайтты да ескеру керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Жантық Қайдан: Боратия ғой баяғы
19.04.2012 00:44
+0 / -0
Өте дұрыс! Басбұзарлар мен тәртіпсіз наркомандар, алқаштар форма, бронежилет, автомат, пистолеттермен, дубинкалармен қаруланып, біреуі бетіне Мылтықовтың маскасын, енді біреуі Қабыловтың, тағы бірі Өтешовтың, қалғандары басқа да шенді-шенсіз полицайлардың маскаларын киіп алып алаңдағы халыққа шабуыл жасаған, көшедегі адамдарды ұстап подвалдарда ұрып-соғып өлтірген ғой. Соңынан біреуі ебтің маскасын киіп келіп мұнайшылар дұрыс деп кетті. Осының бәрі не үшін? Ебті қарабет қылу үшін! Вот так! Мүмкін Холливудтың актерларын жалдаған шығар? Бұлардан бәрі шығады. Қазіргі соттағылар да, айыпталушылардан бастап сот нағашыбаевқа дейін маска киіп отырған құлиғандар болса қайттік, тексеру керек. Маңдайымыздағы жалғыз ебімізді маска киіп алып масқара қылуды тоқтатыңдар!

Кімнен: Қайпы Қайдан: Шетпе
17.04.2012 09:11
+1 / -0
Қосбармақовтың бар кінәсі ызасына тиген полицайға қол шығарғаны екен, бойымдағы бес қаруым сол болды деді.
Полицияның шебі халықты бірде қысып,бірде босатып тұрды, әдейі ызаға тиген сияқты деді. Бір қысқанында бір әйел ойбайлап , менің аяғым ауыр , жіберіңдерші деп жалынды деді.
Қосбармақов сонымен қатар, полиция оқ ата бастағанда, қасындағы адамдардың оқ ұшқандарын айтты, бір ұзын жігіт қарсы жүгіріп келе жатыр екен, мұрны жоқ, қан ағып жатыр, дем алғанда бу шығады, мені көріп,маған қарай құлай кетті, мен оны көтере алмадым, мұрнынан сүйектер шашырап жатыр деді. Сосын бір толық жігіт қасымда тұр еді, бір мезетте шырқ айналып құлап түсті, мен оған "ей,тұрсайшы" деймін ол тұрмайды, қарасам екі көзінің ортасы тесік деді. Жараланған жігітті 2-3 полицейдің дубинкамен ұрып жатырғанын көргенде, тұрған жерімде аяғым қозғалмай қалды деді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.04.2012 13:02
+0 / -0
Қандай аянышты.................
Пікір алмасу

Кімнен: Алаш Қайдан: Алматы
18.04.2012 00:49
+0 / -0
Істің ақ қарасын анықтау әрине болашақтың еншісінде! Бірақ дәл қазіргі жағдайда елге керегі мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығы болып қала бермек!

Кімнен: Уміт Қайдан: Жарма
17.04.2012 13:54
+0 / -0
Қазақтан сөз қалмаған...
негізі Жаңаөзенде болған оқиға еліміз үшін болған қайғылы жағдай. Оны нақты жоспарлаған, айдақтаған, ұйымдастырған адамдарды жауапқа тарту керек. Мұндайдын қайталауына жол бермеу керек. Еліміздің бірлігін сақтайық!

Кімнен: MaratAK Қайдан: Shymkent
17.04.2012 14:18
+0 / -0
Қасқа балдарды осы алаңға шығуына себебші болған сатқын саясаткерлер мен олардың мәнкүрттері, соларды тауып, соттап, ату жазасын беру керек. Аналардың жастарын, баурлардын қандарын төккізген солар! Бұзақылық жасап, еріп кеткен жастар қәзір соттыңда азабың көруде. Сот біткенше сол "сатқын саясаткерлер, аблязовтар" "сценарийіне" ілінбей қалайық, осы оқиғаңын өзі жектілікті емес па, ағайындар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.04.2012 20:36
+0 / -0
Марат , халықты атқаннан кеш қалсада, сонда "жауапты" маман болып барып, халықтың тоналуына жол берген сенің бір дөкей саясаткер жерлесің бар.Құдай біледі, сенде сол арамтамақтардың бірі шығарсың? Ол 18-желтоқсанда Ақтау қаласында "Қасымов мені тыңдамайды"-депте соққан.өзі сол кезде 1-вице-премьер бола тұра.
Пікір алмасу

Кімнен: MaratAK Қайдан: Shymkent
18.04.2012 09:51
+0 / -0
Әкімшілік органдарының да қызметкерлері үстінен істер қозғалып, бір талайың сотқа берді. Олардың кінәсін ішкім жасырмайды. Осы жағдайды және өнеркәсіптердін жергілікті жұмысында өкімет жөндеп жатыр.Арамтамақ емес болғандықтан, бала шағаның қамын ойлап бейбіт өмір сұргіміз келеді. қайтыс болған адамдардың тұысқандардың қайғысына ортакпын, тек болған құбылыс құрделі қоғам. Бірақ, кәзір барлықтар жұмыссыз емес қой, интернетте, БАҚ өте қәжетсіз дау-шу болып жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: МАРАТҚА Қайдан: Алматы
18.04.2012 18:52
+0 / -0
маратжан ,оңтүстіктің жігіті екенсің.Ана атқыш полицейлер Абдүрасүл өтешов пен Улықбек Мылтықовтың туысқаны емес пісің? Халықты атқан полйцейлердің қорғауың жаман.Әлде сол Жаңаөзендегі қара курткалылардың бірі шығарсың? Жұмысыңды бітіріп енді мұнайшылардың кінасыз сотталуын тілеп отырған.

Кімнен: асканга Қайдан: тоскан
17.04.2012 14:33
+0 / -0
Билiктенге айтарым--умытып ,ештене болмагандай омiр сургiн келiп жур ме, калай умытарсын.Билiктiн айтып журген 16 олiгi, созiмiз ауыр болмасын, эйтеуiр калай болса да аруланып ,жерлендi гой,калгандары ше,олгенi бар,шала жансары бар, тiрiдей комiлдi гой.Табылмаганы каншама.Колы сынгыр колымен iстегендер калай жер басып жур, мен соган тан каламын. Умыт дейсiз калай умытылады.Умытпайсын.Умыттырмайды.

Кімнен: Жан Қайдан: Жайык
17.04.2012 15:24
+0 / -0
осындай бейкуна каншама жастарды уйыдастыра буликти бастагандар жазаларын алу тиис. Сот адл шешимин берери кумансиз

Кімнен: ms.nekky Қайдан: KZ
17.04.2012 15:43
+0 / -0
очень жаль.

Кімнен: Шамсия Болатова Қайдан: Казахстан
17.04.2012 16:54
+0 / -0
Қираған Жаңаөзен қаласы мен халықтың материалдық, моральдық шығынына жазықты адамдар жауап беру керек.Сот төрелігінің әділ шешімін күтейік.Еліміздің болашағы үшін ақиқатты алдынғы орынға қоюымыз керек.Халықтың тыныштығын сақтап, сабырлы болайық.

Кімнен: Болатжан Қайдан: Алматы
17.04.2012 17:33
+0 / -0
Жаңаөзен тақырбы тарихта уақыт өткен сайын шындығы ақиқаты ашылатын тақырып болып қалады. Жаңаөзендіктерге мотериалдық психологиялық көмек ретінде бір күндік жалақыларымызды аударайық, қйыншылықты бөлісейік ағайын.
Пікір алмасу

Кімнен: Zaure B Қайдан: Өскемен
18.04.2012 06:25
+0 / -0
Жаңаөзен оқиғасы бұл тек қана жай ғана еңбек дауынан басталып, екі жақтың арасындағы түсіністіксіздіктің арқасында көптеген негізсіз зардаптарға алып келген көтеріліс қана ғой. Неліктен жаңаөзен халқы бұл мәселені бейбіт шешуге тырыспаған? Әлде өздерінің мұндай іс-әрекеттерінің осындай зардаптарға алып келетінін болжай алмаған ба? Істер бұрын ойлану керек, істеп алып кейінен біреуді кінәләмай.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?