Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:39

ЕРКІН СӨЗ

«Қазақтың көктемі туады»

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бүлінген суреті. Жаңаөзен. 19 желтоқсан, 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

2012 ЖЫЛ, ҚАҢТАР

«Қаңтардың шілдесі» күйіп тұр,
Кеудеде запыран күйік тұр.
Қан жұтқан қараша қамығып,
Ызасын ішіне жиып тұр.

Биліктің ойында – бүлік тұр,
Мысқылдап, мұртынан күліп тұр.
Амалы таусылған, шарасыз
Азамат ерлерім сұлық тұр.

Қылт етсе, қанатын қиып тұр,
Қырғын сап, қасқырдай ұлып тұр.
Мойнында – қарғысы халықтың,
Қойнына қорғасын тығып тұр.

Арсыздар аяғын сүйіп тұр, 
Бұқара ұйқыда, бұйық тұр.

Рахат Қосбармақ, ақын. (Сурет жеке мұрағаттан алынды).
x
Рахат Қосбармақ, ақын. (Сурет жеке мұрағаттан алынды).
​​Еркіндік аңсаған ерлерге
Абақты ауылы тиіп тұр.

Суайттың сөзіне ел ұйып тұр,
Бұлт болып бұршағын құйып тұр.
Құдыққа құлаған құлан-жұрт
Құлдықтың қамытын киіп тұр.

Ұлтымның рухы сынып тұр,
Жұртымның шашын жел жұлып тұр.
Қандықол жендетке жем болып,
Қазақтың діңкесі құрып тұр.

Биліктің иығы биік тұр,
Халыққа қабағын түйіп тұр.
Арнадан асатын дария
Әзірше уысқа сыйып тұр.

Іштегі ой іркіт боп тынып тұр,
Ал сыртта ақ боран ұлып тұр.
Қаңтардың қақаған аязы,
Қазақтың жігерін шынықтыр!

"Қазақтың көктемі туады!
Әзірше ақ боран ұлып тұр..."
Сарайдың іргесі іріп тұр,
Сары тақ шайқалып, шіріп тұр.
Көзіне жас толған халықтың
Көңілінде көп сұрақ тұнып тұр.

Тым жақын қалды кез, тым жақын,
Әзірше жоқ бізге бір жақын.
Дүлейін төндірген дүниенің
Үрейін алатын үн жақын.
Кімді-кім білетін күн жақын,
Түндігін түретін жыл жақын.
Арасын ашатын келді кез –
Бағасын кім дұшпан, кім жақын.
Қайнаған ызаның қазаны
Қақпағын лақтырар күн жақын.

Қашаннан қастерлі ғұрып бұл –
Бір сойқан боларын біліп тұр:
Дауылдың алдында – тыныштық,
Дала да демін ап, тынып тұр.

Ауызда – ақ кісен, құлып тұр,
Кеудеде – кек кернеп, лық тұр...
Қазақтың көктемі туады!
Әзірше ақ боран ұлып тұр...

Рахат Қосбармақ

2012 жыл, 31 қаңтар (сейсенбі) - 1 ақпан (сәрсенбі)
Ақтау қаласы.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қазақ қой баяғы
02.02.2012 11:50
+0 / -0
Кызык өлең екен....
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 12:04
+0 / -0
АҒА МАЛ СИЯҚТЫ АЙДАҒАНА ЖҮРЕТІН ДЕПУТАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЗЫҢЫЗШЫ ОЛАРДЫ АЯМА ОЛАР ШЫНЫМЕНДЕ МАЛ

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
02.02.2012 11:57
+0 / -0
Тірі адамға оқ боратып қорғасын,
Ал мәйітің он мың тенге болғасын...
Көрінгенді түрме апарып тыққан соң,
Ойланғайсың, бұл биліктің оңбасын...

Көтер басты ей-қазағым қандасым,
Ұрпақ үшін Аллам сені қолдасын,
Жетті емес пе бұйық өмір сүргенің,
Көзіңді аш, құқың сенің қорғалсын!
Пікір алмасу

Кімнен: жәй қазақ Қайдан: Алматы
02.02.2012 13:12
+0 / -0
Рахат көп қазақтың көкейіндегіні жырлапты. АЛЛА разы болсын. Әттең ақындардың 10 пайызында ғана жүрек бар.Шын ақындар қай кезеңде дехалықтың қасында болған. Көп "ақынсымақтар" биліктің тамадасы сияқты "степендия" алып, ақша бергенді жырлайды. Оларға әйтеуір шатпақ шығаратын өнер бар, болмаса қылымсып жігіт бастарымен "Саина"да тұрар ма еді.

Кімнен: Қонақ
02.02.2012 15:26
+0 / -0
тым жақын қалды кез, тым жақын - дегені НӘН-нің күнінің жақындағаны ма?

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
02.02.2012 16:15
+0 / -0
Рахат бауырым жаксы айткан өленін түбі болады қазақтың көктемі сіздей акын бауырларымыздын өлен сөздері жігерлендіреді халықты ал ана өңкей Фариза,Әбіш па аттарында атагым келмейді Нұрсұлтаннын санкылдаган тотылары кол суйіп табан жалагыштар көкелері өлсе кімге арнаймыз жазып бітірмеген жырларымызды деп артынан бірге көрге барып жатарма екен байғұс бейшара ақын сымақ кәрә құртандар

Кімнен: Сымбат Қайдан: Тараз
02.02.2012 16:23
+0 / -0
Керемет, ақын болсаң, осындай бол. Көптің көкейіндегіні дөп басқан Рахат ақынға мың алғыс!!!!!

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
02.02.2012 21:34
+0 / -0
Рахаттың бұрынғы өлеңдерін оқымаған екем. Реті келмепті. Біз әрқашан осылаймыз ғой, күнделікті күйбеңмен өлең, кітап оқуға қолымыз тимейді, "қолда барда алтынның қадірін білмей" артынан өкініп жатамыз.
Желтоқсандағы Жаңаөзен Жайлы Жаңа Жыры да Жаман емес екен. Әрине, алдыңғысының орны бөлек, дер уақытында халықтың көңіл-күйін дәл суреттеп еді, мына соңғысы да алғашқы эмоциядан арылып, ойлы кейіпке түсіп, жан-жағымызға қарай бастаған сәттегі көңіл-күйімізді дәл сипаттап тұр. Рахмет, бауырым!
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл