Бейсенбі, 23 мамыр 2013, Алматы 17:08


САЯСИ САТИРА

Азған полковниктің ақыры һәм 51 пайыз дауыс жинаған Назарбай би туралы

«Жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе» (Абайдың сөзі), әйтеуір тағы бір аптаның аяғын көрдік. «Алысқан, жұлысқан, айтысқан, тартысқан – әурешілікті көре-көре келдік». Бірақ мен оның бәрін емес, осы аптада өзіме әсер еткен үш жаңалықты ғана айтайыншы.

Көтерілісшілердің қолына түскен Муаммар Каддафидің қаза болар алдындағы қалта телефонына түсірілген соңғы суреті. Сирт, 20 қазан 2011 жыл.
Көтерілісшілердің қолына түскен Муаммар Каддафидің қаза болар алдындағы қалта телефонына түсірілген соңғы суреті. Сирт, 20 қазан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

І. МУАММАР КАДДАФИ

2011 жылы 20 қазан күні Муаммар Каддафи өлді.

1940 жылы Сирт қаласының маңында көшпелі каддафа тайпасының шаңырағында дүниеге келген Муаммар 16 жасынан-ақ отаршылдарға қарсы қозғалысқа қатысты; 21 жасында жасырын ұйым құрып, монархияны құлатуды мақсат етті; ақыры 1969 жылы 1 қыркүйекте төңкеріс жасап, ел патшасы І Идристі тақтан тайдырып, билікті қолына алды.

1969 жылы 16 қазанда жұрт алдына шыққан Каддафи өз саясатының бес қағидасын жариялады: 1) шетелдік базаларды Ливия жерінен түгелдей шығару, 2) бейтарап болу, 3) ұлттық бірлік, 4) араб бірлігі, 5)  саяси партияларға тыйым.

Серіктерінің айтуынша, «мәдениетті, бекзат мінезді, нұрлы ақылды, арманшыл» революционер Каддафи ақырында «ұлттың әкесі» атанып, өз халқынан алыстап, байлығы артып, көп диктатордың біріне айналды.

1970-90 жылдары қарапайым халыққа көп жақсылық жасаған, тіпті мұнайдан түскен табысты тең бөліп, бензинді тегін таратқан, тұщы су мәселесін шешкен Каддафи 2000 жылдан бастап халқын ұмытып кетті дейді сарапшылар.

Өзі де офицер болған, таққа армияның арқасында келген Муаммар мемлекетті басқару жүйесін біртіндеп өзгертіп, ақыры билікті жеке меншігіне өткізіп алды. Халықтың қолдауына ие болып, монархияны құлатып, өз дарынымен президент болған Каддафи өмірінің соңына таман ұлдарын мұрагері ретінде жариялап, 42 жыл бұрын өзі тақтан қуған І Идрис патша болды да шықты.

Өмірден «диктатор» деген атпен кеткен Каддафидің әу баста демократияны армандағаны ертегі сияқты естіледі.

P.S. Демократия демекші, осы аптада «Егемен Қазақстан» газетінен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сұқбатын оқыдым. Президенттің айтуынша, демократияның әр елге тән стандарттары болады екен, бір елдің демократиясы басқа елге залалды екен.

– Біз еліміз демократиялық қоғам құру жолында дейміз. Ал олар болса біздің демократияның еуропалық стандарттарына тез түсуімізді қалайды. Мұның біздің қоғамға қандай залалы боларында олардың шаруасы жоқ, – депті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Олардың» кім екені сұқбатта ашып айтылмаған.

– Маған да батыстың жолына түсіңіз, осыдан артық жол жоқ дегендер аз болмады. Түспедің деп сынады. Олардың ақылымен жүрсек, онда өз дәстүр, өз тамырымыздан айырылып, ел ішінде дау-дамай көбейер еді. Нешеме түрлі-түсті революциялардың ішінде жүрген халықтың өмірі мүшкіл болар еді. Оның бәрін көріп отырған жоқпыз ба? – деп сұрайды Қазақстан президенті.

Революционер Каддафидің 42 жыл билік құрғаны 4 жыл ғана президент болатын біреулерге ұза-а-ақ болып көрінетін шығар, бірақ 21 жыл ел басқарған кейбіреулер үшін – жер ортасы ғана ғой, тәйірі...

ІІ. «СОПЫЛАР СОТЫ»

Осы аптада Алматыда 1 жыл 2 ай бұрын қозғалған «сопылар ісі» бойынша бір топ адамға қатысты сот үкімі шықты. «Сопылық ағымның жетекшісі» Исматулла Әбдіғаппар – 14 жылға, ҚазҰТУ-дың профессоры Саят Ыбыраев – 12 жылға, Ербол Исабеков - 9 жылға, Ербол Рахымбаев – 8 жылға, Сайпулла Моллақанағатұлы – 8 жылға, Думан Берікбосынов – 8 жылға, Жадыра Сүлейменова – 6 жылға, Арнур Куникин – 5 жылға, ал Әлия Әшірқұлова – шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айрылды.

Айтпақшы, 6 жылға сотталған Жадыра Сүлейменованың екі баласы бар 
6 жылға сотталған Жадыра Сүлейменованың ері Қайрат Сатынқанов нәрестесін ұстап тұр. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
6 жылға сотталған Жадыра Сүлейменованың ері Қайрат Сатынқанов нәрестесін ұстап тұр. Алматы, 19 қазан 2011 жыл.
екен: біреуі – екі жастағы, екіншісі – төрт айлық сәби.

Исматулла Әбдіғаппар мен Саят Ыбыраев «қылмыстық ұйым құрды» деп айыпталған болатын. Бұл 9 адамға «экстремизм», «маскүнемдік пен нашақорлықты адамдардың денсаулығына зиян тигізе отырып емдеу», «адамдарды заңсыз бас бостандығынан айыру», т.б. қылмыстар бойынша айып тағылған.

Адвокаттардың дерегінше, Исматулла Әбдіғаппар - 12 бап, Саят Ыбыраев - 6 бап бойынша айыпталған. Сот «екі азаматтың да мал-мүлкі тәркіленіп, өздері жазаларын қатаң режимдегі түрмеде өтесін» деп шешті.

P.S. Түрме демекші, жаңағы «Егемен Қазақстандағы» сұқбаттан бұған дейін өзім білмеген (білмегенім үшін қатты ұялдым!) бірнеше дерек тауып, қуанып қалдым. Соның бірі – Қазақстан президентінің әкесінің «үш жүз арестантқа бригадир болғаны».

– Сол жерде (Үшқоңырда - ред.) жұрт әлі күнге «Арестанттар жолы» дейтін жол бар. Тауға шығатын айналма жол. Айтқандай, ол «арестанттардың» (қазақтар оны рыстандар салған жол дейді) кім екенін білесің бе? Әуре болмай-ақ қой. Ешуақытта ойлап таба алмайсың. Үшқоңырдағы жолды салғандар бай-кулактар мен… жер аударылған молдалар екен!.. Олардың арасында Бұқарада медресе бітіргендер де бар көрінеді. Сонда әкем үш жүз арестантқа бригадир болыпты, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев журналист Сауытбек Абдрахмановқа берген сұқбат кітабында.

Ескерте кетейін, президент Назарбаев бұл деректі әкесінің еңбекқорлығына дәлел ретінде айтып отыр.

«Сопылар ісі» бойынша сотталған азаматтардың қай жерде жол салатынын «бригадирлері» біледі.

ІІІ. НАЗАРБАЕВ ПЕН НАЗАРБАЙ БИ

Енді ең соңғы жаңалық: Саяси зерттеулер институты Қазақстанның 16 қаласында жүргізген зерттеуге сенсек, Қазақстан халқының үштен бірі басқа елге көшіп кеткісі келеді екен (немесе үштен екісі басқа елге кеткісі келмейді екен).

«Қазақстаннан көшіп кетсем деп ойлаған кезіңіз болды?» ма деген сауалға сұралған адамдардың 71,5 пайызы – «жоқ» деп, ал 28,5 пайызы – «иә» деп жауап беріпті.

Елден кеткісі келетіндердің 44,3 пайызы – Ресейге (олардың 69,5 пайызы орыс, 10,2 пайызы қазақ), 11,5 пайызы – Батыс Еуропаға (олардың 18,9 пайызы қазақ, 6,7 пайызы орыс), 9 пайызы АҚШ-қа (олардың 20,5 пайызы қазақ, 3,4 пайызы орыс) көшсем дейді.

Қазақстаннан кеткісі келген азаматтар мұның басты себептері ретінде материалдық-экономикалық ақуалды, кәсіби өсу мен жұмыстың болашағы жоғын, мемлекеттің тіл саясатын айтыпты. Шетелге көшкісі келетін азаматтың ұлты – орыс немесе қазақ, жасы – 30-49 шамасында, кәсібі – қызмет көрсету, сауда, шағын және орта бизнес саласы, мекені – Солтүстік немесе Батыс Қазақстан.

Мен бұл азаматтардың елден неге кеткісі келгендерін бәрібір түсіне 
"Нұр Отан" партиясының мүшелері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап жатыр. Астана, 4 сәуір 2011 жыл.
"Нұр Отан" партиясының мүшелері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап жатыр. Астана, 4 сәуір 2011 жыл.
алмадым. Әлде осыдан жарты жыл бұрын, сәуірдің 3-індегі президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевқа 95,55 пайыз дауыс жинап берген 8 миллион 850 мың 958 адамның арасында бұлар жоқ па екен?

P.S. Сайлау демекші, жаңағы «Егемен Қазақстандағы» сұқбаттан өзіме бұған дейін беймәлім тағы бір дерек таптым. Ол – Нұрсұлтан Назарбаевтың атасы Назарбайдың би болғаны.

Обалы не керек, журналист бір сауалында – «Үлкен атаңыз Назарбай би де ақындықтан құралақан болмаған сияқты» деп, екінші сұрағында – «Сіз атаңыз туралы «Назарбай қолында мөрі бар адам болған екен…» деп қана айтумен шектелген едіңіз. Кейін қарасақ, ол кісі ауыл-аймақты басқарған, көп жыл би болған адам екен» деп, тағы бір жерде – «Назарбай бидің өзі өскен өлкеде белгілі бір із қалдырған тұлға екендігі сіздің кішілікпен айтқан әңгімеңізден-ақ аңғарылып тұр» деп, Назарбай биді немересінің есіне салуға тырысып-ақ баққан екен.

Тіпті Тортай Сәдуақасовтың «Назарбай би және туған өлке тарихы» деген кітабынан дерек келтіріп,  «Ертеректе Шамалған өңірінде жасаған өзі бай, өзі болыс Алпысбай атты төреге сол елдегі Назар (бай) деген бидің жиында отырып, бір жағы сынап, бір жағы базына қылып айтқан тілек-батасын» да беріпті:

«Ел арасын егер қып,
Ер ісінен жазар ма?
Болыс болсаң бүтін бол,
Елдің құты әзалда.
Тепсінетін жөнің жоқ
Мәжілістесің Назарға».

Ескерте кетейін, Назар (бай) деп жазған – біз емес, «Егемен Қазақстан». «Назар» мен «бай» бұрын бір адамның есімі болып, кейін екіге айырылған ба, әлде болашақта араларын ашып тұрған жақшадан құтыла ма – оны  кітап авторы Тортай Сәдуақасовтан сұраңыздар.

– Назарбай атамыз би сайлауына үш рет түскен көрінеді. Ана жылы маған Джонатан Айткен келген. Мына отырған сен сияқты оған да әбден әңгіме айтқанмын. Сол кісі архив құжаттарынан Назарбайдың ауқатты әрі елге сыйлы адам болғанын, 1900 жылы жергілікті төбебилікке сайланғанын анықтапты. Ол деректер бұрын да келтірілген еді. Жабық дауыс беру кезінде 58 рубасының 30-ы Назарбайды қолдап шыққанын жазған, – дейді Қазақстан президенті.

Ал мен өз көзіме өзім сенбедім! 58-дің 30-ы деген – 51,72 пайыз ғана ғой!

95,55 пайыз дауыс жинаған немересі атасы үшін (немесе атасынан!) ұялмай ма екен?



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
21.10.2011 19:39
+0 / -0
Муаммардың жолын құшқыр зәнталақтың ар-ұяты деген тіптен қалмаған екен! Менде бұл озбырдың "Возжигая пречистые огни" деген "күміс" кітабы жатыр. Сол естелік кітабында кулактың шошқасын баққан әкесін теміржолшылардың бригадирі болған деп аңқылдатып қойыпты. Енді келіп 300 тұтқынды қойша қайырған қарауыл-сарбаз деп тантиды! Егер тумаған атасы би болса оның баласы қалайша шошқа баққан жалшы болған? Өтіріктің де шегі болуға тиісті ғой! Тумаған атасын көрмесе де өгей әкесінің қандай адам болғанын білетін Шамалғанның қарияларынан-ақсақалдарынан қалай ұялмай-қызармай қырық бір өтірікті соғып отыр екен? Тексіз, тегі жоқ, тегі болмаған деген осы болар?..
Пікір алмасу

Кімнен: Секен Қайдан: Алматы
22.10.2011 00:00
+0 / -0
"Тексіз, тегі жоқ, тегі болмаған..." дегенің қалай? Назекең өмірін етікшілікпен өткізген ғой, Шамалғанның шалдары жақсы біледі, әкелерінен естіген. Ал Қарағандының шалдары Сара Алпысқызының жоғары білімі жоқ болса да, бүгінде инженер-экономист екенін білетін шығар?

Кімнен: Қазақтың қызы Қайдан: Ақтау
21.10.2011 20:13
+0 / -0
Төменде "Алтын ғасыр" газетінде жарияланған ақын Қуаныш Мұқтайдың "Төңкеріс" өлеңін Азат радиосының оқырмандары да оқысын деген ақ ниетпен алдарыңызға тартып отырмын. Өлеңнің Кадаффи туралы мақаламен үндестігі бардай болып көрінді.......

«ТӨҢКЕРІС»

Мені сөге көрмеңдер жылап жүр деп,
Жылап жүрген – жүрегім, бақыт іздеп.
Күліп ешкім тумайды,
Өлерінде –
Кетер дейсің фәниден кім күлімдеп?

Жүргенім көне соқпақ, тау арасы,
Көкіректі жұпар иіс дауалашы!
Күліп емес, булығып, жылап тұрсам,
Күн тамылжып, ойнап тұр, қарасайшы?!

Бір ой келсе, бір ой бар қашып жүрген,
Қашқан ойды жоқ жерім қуып көрген.
Желдің де уілінде зығырлы әуен –
Елеңдеп, сол әуенге құлақ түргем...

Сыпырылмай басынан томағасы,
Өрмелемес ұлтымның өрге тасы.
Жасқану бар, жалтару, қорқу басым –
Допқа айналды қазақтың қайран басы!

Қаншалықты от бар деп жүрегінде –
Шоғын санап ұлтымның жүргенімде:
Сенделген сергелдеңнен шығатын жол –
Менің мынау айтпақшы сөздерімде:

Мәселе шешілер ед еш керіссіз,
Билік тағын бермейді төңкеріссіз...
Бұға берсек, сұм билік сұға бермек,
Жиырма жылда осыны өткеріппіз...

Билікпен алысқаным жаным күйреп –
Кетпесін деп мерт етіп жарға сүйреп...
Залалым тиеді деп неден қорқам?!
Ажал зәрі кетсе де мейлі түйреп.

Мен билікке сенбеймін – Күнге сенем!
Ұлтым дейді жүрегім – Үнге сенем!
Күннен өткен жарық жоқ, тұрса алаулап –
Қазақ тірі тұрғанда – неге сөнем?!

Бұл қазақ жата бермес, оянар-ақ,
Ар-намысы оянса – Құдай да жақ!
Уа, Ғалам!
Ешкімге де жұмбақ емес –
Менің батыр бабамның болғаны Сақ!

Сондықтан да,
Ұлтыма айтарым бар:
Тоналған байлығыңды қайтарыңдар!
Жер де, су да, таулармен, байтақ дала,
Қайтарайық – Ұлы істі атқарыңдар!

Бұғалықтан босайтын жалғыз жол бар –
Бұғалықтың арқанын борша қылар:
– Билік төрін бермейді төңкеріссіз,
Төңкеріссіз бар істің бәрі шұбар...

Сыпырып ап басынан томағасын.
Бұл ақының осылай саңқылдасын!
Айтарымды мен айттым – тіл кеспек жоқ,
Маңқаларға сөз бердім – маңқылдасын.

Оты барлар жүректен саңқылдасын –
Найзағайдай аспанда жарқылдасын!
Менің межем белгілі – алдыңғы сап,
Қазағым!
Іс жасайық, ақылдасып!

Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.10.2011 09:35
+0 / -0
Неге осындай тамаша мақаланың астына өздеріңнің беделдеріңді көтеру үшін пікір өлең жазасыңдар? Өзімізді-өзіміз жарнамалауды доғаруымыз керек. Жөні түзу өлең болса халық өзі-ақ оқиды.
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақтың қызы Қайдан: Ақтау
22.10.2011 14:28
+0 / -0
Осындай тамаша мақаланың беделін биіктету үшін де XXI ғасырдың Махамбеті аталған Қуаныш Мұқтай ағаның өлеңін әрдайым осылайша беріп отырсам оның несі сөкет екен? Ол кісіге бедел жинап керегі жоқ, құдайға шүкір беделі ешкімнен кем емес! Ал сіз емделіңіз, көреалмаушылық жаман ауру.
Біз Батыстың қазақтары Қуаныш Мұқтайды "Алтын ғасыр" газетінен жақсы таныймыз, қастерлейміз! Биліктің жантықтарына жақпады деп ақиық ақынымызды дәріптемесек, "аспан да көк, ту да көк, жер де көк" деп алжасып жүрген алжас ақындарды дәріптейік пе? Оныңыз бола қоймас, қоя қойыңыз, ентікпеңіз ағатай!
Пікір алмасу

Кімнен: Дастан Қайдан: Арқадан
22.10.2011 21:35
+0 / -0
Дұрыс айтасыз! Мына жақсы мақалаға бір салиқалы пікірлер оқығың келсе, өлеңдерін тықпалайды. Осы Мұқтай деген ақын ылғи саморекламамен айналысады. Және, байқайтыным, неше түрлі атпен кіріп, өзін-өзі мақтайды келіп. Мысалы, мына Қазақтың қызы деп Ақтаудан жазған болып отырғаны өтірік. Үйткені, ондағылар емделіңіз демейді- емделің дейді, қойыңыз демейді-қойың дейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Шәріпжан Алпысбай Қайдан: Торғай даласынан
22.10.2011 10:09
+0 / -0
Бұл қазақ жата бермес, оянар-ақ,
Ар-намысы оянса – Құдай да жақ!
Уа, Ғалам!
Ешкімге де жұмбақ емес –
Менің батыр бабамның болғаны Сақ!

Уа жаса ақын!! Сақ бабаларымыз жауынгер батыр жаужүрек арыстан болған!! Қазақ өзі де жаңа оянып келе жатыр бізге де күн жарқырап таң атар.................
Пікір алмасу

Кімнен: Дастан дегенге Қайдан: Атыраулық
23.10.2011 14:25
+0 / -0
Дастан деген патшағарға!
Сен не өзің Батыстың қазақтарын айдан көшіп келген қазақтар деп отырмысың өзің? Емделің қойың деп тек сақаулар ғана сөйлесе алады. Сен әлде Батыстың қазағымен сөйлесіп көрмеген бе едің? Олай болса Атыраудың адайы менімен сөйлесуге қалайсың? Сендей жалақор оңбағанды көрсем көзім шықсын, бізді сақау мал деп санауға қандай қақың бар? Дастан дегенді білмейді екенбіз, ал ақын Қуанышты Атырау жақсы таныйды жақсы жағынан. Тап бір қасында отырғандай оттапсың келіп, оның не зат?
Ғатауғали 87013775319
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.10.2011 11:14
+0 / -0
Қуаныш Мұқтайдың олендерин кай сайттан окуга болады? Халыкка олар калай жеткизилип жатыр?
Пікір алмасу

Кімнен: Шәріпжан Алпысбай Қайдан: Торғай даласынан
24.10.2011 13:33
+0 / -0
Қуаныш Мұқтайдың олендерин кай сайттан окуга болады? Халыкка олар калай жеткизилип жатыр?

www.maidan.kz деген сайттан оқыңыз

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.10.2011 22:13
+0 / -0
Өлдің Мамай,қор болдың деген осы!Бәрі де өтпелі,баянсыз дүние-ай!..
Әлсін-әлі Каддафимен шахмат ойнауға барып жүрген Қалмақ президенті Кирсан Илюмжанов не істеп отыр екен а?

Кімнен: Месси Қайдан: Барселона
21.10.2011 22:22
+0 / -0
Уай, Ермек Тілеген, жарайсың! Мына блогың құтты болсын! Жақсы екен! Ләззат алдым, ақпарат алдым, әділетке қарай шақырыпсың. Және қара қазақтың мақаласындай емес, жүлгелі, тұжырымды екен. Қаламыңның ұшында от бар сияқты. Рахмет.

Кімнен: zhanashır Қайдан: yelden
22.10.2011 09:50
+0 / -0
yermek aga!!!!
tamasha zhurnalistsiz alayda zhaman satiriksiz
siz adebiyettin satiradan basqa salalarında qalam silteseniz tamasha boladı

Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.10.2011 15:52
+0 / -0
Жанашыр, кері кетпей отыршы а! Әлде НӘНді айтқаны ұнамай қалып қыбыжықтап отырған саққұлақтардың бірісің бе? Сөз ұғатын адам әңгіменің айтылмаған астарын түсініп отыр ғой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.10.2011 10:00
+0 / -0
Назарбаев кеткен соң одан кейінгі кім болатынын қайдан білесіңдер
Пікір алмасу

Кімнен: Нысанбай Қайдан: Алматы
22.10.2011 16:39
+0 / -0
Оны білу оп-оңай. Назарбаетың қалай билікке келгені көз алдымызда, ал ендігі билікке келетін адам оның жолын қайталай алмайды, өйткені оны таққа әкелген КПСС жоқ, "Нұр Отан" ол партияның қолына су да құя алмайды. "Нұр Отан" КЕМЕҢГЕР келмеске кеткен күні-ақ тарап кетеді... КЕМЕҢГЕРДЕН кейін Ел басқаратын адамды ХАЛЫҚ сайлайды. Большевиктік түсініктен арылған ХАЛЫҚ өз дауысын ҰЛТШЫЛҒА беретін болады. Сөйтіп, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ жолына түсетін болады. Не нәрсені болса да большевиктік түсінікпен өлшемеңдер. Ал мақалаға келер болсақ, ӨТЕ ТАМАША!!!

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
22.10.2011 17:54
+0 / -0
969 жылы 1 қыркүйекте төңкеріс жасап, ел патшасы І Идристі тақтан тайдырып, билікті қолына алды.
===================================

қалай билікке келсе солай биліктен кетті..
қаншама адамның қанын ішкен қанішер ақыры өзі де сондай бір адамның қолынан қаза тапты

Кімнен: маңғыстау
22.10.2011 21:23
+0 / -0
Сонымен кім болды,би ме,әлде етікші ме,кімге сенеміз,өз ауызынан айтқан жоқ па әкем Николайдың шошқасын бақты деп,мені сол коляның балдарынан қалған салосын маған әкеліп беретін еді деп.
Пікір алмасу

Кімнен: Хассақ Қайдан: онтустік
25.10.2011 18:12
+0 / -0
шошқаның етін жеп өскен ба сонда...........

Кімнен: Күңке Қайдан: Алматыдан
22.10.2011 23:41
+0 / -0
Мақала тамаша! Соны стиль, жаңа мәнер. "Время" газетіндегілерді өліп оқисыңдар ғой осы, соларың осындай-ақ, тіпті бұдан да күні төмен, шегіртке шенеуніктер туралы ғана жазады, ал бұл жерде сараптама мен сатира қатар, тақырып ауқымды. Тілігеннің тілеуін берсін!

Кімнен: Дамир Қайдан: Батыстан
23.10.2011 11:07
+0 / -0
Дастан деп қоразша шақырып отырғаны Серік Сапарғали болар осы дәуде болса почеркі сол не Жасарал

Кімнен: қауіп Қайдан: қауіпті ел
23.10.2011 15:56
+0 / -0
Өлетін торғай бүркіттің бір жерін шұқып ойнайды деген. Автор соңғы кездері Назарбаевты көп кекейтін болып кетті. Арты қайырлы болсын.

Кімнен: Берік Қайдан: Алматы
23.10.2011 17:27
+0 / -0
95,55 пайыз дауыс жинаған немересі атасы үшін (немесе атасынан!) ұялмай ма екен?
---------------------------------------------
+100 )))))) Маладес, бауырым!

Кімнен: Бүркіт Қайдан: Алтай
23.10.2011 18:10
+0 / -0
Ұрының арты қуыс деген бар емес пе,тексіздің істерін істеп жүрген ұлт сатқыны:" Жоқ мен тексіз емеспін, атам би болған", деп ақталмақшы ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: ссс Қайдан: атырау
24.10.2011 09:59
+0 / -0
Өте қарапайым ,әрі тексіздерге қатысты нақты да тұщымды пікір! Мен 100 пайыз қосылам!!!!!

Кімнен: Ес-аймақ Қайдан: Алматы
24.10.2011 12:14
+0 / -0
Осындай қазақы өткірлікпен жазылған мақалаларды жиі бассаңыздар екен. Тілі усойқы екен.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.10.2011 16:44
+0 / -0
Азған полковник дегеніңіз елінде жас жұбайларға үй алуға алпыс мың доллар берген, медицинасы мен білімі тегін, медсестрасының өзі мың доллар айлық алған елдің басшысы болды. Пикаптың үстіне пулемет орнатып, басшыы мен қосшысы қайсы екенін айыра алмайтын тобырдың бір елде осылай төңкеріс жасағанына кім сенеді?
Ливия еліне обал болды. енді бұл елді Франция Англия АҚШ торт секілді дәмді жерінен қарпып бөліп алатын болды. патшасы қаншалықты зұлым болғанның өзінде әрбір ел өз тағдырын өзі шешуі керек! Егер Каддафиді бәрі жек көрсе, онда неге уақытша үкімет оны жерлейтін жерді айтпай қорқып отыр? Каддафидің басына зираят ететіндер көбейе ме деп қорқыып отырмыз деп өздері мойындады. Ливиядағы төңкерістің түп тамырын осыдан бір екі жыл бұрынғы каддафидың АҚШ долларына қатысты әрекетінен мәлімемелерінен іздеңіздер. Сол кезде ақ амрқұм өзіне өлім жазасын кестірді.

Кімнен: Ауылдың қара баласы
28.10.2011 17:52
+0 / -0
мына сайт кілең оппозиционерлермен салафилердің сайты боп кетіптіғо,ей оңбаған ұятсыздар патшаға қарсы шыққандары несі?Приздентіміз айтты:біз Қожа Ахмет Иассауи салған сопылық ілімді ұстанамыз деді,ол заң. заңды қатал ұстау керек,көрер едім президентіміздің орнына келген адам не бітіреді екен?ал Назарбаевтың орнына кімді қойасыңдар айтыңшы?Бекболат Тілеухановпа алде Тимур Кулибаевпа?қазір бізде президенттің ізбасары жоқІтек Иманғали Тасмағанбетов бар,сондықтан приздентімізді жамандамаң,қайта амандығын тілең,сосын бізге арабтың саясаты керек емес біз көк бөрінің ұрпағымыз ҚАЗАҚПЫЗ.алдымен Аллаға сиынамыз.Мединеде-Мұхаммет,Түркістанда-Қожа Ахмет,Маңғыстауда-Пір Бекет.осы сөзді ұмытпаң.
Пікір алмасу

Кімнен: Қаланың таза баласы
28.10.2011 18:55
+0 / -0
"ұмытпаң, жамандамаң, тілең" деп мыңқылдап отырған мынау маңқаң Дастан деген емес пе? Әй, шырағым, маңқылдасаң үйіңде маңқылда, ал Азат радиосы тармағын қытайша тіліңмен былғама, ұят дегенді білесің бе өзің?
Пікір алмасу

Кімнен: Ауылдың қара баласы
28.10.2011 20:48
+0 / -0
еее сен маған аңгіме айтпа сенде вахабиссіңба?

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?