Сәрсенбі, 22 қазан 2014, Алматы 15:35


САЯСИ САТИРА

Фаризаның «махаббаты», Жаңаөзеннің «шапағаты» және президенттің «өкпесі»

«Жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе» (Абайдың сөзі), әйтеуір тағы бір аптаның аяғын көрдік. «Алысқан, жұлысқан, айтысқан, тартысқан – әурешілікті көре-көре келдік». Бірақ мен оның бәрін емес, осы аптада өзіме әсер еткен үш жаңалықты ғана айтайын.

ЖСДП жетекшілері сайлау нәтижесіне наразылық білдіріп, "Нұр Отан" партиясының жарнамасын өртеп жатыр. Алматы, 17 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
ЖСДП жетекшілері сайлау нәтижесіне наразылық білдіріп, "Нұр Отан" партиясының жарнамасын өртеп жатыр. Алматы, 17 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

І. «ОЙБАЙ, ҚЫРЫЛЫП ЖАТЫРМЫЗ» НЕМЕСЕ «НАН ҰРСЫН!»

Қазақстанда өткен аптада тағы бір маңызды оқиға - парламент сайлауы өткенін білесіздер. Халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынова осы сайлау туралы дер кезінде пікір білдіріпті.

«Таңертеңгі сағат 10.30-да «Нұр Отан» партиясына дауыс бергенін», «өз басы Президенттің саясатын қолдайтынын», «сайлауға қатысып, болашақ алдындағы өз міндетін атқарғанын» баса айтқан ақын:

- Осы орайда айта кетпесем болмас, бір басылымдар Жаңаөзендегі жағдайға байланысты «Оңғарсынова қайда қарап отыр?» деп жазатын көрінеді. Түптеп келгенде, мұндай жағдай әр мемлекеттің басында бар. Халыққа мылтық кезенгендерді, әрине, жазалау керек. Қыршын кеткен жас жігіттерге обал болды. Бірақ арандатушылардың айтқанына еріп, мемлекеттің мүлкін қиратып, өртеу қаншалықты қажет болды? – депті 16 желтоқсан күні «Айқын» газетіне берген сұқбатында.

Шынымды айтайын, «қираған, өртенген мемлекет мүлкі» үшін жас жігіттерді қыршынынан қиюға болатынын әлі күнге дейін білмеппін.

Хо-о-ош! Ақын одан кейін «Президенттің жарғақ құлағы жастыққа тимей, бүкіл жер шарын аралап, қазақтың атын шығарам деп жүрген саясатын», «Ресей иемденіп кетпек болған солтүстік облыстардың жағдайын ойлап, Астананы аласапыран кезде Алматыдан Ақмолаға көшіргенін» айта келе:

- ...Ендеше, мен біреулер ортаға от жақты екен деп қалай ереуілдеп кетемін? Осы жасқа келіп, пиғылы жат біреулердің айтағына еріп, көйлегімнің етегін желбіретіп, 
Әсем Кенжебаева - полицияның тергеуінен кейін қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың қызы. Жаңаөзен қаласы. ("К-плюс" телеарнасының бейнекөрінісінен алынған скриншот). Көрнекі сурет.Әсем Кенжебаева - полицияның тергеуінен кейін қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың қызы. Жаңаөзен қаласы. ("К-плюс" телеарнасының бейнекөрінісінен алынған скриншот). Көрнекі сурет.
x
Әсем Кенжебаева - полицияның тергеуінен кейін қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың қызы. Жаңаөзен қаласы. ("К-плюс" телеарнасының бейнекөрінісінен алынған скриншот). Көрнекі сурет.
Әсем Кенжебаева - полицияның тергеуінен кейін қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың қызы. Жаңаөзен қаласы. ("К-плюс" телеарнасының бейнекөрінісінен алынған скриншот). Көрнекі сурет.
«Ойбай, қырылып жатырмыз, Президентке қарсымын» деп көшеге шығатын жағдайым жоқ, - дейді.

«Мемлекеттік мәселелер мен елдің жағдайын шешетін, халықтың мұң-мұқтажына құлақ салатын, Елбасы мен оның басқаруындағы партияға бірауыздан» дауыс бергенін айтқан, осы арқылы «Президентіміздің бүгінгі саясатын қолдағаным деп есептейтін» ақын:

- Әңгіме қай партияның тізімінде болғаныңда емес, әңгіме сенің жүрегіңде, таңдауыңда. Туған Отаныңа, еліңе-жеріңе деген махаббатыңда, патриоттық сезіміңде, - деп аяқтапты әңгімесін.

P.S. Естеріңізде болса, Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы сайлау күні Алматы облысы Қарасай ауданы  Жаңатұрмыс ауылына барғанда бюллетеньдерді дауыс беретін жәшікке уыстап салып жатқанын көріп қалып еді ғой. Сайлаушылардың бірі «Нұр Отанға» дауыс бердім! Нан ұрсын!» деп ант-су ішкен. Тілшімізді сайлау комиссиясындағы апайлардың бірі жұбатып:

- Шынын айтсам, сайлаушылардың 80 пайызы сауатсыз. Көрмейді! Енді не істеуіміз керек сонда?!  - деп уәж айтқан.

«Нұр Отан» партиясы 80,99 пайыз дауыс жинады» деген жаңалықты естігенде сол апайдың «сауатсыз соқырлар» жайлы сөзі есіме түсіп кетті.

Әрине, 80 пайыз деген - жай ғана кездейсоқтық қой. «Әңгіме - сенің жүрегіңде, таңдауыңда, туған Отаныңа, еліңе-жеріңе деген махаббатыңда, патриоттық сезіміңде». Нан ұрсын!

ІІ. МЫЛТЫҚ ПЕН САЙЛАУШЫЛАР

Орталық сайлау комиссиясы дерегіне бақсақ, өткен аптадағы парламент сайлауына Қазақстан халқының 75,45 пайызы қатысыпты. Оны айтасыз, бір айдан бері өлісі түгенделіп, тірісі тергеліп жатқан, төтенше жағдай жарияланған Жаңаөзен қаласы тұрғындарының да саяси белсенділігі жоғары екен - тұрғындардың 70 пайызы сайлауға келіпті.

Мұның себебін білмей, басым қатып отыр еді – сырын саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов айтыпты «Свобода слова» газетіне берген сұқбатында.

- Сайлаушылар неге көп қатысты дегенге келсек, оғаш естілсе де айтайын, бұған 
Әкімшілік немесе қылмыстық іске іліккен адамдардың тізімі. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Суретті түсірген "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко). Көрнекі сурет.Әкімшілік немесе қылмыстық іске іліккен адамдардың тізімі. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Суретті түсірген "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко). Көрнекі сурет.
x
Әкімшілік немесе қылмыстық іске іліккен адамдардың тізімі. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Суретті түсірген "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко). Көрнекі сурет.
Әкімшілік немесе қылмыстық іске іліккен адамдардың тізімі. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Суретті түсірген "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко). Көрнекі сурет.
Жаңаөзен әсер етті. Қайғылы оқиға үнемі алакөңіл ахуал орнатады. Жұрт сондықтан біріккісі келді, өзін халық, ұлт ретінде сезінгісі келді, - дейді саясаттанушы.

Оның ойынша, «Нұр Отан» басқа партияларға қарағанда сайлаушылар үшін көбірек біріктіруші болған».

P.S. Былтыры кезектен тыс өткен президент сайлауында (Жаңаөзенде ешкімнің қаны төгілмеген, 17 адам қайтыс болмаған, 100-ден астам жан жараланбаған кезде) Нұрсұлтан Назарбаев қалай 95,5 пайыз дауыс алды – соған ақылым жетпей отыр.

Халқы көп болса да, сайлауға 41,38 пайызы ғана қатысқан (ресми ақпарат бойынша) Алматы қаласы тұрғындарын сайлау қарсаңында «біріктіріп», «халық, ұлт ретінде сезімге бөлеу үшін» не істеу керек еді – саясаттанушы енді соны айтып жіберсе.

ІІІ. «АУЫР СӨЗДІ КӨТЕРЕ АЛМАЙМЫН!»

Қазақстанда қаңтардың 15-інде парламент мәжілісінің мерзімінен бұрын өткен сайлауын бақылаған бірқатар халықаралық ұйымдар, оның ішінде ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы «сайлау демократиялық талаптарға сай өткен жоқ» деп сынаған еді.

«Шаншар» әзіл-сықақ театрының «Жүзбе-жүз» деген скетчінің кейіпкері Еремет Кереметович айтпақшы, мұндай «артық әңгіме, ауыр сөзді көтере алмады» Қазақстан.

- Біз бұдан былай Қазақстанға өткізген сайлауымызды сынайтын, әлдекімдер 
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының жеңісі жарияланған кезде күліп тұр. Астана, 16 қаңтар 2012 жыл. Көрнекі сурет.Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының жеңісі жарияланған кезде күліп тұр. Астана, 16 қаңтар 2012 жыл. Көрнекі сурет.
x
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының жеңісі жарияланған кезде күліп тұр. Астана, 16 қаңтар 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының жеңісі жарияланған кезде күліп тұр. Астана, 16 қаңтар 2012 жыл. Көрнекі сурет.
жалдаған сарапшыларды шақырмаймыз, - деп ренжіді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 18 қаңтар күні «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде сөйлеген сөзінде.

Бірақ Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов 19 қаңтар күні Вашингтонда жедел баспасөз мәслихатын өткізіп, «ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы сайлауға берген бағасымен келіспесек те, ұйым бақылаушыларын болашақтағы сайлауларға шақыра береміз» деп, президенттің сөзін жуып-шайды.

P.S. Құдайдың құдіреті, неге екенін білмеймін, КПСС орталық комитетінің бірінші хатшысы Хрущёв марқұмның 1960 жылы БҰҰ ассамблеясы мәжілісінде бәтеңкесін шешіп алып, үстелді ұрғылап отырғаны есіме түсе береді. Ерлан Ыдырысов мырза сол кезде өмір сүріп, СССР-дің АҚШ-тағы елшісі болғанда, бастығының бұл қылығын не деп ақтар еді, а?
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.01.2012 22:12
+0 / -0
Ақын әйел/апайымыз дегенге аузым бармады/ шынын ақ айтқан екен. Қайтсін енді..бар түсінігі осы болса...Осы фаризаны Фариза қылып жүрген Мұқағалидың сол бір өлеңі ма деп қалдым...Мұқаң несіне сырын айтпақшы болды екен осы әйелге?
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ Қайдан: Ақтау
22.01.2012 22:42
+0 / -0
Тас лақтырғаны немесе үй өртегені үшін сотсыз ата беруге болады екен ғой, Фаризажан! Жауыз екенсіз! Дүния мен ақша Әбіш екеуіңіздің көзіңізді тұмшалап тастаған екен. Мұқаң бүгін тірі болғанда қалай шығарар еді сіз жөнінде. Жасыңыз 70 ке келді, асарыңызды асадыңыз,жасарыңызды жасадыңыз, сол дүние мен ақшаны көрге алып кетейін деп жүрсіз бе. Сіздің көзқарасыңыз сол болса, сіз ақын емес азғынсыз. Біле білсеңіз ақынды ақын қылатын халық, ал халыққа топырақ шашқан- оңбаған. Осы сөзім Әбіш ағама да арналады.
Пікір алмасу

Кімнен: Іледен келген Қазақ Қайдан: Алматы
23.01.2012 11:00
+0 / -0
Қайран Мұқағали атамай өлеңің босқа кетіптіғоі! бұл апамыз сіздің және барша Қазақ біздің үмітті ақтамадығоі!
Пікір алмасу

Кімнен: оқ Қайдан: маңғыстау
23.01.2012 01:02
+0 / -0
фариза фаризажан нұрфариза ақын блып жүргенің құр фариза
Пікір алмасу

Кімнен: Кальтаминар Қайдан: Қарақалпақие
23.01.2012 18:28
+0 / -0
Жағымпаз зиялы қауымға бүкіл халық боп біркелкі бойкот жасауымызға болады ғой. Оларды кезінде тоталитарлық жүйе өз қолынан жем беріп, сусындатып, елдің үстіне шығарып, атақ-даңқ беріп ырбаңдатса да, қазақ халқының құрметіне бөленуі тек біз қара халықтың қолында тұрған нәрсе ғой. Олардың шығармашылық кештеріне және концерттеріне жұрт бармаса, кітаптары мен шығармаларын ешкім оқымаса һәм сатып алмаса, көшеде ешкім амандаспаса - не істейді олар? Не істей алады халыққа?! Міне, халықтың Жаңаөзендегі оқиғаға олардың реакциясына тең келетін реакциясы сол болады.
Көрейін биліктің бойкотталған зиялылардың шығармаларын неге оқымайсыңдар, өздерін неге ұлықтамайсыңдар деп халыққа оқ атқанын........
Пікір алмасу

Кімнен: ДАКЕ
24.01.2012 12:21
+0 / -0
Жанаозеннин сонбеди оттары али
Оны ойласак конилимиз шок болады
Ал енди зиялыларга келер болсак
Берилед эфирлерден оттаганы
"Уй кирады, шырша ортенди" дегенди айтып
Жастарды киналауга окталады
Мен осы зиялыларга танкаламын
Сонгы кезде зиянды боп барады
Олген жастарды емес кызык болды
Ортенген шыршаны жоктаганы
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.02.2012 21:42
+0 / -0
қазақшаланған кириллица әріпін қойсаңшы, әйтпесе онша оқылмайды.

Кімнен: zhaashır Қайдан: yelden
22.01.2012 22:33
+0 / -0
ereke bayagıdan aytıp kelem tamasha zhurnalistsiz alayda satiranız maz emes adebiyettin satiradan basqa salalarıda zheterlik bagınızdı sonda sınab korseniz meninshe olen
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.01.2012 23:21
+0 / -0
Оттамашы сен. Мықты болсаң жазбадың ба?
Пікір алмасу

Кімнен: laz Қайдан: шетпе
23.01.2012 00:18
+0 / -0
Біздің Астанада туратын акын апаларымыз бен агаларымыз елде осындай жагдаилар болып жатканда халыкпен бирге болуы керек ко.Канша омирлериниз калды дисин, халыктын жадында халкымыздын асыл тулгалары болып калуларыныз ушин бугин туган жерлериннин агаиындарыннын жагында болгандарын дурыс еди, бирак..... Нуротан Мангыстаудан 50 пайыз да ала алган жок, типти Мангыстауда бурынгы саилаулардагыдай дауыс саналды, бирак корытынды шыгарганда тагы да цифр коя салды. Буны саилауга катысы бар адамдар оздери аитып жур казир.Халык барин билип отыр, бирак барин ишине жинап жур, халыкты бастап шыгар куш жок, халык катты коркып калды мангыстаудын, ал баска облыстардын казактары бурыннан да коркак ко.Ендиги мангыстау адаиларынын умити ЖСДПда. абилов бастаган жигиттер бастаган жумыстарынды тастап кетпен, казир халык сендер жакта, енди шегинип калсандар халык сиздерди тусинбеиди.

Кімнен: Актау
22.01.2012 23:56
+0 / -0
Неге тиісе бересіңдер Фаризаға? Күні үшін киген, жегеніне мәз боп жүрген көп жағымпаздың бірі дағы ол! Совет кезінен келе жатқан, тозығы жеткен коммунистік идеологияның құралы. Менің қызым Фариза деген кім деп сұрайды. Шаң басып қалған бір әйел, қыз кезінде өлең жазыпты, кемпір болған соң ол қасиетінен айырылып қалыпты дедім. Сау болсын деді қызым.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.01.2012 00:17
+0 / -0
не керегі бар ондайдың,көтере алмаймын мен ондайларды,атып тастаймын

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Қызылорда
23.01.2012 01:26
+0 / -0
Тонаған мен ғимарт өртегендерді аны-қанығын білмей,сотсыз автоматпен қыра беретін болса,ондай президенттің де,биліктің де әкесінің аузын...
Расында "байтал шауып,бәйге алмас" деген осы.
Пікір алмасу

Кімнен: арынгазы Қайдан: актау
24.01.2012 02:31
+0 / -0
Нуреке 2000-жылдары кеткенде абыроймен кететін едің,енді Әлемдегі өткен қарабет диктаторлардың қатарындасың мен үшін

Кімнен: ж Қайдан: караганды обл
23.01.2012 02:05
+0 / -0
қазырғы зиялы кауымның екібеткеи жогарга жалтагтауынын бірден бір себебі өкімет жагдаиларын жасап отыр фариза апамыздын халыкка карсы шыкканы акыл оиы саияз екенін көрсетеді казак халыкнын өз елінде өгеидін күнін кешіп жүргенін көрмесе оиан казак деп халыктын рухын көтералмаса акын дегенен гөрі акылсыз деген дурыс

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
23.01.2012 03:06
+0 / -0
Фариза фариза жан ,фариза қыз,
Өмірде есі бардың бәрі жалғыз,
Патшаны мақтай-мақтай жалығармыз,
Ақшаны көздей -көздей жаңылармыз,
Қалыт айтпаc халық айтса деушіеді ғой,
Жалтақой боп қалдықпа танымал қыз,
Толқыса да ештеме жасай алмай,
Байбалам салғандарды нағылармыз,
Мықты болса кетер деп бәрін жасап,
Бірлігі жоқ халққа налығын қыз,
Қаралаған шығармыз надандықпен ,
Айтқаныңды түсінбей арыдан қыз, ,

Айтпақшысыңыз мынаума оқырманға?,
Бадырайып тұрғанға соқыр болма!,
Арандатқан жауызға ермес ед ел,
Құрметімен назарбай отырғанда,
Жаңа өзенде өлгендер қара халық,
Темір-терсек,керпіш-тас зақымдалған?
Қазақтарды қытайға жығып беріп,
Мәсімовта отырған ақыл барма?
Екеуінде алдай сап шешеалар ед,
Көк тиынға көпте емес сатылғандар,
Жат ниетті жандарды түсіне алмай,
Алданумен іс қылды шатылғандар,,,

Ақынның да көздерін байлап таңіп,
Бір-біріне отыр мұң айдап салып,
Еркін сөйлей алатын адамдарда,
Касетадай тұрады шайнап қалып,
Екібеткей боп барад баспаларда,
Актерлар да ,әншілер ,қасқаларда,
Армяңда,сақшыңда ойсыз-күйсіз,
Сонда қалай налисың басқаларға,
Руханый байлықтан жұтаудамыз,
Тек ақшаны тұтамыз ұтарға біз,
Мұқағалый айтқандай от боп жанбай,
Барған сайын бықсумен тұтаудамыз,
Бізден біреу білмеймін өш алдыма?
Дауласпаған адамдай мас алдында,
Енді ғана гүлдене бастаған ел,
Шегіншектей бастады осы он жылда,

Фариза фариза жан ,фариза қыз,
Өмірде есі бардың бәрі жалғыз,
Патшаны мақтай-мақтай жалығармыз,
Ақшаны көздей -көздей жаңылармыз,
..................................................................
........................................................

Пікір алмасу

Кімнен: namil.k@mail.ru
10.02.2012 21:38
+0 / -0
Фариза, Фариза жан , Фариза қыз,
Бұл күні алаш ұлы бәрі жалғыз
Бірі жендет, біреуі құрбандықта
Жағаға кірікпеген әлсіз жалбыз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.01.2012 07:58
+0 / -0
Қойыңдаршы, арақты қатты ішетін әйелдерді ақсы көрмеймін. Соның ішінде қазақтың әйелдерін. Олар тіпті мұсылман екендіктерін де ұмытып кететін секілді. Ұят тіпті, басқа мұсылман халықтардан.Тіпті осы ақынсымақтың қуып жүріп оқитын өлеңін көрмеппін.Бұлардың бар ойы, ертеңдері көз жұмғанда орталық телеарналардан тиатрдың ішінде гүлмен қоршалған табыттың ішінде жатқанын, оны айналып өтіп, зиялысымақтардың өтуін көрсету-көздегендері. Бұлар ақын-жазушылар, басқа -басқа тілдерінің халіне жандары ашымайды екен.

Кімнен: Алишер Қайдан: Орал
23.01.2012 09:09
+0 / -0
Фариза кемпір де, ана кісі де қартайып, алжаса бастаған адамдар ғой, деймін! Алла кімнің кім екенін өзі біледі. Асылық айтсам кешіргей...

Кімнен: Жас ұрпақ! Қайдан: Кіші жүз!
23.01.2012 10:07
+0 / -0
Ей Фариза! Саған біреу етегіңді жалбыратып, Президентке карсы шық деді ме? Сен қара халыққа билік оқ жаудырып жатырғанда ең болмағанда үніңді шығрамай отырмадың ба? Сен кінәсі жоқ халыққа қарсы сөз айттың, олардың айыптадың, сенің қазір жағдайың жақсы, ал тап қазір сенің осы уақытқа дейін алған атақтарың мен ақшаларыңды сыпырып алса, ең бірінші Президентке қарсы болатын сенсің! Өйткені сен дүниеқоңзы қорқақ екеніңді көрсеттің, ең болмағанда Елбасына "Құрметті Елбасы, мынау қайткенің, халыққа неге оқ аттыңдар?" деп бір ауыз датыңды айта алдың ба? ЖОҚ! Өйткені сен халықтың ары мен намысынан гөрі ақша мен дүниені жақсы көріп кеттің, сен де қасыңдаңы Әбіш сияқты Президентке жарбақтап кеттің. Күндердің күнінде біз жас ұрпақ сенің осы қылығыңды бетіңе басатын боламыз! Әбішке де айтарым осы!

Кімнен: ара Қайдан: уядан
23.01.2012 11:12
+0 / -0
Фариза Оңғарсынова деген кезинде депутат болып турганда казактын жерин сатуды колдап дауыс берген зиянды

Кімнен: Жантас Қайдан: Атырау
23.01.2012 11:17
+0 / -0
Мұқаң дұрыс айтады негізі Фариза әлі қыз ғо, тұрмыс құрмаған, 1939 жылғы
Пікір алмасу

Кімнен: Хасен Қожа-Ахмет Қайдан: Алматы
23.01.2012 16:05
+0 / -0
Жалпы, қай кезеңде де тоталитарлық, авторитарлық жүйелерге, оны басқарушы диктаторларға қоғамды ағартушы зиялылар қажет болмаған. КСРО билiгi кезінде де интеллектуалдардың қайраткерлiгiне мүлде сұраныс болмады. Құдай дарын берген адамдарды Кеңес өкіметі де өзiнiң тоталитарлық-отаршыл саясатын, партия көсемдерiн мадақтап, насихаттайтын лакейлеріне айналдырды. Сол кездерi КОКП-ны, Лениндi шығармаларында мадақтамаған творчество адамы қалды ма екен? Болса, – саусақпен санарлықтай ғана шығар. Ал, қоғам, саясат жөнiнде үкiмет тапсырысына сәйкес келмейтiн ой, пiкiр айтқан шын қайраткер зиялыларды “диссидент” атап соттады. Әлгiндей “асыранды зиялыларды” үкiмет атақ-даңққа бөледi, жайлы қызмет, пәтер, сыйлықтар бердi. Қазiргi жұрттың: “Зиялыларымыз!” – деп аузына телмiрiп жүргендерi, негiзiнен осындай – отаршылдарға “ләппай” деп құрақ ұшып қызмет етiп, өз халқының мүддесiн ұмытқаны, қайрат¬керлiк жасамағаны үшiн атақ, “абыройға” ие болған жандар емес пе?! Ендеше, оларға: “Халықтық мәселелерге араласпайды, билiктi мадақтап жағымпазданады, өйтпедi-бүйтпедi” – деп ренжу бекер шығар? Олар әу бастан осылайша “нанын тапқан” маман қызметкерлер ғой. Кеңес үкiметi кезiнде билiктi мадақтап атқарған үйреншiктi “көне кәсiптерiне” қазiр де сұраныс болып тұрса, неге атқармасқа?
Баяғыда Баймағамбет сұлтан: “Менi мақта!” – десе, мақтап, “Датта” – десе, даттап өлең шығарған Шернияз ақындай, кеңестiк кезеңнен жеткен “зиялылар” да дарыннан құр алақан емес, әмбебап мамандар. Кеше үкiмет тапсырысымен интерна¬ционализмдi, тың иге¬рудi, т.с.с. саяси тапсырыс, науқандарды шығармаларына арқау етсе, бүгiн тәуелсiздiк, ұлттық мәселе, т.б. тақырып-тарға да қатырып тұрып шығармалар жазып бере алады.
“Тәуелсiз мемлекет болдық”, – дегенiмiзбен, билiкте сол баяғы КСРО кезiндегi көнекөздер отырғандықтан, солардан кеше сый, марапат алып дағдылан-ған творчестволық қызметкерлер, бүгiн сұрамай тұра ала ма? Ал, халық туралы ғана жазсаң – бүгiн де атақсыз, сыйлықсыз, аш қалуың әбден мүмкiн ғой?!
Әрине, бүгiнде қоғам, билiк туралы сын айтсаң атып, қамамас. Бiрақ шығармашылық адамы өзiнiң ой еңбегiмен күнiн көре алатын да заман орнай қойған жоқ. Мына кезде творчество адамының шығармасына сұраныс жоқтың қасы. Әйтсе де, құдай “сөз дертiне” ұшыратып қойған творчество адамы: “Келер ұрпақ оқыр” – деген үмiтпен ойын қағазға түсiрiп қалдыруға тырысады. Сол еңбегiн жарыққа шығаруға өзiнде қаржы болмағандықтан билiктегiлердi жағалауға мәжбүр. Өзгелердей қап арқалап базарға шығуға кешегi отаршыл-тоталитарлық үкiмет кезiнде берiлген дырдай атақ-даңқынан қысылады. Зейнетақысына-ақ қанағат етiп, ешкiмнiң алдына бармай, мадақтамай тыныш жатайын десе, құдайға емес, долларға табынтқан мына заманда балалары, немерелерi: “оқуға түсемiн, қызметке орналасамын, үйленемiн, үй керек”, – деп, “таудай атағыңыз бар, әкiмдерге кiрiп мәселенi шешпейсiз бе?” – деп мазасын алады. Сөйтiп, ата-аналық парызын өтеу үшiн бұл да өзгелердей “ақпатшам, алтын патшам!” – деп, билiктi мадақтап көзге түспесе, оны қай әкiм қабылдап бұйымтайын шешiп берер? Мiне, сондықтан, “зиялы” саналатындардың бүгiнгi билiкке мадақ айтуын жанынан қорқудан емес, еңбегi жарық көрмей, еленбей қалудан, материалдық мәселе¬лерiмдi шешсем деген пиғылдан туындап отыр деуге болады.
Бірақ, зиялылық тек анау-мынау туралы шығарма жазу ғана емес, арғы-бергі тарихпен салыстыра отырып халыңның бүгіні мен келешегіне қажет мәселені тап басып, біліп-түйгеніңді ешкімнен де жасқанбай айта білу.
Пікір алмасу

Кімнен: өлген есек Қайдан: қазірстан
24.01.2012 15:26
+0 / -0
мен оның бәрін де көргенмін: ол кездің сұлтандары ақындарға алдымен мақтаса, артынан жаманда дейтін! Бұқар жырау-Махамбет-Шернияз-Сүйінбай-Бақтыбай ақындар ер еді! Оларды тыңдай білген Абылайхан, Жәңгір хан,Баймағамбет сұлтан; Тезек төре даналар еді!!! Қазаққа ондай сұлтандар қайда!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Хасен Қожа-Ахмет Қайдан: Алматы
23.01.2012 16:15
+0 / -0
Бірақ арандатушылардың айтқанына еріп, мемлекеттің мүлкін қиратып, өртеу қаншалықты қажет болды? – депті 16 желтоқсан күні «Айқын» газетіне берген сұқбатында."
----------------------------
Анық білетінім– дүкен қиратқанға, ғимарат өртегенге, банк тонағанға да ҚР Қылмыс кодексінде ату жазасы жоқ. Жаңаөзенде банк тонап жатқан кезінде атылған ешкім жоқ, алаң мен көшедегі халық оққа ұшты емес пе!? Ендеше, тонаушылар – үкіметтің өз жансыздары екеніне күмән жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.01.2012 17:14
+0 / -0
казактын бетке ұстар деген зиялылары шындык айтуга беттери жарамады.Намыссыз, лактырган майлы суйекти кемиргендерине маз иттер екен гой.шынымен де. Алла кеширсин, оларды. Шириген жумытркалар гой олар. Жанаозендеги олген дастарга арнап ен болмаса Абсаттар кажы да куран окып,елге бармады. Зиялысы да, диндегилери де, партияларына ла барине, де Жанаозен керек болмады, Окиништи, Ишим удай ашып тур.
Пікір алмасу

Кімнен: ХАЛЫҚШЫЛ Қайдан: АЛМАТЫ
23.01.2012 18:39
+0 / -0
ЗИЯЛЫЛАР ІШІНДЕ ХАБАР ТЕЛЕАРНАСЫ АРҚЫЛЫ ЕҢ АУЫР СӨЗ АИТҚАН БҮРКІТ АЯҒАН ДЕГЕН ҒАЛЫМСЫМАҚ ТЖ .ОЛ ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕРДІ АТУ КЕРЕК ДЕДІ. БІЗ БӘРІН БІРДЕЙ ҚАРАЛАЙ БЕРМЕИ ОСЫНДАЙЛАРДЫ АИТУКЕРЕК.2ОҢБАҒАН НУРЛАН ОРАЗАЛИН ОЛ ТЕК СӨИЛЕП ҚОИМАЙ ЖАЗУШЫЛАР ҮЙІНДЕ ТАҒЫ БІР ҚАСИЕТСІЗ ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ ЕКЕУІ КЕШ ӨТКІЗДІ.
Пікір алмасу

Кімнен: Қуан Қайдан: Алматы
27.01.2012 16:35
+0 / -0
Өте дурыс ой

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.01.2012 17:02
+0 / -0
23.01.2012 16:05 -дегі хасен ойлы пікір айтты. Дұрысын айтып отыр. Зиялы емес, зиянды бұлар.
Пікір алмасу

Кімнен: Нурым Қайдан: Алматы
23.01.2012 20:24
+0 / -0
Койындар ей болды ! Не қылған бәлесіңдер өзі а? Қәзір тура атып -атып тастаймын десең ә?
Пікір алмасу

Кімнен: Адай қыз Қайдан: Адай жери
23.01.2012 22:02
+0 / -0
Нурым Алматылык бауырым күшти болсан қайда қалдын,Жаңаөзенде қырғын болып жатқанда кошеге метингке шығуғада жарамадындар! Баринде кұр ауызбен шайнаманшы,күшти болсандар метингке шығындар,ЖСДП-ны қолдандар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.01.2012 22:14
+0 / -0
фаризамен абиш сияктылар,биликтин артын тазалап отыратын

Кімнен: "Нұротанның" мүшесі Қайдан: Астана
24.01.2012 16:06
+0 / -0
Ау, сонда қалай? Күллі әлемге "абыройы асқақтаған" Назарбаев барлық мәселені осы уақытқа дейін ақшамен шешіп, мақтауды да ақшмен сатып алып келген бе?
Бұдан кейін аштан өліп кетсем де, өтірікшімен, халықты қырған халық жауларымен, жемқорлармен, елін сатқан сатқындармен, елін тонаған қарақшылармен бір партияда тұра алмаймын. Үміттеніп, осы шыдағаным да жетеді,"Нұротанның" мүшелігінен шығамын.

Кімнен: майкл Қайдан: қоржынтүбек
24.01.2012 19:48
+0 / -0
Ақын әйел/апайымыз дегенге аузым бармады/ шынын ақ айтқан екен. Қайтсін енді..бар түсінігі осы болса...Осы фаризаны Фариза қылып жүрген Мұқағалидың сол бір өлеңі ма деп қалдым...Мұқаң несіне сырын айтпақшы болды екен осы әйелге? ----------------------------------
Мұқаңның басын көп жазған ау сірә, сол үшін сырын, мұңын айтпақ болған ғой

Кімнен: Гаухар Қайдан: Атырау
25.01.2012 21:56
+0 / -0
Ресей алып кетпекші болған солтүстік облыстарды құтқару үшін астананы Алматыдан Ақмолаға көшірді дейсің бе? Мына заманда бірнеше облысты қарадан-қарап талап етуге болады дегенге кім сенеді? Ресейге солтүстік облыстарды бермей, Никита Хрущевқа: "Қазақстанның солтүстік аймақтарын Ресейге бермек түгілі, бұл тақырыпты күн тәртібіне қоюға қарсымын" деген Жұмабек Тәшенов болған! Сол кісінің арқасында біздің солтүстік 5 облысымыз өзімізде қалған! Енді келіп, Ресейге бермеу үшін... деп көлгірсімеші! Алматының зілзаласынан қорыққан дағы! ФАРИЗАНЫ ( Менен 40 жас үлкен болсаң да саған "апа" деген қазақтың қасиетті сөзін қимай отырмын, сонымен қатар сыпайы түрде де әдейі жазбай отырмын!) жерлесіміз деп атаудың өзі ұят, абыройыңнан біржола айрылдың, соны біл! Туған жеріңе енді аттап баспай-ақ қой, тығылып жата бер сол Астанаңда!

Кімнен: абыз кыз Қайдан: құлсары
27.01.2012 15:47
+0 / -0
Осындай халықтың басына қайғылы күн туғанда кімнің кім екені ашылды ғой! Қазіргі кездегі нағыз сынақ осы болды! Зиялы қоғам мүшелерінің қауашақтары ауылдың оқымаған сауатсыз қазағынан төмен екенін көрсетті! Ойпырым- ай, басқаны қойғанда Әбіш пен Фаризаның аузынан дұрыс сөз естімедуік ау! Олар бір шіріген жұмыртқа болды!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 22:09
+0 / -0
Жалғыз Фариза ма Шахановтан сүраңыз тіл туралы қағазға қол қойып артынан білмей қалыппын сатып кеткендер арамызда жетеді

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.02.2012 22:26
+0 / -0
Баяғыда, Колбин келгенде Фариза оны бақа шаянға , марқұм Құдайберген мен көзі тірі Тұңғышпай итке теңеп, күлкі етіп, ұлттың жабырқыған еңсесін көтеріп тастап еді. Заман өзгерді, қыз балаға тиісе бермейік, ел басқарар еркек қой, солар қайда, бәріміз "сенген қойым сен болсаң"ның керіміз.

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Меккеден қажылық сапардан оралғандар Грозный қаласының әуежайында. Шешенстан, 24 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қажылыққа барған шешендер күдікке ілікті

Биыл Шешенстаннан қажыға барғандар өздерін Меккеде ерекше қатты тексергенін айтады. Сауд Арабиясы үкіметі олар қажылықтан соң қалып, Сириядағы соғысқа қатыса ма деп қауіптенетін сыңайлы. Толығырақ