Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:43

САЯСИ САТИРА

Жаңаөзенді «кешіру», аурудан «пайда көру» және «тілазар» министрлер

«Жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе» (Абайдың сөзі), әйтеуір тағы бір аптаның аяғын көрдік. «Алысқан, жұлысқан, айтысқан, тартысқан – әурешілікті көре-көре келдік». Бірақ мен оның бәрін емес, осы аптада өзіме әсер еткен үш оқиғаны ғана айтайын.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен қаласының түрғынымен сөйлесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев желтоқсанның 27-сі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

Бұл жолдаудың 19,7 пайызы ғана (яғни 3709 сөздің 750-і)  қазақша болғанын айтпай-ақ қояйын – ең бастысы, Қазақстан президенті: «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 процентке дейін жететін болады» деді ғой.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауда айтқан жоспарларын – енді төселуі керек 1 200 шақырым жолды да;
жылына бензин өндіруді 1,7 миллион тоннаға, дизель отынын 1,4 миллион тоннаға жеткізу тиіс мұнай өңдеу заводын да;
салынған соң жылына 500 мың тонна пропилен, 800 мың тонна полиэтилен өндіруге міндетті газ-химия кешенін де сөз қылмай-ақ қояйын – «Мұнша өнімді Қазақстанда шығарып көрген емеспіз» деп ол кісінің өзі де мойындады ғой.

Сонымен...

І. «НҰР ОТАН» ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Қазақстан президенті биылғы жолдауында Жаңаөзен оқиғасына баса назар аударар деген дәмемен отырған едім. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзенге төрт-бес сөйлем ғана арнады.

«Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, қаладағы ахуалды қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар жасауға мәжбүр болғанын», «қазіргі уақытта ондағы ахуал қалыпты арнасына түскенін» айта келе:

– Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетеді. Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режимін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдадым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңаөзенде жарияланған төтенше жағдай тәртібінің созылу-созылмауы қала халқының неше пайызы «Нұр Отанға» дауыс беруіне байланысты екенін бұған дейін білмегеніме таң қалдым. «Нұр Отанға» дауыс беру – мемлекет саясатын қолдау екенін бұған дейін білмегеніме қапа болдым.

«Алайда, бұл оқиғадан тиісті түйін жасалып, одан сабақ алып, ұдайы ескерілуі керек» деп аяқтады президент Жаңаөзен жайлы сөзін.

P.S. Жаңаөзен оқиғасынан «түйін жасалып, одан сабақ алып, ұдайы ескерілуі керегін» саясаттанушы Айдос Сарым да айтқан екен «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында.

Ол «Ақтөбеде, Таразда, Астанада, Алматыда, басқа жақтарда сондай жағдайлар болып жатыр» дей келе:

– Әсіресе, тәуелсіздіктің ту сыртынан қадалған пышақтай болған соңғы Жаңаөзен оқиғасы қатты ойландырады. Осындайда халық даналығы белсенділік танытуы тиіс. Зиялы қауым, партиялар қайда? Бүкіл қоғамдық ұйымдардың, партиялардың басшылары, ақсақалдардың кеңестері, бәрі жиналып алып, бетімен жайылуға жол бермейміз деп неге үлкен митинг өткізбеске? Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылықтан асқан құндылық жоқтығына жұртты неге ұйытпасқа? Баспасөз бар, қоғамдық пікірге ықпал етіп отырған топтар бар, күштер бар, – депті.

Айдос Сарымның «пышақ» туралы сөзінен кейін ойланып қалдым.

Енді «зиялы қауым», «партиялар», «ақсақалдардың кеңестері»... бәрі жиналып, президентке хат жазса да таң қалмаспын:

– Құрметті президент, Жаңаөзендегі төтенше жағдай режимін әрі қарай да соза бергеніңіз жөн. Пышақты суырып алса, жаралы адам қансырап өліп қалуы мүмкін. Оданша, Доспамбет жырау айтқандай, «Жара бір қатты, жан тәтті, Жара аузына қан қатты. Жарықшылар жоқ па екен Жармай білте саларға?!» деп жата бергені дұрыс.  Әне, Сирия да 1963 жылы жариялаған төтенше жағдай режимін доғармай-ақ бақытты өмір сүріп жатыр ғой, – деп.

ІІ. «АУЫРҒАННЫҢ ТИІМСІЗДІГІ» ЖӘНЕ АМНИСТИЯ

Президент Назарбаев бұл жолдауында денсаулық сақтау мәселесіне де біраз уақытын арнады. «Медицинаның болашағы – сақтандыру шарасын енгізу» екенін айтқан президенттің маған аса қатты ұнаған бір сөзі болды.

– Адам ауырғанның өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, «Адамның денсаулығы нашар болған сайын оны аз сақтандырады, жақсы болған сайын – сақтандыру сомасы көп болады».

Сөздің тоқетерін мен айтайын: бұған дейін «тиімді болады» деп ауырып жүрсеңіздер, бұдан былай ол қулықтарыңыз іске аспайды.

P.S. Ауырғанды айтасыз, өлудің өзі «тиімсіз» екеніне көзім тағы бір мәрте жетті осы аптада. Әсіресе ажалыңызға полицей себепкер болса...

Жаңалық агенттіктерінің хабарлауынша, Шымкент соты 16 жастағы оқушы Динара Атажанованы 2011 жылы 21 қараша күні көлікпен қағып өлтірген полицейді ақтады. Полиция майоры Асқар Құлбаев көлікті мас болып айдап, оқушыны жаяулар өтетін жерде 90 км/сағат жылдамдықпен келіп соғып, 60 метр жерге ұшып кеткен балаға қарамай өте шыққан екен.

Сот полицейдің бұл ісін «Абайсызда жасалған қылмыс» деп бағалап, оның «тергеу жұмысына белсене көмектескенін» ескере отырып, президент Назарбаев жариялаған амнистия бойынша сот залынан босатып жіберді.

ІІІ. «КІСІ ЖҰМСАҒЫШ» МИНИСТРЛЕР

Жұма күні министрлер кабинетінің отырысында сөйлеген президент Назарбаев «берген тапсырмаларымды уақытында орындамады» деп қатаң сынады үкіметті.

Президенттің айтуынша, оның тапсырмасын алған үкімет басшысы бұйрықты тез орындаудың орнына министрге тапсырады екен, министр көмекшісіне, ал ол агенттіктерге жүктейді екен – сөйтіп бір бұйрықтан он бұйрық шығады екен.

– Премьер-министрдің тапсырма алған әрбір орынбасары оны Қазақстанға жолдамай, өзі орындауы керек. Президенттен тапсырма алған әрбір министр оны өзі орындауы керек. Әйтпесе бұл жерде неғып отырсыңдар! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

P.S. Президенттің осы сөзін естігенде бас прокурор Асхат Дауылбаевтың Жаңаөзен оқиғасы туралы 25  қаңтардағы мәлімдемесі есіме түсті.

Бас прокурор халыққа қарсы оқ атылғанына айыпты адамдар ретінде облыстық және қалалық деңгейдегі төрт басшының – Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Өтеғалиевтің, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы Бағдабаевтың, Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақытқалиұлының; Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жедел уәкілі Жолдыбаевтың «қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын» хабарлаған еді.

Әттең, президент Назарбаев жаңағы сөзін ертерек айтқанда бұл төрт басшы да, Жаңаөзендегі басқа полицейлер де сотталмас еді.

Өйткені Жаңаөзен мен Шетпеде 17 адам оққа ұшпас еді, жүздеген адам жараланбас еді – жалғыз министрдің қару ұстайтын неше қолы бар дейсіздер.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
28.01.2012 17:55
+0 / -0
бұл жауыздар кетпей біздің қазаққа күн тумас осыны барін отірік мүләйімсіп айтып отырган ел басынан бастап министірлері бар жәрбакөштері бар бәрән тазартып өздерін соттап ак карасын шешіп 17-ті ажал кұшкан бауырларымыздын бойындагы октарын алып солардын оздеріне ату керек сол кезде барып Қазақ елі аяғынан нық тұрады осы жауыздардын кесірінен талай боздактарымыз окка ушта ажал кушты кісі колынан сондыктан бұларға тек тілерім Аллахтын атынан қатал қақарына ұшырауына буларга жер басып журу деген улкен күнә Алла өзің жазасын бере көргейсің амин!амин!
Пікір алмасу

Кімнен: сақалды Қайдан: байтөбеттен
29.01.2012 14:23
+0 / -0
Шестёркалар президентті алдайды,президенті елді алдайды, қазақтың жиырма жылда жетіскен жетістігі бар болсын!Шындығы осылай боп жатыр деп мойындаса да,мойындамаса да халықтың қарғысынан калай құтылар бұл билік.Қазақтың момындығында шек жоқ,жауына да оқ атуға ары бармайтынын білетін биліктегілер халықты қару-жарағымен бір қорқытып алғандарына мәз.Бірақ екінші рет Жанаөзен қайталанса,жағдай не боларын түсініп отырған халық қауқарсыздық танытпасы белгілі.Сотқа да,полиция мен прокурорға да,билікке де сенуден қалған ел енді президентіне де сенімсіздік таныта бастады.Бұл итаршылардың әрекетінен,қазақ билігінің тоқырауы басталды.Жара жазылса да,тыртық жазылмайды.Артық қылам деп,тыртық қылған бұл биліктің құны бір тиын қазір.

Кімнен: Сталин Қайдан: Кремльден
28.01.2012 18:00
+0 / -0
Осы Ермек Тілегенге ырза боламын. Қышыған жерін дөп тауып жазады

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.01.2012 18:02
+0 / -0
Кішкентай балалар сияқты қулық жасағанын қашан қояр екен осы жоғарыдағылар.

Кімнен: белгісіз
28.01.2012 20:23
+0 / -0
өз халықна оқ жаудрған оңбағандар
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ
28.01.2012 23:03
+0 / -0
Құрметті бауырлар! Алматыда өткен митингінің толық нұсқасы- митинг 28.01.12г..f4v - деп жазсаңыздар youtube де көрсетілген.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.01.2012 07:46
+0 / -0
Жаңалық агенттіктерінің хабарлауынша, Шымкент соты 16 жастағы оқушы Динара Атажанованы 2011 жылы 21 қараша күні көлікпен қағып өлтірген полицейді ақтады. Полиция майоры Асқар Құлбаев көлікті мас болып айдап, оқушыны жаяулар өтетін жерде 90 км/сағат жылдамдықпен келіп соғып, 60 метр жерге ұшып кеткен балаға қарамай өте шыққан екен.

Сот полицейдің бұл ісін «Абайсызда жасалған қылмыс» деп бағалап, оның «тергеу жұмысына белсене көмектескенін» ескере отырып, президент Назарбаев жариялаған амнистия бойынша сот залынан босатып жіберді.

------- Сұмдық! Қазақстанда заң бар ма өзі? Қазақстан жартылай отар, жартылай феодал мемлекет емес пе екен. Не деген арсыз әміршілдік жүйе десеңші! Сот әділетсіз сұмдықтың ошағы екен-ғой!
Пікір алмасу

Кімнен: Ареке Қайдан: Шымкент
29.01.2012 14:22
+0 / -0
Біздің заңдар солай, біреулерді кешіруге болады, біреулерді болмайды (Жовтисті айтамын). Айырмашылықтаре неде екен осының, түсініп болмайды.

Кімнен: QAZAQ Қайдан: QAZAQYA
29.01.2012 11:35
+0 / -0
Kyzyk zhanauzende totenshe zhagday toktatyldy degende Shopke tshаlardyn kol shapalaktap kuanuy
Nesyne zhetysedy beybyt khalykty kyryp kanyn shashyp tizerletkenyne kol sokty ma eken khalyk Allanyn byr aty ol ushyn bul dunyede de ana duneyede de zhauap beredy aly.
ol akykat

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
29.01.2012 11:51
+0 / -0
Құрметті қазақ зиялылары! (болмаса өздерін "зиялысымақтар" қатарына қосып жүргендерге)!!!
1986 жылы өздерін осы санатқа қосып жүрген сол кездегі ағаларымыз, апаларымыз Мәскеуге жалтақтаса жалтақтаған да болар. Ол кісілердің көбісі мына жалған дүниеден кетіп қалғаны да рас. Ал енді осы бір "зиялы қауым" деп аталар соңғы көш ұрпақтары, сіздер неге үн-түнсіз қалып отырсыздар?! Сіздер сол өздеріңді сыйлар қара халықты сыйламасаңыздар онан ары, неге сол бұрынғы өмірден өткен зиялы қауымның әруақтарын сыйламайсыздар?!! Сіздер олардың әруақтарын сыйламайтын болсаңыздар, ертеңгі келер ұрпақ арасынан шыққан зиялылар да сіздерді аузына алмасты да. Ал дүниедегі ең жаман кезіндегі қоғам зиялысын артындағы ұрпағы аузына алмау емес пе?

Кімнен: Tatimpay Қайдан: Astana
30.01.2012 13:02
+0 / -0
– Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. (дәлірек айтқанда уақытша тұрғындары - Жаңаөзен халқын езіп жатқан арнайы жасақ) Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетеді (Әрине қолдайды, себебі өздері атқызған партиясы өздерін қорғайды деп сенеді). Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режимін бұдан әрі созбау (яғни, төтенше жағдайды тағы да созу жөнінде ойыңыз болған екен ғой, қандай керемет, созайын дедіңіз, созбадыңыз, бұл сіздің дарханпейілдіңіздің арқасында ғой Нұршапағаттымыз) жөнінде шешім қабылдадым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Беті шімірікпей жалған сөйлеуге дәті барған адам, дәл солай қолы қалт етпей халқын атқызуға да бара ала ма?

Кімнен: Гомер Қайдан: Греция
30.01.2012 15:58
+0 / -0
Негізінде Президент дұрыс айтады. Өте орынды сөйлейді. Ақылды. Ғұлама. Қахарман. Сұңғыла. Анекдотты да қыстырып жібереді кісі өлген жерге.
Пікір алмасу

Кімнен: сәкен Қайдан: астана
30.01.2012 16:53
+0 / -0
Сайлауда Алаш ұранын көтеріп, халықтын дауысын жинап алған"Ақ жол" партиясының прессадан қашып, сонау Зерендіде откен жиынында 8 мандаттың бәрін кәсіпкерлерге сата салған Азат Перуашевты ақжолдықтар сойып салды."Ақ жолдың" осы Зеренді процесінде Алаш кеңесі құрылып, Амангелді Айталы Алаш кеңесінің төрағасы етіп, Алаштың арқалы ақыны, Алаш сыйлығынаң лауреаты, республикалық "Жас қазақ үні" газетінің бас директоры Қазыбек Исаны ұсынды. Алаш кеңесіне алғашқы болып, ауылшаруашылығы экс-вице министрі Арман Евниев қосылды.

Пікір қосу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2012 21:54
+0 / -0
20 жылдағы жолдауларын мұмкіндігіңіз болса тыңдап көріңіз бірінен бірі көшіріп алғандай сөйлегенде ертең камунизм орнайтындай бірақ берекесі жоқ жақсы тәуір шаруалар айтылады халыққа арналғаны орындалмайды,бюджеттен ақшаны опырып халыққа кажет емес шаруаларды оңды солды шашады, қазақ тіліне келгенде көршімізбен тату тұрайық дегені рессейден қорықаны ма,бұндай жағдайда халық боп рессей призидентіне халықтан қол жинап хат жазайық қазақ тіліне қарсылығын пікірін білсек қарсы болса татарлар мен башкұртар неге латын әрпіне көшті,рессей призидентінің қарсылығына ұлкен күманым бар, кесір біздің жалбағай көшбасшымызда,қысқасы кенеше жабысып жылы орындарын босататын түрі жоқ қайыршы қазақ өмірі басқа халыққа күлкі болатын болдық

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
02.02.2012 14:07
+0 / -0
қазақты басқаратын сауатты-саясаткер барма осы, қазіргі адамдар ақшаның құлы болып кеткен. Қорқынышты!