Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 06:21


САЯСИ САТИРА

Алғыс пен айлық және губернатордың «ажалы»

«Жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе» (Абайдың сөзі), әйтеуір тағы бір аптаның аяғын көрдік. «Алысқан, жұлысқан, айтысқан, тартысқан – әурешілікті көре-көре келдік». Бірақ мен оның бәрін емес, осы аптада өзіме әсер еткен үш оқиғаны ғана айтайын.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев. Астана, 3 тамыз 2011 жыл.
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев. Астана, 3 тамыз 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

І. «БАСЫМДЫ ИЕМІН!»

Жеті жылға сотталған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев 16 наурызда мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Қазақстан президентіне кешірім сұрап хат жазып, түрмеден мерзімінен бұрын босаған бұрынғы министрдің адвокаты Ардақ Балпықовтың айтуынша, Жақсылық Досқалиев бұл оқиғаны «мемлекет басшысының мейірімділігі ғана емес, үлкен сенімі деп біледі. Ол мұндай сенімді аса қымбат тұтады».

2011 жылдың 5 тамызында «қызмет бабын асыра пайдаланды, аса ірі көлемде пара алды және мемлекет қаржысын жымқырды» деген айыппен абақтыға кетіп 
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев соттан шығып барады. Астана, 27 мамыр 2011 жыл.Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев соттан шығып барады. Астана, 27 мамыр 2011 жыл.
x
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев соттан шығып барады. Астана, 27 мамыр 2011 жыл.
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев соттан шығып барады. Астана, 27 мамыр 2011 жыл.
бара жатқанда да Жақсылық Досқалиев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып:

– Елдің денсаулық сақтау саласын басқару құрметіне ие еткені үшін мемлекет басшысына басымды иемін, –  деген.

Мемлекет басшысына рақмет айту «сертіне» берік Жақсылық Досқалиевтің қазіргі халінен бейхабармын, бірақ президентке деген алғашқы алғысын айтардан бұрын екі балдаққа сүйеніп қалған еді.

P.S. «Серт» демекші, бұл сөзді осы аптада парламент мәжілісінің депутаты, «Нұр Отанның» мүшесі Алдан Смайылдың аузынан естідім.

– «Мен ешқашан мүмкін болмайтын мәселеге уәде берген емеспін, ал уәде берсем – қашан да орындаймын» деген, соған елдің көзін жеткізген осы тұлғаның (Жақсылық Досқалиев алғыс айтқан адамның - Е.Т.) жүзеге асырылған серті – таңғажайып Қазақстан, тұғырлы тәуелсіздік, ұлттың өскен өркені, қазақтың қайта оралған тарихи беделі, мамыражай бейбіт өмір, Алаш ұлының төңірегінен озған, айдарынан жел ескен тұлпар шағы, әлемнің жанарына тіке қаратқан саяси-экономикалық толағай жеңістер, ертеңгі жарқын ғасырларға арналған семсер сенім, –  деп жазыпты депутат «Көзіңді қысып қарасаң, күннен де дақ көресің» деген мақаласында.

«Күн». «Тұлға». «Таңғажайып Қазақстан».... «Толағай жеңістер». «Семсер сенім»...

Басымды иемін!

ІІ. ТҮСІНІКСІЗ СЕБЕП

Өткен жылы қазан айының ортасында  «Егемен Қазақстан» газетінен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен газеттің басшысы Сауытбек Абдрахмановтың сұқбатын оқып, бізге таңсық көп дерекке жолығып, сіздерден сүйінші сұраған едік. Газет осы аптада тағы да президент пен журналистің сұқбатын жариялады.

Қазақстанның «2011 жылы әлемдік экономикалық дағдарыстың жалғасып жатқанына қарамастан, одан әрі қарай экономикалық өсімге қол жеткізген, ішкі жалпы өнімі 7,5 пайызға өскен, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі 11 мың доллардан асып түскен» (Н.Ә.Назарбаев) табысы мені шынымен шаттандырған екен –  бұл сұқбаттың ақшаға қатысты тұстары қатты әсер етті маған.

–  Домна пешіне ауыстырылғаннан кейін айлығым да өсе бастады. Жоспар 120-150 процентке орындалып жатты. Ондайда жалақы да тиісінше көбейетін. Кейде тіпті 
Металлург Нұрсұлтан Назарбаев (бірінші қатарда сол жақ шетте) пен әріптестері.Металлург Нұрсұлтан Назарбаев (бірінші қатарда сол жақ шетте) пен әріптестері.
x
Металлург Нұрсұлтан Назарбаев (бірінші қатарда сол жақ шетте) пен әріптестері.
Металлург Нұрсұлтан Назарбаев (бірінші қатарда сол жақ шетте) пен әріптестері.
айына төрт жарым мың сом алатын болдым! Ескі рубльдің кезі. Кейінгімен есептегенде 450 сом. Бұл дегенің өте көп ақша. Көптігін содан біле бер, министрдің айлығынан артық, –  дейді президент Назарбаев.

– Сексенінші жылдардың аяғында да министрлердің айлығы 380 сом болғаны есімізде, –  деп қоштайды журналист Сауытбеков.

Президент «сол ақшаның екі мың сомын ауылға, әкесіне жіберіп тұрғанын», әкесінің «әлгі мол ақшаны алған сайын аң-таң қалып, мұндай ақы төлейтін қандай жұмыс бұл өзі деп Теміртауға келіп жүргенін» баяндай келе, металлург жұмысы үшін комсомолдық карьерадан әуелгі жолы бас тартқанын айтады.

Журналист оның комсомол қызметіне неліктен бармай қойғанын сұрай келе:

–  Расында да, негізгі себеп айына 180 сом жалақы алатын жұмысқа шақырғанында емес қой? – дейді.

Президент:
1) әуелі «әңгіменің бәрін айлыққа тіреп қоюға болмайтынын»;
2) бірақ «айлығыңның бірден күрт түсіп, үш есе азайып кетуін ойламай қоймайтыныңды»;
3) алайда «нағыз еркек болу» дегеннің баламасы іспетті металлург мамандығын тастап кетуге тура келеді деген ойдың өзі шошытқанын»;
4) оған қоса «жасыратын несі бар, айлығымды азайтатын жұмысқа қалай бармақпын?!» деп ойланғанын;
5) әрі «сыртыңнан тон пішіп, тілімізді алмай көрсін дегендей етіп, шешімін шығарғалы отырғанын» –  сондықтан комсомол жұмысынан бірінші жолы бас тартқанын, екінші рет айтқанда ғана келіскенін әңгімелепті.

P.S. Шынымды айтсам, металлург Назарбаевтың комсомол қызметінен бірінші жолы анық нендей себепке бола бас тартқанын, екінші жолы не үшін келіскенін бәрібір ұққан жоқпын – бірақ Қазақстанның «әлемдік экономикалық дағдарыс жалғасып жатқанына қарамастан, одан әрі қарай экономикалық өсімге қол жеткізеріне» сенемін.

ІІІ. «ДЕМОКРАТИЯ ЖЕЛІГІ»

Айтпақшы, «Егемен Қазақстаннан» «тарих табыстырған, тағдыр тоғыстырған» Қазақстан мен Ресей туралы тағы бір мақала оқыдым.

Автор Мәскеудің әуелгі кезде «демократия желігіне» еріп, «губернаторлар сайлауымен әуестенгенін – мысалы, елдің үлкен бір өңірінде кәдімгі эстраданың ауызекі жанрының әртісі, сатирик авторлардың жазған мәтіндерін сахнадан мәнерлеп оқумен аты шыққан адам губернатор болып сайланғанын» айтыпты.
Жаңағы губернатор демократия желігімен өзіне тиесілі МАИ ілеспе көлігінен бас тартып жүріп, ақыр аяғында өмір жолын автомобиль апатымен аяқтады.

– Экономиканың дағдарысты жағдайында оның шаруашылықты дөңгелентіп кете алмағаны, әрине, түсінікті жай. Жаңағы губернатор демократия желігімен өзіне тиесілі МАИ ілеспе көлігінен бас тартып жүріп, ақыр аяғында өмір жолын автомобиль апатымен аяқтады. Осындайлардан сабақ алған соң Кремль федералдық округтер құрып, жер-жерге ел президентінің өкілдерін тағайындауға көшті. Ал Қазақстанда президенттік билік институты әкімдер корпусын негізінен тағайындау жолымен қалыптастырғаны және бұл өзін-өзі ақтағаны мәлім, –  дейді журналист.

P.S. Ресейдің «демократия желігіне» қарсы ойлап тапқан амалын Қазақстанның әу бастан іске асырып жатқанына «бәрекелді» деймін.

Қазақстандық шенеуніктер арасында ресейлік марқұм губернатор сияқты «жеңіл-желпі» мамандық иелері жоқ шығар, ә?



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Шара Қайдан: Астана
19.03.2012 10:09
+0 / -0
Ереке! осындай "ғажап" мақала жазатын "ғұлама" Сауытбек Абдуракмановтың "данышпан" газетін оқымайтындығымның зор қате екенін енді түсініп отырмын. Қатты ұялып кеттім. Ертеңнен бастап, Ереке, сізге еріп мен де ол "ғажайып" ел газетін6 "дана ойшыл" Саухай ағамның "терең ойлы" мақалаларын бір әрпін қалдырмай оқуға серт беремін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.03.2012 12:25
+0 / -0
Сауытбек бас редактор емес қой. Бас редакторлықты Жанболат Аупбаев атқарады. Сауытбек жек көрсең де, кекетіп-мұқатсаң да оның ресми лауазымын дұрыс айтқан жөн, Ермек бауырым. "Егемен Қазақстанның" соңғы бетіне көз жүгірт. Жалпы, қазаққа қазақтан өзге жау жоқ, дегенді апта сайын дәлелдеп келесің Ермек! Ерен ерлігің құтты болсын, бауырым. Отыз жылдан соң кейінгі ұрпақ сені қазақтың бірінші жауы ретінде танитынын ұмытпағайсың бауырым. Тарих дөңгелегі кейде кері айналады, бүгін сені жұрт саяси сатирик ретінде таныса, отыз жылдан соң сенің жазған-сызғандарыңды жас ұрпақ ақтарып-төңкеріп, лағнет айтпасына кім кепіл? Әзірге қазаққа қазақтан өзге жау жоқ дегенді дәлелдей бер. Кейін сүйегің сырқырап, жас ұрпақтың қарғысымен көріңде тыныш жатпайтын болатыныңды есіңе ұста! Мен ешкімнің сойылын соғуушы емеспін, қарапайым жұмысшымын, бірақ алдағы күнді де ойлау керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.03.2012 14:51
+0 / -0
Ермек Тілегенов деген бар адам ба екен өзі? Бұл біреудің лақап аты аты-жөні шығар? Қалай болса да, қазаққа мұнша жауыға беретіні несі екен? Қазақтың елін, халқын әлем алдында мүсәпір күйге түсіргеннен дәззат алатын болды-ау, шамасы! Сірә, бұл қазақ болмас, не жартылай қазақ? Әлде АҚШ госдепартаментінің мол ақшасын ақтау үшін қазақтың еліне, әр қазаққа тілін сұғын осылай сұғуға мәжбүр ме? Әйтеуір, намысы жоқ, қанында қазаққа деген жанашырлық жоқ біреу болды ғой. Анау ғой деген сияқты! Ермек сенің бүйтіп тірі жүргеніңнен көрде тыныш жатқаның тәуір еді!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.03.2012 15:29
+0 / -0
Суйатбек Әбдуракмановтың "Нежеген Мазақстан" газетінің болашақ тарих алдында қарабет болары айдан анық! Барлық қарғыс атаулы бүгін де, ертең, 10 ғасыр кейін де қазіргі билік пен соның итаршы журналистеріне ғана айтылады. Ал, Ермек Тілегенге келер ұрпақ алғыс айтып Нобель беруі мүмкін. Бермесе де қазақтың Марк Твені болып қала береді. А, тұз жала, Суайтбек Абдуракманов!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
19.03.2012 16:02
+0 / -0
Құрметті оқырман!
Сауытбек Абдрахмановтың лауазымына байланысты ескертуіңізге рахмет. Қате түзетілді.

Кімнен: Өтіріктен сансыраған Қайдан: Қазақ елі
19.03.2012 11:38
+0 / -0
Суайтбектер ертең елдің бетіне қалай қараймыз деп ойламай ма екен?Әлде бұлар тұмсығының алдындағыдан өзгені көрмейтін көрсоқырлар ма,әлде қарны тоғанға мәз хайуандар ма? Айтыңдаршы ағайын басым қатып кетті.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.03.2012 13:49
+0 / -0
жалпы,менин байканым, казактарда оз елине деген отансуйгиштик болуы керек. Намыс кайда? сосын мына макалоа, сауатсыз жазылган,дурыс сараптап жазбай ма? катын осек кусамай?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.03.2012 15:37
+0 / -0
Сенің "казактарда оз елине деген отансуйгиштик"-ігің билікке жағымпазданып құл болу, өтірік мадақтау ғой... ұят қайда? Сауатты жазылғанды, астарлы әзілді түсінбесең Абдуракмандарды оқы! "Егемен" деген газетін ахирет етіп орап ал да жата бер, әніңді айтып...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.03.2012 14:01
+0 / -0
Бірің "Суайтбек", бірің "Абдуракманов" депсіңдер. Суайтбек Абдуракманов... Жарасады!
Пікір алмасу

Кімнен: Қонай Қайдан: Нарынқол
19.03.2012 16:03
+0 / -0
Менде басында жақсы мақала шығар десем, қатын сияқты былжыратып қойыртпақ ботқа жасаған екен.Азаттық радиосына бұндай беруге болмайды ғо, демократиялық болғанымен де бұл жерде жеке адамның ар-ұжданына тиіскен.Азаттықтың 3 тал редакторы, басқалар не қарап отыр, алдындағы мақалалары жақсы еді.Жас Алаш емес қо адамның жер-жебіріне тисетін, көріп отырмыз бұл мақалаға наразылық білдірушілер көп, бұдан кейін Ермек бауырымызға айтарымыз осы тақытілес мақала жазатын болса мен Азаттықтың редакторларына шағым жасаймын.Осы мақаланың иесіне есекерту жасауыңды сұраймын, құрметпен модератор маған да жауап беріңіз.

Кімнен: DDoS-шабуыл Қайдан: Тау
19.03.2012 21:36
+0 / -0
2, 3-шіпікірді Егемен Қазақстанның журналистері жазыпты. 7, 10-шы пікір Ақордадан. IP адресі сол ғимараттарды көрсетіп тұр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.03.2012 17:10
+0 / -0
Ермек баса бер, баса бер!

Кімнен: Сапар Қайдан: Қазақстан
22.03.2012 10:16
+0 / -0
Қазақстан президентіне кешірім сұрап хат жазып, түрмеден мерзімінен бұрын босаған бұрынғы министрдің адвокаты Ардақ Балпықовтың айтуынша, Жақсылық Досқалиев бұл оқиғаны «мемлекет басшысының мейірімділігі ғана емес, үлкен сенімі деп біледі. Ол мұндай сенімді аса қымбат тұтады».
Қазақстан президенті, түрмеден мерзімінен бұрын неге КазАтымПром бурынғы басшысы Мұхтар Жәкишевті шығармайды не кінәсі бар екенін қазақша жазуға боладыма тусіне алмадым

Кімнен: Оқырман
22.03.2012 19:05
+0 / -0
Журналистің көтерген мәселесі орынды-ақ! Бірақ мақала сауатсыз жазылған. Рас, Егемен Қазақстан газет болмай барады. Бүгінде оқитын мақала жоқтың қасы, кілең мақтау мен мадақ. Халықтық, ұлттық, қазақы емес. Ал Азаттық радиосы да оңып тұрған жоқ, демократиялық сарындағы сайт болғанымен, мүддесі өзге, қазаққа жаны ашып тұрғаны көрінбейді. Қазіргі қазақ қоғамында дені дұрыс газет-журнал, телеарна қалмады. Не боп барасыңдар, журналистер?!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?