Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:54

ҚАЗАҚСТАН

Обаманың арнайы өкілі Құранды жатқа біледі

Ақпанның 13-інде Алматыда Америка президентінің Ислам конференциясы ұйымындағы арнайы өкілі Рашад Хусейн жергілікті және Қазақстанда тіркелген журналистермен кездесті. Ол мұсылмандар құқығы, көпмәдениеттілік, Таяу Шығыстағы толқулар және лаңкестік мәселесіне тоқталды.

Рашад Хусейн, АҚШ президентінің ИКҰ-дағы арнайы өкілі. Кабул, 30 тамыз 2010 жыл
x
Рашад Хусейн, АҚШ президентінің ИКҰ-дағы арнайы өкілі. Кабул, 30 тамыз 2010 жыл
Мәтін көлемі - +
Кездесуде ол Американың ислам әлемімен байланысы және мұсылман қоғамдастығындағы мәселелер жайында айтып берді. АҚШ-тағы мұсылмандар жайы да қозғалды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

ЕУРОПАНЫҢ КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІКТЕН БАС ТАРТУ СЕБЕБІ

«Америка президенті лаңкестікпен күреске ғана емес, сонымен бірге мұсылмандардың адамзат игілігі үшін атқарған қызметіне де мән береді»,-дейді Барак Обаманың Ислам конференциясы ұйымындағы өкілі. Рашад Хусейннің айтуынша, Американың өзінде мешіттер саны 12 мыңнан асады. Діни жоралғыларын өтеу, сақал қою, хижаб кию және басқа да көптеген мәселелерде мұсылмандар еркін.

Рашад Хусейн Нью-Йоркте 11 қыркүйек оқиғасы орын алған аудандағы мешіт құрылысы жайында да баяндады. Оған қарсылық білдіру, тіпті америкалық пастордың Құранды өртемек болған әрекетінің елдің саясатына қатысы жоқ екендігін айтты.

«Америка мұсылмандарды өз қоғамына тартып, баурауға тырысады»,-деді ол. Америка президентінің Ислам конференциясындағы арнайы өкілі Қазақстанға келе жатып, Франция мен Германияға соққандығын айтады. «Бұл елдердегі ахуал Америка қоғамынан басқаша сипатқа ие. Мұнда мұсылмандарды баурау, ішке тарту әрекеттері болмаған»,-дейді Рашад Хусейн. Ол Еуропаның көпмәдениеттілік үлгісінен бас тарту төркінін осындай жайлармен байланыстырады.

"СОЛТҮСТІК АФРИКАДАҒЫ ТОЛҚУ - ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ МҮМКІНДІК"   

Барак Обаманың Ислам конференциясы ұйымындағы өкілі кездесуде Таяу Шығыстағы ахуалға да тоқталды. Рашад Хусейн толқуларда жаңа медианың ролі зор болғандығын айтты. Оның пайымдауынша, кез-келген елдің билігі халық талабына оңды жауап бермесе, Мысыр мен Тунистің кебін құшуы ғажап емес.

«Таяу Шығыстағы оқиғалар ұйымдағы өзге де елдерге ықпал ете бастады. Өзге елдерде өзгеріс басталды. Бұл сәт – менің ойымша, өзгерістер үшін ыңғайлы уақыт. Біраз елдерде байқағанымыз – халық қиындықтар туралы сөйлегенде, мақсаттары мен хақылары сөз болса, биліктің халықты тыңдауы керектігін айтады»,-дейді ол.

Оның айтуынша, соңғы толқуларды ескерген елдерде қазірдің өзінде басшылық тарапынан өзгеріс басталды.

«Таяу Шығыстағы және Солтүстік Африкадағы елдер қазір сондай өзгеріске кірісіп кетті. Бұл да Ислам конференциясы ұйымындағы елдердің дұрыс дамуы мен реформалар жасауы үшін өзіндік мүмкіндік болып отыр», - дейді Рашад Хусейн Азаттық тілшісіне.

"ЛАҢКЕСТІК ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ КӨБІ - МҰСЫЛМАНДАР" 

Барак Обаманың Ислам конференциясындағы өкілі Рашад Хусейн лаңкестік туралы да тоқталды. Оның айтуынша, кейбір топтар исламды өзіне бейімдеп, жеке мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланады. Мұның бәрі түсінбеушілік тудырып жатады.

"Бұл күнде лаңкестік құрбандарының көбін мұсылмандар құрайды", - дейді ол. 

Азаттық тілшісінің сұрағына орай Рашад Хусейн өзінің Құранды жатқа білетін хафиз екендігін мойындады. Арнайы өкілдің Азаттық радиосына берген сұқбаты алдағы уақытта жарияланатын болады.  

Арғы тегі үндістандық Рашад Хусейн Америка президентінің Ислам конференциясындағы арнайы өкілі қызметіне 2010 жылы 13 ақпанда тағайындалды. Ол Барак Обаманың 2009 жылы Каирде жариялаған «Жаңа бастаулар» идеясын жүзеге асыруға ат салысып жүр. «Жаңа бастаулар» – Американың ислам елдеріне қатысты тұжырымы.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
13.02.2011 20:27
+0 / -0
Бұл адамның келгенінен ештеме өгермейтін сияқты! Мақалаға тұздық болар бұл кісі ештеңе де айтпаған сыңайлы.. Құрметті Азаттық сайлауға байланысты елге беделді Білгір сияқты мүйізі қарағайдай қариялардың көзқарасы туралы жазылған мақалалар берілсе дұрыс болар еді.

Кімнен: напуко Қайдан: тараз
13.02.2011 23:24
+0 / -0
негизги талабы бар жане соны жеткизгіси келген дiни саясаткерге уксамайды
мухамед али деген фильмдеги актерге коп уксайтын сол жагынан мол кызыктау адам демесе,
сосын америка кашан курген екен мусылмандарга комектескенин
осының касында ресей мусылмандармен коп шагылыспаган, ал еуропа мен агылшындар немистер жане тагы баскасы талай рет мусылман елдермен шайкасып жане кобинесе шыгынга тусетин, ойткени ол жактын жауынгерлери кыздардан гори...коби карлыгаш болгасын деп ойлаймын
ал ресейде елсин кезинде бил клинтонды калай коркыткан
казир путин керисинше
Пікір алмасу

Кімнен: Алматбек Қайдан: Алматы
14.02.2011 17:35
+0 / -0
Уйл Смидтке тіл тигізбеңдер)

Кімнен: Қожа Қайдан: Алматы
13.02.2011 23:37
+0 / -0
НӘН_ға тиіспей тұрайық халайық, Алла қаласа бәрі жақсы. Бір қалыпты өмір сүргіміз келсе, елбасыны жамандағанша өзіміз көбірек жұмыс жасайықб сол кезде Алла береке береді

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
14.02.2011 01:30
+0 / -0
Қүранды жатқа білгендік қандай қылмыс екен оны мойын алғандай ? Әлде Қазақтарға мақтана айтып отырғаны шығар бұл Обаманың Ислам конференциясындағы өкілі .

Кімнен: zhanashır Қайдан: yelden
14.02.2011 11:09
+0 / -0
osı amerıkandıktarmen yevropa yelderı alemdı men bıylep tosteymın degen pıkırden alı arılgan zhok butkıl alem yelderının ıshkı zhumıstarına aralasa beredı kay yelde tolku zhappay narazılık bolsa yen bırınshı pıkır bıldırushılermen osı amerıkandıktarmen yevropalık yelder bıreulerdın osını toktatuı kerek