Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:57

ӘЛЕМ

АҚШ-тың арнайы өкілімен кездесуде миссионерлер, босқындар мәселесі көтерілді, сұрақтар жауапсыз қалды

АҚШ Мемлекеттік департаменті мұсылман қауымдастығындағы арнайы өкіл Фарах Пандит сейсенбі күні Алматыда мұсылман діні өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел мәжілісін өткізді. Бұл жиында Чехиядағы қазақ босқындары туралы да сөз болды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті мұсылман қауымдастығындағы арнайы өкіл Фарах Пандит. Алматы, 13 қазан, 2009 жыл.
x
АҚШ Мемлекеттік департаменті мұсылман қауымдастығындағы арнайы өкіл Фарах Пандит. Алматы, 13 қазан, 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +
Дөңгелек үстел мәжілісіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі және бірқатар дінтанушылар мен қоғам қайраткерлері шақырылыпты. Көпшілікпен жылы амандасқан Пандит ханым өзінің жақында ғана, дәлірек айтар болсақ, биыл маусым айында тағайындалған қызметі мен Қазақстанға алғашқы сапарының мақсатымен қысқаша таныстырып өтті.

- Жаңа қызметті қабылдап алғалы бері шетелге сапарлаған екінші ел Қазақстан болып отыр. Осыдан екі апта бұрын мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонге оң қолымды қасиетті Құранға қойып тұрып ант бердім. Мен басқаратын мекеме күллі әлемнің мұсылмандарымен, соның ішінде қарапайым адамдармен және түрлі ұйымдармен қалай жұмыс істеу керектігі жөніндегі ойларды жүзеге асырумен айналысады, - деді Пандит.

Бұл жиынға негізінен биліктің сөзін сөйлейтіндер келгендігін айтып өткен жөн. Содан дөңгелек үстел басындағы әңгіме дінаралық
Мұртаза Бұлытай, дінтанушы. Алматы, 13 қазан 2009 жыл.
татулықты арттырудағы мемлекеттің саясаты мен жеткен жетістіктері турасында өрбіді.

- Діни фактордың күн өткен сайын халықаралық саясаттағы ролі артып келеді. Қазір біз діндердің, өркениеттер мен мәдениеттердің арасында диалог орнатуды көздейтін әртүрлі бастамалардың куәсі болып отырмыз, - деп бастады дінтанушы Мұртаза Бұлытай.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Рақымжан Әкімбеков болса тәуелсіздік алған жылдан бері Қазақстанда 2300-ден астам мешіт ашылғандығын, елдегі мұсылмандардың 99 пайызы сүнниттік бағытты ұстанатындығын тілге тиек етті.

- Біздің еліміздің және дініміздің ұстанған мақсаты тек қана жақсылыққа және ауызбіршілікке негізделген. Оны біздің президентіміздің жүргізіп отырған хикметті саясаты көрсетіп отыр, - деді діни басқарма өкілі.

Марат Тоқашбаев, "Президент және халық" газетінің бас редакторы. Алматы, 13 қазан 2009 жыл.
«Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев Қазақстанда соңғы уақыттары, әсіресе жастардың дінге бет бұра бастағандығын қуанышты жағдай ретінде сипаттай келе, зиялы қауымды шетелдік діни миссионерлердің әрекеті қорқытады деген ойға тоқталды.

- Батыстан келген діни миссионерлердің кесірінен қазақ отбасылары бөлініп жатқан жағдайларға куә болып отырмыз. Бірақ жалпы Қазақстанда жаппай осындай құбылыс орын алып жатыр деген түсінік қалыптаспасын. Бірақ біз өзіміздің отбасылық құндылықтарымызды қорғау үшін басқа діндердің Қазақстанға келуіне мүдделі емеспіз, - деді Тоқашбаев.

Газет басшысының көтерген бұл мәселесіне қатысты Пандит ханым Тоқашбаевқа осы мәліметі үшін алғысын айтып, бірақ бұған қатысты пікір білдірмейтіндігін жеткізді.

Дөңгелек үстел басындағы талқылаулардан кейін АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі журналистердің сауалдарына он минут уақыт бөлді.

Азаттық тілшісінің сауалы Чехиядағы 200-ге жуық қазақ діни босқындардың жағдайы, оларды сол елдің билігі депортациялай бастағандығы мен адам құқығын қорғаушылардың босқындардың құқығы бұзылып жатқандығына қатысты айтқандары туралы болған еді. Алайда босқындардың жағдайы егжей-тегжейлі баяндалған сұраққа Пандит қысқаша жауап қайырды.
Мен, өкінішке қарай, сіздің сауалыңызға пікір білдіре алмаймын. Өйткені менің мұндағы сапарымның мақсаты бөлек


- Мен, өкінішке қарай, сіздің сауалыңызға пікір білдіре алмаймын. Өйткені менің мұндағы сапарымның мақсаты бөлек, - деді ол.

Осы тұста дөңгелек үстел басындағылар Чехиядағы қазақ босқындары туралы өзара сөйлесе бастаған-ды: бірқатары бұл қайдан шыққан босқындар өзі деген сауалды төтесінен қойып, бұл жөнінде өздері тіптен хабарсыз екендіктерін сездіріп қалды.

Фарах Пандиттің осы қызметке тағайындалғаннан бергі екінші ресми сапары болғанымен, Орталық Азия еліне оның бірінші  рет келуі. Мұның алдында өткен аптада ол Нигерияға барып қайтқан болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Адам Қайдан: Қазақия
14.10.2009 01:48
+0 / -0
Міне, қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ дегендей, ата-бабасының жүздеген жылдар бойы ұстанған дінінен безген, елінен безген, қазақтың батыс облыстарынан шыққан дінбұзарларды дүниеде ешкім де қоштамайды. Сондықтан, дін жолына түсем деушілер, басқа жерден емес, дін жолын тек қана мешіттен бастағаны дұрыс. Болмаса, адасып, темір тордың арғы жағынан шығуың ғажап емес. Дінге келгенде, жұрттың сенімінің еріктілігі болмауы керек. Басқаша, отбасын, ұлттың бірлігін бұзатын дінді ұстанам деушілер, сол діннің шыққан еліне қоныс аударып кетсін. Сол кезде әділдік болып, елге кесірі тимейді. Біз ешкімге жалтақтамай, бұны конституцияға кіргізіп, заңдастыруымыз керек. Елу-жүз жылдан кейін, мемілекетіміз шынымен де нығайып, халық есейіп, оң-солын танып, өз-өзіне келген кезде сенім еріктілігіне кезек берерміз.

Кімнен: Адамға Адам Қайдан: Алматы
14.10.2009 09:35
+0 / -0
"Дінге келгенде, жұрттың сенімінің еріктілігі болмауы керек" деген пікірге қосылмаймын. Сонда дінді мәжбүрлеу болу керек пе? Бұл ислам қағидаларына қайшы келеді.

Кімнен: Қара кедей Қайдан: Иран
14.10.2009 09:48
+0 / -0
Мұсылмандардың осынша қудаланғаны не?Сонда олардан өзге діндерден елге еш қауып қатер жоқтай олар қалай емін еркін тапырақтап бүлік салып жүргенін үкімет білмей ме?Бұларда ауызбастырық беруге ақша көп те оларда жоқ емес пе?

Кімнен: Санжар Қайдан: Алматы
14.10.2009 11:38
+0 / -0
Фарах әдемі келіншек екен.