Сейсенбі, 29 шілде 2014, Алматы 14:40


АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Мектептегі алғашқы әскери дайындық сабағында оқушыға оқ тиіп, иығынан жараланған

Қарағандының Майқұдық ықшамауданында 74-ші мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімінің қолындағы мылтық атылып кетіп оныншы сынып оқушысын жаралап алған.

Жарақат алған Гилан Сәрсембекова үйде емделуге мәжбүр. Қарағанды, 16 қаңтар, 2009 жыл.Жарақат алған Гилан Сәрсембекова үйде емделуге мәжбүр. Қарағанды, 16 қаңтар, 2009 жыл.
x
Жарақат алған Гилан Сәрсембекова үйде емделуге мәжбүр. Қарағанды, 16 қаңтар, 2009 жыл.
Жарақат алған Гилан Сәрсембекова үйде емделуге мәжбүр. Қарағанды, 16 қаңтар, 2009 жыл.
Оқушы қызды қолынан жаралап алған мұғалім сөгіс арқалаумен құтылған және зардап шеккен қыздың отбасынан кешірім де сұрамаған. . Мұның сыртында осы жағдайға байланысты тергеу жүргізген полицейлер де істі жауып тастапты. Енді қыздың отбасы сотқа шағымданбақ ниетте.

Нөмірі 74-ші мектептің 10-шы сынып оқушысы Гилан Сәрсембекова қаңтардың бесі күні әдеттегісінше алғашқы әскери дайындық пәні бойынша қосымша сабаққа барады. Сол күнгі сабақ тақырыбы мылтықпен нысанаға ату болған. Оқушылар мылтық ататын жерді жөнге келтіріп, жаттығу мылтығын қолына ұстап тұрған мұғалім Хадесовтың жанына жиналған едік дейді.

- Ол мылтықтың затворын жауып қалған кезде, мылтық бірден атылып, оқ менің иығыма тиді. Осы сәтте өте қатты ауырғанын сезіндім. Қайта қасымда тұрған сыныптасым құлап бара жатқан мені демеп, ұстап қалды. Ал мұғалім болса менің жаныма келіп, қарады да, "Ау, мынау жай ғана сырып өткен ғой" деп, сабағын жалғастыра берді. Иығымнан қан саулап тоқтамағасын, сыныптастарым мені мектептің медбикесіне алып барды,- дейді бізбен әңгімесінде Гилан Сәрсембекова.

Айта кететіні Гилан медбикеге бара жатқанда мұғалім Мүбарак Хадесов олардың алдын кес - кестеп, қыздың жарақаттанған жеріне қағазды түкіріктеп жапсыру арқылы қанды тоқтатпақ болған екен. Сонымен қатар ол дәл сол мезетте медбикенің орнында жоқтығын айтып, балаларға жол бермеуге тырысқан. Дегенмен, оқушылар медбике бөлмесіне жетіп, алғашқы көмекті алған. Осыдан кейін медбикенің қатаң нұсқауымен әлгі мұғалім жараланған қызды ауруханаға ала жөнелген.

-Ол маған бұл жайында шешеме және апама айтпауымды сұрады. Оның айтуынша, егер олар естісе шу көтереді. Ауруханаға барғасын ол сасқалақтап жүгіріп, өз таныстарына телефон шалып, көмек сұрай бастады. Сосын сол жерде асты - үстімізге түскен ол "мылтық өзінен- өзі атылып кетті деп айт" деп үйретті. Сол сәтте басым айналып тұрғандықтан мен келістім,- дейді Гилан Сәрсембекова.

Осы уақытта мен де бір түрлі алаңдаулы болдым дейді оқ тиген қыздың шешесі:
-Мен жұмыста болған едім. Күндізгі сағат 11- лер шамасында қызыма телефон шалдым, бірақ ол жауап берген жоқ. Содан алаңдап қайта-қайта қоңырау шалумен болдым. Шамамен 12 жарымдар шамасында қызымның өзі қоңырау шалып, ауруханадамын деді.

Жан ұшырып ауруханаға жеткен Мәдина қызының жанында тұрған мұғаліммен тілдесіп, мән - жайға толық қанбаса да, оның айтқандарын тыңдаған. Әрине ол сол жерде қыздың әлсіздігін пайдаланып, оқиғаның желісін өзінше суреттеп берді дейді Мәдина. Сонымен қатар ол болған жағдайды жылы жауып қалдырайық  деген де ұсыныс жасаған.


-Пән мұғалімі мені оңаша шақырып алып, орын алған жағдайға байланысты шу шығармауымды өтінді. Содан соң мен осы жайында сол жерде қызымды қарап жатқан дәрігерден кеңес сұрадым. Ол болса, жоқ, тәртіп бойынша мұндай деңгейдегі жарақаттан соң іске міндетті түрде полиция қызметкерлері кірісетінін айтты,- дейді Мәдина Сәрсембекова.

Бір таңданарлығы осы жағдайдан кейін әлгі мұғалім Мәдинаның үйіне өзі қоңырау шалып, осындай уақыттан кейін тергеушілер келеді дайын отырыңыздар деген. Үйге келіп бірнеше сұрақтарға жауап алып кеткен олар бірер күннен кейін істі жауып тастапты дейді Мәдина.

Ал мектеп директоры алғашқы әскери дайындық пәні мұғаліміне сөгіс берумен шектелген. Гиланның анасының айтуынша, оқиғадан кейін қызды жаралаған мұғалім қарасын көрсетпегені былай тұрсын, тіпті телефон шалып кешірім сұрамапты:
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мүбарак Хадесов. Қарағанды, 16 қаңтар, 2009 жыл
 
 
-Ол бір рет те болсын менің қызымның халін сұрап, хабарласқан жоқ. Қазір қыздың жағдайы орташадан төмен деп бағаланып отыр. Себебі дәрігерлердің қойған диагнозы бойынша, баланың бұғанасы тұсындағы нерв талшықтарының шоғырланған жеріне тиген оқ өзінің зардабын сездіруде. Қазір ем қабылдап жүрміз. Екі аптадан бері мектепке де бара алмады. Бағдарламадан қалды,- дейді Гиланның анасы Сәрсембекова Мәдина

Біз мәселенің мән- жайын білмек болып, нөмірі 74- ші мектепке бардық. Директор орнында жоқ болып шықты, алайда оның орынбасарлары директорсыз бір ауыз мағлұмат бере алмайтындықтарын және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімінің мектепте жоқтығын айтқанымен, мектеп дәліздерін аралап келе жатып, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімін кездестіріп қалдық.

-Мылтық өзінен- өзі атылып кетіп, оқ қабырғаға соғылып, рикошетпен қызға тиді,- дегеннен басқа мектеп мұғалімі Мүбарак Хадесов жарытып ештеңе айта алған жоқ.

Керісінше қандай да бір жауап беруден қашқан оны мектеп директорының орынбасарлары қоршап алып, тілшілерге ақпарат беруден жалтартып, біздің мектептен шығып кетуімізді талап етіп тұрып алды.
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Бекеев Бекболат Қайдан: Түлкібас ауданы
21.02.2009 12:15
+0 / -0
Менімше АӘД пәнінің мұғалімі қауіпсіздік шарасын өз деңгейінде қадағаламағандықтан болған жағдай деп білемін Және оқушыға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету керек еді. Ол Өзінің қарабасын ойлап бұған жол бермеген. Сондықтан АӘД пәнінің мұғалімі кіналі деп білемін.

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Қару-жарақ көрмесінде «Калашников» автоматын қарап тұрғандар. Мәскеу, 10 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Санкция «Калашников» қаруына сұранысты арттырды

АҚШ санкциясына ілінгелі Ресейдің «Калашников» автоматының саудасы, керісінше қыза түскен. Ресей «Вашингтонның бұл шешімі ең алдымен америкалық тұтынушыларға кесірін тигізеді» дейді. Толығырақ