Сейсенбі, 21 мамыр 2013, Алматы 14:44


ӘЛЕУМЕТ

ҰБТ жүйесі туралы дау көп

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жүйесі жайлы қарама-қайшы пікірлер жиі айтылады. Оны қолдаушылар «бұдан сәтті жүйе жоғын» айтса, қарсылар «тест оқушының біліміне дәлел емес» дейді.

Емтихан тапсырып отырған оқушылар. (Көрнекі сурет)
Емтихан тапсырып отырған оқушылар. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +
Өзін Бауыржан деп таныстырған азаматтың ойынша, «тест жүйесі оқушыларды робот сияқты тәрбиелеп жатыр – бұл жүйе енгелі оқушылардың өз ойын жеткізуі, түсіндіруі атымен жоғалып барады».

–  Гуманитарлық сабақтардың мән-маңызын [тестіде] берілген сұрақтар аша алмайды. Мысалы, «1950 жылмен салыстырғанда 1960 жылы коммунистер саны неше есе артты?» деген қитұрқы сұрақтар тәуелсіз заман баласына не үшін керек? Ал төрт сағатқа 25 сұрақ есеп оқушыға өте ауыр. Кодтау деген шпорлар интернетте кеңінен сатылады. Оның кем дегенде 21-інен көбінің дұрыс жауаптары сәйкес келеді. ҰБТ-да сабаққа жақсы дайындалған емес, шпорға дайындалған балалар жоғарғы балл алып жатыр, – дейді Бауыржан.

Бауыржанның пікірінше, «тест жүйесінен жақсы оқитын балалардың әбден көңілі қалды – тестті алып тастап, дәстүрлі емтихан жүйесі енгізілсе, құба-құп болар еді».

«ҰБТ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР – ӨНБЕС ІС»

Алматы қаласындағы №81 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Гүлнұр Пірімбетова «тест жақындаған сайын үрей мен қорқыныш билеп, жынды болып кете жаздап жүрміз» дейді. Ол ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінен соң мектепті ауылдан бітірген оқушыларға кейбір мамандықтар бойынша арнайы квота бөлгенге наразы екенін айтты.

– Менің ойымша, емтихан тапсырсақ, жақсы оқитындар әділ бағасын алар еді. Әрі оңтайлы болатын сияқты. Тарих пәнінде даталық сұрақтар тым көп. Тест әділетсіз түрде өтеді, біреулер сатып алады. Жақсы оқитындар түсе алмай қалады. Қаланың баласы мен ауыл баласы бірдей балл алып тұрса, ауылдан келген бала грантқа түсіп кетіп жатады, – дейді Гүлнұр Пірімбетова.

Ал Гүлнұрдың сыныптастары Досжан мен Нұртас «пайдасы аз болғанымен ҰБТ-ны қолдайтындарын» айтады.

– Себебі емтиханға қарағанда жеңіл, әрі әр түрлі тәсілдермен берілген жауап нұсқаларының дұрысын таңдауға негіз бар, – дейді олар Азаттық тілшісіне.

ҰБТ туралы сауалымызға №81 мектеп-гимназиясының директоры Роза Болатаева «үкімет қолдап отырған жүйеге қарсы ештеңе істей алмаймыз» деп жауап берді.

– Осы кезге дейін жоғарғы жаққа талай айттық, ештеңе шыққан жоқ. ҰБТ 
Ұлттық тестілеу орталығы өкілі Қамет Нағашыбек. Алматы, 12 сәуір 2012 жыл.Ұлттық тестілеу орталығы өкілі Қамет Нағашыбек. Алматы, 12 сәуір 2012 жыл.
x
Ұлттық тестілеу орталығы өкілі Қамет Нағашыбек. Алматы, 12 сәуір 2012 жыл.
Ұлттық тестілеу орталығы өкілі Қамет Нағашыбек. Алматы, 12 сәуір 2012 жыл.
төңірегіндегі мәселелер – өнбес іс. Артық айтсақ, бізге де жоғарғы жақтан ескерту болуы мүмкін, – деп сөзді келтесінен қайырды мектеп директоры.

«ҰБТ – СӘТТІ ТАҢДАЛҒАН ЖҮЙЕ»

Сәуірдің 12-сі күні Саяси шешімдер институтында ҰБТ төңірегіндегі дау-дамай талқыланды.

Ұлттық тестілеу орталығы ғылыми-методикалық лабораториясы Алматы қалалық филиалының меңгерушісі Қамет Нағашыбектің айтуынша, «баланың сөйлеу, таным-түйсігіне тест жүйесінің еш әсері жоқ, бұл – тікелей мектептердің кінәсі».

Ол ҰБТ-ға байланысты бірнеше ерекшелікті де (квота арқылы ауыл мектептері түлектерін қабылдайтынын, Қазақстандық оқу орындарына түскісі келетін шетелдік ұлты қазақ азаматтарды бір жыл дайындық курсында оқытып, келесі жылы басқа азаматтармен тең дәрежеде емтиханға қатыстыратынын - ред.) айтты.

– Егер біз ауылдан және шетелден келген қандастарымызды оқуға түсіруге мүмкіндік жасай алмайтын болсақ, мұндай тестілеудің қажеті не? Осы қалыптасқан жағдайда ҰБТ – жоғарғы оқу орындарына қабылданудағы ең сәтті таңдалған жүйе. Болашақта форматы, түрі өзгеруі мүмкін, – дейді Қамет Нағашыбек.

Республикалық «Ар-намыс» оқытушылар мен мұғалімдер ұйымының төрайымы 
«Ар-намыс» ұйымының төрайымы Ғалия Әміртаева. Алматы, 12 сәуір 2012 жыл.«Ар-намыс» ұйымының төрайымы Ғалия Әміртаева. Алматы, 12 сәуір 2012 жыл.
x
«Ар-намыс» ұйымының төрайымы Ғалия Әміртаева. Алматы, 12 сәуір 2012 жыл.
«Ар-намыс» ұйымының төрайымы Ғалия Әміртаева. Алматы, 12 сәуір 2012 жыл.
Ғалия Әміртаева ҰБТ-ны оқушылардың өздері оқыған мектепте тапсырғандарын жөн көреді. Оның ойынша, «бұл стрестік күйден арылуға септігін тигізеді».

– Бірқатар жоғарғы оқу орындарына сауалнама жүргіздім. Еш адам бұл тестілеудің түрін жақсы деп айтпады. Менің бүгінгі тестілеу жүйесіне қарсылығым жоқ. Бірақ аудандық, аймақтық, облыстық рейтингті алып тастауымыз керек. Әкімдердің рейтингісінің көлеңкесінде кейбір жақсы оқитын балалар қалып жатыр, – дейді ол.

«ОДАН ЖАҚСЫСЫН ЕШКІМ ТАПҚАН ЖОҚ»

Математик Асқар Жұмәділдаевтың пікірінше, «тест тапсыру дұрыс емес, алайда одан жақсысын ойлап тапқан ешкім жоқ. Балалардың санасына кері әсерін тигізіп жатыр – деген бос сөз».

– Америкада оқуға түсу қиын емес, оқу бітірген – қиын. Мәселен, бірінші курсқа мың адам түссе, келесі курсқа жартысы өтеді. Бізде де осындай болса, жақсы 
Математик-ғалым, академик Асқар Жұмаділдаев. (Жеке қордағы сурет).Математик-ғалым, академик Асқар Жұмаділдаев. (Жеке қордағы сурет).
x
Математик-ғалым, академик Асқар Жұмаділдаев. (Жеке қордағы сурет).
Математик-ғалым, академик Асқар Жұмаділдаев. (Жеке қордағы сурет).
болар еді. Советтік кезеңде де емтихан парақорлықпен өтетін. Бұл тест жүйесінің бір жақсысы – парақорлық мөлшері аз болуында, – дейді ғалым.

2011 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына 126 мың 168 үміткер (мектеп бітірген оқушылардың 79 пайызы) қатысты.

Былтыры емтихан тапсырған түлектердің арасынан 30 бала ең жоғары ұпай – 125 балл, 32 мың 681 оқушы (сынақ тапсырушылардың 25,9 пайызы) 100 балдан артық жинады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Шымкентбай Қайдан: Шымкент
18.04.2012 11:46
+0 / -0
Асекең жоғарыда жүрген соң төмендегі жайтты дұрыс көрмей жүр-ау. Бұл тест жүйесінің бір жақсысы – парақорлық мөлшері аз болуында, – депті ғалым. Ғалым мөлшері деген сөздің орнына ауқымы дегенді пайдалану керек еді. Өйткені, пара беретіндердің саны азайғанымен параның мөлшері көтеріліп, АҚШ долларымен есептелуде.

Кімнен: Орынбай Тайманов Қайдан: Шымкент
18.04.2012 12:04
+1 / -0
Бұл мәселені бас жағынан бастап шешу қажет. Бүгінде бағдарлама бала жасы мен қабілетіне қарамай жасалып, ішінде бұрыс берілген мәліметтер көп.
Ертеңгі күні сол бұрыс мәліметтер тест кезінде кері әсерін тигізері анық.
Екіншіден, 6 жасар баланың екі тоқсан ғана оқитын Ана тілінде 98, Музыка кітабында 68 өлең бар. Мұның ішіндегі жаттауларына қоса, мақал-мәтелдерді де жаттауға береді. Оның қажеті не? Бағдарламада әнұран да жаттауға берілген. Мұғалімдер оны жаттауға бергенімен, ертеңінен "әнұранды балабақшада жаттап қойғансыңдар" деп балалардан баяғы жаттатқан ережелерді сұрайды екен. Сол күні ережеге дайындалып келмеген балалардың көбі екі алады. Міне, былық.
Оның үстіне, мектептегі балалардың барлығы балабақшаға бармаған ғой. Олар да бала кезінен осылай психикалық соққы алуда.
Қысқасы, бағдарлама жасайтын жерге мектепте 15 жыл жұмыс істеген тәжірибелі мұғалімдерді қызметке тұрғызу керек.
Ал тестті бәрібір пысықтап жаңа үлгісін өзіміз жасауымыз қажет. Ата-аналар да бәлені білім саласынан іздей бермей, бар жігерін баланы беске оқытуға жұмсаса екен.

Кімнен: қазақ Қайдан: шығыстан
18.04.2012 12:36
+0 / -0
Асқар ағамыз математик болғансоңда солай бәрін қабылдайдыма екен? мұнда әр баланың қаблет ерекшелігі ескеріліме екен?, асықпай ойлайтындар тез ойлайтындар ойлау немесе қймылдау ерекшеліктерін ұстаздары жақсы біледіғой,Жалпы осы ҰБТ-ңыз шикілеу сияқты.

Кімнен: Amit Қайдан: Кызылорда
18.04.2012 12:37
+0 / -0
Егер әділ өтсе ЕНТ дұрыс болар еді. Әйтімовадан бері ешқандай ЕНТ әділ өткен емес қой. Еш уақытта әділ өтпейтін сияқты. Себебі жоғарыдағылар осыған мүдделі

Кімнен: ата - ана
18.04.2012 12:52
+0 / -0
мен қарсымын ҰБТ -ға. Онсыз да мына заманда жүйкелері нашар балалар одан сайын нервный болды осы ҰБТ кесірінен. Менің балам 4- сыныпта оқып жүргенде тағы да бір МАБ деген бәлені тапсырды, сұмдық балам неше күн ұйқы - күлкіден айырылды, кәдімгідей қобалжып ауырды "мама тағтаның алдына шықсам тізем дірілдеп, терлеп кетемін" деп. Балам тек 5-ке оқиды соның өзінде осылай болды, Ал 3,4-ке оқитындардың жағдайлары сондай қалай болады. Бұл сұмдық. Балаларға тәжірибе жасауды қою керек. Біз дендері сау бала өсіріп шығаруымыз керек. Жүйке ауруларын емес. Қаншама бала осы ҰБТ кесірінен өмірлерін қиды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.04.2012 13:56
+0 / -0
Жоғарыдағылар ҰБТ-ның 80-90 пайызы пара екенін біледі ме екен? Бір қызығы, жақсы оқитын балдардың ата-аналары мен сол оқушылар да алдын ала төлеп қойып, құда тыныш, құдағи да тыныш дегендей, керек 90-120 балын алғанды қалайды. Себебі, әлгі жақсы оқитын бала әке-шешесіне қыңсылай бастайды, ана дым оқымайтын балдар 100-120 балға келісіп қойды, мен ертеңдері масқара болып 80 алып қалып, оларға күлкі болмаймын ба -деп.Талай айналамда туыстымның балдары ҰБТ-дан өтіп шықты, әке-шешелері мәз, желпініп қойып, -балам 110 балл алды деп сықиып отқандарын көргенмін. Балдарын бұрын білетінмін, дым білмейді ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматыдан
18.04.2012 17:30
+0 / -0
Егер қазіргі кездегі дайындап жатқандай шпорсыз, өз білімдерімен тапсырса болар еді. Ертең сол әке- көке -жәке деп бәрін өздері бүлдіреді ғой.

Кімнен: Лаура Қайдан: Алматы
18.04.2012 17:18
+0 / -0
ҰБТт!ң осы заман оқушыларына лайықты шығар. Б!рақта оқушылардың б!л!м!н тексерсек 100 пайзға қанағатандыратын жауап аламыз деп ойламаймын. Сондықтан әр баланын б!л!м!н емтихан алу арқылы тексеру керек. Сонда оқушының оқу деңгеи! белг!л! болады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.04.2012 18:19
+0 / -0
Бұл жерде бір-ақ пікір дұрыс: "Жаман бишіге жұмыртқасы кедергі жасайды".

Кімнен: қазақ Қайдан: шығыстан
18.04.2012 21:17
+0 / -0
ҰБТ-ны тапсыру мақсат ,арғы жағы не болса ол болсын, директордыңда ,снып жетекшісініңде алдарына қойған мақсаттары осы ,өтпей қалу болмау керек дейдіде ,шпормен өне бойын толтырып әйтеу тапсырып шығады,Одан кейін бір ВУЗ-ға тапсырады ,ол қажетпе жоқпа оған қайғырмайды ,Бітіреді жұмыс жоқ, оғып бұғып жүргенде уақыт өтті, бойдағы нағыз қаблет ашылмай өмірдегі өз орынын таба алмай әйтеу бір өлмес күннің қамын ойлап ырың-жырың өмірдің ортасына тағы бір қазақ қослды,Немесе жастың қаблетін бйқаған ұстаз шәкіртіне дұрыс жолды көрсетер еді, бірі дәнекрлеуші, бірі инженер ,бірі спортан өз орындарын тауып ел қатарына қосылып жатса, Орта мектепті ҰБТ тапсыру үшін ғана оқйтын сияқты, оны тапсыра алмаса өмір тоқтап қалатындай жеткіншектердің санасына әсер етеді,Ал емтихан тапсырса ұстазбен көзбе көз кездесіп өз деңгейін шын анықтағаннан кейін әркім өз жолын табуға тырысады ,Бұрынғы кеңес одағындай пара беріп ұзаққа бара алмайды, казір бәрі шын біліміңе қарайды,оның өзінде конкрустан өтсең жумысқа турасың, Әйтпесе қараңыздар бала екі ақ нәрсені ойлайды ЕНТ- тапсыру ВУЗ-ға түсу болды, әйтеу елден қалмау керек, Ал бір кәсіпті оқу, кәсіпкершілікпен айналысу ойларына кіріпте шықпайды, ҰБТ тапсырмайақ ПТШ-ға баруға көбісі арланады, осының өзі әлеуметтік жіктің өзі емеспе, Осы уақытқа дейін байқалған жағыдайды жаздым ойдан еш нәрсе қосқан жоқпын, брлығы білетін жағыдай,

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.04.2012 22:14
+0 / -0
Бұрын Кеңес заманында бір кластағы 30 оқушының 4-6-уы ған ЖОО-нына түсуші еді. Қазіргі лердің бәрі алтынбасты. Бір сыныпта 25 бала болса, түгел ЖОО-нына түседі. Іштерінде қай елде тұрып жатқанын, жылды неше ай барын, ақпан айы 4 жылда бір рет 29 күнді екенін, көбейту кестесін білмейтіндері бар. Ал көлік жөндейін деп, сотка оңдатайын деп, үйді жөндетейін деп, не бір тактор, кран, пагрузчшик жалдасаң, кілең басқа ұлттарды көресің. қазақ самарқауланып, топастанып бара жатқанға ұқсады. Бәрі бірдей әкім, құқық салсында жасағысы келеді. Құдай-ау, жүгеріні кім егеді, қытайлар,өзбектер келіп егіп бере ме?
Пікір алмасу

Кімнен: Көзкөрген Қайдан: Шымкент
19.04.2012 19:05
+0 / -0
ҰБТ еліміздің оңтүстік облыстар үшін сәтті дүние. Қызылордалықтар мен шымкенттік мектеп оқушыларының басым бөлігі осы тестілеу нәтижелерін алдын ала сатып алудың арқасында ғана ЖОО-ға түсуге мүмкіндік алып отыр. Жоғары баллды шымкенттіктердің қалай жасайтынын министрдің өзі де білмейді. Тәжірибесіз жаңақорғандықтар былтыр ұсталып қалғанда шымкенттен бірде-бір комиссия мүшесі ұсталған жоқ. Технично істеуді білетін техастықтар аман болса талай ақша жасап баюға болатын жүйе бұл. Тек Алматы мен Астана сияқты ірі қалалар мен солтүстік облыстарда болса, басқа аймақта бұл майлы шелпек дүние ғой. Рахат! Бұл жүйе қала бергені дұрыс. Шенеуніктер де күн көру керек қой. Тіпті басқа жүйе кіргізсе де біз шымкенттіктер ебін табамыз ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: amit Қайдан: Кызылорда
22.04.2012 12:49
+0 / -0
Көзкөргеннің сөзі 100 пайыз рас. Қалай керемет жазған Бәрін біліп тұр.

Кімнен: Қанат Қайдан: Алматы
22.04.2012 15:17
+0 / -0
сәлеметсіздер ме? білім жүйесі бір әлеуметтік эксперимент площадкасына айналып кетті ғой... Оқушылар мұғалімдер подопытный кролик сияқты

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?