Сәрсенбі, 19 маусым 2013, Алматы 10:29


ӘЛЕУМЕТ

Мектеп бітіру кеші және отбасы бюджеті

Мектепті биыл бітірген түлек Әйгерім. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Мектепті биыл бітірген түлек Әйгерім. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қазақстанда 21 маусым күні мектеп бітірушілер кеші өтті. Түлектердің біразы бұл шараға қымбат костюм мен көйлек киіп, лимузин мініп келеді. Семейлік Әйгерімнің анасы мен әжесі де қыздарының мектеп бітіру кешіне қанша ақша жұмсағандарын айтып берді.

Шешесі мен әжесінің ортасындағы жалғыз қыз, 16 жастағы Әйгерімнің анасы Бақыт Шөжебаева – мемлекеттік қызметкер, айлығы – 35 мың теңге (шамамен 240 доллар). Ал 89 жастағы Ғайникамал әжейдің зейнетақысы – 27 мың теңге (шамамен 180 доллар).

«КӨЙЛЕК-КӨНШЕК, СЫЙЛЫҚ...»

Бақыт Шөжебаеваның айтуынша, Әйгерімнің мектеп бітіру кешіне жұмсалған ақшаның көбі көйлекке кеткен: салтанатты шараға киетін көйлекті – 32 мың теңгеге, мектеп формасын – 13 мың 500 теңгеге алған.

Олар соңғы қоңырау кезінде оқушы формасын жаңадан алған екен. Әйгерім, мұғалімдерінің айтуымен, Семейдің орталық алаңында өткен мектеп бітіру кеші 
Әйгерім мектеп бітіргенде түскен суретін көрсетіп отыр. Семей, 21 маусым 2012 жыл.Әйгерім мектеп бітіргенде түскен суретін көрсетіп отыр. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
x
Әйгерім мектеп бітіргенде түскен суретін көрсетіп отыр. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Әйгерім мектеп бітіргенде түскен суретін көрсетіп отыр. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
​шарасының бірінші бөлімінде сол мектеп формасын киіп шығуға тиіс болған.

Әйгерімнің анасының айтуынша, мектептегі соңғы жиналыста әр оқушының ата-анасы 25 мың теңгеден жинаған. Бұл ақша мейрамханадағы кешкі банкетке, ертеңінде табиғат аясында серуендеуге, фото альбом дайындау (оның бағасы үш мың теңге), екі мұғалімге (алғашқы ұстаздары мен 11-сыныптағы жетекшілеріне) сыйлық алуға жұмсалған.

- Мектептің кішігірім жөндеу жұмыстарының ақысы да осы ақшаға қосылып кетті, - дейді Бақыт Шөжебаева.

Мектеп бітіру кешіне бару үшін шашты жөндету ақысы – төрт мың теңге, макияж – екі жарым мың теңге, маникюр жасату бағасы – екі мың тең болған.

ЛИМОНАД ПЕН ШАМПАН

– Біздің кезімізде мұндай жоқ еді, – дейді Әйгерімнің әжесі Ғаиникамал. – Мен 
Әйгерімнің әжесі Ғайникамал Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.Әйгерімнің әжесі Ғайникамал Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
x
Әйгерімнің әжесі Ғайникамал Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Әйгерімнің әжесі Ғайникамал Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Новопокровка ауылында оқығанмын. Сегізіншіні бітіргенде аттестатымызды мектеп залында табыстап, қолымызды қысып құттықтаған. Сонымен біткен. Ендігілер екі күн тойлайды.

Әжейдің айтуынша, қазір мектеп бітіру кеші дастарханы шампанға толып тұрады. Айлық пен зейнетақыға қарап отырған адамдар оған да ақша табуы керек.

– Әйгерім жалғыз қызым ғой. Мектепте вице-президент болып, қоғамдық жұмыстарға араласып, жұрт алдында жүрді. Әрине, керек ақшаны табу үшін біраз үнемдеуге тура келді. Туыстарымыз да көмектесті. Мені қойшы, жалғыз қызым бар ғой. Онымен бірге оқыған бір оқушының үйінде 13 бала бар, – дейді Бақыт Шөжебаева.

Әйгерімнің анасы өзі мектеп бітірген кезде қарапайым ақ көйлек пен туфли кигенін 
Әйгерімнің анасы Бақыт Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.Әйгерімнің анасы Бақыт Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
x
Әйгерімнің анасы Бақыт Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Әйгерімнің анасы Бақыт Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
есіне алып, бір күліп алды.

– Аттестатымызды тапсырған соң концерт қойып, мектеп буфетінде шай мен тоқашқа тойдырған. Дастарханда ол кезде аса тапшы «Буратино» деген лимонад тұрған. Екі-екі стаканнан ішіп алып, тағы ішкіміз келіп тұрса да, үшіншісін сұрауға ұялғанбыз, – дейді Бақыт Шөжебаева.

Ал зейнеткер Валентина Гусева бір танысының «қызыма 150 мың теңгенің көйлегін сәнді киім каталогы бойынша тіктірдім» деген сөзін естігенде «мектеп бітіру кеші – ақшасы көп адамдардың мақтангөйлік жәрмеңкесі екен ғой» деді.

Зейнеткердің айтуынша, ондай ақша екінің бірінде бола бермейді – сондықтан мұндай ала-құлалық әлі сезімтал балаларға қатты әсер етеді.

Мектеп бітіру кешіне қатысқан түлектер
(Видеоны түсірген Марина Левыкина). Семей, 21 маусым 2012 жыл. 
Loading
12:00:00 / -:--:--
Құрметті оқырман, сіз мектеп бітірген кезде мұндай шараға қалай дайындалушы едіңіз? Қазір туыс-туған немесе бала-шағаңыздың оқуды тәмамдау кеші қымбатқа түспей ме?



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қаракөз Қайдан: Алматы
22.06.2012 19:53
+1 / -0
Үстіде қымбат киім, астыда қымбат мәшине, бірақ баста дым жоқ, өңшең тупойларды оқытып жатырмыз, ертеңгі біздің жемқор болашағымыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.06.2012 21:13
+0 / -0
Осының бәрін жасап отырған мал директорлар, осы мектеп директоры дегендердің бір оңғанын көрмеппін. Одан қалса санасы уланған қазіргі мал оқушылар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.06.2012 06:22
+0 / -0
Durys aitasiz.

Кімнен: мугалим Қайдан: мектептен
22.06.2012 22:06
+1 / -0
ысырап болган канша акша, обал-ай. Бала ушин ештене аямаймыз деп боска шашу. Бала ушин акша аямаса мектепке ар тулек бир компьютерден тастап кетсе гой, букил мектеп компьютерленер еди, барибир койлек-коншек, опа-далапка кетип жатыр гой акшасы. Мумкин согерсиздер мени, укимет алып береди деп, олай айткандарыныз мектептерге барып кориниздер, 1990-2000 жылгы он шакты компь турган 1 болме гана бар. Шын айтам, барып кориниздер.

Кімнен: Болашақ
22.06.2012 22:27
+0 / -0
Мектеп бітіріп , атестат алу олардың өміріндегі ең ұмытылмас кезең болып қалады ,келешек өмірлері жалғандықпен , қатыгездіктің құрбаны болуы мүмкүн екенін бала жүрек қаидан білсін ,болашағы жоқ елдің мазағы болу бұлардың маңдаиына жазылмағаны әрине жақсы .Өз келешегін түлкі бұланға салған биліктің лаимен балшығына былғанбағанын қалар едім , тілі жоқ елдің ертеңі бұлынғыр жас ұрпақты болашақ шақырмаиды көргендері азап болмаса екен , жапбаи жұмыссыздық , тамыр таныстық , заңсыздық , жемқорлық жас ұрпаққа кері әсерін тигізетініне аиытбасақта белгілі ,оларды алдан адасуғана күтіп тұрғандаи .Ататегің жазылып , номерленіп , қалада мыңдаған камераның бақылауында қол аяғын кісендеулі , шетелдіктердің езгісінде болуды бастан өткізу азабын көру жас ұрпаққа арманына ұшуға кедергі боладыау .Алға Қазақстан ,алға НұрОтан атты жалған ұранның жетегінде кетедідеп қынжыламын ,өз халқын менсінбеген жетесіз биліктен бәрін күтуге болады , кәзіргі жастарда болашақ жоқ , өз Отаныңда сені күтіп тұрған азапбен , жалғандық ғана бар . Жолың болсын жас ұрпақ .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.06.2012 00:25
+1 / -0
Енді мені тыңдаңдар халайық! Менің 6 балам бар. Жасым 40-та. Үлкені тоғызды екіншісі бастауышты бітірді. Мен мамыр айында алған айлығымның 60 пайызын солардың мектеп бітіруіне жұмсадым. (75 мың теңге айлығым) Түкке керегісі жоқ сылтауларды айтып, оқушыларды ұстаздары (анығы директор) ұялмай тонады. Бастауышты бітірген 4 сыныпты бір біріне қоспай кафеде жеке-жеке тойлады. Үйіп -төгіп силық жасады. Мен қарсылық көрсетіп, қыңырлыққа салынып қандарын ішкім келген еді. Әйелім "балалардың абыройы беріп құтылайық" деп қақылдап қоймаған соң өзімді зорға тоқтаттым. Осынша тонағанда жарытып білім берсе ғой шіркіндерің. Арқа сүйері Астанда отырған шапырашты апамыз айналасына ақыл мен парастақа білім мен білікке жарымаған жартыкештердің бәрін жинап алды. Кеше кеткен ақшаларым есіме түссе әйелімді тағы бір сабап алғым кеп кетеді. Мен ол ақшаларды қалай таптым десеңші!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.06.2012 10:50
+0 / -0
балаларымыз куансын кисин катардан калмай бакытты оссин.баримизде бала болдык,кишкене нарсеге куанып тобемиз кокке жететин.кудай шукирлер мунсыз куанып осе берсин балалар.есейгенде барин тусинип алады оздери.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.06.2012 11:06
+0 / -0
Бүгінгі қоғам аса қатерлі дерттермен ауырады, мынау соның бір шағын көрінісі ғана.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.06.2012 11:24
+0 / -0
Мектептегі дастархандарға жиналған ақшалардың көбі директорлардың қалтасына түседі.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.06.2012 11:34
+0 / -0
Бүгінгідей қиыншылық, таршылық заманда осындай шашпалыққа жол бермеуге үкіметтің араласы керек емес, облонолар да шеше алады. Тек қыдырып қалғысы келеді, сосын мектеп директорларының көңілдеріне қарайды, алып қалсын деп. Мұғалімдер олардың құлдары, ал директорлар ертеңгі сайлауларды бұрмалайтын қолшоқпарлары ғой!

Кімнен: Маман-баласы Қайдан: жага-жай
25.06.2012 09:25
+0 / -0
Деффки вообще невеселые ...

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?