Дүйсенбі, 20 мамыр 2013, Алматы 17:30


ӘЛЕУМЕТ

Facebook-те «Қазақстанның азаматтық үкіметі» құрылмақ

Танымал әлеуметтік желіні пайдаланушы бір топ белсенді балама үкіметтің порталы мен рәміздерін дайындауға кірісті. Оппозициялық саясаткерлердің басын қосуды көздеген «азаматтық үкімет» идеясының авторлары халықтың сөзін билікке жеткіземіз дейді.

Қазақстан тұрғыны Facebook әлеуметтік желісін қарап отыр. Алматы, 23 сәуір 2012 жыл.
Қазақстан тұрғыны Facebook әлеуметтік желісін қарап отыр. Алматы, 23 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Facebook-те («Фейсбук») құрылып жатқан азаматтық үкіметтің белсендісі, сәулетші Ләйла Рахымжанова бұл топқа қосылып жатқандар қоғамдағы заңсыздықтар мен кемшін тұстарды реттеуді мақсат еткен ерікті белсенділер дейді. Сәуірдің 17-сі Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен белсендінің айтуынша, азаматтық үкімет негізгі үкіметке халық талабын жеткізіп отырады. Сол себепті әр министрлік жұмысына жауапты кәсіби адамдар бекітіледі.

ВИРТУАЛДЫ БАЛАМА ҮКІМЕТ

Facebook-те азаматтық үкімет құру жөніндегі арнайы топ құрған саясаткер Серікжан Мәмбеталин Батыс елдеріндегі «көлеңкелі» немесе балама үкімет жасақтау Қазақстанға дәл қазір қажет деп санайды. Ол қазір халық оппозициядан нақты іс-шаралар күтіп отыр деген ойда.

Серікжан Мәмбеталин сәуірдің 17-сі Азаттыққа телефон арқылы берген сұхбатында:

- Осы уақытқа дейін біз билікке сын айтып келгенімізбен, оппозиция тарапынан нақты бір ұсыныстар жасаған жоқпыз. Сондықтан  азаматтық үкіметтің басты міндеті – біріншіден халықпен сөйлесу, екіншіден ұсыныстарды халыққа, қоғамға, билікке жеткізу болып отыр, - деді.
"Руханият" партиясының съезінің президиумында (солдан оңға қарай) ақын Мұхтар Шаханов, сол кездегі партия төрағасы Серікжан Мәмбеталин және съез төрағасы Қалдыбек Құрманәлі. Алматы, 30 қараша 2011 жыл."Руханият" партиясының съезінің президиумында (солдан оңға қарай) ақын Мұхтар Шаханов, сол кездегі партия төрағасы Серікжан Мәмбеталин және съез төрағасы Қалдыбек Құрманәлі. Алматы, 30 қараша 2011 жыл.
x
"Руханият" партиясының съезінің президиумында (солдан оңға қарай) ақын Мұхтар Шаханов, сол кездегі партия төрағасы Серікжан Мәмбеталин және съез төрағасы Қалдыбек Құрманәлі. Алматы, 30 қараша 2011 жыл.
"Руханият" партиясының съезінің президиумында (солдан оңға қарай) ақын Мұхтар Шаханов, сол кездегі партия төрағасы Серікжан Мәмбеталин және съез төрағасы Қалдыбек Құрманәлі. Алматы, 30 қараша 2011 жыл.

«Руханият» партиясының бұрынғы жетекшісі Серікжан Мәмбеталиннің айтуынша, балама үкімет тәжірибелі, кәсіби мамандарды өз саласы бойынша министр етіп бекітеді. 200-дей мүшесі бар топ 40 шақты министрлер тізімін жасаған. Бірақ Мәмбеталин ол адамдармен әлі тікелей келіссөз болмағанын, бұл тізімдегілер Facebok-тегі азаматтық үкімет туралы топ белсенділерінің ұсынысы бойынша жасалғанын айтады.

- Алдағы күндері Алматыда Азаматтық үкімет құру жолындағы жиындар өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Серікжан Мәмбеталин.

Серікжан Мәмбеталиннің айтуынша, азаматтық үкіметтің «министрлері» елді дамыту тұжырымдамаларын дайындап, өз сайты арқылы халыққа бағыт-бағдар беріп, ресми үкіметтің назарын қоғамдағы күрделі мәселелерге қарай бұруды көздейді.

- Қазір қоғам қайраткері Болат Атабаев азаматтық белсенділік танытып отыр. Ол азаматтық үкіметтің мәдениет министрі болуға келісті. Әр министрге осы порталдың ішінде блог ашамыз ғой, сол блог арқылы Атабаев халықпен сөйлесіп, ресми мәдениет министрлігінің шешімдеріне қатысты пікірлерін ортаға салады, елдің болашағы қандай болу керектігін айтады, - деді Серікжан Мәмбеталин.

40 ВИРТУАЛДЫ МИНИСТР

Виртуалды балама үкімет құруды ұсынған Серікжан Мәмбеталин азаматтық қоғам белсенділері халықтың мүддесі үшін тегін жұмыс істеуге дайын деп сенеді.

- Бәріміз тек нан табу үшін ғана қоғамдық мәселелермен айналысып жүрген жоқпыз ғой, елге жаны ашитын азаматтар күніне екі сағат уақытын халыққа арнаса болады, - деді ол.
Оппозицияның Алматыда өткізген қарсылық шеруі. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл.Оппозицияның Алматыда өткізген қарсылық шеруі. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл.
x
Оппозицияның Алматыда өткізген қарсылық шеруі. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл.
Оппозицияның Алматыда өткізген қарсылық шеруі. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл.

Азаматтық үкіметтің әзірге бекітілмеген тізімінде 40-тан аса адамға азаматтық министр қызметі берілген. Олардың көбі қоғамға танымал адамдар. Бұл үкіметте кімнің премьер-министр болатыны белгісіз. Осыған дейін «Руханият» партиясын басқарған Серікжан Мәмбеталин қоршаған ортаны қорғау министрін құп көреді.

Facebook-тегі «азаматтық үкімет тобы» елдегі оппозициялық саясаткерлерді өзара партиялық пікір-қайшылықтарын ұмытып, балама үкімет құруға шақырады.

Ескерту: Мақаланың алғашқы нұсқасында "виртуалды балама үкіметтің логотипі" жайлы жазылып, оның суреті берілген еді. Facebook-тегі топ ол белгіден бас тартқандықтан мақаладағы дерек те алынып тасталды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
23.04.2012 10:29
+0 / -0
Дұрыс дер ем. Жаңаөзендегідей беталды қырыла бергенше осындай бір тірлік жасаған да орынды.

...Бірақ "Ұлттық ғарыш агенттігін" жаба тұрамыз-ау шамасы қазірше? Тоқтар болса әне "лып" ете қалды. Әлде оны сол жақтағы "Сатанаға" басшы етіп қояр ма екен?

Кімнен: Құрмаш Қайдан: Ақтау
23.04.2012 10:56
+0 / -0
Қазақстанның азаматтық үкіметі деген өте дұрыс идея. Халықтың басын біріктіретін орган болып шығуы мүмкін.
Менің ойымша,бұл үкімет құрамына Мұхтар Аблязов сияқты шетелде жүрген азаматтарды да кірістіруге болады. Қазіргі технологияларды ескерсек, оған мүмкіншілік бар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 15:52
+0 / -0
Құрмаш мен сізді қолдаймын. Тіпті М.Аблязовты премьер-министр етсе қатып кетер еді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 11:49
+0 / -0
РЕВОЛЮЦИЯ!!!

Кімнен: Томирис Искакова
23.04.2012 11:55
+0 / -0
осы құрушы топ кімдер өздері?? қазіргі саясат туралы не білімдері бар?? менімше бос уақыт таратып отырғаны сияқты?? мүмкін олар өз сұраныстарын орындауын көздеп отырғаны?? ал жай халыққа деген жұмысы да жоқ
Пікір алмасу

Кімнен: Бекнияз Қайдан: Шетпе
23.04.2012 12:40
+0 / -0
Бұл жерде уақыт алатын ештеңе жоқ. Паралельно жүріп отырады. Премьер министр Мұхтар Аблязов болса, немесе Болат Абилов болса деген ұсынысымды бере кетейін. Меніңше шетелде жүр, мүмкіншілігі аз демесеңіз Аблязов премьер министрлікке бірден бір лайықты кандидат.
Пікір алмасу

Кімнен: тұмар қаншайым Қайдан: сақ елінен
23.04.2012 14:23
+0 / -0
Ту, Томми ай, қожайының нұротанда ма ?неге сонша шырылдайсың? қазақ өзі біледі, не жазып, не жазбау керек екенін! құйрықты жыртпа! қожайынға керек боп қалар, тәйірі ! ұлы қаншайымнан ұят тегі , сенің жүрмейтін жерің жоқ осы ,,,,
Пікір алмасу

Кімнен: Тапқыш
23.04.2012 18:38
+0 / -0
Міне, "Азаматтық үкіметтің" алғашқы оппозиционерін де таптым.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 19:11
+0 / -0
Ол азаматтық қоғамның оппозиционері емес, биліктің үргіші ғана. осы секілді атта қазаққа қарсы пікір жазатын бірнешеу бар, айтары бір, ойлары нашар, сөздері қисынсыз, дәлелсіз, тек жік шығаруға тырысушылығы көрініп тұратын ұятсыз тобырлар, шамасы 25 000 дардың бірі болар.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
23.04.2012 12:50
+0 / -0
Жағанова деген кемпір бұл жігіттен мөрін тартып алған іс-әрекетінде оқтауымен ұрғанда миын шайқап жіберген-ау шамасы. Әйтпесе "Азаматтық" үкіметке биліктің пысқырғаны бар екенін неғып сезе алмай қалды екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Үстірттің қазағы Қайдан: Сай өтес
23.04.2012 14:34
+0 / -0
Ауылдың қазағы, билік қашан пысқырады деп жүре беруіміз керек пе сонда. Оны тұмсығына талқан тығып, пысқыртуымыз керек. Сол үшін осылай қылып қимылдай беруіміз керек. Серікжанның бастамасын қолдаймын.

Кімнен: Алмабек Ақтайлақұлы Қайдан: Астана
23.04.2012 13:57
+0 / -0
Мен тек қана қазақ тілді,сонан соң өзім Қазақстанда барлығы қазақша болуы тиіс деп санайтын қазақпын. Менің түсінгенім бойынша виртуальды Үкімет туралы сана дұрыс.Бірақ оның да ұлттық нышаны болуы тиіс.Кәзіргі осы идея авторлары қазақ тілділер мен қазақ ұлтының ұлттық нышандарынан,әдет- ғұрып,салт - сана,дәстүрлі мәдениетінен мақырұм адамдар сияқты. Мына сорақылыққа қараңыздаршы!"- Қазақтардың жақсырақ өмірге деген ұмтылысын білдіреді деген оймен шаңырақтың үстіне «мәңгілік» белгісі салынған таңбаны таңдап отырмыз. Бұл азаматтық үкіметтің «Шаңырағымызды мәңгі биік ұстайық» деген ұраны болады, - деді Ләйла Рахымжанова." - деп сілтеме жасап фото суретін көрсеткен.Бұл суреттегі шаңырақ күллі құрылым,формасымен оның үстіндегі мәңгілік белгісімен Мұңғылдарға,ал ана мәңгілік белгісі буддистерге тиесілі.Шаңырақ та уық та квадрат төрт бұрыш формалы екен.Тіпті шаншылған уықтарына дейін. Шаңырақтың төрт төрттен айқыш,ұйқыш сегіз күлдіреуіші бар екен.Қазақ шаңырағында үштен үштен алты күлдіреуіші, шаңырақ ромбик формалы,уығы жұмыр болады.Монголдар үй ағашты қарағайдан жасайды. Қазақтар тобылғы,қайың,талдан жасайды.Ана мәңгілік белгісі деп орнатқан пәлесі "Будда" дінінің меншігіне енген,үгіт насиқат белгісі.Түйіншек, жіптің екі ұшын тартсаң түйіліп,жұмыр түйме болады.Оның толық формасын будда дінділердің киімінің түймесінен ( көбінде Монголдар,Жапондар,Корейлер мен қытайлар қолданады) көруге болады.Осы іспеттес қызыл жіппен өрнектелген өрнек жіп сауда маркасымен астарласып Қазақстанға тарағалы 3 - 4 жылдың жүзі болды.Ең алдымен оны ақша шақырады,әр үйдің төрінде ілулі тұрады деп жүрді.Сонан соң сауда маркасы ретінде товарға ілді.Сонан кең өріс алып етек жайып жүре берді.Осыны енді мәңгүрттеу қазақтар өзіміздің ұлттық символ ретінде қолдана бастады.Кәзіргі НАН билейтін билік бекіткен,қолданыстағы ұлттық нышандар құдайға шүкір ұлттық үлгіде. Бізді қарапайым халықты орыс тілді, ұлттық санасы бесігінде жетілмеген қысқаша айтқанда қазақ деген ұлтты толық түсінбейтін адамдар басқаруына толық қарсымын.Түптеп келгенде қазақтарға,қазақ елін басқарамын деушілерге айтарым: Ең алдымен өздерің қазақты толық танып,біліп,толыққанды қазақ болып алыңдар.Билік оңай би болу қиын деген.Билікке келгісі келетін әр бір азамат осы қазақ ұлтының ұлттық қасиеттерін толық меңгеріңіздер.Жақыныңды аямасаң билік оңай,жаныңды аямасаң ерлік оңай.Назарбаевтың өзгеден ерекшелігінің өзі осы қазақ ұлтының қыры,сырын терең білетіндігінде.Сондықтан да ол осы билігін өрмекшінің торындай етіп тырп еткізбей ұстап отыр.Сонымен қатар билікті уысында мәңгі ұстап қалу үшін қазақты ұлтсыздандырып жіберу саясатын да бірге алып жүргізіп отыруы мүмкін. Бізге қазақ елін басқаруға ұлтсыздар да емес, екі жүзділер де емес, нақты жөргөгінде қазақ болып қалыптасқан тұлғалар қажет.Ол үшін данышпан болудың да қажеті жоқ.Сондықтан құрметті идея авторлары алдымен өздеріңді дұрыстап қазақтандырып алыңдар.Сонан соң біз ереміз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 14:07
+0 / -0
Бұл арман орындалғанша, АЛЛАҺТАҒАЛЛА бәрімізді тірі ,аман-есен сақтай гөр, аман болсақ ол күнгеде жеткізер.Сол елдің сөзін сөйлеп жүрген азаматтар билікке келіп халықпен бірге жайау жіріп, біздің жолдарымыз( асфальтты айтам) көріп ,аялдамалдарда автобусттарды жоқ екенін көріп ,жастарға баяқғындай кезекпен үй беретін болса шіркін,жұмыс орындары көбейіп,завод-фабрикалар салынып т.б көптеген проблемаларды шешетін күндер туса ғой ,сол күндерге қалғандарымыз жетсек екен, кейбір жастарымыз жете алмай қыршында кетті-ау

Кімнен: барақ Қайдан: алматы
23.04.2012 15:10
+0 / -0
Дұрыс бастама ! Қазіргі коррупцияға белшесінен батқан, елге қайыры жоқ, мейірімсіз үкіметті емес бөліп берер ештеңесі болмаса да мейлі, ізгі ниеттен туындағандықтан виртуалдық болса да осы құрылмақ үкіметті қолдаймын.

Кімнен: Бахытжан
23.04.2012 15:12
+0 / -0
бұл не өзі дым түсінбедім кешіріңздер менің сауатсыздығым үшін, виртуалды өкімет құрамызба не болып кеті өзі

Кімнен: Ахметкали Қайдан: Караганды
23.04.2012 16:32
+0 / -0
Азаматтық өкімет құрған дұрыс?қолдаймын және араласуға дайынмын!!!

Кімнен: Айару Қайдан: жанаел
23.04.2012 16:53
+0 / -0
курметти модератор бул фейсбукке калай киреди адресин берсениз екен

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 17:31
+0 / -0
http://www.facebook.com/groups/agovkz/
Мұнда кіріңіздер де, өздеріңізді Азаматтық Қоғам мүшесі сезініп, қазіргі биліктің арсыздығына қарсы жаңа күресті бастауға көмек көрсетуші сезініңіздер!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 17:37
+0 / -0
Өте дұрыс, қарап отырғанша сағыз шайна деген ғой, қимылдай беру керек, егер армандағандыда атып салмаса. Президенттікке Ғ.Жақияновты, премьерлікке М,Әбләзовті, қаржы саласына Д.Сембаев, О.Жандосов. Бұл парламенттік басқарудағы үкімет болуы тиіс, скипер Ә.Қажыгелдин... Халықты осы ойынға тарту механизмін жасаса біраз ел жиылар, шымкенттік Арысқа айтарым, Жаңаөзенді беталды тонап қарғысқа қалып суға кетіп барынан айырылып, саусағын сорып, тізесін құшақтап қалған ауылдастарыңа айт, ардан аттамасын, Алла бәрін көріп тұр, өзбекке еріп сұғанақтана бергенше осындай тірлік жасағаны орынды.
Пікір алмасу

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
23.04.2012 18:44
+0 / -0
Аты да заты да жоқ, бірақ жазуы барға!...

Жаңаөзенді бекерден-бекерге тонаттырып отырған Шымкент халқы емес. Мұндағы халықтың өзі де биліктен тоналып отырғаны аз емес. Ал табиғат апатын қарғысқа балама. Онан да анау К+ каналына қара. Шымкенттік азаматтардың Жаңаөзен үшін билікке қаншама қарғыс жаудырып отырғандарын. Сол Жаңөзен үшін, ондағы қандастарының бекерден-бекерге автомат оғынан шейіт болғандарына алғашқы үн қатқан да Шымкент халқы болатын. Ал анау қандықол полицайларды іздегің келер болса осында келгей. Бірге іздесейік. Мүмкін сені көріп жүрегі жарылып өлер. (өлмесе онан ары дер едім)

Міне осы сен сияқты халықты бөліп отырғандарды мына билік басындағылар осынан оқып рахатқа батып отыратындарын сен білемісің өзің? Оларға де керегі сол ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.04.2012 02:04
+0 / -0
Бірдің кінәсін мыңға жабу дұрыс емес. Шымкенттен ОМОНдар адам атыпты деп бүкіл шымкент халқын жамандауға қандай негіз бар? Махамбеттің басын кескеніне бола кішіжүздерді қанішер деуге болмайтыны секілді біз көбінесе жеке адамдар мен белгілі топтардың қылмысын жерге, халыққа жауамыз. Бұл дұрыс емес. Адай бауырлар, сендер шымкенттіктерге емес, барлық қазақ руларынан табыла кететін сатқындар мен арсыздар, мәңгүрттер мен жемқорларға ашулануларыңды түсінеміз, ал қазақты құраған қандайда бір руға, қазақтың қасиетті қандай да бір жеріне (елді мекеніне) ашулануларыңды дөрекілік деп бағалаймыз.

Кімнен: марат Қайдан: ШҚО
23.04.2012 18:46
+0 / -0
Өте дұрыс әрекет ,осылай істегенде мемлекет ісіне халық бйлік ,зиялы қауымдар тікелей араласып қателіктерді түзей отырып елді жаңаша басқарудың моделі жасалады ,Кез келген үлкен мақсатқа жету үшін ,бірінші кішкене моделі жасаладығой ,міне мынау дәл соның өзі ,Саяси қайраткерлермен, азаматық қоғам, халық ,және зиялы қауым арасында байланыс ,сенім пайда болады, Шын өмірде қателік аз жіберіледі, Ал бастаған іс сәтімен болсын !

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
23.04.2012 19:18
+0 / -0
Бәрекелді!
Бұл бір жақсы бастама екен. Қос қолыммен қолдаймын. Әсіресе, Бөкең мәдениет министрі болуға келіскені ұнады. Серікжан да жақсы азаматтарымыздың бірі. Қалған министрлерге аты аталған азаматтардың қай қайсысы да лайықты екенінде дау жоқ.
Президентке Секең абыз Әбділдинді ұсынған болар едім. Ол кісі әділеттікті ту қылған мемлекеттің негізін қалап беруге күш-қайратын аянбай жұмсар еді. Спикерлікке Ғазекең Алдамжаров, Бас министрлікке Мұхтар Әбіләзов, Сыртқы істерге Ә.Қажыгелдин, Ішкі істерге Т.Тоқтасынов, Экономика министріне Ғ.Жақиянов, Қаржы істеріне О.Жандосов, Ұлттық банкке Д.Сембаев, т.т. сайланатын болса, қазақтың ісі алға қарай жылжып-ақ кетер еді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 19:33
+0 / -0
Қ.Әкежанды да ұмытпайық, ағайын! Мынау бір жақсы бастама екен. Бұнымызбен біз Қазақ еліне қарсы емес, керісінше, жанымыз ашығандықты білдірер едік. Кейде қарап отырсаң, елімізде көп нәрсе дұрыс жасалмайды, көп ақша рәсуа болып жатыр. Жаның ашиды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аманжол Қайдан: Актау
23.04.2012 20:12
+0 / -0
ЖАНБОЛАТ МАМАИДЫ, УМЫТБАНЫЗДАР,
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
24.04.2012 13:04
+0 / -0
Дұрыс айтасыз! Тағы қанша жастарымыз бар... Санай берсек, кадрға да бай екенбіз ғой.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
23.04.2012 20:42
+0 / -0
Серікжан айналайын, бастамаң жақсы!
бірақ маңайыңа мына Әбіләзов, Әбілов сияқты қазаққа қарсы, бұрынғы ұрыларды жолатпа!!
Пікір алмасу

Кімнен: Қонай Қайдан: Шетпе
23.04.2012 23:33
+0 / -0
Аражан, айта қойшы бас ұрыны - Нұрсұлтанды не істейміз.
Пікір алмасу

Кімнен: ара
24.04.2012 10:27
+0 / -0
Нурсултан болса биз баска урыларды колдауымыз керек деген соз емес!!!
билiкке Шаханов сиякты шенеуник болмаган, колы былганбаган адам керек!!!

Кімнен: Руза Қайдан: Кереку
23.04.2012 22:27
+0 / -0
Бастамаңызды құптаймыз, Серікжан бауырым! Елмен, елім деп соққан жүрегіңізден!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.04.2012 22:43
+0 / -0
ұядағы араға!Ішің жанса қайтейін, нағыз халықтың сөзін сөйлеп жүрген жігіттер сол екеуі, Булат,Мухтар, аман болсын!Барлығы халықтың сөзін сөйлеп жүргендерді, АЛЛАҺТАҒАЛА қолдап, қорғап жүрсін.Уақыт өте ,Жанболат Мамай президент болатын жігіт, өте дұрыс сөйлейтін жігіт

Кімнен: Айболат Қайдан: Ақтау
23.04.2012 23:40
+0 / -0
Бас прокурор Жармахан, министр юстиции Аспандиярова, ішкі істер министрі Есіргепов.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?