Сейсенбі, 18 маусым 2013, Алматы 10:54


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Шетпеде Роза Рымбаеваның концерті жоспарланып отыр

Шетпеде Роза Рымбаеваның жаңа әндерімен концерті өтетіндігі жайлы афишалар ілініп тұр. Тұрғындардың кейбірі концертке баратынын айтса, кейбірі концертке бойкот жариялауға шақырды. Бағасы екі мың теңге тұратын концерт билеті бейсенбіден бастап сатылмақшы.

Шетпе станциясындағы Роза Рымбаеваның концертінің афишасы. Шетпе, 22 сәуір 2012 жыл.
Шетпе станциясындағы Роза Рымбаеваның концертінің афишасы. Шетпе, 22 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Мамыр айының үшіне белгіленген бұл концерт туралы Роза Рымбаеваның өзіне хабарласқанымызда әнші бұл ақпаратты растады. Бірақ концерттің қай жерде өтетінін ұйымдастырушыдан сұрау керектігін айтты. Әнші сәуірдің 24-і күні Азаттық тілшісіне: 

 - Ақтауда Марат деген жігіт бар. Гастрольдік сапарымды ұйымдастырып отырған сол жігіт. Соған хабарлассаңыз, концерттің кестесін, барлығын айтып береді. Ұйымдастырушы жасап жатса, болады деген сөз. Рұқсат етілмесе, ол жасамайды ғой, - деді.

«Қазір ол жақта Шетпедегі оқиғаға қатысты сот өтіп жатқанын білесіз бе?» деп сұрағанымызда әнші «Жоқ, білмеймін. Ол Шетпеде өтіп жатқан жоқ. Меніңше, ол Жаңаөзен бе еді, қай қала - сонда өтіп жатыр» деп жауап берді.

«ҮКІМЕТ ЖАСАП ОТЫРҒАН КОНЦЕРТ ЕМЕС»

Ал концертті ұйымдастырып жүрген Марат Жарыновқа хабарласқанымызда сөйлесуге аса ықылас танытқан жоқ. «Ақыры жарнама жасамайсыздар, бұл 
Шетпенің кіре берісіне қойылған белгі. Маңғыстау облысы. 22 сәуір 2012 жылШетпенің кіре берісіне қойылған белгі. Маңғыстау облысы. 22 сәуір 2012 жыл
x
Шетпенің кіре берісіне қойылған белгі. Маңғыстау облысы. 22 сәуір 2012 жыл
Шетпенің кіре берісіне қойылған белгі. Маңғыстау облысы. 22 сәуір 2012 жыл
сіздерге не үшін керек?» деп қайта тілшінің өзін тергеуге алды. Сұхбаттасымыздың сөзінен концерттің екі облыста: Атырау және Маңғыстауда өтетінін білдік.  

 - Бұл үкіметтің жасап отырған концерті емес. Сіздер бәрібір де жарнама жасамайсыздар. Не үшін сұрып отырсыз? Өтетін концерт өтеді. Концерт Атырау облысында және Маңғыстау облысында өтеді. Жаңаөзенде болмайды, - деп жауап берді.

Өткен аптада Шетпеде болып қайтқан Азаттық тілшісінің айтуынша, қазіргі кезде ол жақтағы тұрғындардың назары түгелімен сотқа ауған - «күн сайын сотқа шұбырған халық басқа жайтқа назар аударатын халде емес».    

«СТИНГ ҚҰРЛЫ БОЛА АЛМАДЫ»

Азаттық тілшісі бұл концерт туралы Маңғыстау облысы тұрғындарының пікірін сұраған еді. Шетпе тұрғыны Сақтаған Атабаев әншілерге деген ренішін білдірді.  
Шетпе станциясының тұрғыны Сақтаған Атабаев. Ақтау, 24 сәуір 2012 жыл.Шетпе станциясының тұрғыны Сақтаған Атабаев. Ақтау, 24 сәуір 2012 жыл.
x
Шетпе станциясының тұрғыны Сақтаған Атабаев. Ақтау, 24 сәуір 2012 жыл.
Шетпе станциясының тұрғыны Сақтаған Атабаев. Ақтау, 24 сәуір 2012 жыл.

 - Желтоқсанның 16-сы күні де Лұқпан Жолдасовы бар, т.б. әншісі бар, Астанада той тойлап жатты. Лұқпан Жолдасов - осы Маңғыстау ауданының төл перзенттерінің бірі. Соған қарамастан желтоқсанның 16-сы күні Астанада той тойланып жатты. Қазір де оқиға болған жерде Роза Рымбаева афиша іліп, той тойламақшы. Бүкіл Қазақстан халқын Роза Рымбаеваның концертіне бармауға, бойкот жариялауға шақырамын, - дейді Сақтаған Атабаев.

Ол сөз арасында Қазақстан әншілерінің өткен жылы мұнайшылардың ереуілі болып жатқан кезде Астанада концерт өткізуден бас тартқан әнші «Стинг құрлы бола алмағанын» да айта кетті.

 - Тіпті басқа елдің әншісі Стингтің өзі бас тартқан кезде... біздің әншілер азаматтарымыз қырылып жатқан жерге концерт бермекші. Мен концерт беруге қарсымын. Бұл пікірімді айтуға да толық құқым бар шығар, - дейді Сақтаған Атабаев.

КОНЦЕРТКЕ БАРАТЫНДАР МЕН БАРМАЙТЫНДАР

Ақтау тұрғыны Қосберген Жылқышиев Азаттық тілшісіне Жаңаөзен оқиғасынан бері бұл аймаққа бірде-бір әншінің келмегенін айте келіп, «Бұлар тек қалтасында ақшасы таусылған кезде ғана келеді. Халықтан ақша жинап алу үшін келеді де кетеді» деген пікірін білдірді. 
Ақтау қаласының тұрғыны Қосберген Жылқышиев. Ақтау, 24 сәуір 2012 жыл.Ақтау қаласының тұрғыны Қосберген Жылқышиев. Ақтау, 24 сәуір 2012 жыл.
x
Ақтау қаласының тұрғыны Қосберген Жылқышиев. Ақтау, 24 сәуір 2012 жыл.
Ақтау қаласының тұрғыны Қосберген Жылқышиев. Ақтау, 24 сәуір 2012 жыл.

 - Мен өзім Ақтауда тұрам. Өз басым бармас едім. Неге десеңіз, мынадай болып жатқан кезде той-тойлап, қызықтап жүретін жағдайым жоқ. Егер Роза Рымбаева халық жағдайына алаңдаса, мына жерде жігіттердің жатқанына төрт ай болды, соған келуі керек еді. Егер халық қалаулысы болса. Сондықтан мен оның концертіне бармаймын. Барғым да келмейді, - дейді ол.

Шетпе тұрғыны Асылбек Бекбосынов «Баратын шығармыз. Ауылда болса барамыз. Жаңаөзен оқиғасынан бері мұнда ешкім келген жоқ» деді.

Ақтаудан 108 шақырым жердегі Маңғыстау ауданының орталығы Шетпедегі халық саны 11-15 мың арасында деп шамаланады. Ондағы мәдениет үйі 370 орынға арналған.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: АСАУ БАРАҚ! Қайдан: Жайықтан!
25.04.2012 10:49
+1 / -1
Осы Роза не ерігеді, адамның жынын келтіріп, одан да сырға таққан баласын дұрыстап алмай ма? Жалпы Ақтау мен Атыраудың есі дұрыс адамдары оны тыңдамайды. Бірде бір әнші Жаңаөзен мен Шетпенің халқына көңіл айтуға жарамады. Енді келіп жын ойнақ жасамақшы. Әбіш, Фариза, Ұлықпан сендер Кіші жүзге тән мінез көрсете алмадыңдар! Ал Розаға таң калмаймын, ол сондай адам. Қай жерде той, сол сондай жерде жүреді. Бірақ ол бұрынғыдай Роза емес қазақ арасында, оны өзі де сезіп жүрген болар.
Пікір алмасу

Кімнен: ШҚО
25.04.2012 15:17
+1 / -1
Жанды дауыста, жана әндер жинагы - деп жатады. Бунын кандай халыкка жаксылыгы бар дейсіздер, жыл басталып акша табу амалына кошті тагы мына жулдыздар. Роза оз туган жерине тегін концерт бермейді. ШКО былтыр келіп екі каладан миллионнан акша сурап, 2 миллион акшамен кайтып, Семей каласынын залы, дыбыс аппаратурасын жамандап журген адамнан не сурайсыздар. Халык адамы, еліміздін жулдызы сол концерттен тускен акшаны калтасына баспай, залды жарыктандыру, аппаратура кушін улкейту жагына комек корсетіп кетсе болар еді гой. Туган жерінін ШКО комегін тигізбейтін жулдызымыз, кайгыга ушырап жаткан халыкка барып, кайдагы комегін корсетсін.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 11:13
+0 / -1
Ол бұрынғы \\\\\роза өзгерген жоқ
Пікір алмасу

Кімнен: Тұрар Қайдан: Шетпе
25.04.2012 14:55
+0 / -1
Бұрынғы Розаның қандай екенін білмеймін, қазіргісі ана қақпас НӘН шал құшақтағанда жүзі бал бұл жанып,бақыттан жарылып кете жаздағанын көріп едім. Сайлаудан кейін,ұрлық жеңістерін тойлағанда.

Кімнен: Қара домалақ Қайдан: Семей
25.04.2012 11:31
+1 / -0
Азаттық. Концертке сіздер де қатысыңыздар. Одан кейін қанша адам келгенін айтыңыздар. Арты не боларын көрейік

Кімнен: Адам
25.04.2012 13:01
+1 / -0
Сол бюджетте отырган мугалидер мен акиматский барин жинап тыгады гой, урганы бар ма жай халыкты Розанын

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 13:07
+2 / -0
Роза апайға бала кезінде әжесі, анасы, жеңгелері, мектептегі ұстаздары: "айналайын Розажан кісі өлген жерде дауыстап сөйлеу, қарқылдап күлу, дауыстап ән шырқау әдепсіздік болады. Қаза болған жерге арнайы барып, көңіл айту керек. Ақылды, иманды, тәрбие көрген адам өзгенің қайғысына ортақтаса жүреді" деп үйретпеген-ау деймін. Болмаса есі дұрыс, жетімханада емес ата-ананың адында тәрбие көріп өскен қазақтың қызы адамдарды автоматпен қырып тастаған қайғылы қалаға барып ән сала ма? Көргенсіздік сахынадан бастала ма,не боп кетті өзі?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 13:08
+1 / -0
Шегірткеше секіріп, жыным келеді. Еш ұлттық намысы жоқ. Көрермендер қол соқпаса да,сахнада өлең айтып тұрып, өз-өзіне қол соғып, жүректі айнытады. Кезінде тек Әлия әнімен ғана шықты. Ол батыр қыз-Әлия -батыс өңірінен.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 14:29
+0 / -0
Роза Совет заманында ғана Роза атанған шығар, қазірде сондай әншінің барын ұмытып та кетті ғой жұрт. Білмеймін мен үшін еш қызық емес ол әнші. Сүйретіліп өз етегіне сүрініп жүрген шығар бір жерде.
Пікір алмасу

Кімнен: оқ Қайдан: оқ атылған жер
25.04.2012 15:11
+1 / -0
жерім елім деген боздақтарды атып қырып салып еді енді келемеш қылғандай секіріп ән салу қалдыма РОЗА ойланарсың әліде кеш емес. ШЕТПЕДЕ ән тыңдауға адамдардың құлқы жоқ. ән салғыш болсаң басқа жерге сал. дәл қазір бұл жердің адамы түгіл тауы да тасы да қайғыда.
Пікір алмасу

Кімнен: Жаннур Қайдан: Орал
27.04.2012 11:48
+0 / -0
Колдан жасап алган кайгыларынмен мусапирлене бермендерши. Роза Рымбаеванын сиздердеги кыргынга катысы канша? Уп десе болды, оздерине шан жолатпай. ойбайлап,кайгы-кайгы деп шыгасындар. Жел болмаса шоптин басы кимылдаймай. Кез келген адам омириндеги жаксыга да жаманга да ози жауапты

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 14:27
+1 / -0
Түскен ақшадан жол пұлын, шай пұлын айырып қалғанын қамаудағылардың отбасына аударса халықтың қызы болар еді, бірақ қайдам...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 15:38
+0 / -0
Роза Бейбіт Тоқтар жалпы әншілердің ешқайсысын Маңғыстауға жолатпау керек .
Пікір алмасу

Кімнен: Адайкызы Қайдан: Жанаозеннен
25.04.2012 15:48
+0 / -0
Бул кориниске тан калуга болмайды!негизи Казахстаннын аншилери малгой,Жанаозендиктер ереуилде жатканда да уялмай,Мунайшы мадинет сарайнын алдында концерт койдыгой тегинен тегин!
Пікір алмасу

Кімнен: adam Қайдан: KAZAK
25.04.2012 15:57
+0 / -0
«Қазір ол жақта Шетпедегі оқиғаға қатысты сот өтіп жатқанын білесіз бе?» деп сұрағанының өзінде РОЗА әнші «Жоқ, білмеймін. Ол Шетпеде өтіп жатқан жоқ. Меніңше, ол Жаңаөзен бе еді, қай қала - сонда өтіп жатыр» деп жауап бергенінің өзі қаныңды қарайтады ғой, Жаңаөзен бе еді, қай қала деп айтуынан-ақ елде не болып жатқанына да басы ауырмайды, халыққа аласын да аласын деген соң алады. Шынымен де бір әнші болсын көңіл білдірмегені ме? қазір ақшаң болса қалтаңда , талтаңдасаң талтаңда. Барине ақша керек. Өзі ұнамайды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 14:31
+0 / -0
розаныкы уят.Онын кокеин тескен акша.Иман кеткен гой.оган шириген жумыртка лактыру керек

Кімнен: Айару Қайдан: шетпе
25.04.2012 15:33
+0 / -0
роза апай отинемин келмей ак койынызшы дауысынызды вообще унатпаймын андеринизди де тындагым келмейди одан да Макпал Жунисова келсе андери журекке жакын

Кімнен: Серік Қайдан: Шетпе
25.04.2012 15:56
+0 / -0
Тәкежан мен Жанатбек келсе баруға болар еді. Розаңды қоя ғой. Марат Жариев мықты болса сол екеуінің концертін ұйымдастырсын. Керегі ақша ғой оған, адам көп жиналатынына сенімдімін.

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
25.04.2012 17:53
+0 / -0
Шетпе халкы кайгыда отыр гой концерти неси мына шырылдауык шегирткенин.Концерт коюга руксат берген акимде дурыс адам болмай отыр гой.Ауыл аксаклдары кайда екен айтпайма екен акимшиликке.Казак халкынын трагедиясы гой бул.Мангыстауга казак аншилери келип концерт коюга уялу керек кой.Бассыздык улттык намысы жок.Керек емес бизге казир концерт.

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
25.04.2012 18:02
+0 / -0
Марат Жариев деген уйымдастырушы ози Шетпеники емеспе айтеур осы Мангыстаудын тумасы.Марат Жанаозенге де койсайшы концертти алде коркасын ба.Кайгырып отырган халыкты пыскырып та отырган жоксын гой.Не деген жиркеништи адамдар бар арамыз да.

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
25.04.2012 18:21
+0 / -0
Әңгіменің қысқасы - концертке бармау керек.
Өткенде Ақтауға келгенде әкімдіктер мен бюджет қызметкерлерін зорлап апарды, билетті бюджеттің ақшасына алып берді. Ондағы ойлары - "халық билікті қолдап отыр, коцерттер өтіп жатыр, бәрі де ойдағыдай" демекші. Әрине, халықтың бәрі бірдей емес, осында не болып, не қойып жатқанынан хабарсыз, жаны ашымайтындар да жетерлік, оларға бәрібір, қай концертіңе де бара береді, әсіресе біреу билет алып берсе тегін концертке қуана-қуана барады. Бірақ, меніңше, Маңғыстаудың негізгі жергілікті халқы осындай оқиғалар болып жатқанда бұл концертіңе бара қоймас деп ойлаймын. Марат Жариевке келсек - концерт ұйымдастыру оның бизнесі, сірә, мына жағдайда концерт ұйымдастыруына қарағанда, ақшасы таусылған болуы керек. Жағдайы нағыз қиын болса көпшілік ақша жинап берейік, тек әйтеуір әнебір секеңдеген шыбыш келмей-ақ қойсын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 20:46
+0 / -0
Әнші-мәнші дегендерді бұрыннан ұнатпаймын да тыңдамаймын, жалпы оларды адамдардың уақытын алып, аз қызық шығарып, ақша жинап жүрген келімсек деп білем, олар тарихта адамзатқа үлес қоспағандар, тек аздырғаннан басқа!

Кімнен: ПАтриот Қайдан: Алматы
25.04.2012 19:05
+0 / -0
ӨЛІМ жамылып, біреулердің балдары сотталып жатса ҚАНДАЙ КОНЦЕРТ!
УАҚЫТЫНДА Қара Жамылып ҚАН сасып жатқан ЖАҢА ӨЗЕНМЕН ШЕТПЕге КӨҢІЛ айтуға жарамаған, НӘНнің артын иіскелеп жүрген қатынға БАРСАҢЫЗДАР АРСЫЗ ҚАЗАҚТАР екенсіздер!
Міне СІЗДЕР үшін ЕЛІ ҮШІН ЖАН Пида етіп жүрген БОЛАТ АТАБАЕВ,БОЛАТ АБИЛОВ,МАМАЙ, А. АМИРОВА сияқты тағдырларын ҚҰРБАН етіп отырған ДЕМОКРАТТАРДЫ БАҒАЛАУ керек !!!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
25.04.2012 20:01
+0 / -0
Қан жұтып отырған Шетпеге әнші шегертке Розаны апарып шошаңдату бұл билік тарапынан жасалып отырға аярлық және жалпы қазақ ұлтын қорлау деп есептеймін!

Кімнен: Беріш
25.04.2012 20:50
+0 / -0
Роза алғашқы Әлия әнән орындағаннан бері ешбір концертіне барып көрмепбін , жалпы осы әншіне жақтырмаимын әндерің тығдағымда келмеиді , өте жарбақаидың жарбақаиы . Ақтаудағы әділетсіздік соттан халықтың көңілін басқа жаққа аудару . Сененгөрі табиғатта өсетін роза гүлі артық болар .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 20:54
+0 / -0
Көргенсіз жасы бірталайға келсе де,сахнада шыжбаңдаған ешкі құсап, жүректі айнытады. Сорақысы сол, Жаңаөзен бе, қай қала деуін айтсай. Картаның алдына алып келіп, Маңғыстау обылысын, Ақтауды тап десең, тауып берсе, мұрнымды кесіп берейін.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 17:26
+0 / -0
Санасы төмен екен Розаның ,не әндіде жарытып айта алмайды! бірі болмаса , тағы бірімен толықтырып ел алдында бедел жйнап жүруші еді әртіс деген , Бұл кісі ақша берсе жаназа үстінде шошаңдап ән салудан тайынбайды екен, Ел баына күн туған кезде кімнің ,кім екені көрініп жатыр! Советски самопал!
Пікір алмасу

Кімнен: Жанай Қайдан: Алтай
26.04.2012 22:40
+0 / -0
Бұл-- биліктің тағы бір арандатуы ғой. 16-желтоқсанда киіз үйлер орнатқан сияқты. Осыны секеңдеп жүрген Роза сезе ме екен. ғой. Шетпеліктердің ар-намысын тағы да бір сынап көрмекші ме.Ауылдың ақсақалдары, беделді азаматтары Розаға --не бетіңмен келдің, десе не деп жауап берер еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Жаннур Қайдан: Орал
27.04.2012 11:50
+0 / -0
кашан корджиниз жаназада ан айтканын. Ауыз бар деп сойлей бермесенизши.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.04.2012 13:06
+0 / -0
Жаннурға,
Сөздің мағынасын түсінбейтін неткен адамсыз, көрмесеңіз оны да көрерсіз, ол үшін жаназада ақша беріңіз көп қылып, болды сайрап берсин Роза апаң.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.04.2012 16:20
+0 / -0
Розаныкі ұят болған екен,а!

Кімнен: alis Қайдан: jakin
27.04.2012 22:03
+0 / -0
East & West----- arasina ot tastaw taktиkasi.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?