Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 22:32


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Шетпе соты

Шетпеліктер сотында айыпталушылар «шығынды мойындамайтындарын» айтты

2011 жылы желтоқсанның 17-сі болған Шетпедегі толқудан кейін төрт ай өткенде, сәуірдің 17-сі Ақтауда айыпталушылардың үстінен сот басталды. Сот отырысы Ақтаудағы оралмандарды бейімдеу орталығында өтіп жатыр. Айыпталушылар сот барысында бірнеше мәрте нарызылық танытып, сотқа қатысудан да бас тартты. Ал адвокаттардың бірі «Жәбірленушілердің басым бөлігі - полицейлер» дейді.

Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Ақтау қаласында Шетпе станциясындағы 2011 жылы желтоқсанның 17-сінде болған оқиға бойынша алғашқы сот отырысы таңғы сағат 10.00-де басталған еді. Түске дейін айыпталушылардың наразылығынан үш рет үзіліс жарияланған бұл сотқа түстен кейін айыпталушылар қатысудан бас тартқан болатын. Оларды сот залына айдауылдар алып келді.

Журналистер сот отырысын монитордан бақылап отыр. Айыпталушылар мен сотқа қатысып отырған азаматтар ақпарат құралдарының сот залына кіре алмауына наразылық білдірді  

Алғашқы сот процесіне ондаған адам – айыпталушылардың туыстары, жақындары, қоғамдық ұйым белсенділері жиналған. ​Қоғамдық комиссия өкілі Жәнібек Қожық таңертең бұл сот процесіне осы комиссияның өкілдері - Жармахан Тұяқбай, Рысбек Сәрсенбайұлы, Маржан Аспандиярованың бақылаушы ретінде келгенін хабарлады.

Тыңдау Ақтау қаласындағы 35-ықшам ауданында орналасқан «Оралмандарды бейімдеу орталығында» өтіп жатыр. 

БҮРКЕНШІК КУӘЛЕР

Айыпталушылардың нарызылығын туғызған тағы бір дүние - Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттағыдай, мұнда да бүркеншік атпен жауап беретін куәлар бар. Осыған наразы болған айыпталушылар соттың әділ болатынына күмән келтіріп, сот залында бірнеше мәрте айқайлады. Мәселен, айыпталушы Қасым Ермұханұлының ісіне бүркеншік атпен бес куә тартылған. Бұл мәселеге сотқа бақылаушы болып қатысып отырған Рысбек Сәрсенбайұлы да нарызылығын танытып:
Рысбек Сәрсенбайұлы Шетпе оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотқа қатысып отыр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.Рысбек Сәрсенбайұлы Шетпе оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотқа қатысып отыр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
x
Рысбек Сәрсенбайұлы Шетпе оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотқа қатысып отыр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Рысбек Сәрсенбайұлы Шетпе оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотқа қатысып отыр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.

 - Айыпталушы бес куәнің бірде біреуімен беттестірілмеген...Ол шын куә ма, өтірік куә ма - белгісіз...Сот залында айыпталушылар тұрған орындарында айқайлап жатыр. «Бұл сотта сендердің тағдырларың шешіледі» деп оларға басу айтқан адамдар да болды. Бірақ айыпталушы балалар «Біздің тағдырымызды баяғыда-ақ шешіп қойған. Бұл сот әншейін, ойыншық сот. Мұндай сотқа қатыса алмаймыз» деп
айтты, - дейді. 

АЙЫПТАУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ УӘЖДЕРІ

Айыптаушы жағынан сөз алған прокурор сотталушылардың жолаушылар пойызының қалыпты жұмысын бұзып, 14 миллион 751 мың теңге зиян келтіргенін айтты.

Прокурордың айтуынша, айыпталушылар стратегиялық маңызы бар көлік қатынасына кедергі жасаған, билік орындарына бағынбауға шақырушылар күш қолдану, өртеу, мүлікті қирату тәсілдеріне жүгінген, полицияға қарулы қарсылық көрсеткен. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері Кесікбаевқа жеңіл дене жарақатын салған. 

ТҮСКЕ ДЕЙІНГІ ҮШ ҮЗІЛІСТІҢ СЕБЕПТЕРІ

Сот отырысы басталған бетте екі сотталушы - Ерболат Садырбаев пен Қуаныш Төлеуов адвокаттарының Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта жүргені, 
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы сот залында туыстарымен амандасып тұр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы сот залында туыстарымен амандасып тұр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
x
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы сот залында туыстарымен амандасып тұр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы сот залында туыстарымен амандасып тұр. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
шетпеліктер сотына келе алмағаны анықталды. Осы жайтты ескерген судья 5 минут үзіліс жариялады. 

Үзілістен келген судья айыпталушы Ерболат Садырбаев пен Қуаныш Төлеуовтың қорғаушысы ретінде Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының келісімімен Әлімбек Өстеміровтің тағайындалғанын айтты. Алайда айыпталушылар мемлекеттік қорғаушы Өстеміровпен бұған дейін кездеспегендерін айтып, өтіп жатқан сот отырысына қатысудан бас тартатындарын мәлімдеді. 

Айыпталушылар осындай жайттарға нарызылық таныта келе, судьяның «отырыңдар» деген ескертуіне қарамастан, қарсылықтарын білдіру үшін орындарына отырмай қойды.

Сотқа бақылаушы ретінде қатысып отырған Рысбек Сәрсенбайұлы бұған қатысты былай дейді:   

Loading
12:00:00 / -:--:--

Залда сотты бақылап отырған адамдар да шу шығарып, судья сот отырысынан айыпталушыларды күзетпен уақытша алып кетуге бұйрық ​берді. Мұнан кейін судья үзіліс жариялап, бір сағат уақыттан кейін қайта келіп «Айдауылдардың хабарлауынша, айыпталушылар сотқа қатысудан бас тартты. Қылмыстық кодекстің баптарына сәйкес, олардың қатысуынсыз істі қарай беруге болады» деп, сотты әрі қарай жүргізді. Бірақ, залдағы көпшілік «айыпталушылардың өздері қатыспаса, олардың заңды талаптары орындалмаса, ондай сотқа қатысудың еш мән-мағынасы қалған жоқ» деп, тарай бастады. 

Осы оқиғалардан кейін судья Бердібек Мырзабеков сағат 15.00-ге дейін үзіліс жариялады.  

«ӨРТЕНГЕН ШЫРША МЕН СЫНҒАН ОРЫНДЫҚТАР» 

Адвокат Жоламан Мырзатаевтың айтуынша, бұл істе 12 айыпталушы, шамамен 6-7 адвокат бар. Ол:

 - Бұл айыпталушыларға «көлік құралдарын тоқтатты» (299-баптың 1-бөлім), 
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушыларды соттан әкетіп бара жатқан полиция көлігі. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушыларды соттан әкетіп бара жатқан полиция көлігі. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
x
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушыларды соттан әкетіп бара жатқан полиция көлігі. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушыларды соттан әкетіп бара жатқан полиция көлігі. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
«жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және соған қатысты» (241-баптың 1,2,3-бөлімдері), «мемлекеттік орган қызметкерлерінің өміріне қауіп төндірді» (321-баптың 2-бөлімі) деген айыптар тағылып отыр, - дейді.

"Жәбірленушілердің басым бөлігі – Жамбыл облысынан келген милициялар. Мұнан соң «Шетпенің ішінде шырша өртенген. Тепловоз бүлінген. Вокзалдың ішінде орындықтар сынған» деген шағым айтушы мекеме өкілдері бар" дейді Жоламан Мырзатаев.

ҮШ ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАЛАПТАРЫНАН БАС ТАРТТЫ

Түстен кейінгі сотта судья айыпталушылардың әрқайсысына «Тағылған айыпты мойындайсың ба?» деген сауал қойды. Айыпталушылардың бәрі айыпты мойындамайтындарын айтты. Одан кейін жәбірленушілер сұралды.

Жәбірленуші Жақсылық Шамұратов облыстық жолаушылар тасымалдау саласында қызмет ететінін айтып, өзін «Автобустардың қожасымын» деп таныстырды. Оның 
"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы прокурор қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл."Шетпе ісі" бойынша сот залындағы прокурор қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
x
"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы прокурор қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы прокурор қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
сөзіне қарағанда, Шетпедегі оқиға кезінде «мобилизацияға жұмылдырылған» алты автобусы бүлініп, 1 миллион теңгеден астам шығын шеккен.

– Автобустар менің сөзімді күтпестен-ақ кетіп қалыпты. Соғыс жағдайында жоғарыдан түскен бұйрықты сөзсіз орындаймыз, –  деді ол.

Жәбірленуші Жақсылық Шамұратов «айыпталушыларды білмейтінін, оларды соттатуға құлықты еместігін, тек шығынды өндіріп алса жеткілікті екенін» айтып, талап-арызынан бас тартты.

Шетпедегі оқиға кезінде 11 бағдаршам сынған екен. Жәбірленуші мекеменің өкілі Болат Исалиев «пойыздар жүрісінің сынған бағдаршамын жасауға 47 мың 80 теңге жұмсалғанын», бірақ талап-арызынан бас тартатынын айтты.

Теміржол мекемесінің өкілі Алданов Нұрияз «көтеріліс жасап жатқандар тепловоздың есігін ашпақ болып, одан соң таспен ұрғанын», соның кесірінен мекеме 1 миллион 642 мың 444 теңге шығын шеккенін айтты. Бұл жәбірленуші де талап-арызынан бас тартатынын мәлімдеді. Бірақ оған мекеме басшысының бас тарту жөнінде сенімхатын әкелу жүктелді.

Шетпе оқиғасына байланысты бүгінгі соттағы төртінші жәбірленуші – Маңғыстау темір жол бөлімшесінің заңгері Ләйла Болысова мекемеге 2 миллион 534 мың 930 теңге шығын келгенін айтты.

Маңғыстау темір жол бөлімшесінің шығынын есептеу туралы бастаманы желілік полиция ұсынып, «Қазақстан теміржолы» компаниясы есептеген екен.

– Ол шығын жүк пойыздарының жүрмей қалуынан келген. Осы шығынды орнына келтіруді талап етеміз. Бірақ нақты қай адам пойызды тоқтатқанын айта алмаймыз, – деді жәбірленуші мекеменің өкілі Ләйла Болысова.

«Онда мына адамдарға талабыңыз бар ма?» деген адвокат сұрағына «талаптан бас тарта алмаймыз» деп жауап берді заңгер.

СОТ ӨКІЛІНІҢ СӨЗІ

Өткен жылы желтоқсанның 17-сі күні Шетпе станциясында жаңаөзендіктерді қолдаған тұрғындар мен полиция арасында қақтығыс болып, ресми ақпарат бойынша бір адам қаза тауып, он шақты адам жараланған еді.

Қаңтардың 25-і күні Жаңаөзен оқиғасына байланысты ресми мәлімдеме таратқан Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев Шетпедегі оқиғаға байланысты 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз өкілі Нұрлан Күнтуов. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.Маңғыстау облыстық сотының баспасөз өкілі Нұрлан Күнтуов. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
x
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз өкілі Нұрлан Күнтуов. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз өкілі Нұрлан Күнтуов. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
«жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және билік өкілдеріне қарсы күш қолданғандары үшін» 3 адам – Бахытжан, Сабырбаев және Жылқышиев қылмыстық жауапкершілікке, тағы 12 адам «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, билік өкілдеріне қарсы күш қолдану және көлік құралдары мен қатынас жолдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке» тартылғанын айтқан еді.

2012 жылы сәуірдің 17-сі күні кешке Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметкері Нұрлан Күнтуов Шетпе мен Жаңаөзендегі оқиғаларға орай өткен сот отырыстарына байланысты брифинг ұйымдастырды.

Оның айтуынша, Шетпедегі іске байланысты 12 айыпталушының 11-і қамауда отыр, 1 айыпталушы ешқайда кетпеу туралы қолхат берген. Бұл іс бойынша өткен сотқа 4 мемлекеттік айыптаушы, 7 қорғаушы, 19 жәбірленуші, 53 куәгер қатысып отыр. Соттың алғашқы күні 4 жәбірленуші сұралған.

Маңғыстау облыстық сотының өкілі Нұрлан Күнтуовтың сөзі:
Маңғыстау облыстық соты өкілі Шетпе соты туралы
Loading
12:00:00 / -:--:--

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ерғали
17.04.2012 11:32
+1 / -0
Тағы да бұларды сорлатпаса болды бұ билік. Тағы да қаншама ананың көз жасы төгіледі екен
Пікір алмасу

Кімнен: аси патриот Қайдан: астана
17.04.2012 17:53
+0 / -0
сонда істейтіндерін істеп алып, қаншама зардап шеккізді бұзақылар, енді батыр атағын бергенді күтіп отыр ма сонда??? қолымен жасағанды, мойындарымен көтерсін.егер де осы бұзақылар жазасыз қалса, онда келесі рет те бұлар тағы бұзақылық жасап, жазасыз қаламыз деп сенеді.
Пікір алмасу

Кімнен: лже-патьриотқа
17.04.2012 20:32
+0 / -0
Шетпеде ешнарсе бүлінбеген. қалғаны 11 адамды жаралап, біреуін өлтіргені үшін айтып жүрген сандырағы.Рас, олар "Жаңаөзенде халықты атуды тоқтатсын"-деп дол жапқаны.Кіналы тағы да билік.Қорқақ болған билік полйцей көрсе бұтына жіберіп, намыссыз болсын деген болу керек.Халықты атқаны аздай азаматтарды соттап жатыр.Қандықолдар куәгер.

Кімнен: Адайдың баласы Қайдан: Қазақ елі
17.04.2012 11:58
+1 / -0
Осы жазықсық адамдардың аққан жасы полция мен шенеуніктердің көщінен қан болып ақсын!
Ай Маңғыстау халқым-ай, бізге қазір Бекет ат жетіспейді, ол кісі қазір өмір сүргенде сол жендеттердің жанын шығаратын еді.
Маңғыстау халқы, мүмкін, Бекет ата сияқты кісіні өзіміз тәрбиелейміз!

Кімнен: Дәлубай Қайдан: Ақтау
17.04.2012 13:40
+0 / -0
Ал, осы еркінен тыс басқа қорғаушы тағайындау деген қаншалықты заңды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.04.2012 13:54
+0 / -0
Япырмай-а Жамбылдан келген милициялардын кай жерi канапты, басы жарылып па, откенде жамбылдыктар канышерлерiн --''Мангыстаулыктарды кырып келдi'',-- деп вокзалда музыкамен карсы алыпты гой.Кудды бiр жаудын бетiн кайтаргандай.Эке-шеше, бала-шагаларынын бетiне калай карап, ас iшiп жур екен.Атана наглеттер.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.04.2012 14:09
+0 / -0
әр облыс облыстық УВД-ның екі замы басқарып 1000 полицей жіберген.Алматы мен Астана қалаларынан көбірек секілді.Үкімет телеканалдар арқылы Жаңаөзенде 10 000 омон бар деген.Бірақ шынтуайтында одан екі есе көп секілді.Оның үстіне бүкіл Қазақстаннан жинаоған тергеуші,кнб, финфолдың "опергруппаларын "қосыңыз.

Кімнен: Мақсат ат-Тарази Қайдан: Тараз
17.04.2012 16:33
+0 / -0
Е мына сорлы Тараздың бишара полицейлері тек қана қарапайым адамдарға ғана күштері жетеді екен - өткенде оларды бір террорист мамалатқан кезде, дым істей алмады ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: ms.nekky Қайдан: KZ
17.04.2012 17:36
+0 / -0
люди пожертвовали собственной жизнью ради нас с вами, ради того чтобы кто то прожил долгую и счастливую жизнь, выполнили свой долг данный государству защищать и пресекать попытки правонарушения заплатив за это очень высокую цену.Мақсат ат-Тарази Болтать легко , а встретится с самыми сильными бандитами в рк это не каждый сможет.Много тут вас развелось с Тонкой Кишкой - Покой Граждан защищать не умеете и не хотите - а судите тех кто занимается этим.Критиковать действия легко, много ума не надо. Вы сами сначала сделайте хоть что-нибудь полезное для страны, чтобы иметь моральное право критиковать . Умники собрались, блин.
Пікір алмасу

Кімнен: NEKKYГЕ
17.04.2012 20:07
+0 / -0
Некки шырағым, АЛЛАдан қорқу керек.Мүмкін атқан полицейлер сенің туысқаның шығар? Бірақ қасиетті ҚҰРАНымызда "қылмысты жасыру немесе оған болысу да ақиретте қылмыскердің жазасының бір бөлігін алады.Онымен қылмыскердің қылмысы азаймайды"-деген жолдарды есіңе ал.
Пікір алмасу

Кімнен: Еділ Қайдан: Ақтау
18.04.2012 09:24
+0 / -0
ms.nekky, қарусыз халыққа оқ атқанды ерлік деп отырсың ба? Садизм- по твоему полезное дело. У нас не менты, а садисты.
Ладно,если народ в чем то.,был виноват. Сами менты все натворили, расстреляли детей,женщин,стариков, не разбираясь, мля. Сами же громили, грабили, жгли. И теперь судят тех, кто пострадал от их зверств.

Кімнен: sultan@mail.ru
17.04.2012 17:42
+0 / -0
Жаңаөзен оқиғасына қатысы бар қылмыскерлерге жазасын берсін.

Кімнен: Хаиса .
17.04.2012 17:49
+0 / -0
Тағыда саиқымазақ сот басталды , саиқал билік өз дегенін істеп бұрмалау қаруын қолданып жазықсыздарды соттап тынбақшы . Бұл сот Қазақстанның тарихында бұрын соңды болмаған нағыз қатыгез сот болып қалмақшы , ертеңіңді өлтіріп әділдікті жерге көмген сот шынаиы келбетін қанша жасырсада қалқып шығатынын ұмытпасын , жастарды қаталдау соттап тыныштық орнатамыз деген билік қатты қателеседі . Үлкен толқуларға алып келуі мүмкүн . Ел боламын деген билік түгелдеи босатқандағана халық сеніміне кіре алады . Ал керісінше болса онда құдаи басқа бермесін кәзіргі билік алып толқындардың астында қалуыда мүмкүн . Кешегі өлген жастардың қаны жібермеиді , қарғыс арқалаған билік ұзаққа бара алмаиды . Сондағана кәзіргі жүиені қолдағандар , жарбақаилар , жағымпаздар , сатқындар сол билікпен бірге құрып жоқ болады , жаңа ои мақсаты бар жаңа жүие қалыптасады . Елімдеп еңіреген ерлер билік басында отырады , сол кезде Жаңаөзеннің ерліктерін аитып жас ұрпақтың санасына құиамыз . Станнан құтылып Қазақ елін құрамыз оған сенім мол .

Кімнен: сұрақ Қайдан: елден
17.04.2012 21:28
+0 / -0
Полицейлердің арасында кздейсоқ сауатсыз адамдар өте көп ,тамыр таныстықпен кіріп алғандар ,ол жасырын емесқой, ms.nekky.,бекерге шамданасың ,Жаңаөзендегі жағдайға өзіңде куә болып отырсың, не болып жатқанын ,кімнің өтірік кімнің шын екенін жақсы білесің ,батыр болсаң айтшы қане ,нағыз қылмыскер кімдер екенін,?
Пікір алмасу

Кімнен: асылым Қайдан: батыс өлкесі
18.04.2012 00:29
+0 / -0
Ақтөбеден де бір вагон менттер кеткен ертесіне, бейне бір елімізге жау келгендей. тамақ тасып жүгірген әйелдеріне " оқ атпасын, ертеңгі күні жауап береді" деп, шырылдап қалдық . қайтейік, ішіміз у жалағандай болдық қой сол күндері, көзіміз жасқа толып, Бекетке сиына бердік !. тіріден селт етер жан болмағасын аруаққа сиындық ой АЛЛА АЙ!
Пікір алмасу

Кімнен: адам Қайдан: намыс
18.04.2012 01:36
+0 / -0
бұл полициялардың,
тергеушілердің атын біле бастадық нақты қайжерде обл, аудан,қала ,ауылын білетіндер болса толық жазыңыздаршы

Кімнен: Марат
18.04.2012 08:33
+0 / -0
Шетпе оқиғасы ьарысында Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері жарақат алды дейді.
Ағайындар, мен түсінбеймін, оқиға орнында Жамбылдық полицей қайдан жүр?
Бұл оқиғаның болары полицейлермен алдын ала ұйымдастырылған ба деп ойлаймын.
Өздерін өздері ашып отыр емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.04.2012 11:42
+0 / -0
Жаз кезінде, оқиғадан жарты жылдай бұрын бір беделді адамнан Адайларды жуасытуға операция дайындалып жатқанын естігем. Ондай нәрсе мүмкін еместей көрініп мән бермеп едім. Шын болып шықты ғой ақыры. Мұның бәрі алдын-ала дайындалған қырғын. Бораттың аузынан шыққан бұйрық. Оған еш күмін жоқ, дәлелдер жеткілікті. Бұйрықтың дәлме дәл орындалуы бұйрықшының қабілетіне, миына байланысты. Құлда ондай қабілет қайдан болсын! Сценарийлері бұзылып кетті де енді артын жаба алмай тыртыңдап, одан әрі ашып жатыр. Ақылың шамалы болса байлықтан не пайда? Великая комедия продолжается

Кімнен: Дружелюбный
18.04.2012 10:52
+0 / -0
бұл сот ойыншық сот емес, әділ сот

Кімнен: Жан Қайдан: Жайык
18.04.2012 11:40
+0 / -0
Буликшилер барин киратып, кайта калпына келтирмейтиндей жайт болды. Енди не ушин оларга аяушылык танытып, сот жазаламаулары керек? Акикатшыларда, акикаты уйымдаскан тартипсиздик орын алды. Оздерине-оздери жасап алды. жазалансын

Кімнен: Болатжан Қайдан: Алматы
18.04.2012 12:01
+0 / -0
Шетпе станциясындағы 2011 жылы желтоқсанның 17-сінде болған оқиға бойынша алғашқы сот отырысында, сотталушыларға кіналар тағылған, куәгерлермен кездеспегенге байқалады, судья ақ қарасын ашып, кінәсіз адамдарды босату қажет.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.04.2012 12:03
+0 / -0
А мне кажется и этот процесс будет проходить по сценарию Жанаузенского. Акции протеста уже начались, потерпевшие уже отказываются, только непонятно одно, тут то полицейских не было, кого вместо них сделают козлами отпущения??? Что скажут свидетели??? И почему подсудимые не найдут себе других адвокатов, более свободных, если их не устраивают государственные??? Нет денег? А где ихние многотысячные защитники???

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.04.2012 12:18
+0 / -0
Ел билігіеде отырғандардың өте дәрменсіз және шолақ ойлайтын, ертеңін болжай алмайтын ,бейшара кездейсоқ адамдар екенін әбден көрсетіп алды, Дәл қазіргі уақытта жазаға тартылмай ойларына келгенін істей алатындарына сеніп зардап шегушілерді соттамақ ниетте, Жалпы байқаңдар жаза хлық қолынан болуы ғажап емес,әділ сот қайда дерсіңдер сол кезде!

Кімнен: аси патриот Қайдан: астана
18.04.2012 13:54
+0 / -0
қазіргі таңда полицейлер бұрыңғы уақытта сиақты ұрып соғуға жол бермейді және қол жұмсауға айыпталушыларға қорқады да, өйткені Қазақстан халықаралық конвенцияларға кірген, сондықтан айыпталушылар айтып жатқан зомбылықтардың болмағаны шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: аса патроиотқа
18.04.2012 18:45
+0 / -0
АЛЛА бар екенін ұмытпа.Туысқандарың атқыштар болмаса, тергеушілер шығар?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.04.2012 14:02
+1 / -0
Қайда барсам да, Қорқыттың көрі дегендей, қайда қарасам да бейшара қазақтың мөлдіреген, жәудіреген көздерін көресің. Дінін ұстанған басқа ұлт емін еркін дінін тіпті уағыздап жүр қазақтар арасында, қазақ жастары имандылыққа бет бұра бастап еді, быт-шыт қылды. Басқалар қалаларда таза, жазда салықын, қыста жылы жерлерде отыр, біздің бейшаралар мынау жүрісі, өз елінде өксік көріп.Неге билік өз ұлтына көмектеспейді екен? Оралмандар көші тоқтады, тілді көтермеңдер, дінді ұстанбаңдар дейді, сонда Айға ұшуымыз керек пе?

Кімнен: ертісбайев
18.04.2012 14:21
+0 / -0
оу мыналар қайтадан шығыпты ғои біраз болып еді көрінбей кеткендеріне анда санда өистіп көрніп тұрыңдар жоғалып кеттіма жүредім
Пікір алмасу

Кімнен: Икембай Қайдан: Шетпе
18.04.2012 14:35
+0 / -0
Ия,бұлар сот басталғалы қайта пайда болды. Шамасы ,ақша төлей бастаған шығар. Жалпы ,хозяйндары сараң ғой, осындай уақытта төлейді де, сосын саябырсыды деп есептеген уақыттарында төлемей қалады. Енді бірақ,қандай пайда, ақпараттық майданды билік ұтылды. Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап деген, ақша беруді тоқтатпау керек еді. Сонда, мүмкін бірдеңе болар еді. Биліктің түбіне сараңдығы жетеді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.04.2012 14:31
+0 / -0
Аси карагым конвенциядан баска бiлерiн бар ма,кетсейшi шэуiлдей бермей, ''Ит жок жерже шошка уредi'' .Жагынып, билiктiн созiн сойлеп, жан бергелi турсын гой.

Кімнен: Дала
18.04.2012 14:45
+0 / -0
Аси патриот сен өзі қандаи адамсың , ертегілер әлемінен келгендеи саирайсың . Басыңды бұл тақырыптарға қатырмаиақғои бәрібір сен ештеңе түсінбеисің сен саяси жағынан өлген жансың , сенде жүректе намыста жоқ . Кеиде Әке , Ана тәрбиесін көрмегеніңде баиқалып қалады , өзің сияқты жарбақаиларды жинап алып партия неге құрмаисың дегеніңе жетерсің . Кешегі Өзенде атылған жастарымның жүрегіне қадалған оқ , меніңде жүрегіме қадалғандаи әсерде боламын бұл менің қанымда таза қазақшылықтың бар екенінің белгісі . Ал сен таза қазақ болу үшүн өмірге қаита келуің керек . Ауыз өзімдікідеп босқа былшыраи бергенің жараспаиды . Қазақғымның таудаи салт дәстүрін , бабалар өсиетін , киелі кең даланы , өзеніңмен , көліңді жүрегіңе сыидыра білгендеғана арыңның ақ көгершіні қанат қағып жақсымен , жаманды аиыра алатындаи қасиетке ие болар медің . Сен сиқты тормыздар қашанда алға жылжуға кедергі келтіріп дамуды тежеиді , себебі сен сияқтылар тупоилар . АЛЛА сендер сиқты жүрегі жоқтардан сақтасын .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 17:48
+0 / -0
Халқым кімді жақтап отырсыңдар, олар мемлекетті миллиондаған шығынға ұшыратты, ол біздің ақшамыз, егер де осындай бұзақылар ертең алдыға қарай алмайтын тұлғалардың кесірінен батыр болып жатса, тәртіп болмаса, онда ертең бәрі шығып, мемлекетті күйретпей ме? Осын ойлаңыздар құрметті халқым, осы бұзақыларды қорғр алдында. Мемлекетке келтірілген шығында біз, салықтөлеушілер емес, осы құртқан адамдар төлесін.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?