Сәрсенбі, 24 қыркүйек 2014, Алматы 00:21


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Шетпе соты

Шетпе сотында жәбірленуші полицей «кешірім болмау керек» деді

Шетпе оқиғасына орай сәуірдің 17-сі басталған сот процесі әрі қарай жалғасып, бүгін барлығы 10 жәбірленуші тергелді. Сот төрағасы, Ақтау қалалық сотының судьясы Мырзабековтің кешегі шешімінен кейін журналистер сот процесін арнайы бөлмедегі монитордан ғана бақылап отырды.

Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы сот залында. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы сот залында. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Сотта сөйлеушілердің дауыстары монитордан бірде естіліп, бірде дұрыс естілмей қалып жатты. Жәбірленушіге сұрақ қойған мемлекеттік айыптаушылар мен адвокаттар әуелі өз аты-жөндерін атауды ескере бермегендіктен кей сауалдардың нақты иесі түсініксіз болып қалды.

«ТАЛАП-АРЫЗ ЗАҢСЫЗ БОЛСА...»

Соттың шақыруымен ортаға шыққан жәбірленуші мекеменің, яғни Батыс Қазақстан жолаушылар тасымалы кәсіпорынының өкілі, заңгер Талғат Өсеков айыптаушы прокурордың сұрағынан кейін өз мекемесінің «Шетпе оқиғасының салдарынан тартқан шығыны 9 миллион 445 мың 687 теңгені құрағанын» айтып берді.

«Шетпе станциясы арқылы өтетін 5 пойыздың жалпы кідірісі 80 сағатқа жеткенін, сонымен қатар түрлі бағыттарға сатылған билеттердің ақшасы қайтарылып, 457 мың теңге шығынға ұшырағанын» да мәлімдеді.

Адвокаттар бұл шығындарға тек Шетпедегі емес, сонымен қатар Сай-Өтес станциясындағы шығындар да қосылып есептелгенін айтып, наразылық көрсетті. 
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылардың адвокаттары сот залында. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылардың адвокаттары сот залында. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
x
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылардың адвокаттары сот залында. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушылардың адвокаттары сот залында. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Адвокаттардың бірі Талғат Өсековтен «мына сотталушылардың ішінен кімдерді айыпты деп айта аласыз» деп еді, ол ешкімді танымайтын болып шықты.

Адвокаттар бұл мекеме бір-ақ талап арыз жазғанын, ал заң бойынша әр адамға жеке талап арыз жазылуы тиістігін, әрі сотталушылар оның арызын көрмегенін де ескеріп, мұндай талап арызды сотта қарауға болмайтынын айтты.

Талғат Өсеков өз мекемесі атынан «осы оқиғаға байланысты дене жарақатын алмағанын, бірақ келтірген шығындарды өндіру жөніндегі талап арыздарынан бас тартпайтынын» мәлімдеді. «Талап арызыңыз заңсыз болса, одан қалай бас тартасыз» деген адвокаттың сауалына залдағы жұртшылық күлді.

«ШЕКЕГЕ ТИГЕН ТАС»

Талғат Өсековтен кейін жәбірленуші ретінде жеке тұлғалар сұрала бастады. Олардың барлығы - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасына қарасты полиция қызметкерлері.

Шымкенттік жәбірленуші полицей Н.Тәндібаев Шетпе оқиғасы кезінде шекесіне тас тиіп жарақат алған көрінеді. Бұл оқиға кезінде ол басына бетін жабатын әйнегі бар 
"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
x
"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
"Шетпе ісі" бойынша сот залындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
каска киіп жүрген болып шықты. Адвокаттар «каскадан өтіп шекеге тиген тастың траекториясы» туралы көп сұрады.

«Каскаңызда тас өтіп кететіндей тесік бар ма еді?» деген сауалға полицей Тәндібаев «дәл сол кезде каскамның беті ашық тұрған» деп уәж айтты. Оның сөзіне қарағанда, тас аяғына да тиген, бірақ оны дәрігерге көрсетпеген.

Тәндібаев өзінде «Макаров» тапаншасы болғанын, бірақ аспанға атқанын» растады. Ол «қанша оқ шығарғанын да, ведомство тапаншаға қанша оқшантай бергенін де есіне түсіре алмады» - бірақ оқ атуға ешкімнің бұйрық бермегенін айтты.

Адвокат Өстеміров «Сіз алдын-ала берген жауабыңызда «бастығым атуға бұйрық берді» деген едіңіз, неге өтірік айтып тұрсыз?» деп сұрады.

«Өтірік айтып тұрған жоқпын, бірақ ешкім бұйрық берген жоқ» деп жауап қайырды Тәндібаев.

«КӨЗІМЕ ТАС ТИДІ»

Шымкент қаласы Абай полиция бөлімінің қызметкері, жәбірленуші полицей Жеңіс Бақтыбаев та көзі зақымдалғанын айтты.

- Шетпеге 17 желтоқсанда кешке қарай Шымкенттен 100 қаралы полиция келдік. Бізден кейін Тараздан келді, оған дейін жергілікті полициялар барып қойған, - деді ол.

«Көзімнің астыңғы жағына тас тиді» деген Жеңіс Бақтыбаев та тапаншадан аспанға 
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы азамат. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы азамат. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
x
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы азамат. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталушы азамат. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
оқ атқанын мойындап, атуға «ешкімнің бұйрық бермегенін» айтты. Ол «сотталушылардың ешқайсысын көрмедім» деді, бірақ сотталушылардың бірі 18 желтоқсанда өзін Жеңіс Бақтыбаевтың сабағанын айтып берді.

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы жол полициясы бөлімінің қызметкері Н.Нұржанов «бұл балаларға ешқандай талабым жоқ» деді.

- «Маңғыстау-Алматы» пойызы тоқтап тұрғанын көрдім. Халық шулап жатты. Басымызда каска болған соң оларды не айтып жатқаны бізге толық естілмеді. Қатты көтеріліс болды. Бөтелке, тас лақтырып жатыр. Бөтелкеден шалбарым жанды. Қатты жанды. Жерге аунадым, қасымдағылар жабылып өшіріп алды. Үлкен өрт болды. Арамыз шамамен 40-50 метр жер. Бөтелкені кім лақтырғанын байқай алмадым, - деді полицей Нұржанов.

«КӨБІ ІШІП АЛҒАН»

Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Шетпеге он адамды басқарып барғанын баяндап берді.

- Қараңғы түсе теміржол вокзалына келдік. 400-ге жуық адам жиналыпты, көбі ішіп алған. Жарылғыш заттар, тас жинап, плакаттар жазып қойған. Екі-үш сағаттай келіссөз жүрді. «Пойызды жіберіңдер» дедік. Бірақ олар бағынбай, «полиция кетсін» деді. Сосын Бейнеу, Маңғыстау, Шетпе, Тараз, Оңтүстік Қазақстаннан келген полициялар шетке шығып тұрдық. Халықтың біразы тарады, біразы қалды. Басыма тас тигенде тізерлеп отырып қалдым. Есімді жинағанда қару атылып жатқанын естідім, - деді ол.

Ол сотталушылардың арасынан Бақытжан Ғабиденнен өзге ешкімді 
"Шетпе ісі" бойынша тағайындалған прокуратура қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл."Шетпе ісі" бойынша тағайындалған прокуратура қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
x
"Шетпе ісі" бойынша тағайындалған прокуратура қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
"Шетпе ісі" бойынша тағайындалған прокуратура қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
танымайтынын, «бірақ сотталушылардың барлығының бет әлпеттері таныс екендігін» айтты. Сотталушылардың бірі өзін осы адамның - Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары ұрып-соққанын айта бастаған еді, сот тыйып тастады.

Ал Бейнеу аудандық ішкі істер бөлімінің аймақтық инспекторы, жәбірленуші Ержан Мұқанғалиев Шетпеге 50 полиция қызметкері келгенін, оның бір бөлігі Сай-Өтес станциясына жіберілгенін айтты.

- Қалқан бәрімізге бірдей жетпеді. Сол бетіме бір зат тигенде, көзім қарауытып, отырып қалдым. Қаруымды өткізгенде одан оқ атылмағаны белгілі болды. Үстімде жай форма болды. Каска да жоқ еді, - деді ол.

Сот үзіліске шығар алдында адвокат Сейітмағамбетов мұның алдында сөз болған касканы алдыруды талап етті.

Сотталушының бірі іспен таныс бұрынғы адвокатын тағы да сұрады. Сот ол өтініштің кеше де қаралғанын, енді адвокат Өстеміровтің қорғауында болатынын қайталап айтты.

«БҰЛАРҒА КЕШІРІМ ЖОҚ»

Сот процесі үзілістен кейін қайта жалғасып, Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы патрульдік қызметінің бөлім бастығы, жәбірленуші Мұрат Ақтаев прокурордың сұрағына жауап берді.

Шетпе оқиғасы кезінде оның да «бетіне тас тигені, кім ұрғанын білмей қалғаны» мәлім болды.
Өзіміздің құпия жоспарымыз бар. Сол бойынша басқарып жүрдім.

- Оны анықтайтын жағдай жоқ. Өзіміздің құпия жоспарымыз бар. Сол бойынша басқарып жүрдім. Тас тигенде көзім ағып кетті ме деп едім, аман қалды қайта, - деді Мұрат Ақтаев.

«Жамбылдан келген 145 жігітке басшылық еттім» деген Мұрат Ақтаев өзінің үш оқ атқанын, өздеріне қарсы оқ та атылғанын әңгімеледі. Бірақ ол өзі көрген сотталушының «Қойың! Тоқтаң! Қазақпыз ғой!» деп жүргенін» көргенін айтты.

«Кім бастап атты?» деген адвокаттың сауалына Мұрат Ақтаев:

- Мен бастап аспанға аттым. Басқа тас тигенде қалай атпайсың? Мен біреудің обалына қалғым кеп тұрған жоқ. Бірақ мұндағы екі сотталушыны танып тұрған соң айтып тұрмын, - деп жауап қатты.

Айыпталушылардың бірі Ақтаевтың өзін ұрып-соққанын айтып, «Мені қалай танымай тұрсыз?» деген еді, Ақтаев оны танымайтынын айтты.

«Қандай 
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталған азаматтар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.Шетпе оқиғасы бойынша айыпталған азаматтар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
x
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталған азаматтар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша айыпталған азаматтар. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл.
талабыңыз бар?» деген сауалға «Сот қалай шешеді - солай болады. Бұларға кешірім жоқ» деп жауап берді Мұрат Ақтаев.

Жамбыл облысы жол полициясының инспекторы, жәбірленуші Манатбек Төлеубеков те «Шетпедегі қақтығыс кезінде жараланған» екен. Ол сотталушылардың ешбірін танымайтынын, өзінің қару қолданбағанын айтты. Оның кейбір сөздері алдын ала берген жауаптарға сәйкес келмегендіктен адвокаттар біршама сауал қойды.

Жамбыл облысының полиция қызметкері Уәлихан Назаров бөтелке тиіп «жараланған» екен.

- Аспанға аттым. Қарсы топ жанғыш заттар құйған бөтелкелер лақтырды. Бірақ маған тиген бөтелке бос болды, - дейді ол.

Уәлихан Назаровтың айтуына қарағанда, жиналған халық бастапқы келіссөзден кейін тарай бастағанда «Тойота» және «УАЗ» маркалы көлік мінген біреулер бірнеше рет оқ атып кеткен».  Олар қайта айналып келгенде полицейлер көліктердің доңғалақтарынан атқан.
Блок-пост тұрған жерге 2 метрге дейін жақындап келген машинаның қандай оймен келгенін өзіңіз де білесіз ғой.

- Маған қауіп төндіреді деп ойладым. Блок-пост тұрған жерге 2 метрге дейін жақындап келген машинаның қандай оймен келгенін өзіңіз де білесіз ғой, - деді Уәлихан Назаров.

Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасынан келген полицей Алмат Қоңырбаев алдын ала берген жауабындағы «адамдарға оқ атылды» деген сөзінен айнып қалды. «Тергеуде қате жазылып кеткен шығар, адамға атылған жоқ» деген соң адвокат соттан тергеуші Шамовты шақыруды сұрады.

Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасы жеке батальонының инспекторы Жайдарбек Құттыбаев «біз аттық» деп жауап бергендердің бірі болып шықты.

«ЖАМБЫЛДА СІЗДЕРДІ ҚАЛАЙ ҚАРСЫ АЛДЫ?»

Бүгінгі сот процесі аяқталарда сұралған жәбірленуші Шетпеде тігілген шыршаға иелік еткен мекеме өкілі екен. Ол «оқиға болған күні өртенген, Қостанай қаласынан арнайы алдырылған шыршаның құны  1 миллион 48 мың теңге» екенін айтты. Бірақ бұл мекеме талап арызынан бас тарту жөнінде шешім қабылдапты.

Адвокаттар сот процесі барысында «Шетпедегі оқиғадан кейін 10 күн жатып, Жамбылға оралғанда сіздерді (полиция қызметкерлерін – ред.) қалай қарсы алды?» деген сауалды бірнеше рет қойды. Алайда сот төрағасы «мұндай сауалдардың іске қатысы жоқ» деп, алып тастады.

Шетпедегі оқиғаға орай бүгінгі сот біткеннен кейін Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметкері Нұрлан Күнтуов брифинг өткізіп, «сот талқылауы процессуалдық заңнама талаптарына сай өткенін» мәлімдеді.

Брифингте Азаттық радиосының тілшісінен өзге ешкім болмады.
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: sultan@mail.ru
19.04.2012 13:05
+0 / -0
Қылмыскерлерді аямау керек.Оларға дұрыстап тұрып жазасын беру керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Керекудин Найманы
19.04.2012 13:35
+0 / -0
Жигиттер, сендер нагыз батырсындар. Билик ауыссын, сендердин орындарында казыргы ,,кахармандар,, отыратын болады
Пікір алмасу

Кімнен: Ұлтан Қайдан: Ақтау
19.04.2012 18:48
+0 / -0
sultan@mail.ru, дұрыс айтасың, қанішерлерді Қасымов, Қабылов, Мылтықов, Утешов тағы басқаларын аямай жазалау керенк.

Кімнен: Лиза Қайдан: Актаудан
19.04.2012 13:52
+0 / -0
Немене соншама буларга кеширим жок деп Мурат Актаев.Кеширмейтиндей не болыпты соншама бир де бир полиция олген жок кой.Есенди кайтарып алыпсын гой урып согып таяк жемейтин тас тимейтин жигит адамнын басынан не отпейди Актаев ойтып сандалама кудайдан корык каргыс алма бала шагана тиеди. Адам омири онсызда кыска гумыр казак деген атын бар уялсайшы. Атуга ешким буйрык берген жок деп не отирик айтасындар буйрык болмаса ата алмайсындар.Буйрыкпен атып турсындар гой.Адамнын малдан айырмашылыгы санасында гана.Адамгершиликтен журдай мейрмсиз боп кеткенсиздер пагон таккандардын бари.сендерден сонда кандай урпак тарайды елестете алмаймын.Менин атам айтып еди ауырып олетинин билип жургенде алгыс та алдым каргыс та алдым алгысым таусылып каргысым калган шыгар кызым деп.мен ол кезде 19жаста едим.Осы куни сол атамнын сози есимнен кетпейди.себеби алган каргысы урпагына кесирин тигизип жатыр.Мына полициялар алган каргысын тусинеди бирак ол кезде аттен кеш болады.Дунйеде сураусыз ешнарсе жок баринин сурауы бар себеби мына галамды жаратушы иемиз бар гой.Полицияга бизде казакстанда сонда нени уйретеди екен тек кана адамдарды аямай урып согын катыгез болын деп уйрететин секретный косымша сабак бар шыгар деп ойлаймын кейде.Казак деген атымызга кир келтирди тарихта болмаган казак оз казагын ози кырып атып тастады.Ертенги куни тарихка ким жауап береди.Урпагымызга тарихка жазылатын канды окигада казактын жауын ким деймиз сонда....Билмеймин тусинбедим...
Пікір алмасу

Кімнен: қазақтың қара баласы Қайдан: Қарағанды
19.04.2012 14:25
+0 / -0
Бұларда бір ұят болмайды екен, полейцейлерді айтамын, өздері ұрып-соғады, ойына келгенін істейді, артынан аяр қатындай мынау маған тиісті деп байбалам салады. Бұлар елін-халқын қорғаудың орнына, асхана мен дәретхана арасын ғана ойлап жүр ғой, тексіздер....

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 13:58
+0 / -0
Шынында да «Шетпедегі оқиғадан кейін 10 күн жатып, Жамбылға оралғанда сіздерді (полиция қызметкерлерін – ред.) қалай қарсы алды?» деген сауалдың сотқа қандай қатысы бар? Әркім әртүрлі айтып жүрген әңгіменің шындығына көз жеткізу мүмкін емес.

Кімнен: kasym batyr
19.04.2012 14:04
+0 / -0
кеш болса да әділеттілік орнайды деп үміттенеміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Пана Қайдан: Ақтау
19.04.2012 18:45
+0 / -0
Әділеттілік ,әрине орнайды, бірақ Назарбаевтың сотынан емес.

Кімнен: ms.nekky Қайдан: KZ
19.04.2012 14:06
+0 / -0
Прощение просят когда случайно наступают на ногу, когда проливают чай. После того как пошел на убой прощения не у кого просить!Все там в страхе живут, вот и отказываются от всего и прощения просят, очень жаль.Извинением людей не вернешь.Не унижайте полицейских - они делали свою работу!Если толпа довела полицейского до шокового состояние, то понимается какой ужас там творился, и это доказывает что применения оружия была вынужденной мерой.
Пікір алмасу

Кімнен: Майлан Қайдан: Ақтау
19.04.2012 18:43
+0 / -0
Что там творился на площади в Жанаозени, не знаю, но там дети находились, и они не были шокированы, даже концерт ставили, а почему то исключительно полицейские с ума посходили, были шокированы, сами они внятно не могут обьяснить причину шока. Остальной народ включая детей ужас не видели. Надо полицейских спросить, что за ужас они видели, может они инопланетян видели, которые показались только ментам.

Кімнен: төре Қайдан: Қызылорда
19.04.2012 14:10
+0 / -0
Нағыз батырлар, негізі. Бірақ желтоқсандықтарды ақтауға тәуекелді бастаған М. Шаханов сияқты адам табылар ма екен. Шаханов сияқты ерлердің қадірін сонда білеміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 15:01
+0 / -0
Құдай шақановың құрып кетсін, бұл сот әлдеқашан шешіліп, пішіліп қойған, партизаншина, басқа жол жоқ.

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
19.04.2012 14:22
+0 / -0
«Сот қалай шешеді - солай болады. Бұларға кешірім жоқ» деп жауап беруі Мұрат Ақтаевтың қызу қанды адам екеі көрініп тұр.Уақыт өте бастартуыда мүмкін өз ойын айтуға құқысыда бар. Болашақ жақсы болу бүгінен басталады, бір бірімізге кешірімді болайық, азғана Алаш баласы.
Пікір алмасу

Кімнен: Хасан Қайдан: Ақтау
19.04.2012 18:34
+0 / -0
Бәрі дұрыс, тек қанішерлер жазасын алулары керек.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
19.04.2012 14:46
+0 / -0
Тышқан к-н көріп жаралы болыпты дегендейін полицайлардың денесіне сызық түскеніне бола жазықсыз атылған адамдарды соттауға бола ма?! Не Билік алжасқан ақымақ, не болмаса барша қазақтар ақыл-естерінен ауысып кеткендер... Биліктің ақымақтығы сол жоқ жерден өздеріне өздері "проблема" жасап алғаны сол - бейбіт қазақтарды атуға бұйрық бермеу керек еді, бұйрықтың "АТ!" деп шығып кетуіне артығырақ ішіп жіберген француз конягының қызыл балық "зәкөскесі" аздау болған ғой шамасы...

Кімнен: Жан Қайдан: Жайык
19.04.2012 14:57
+0 / -0
Тартипсиздик жасагандар жазасын алсын.
Пікір алмасу

Кімнен: Қан Қайдан: Еділ
19.04.2012 18:33
+0 / -0
Дұрыс айтасың , тәртіпсіздік жасағандар Назарбаевтан бастап сотталсын.

Кімнен: MaratAK Қайдан: Shymkent
19.04.2012 15:17
+0 / -0
Темір жолға келген шығынды барлық сотталушы өтеу қажет. Бұкіл әлемге жарияланып кеткен кадрлардағы кісі сотталып жатыр, осы бір суреттеде ол бар, соңда ол кінәлә емес па: Полицейлерде өз жұмысың дұрыс істемесе жазасың алу керек.

Кімнен: Шындық
19.04.2012 15:30
+0 / -0
Көзіммен көріп көңіліме түигенім полиция қызметкерлері әлемді бір өздері тіреп тұрғандаи шалқаиған , адамгершілік қасиеттен жұрдаи , ақша десе көздері жаинап кетер , боиынан адамға тән қасиеттерді таба алмаитын мүсәпірлер Жүз полицйя қызметкерлерінің арасынан бір адамғана түсінігі мол болып келеді . Өте қатігез жандар Анадан тудыдепте аиту қиын , оларды осыншама қатігез қылып кім тәрбиеледі екен , өз халқын атсада сабасына түсбеитін тас жүрек полецеилерді кәзіргі биліктегі көкесінің балдарыдеп аиту шындыққа жақын . Ертең көкелері өлгенде , биліктен кетсе қалаи күн көрер екен . Бір сәт неге оиланбайды , ертең олардан көп нәрсе сұраладыдеп білем . Кешегі қылықтарың үшүн ертең жауап беруге тура келер , сол кезде қалаи саирағандарыңды , бір біріңнің былықтарыңды қалаи ашқандарыңдыда көрерміз . Өзгермеи бұлаи қалуы мүмкүн емес себебі көкте Алла бәрін көріп біліп отыр . Сол кезде өздеріне сол керек деген сөзді алғашқырет аитатын боламыз .

Кімнен: Дегдар Қайдан: Қызылорда
19.04.2012 15:39
+0 / -0
Қаншама қан төгіс, қаншама материалдық шығын, қаншама моральдық дағдарыс бұл кімге керек болды. Осынау халық арасындағы іріткі шамалы біреуге қажет болып тур ау!

Кімнен: Zaure B Қайдан: Өскемен
19.04.2012 16:34
+0 / -0
Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері заңға сай. Оны заң тілімен айтқанда, қажетті қорғану шегінен асқан кезде күш қолдану деп атайды. Өздерің ойланып көріңдерші, егер сізге қаншалықты қорғанғаныңызға қарамастан, үстіңізге іші жылдам жанатын бөтелке, тас, не болмаса өзге де зат лақтырса, сіз қорғану үшін не істейсіз? Қарап қана тұрмайтын шығарсын?! Әрине, қорғанасыз. Сонда қарапайым халыққа қорғануға болады, олар жәбір көргендер, ал заң аясында өз-өздерін қорғаған полиция қызметкерлері "оңбаған" қылмыскер болғаны ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Майлыбай Қайдан: Ақтау
19.04.2012 18:31
+0 / -0
Zaure B, біріншіден ,полицияның қарапайым халықтан айырмашылығы бар. Полицияны халық асырайды, ол сол халықтан түскен салықтан айлық алып, сол халыққа қызмет етеді. Сондықтан, ол сабырлы болуы керек, заң аясынан шықпауы керек. Екіншіден, үкіметте оқ ататын қарудан басқа да адам өміріне нұқсан келтірмейтін тәсілдер бар, соны қолдану керек. Қолында ату құралы жоқ адамнан 30 метр жерден қандай қауіп келді. Егер бөтелке болса ,одан қорғанатын полицияның қалқандары бар.
Күні кеше Грецияда қайта қайта демонстрациялар болды, өртеді,шақты, полицияны тоқпақтап жатты ,тіпті үкімет үйіне кіріп кете жаздады, бір адам өлімі болды ма.Жоқ. Полицейлер шектен тыс қару қолданған жоқ. Англияда болып жатыр, тіпті Азербайжанда өртеп, полицейлерді сылқытып сабап салды, олар да қару қолданған жоқ. Ал,бізде. Қуып жүріп,аңша атты. Бұл масқара ғой. Қазақ халқының құнын түсіріп тұр ғой. Мына соттар оның үстіне, қазақты қорлау. Әуелі, төгілген қанның есесін қайтарып, кінәлілерді тауып ,соттау керек еді. Ал, дүниені содан кейін түгендеу керек еді. Ал,бұлар болса, адам қанын төгілген су құрлы да көрмей, дүния түгендеуден бастады. Масқара ай!
Полицайлардың адам қыруы заң аясында болған болса, ондай заңыңа түкіргенім бар. Ол заңды дереу қайта жазу керек. Бәрібір полицейлерді соттау керек, адам өлтіргендері үшін. Жараланған адамдарды дубинкамен ұру да заң аясында ма екен. Олай болса ол заңыңа қақырдым.
Пікір алмасу

Кімнен: Рахымжан Қайдан: Маңғыстау
19.04.2012 20:23
+0 / -0
zaure полиция сенің туыстарыңды атып өлтіріп өзіңді қамап ұрып соғып ойына не келсе соны істесе көрер едім қандай жыр - жырлағаныңды . Шет елдер де қаншама наразылық және тәртіпсіздіктер болвп жатады , әсіресе еуропа мен ақш та солардың біреуінде де халыққа оқ атылған жоқ . Қазақстанның полицейлері халықты қанжоса қылып қырып тастады , ол аздай жәбірленуші болып сотқа қатысып жүр . Сен қайдағы заңды айтып отырсың ." Іс -әрекеті заңға сай "- дейді ғой бұл не ? Полицейдің қылмысын ақтайтын қандай заң ?
Пікір алмасу

Кімнен: оқ Қайдан: оқ атылған жер
19.04.2012 22:01
+0 / -0
соғыста да бұйрықсыз оқ атылмайды бұл бұйрықпен болған атқан жендеттер кінаны өздерінің мойынына алып тұр обалдары жоқ енді оларды соттау керек
Пікір алмасу

Кімнен: Сократ Сократ Қайдан: Казахстан
20.04.2012 17:01
+0 / -0
Zaure ханым, сіздің пікіріңізбен толықтай қосыламын. Жаңаөзендегі полиция әрекетін халыққа қарсы қылмыскерлер тобынан мемлекетті сақтау қимылы деп қабылдаған дұрыс. Сондықтан халықты даурықтырудың қажеті жоқ

Кімнен: Rocci Balboa Қайдан: KAZ
19.04.2012 17:46
+0 / -0
Жігіттердің арасында болған жағдай емес па, соны жігіттерше екі жақ өзара келісіп шешкенде дұрыс болар еді. Бұлай елдің бәрін дүрліктіріп, халықтың алдында шоу жасамай. Бұндай айқай шуы көп сот процестерінің кімге қажеті бар, біреулердің халықтың басына түскен қиын жағдайды пайдаланып ақша тапқысы келетініне қаным қарайып тұрғаны. Жер жаһанға жар салмай тыныш шешкенде болар еді ғой бұл мәселені.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 18:42
+0 / -0
Халық арасына ірткі салып, мұнайшылардың адал ақысын қызғанып, еңбек дауын уағында шешпей, өздерінің ұзақтан бері жеп келе жатқан арам ақшасын қорғап қалу үшін жанталасқандардан басқа кім істеді? Өз халқының басына қиындық тудырып, оны шешіп бермеген, бір нәрсе болса, оны шетелге қашып жүргендер істеді деп жала жауып, жауапкершіліктен қашып отырған қанқұйлы БИЛІК! әттең қашан құриды екенсіңдер!

Кімнен: Парасат Қайдан: Алматы
20.04.2012 09:38
+0 / -0
Менің ойымша, бұның бәріне сыртқы күштер кінәлі! Билік басындағылар мен халық арасына іріткі салып отырған бір үшінші жақтан біреулер бар. ХАлық арасында дау-жанжал шығарып, билікке қарсы қою арқылы еліміздің бірлігін шайқауда. оған деген, еліктеуші халық әйтеу

ір сеніп, провокацияға беріліп кеткенбіз! Әрине, полицейлердікі дұрыс емес. Жан күйдіртер оқиға. Бірақ, шынымен, сабырлық сақтап, бірлігімізді көрсетсек қой әлемге! Бәрінің іші күйсін оны көріп)
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 12:17
+0 / -0
Өте дұрыс пайым,үшінші күш бар, ол ақордадағы ордалы жыландар, ысқырып бұқараға зәрін шашып, бас көтертпей құлдық ғұмыр кештіруге бар күшін салуда.

Кімнен: Алина Осипова
20.04.2012 17:09
+0 / -0
Полицейлер де кызмет бабындагы тапсырмасын орындау ушин барды гой жанаозенге де шетпеге де. Енди сол окигадан бери канша уакыт отти, сот процеси басталып та кетти. Сабырлылык танытсак шшеим шыгар кун де алыс емес.

Кімнен: Расул Қайдан: Райымбек
20.04.2012 20:22
+0 / -0
Дана да әділетті сүйер Қазақ халқы!!! Қарап отырсам, тегі барлықтарыңыз біреуге жала жабуға шебер екенсіздер!!! Біреуге кінә тағуды доғарайық!!! Сот төрелігінің әділетті шешімін күтейік!!! Күш бірлікте!!! Сондықтан сабырлық сақтайық!!! Соттың аяқталуына аз қалды!!!

Кімнен: Марал Қайдан: Каражал
21.04.2012 00:13
+0 / -0
уууууу! неткен сөздер! әркім өзін біреу кешірер ме екен соны ойласа қайтеді!

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

«СНГ Маркет» дүкенінің директоры Дмитрий Пучкин (сол жақта) туысымен бірге супермаркеттің ашылуында тұр. Мәскеу, 12 қыркүйек 2014 жыл.

Санкциядан пайда көріп жатқан жаңа дүкен

Мәскеудегі «СНГ» азық-түлік дүкені Ресей мен бұрынғы совет елдерінің тауарларын сатады. Ресейге салынған санкция мен елде патриоттық сезім күшейген шақта дүкен өз ұпайын түгендеп алды. Толығырақ