Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 02:38


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Шетпе соты

«ОМОН қалай болса солай атты» дейді Шетпе тұрғыны

Шетпе станциясында 2011 жылы желтоқсанның 17-сі полиция мен тұрғындар арасындағы қақтығыстың қалай болғанын куәгер Азаттыққа әңгімелеп берді. Ол ОМОН басшыларына «Үш-төрт әйел барып: «Айналайындар, қазақ екенсіңдер ғой. Бұл жерде кілең қазақ тұрады. Кейін шегінің, оқ атпаң» дегендерін, бірақ олар «Ауылдарың суық екен, жігіттер жаурап қалды, жүгіртіп аламын» деп, халықты қоршатып алғанын айтты.

Арнайы жасақ өкілдері. Маңғыстау облысы, 19 желтоқсан 2011 жыл.
Арнайы жасақ өкілдері. Маңғыстау облысы, 19 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Ақтау қаласындағы Шетпе оқиғасына орай сот өтіп жатқан ғимарат маңында тізе бүгетін орындық та, әлденетін жер де жоқ. Полиция түскі үзіліс кезінде қалың жұртты шығарып жіберіп, есікті ішінен тарс жабады. Өтініш айтып ашқыза алмай, күдер үзгенбіз.

Қойны-қонышынан сумаңдаған қара желден ығып, бүрсеңдеген жұрт кейде түскі үзілісте «Газельдеріне» жапа-тармағай мініп, ең жақын әрі арзанырақ «Сары базардың» асханаларына жөнеледі. Кейбірі екі шақырым жердегі күре жолға жаяу-жалпы тартып кетеді.

Шетпелік бір топ ауылдан мініп келген ақ «Газельдің» «аяғы» (шетпеліктер көліктің доңғалағын «аяқ» дейді) жарылды ма – жұртты жұма күні түскі асқа жеткізе алмай, жолда қалдырғанын көрген едім.

Олар 23 сәуір күнгі сотқа сары «Газель» мініп келіпті. Сары «Газельді» «сотқа барып, айыпталушыларға қолдау көрсететін адамдарға арнап Шетпенің жігіттері шығарған» екен.

Екі шақырым кросс жасағанмен түк шықпайтынын, өзіңді өзің аямасаң болмайтынын тез түсініп, бұл жолы сары «Газельге» мінген шетпеліктерге біз де қосыла кеттік.

 – Ауылымыздың бір баласы порттан қыдырып келе жатып, біреудің түйесін қағып өлтіріп қойған еді. Сонда «оқиға Түпқараған ауданында болды, демек істі сол 
Шетпе оқиғасы бойынша сотқа қатысушыларды алып келген көлік. Ақтау, 23 сәуір 2012 жыл.Шетпе оқиғасы бойынша сотқа қатысушыларды алып келген көлік. Ақтау, 23 сәуір 2012 жыл.
x
Шетпе оқиғасы бойынша сотқа қатысушыларды алып келген көлік. Ақтау, 23 сәуір 2012 жыл.
Шетпе оқиғасы бойынша сотқа қатысушыларды алып келген көлік. Ақтау, 23 сәуір 2012 жыл.
жерде қараймыз» деп сотты Түпқараған ауданында жасаған еді. Туған-туыстарымыз әбден шапқылаған болатын. Ал мына оқиға Шетпеде болса да, сотты Ақтауда өткізіп отыр. Сірә, жұртты сотқа келтірмеудің амалы. Түйе өлсе заң бар, адам өлсе заң жоқ екен ғой, – дейді сары «Газельдегілер».

 – «17 желтоқсанда Шетпеде кідіртілген пойызға 10-15 жасөспірім кіріп кетті» деген куәлардың сөздері де – жалған. Айтқызып отыр. Оқытып қойған ғой. Пойыздан түсіп кетіп қалғандар болды. Бірақ оларды ешкім қорқытқан жоқ, – дейді тағы бір тұрғын.

«Газельдегілер» кезекті сот отырысында айтылған сөздерді осылай талқылап, өз бағаларын беріп жатты.

«МҰНДАЙДЫ КӨРГЕН ЕСІ ТҮЗУ АДАМ КЕТЕ АЛМАСА КЕРЕК»

Сары «Газельдегі» серіктеріміздің бірі Сәндібала Мәзенова 17 желтоқсандағы қақтығысқа өзі де қатысып, президенттің «рақымшылық жасау туралы» жарлығынан кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмай қалған адамдар санатынан екен.

Сәндібала Мәзенованың ері осыдан үш жыл бұрын қайтыс болыпты. Төрт баласы бар, оның екеуі студент. Үлкен қызы жылына 140 мың теңге төлеп, Ақтөбе қаласындағы Бәйішев атындағы университетте оқиды. Одан кейінгі ұлы – Шетпедегі колледждің студенті. Үшіншісі – яғни қызы 11-сыныпта, ал кенже ұлы 6-сыныпта оқиды.

Сәндібала Мәзенова Шетпеден жұмыс таба алмай, 250 шақырым жердегі «Кендірлі» демалыс орнының шаруашылық бөліміне орналасқан екен. Жеті күндік вахталық жұмыстың жалақысы – 54 мың теңге. Мемлекет 24 мың теңге жәрдемақы береді.

 – 16-сы күні Жаңаөзенде болған жайды естідік. 17-сіне Жармыш ауылына қонаққа баруымыз керек еді – балам жоқ. Түскі үш жарымдар кезінде баламды іздеп, ​
Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң - қақтығыс орны. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң - қақтығыс орны. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.
x
Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң - қақтығыс орны. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.
Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң - қақтығыс орны. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.
вокзал жаққа барғанымда пойызды тоқтатып тастағанын көрдім. «Назарбаев кетсін! Жауапқа тартылсын!», «Жаңаөзендік бауырлар, сендермен біргеміз!», «Жаңаөзендік бауырлардың қаны Назарбаевтың мойнында!» деген плакаттар ілініп тұр екен. Мұндайды көрген есі түзу адам кетіп қала алмайтын болуы керек. Арты не болар екен деп алаңдадым, – дейді ол.

Сәндібала Мәзенованың айтуынша, «13 жастағы баласы бір жағынан қызықтап, бір жағынан қорқып, вокзалды маңайлап жүрген».

 – Содан соң «Жармышқа бара алмаймыз» деп, 16 жастағы қызымды да шақырып алдым. «Тараң, пойызды жіберің» деп ауыл ақсақалдары сөйлеген болды, - дейді Сәндібала Мәзенова.

Оның айтуына қарағанда, «ашынған халық та түрлі әңгімелерге барып, біреу жұмыссыздығын, біреу бала-шағасын баға алмай жүргенін айтқан. Жеті айдан бері Жаңаөзенде ғана емес осы Шетпеде де топ адам ереуілдеп тұрған».

«ӘКІМГЕ ҮШ ТАЛАП» НЕМЕСЕ «АЛТЫ АВТОБУС ОМОН»

 – «Жаңаөзендегі қырғын тоқтатылсын», «Жаңаөзенмен арадағы телефон байланысы қосылсын», «Жаңаөзенге баратын жол ашылсын» деген үш талап қойылды аудан әкіміне, –  дейді Сәндібала Мәзенова.

Оның сөзіне қарағанда, 16 желтоқсан күні кешке қарай Шетпенің адамдары «Газель» көліктеріне мініп Жаңаөзенге аттанғанда жол полициясы жібермей қойған.

 – Әкім «Ол талаптарды орындай алмаймыз. Бұл – жоғарғы жақтың бұйрығы» деді. Бірақ президенттің жарлығын оқып беріп: «Ертең таңертеңнен бастап жол ашылады, байланыс болады. Коменданттық сағат енгізілді» деді, – дейді Сәндібала Мәзенова.

Ол әкім келмей тұрып-ақ балаларын ертіп кеткелі тұрғанын, бірақ біреулер жүгіріп келіп, «алты автобус ОМОН келе жатыр» деп айқайлаған соң «ОМОН-дарды көрейік, не зат екен, не болар екен?» деп кідіргенін айтады.

 – ОМОН-дар қолдарындағыларды тарсылдатып, халықты қорқытып-үркітіп келеді екен. Сатырлап келді де саппен тұра қалды. Сосын үш-төрт әйел барып, 
Тоқтап қалған поезд. Шетпе, 17 желтоқсан 2011 жыл. (Оқырманнан келген сурет)Тоқтап қалған поезд. Шетпе, 17 желтоқсан 2011 жыл. (Оқырманнан келген сурет)
x
Тоқтап қалған поезд. Шетпе, 17 желтоқсан 2011 жыл. (Оқырманнан келген сурет)
Тоқтап қалған поезд. Шетпе, 17 желтоқсан 2011 жыл. (Оқырманнан келген сурет)
«Айналайындар, қазақ екенсіңдер ғой, бұл жерде кілең қазақ тұрады. Кейін шегінің, оқ атпаң» дедік. Тоқтатуға тырыстық қой, – дейді Сәндібала Мәзенова.

Ол «басынан бақайшығына дейін мұздай қаруланып алған, автоматтары, тапаншалары, тағы бірдеңелері бар, адаммен мүлдем сөйлеспейтін» арнайы жасақтың бір бастығына барып, «Мыналарды алып кетіңіздер, кейін шегініңіздер» дегенін айтты.

 – Олар жақындаған сайын біздің балаларымыз шоғырлана түсіп, «тарамаң, тарамаң» деп жатты, бірдеңені бастап кетуге шақ тұр. Сосын біз «Сендер кейін шегінің, көліктеріңе қарай алып кетің, қазір бірдеңе болып қалса бізден көресіңдер» дедік. Жасақ басшылары да «Ата-анасыңдар, әйел адамсыңдар, мына жігіттерді тоқтатыңдар, айтсаңдар көнеді ғой» деді, – дейді Сәндібала Мәзенова.
Шетпе кентінің жалпы көрінісі. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.Шетпе кентінің жалпы көрінісі. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.
x
Шетпе кентінің жалпы көрінісі. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.
Шетпе кентінің жалпы көрінісі. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.

Сәндібала Мәзенова сол сәтте жігіттердің саны үш жүзге жуықтап қалғанын, ал ОМОН-дар оларға екі-үш метр жерге дейін жақындап келгенін айтады.

 – ОМОН-дар сап түзеп, балалар шоғырланып тұр. Енді бір-екі аттаса сойылмен соғатын жер. Соны көргенде екі-үш ата-ана балаларды шегіндіруге тырыстық. Ақыры басшылары келісіп, «Көліктерінің қасына дейін шегінетін болды, бірақ сендер пойыздарды жіберіңдер» деді. ОМОН артқа шегінген соң балалардың да шоғыры жазылып, бірі су ішіп, бірі телефонмен сөйлесіп, бытырай бастаған еді. Бір кезде ОМОН-ның басшысы жасағын қайта жақындатып келе жатқанын көрдім. Дереу басшысына барып, «Уәде қайда, жақындамаймыз деп едіңдер ғой» дегенімізде, «Ауылдарың суық екен, жігіттер жаурап қалды, жүгіртіп аламын» деді. Сосын перронның бойымен жүгіртіп, халықты бір қапталдан қоршап алды. Сөйтіп бізді алдап кетті, – дейді Сәндібала Мәзенова.

«ЕСКЕРТІП АТҚАН ШЫҒАР ДЕП ОЙЛАДЫҚ»

Сәндібала Мәзенова «жиналған жастардың қолында қару болмағанын, бары – теміржол бойындағы қиыршық тас екенін» айтады.

 – Балалар сол тасты төрт-бес метр жердегі ОМОН-дар жаққа лақтыра бастады. Негізі қоршауға түскен кезде қорыққандарынан лақтырған болуы керек. Оны жоққа 
"Шетпе оқиғасы" кезінде полиция қолынан оққа ұшқан Төребек Төлегеновтың қабірі жатқан қорым. Шетпе, Жармыш ауылы, 22 сәуір 2012 жыл."Шетпе оқиғасы" кезінде полиция қолынан оққа ұшқан Төребек Төлегеновтың қабірі жатқан қорым. Шетпе, Жармыш ауылы, 22 сәуір 2012 жыл.
x
"Шетпе оқиғасы" кезінде полиция қолынан оққа ұшқан Төребек Төлегеновтың қабірі жатқан қорым. Шетпе, Жармыш ауылы, 22 сәуір 2012 жыл.
"Шетпе оқиғасы" кезінде полиция қолынан оққа ұшқан Төребек Төлегеновтың қабірі жатқан қорым. Шетпе, Жармыш ауылы, 22 сәуір 2012 жыл.
шығармаймын, көзіммен көрдім. Тастың бірі тисе, екіншісі далаға кетіп жатыр. Төпелеп ұрған жоқ бірақ. ОМОН-дар ағаш үй сияқты жинақталып қалды. Бірақ ол жерде жарақат алған ешкімді көрген жоқпын, – дейді ол.

Шетпе оқиғасы куәгерінің айтуынша, сол кезде мылтық атыла бастаған. Бірақ Сәндібала Мәзенова оны «қару емес, ескерту шығар» деп ойлағанын айтады.

 – Баламды ертіп қашып келе жатқанымда екі баланың жараланып құлап жатқанын көрдік. Оны бір-екі бала сүйрелеп әкетіп жатыр. Оқ атыла бастағанда ауылдың үш-төрт жігіті «Апа, оқ тиеді, бері қарай жүріңіз» деп дүкен тасасына әкетті. Оқ даусы аздап басылғанда үйге қарай қаштық. Бір кезде ОМОН-дар жан-жаққа шыр айналдырып ата бастады. Қалай болса солай атты. Бірақ балалар тарап кете салған жоқ. Олар да айналып жүріп алды әр жерде, – дейді Сәндібала Мәзенова.

«АНА БАЛАЛАРДАН ЖАНЫМ АРТЫҚ ЕМЕС»

Сәндібала Мәзенова «Қылмыс жасадық деп ойламадық» дейді. Оны полицейлер қаңтардың 2-сі күні түсте, вахталық жұмысынан келген соң «куә боласыз» деп үйінен алып кеткен. Ішкі істер бөліміне апарған соң бейнетаспаны көрсетіп, «қылмысын дәлелдей» бастаған.

 – Сөйтіп куәгерден қылмыскерге айналдырды. Қазір айыпталып отырған балалардың аты-жөнін айтып, «қылмыстық істі ұйымдастырдың» деген айып тақты. 
"Папамның баласымын. Папам - түрмеде" дейді айыпталушылардың балалары. Шетпе станциясы, 22 сәуір 2012 жыл."Папамның баласымын. Папам - түрмеде" дейді айыпталушылардың балалары. Шетпе станциясы, 22 сәуір 2012 жыл.
x
"Папамның баласымын. Папам - түрмеде" дейді айыпталушылардың балалары. Шетпе станциясы, 22 сәуір 2012 жыл.
"Папамның баласымын. Папам - түрмеде" дейді айыпталушылардың балалары. Шетпе станциясы, 22 сәуір 2012 жыл.
Балалардың талабын қолдап жүргенім рас. Бірақ маған «Балаларға оқ атпаң, бәріміз қазақпыз, бір-бірімізді атамыз ба?» деген сөздерімді көрсетуді сұрадым тергеушіден. Бірақ оны көрсетпеді. Олар мені тек айыпты еткісі келді, – дейді Сәндібала Мәзенова.

Оның айтуынша, тергеушілер «Сіз мына жерде «пойызды жібермең» депсіз» деген уәж айтқан.  Сәндібала Мәзенова «Олай дегенім рас, оны мойындаймын. Балалар да «талабымыз орындалмаса,  пойыз кетпейді» деп тұр ғой» деп жауап бердім дейді.

 – «Үйде кәмелетке толмаған екі балам бар, қасыма әкеліп берің – мен жата беремін, неше күн жатсам да. Ана балалардан жаным артық емес. Айыбымыз бір болса, жата берейін» дедім. Екі тәулік қамады. Дегенмен сот «Мына кісіні неге ұстап отырсыңдар, босатың» деді. Сөйтіп босатып жіберді. Бірақ полиция «Мына сот санкция берген жоқ саған, облыстық сотқа кетесің» деген. Бір айдан асқаннан кейін бе екен - бір күні тағы полиция алып кетті. Бөлімге барғаннан кейін «Сіз рақымшылыққа іліндіңіз, енді жауаптан босатамыз» деді. Сөйтіп бүгін куәгер болып келіп отырмын сотқа, – дейді Сәндібала Мәзенова.

Түске дейін Шетпе оқиғасына орай өтіп жатқан сот алдында куәлік берген Сәндібала Мәзенова «ертең сотқа келе алмайтынын, вахталық жұмысқа кететінін» айтып, сары «Газельден» түсіп қалды.
 



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
26.04.2012 08:38
+3 / -0
Е, е, бәсе...Бұл иттер ( билік) басқа айтарым жоқ) Шетпеліктерді "поезды тоқтаттырдыңдар" деп емес, ана жерде көрініп тұрған "НАЗАРБАЕВ КЕТСІН! ЖАУАПҚА ТАРТЫЛСЫН!" деп ұстанған плакаттарға бола соттап жатыр-екен-ау?!

Дұрыс Шетпеліктердікі. Қарусыз халыққа оқ аттырттырды ма, онда оның қолы қанға малынды деген. Кетсін! Жауап берсін! Ал қазіргі уақытта осыны айтқан адамдардың бәрін түрмеге тыға берсе даламыз бос қалайын деп тұр екен ғой онда? Мейлі, пешенедегіні көреміз де.

НАЗАРБАЕВ КЕТСІН, ЖАУАПҚА ТАРТЫЛСЫН!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Тараздан
26.04.2012 09:33
+1 / -0
Меніңше, Жаңаөзен жастарын қырып жойып талқандаган полиция қызметкерлері (ОМОН жасақтары), жоғары басшылардан енді Шетпедегілерді қырып жойындар деп, тапсырма алган болып шыкты. Өйтпесе жиналып тұрған ашулы жастарды асқан қытыгездікпен автоматпен тағыда оқ жаудыру бұйрықсыз болу мүмкін емес. Осының алдында ғана ОМОН Жаңаөзенде 17 адамды атып өлтіргенде, Министр Касымовтың интервью бар ғой, керек болса, тағыда оқ жаудыруға бұйрық беремін деген! Сұмдық айІ Жаңаөзен трагедиясының тағы да бір қыр сырлары ашыла бастады. Бұл ащы фактілерге өзіміздің Нұркосмонавтымыз- Нұртоқтар ағамыз не айтады екен?

Кімнен: Балуанияз Қайдан: Шетпе
26.04.2012 10:49
+1 / -0
«Назарбаев кетсін! Жауапқа тартылсын!», «Жаңаөзендік бауырлар, сендермен біргеміз!», «Жаңаөзендік бауырлардың қаны Назарбаевтың мойнында!»
Пікір алмасу

Кімнен: ms.nekky Қайдан: KZ
27.04.2012 14:11
+0 / -0
НУРЕКЕ МЫ С ТОБОЙ! АЛЛАХ НАМ ПОМОЖЕТ! ДЕРЖИСЬ! ОН честнейший и добрейший, культурнейший ЧЕЛОВЕК с большой БУКВЫ!!!!!мы знаем что тебе тяжело, но Аллах дает испытания по мере имана! мы им покажем .Балуанияз!!!!!!!/Шетпе/ Если есть мозги в башке и они умеют работать, можно и в бедной стране стать богатым!Купке топырак шашпа!!!!!!!

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
26.04.2012 11:33
+0 / -0
МЫНАЛАР халықты өздері әдейі ТЕРРОРИЗМГЕ бастап жатырғой! Халықтың ызасын келтіріп, жала жауып!
БИЛІКте отырған Кейбіреулерге Осы керек болып тұрғой,
ЕЛДІ ӨЗДЕРІ КӨТЕРІЛІСке бастап! Билікте диверсанттар бар мұртынан күліп көрінбей, бірақ мақсаттарын іске асырып жатырған, біздің ұлтқа қарсы! Басқаша айту мүмкін емес!

Пікір алмасу

Кімнен: матай Қайдан: шетпе
26.04.2012 12:50
+1 / -0
Мұны терроризм демейді, наразылық дейді. Қай жерінде көтеріліс деген сөз бар. Бар болғаны бір кісіге арналған сөздер. Былғадың ғой,нәйсап, бара ғой деп жатыр. Көтерілің деген сөзді қайдан көріп отырсың?

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
26.04.2012 11:44
+1 / -0
Қазақ Стан емес, "Дорақ Стан" десе тап өз басым намыстанбаған болар едім! Өкімет те үкімет те дорақтар! Дорақ емей немене, сотталып жатқандар бейбіт халық - қазақтар да, соттап жатқандар сол бейбіт қазақтарға оқ атуға бұйрық берген билік жағы. Біз - қазақтар да "дорақтармыз"! Дорақ болып отырған себебіміз - жалған сотта өзімізді өзіміз соттатуға көндіктіріп отырғанымыз...
Бүгін Маңғыстау өңірі атылып, атылғандарй үшін сотталып жатса өгізге туған күн бұзауға да туады, ертең барша "дорақстандықтар", яғни қазақтар атылып-асылып сотқа тартылмақшы, соны ойлап бас қатырып жатқан тағы ешкімді көріп тұрғаным жоқ, бәрінікі бүгін не жейді, не ішеді, не киеді... Қол-аяғы байлаулы, тамағын пышақ қашан орып түсіредіні күтіп жатқан қой тектес не деген бақытты ұлтпыз!

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
26.04.2012 13:46
+1 / -0
Өз халқына оқ атқан билікке кешірім жоқ! Шын жазықтыларды жауапқа тартпай халық еш тыншымайды. Әділеттіктің орнауын кешеулеткен сайын халық сотында жазалар да ауырлай беретінін мына жетесіз билік түсінбейтін сияқты ғой... Қашанғы мылтықтың күшімен билікті осыла ұстап отыра береміз дейді екен, ә, батшағарлар?!!
Пікір алмасу

Кімнен: аси патриот Қайдан: астана
26.04.2012 16:07
+0 / -0
ұялмайсыз ба, жұртты айдап салып бір біріне, арасына кикілжің туғызып, барлығымыз да бейбіт өмір сүргіміз келеді, ал сол кездегі бас көтерген, немесе бұзақы жасаған кісілер жазаға тартылуы тиіс, егер де әр қайсымыз ішіміздегі наразылығымызды сыртқа күшпен, немесе біреуге азап тигізіп, бұзақылық арқылы көрсетске сонда не болғанымыз, сонда әрине құрдымға бірақ келдік деген сөз. егер де сол күні мүмкін сол бұзақы кісірлерді тоқтатпағанда, ары қарай не боларын кім білсін...
Пікір алмасу

Кімнен: жеткізген айдар Қайдан: Шетпе
26.04.2012 19:02
+0 / -0
«Назарбаев кетсін! Жауапқа тартылсын!», «Жаңаөзендік бауырлар, сендермен біргеміз!», «Жаңаөзендік бауырлардың қаны Назарбаевтың мойнында!» деген плакаттардан қандай бұзақылық көрдің, қайта бейбітшілікке шақырып тұрған жоқ па, қан төкпеңдер, халыққа оқ атпаңдар дегеннен қандай бұзақылық көрдің. Керісінше, сол бейбітшілікке шақырғандарды оқ атып, қуған қанішерлерді отырғызу керек айыпкер орындығына.
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
26.04.2012 19:54
+0 / -0
аси патриот, мен мына сіздің халыққа оқ атқан билікті қорғаштап сөз жазғаныңыз үшін ұялып отырмын. Билік жасаған қылмысты айыптау, сіз айтқандай, жұртты бір біріне айдап салу мен арасына кикілжің туғызу емес.
Әділет салтанат құрмай халық тыншымайды деген сөзімнен не мін таптыңыз? Жұрт ай сайын шеруге шығып, өз дауыстарын естіртіп жатқаны сіздіңше бейбіт өмір сүріп жатқанын білдіре ме?
Жоқ!
Жұрт әділет талап етеді және соған қол жеткізбей тыншымайды да! Мен соны айттым. Мен сіз жазғандай "бұзақы кісілер" деп мұнайшыларды емес, оқ атуға бұйрық бергендер мен заңсыз бұйрықты көзсіз атқарғандарды айтып отырмын. Солардың жазасын беру керектігін айттым. Арандатушы топты айттым. Неге оларды қамамай еш күнәсі жоқ мұнайшылар мен жазықсыз жүргіншілерді қамап, соттап жатқанын айттым. Бұзақы кісілер - солар.
Мына сотталып жатқан жандардың арасында олардың біреуі де жоқтығы - әділет ауылынан алыстап кеткенімізді білдірмей ме, сіз қалай ойлайсыз?!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Шымкенттің (Щ) сі
26.04.2012 13:53
+0 / -0
Мұсылман баласы өз бауырына өзі қалай оқ атады?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 14:39
+1 / -0
Жасасын Жанаозен. Жасасын Шетпеликтер,Алла сендерге он кощимен карасын, Кулли казактын абыройын аякка таптатпаган ,кайран адайларым-ай.

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
26.04.2012 16:03
+0 / -0
"Болдырған сиыр қалай болса, солай т... " деген сияқты сына билік мылтықты қалай болса, солай атқаны біткенін білдіретін болса керек!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 16:19
+0 / -0
Бұл биліктің адамдық кейпі қалмаған екен. Жаңаөзенде оқушыларды айдап әкеліп оқтың астына салып еді, енді Сейдуманов Алматыда Абай ескерткішінің алдына балалар мейрамын ұйымдастырып отыр екен. Сәбилердің артына тығылып жан сақтап отырған бұлардан басқа әлем тарихында басқа кімдер болған екен. Керісінше, дұрыс қоғамда балаларды ондай конфликт болатын жерден алып кету керек емес па? http://www.guljan.org/ru/news/komments/2012/April/1839

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 18:34
+0 / -0
Менің білетінім былыққа батқан билік алысқа бармайды, бармааййдыы! Өз-өзін өтірік ақпаратпен алдап, кәйп ұстап отырған елде болашақ бар ма? Үстімізде бір отандық шүберек жоқ, алдымызда бір отандық ас жоқ! Ұят, тіпті!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.04.2012 12:08
+0 / -0
Қылмыскерлер жасаған істері үшін жазаларын тартсын .

Кімнен: Болатжан Қайдан: Алматы
27.04.2012 12:19
+0 / -0
Шетпе оқиғасына орай қақтығыстың басталуына ОМОН-дар кінәлігі байқалады, қақтығысты беибіт жолмен шешу мүмкіндіктері болған. Қоршауға алмағанда өзара келісіп бейбіт жолмен шешілетін еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Алаш Қайдан: Алматы
27.04.2012 13:06
+0 / -0
Басты мәселе халықтың жағдайы мен бірлігі, мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығы. Осы жағдайларды ескере отырып, сот шешімді әділ шығару керек! Билік те бұған мүдделі болу қажет!

Кімнен: Сократ Сократ Қайдан: Казахстан
27.04.2012 13:09
+0 / -0
Ақиқатты анықтау үшін сот жұмыс жасап жатыр. Сот төрелігіне күмән келтімей ақырын сабырмен күтейік
Пікір алмасу

Кімнен: Қабақай Адай Қайдан: Атырау
27.04.2012 16:10
+0 / -0
Ең алдымен сот оқ атуға бұйрық берген, оқ атқан, абақтыдағыларды азаптағандарды соттаудан бастаса айтар едім әділ сот деп.

Кімнен: Дәулет Серікбаев
27.04.2012 13:40
+1 / -0
Жазықсызды кiнәлi еткен бе,
Полиция ғана "зардап" шеккен бе,
Жаңаөзен түрмесiнде халық пен қанiшердiң
Орындары ауысып кеткен бе?

Түрмеде өрiм жастар топтап жатыр,
Судья белден басып оттап жатыр,
Қорқаулар атып, соққан құрбандарды
Ал енді кінәлі ғып соттап жатыр.

Шындық іздеп аузыңнан шықса ой бөтен,
Кiсендеп табан асты ұстайды екен.
"Халық жауы" атандырған асылдарды
Кешегі 37-нiң сотына ұксайды екен.

Кімнен: Римма Қайдан: Шымкент
27.04.2012 16:17
+0 / -0
Әділетті сот барлығын өз орнына қояры анық.

Кімнен: MaratAK Қайдан: Shymkent
27.04.2012 18:51
+0 / -0
Сотталышулар өз кінәларың әрине мойыңдамайды. Жанаозендегісінде Роза Тулетаева өзі істегені жетпегендей, Шетпеде басқада белсенді сотталышулармен соттада куәгерлерге қысым жасайды деп ойлаймын.

Кімнен: азат
27.04.2012 21:44
+0 / -0
Қазақ елім, ел бірлігін татулықпен, сыйластықпен, сабырлылықпен сақтайық. Полиция қызметкерлері тек берілген бұйрықты іске асырған шығар. Олардың басты міндеттері -қоғамдық тәртіпті сақтау. Кінәлі болса жауапқа тартады, кінәсі болмаса босатып жібереді ғой. сабырлық сақтау керек. Соттың адамгершілігіне, әділеттілігіне және бейтараптығына сенім артайық, халайық!

Кімнен: Беріш Қайдан: Баянсыз ел
28.04.2012 18:57
+0 / -0
Өз Халқына оқ ату қорқақтықтың белгісі . Кешірілмеитін ауыр күнә . Біз түгіл келер ұрпақ кешіреде алмас . Киелі Оғланды тауының бөктеріне орналасқан Жаңаөзенді қанға боядық аяушылық болмады , Бекет ата жатқан аимақты оирандап алашаң қылып ұландарыма оқ атылды . Қасиетті жерге қан төккізген жетесіз билік жеті атасына деиін ауыр күнәға батып қарғысты арқалап парт билеті құсатып қалтасына салды . Жазуға қолың бармаитын , аитуға аузың бармаитын басымызды жарып , аяғымызды сындырып , оқ атып қатыгездіктің небір үлгісін көрсетті . Осындаи билікпен болашағымды сабақтаи алмаимын , болашаққа бұл жүиемен барғымда , жүргімде келмеиді . Қанішер билік ертең тағыда қанымызды ішбес үшүн неістеиміз . Басынан бағы таиған баянсыз билікті күреп тастап жаңасын орнатқандағана даламызға бақыт құсы қонған ел боламыз .

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?