Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:10

ӘЛЕУМЕТ

Кеңқияқ пен Шұбаршиде полициямен қақтығыста қаза тапқандар жерленді

Шұбарши, Сарыкөл және Кеңқияқ ауылдарында екі полиция қызметкерін өлтіргендерге қарсы арнайы операция барысында қаза тапқандар жерленді. Бір ауылдан екінші ауылға ағылған жұрт қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып жатты.

Арнайы операцияда қаза тапқан Тоқтарбек және Ақылбек Мәмбетовтердің анасы Шолпан Маханова. Шұбарши ауылы, Ақтөбе облысы. 11 шілде 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

1 шілдеде Ақтөбе облысының Темір ауданында екі полиция қызметкерін өлтіріп, тағы бірнешеуін жаралаған қарулы топқа қарсы арнайы операция басталған еді. 8 шілде күні атыстан 8 адам қаза тапқан. Билік олардың барлығы «дінді жамылып, мұнай ұрлаумен айналысқан» топ құрамында болғанын мәлімдеді. Ресми мәліметтер бойынша, топ Сарыкөл, Шұбарши және Кеңқияқ ауылының тұрғындарынан құралған.

Қаза тапқандарды жерлейтін 11 маусым күні Ақтөбеден Шұбарши ауылына кіретін жолдарға беренді кеудеше киіп, автоматтармен қаруланған күзет қойылып, бақылау күшейтілді. Жолаушылардың жүктері мен құжаттарын тексеріп, қайда және не себеппен бара жатқандарын сұрады.
Арнайы операция кезінде атылған оқтар. Кеңқияқ ауылы, Ақтөбе облысы. 10 шілде 2011 жыл.

Ауылға кіре берісте шатырлар тігіліп, отын дайындалды. Қазандарда ет асылып, бауырсақ пісіріліп жатты.

ЖЕРЛЕУ КҮНІ

Қаладан бірінші болып ағайынды Мейрамбек және Мейірбек Ибраевтардың сүйектерін әкелді. Туыстарының айтуынша, Мейірбек Кеңқияқтың шетіндегі сарайда күдіктілермен бірге жасырынған ағасы Мейрамбекке тамақ апарғанда оққа ұшқан.

- Ұлым ол жерге кездейсоқ барып қалған. Бұған дейін үйде болған, оны көп адам көрген, - деп жылайды бес баланың анасы Сәуле Ибраева.

Ибраевтардың туыстары тонналап мұнай өндіретін мұнайға бай мемлекетте халықтың кедей тұратынын, жастардың кедейшілікте өсіп жатқанын айтып наразылық білдірді.

- Мұнда соғыс жүріп жатыр, ал Астанада президент той жасады. Екінші Шешенстан шықпауы керек. Бөтен полиция келеді де жымқырады, діндарларды қорлайды, бір жылдың ішінде көлік сатып алады. Оны қандай ақшаға сатып алады? Жергілікті тұрғындардың ешқайсысы қызмет сатысында жоғарылай алмайды. Жоғарылайтындардың бәрі – сырттан келгендер. Олар бізге дөрекілік танытады. Мен құрбыларыммен бірге кедейшілікте өстім, ешнәрсе көрмедім. Біз өлместің күнін көріп жатырмыз. Бастықтардың бәрі мұнда, Ақтөбеде бір-бір коттедж салып алған. Міне, мұнайды кімдер ұрлап жатыр. Бұны барлық тұрғындар біледі, бірақ билік оны көргісі келмейді. Мен билікті жек көремін, - дейді Кеңқияқ ауылының Толқын есімді жас тұрғыны.

Өзінің аты-жөнін атамауды өтінген Шұбарши ауылының тұрғыны полиция қызметкерлерінің өліміне жандары ауырмайтынын айтты.

Арнайы операция кезінде алты адамды осы жерде атты. Кеңқияқ. 10 шілде 2011 жыл.
- Әрине, арнайы қызметтің сарбаздарына обал, олар өздерінің
міндеттерін орындады. Қаза тапқан полиция қызметкерінің бірі тұрғындар арасында «Бес литр» деген лақап атпен танымал жігіт еді. Ол жүргізушілерден ұдайы бес литр бензин алатын, пара алған. Мешітте намаз оқып тұрған намазхандарды артынан теуіп, кемсітіп, қорлап жүретін. Шыдамның да шегі болады. Сіз мұнда үш күн тұрып көріңізші, біздің қалай күн көріп жатқанымызды байқайсыз. Су жоқ, ауа ластанған, жастар жұмыссыз. Мұнай компаниясына жұмысқа тұру үшін 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін пара талап етеді. Теледидардан оларды мұнай ұрлады деп жатыр. Ал өлтірілгендердің барлығы қарапайым отбасынан шыққан. Біз балаларды уайымдадық, олардың өлетінін білдік. Бәріміз «олардың өлгендері жөн еді» деп тұрдық. Себебі тірі қалғанымен оларды бәрібір қинайтын еді, - дейді ауыл тұрғыны.

«ІШІМДІК ІШПЕЙТІН, ТЕМЕКІ ШЕКПЕЙТІН, НАМАЗ ОҚИТЫН» ЖІГІТТЕР

Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарши ауылында 11 шілде күні таңертеңнен бастап Тоқтарбек пен Ақылбек Мәмбетовтардың туыстары олардың денесін Ақтөбеден қашан алып келетінін күтумен болды.

Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарши ауылында арнайы жасақтың қарулы топты ұстау операциясы кезінде қаза тапқан Тоқтарбек пен Ақылбек Мәмбетовтардың туыстары ағайынды екеудің тәрбиелі, мектепте белсенді оқушылар болғанын айтады.

Тоқтарбек пен Ақылбектің анасы Шолпан Маханованың айтуынша, ұлы Тоқтарбек мектепте оқып жүргенде қоғамдық жұмыстармен айналысып, белсенді болған, жақсы оқыған әрі көпшілігі оны құрметтеген.

- Тоқтарбек мектеп президенті болды, оны оқушылардың өздері сайлады. Мектепке барып өзіңіз сұрасаңыз, кез-келген адам осылай деп айтады. Ішімдік ішпеді, темекі шекпеді, мейірімді болды. Еш жерде полицияның есебінде тұрған жоқ. Жұма күндері мешітке барып жүрді, бірнеше жыл бұрын намаз оқуды бастады, - дейді Шолпан Маханова.

Оның сөзіне қарағанда, 2005 жылы оның күйеуі қайтыс болып, әкімдік оның жұмыссыз ұлдарының бірін жұмысқа тұрғызған.

- Ұлым Тоқтарбек мұнай колледжін тәмамдап, Жаңажолдағы зауытқа оператор болып жұмысқа тұрған. Алғашында 35 мың, кейін 90 мың теңге алып жүрді. Біз жер үйде тұрамыз. Тінту басталғанда әскерилер едендерді бұзып, керегеден түсқағаздарды жұлып тастады. Үйді кеше ғана ретке келтірдік. Тіпті қызымның жасау-жабдығын да бұзды, ыдыс-аяқтарын сындырып тастады, - дейді Шолпан Маханова.
Нұрлыбек Өркешбаев арнайы операция кезінде өлтірілген бұзауының қасында тұр. Кеңқияқ. 10 шілде 2011 жыл.

«ШКАФҚА ЖАСЫРЫНДЫҚ»

Кеңқияқ ауылының тұрғыны Нұрлыбек Өркешбаев өзінің 8 шілде күні жұмыстан үйіне келіп, үй киімін киеді де, ұсақ-түйек шаруасын атқаруға ауласына шығады.

- Әйелім де бақшаға шыққан. Қарасам, арнайы жасақтың төрт сарбазы тұр. Олар бізге «үйге кіріңдер» деді. Сосын атыс басталды. Түні бойы атыс болып, ұрыс жүрді. Полиция бөлімшесіне бізді құтқаруды сұрап телефон шалумен болдық. Бірақ ондағылар «шыдаңдар» деп жауап берді. Кезекші өзінің аты-жөнін айтпады. Егер әпкем полицияға қоңырау шалып, шу көтермегенде біз өліп кетер едік, - дейді Нұрлыбек Өркешбаев.

Оның әпкесі Айгүл Әкімгереева өзінің полицияға қалай телефон шалып, көмек сұрағаны жайлы былай дейді:

- Кезекшіге бәрін айтып, туыстарымды құтқаруды сұрадым. Ол үйде 21 маусымда туған омыраудағы нәресте барын айттым. Бауырымның ұялы телефонына үзбей хабарласып, дем беріп отырдым. Бәрінің аяқталатынын айтып, тыныштандырып бақтым. Түн ішінде көршілерінің бірі үйдің өртеніп жатқанын айтты. Мен қорыққанымнан жылап жібердім. «Туыстарым өртеніп кетті» деп ойладым. Тек таңғы сағат жетіде оларды құтқарып алды. Алайда бауырымды әскерилер ұрып-соғып тастаған.

Нұрлыбек Өркешбаевтың сөзіне қарағанда, ұрыс таңғы сағат төртке дейін
Нұрлыбек Өркешбаев атыс кезінде әйел-балаларын жасырған шкафты көрсетіп тұр. Кеңқияқ. 10 шілде 2011 жыл.
созылыпты. Аздаған үзілістен кейін қайтадан атыс басталған.

- Әйелімді балаларыммен бірге шкафқа жасырдым. Өзім төсектің астына
тығылдым. Барлық жиһаздар мен қабырғаны оқ тесіп тастаған. Еденде жарылыстан үлкен шұңқыр пайда болды. Шатырдан сарбаздардың қалай жүгіріп жүргені естіліп тұрды. Тек ұрыс басталғаннан кейін он сағаттан соң арнайы жасақ терезеден алдымен әйелім мен балаларымды, сосын мені шығарды. Мені бірден етпетімнен жатқызып, қолыма кісен салды. Сосын арнайы жасақ бір сағаттай артымнан тепкілеп, қылқындырып, уаххабит екенімді мойындауымды талап етті. «Құлақ шекеңнен атып тастаймын» деп қорқытты. Кім екенімді анықтаған соң сарбаздардың бірі күліп жіберді де, сиырымның өлгенін айтты, - дейді Нұрлыбек Өркешбаев.

Нұрлыбек Өркешбаев атыс кезінде өзінің бұзауы, құстары өліп қалғанын, ал сиырының жараланып, сарай орнында үлкен шұңқыр пайда болғанын айтады. Жарылыстан көршілерінің техникалары жанып кеткен. Үйлерінің терезелері сынып, керегелері оқтан шұрқ тесік болып қалған.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, өлген алты адамның денесі трактор күрегінің астынан, екеуі соған жақын жерден табылған.
Нұрлыбек Өркешбаев атыс орнын көрсетіп тұр. Кеңқияқ. 10 шілде 2011 жыл.

Ал ең соңында қаза тапқан Қуаныш Әлімбетовті бағананың жанында аңшы мылтығымен атып тастаған. Ағаштан кеуіп қалған қан мен дене бөлшектерінің дағы әлі де көрініп тұр.

ШҰБАРШИДЕГІ МЕШІТТІ ЖАУЫП ТАСТАУЫ МҮМКІН

Шұбарши ауылдық округінің әкімі Роза Сатанова атыс кезінде үй-жайы, малдары зардап шеккен тұрғындарға жергілікті билік тарапынан көмек берілетінін айтты.

- Иә, тұрғындар зардап шекті. Бүгін аудандық комиссия құрамыз, оның құрамына сәулет басқармасы, БТИ өкілдері енеді. Шығын көлемін анықтап, материалдық көмек көрсетеміз, - дейді Роза Сатанова.

Шұбарши ауылында мешітті жабу мәселесі талқыланып жатыр. Оны шағын ғана мұсылман қауымының жетекшісі, екі жыл бұрын Арқалық түрмесінде жұмбақ жағдайда қайтыс болған Азамат Кәрімбаев салған.

- Шұбаршиде имам болған. Біз оған жағдайын жасап бергенбіз. Соңғы уақыттары оны байқамадық, сірә, кейінгі күндердегі жағдайлар әсер еткен болуы керек. Мен Шұбаршидегі мешіттің жабылуына қарсымын. Мешітті тұрғызып алды, енді оны бұзбақшы, себебі неде? Халыққа мен не деймін? Мешіт әділет органдарында ресми түрде тіркеуден өткен. Оған өзі парасатты және түсініксіз сұрақтарға нақты, дұрыс жауап бере алатын білімді имам қажет. Әйтпесе, Құранды екі адам оқитын болса, екеуі екі түрлі түсіндіреді. Ресми бір түсініктеме болуы керек қой, - дейді әкім Роза Сатанова.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: елiм менiн Қайдан: елден
13.07.2011 09:37
+0 / -0
мен барине халыкты киналайтын биздин ЗОРЛЫКШЫЛ БИЛIККЕ СЕНБЕЙМIН!!!!!!!!!!!!!!!
бул жиырма жыл бойын жиналган ашу мен ызанын айкын корiнiсi.

жетпiс жыл орыс баскыншылары кан каксаткан халкымды, ендi онын куйыршыктары кашангы каксатады екен...............

Кімнен: табын
13.07.2011 10:29
+0 / -0
бұдан былай билік халықтың жағдайын жасамаса, жағдай қиындайды. Қазір 9 өлтірді, ал олардың артында 40-50 туысы қалды ғой.

Кімнен: Әлім Қайдан: Ақтөбе
13.07.2011 10:38
+0 / -0
Бұл жерде тек билікті ғана кінәлау--тым үстірт ұғым.Халықтан да бар.Жалпы, біздің жастарымыз тым аңғал, сенгіш әрі сырты жылтырағанға үйір екендігін жасырудың да қажеті жоқ.Мешітке барып, құран оқи бергеннен немесе сырттан келген діндарсымақтың "біз сіздерге жұмақ орнатамыз" деген арандатушылыққа да ермеген жөн. Иә, біздегі билік--зорлықшыл билік, ақшаға құныққан арамза билік. Алайда осы билікпен де өркениетті түрде күрескен дұрыс. Ұйымдасып, көшеге шығып, жұмыссыздықты жоюды, халық байлығын әділетті бөлуда талап еткен жөн. Ал енді салафитті немесе құраниттік (өшең иттіктерге) ағымға еріп, қолға қару ұстап, ашық шайқасқа шығу--өзіңді-өзің оққа байлап берумен тең. Ондайларды билік тұп-тамырымен, бала-шағасымен бірге құртып жібереді. Былайғы жұртқа "ойбай, біз лаңкестермен күресіп жатырмыз" деп сылтау айтады. Мұндай сөздер ана Америка мен Еуропа елдерінің құлағына майдай жағады.Мұсылмандар бір-бірін қырып жатса, оларға мұнан артық не керек. Демек, бізге бейбіт күрестен басқа жол жоқ. Ең болмаса біз анау Египет секілді елдерден үлгі алайық. Босқа арандамайық.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.07.2011 12:09
+0 / -0
айналайын, не айтып отырсың?! халықты осы жағдайға жеткізген ұры билік!
Пікір алмасу

Кімнен: атырау Қайдан: мангыстау
13.07.2011 13:39
+0 / -0
Әлімін деп отырған сен ҚАЗАҚ емессін,немесе сен сол биліктин адамысын
Пікір алмасу

Кімнен: Азамат Қайдан: Тәуелсіз Қазақстан
14.07.2011 09:35
+0 / -0
Әлімнің айтқанына қосыламын.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
13.07.2011 11:01
+0 / -0
"Мырқымбай" заман қайта айналып келді! Қазақтың кеудесіне орден тағып, аздаған билік беріп қойсаң өз ұлты түгілі өзінің туған туыстарын да жайратып салады! Жазушы Геролд Белгердің бір қазақ баласының атын ырымдап "Ордендай" деп қойыпты дегені шындық екен ғой!

Кімнен: Ешким Қайдан: Актобе
13.07.2011 12:32
+0 / -0
Енді шығайыкта көтеріліске, билекке қарсы мен дайынмын

Кімнен: Риза
13.07.2011 12:35
+0 / -0
Алима, акикатты айтканын ушин жазганын ушин рахмет. Козиме жас алдым,оте кайгылы. Казагын мойындамайтын билик оз казактарын кырып салды. Алима жаза бер жаза бер айналайын, мине журналист осындай болуы керек. Айтпесе кейнги жастар батыл айта алмайды коркады

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.07.2011 13:01
+0 / -0

Келешегі алда өрімдей жастар қылмыскер боп, оққа ұшты. Неге? Қанша Ана аңырап, ұлынан айрылды. Неге?
Қанша үй қара жамылып қалды. Неге?
Алақандай ауылдың бірлгі мен тірлігін ұйыта алмаймыз. Неге?
Нұрлыбектің малының орны толар-ау, адам орны толмайды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.07.2011 13:30
+0 / -0
Бұл жерде тек билікті ғана кінәлау--тым үстірт ұғым.Халықтан да бар.Жалпы, біздің жастарымыз тым аңғал, сенгіш әрі сырты жылтырағанға үйір екендігін жасырудың да қажеті жоқ.Мешітке барып, құран оқи бергеннен немесе сырттан келген діндарсымақтың "біз сіздерге жұмақ орнатамыз" деген арандатушылыққа да ермеген жөн.
---------------------
Сонда бұлар батыстың бізге әкеліп жатқан ұрлық-зомбылық, ішімдік, анаша, зинақорлық, т.б да зобалаңдарынан қауіпті болып тұр ма? мен осы түсінбеймін, ата дінімен жүрген жастарыңа неге тіл тигізесіңдер? Ана кришнаитқа, христиан, және т.б секталарға кіріп жатқан қандастарыңды неге тілдемейсіңдер?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.07.2011 14:34
+0 / -0
рас егер билiк сектамен курессе неге ана иегова куагерлери, кришнаит деген сиякты сансыз елимизде орип журген христиан секталарымен куреспейди?

казир кит етсе уакабист..

Казир ваххабизм деген сөз кәпірлерге жақсы болды. Өзіне ұнамаған кез-келген мұсылманды ваххабистсің деп айғай салады.
Өз отанын жаудан корғап басқыншыларға қарсы шыққан ауған халқы - ваххабист.
Өз алдына тәуелсіз ел болам деп шариғат заңымен жүреміз дегені ушін орыстар қанын төккен шешен мұсылмандары – ваххабист.
Әруаққа сиынбай тек бір Алла деп жүрген әрбір мұсылман баласы ваххабист.
Халықты христиан сектасына емес ата дініміз исламға шақырып жүрген Дарын Мұбаров ваххабист.


Тіпті Қазакстан мұсылмандар бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі ваххабист (қараңыз, Қазақстан газеті, №8, 16 бет «тағы да уахабилер бүлігі»). бір бейшара бас мүфтиді уахаби деп айыптайды.
Қорыта айтканда ваххабизм деген кәпірлер мен жәһілдерге жақсы қару болды!
Пікір алмасу

Кімнен: 123 Қайдан: 123
13.07.2011 15:45
+0 / -0
правильно! . из фильма Операция Ы -" а воровать ничего не надо, всё уже украдено до вас!"

Кімнен: акикат шындыкулы Қайдан: кулсары
13.07.2011 17:08
+0 / -0
назарбаев кетпей елге жарык жок

Кімнен: Айтпаймын Қайдан: Білмеймін
13.07.2011 17:42
+0 / -0
Қазақстанда билік кедейшілікпен БТР, автомат, гранатометтердің көмегімен күресуде. Осының бәрі кедейшіліктен, халықтың азып-тозуынан туындап отырған жағдай. Ал жас жігіттерді қырып салдық, келесі кім? Мемлекетті жемқорлық тамырлап жайлап алды, бұлай кете берсе Қазақ елінің келешегі бұлыңғыр я қытайға немесе орысқа қайта бодан боламыз.

Кімнен: Назар-Бегім Қайдан: Ақтөбе
13.07.2011 17:43
+0 / -0
”Біз балаларды уайымдадық, олардың өлетінін білдік. Бәріміз «олардың өлгендері жөн еді» деп тұрдық. Себебі тірі қалғанымен оларды бәрібір қинайтын еді, - дейді ауыл тұрғыны.“ Не деген суық сөз еді!!! Өлімнен ұят күшті деп ар -намысты, ерлерше өлуді артық санаған арда қазағым-ай!!! Перзенттерінің шырылдап отқа түскенін көргісі келмей шарасыздықтан туған ауыр да болса адал үкім ғой мынау деген!! Неге ешкім селт етпейді? Мен мықтымын деп төс соққан белсенділер қайда? Неге шырылдап ара түспейді жастарға? Оларды діни нанымның желеуімен желіктіргендер тозақта өртенсін!!! Қыршын кеткен бір жастың өмірінен садаға ондай дін! Өлімге итерген діні құрысын!!!
Пікір алмасу

Кімнен: асем Қайдан: актобе
14.07.2011 13:33
+0 / -0
суық сөз дегенге келисемин. Бірақ әділ укім бе бул. 14 адам олди де калды. Жап-жас адамдар. Оларды полиция, сектант деп болгим келмейді. Екі жакта да бәлкім кінә бар шығар? Адаскандар бар шыгар. Бірақ бәрі де қазақтын балалары гой. Қазақтын ертени еди. Бугин адасса, ертен жол табар ма еди? Бугин түрмеге тусип, корлык көрсе, ертен омири тузелер ме еди. Умит болар еди гой. Олар шахид болды деген бекер соз. Қазақты алдап, шетинен "шахид" қылып құртып жибергиси келетиндердин сози. Соган алданып жур жастарымыз. Оларға жон силтей алмай биз отырмыз...
Пікір алмасу

Кімнен: Айна
14.07.2011 21:58
+0 / -0
”Біз балаларды уайымдадық, олардың өлетінін білдік. Бәріміз «олардың өлгендері жөн еді» деп тұрдық. Себебі тірі қалғанымен оларды бәрібір қинайтын еді, - дейді ауыл тұрғыны.“ - мына сөздер талай дүниенің мәнін ашып тұр. Бұл жерде ешқандай вахабис емес жемқорлар мен қара халық арасындағы қақтығыс сияқты. Осының алдыналар мүмкіндіктің болмағаны өзі аз қазақтың бірін-бірін қырып, бірі-бірімен өштесіп отырғаны жаныңды ауыртады. Күллі қазақ бас көтермей, бірді -екілі шыққан азаматтарды осылай "вахабис" деп жойып отыратын болады. Ал, Әсемнің "түрмеге барып түзелер ме еді?" дегені бекер сөз, сол түрмеден жоқ болып шығады, не нағыз вахабис болы шығады. Әскерде жүргендегі кезінде ондағы әділетсіздіктен менің інім дизбатта болған, келгенде еш жұмысқа тұра алмады, соңында мешітке барып жүріп, көйлек киген, сақал өсіргендердің қатарынан шыға келді. Қоғам түзелмей, әділеттілік биліке қонбай қазақтың азабы молаймаса, азаймайтына көзім анық жетті.

Кімнен: ІЛЕКЕН Қайдан: Қазақстан
13.07.2011 20:10
+0 / -0
Осының бәрінің артында НӘН тұр!!!
Оны кетіру керек!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.07.2011 20:49
+0 / -0
Не де болса елде қазақтар қырылып жатыр, баудай түсіп жатыр! Көлік апатынан да, суға кетіп те, өз-өзіне қол жұмсап та,діндісі де, дінсізі де, қыз зорланса да, қазақ қызы, зорлаушысының ұлтына қарасай, қай жағын алып қарасаң да қазақ қойша қырылып жатыр.

Кімнен: Сымбат Қайдан: Атырау
13.07.2011 22:13
+0 / -0
Кудайдан корыкпайтын билик! Халык кырылып жатыр, олар атагы "Астана кунин" тойлап жатыр(негизи Накендики), тойга шетелдин аншилерин шакыртып жатыр, солар тегиннен-тегин келмейтини анык кой, миллиондап соларга кетип жатыр, диндарлар емес, халыкты улайтын сондай шайтандар! Сонда халык не истеуи керек, туншыгып отыра беруи керек пе? Журекте иман болмагасын арине...
Аллах бакилык болган мусылмандарга жаннатты насип еткей!

Кімнен: Асқар Қайдан: Алатау
13.07.2011 23:02
+0 / -0
Илекең өте дұрыс айтасың! 1000 пайыз қосыламын! .Ол билікте қала берсе, әлі талай қасіретті бастан кешіреміз.Оның биліктегі әрбір күні--қазаққа зиян.Осыны түсінуге де көп ақыл керек пе. Оның осы уақытқа дейін жүргізіп келген сұрқия да құйтырқы саясаты ді өзінің арам да зиянды "жемістерін" береді. Бар зардабын, қасіретін халық көреді және көріп те жатыр.Қуға бәрі бір: "после меня хоть потоп".

Кімнен: еркін қазақ
13.07.2011 23:17
+0 / -0
әттең, мына ер қазақтардың бәрінің қырылып қалғаны өкінішті.бұлардың ерлігіне тәнті болып,амандығын тілеп отырып едік.осындай қазақтың ер жігіттері көп болғанда әліде қайтер еді.дегенмен мықты екен жігіттер, аруақтарыңа тағзым етеміз,жандарың жәннатта болсын азаматтар!

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Көкшетау
14.07.2011 07:02
+0 / -0
Арнайы операцияда қаза тапқан Тоқтарбек және Ақылбек Мәмбетовтердің анасы Шолпан Маханова.
--------------------------------------------
Қайран анашым- ай. Суретіңе қарап жүрегім қан жылады- ау...

Кімнен: Жанашыр
14.07.2011 08:43
+0 / -0
Болып жатқан өте өкінішті әрі қайғылы жағдайға ешқандай діни ұйымның қатысы болмауы мүмкін. Билік өз зұлымдығының әшкере болып қалмауы үшін ойлап тапқан саясаты. Бұл жоқшылықтан туындап отырған жағдай ғой. Бұл қанды оқиғаға кейінгі ұрпақ басқаша сипат беруі мүмкін.

Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
14.07.2011 11:30
+0 / -0
ҰЛТЫМА ОҚ АТЫЛДЫ

Оқ атылды!
Ұлтыма оқ атылды –
Жауыз билік қазаққа қан татырды!
Билік пен қазақ халқын қаққа бөліп,
Қызыл жалау байланған жіп тартылды...

Оқ атылды!
Қазаққа оқ атылды –
Қорқытпақшы пиғылмен доқ атылды!
Тұншықтырмақ ұлтымды қанға малып,
Жығатын кезі келді «Ақ шатырды»!

Алдымен жоғалтқаным – жерім еді,
Жөргегінде тұншыққан – тілім еді!
Тапталған ар-рухымның арты міне –
Оқ атылып қазаққа – ажал келді!

Ажал келді үйіме – Отаныма!
Қасқыр шапты бейбіт ел қотаныма!
Ажал келді,
Уа, жұртым, ажал келді!
Қауып төнді туған жер – Отаныма!

Жаңаөзеннен бастау ап «қанды өзен»,
Жалмамақшы ұлтымды қанға жүзген...
Оқ атылды!
Қазаққа оқ атылды –
Талай-талай қыршынның жанын үзген!


Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.07.2011 10:46
+0 / -0
Демалысқа кеткен болып қанша жасты қырғызды бас Ұры!
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі