Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:15

ҚАЗАҚСТАН

Созақ көтерілісіне 82 жыл толды

Қазақстанда 1929-31 жылдары Совет өкіметіне қарсы ұйымдастырылған 300-дей көтерілістің ірілерінің бірі – 1930 жылғы Созақ көтерілісіне 7 ақпанда 82 жыл толды. «Байлар мен діндарлардың билікке қарсы қарулы көтерілісі» деп бағаланған осы толқу әлі күнге дейін саяси бағасын алған жоқ» дейді зерттеушілер.

ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ отбасы. Сергей Прокудин-Горский түсірген тарихи фото. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

1928 жылдың тамызында Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің  «Ауқатты байлардың мал-мүлкін тәркілеп, жер аудару» жөніндегі қаулысы шыққаннан кейін Қазақ өлкелік партия комитетін басқарған Филипп Голощекин елді неғұрлым қысқа мерзім ішінде отырықшылыққа көшіруді бұйырды.

«Орталық биліктің жергілікті белсенділері халықтың қолындағы соңғы сауын малына дейін сыпырып алып, түрлі салықтармен халықты мезі қылды, елдің ішерге асы қалмады. Ал «колхозға бірікпейміз» дегендерді белсенділер қамап тастады» дейді тарихшылар.

«СОЗАҚ КӨТЕРІЛІСІ – ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС»

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков «Созақ көтерілісіне жергілікті белсенділердің жасы келген адамдарды апанға салып, қыс айларының қар-аралас жаңбыры кезінде азаптауы түрткі болған» дейді:

– Егер де 1930 жылдың басында орта шаруалардың үлкен тобын бай-құлақ деп айыптап, Созақ пен Шолаққорғанның жанында қазылған апанға салмаса, бұл көтеріліс басталмайтын еді. Сұлтанбек Шалақұлы бастаған жігіттер ашық аспан астында ауыр жағдайда отырған осы аталарын босатып аламыз деп сылтау ғып келген, – дейді тарихшы.

Созақ көтерілісін зерттеген тарихшының айтуынша, 1930 жылдың ақпанында әр ауылдың наразы жұрты жиналып, атқа мінерлері бас қосып, қолдарына қару алған. Халық тама руынан шыққан Сұлтанбек Шалақұлын хан көтеріп, көтеріліске жетекші етіп сайлады.

Көтерілісшілер ақпанның 7-сі күні таңертең өздеріне қорлық көрсеткен 
Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1925-1933 жылдардағы бірінші хатшысы Филипп Голощекин.
x
Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1925-1933 жылдардағы бірінші хатшысы Филипп Голощекин.
​​белсенділерді ұстап алып, оларды көпшілік алдында сабап өлтіреді. Созақ абақтысында жатқандарды босатады. Наразы жұрт балта, айыр, орақпен қаруланып, қамбалар мен дүкендердегі азық-түлікті тонап, жұртқа таратып жібереді. Аудандық атқару комитетінің кеңселері өртеліп, байлар тізімі жойылады.

Тарихшы Талас Омарбеков көтерілісшілердің аудандағы 20 шақты басшы, белсенді мен комсомол өкілдерін жазалап, Маркс пен Лениннің суреттерін көшеге шығарып өртегенін айта келе:

– Міне, бұл – шынында да кеңестік жүйеге қарсы ашықтан-ашық болған, айқын түрдегі ұлт-азаттық көтеріліс, үлкен көтеріліс, – дейді.

Тарихшының айтуынша, Сұлтанбек Шалақұлы бастаған жасақ 2 мың адамнан асқан. Бірақ көп ұзамай зеңбірекпен қаруланған жазалау отрядтары келіп, шоқпар, мылтықпен қаруланған бас көтерілісшілерді қоршап алып, қырып салған.

«ДУАНАҒА» СЕГІЗ АЙ ҚАМАЛҒАН БАЛАЛАР

Осы оқиғаны зерттеп, «Созақ көтерілісі» деген кітап жазған жазушы-журналист Өтеш Қырғызбаевтың айтуынша, «Созақ көтерілісіне басшы болған Сұлтанбек Шалақұлының 1930 жылы ақпандағы шайқаста қызыл әскер қоршауында қаза тапқаны айтылғанымен, оның сүйегін көрген немесе өлімін растайтын ешкім табылмады».

Зерттеушінің сөзіне қарағанда, Созақ көтерілісінде мергендігімен аты шыққан 
Созақ көтерілісін зерттеген журналист Өтеш Қырғызбаев.
x
Созақ көтерілісін зерттеген журналист Өтеш Қырғызбаев.
​​Салықбай Аралбайұлы көтерілістен кейін 10 жылға сотталған. Беломор каналының құрылысында үлгілі еңбегі үшін орден тағып, елге оралған Салықбайды жерлестері «халық жауы» деп билікке ұстап беріп, атқызып тастаған екен.

Өтеш Қырғызбаев Созақ көтерілісінен кейін қуғын-сүргін мен қудалау көрген адамдардың бұл тақырыпта көпке дейін ашыла әңгімелесуге сескенгенін айтады.

Ол Созақ көтерілісіне қатысқан адамдарды қамау үшін құрылған «Дуана» лагерінде отырғандардың әңгімелерін де жазып алған.

– Созақ қыстағы Қайнар елдімекенінің жанындағы Дуана деген жерде лагерь ашқан. Оның орны қазір де бар. Милициялар көп дегенде көлемі 3 метрдей ғана болатын кішкентай орларды жағалап, төбеден қадағалап, қарсы шыққандарын атып тастап отырған. Ол жерде балалар мен әйелдер де болған. Кейін олардан еш күдік болмаған соң, 8 айдан кейін босатып жіберген, – дейді Өтеш Қырғызбаев.

«ХАЛЫҚТЫҢ ҮШТЕН БІРІ ҒАНА ҚАЛДЫ»

Тарихшы Талас Омарбеков «ресми деректерде Созақ көтерілісінде 400-ден астам адамның қаза тапқаны айтылады» дейді.

Осы оқиғаны зерттеушілердің бірі Өтеш Қырғызбаевтың сөзінше, «бұл көтеріліс кемінде 2 мың адамның өмірін қиған».

– Алғашқы кезде 500 сарбазды атып өлтіргені, кейін тағы 400-ін табан астында атқаны бар, негізі үлкен қырғын болған. Елге санын азайтып көрсеткен тарихи 
Қазақстанда 1930-жылдардағы аштыққа ұрынған анасы мен баласы. (Көрнекі сурет)
x
Қазақстанда 1930-жылдардағы аштыққа ұрынған анасы мен баласы. (Көрнекі сурет)
​​деректерді ғана берген. Созақ көтерілісінен кейін көп адам тау асып, құм басып, көрші елдерге үдере көшкен, сол кезде көбісі жолда қырылған, – дейді Өтеш Қырғызбаев.

1928 жылы өз алдына аудан болып құрылған Созақта 12 мыңға жуық отбасы, 1 миллионға жуық ұсақ мал болған екен.

«Көтерілістен кейін Созақ ауданында халықтың үштен бірі ғана қалды» дейді тарихшылар.

«КІНӘЛІ – КОММУНИСТІК САНА»

Өтеш Қырғызбаев «Созақ көтерілісі үкімет тарапынан еленбей, 80 жылдығы тіпті аудандық деңгейде аталмай қалғанын» айтады.

Ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне хат жазып, Шымкент қаласы орталығындағы саябақта тұрған, Созақ көтерілісін басу кезінде қаза тапқан қызыл әскер ескерткішінің орнына сол көтерілісте мергендігімен аты шыққан Салықбай мерген бастаған көтерілісші сарбаздарды бейнелейтін ескерткіш орнатуды ұсынған екен.

– 1990 жылдары Созақ ауданында құрылған комиссия тарапынан Созақ көтерілісіне белгі орнату ұсынысы айтылып, оның тұғыры қаланғанымен, ол ескерткіш әлі орнаған жоқ, сол күйі қалды, – дейді Өтеш Қырғызбаев.
...саяси бағасын алмауына, Қазақстан тарихына енбеуіне кейбір коммунистік көзқарастан арылмаған тарихшылар себеп болып отыр.

Ал тарихшы-ғалым Талас Омарбековтің пікірінше, «Созақ көтерілісінің осы уақытқа дейін саяси бағасын алмауына, Қазақстан тарихына енбеуіне кейбір коммунистік көзқарастан арылмаған тарихшылар себеп болып отыр».

– Қазіргі аға буын тарихшыларымыз коммунистік жүйеден шыққандықтан, әлі күнге коммунистік санадан арылмаған. Созақ көтерілісін жай ғана «күштеп ұжымдастыруға қарсылық» ретінде ғана бағалап жүрген – осындай тарихшыларымыз. Соның салдарынан көтеріліс тарихтағы шынайы бағасын алмай отыр, – дейді Талас Омарбеков.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
07.02.2012 18:57
+0 / -0
Бұл билікке Совет одағында туылмаған адамдар келмейінше еш нәрсе болмайды. Қазір жастарға ақыл айтар үлкендеріміз былжырап екі сөзінің бірі кезінде совет одағында осындай еді деуден жалыққан емес, сол бір діні мен тілін, ділін құртқан, рухын өлтіріп хаюан қылған сол кезді айтудан шаршамайды, жалпы ол адамдарға дінді, текті түсіндіру қиындығы СССР дің үлкендеріміздің рухын қатты улағанын көре аламыз. Қазақстанда 50 ден асқандардың көбі, СССр-дың адамдары, соның тәрбиесі, кәпірдің жолы, жүрегінде имандылық аз, сондықтан бұл биліктің әрбір орнына қазіргі заманның иманды, Аллһтан қорқатын, мұсылманша тәрбие көрген, анасы дәретпен емізген адамы келу керек, басқа амал жоқ. НӘН-ПӘН, анау-мынау бәрі де дінсіз кезде дүниеге келіп, ойымен санасы уланып қалған адамдар. Дін мұсылман баласын, хақиқатпен билеген, арамды көңілі сүймеген, сахар тұрып жылаған, Аллаһтан медет сұраған бір момын адам келсе сонда тыныш боласың! Елім деген бір еркек шықса, қазақтар ақ көре алмай аяғынан тартып құлата салады.
Пікір алмасу

Кімнен: Қырдың қазағы Қайдан: Бақ қонған құтты елден
12.02.2012 16:04
+0 / -0
Ең үстідегі реңді суреттегі қазақтар - қазіргі Ташкент, Жизақ, Сырдария облыстарын мекендеген "құрама" деген қазақтар. Қыз баланың басындағы "гүлді" ақ тақия сол маңдағы өзбек ағайындардың салтынан келген. Түрлі-түсті бекасам шапанның болуы бұл қазақтардың көшпелі емес, жер еміп жүрген ел екендігін айғақтайды (даланың қазағы жүкті малға артқан, өзіне емес). Ал әйелдің үстіндегі сәлде тәрізді кимешегі оның қырғыз еліне біртабан жақын болғанын көрсетеді. Ердің тақиясы да сол кездегі түркістандықтардың үйде киетін бас киімінің пошымы ғо.

Кімнен: AYAZGUL Қайдан: ALMATY
07.02.2012 19:56
+0 / -0
TARIXTY KOLGA ALAR KEZENDER AZ BOLMASA DA , UKIMET TARAPINAN SALGYRT KARALGAN ,ALBETTE TAZA KOMMUNISTER BASKARGAN UKIMET ,NIETTENE KELE ASIKPAITYN MINEZIMIZGE BASYP ,KARABAYIR OMIR OTE SENIMWILDIK ZAIA KETTI ,OL ANIK ... kazaqtyn konılı sayraganmen , kuzgındar ketpey kozdın aıkara ashıları ekı talay bolmak...baıagy an jalgasa bermek ,xalıktyn ıwınen suyrylıp wykkandar jol sılter , azır kytude...!

Кімнен: ayazgul Қайдан: almaty
07.02.2012 20:09
+0 / -0
OTANDY SUYUI TARIXYMIZGA UNILIP KARAU EMES PE , ELEP ATAMAGAN ,KOGAMNAN JASKANDIRGAN TARTIPTEN KETE ALMAGANNIN UAKITININ KETKENIN AUIZ TOLTIRIP AYTAR KEZ KELGENI ALDAKAWAN BOLATYN ,AKSAK KOGAM WARWATTY.. TARIXTIN BETTERINEN WANDI URLEP PARAKTARDIN KELGENI , KELENSIZDERDI ATTARYNAN TUSIRU BOLMAK ,AYTPESE BASKA JOLDARDIN JOGIN SONGI OKIGALAR KORSETTI ...!

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
07.02.2012 20:47
+0 / -0
Осылай тарихи санамызды жаңарта беріңіздер. Өтеш Қырғызбаевқа ізденістеріңіз жемісті болсын деген тілек айтамыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 00:47
+0 / -0
Талас Омарбеков кандай адам?суретi бар ма? Пiкiрiн айтыпты,суретiн бермедI ме?белгiлi тарихшымызды бiлiп журейiк деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 14:31
+0 / -0
Қазақты қатты сатқан тарих институтының директоры Бүркіт Аяған. Жаңаөзен оқиғасы кезінде басқа сатқындар жәй жамандаса,"тарихшы сабаз" ату керек деп,полицейді қуаттады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 20:53
+0 / -0
Sozaq1930=Zhanaozen2011
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
07.02.2012 21:45
+0 / -0
Біз хазакдың басынан нелер, келіп нелер өтпеген талай талай кыргын согысдар аштыкдан кырылганы канша, мына кең байтак шыгысы ала тау ,батысы каспийдей улан байтак жерімізді баска мемлекетге сату былай турсын жалгада бермеүіміз керек бізге ата бабаларымыз калай калдырды ,бізде кейінгі урпагымызга солай калдыруымыз керек.

Кімнен: Диас
07.02.2012 21:49
+0 / -0
Үлілай, қарындасым, рақмет саған!
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
07.02.2012 22:23
+0 / -0
галашокин деген кан ішер осы кісіма бірінші рет көріп турмын,кәзір мәңгілік тозакда шыгар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 00:20
+0 / -0
Бірінші сурет қазақтың емес, өзбектің суреті болуы керек. шапаны да, тақиясы да сол жұрттікіне ұқсайды. Дегенмен оңтүстік өңірінің қазағы болуы да мүмкін.
Пікір алмасу

Кімнен: Абай ескерткішін сыйлау Қайдан: Алматы
08.02.2012 10:51
+0 / -0
Созақ көтерілісінде тамалар бастап шығып еді. Ұрпақтары ұсақталып кеткен бе? Бейбіт митингіге де шыға алмаи жүр . Жұбаныш Жексенұлы,Ханшайым Байдаулет,"алтайдың ар жағынан келгенаруды" айтатын әнші. ең болмаса төбе көрсетіңдер.Намызсыз қазақтарға ұқсап" бабаларымыз батыр болған" деп көлгірситіндердің қатарынан болмаңдар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 12:03
+0 / -0
бул тарихи окиганы али де жазып, республикалык ресми басылымдарга жариялап, осы исти аяксыз калдырмау керек. Менин де аталарым аукатты болганы ушин кампескеленип, жер аударылган. Биз суйегинин де кайда калганын билмеймиз.Тарих-акикат,ерте ме,кеш пе айтылуы, оз багасын алуы тиис.жазыксыз олгендердин рухтары киналмасын. Олардын есимдерин жариялап, онегели еске алу шараларын жсау керек. Ел болып, комектесиик. Азаттык,сиздерге рахмет. Осындай шындыкты ашуга комектескендериниз ушин

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 16:33
+0 / -0
шындықты ашуға көмектескендеріңіз үшін рақмет сендерге, Азаттық

Кімнен: Жайна
09.02.2012 12:43
+0 / -0
созак котерилиси туралы неге китаптарга енбей отырганы маган енди тусиникти болды. Коммунистер кетпей,санасы улангандар жогалмай,Казах тарихы жазылмайды деген соз!

Кімнен: Саке Қайдан: Алматы
10.02.2012 17:58
+0 / -0
Созақ көтерілісінің Қазақ тарихындағы орны ерекше. "Ойбайымнан аттаным жақсы" дейтін қазақтың бұл кезде Аттан түгілі ойбайға да шамасы келмей қалған кезі еді. 1930 жылдары Қазақтың "не өлім, не өмір" деп ұмтылған бірден-бір көтерілісі. Билікте "Қазағым" дейтін азаматтар отырса бұл туралы көптеген шаралар жасалып жатуы тиіс еді. Өкінішке орай билік Қазақты қолдамайтын "жемқорлар мен сатқындардан тұратынын әбден біліп болдық.

Кімнен: Asylbek Қайдан: УЛЫТАУ
12.02.2012 14:01
+0 / -0
Асссалаумагалейкум АЛАШ азаматтары. Отеш Кыргызбаев сиякты тарихшыларга рахмет.Ел ушин .Казак ушин котерилиске шыккан азаматтарды есте сактауда енбек ет!п журген азаматтарга рахмет.Созак котерилисин елемеген билик халыктык бил!к емес .Каз!р НАН бил!г! б!туге таяу калганда ,ертен заман озгергенде АЛАШ азаматтарынын урпагы осындай тарыхшылардын тарбиесине жетед! деп ойлаймын.АЛАШ заманы келеди.НАН тарихита жемкорлыктын басшысы болып калады