Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 14:47


ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

Компания ереуілді тоқтатуға шақырды

Жұма күні Атыраудағы қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" компаниясының ереуілдеп жатқан жұмысшыларын қос компания басшылары жұмысқа шығуға шақырды. Бірақ жұмысшылар талаптарының орындалатынын жазбаша түрде растауды талап етіп, көнбей отыр.

Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Жұмысшылармен кездесуге "Евразия строй капитал 2007" компаниясы директоры Чжин Фу Цзы мен оның орынбасары Алтай Томақаев, бухгалтері Әлия Жалғасова  және Sinopes Engineering компаниясы директорының кеңесшісі Жалғас Дүкенбаев келген.

Кездесуде жұмысшылар зейнетақы қорларына тиісті төлемдердің аударылмай жатқанын айтып, жалақыны көбейтуді, жұмыс жағдайын жақсартуды, мереке күндері және түнгі ауысымда істеген жұмыстары үшін қосымша ақы төлеуді талап еткен.

Кездесуге қатысқан Азаттық тілшісінің айтуынша, компания басшылары жұмысшылардың талаптарына құлақ асатындарын айтып, оларды жұмысқа шығуға шақырған.

- Бірақ жұмысшылар талаптарының орындалатынын жазбаша түрде растауды талап етіп, көнбей қойды. Бухгалтер Жалғасова жұмысшылардың зейнетақы қорына неліктен бір жылдан бері ақша аударылмай жатқанына нақты жауап бере алмады, - дейді тілші.
Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
x
Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.

Іле-шала Sinopec Engineering-тің Қазақстандағы өкілдігі мәлімдеме таратып, қазақстандық жұмысшылардың жалақысы сыйақы, және қосымша уақыт істеген жұмыстарының ақысымен қоса есептегенде 90 мың мен 140 мың теңге аралығында, ал қытайлық жұмысшылардың жалақысы 160 мың теңге екенін айтты.

Жұмысшылардың басқа да талаптары орынсыз екенін хабарлаған Sinopec-тің Қазақстандағы филиалы мәлімдеме соңында "Евразия строй капитал 2007" компаниясына 5 мамырға дейін жұмысшылар мәселесін шешуді міндеттеген.

Азаттық радиосы "Евразия строй капитал 2007" компаниясының жұмысшылары 2 мамырда жалақы мәселесі, еңбек дауын шешуді талап етіп, жұмысты тоқтатқанын хабарлаған болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Дала Қайдан: Оирандалған ел
04.05.2012 18:48
+0 / -0
Еңбек дауы елеусіз қалмауы керек , талаптары толықтаи орындалсын . Кешегі Жаңаөзеннен сабақ алар уақыт жетті , жалпы шетелдік компаниялармен жасақталған келісім шарттар қаита қаралсын . Тенгизде Қарабатанда , Қашағанда тәртіп орнатылып қанау тоқтатылсын , аилығымызды дұрыс есептеп жағдаи жасасын . Озбырлыққа төзе беретін халық емеспіз . Жерма жыл боиы алдап келгендерің жетер , кемшіліктер жоиылсын . Сол экологияға зианды , Қытаи өз елінде салуға халқы қарсы болған заводты салып жатқандарың аздаи басымызға мініп барасыңдар . Шетелдіктермен қазақ жұмысшыларының еңбек ақысы теңестірілсін . Осындаида Атырауды қағаз жүзінде алдынғы қатарға қоиған әкімдерің қаида . Қанымызды сорып қашанғы қанаи бересіңдер бір сәт ертеңдіде оилап қоиыу парызың емеспе , алжыған шалдың ығына жығыла бермеи . Өсетін ел бүгінін керемет қылар , өспеитін ел ертеңін жоқ қылар , оиланаиық әкімдер , қол жаулық болып жүргенше , әкім болып халқыңа неге жақын болып жүрмеисің , әліде тоимай арандарың ашылып , қарын тоисада көздерің тоимай жүрмекен .
Пікір алмасу

Кімнен: Марат Қайдан: Жанаөзен
04.05.2012 20:42
+0 / -1
Атқа мін Адай
Құрманғазының күйі ең ғой Адай
Пір Бекетіне сүйенген Адай
Жаңа-Өзен жақта қан өзені ағып
Шетінеп шетпе күңіренген Адай

Һаһарын шашып жерден нұр Құдай
Қорғасын оққа тойдың ғой Адай
Қыршыннан кеткен боздақтарыңның
Кегін жіберіп қойдың ғой Адай

Өзіңді атып өз елің Адай
Өртеніп менің өзегім Адай
Жалғанның ісі Бақиға кетпес
Сенің де келер кезегің Адай

Өрлігім едің, мақтаным Адай
Арайлап атсын ақ таңың Адай
Жараспас текке жатқаның Адай
Атқа мін Адай, Атқа мін Адай.

Хасенхан Ибрайымханұлы - Желтоқсан батыры
Пікір алмасу

Кімнен: Ғалымжан Қайдан: ҚАЗ
05.05.2012 03:21
+0 / -0
Осы адай адай қуып кететін қазақтарды түсінбим, түбіңе жетесің осылай адайлай берсең. Қою керек осы бәлені, өз басыңа бәле тілеп нең бар? Онсызда ішіміздегі іріткіміз жетед.
Пікір алмасу

Кімнен: Шатай Қайдан: Актау
04.05.2012 21:56
+0 / -0
Қазир біздин елде ереуілсиі ешбір құқық қорғалмайтын болды ғой сіра. Жалақы,жумыс кестесі және тағы да ерекшеліктер шет ел жүмысшыларымен жергілікті қандастарымыздың аоасында жер мен көктей екені мәлім жайыт. Өсетінімізді биліктің ойланар түрі жоқ, балық басынан шіріп жатқан жоқпа. Барша халық ереуілге шықпай биліктің ертеңгі күн түгілі бүгінгі күнді ойлайтын түрі жоқ дәл қазір. Арандары айдаһардыкіндей ашылған.Алматыдағы келіспейтиндер сияқты барлық қалаларда митингіге шығу қажет,тек қана еңбек назарылығы емес,ертеңгі үрпақтың болашағы үшін!

Кімнен: Батыс
04.05.2012 19:50
+0 / -0
Атырау болашағы жоқ қала , бара , бара бұл қалаға ит баиласаң тұрмаитын болып қалар себебі онсызда экологиясы бүлінген аимаққа жатады , ертең карабатандағы завод іске қосылғанда адамдар бұл қаладан қаша бастаиды кәзірде кетіп жатқандар көп . Осы қала жөнінде бір гәп бар 1998 жылы президент саилауында Назарбаев , Әбділдиннен жеңіліп қызыл белдеу атандық , Назарбаев , Тасмағанбетовты шақырып алып Атырауға әкім болып барасың қаланы ретке келтіресің , қанша сұрасаңда қаржы бөлінеді мен сол обылыстан халықтың сеніміне кіруім керекдеп ескеріткен . Аиытқанындаи Тасмағанбетов қаланы ретке келтіріп , қоқыстан тазартып сегіз аи әкім болып тұрды . Осы арада аитатын басты жаи НӘН бәрібір халық сеніміне кіре алмады , саилау саиын өзіде , партиясыда керекті дауыстарын ала алмады , содан бері көкеміз Атырау қаласының халқын жек көреді . Зиянды қалдықтары бар заводтар салынуы сондықтан , өлсең арам қалдегеннің кеипі сол үшүнде Атырау халқына жақсы ат жоқ НӘН осы өлкені жек көретіндігін әкімдердің жұмыс істеуінен , шетелдіктердің құтыруынан баиқауға болады . Сондықтанда осы өлкедегі кемшіліктер қолдан жасалған . Бірақ олар қатты қателеседі кешегі Махамбетпен , Исатаидың ұрпақтарымен , жалпы Батыспен бұлаи оинауға болмаитынын естерінен шығармаса екен .
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 21:38
+0 / -0
Қызылорданың жағдайы жетісіп тұр ма?
"Сыр-Алаштың анасы" дейді. Оңтүстіктен аптап ыстығы мен шаңы аздай, оңтүстік-шығыстан Шиелі мен Тайқоңырдан шыққан уранның радиациясы, солтүстіктен Құмкөлдің мұнай мен газының радиациясы, солтүстік-батыстан Аралдың тұзы мен космодромның ракетадан шыққан уы, сол "Алаштың анасының шаруасын тындырып", бітірді. Қызылорда обылысының халқының 100 пайызы түгел ауруға шалдыққан. Ауруханаға жату үшін кемінде бір ай кезекке тұрып, 5-10 мың теңге беріп жатасың. Көп ақша берсең қазір-ақ жатқызады. Қызылордадан басқа жаққа кетушілер өте көп. Кеткендердің кемістері болмаса, есі дұрыстары өлсе де Қызылордаға қайтып келмейді.
Құмкөлдің жұмысшыларының удың арасында жұмыс жасап жүріп алатын айлық жалақысы, сенсең де, сенбесең де айтайын, 30 мыңнан 90 мың теңгенің аралығында. Олар митенгіге шықпақ түгілі, бір ауыз қисықтау айтқан сөздері үшін, "құлақтардың" арқасында жұмыстан сол күні-ақ қуылады(Қызылордалықтар түгел құлаққа айналған ба деп қаласың). Ол орынға сол күні-ақ, бір жылдық айлық жалақысының көлеміндегі парасын беріп қойған басқа бір сормаңдай жұмысқа алынады. Құмкөлдің мұнайында жұмыс істегенше, Қызылорданың өзінде "тұнгі күбелек" болып, "жұмыс жасап" жүрген он есе пайдалырақ.
"Сұмырай келсе су құриды" дегендей, Назарбаев "маңдайының соры бес елі", аңқау қазақтың "құлағына лапшаны" 1984 жылдан бері іліп,(ел-жұртты азғындатып) Қазақстанның түбіне жетіп болды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 14:41
+0 / -0
кандай зор сылтау ия.елге адамдарга табигатка окпелеп тунги кобелекке айналган.ия ар нарсеге окпелеп танинеде окпелеп табанга тоселипсиго алсиз айелка.мен аштан олсемде танимди сатпас едим.алла берген денемди кадирлеймин аяк асты етпеймин.

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
04.05.2012 22:57
+0 / -0
Кытайды о бастан киргизбеу керек еди, Апарып тыкты Айдахардын аузына.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 00:35
+0 / -0
Осіның бары қарақытайлардың кесірі Жаңаөзендегі жағдайда солардар мен катысті Қазақстандаға келіп жатқан Қарақытайлардың келуін тоқтатпасақ қазақтың тұбіне жетеді.

Кімнен: Ғалымжан Қайдан: ҚАЗ
05.05.2012 03:22
+0 / -0
Дұрыс! Халық талап ету керек! біздің соншама байлығымыз парақорлықпен кетіп жатыр, қарапайым халық бейшара!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 07:08
+0 / -0
Батысытың айтқан сөзінің жаны бар. Ана Атбасар қаласы да қазір құлдырып, деградацияға ұшырып тұр. Жолдары салынбаған, қисық-қисық, ойдым ойдым шұңқыр.Халқы әлі орысша сөйлейді, қазақтары құдды бір Ресейдің губерниясында тұрып жақан сықылды. Әлеуметтік жғдайы өте мүшкіл. Бұл қала да кезінде әлгі нарисованный көсемге кезінде дауыс бермеген екен. Соған байланысты көсем тапсырма беріпті, мыналарды "қатырыңдар" -деп.

Кімнен: azatkhan.maksutkhan Қайдан: aktobe
06.05.2012 12:50
+0 / -0
olardin enbek jalakisin koteru turali koyhan usinis talaptari duris dep oylaymin !sebebi kazba baylikka toli elde jasap jatkan xalkida al aukatti turuha kukili!bayahida men bir kitay azamatin sozge tartip bizdin jana jol alabinin munay kori kalay dep surahanimda ol kiatay boynwa en iri munay alabi sanalatin da qing munay alabi koRinan 4 ese ulken dep jauap bergen bolatin sonda tek jana jol munayi. al baska jerdegi munaymen baskada tabyhy kazba baylikti aytpay ak koysanizda boladi!aldinhi jili kitay respublykasinda bolhan kezimde bizdin gaz kubirimiz shang hai kalasina karata tike tartiluha bahittalip jatkanin sonimen katar kitaydahi sol uyhur audanin kes kestep otetin gaz kubir sol jerdegi turhindarinada arzan payzdik ustem akimen satilip bastaydi dep joramaldap jatkan jaylarin estigemin!!!!!

Кімнен: айнаш Қайдан: ауыл
24.05.2012 23:45
+0 / -0
ай қайран қазағым -ай сіздерді кім тындайды кешегі келген әкім мухамеджановтыда сатып алды ғой жемқорлар жер сатып права сатып отырған жемқорларды қанша айтсада шара жоқ қала әкімінің аппарат басшысының өзі ешкімге бағынбайды сонда не сурайсыңдар басқадан талай жерді саты мангыстау ауданында енді бұтіл қаланы сатып алды гайдағы ағасы м-в 31 ш/ауданнан ұй салып бітірді права сатып мекемелерді қорқытып тегін котедж салды таза жемқорлық осы пайдасы бар жерді біледі қазақбаевтың оң қолы ғой ол, барлық қағаз соның қолынан өтеді басқа замдар тек отырған жандар

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?