Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:16

ӘЛЕУМЕТ

Студенттер парламент сайлауы кезінде «демалатынын» білді

Биыл мемлекеттік оқу орындарында оқитын студенттердің қысқы демалысы әдеттегіден ұзағырақ болайын деп тұр. Парламенттік сайлау күнінде олар үйлерінде болуы тиіс. Білім және ғылым министрлігі мұны академиялық күнтізбе ерекшелігі десе, кейбір құқық қорғаушылар бұл әрекеттің саяси себебі бар деп сенеді.

Бір топ қазақ студенттер. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

АлматыдағыӘл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті т.б. сияқты ірі оқу орындарында оқитын студенттердің биылғы қысқы демалысы екі аптаға ұзартылды. Әдетте қаңтар айының ортасынан бастап оқитын студенттер биыл жаңа семестрін қаңтардың 30-ы күні бастайды.

КҮТПЕГЕН ДЕМАЛЫС

Олар мұндай өзгерістің мәнін түсінбейтінін, оқу орны басшылығы ештеңе түсіндірмегенін айтады. 

- Бізге «бір ай демаласыңдар» деді. Бірақ оның себебін ешкім түсіндірген жоқ. Бірақ жақсы араласатын апайымыз «сайлауға байланысты» деді. Мен өзім 4-ші курсты бітерем. Бізге деканаттағылар практика бойынша сұрақтарды қаңтардың 30-ы күні келгенде талқылаймыз деді, - дейді Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті Жадыра. 

Оның айтуынша, оқытушылар есесіне оқу жылының аяғында екі апта қосып оқитындарын айтқан. Ол мұндай өзгерістің жақсы жағы да, жаман жағы да бар екенін айтады.

- Бұл әрине, студенттерге ыңғайлы (күледі). Көп демалған жақсы ғой. Бірақ, соңында тағы қосып оқитын болсақ, қалай болады екен, - дейді Жадыра.

Дәл осындай жауапты қалған мемлекеттік оқу орындарының студенттері де қайталап отыр.

Ал Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің ресми сайтында қысқы демалыстың қаңтардың 9-ы мен 29-ы аралығында болатыны туралы хабарландыру ілініп тұр. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері асханада кезекте тұр. Алматы, 14 желтоқсан 2011 жыл.
x
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері асханада кезекте тұр. Алматы, 14 желтоқсан 2011 жыл.
​​
Жоғары оқу орындарына хабарласқан кезде олар бұл өзгерістің қаңтар айында болатын парламенттік сайлау қарсаңында жасалғанын айтты.

- Күндізгі бөлімнің барлығы желтоқсанның 30-ынан бастап демалысқа шығарылды. Сайлауға байланысты, - деді Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің есімін айтпаған қызметкері желтоқсанның 29-ы күні Азаттық тілшісіне.

Алайда оқу орны өкілі бұған байланысты қандай да бір қаулының шыққан-шықпағанынан хабарсыз болып шықты.

Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері де қаңтар айында оқымайты болып шықты.

"АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ"

Оқытушылар мен студенттер үшін «оғаш» көрінген нәрсені білім және ғылым министрлігі академиялық күнтізбе ерекшеліктері деп түсіндіреді.

«...Әрбір академиялық кезеңнен (семестр) кейін студенттерге демалыс беріледі. Бұған қоса, оқу жылындағы демалыс уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы тиіс. Жоғарыда айтылғандардың негізінде жоғары оқу орындары академиялық күнтізбе түзіп, онда семестрлердің басталу мен аяқталу уақытын, емтихан сессиясы мен демалыс кезеңін көрсетеді.

Осылайша, бірінші семестр 2011 жылы қыркүйектің 5-і мен желтоқсанның 18-і аралығында болды. Емтихан сессиясы желтоқсанның 19-ы мен 2012 жылдың 7-ші қаңтар аралығына белгіленген. Қысқы демалыстар 2012 жылдың қаңтардың 9-ынан басталып, қаңтардың 29-ына дейін жалғасады» деп көрсетілген желтоқсанның 29-ы күні Азаттық радиосына берген министрліктің жазбаша жауабында.

«СТУДЕНТТЕР КӨП БОЛСА, ПРОБЛЕМА ДА КӨП»

Ал «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының төрайымы, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, бұл өзгерістердің саяси астары болуы ықтимал. Оның пікірінше, билік сайлау кезінде студенттердің оқуда болғанын қаламай отыр. 

- Соңғы президенттік сайлау кезінде студенттердің құқықтары өрескел түрде бұзылды. Жатақханаға барып, студенттердің құжаттарын тартып алып, тізім бойынша оларды сайлау учаскесіне күштеп апарып, олардың көмегімен «карусель» әдісін жүзеге асырғаны туралы көп видео түсірдік... Осындай заңбұзушылықтармен күресудің орнына билік студенттерді үйлеріне қайтара салып, өте жеңіл жолды таңдап отыр. Яғни, олар енді «студенттердің дауысын ұрлады» деген сияқты ескертулерді естімейміз деп үміттеніп отыр. Бұл диктаторлық жүйеге тән шешім, - дейді Бақытжан Төреғожина.
Бақытжан Төреғожина, «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының төрайымы, құқық қорғаушы. Алматы, 6 сәуір 2011 жыл
x
Бақытжан Төреғожина, «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының төрайымы, құқық қорғаушы. Алматы, 6 сәуір 2011 жыл
​​
Ол «оқу процесін тоқтату» мәселесіне күмәнмен қарайды. Осыған байланысты бірқатар студенттер мен оқытушылар тарапынан шағым түскенін де айта кетті. Қор жетекшісі мұның қаншалықты заңды екенін анықтау үшін бас прокуратураға сауал тастайтынын да жеткізді. 

- «Білім туралы» заң мен министрлік қабылдаған білім стандарттарына сәйкес, оқу процесінің жоспары болады. Кейбір форс-мажорлық жағдайларда (мысалы, жер сілкінісі салдарынан оқу ғимаратының жарамсыз боп қалуы т.б) оқу процесінің мерзімі жылжытылуы мүмкін. Бірақ нақты жағдай сайлаумен байланысты болып тұр және оның таза саяси сипаты бар. Ол оқу процесін жалғастыруға кедергі жасамайды, - дейді Бақытжан Төреғожина.

Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы 2012 жылғы қаңтардың 15-ы күні өтеді деп белгіленген.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
29.12.2011 23:23
+0 / -0
Сколько веревке не в...
дейді екен орекеңдер. Біздіңше "арқан қанша иірілгенмен ақыры болады"...
Мәңгілік диктатураны тарих білмейді екен...
Тек Қадапиды жалко... Текке өлтіріп етін итке тастады...
Ол дегенмен де Ливия халқына өте көп жақсылықтар істеді емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.01.2012 11:24
+0 / -0
әркімнің таңдауы өзінде, менің ойымша өте дұрыс, әр студент отбасымен өз қалауымен, ешкімнің зорлауынсыз дауыс береді! бұдан артық не керек?
Пікір алмасу

Кімнен: елім менің
05.01.2012 11:29
+0 / -0
бар сенерім де, сүйенерім де "Нұр Отан"! қаз қайта Ақжол жұмыс істейтін, шынайы партияға айналып келеді. дегенмен Нұр Отаннан артығы жоқ!

Кімнен: Доғалан Қайдан: Қазақ елі
30.12.2011 01:51
+0 / -0
Бұл сайлау ештеңе бермейді бәрі бір, студенттерге жақсы болды мына қыстың ортасында, үш балам да студент.
Кеше ме, алдынгуні ме теледидардан тәуелсізсымақ бір ұйым халықтың қалай дауыс беретінін "хвостымен" бал ашып бөліп қойыпты, сонда "Құротанға" 80 пайыз беріп қойыпты қасқалар. Егер тура солай болса, сол кезде көреміз оппозициясымақтардың қандай әрекет жасайтынын. 9 қабатты 280 пәтерлік үйде, орысы көп қалада тұрамын, үйімізде орыс та, чуваш та, мордвин де, татар да, шешен де, т.б. ұлт өкілдері тұрады, іштерінде кез келген мамандық иелері бар. Кешке есік алды ауылдағыдай, бірі карта, бірі домино, бірі жай серуендеп ангіме-дүкен құрылады. Сол өткен мәжіліс сайлауында 280 пәтерден Құротанға дауыс берген бір де бір адамды таппадым деп күледі бір көршім. Бар да шығар, бірақ халық арасындағы беделі сол. Олар ойларына келгенді жасауға үйреніп алған. Халықтың атынан сөйлейміз дейді, аталарының басы. Сол өзендіктерді тыңдаса қайда қалған???

Кімнен: Асем Қайдан: караганда
30.12.2011 23:29
+0 / -0
Дорогие Казахстанцы, Я полностью поддерживаю нашего лидера, партию Нур Отан. Очень уважаю наши власти и нашего главу государства!!! Ситуация в стране стабильная, верьте, друзья, вместе мы сила!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: жақайым Қайдан: Арал
31.12.2011 00:40
+1 / -0
Асем из Караганды ты такая тупая, все еще вериш этим нуротановцам, Какая стабильность когда убивают безоружных людей, если твой мозг все еще работает смотри к+ на ютубе.
Дура безмозглая!!!

Кімнен: Құндыз
31.12.2011 02:06
+0 / -0
Әркімнің өз таңдауы бар!!! Сондықтан да бұл сайлауға қазақстндықтар бейтарап қарамай, белсене қатысады деп үміттенемін!!! Қазақстанның болашағы біздің қолымызда, достар!!!

Кімнен: камилла Қайдан: караганды
31.12.2011 02:34
+0 / -0
НурОтанды қолдаймын, және өз даусымды күмәнсіз НурОтанға беремін! Мен бұл партияға үміт артамын және үмітімнің ақталатынына сенемін!

Кімнен: хорошый Қайдан: атырау
31.12.2011 13:57
+0 / -0
За землю и волю! За Нур Отан!

Кімнен: Перподаватель Қайдан: Общагада
01.01.2012 13:47
+0 / -0
Даа ... прошлые президентские выборы были фарсом по организации в университете ... я например считаю нарушением своих гражданских прав, когда на нменя наложили обязанность обеспечить явку студентов на призывные пункты. Я это задание провалил. Насдеите Совковых времен. Хоть за это Жумагулову спасибо. Я начинаю его любить )))

Кімнен: Aiko Қайдан: KZ
04.01.2012 20:05
+0 / -0
Я хочу поддержать нашего призидента. И голосую за Нур Отан!

Кімнен: Aiko Қайдан: KZ
04.01.2012 20:07
+0 / -0
15 январь будет интересным. Ждем выборы. А голос я отдам НУР ОТАН)