Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:17

ҚАЗАҚСТАН

Теміртаудағы «Назарбаев мұражайы» қатты қарқынмен салынып жатыр

Теміртауда үлкен мұражай құрылысы салынып жатыр. Оны президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұражайы деп атап кеткен.

Мұражай құрылысы. Теміртау, 2011 жылдың сәуірі.
Мәтін көлемі - +

Жергілікті мұражай директоры жаңа мұражай үшін материал жинап жатқан ғылыми қызметкерлеріме ақы төленбей отыр деп шағым айтады.

ТАҒЫ БІР МҰРАЖАЙ

- Облыстық мәртебе алатын жаңа мұражайдың құрылысына керек қаржы Қарағандыдағы «Нұрлы Магнитка» қоғамдық қорынан бөлінді, - дейді Теміртау қалалық құрылыс, сәулет және қала салу бөлімінің бастығы Гүлмира Күсенова.

Бұл қор - тапсырыс беруші, ал құрылыс жұмыстарын жүргізетін - жергілікті мердігер ұйым. Қала ортасында Металлургтер монументі маңында салынып жатқан жаңа мұражай «қаланың бетке ұстар дүниесі болмақ» дейді Гүлмира Күсенова. Биліктегілер бұл жаңа құрылысты «Металлургтер қаласының
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртауда салынатын мұражайының макеті.
мұражайы» деп аталады десе, халық арасында бұл нысан «Назарбаев мұражайы» аталып кеткен.

- Мұражай құрылысы тәулік бойы жүріп жатыр, құрылысшылар үш ауысыммен жұмыс істейді, - дейді Гүлмира Күсенова.

Оның айтуынша, Теміртау тұрғындары мен қонақтары жаңа мұражайдағы тарихи жәдігерлермен Қазақстанның тәуелсіздік күні қарсаңында танысуы үшін аталған нысанды биылғы жылғы қазан айының соңына дейін тапсыру жоспарланған.

- Бір айта кететін жайт, жергілікті билік алғашында бұл нысанды Назарбаев мұражайы деген еді. Өйткені оның кәсіби қызметі осы қаладан бастау алды ғой. Бірақ кейінірек мұражай экспозициялары металлургтер мен қаланың қалыптасуына арналады, - дегенді қосып қойды.

Теміртау қалалық құрылыс, сәулет және қала салу бөлімінің бастығы Гүлмира Күсенованың Азаттық радиосының тілшісіне айтуынша, жоба бойынша бұл – жертөле қабаты бар екі қабатты ғимарат болмақ. Мұнда оқу залы мен бірқатар әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер болады.

- Бірінші қабатта эстрадасы мен 189 орынға арналған балконы бар кинолекция залы, келіссөздер залы, 95 адамға арналған конференц-зал, сонымен бірге бірқатар әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер болады. Екінші қабат алты көрме залынан тұрады. Ғимараттың биіктігі – 15 метр 590 сантиметр. Жұмыс кестеге сай жүруде, бірақ мәселе қаржыландыруға байланысты болып отыр, қаржыландыру қиындау жүруде, - дейді Гүлмира Күсенова.

ҚАРБАЛАС ЖҰМЫС

Мұражайды жасақтау туралы шығармашылық жұмыспен Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкерлері айналысып жатыр екен. Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайының директоры Наталья Скорикованың айтуынша, олар мұражайдың концепциясы мен көркемдік жобасын жасаған, экспонаттарды даярлаған. Бірақ бұл іске олардың үлкен үлес қосып жатқандарын жергілікті шенеуніктердің ешқайсысы тіпті айта кетуді де қажет деп таппаған.

Наталья Скорикованың айтуынша, бүкіл негізгі жұмыстарды атқараған - ғылыми қызметкерлер:

- Мұражай қызметкерлерінің жетекшілігімен экспозицияны құрудың сәулеттік-көркемдік жобасы жасалады. Ал сәулетшілер ғимаратты жобалаушылармен ғана
Теміртау қалалық құрылыс, сәулет және қала салу бөлімінің бастығы Гүлмира Күсенова, сәуір, 2011 жыл.
жұмыс істеп, мұражай тектес ғимараттарға қойылатын талапқа сәйкес нысан құрылысын салумен ғана айналысып жатыр. Демек, онда тұратындардың барлығын біз жасаймыз.

Оның айтуынша, қазір Теміртау мұражайының бірнеше қызметкері материалдар жинау үшін іссапарда жүрген көрінеді. Оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев дүниеге келген Шамалған (қазіргі уақытта Үшқоңыр деп аталады) ауылында жүр.

- Ол жақтан құжаттар, фотосуреттер, естеліктер, т.б. жинайды. Бұл мүлдем өзгеше мұражай болмақ. Біздің олармен ортақ тақырыбымыз жоқ. Әзірге бұл жекеменшік мұражай. Мұражай ашылған соң біздің тағдырымыздың не болары белгісіз, барлығы мықтылардың шешіміне байланысты болады, -дейді Азаттық радиосына Наталья Скорикова.

«Металлургтер қаласының мұражайы» ресми түрде қоғамдық қордың қаржысына салынып жатқандықтан, әзірге ол жекеменшік мәртебеге ие. Содан соң мұражайды Қарағанды облысының иелігіне бермек дейді Теміртау қалалық құрылыс, сәулет және қала салу бөлімінің бастығы Гүлмира Күсенова.

Болашақ мұражайдың сызбасын жасау ең қиын жұмыс деп есептейді Наталья Скорикова. Өйткені, жоқтан үлкен дүние жасап шығару керек. Теміртау мұражайы ғылыми қызметкерлерінің жұмысына ақы төленбей отыр, олар қоғамдық жұмыста жүрген адам сияқты дейді ол. Оның айтуынша, мұражай қызметкерлері бірнеше айдан бері демалыссыз, кеш батқанша осындай қосымша жұмыс істеп жүр.

Жақын арада жаңа мұражай ғимаратының сыртын әрлеу мен ішін безендіру жұмыстары басталмақ. Залдардың бірінде домна пеші сияқты нәрсе тұрады. Бұл жерде металдың қалай құйылып жатқанын көруге болады дейді. Бірақ құрылысшылар да, дизайнерлер де әзірге барлық құпияны ашпай отыр. Олар келушілерді қызықтыра түсу үшін кейбір дүниелерді әзірге құпия ұстап тұрамыз дейді. Ғимараттардың барлығы бір сәулет стилінде болуы үшін мұражай маңында тұрған нысандарды да өзгерту жоспарланған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
28.04.2011 10:24
+0 / -0
Айлық төлемесе не үшін к...і жыртып жүрсіңдер!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2011 12:36
+0 / -0
Айлықты қатырып төлейміз деп жұмысқа жегіп қойып, артынан алдап соғатынын білмейтін бе едіңіз?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2011 10:28
+0 / -0
Жеке басқа табынушылық (Назарбаевқа жанындағы жағымпаз, жандайшаптарынан басқа табынатын дені сау бір де адам жоқ) тұрғысынан әлемдік біріншілікке жеткен-ақ екен.

Кімнен: Еро Қайдан: Шымкент
28.04.2011 18:22
+0 / -0
Қолда бар да қонышынан бас деген Қазақ атам!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
28.04.2011 19:09
+0 / -0
Мұндайда Тасмағамбетов "мұрның барда бір сіңбіріп қал" дейді екен...

Кімнен: Архитектор
28.04.2011 21:13
+0 / -0
Нұршашқанға мовзалейді де осы зектер мен наркомандар астанасы-Теміртаудан осы бастан салып қою керек. Мовзалейдің үстіне наркотик құйылған шприцтің макетін орнатып, айналасына марихуана егіп тастау керек. Өз атын өзі шақырған көкек қаланың архитектры ретінде мүмкін өзінің мавзолейінің архитектурасын өзі сызып берер.

Кімнен: Өзімғой
29.04.2011 01:00
+0 / -0
"Игі бастама" екен, енді ауыл-ауыл, қала-қала болып тыраштанатын
болдығой әкім қаралар, азабы қара халықтікі.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
29.04.2011 08:27
+0 / -0
«Нұрлы Магнитка», "Нұрлы көш", "Нұр мешіт" т.б., т.с.с. Бұл неге таусылмайтын "Нұр" өзі? Қай бір жылы бір адамға не көше, не болмаса үлкен бір ғимараттың атын беру үшін ол адам өлген соң 5 жылдан соң ғана рұқсат беріледі деген заңнама шыққан сияқты да еді... Енді осыларды саралай келе бұл не беті жоқ, не ұяты жоқ адамға не айтуға болады? Ол мына түрімен сонау Украинаға да апарып салар бір мұражайды.(Ол біраз уақыт жұмыс жасаған жоқ па еді сол уақыттарында) Сонда не, осы адам сарып кеткен жердің бәріне халық қаржысын судай шаша береміз бе? Оу ертең ол кеткен күні соның бәрін қайтадан бұзуға да қаншама уақытымыз кететін болды-ау деген ойдамын мен бүгіннен бастап...("мына ғимаратты бір кезде бір залым патша салдырған" деген сөзден аулақ болу үшін)

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2011 20:24
+0 / -0
"Арыс" ау, мүмкін оның өзі тірі өлік шығар а-а...

Кімнен: galimbek Қайдан: urumqi
30.04.2011 00:26
+0 / -0
мұражай салдырған ға қараған да нұрсолтан назарбайев денсаулығін да маселе бар оқшайды ұзақ қа бармай өлетын сйақты бүл жа жақсы қазақстан да үлкен тойым сыз быр ашкөз жемқор азайатын болды алақай

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.05.2011 23:02
+0 / -0
Сала берсін, кейін басқа нәрсеге ауыстыра салады, ертеңгі ұрпақ. түбі құрылыс қалады ғой. Шетелге кетпеген соң болды. Қайта бұл биліктің әптен шіріктескенін айғақтамай ма! Енді қалғаны сол ма?