Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 09:20


ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Кәсіподақтардың дамуын саяси фактор тежеп отыр

Кейбір сарапшылар «Билік кәсіподақтардың белсенді қызметінен қауіптенгендіктен, Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақ қозғалысы дамымай отыр» дейді. Олардың пікірінше, Қазақстанның әлеуметтік мемлекетке айналуының кепілі - қуатты кәсіподақ қозғалысы.

"Қаражанбасмұнай" компаниясының ереуілші мұнайшылары үкіметтің өздерін басқа аймақтарға жұмысқа орналастыру жоспарына қарсы арыз жазып жатыр. Ақтау, 23 желтоқсан 2011 жыл.
"Қаражанбасмұнай" компаниясының ереуілші мұнайшылары үкіметтің өздерін басқа аймақтарға жұмысқа орналастыру жоспарына қарсы арыз жазып жатыр. Ақтау, 23 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қазақстанда еңбек дау-дамайы үйреншікті оқиғаға айналды. «Қазақмыс», «АрселорМиттал Теміртау» корпорацияларының, мұнай-газ саласы компанияларындағы еңбек ұжымы мен жұмыс берушінің арасында тартыстар дүркін-дүркін туып жатады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев желтоқсанның 16-сы мен 17-сі күндері Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғадан соң «Жаңаөзенде осындай қақтығыстың тууына еңбек дауы себеп болған» деп мәлімдеді. Мұнайшылардың жеті айға созылған ереуілі қантөгіспен аяқталды.

Бақылаушылар «кәсіподақтар еңбек дауларын шешуге ықпал ете алмай отыр» деген пікірді ұстанады.

«КӘСІПОДАҚ ӨЗ ҚҰҚЫН ПАЙДАЛАНБАЙДЫ»

«Шахтер отбасылары» қоғамдық ұйымының жетекшісі Наталья Томилованың айтуынша, «Қазақстанның еңбек кодексі кәсіподақтардың қызметін жетілдіруге зор мүмкіндік беріп отыр. Алайда олар бұл құқықтарын пайдаланбайды».
Наталья Томилова, «Шахтерлер отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Қарағанды облысы, 1 маусым 2009 жыл.Наталья Томилова, «Шахтерлер отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Қарағанды облысы, 1 маусым 2009 жыл.
x
Наталья Томилова, «Шахтерлер отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Қарағанды облысы, 1 маусым 2009 жыл.
Наталья Томилова, «Шахтерлер отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Қарағанды облысы, 1 маусым 2009 жыл.

Наталья Томилованы кәсіподақ өкілдері еңбек даулары бойынша өтетін сот процестеріне белгілі бір ұжымдық келісім-шарттар бойынша түсініктеме беруге жиі шақырады. Осы сот процестерінен тәжірибе жинағанын айтқан Наталья Томилова:

- Кәсіподақтар жұмыс беруші тараптың позициясын жақтайды. Заңда «Кәсіподақ тараптардың арасындағы келіспеушілік туралы хаттамаларды толтырып, сотқа беруге құқылы» деп жазылған. Алайда кәсіподақ жұмыс берушінің мүддесін қорғайды да, заңда жазылған өзінің заңды құқықтарын пайдаланбайды, - дейді.

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің директоры Ахмади Сарбасов «Елімізде тәуелсіз кәсіподақ құруға, олардың жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған» дейді.

Кәсіподақтар туралы заң 1993 жылы еңбек кодексімен қатар қабылданғаны белгілі. Заңда кәсіподақтардың құқықтары, функциялары мен өкілеттіліктері анық жазылған. Қазақстан кәсіподақтарының федерациясы, Қазақстанның еңбек конфедерациясы, Еркін кәсіподақтар конфедерациясы – Қазақстандағы кәсіподақ бірлестіктерінің осы үш қауымдастығы аталмыш заң негізінде жұмыс істейді. Бұдан басқа аймақтық, салалық кәсіподақтар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары да бар.

«ТӘУЕЛСІЗ КӘСІПОДАҚ БИЛІККЕ КЕРЕК ЕМЕС»

1990 жылдардың басында тәуелсіз кәсіподақ құру жөнінде бастама көтерген құқық қорғаушы, адам құқықтары жөніндегі Қазақстан бюросының директоры Евгений Жовтис тәуелсіз кәсіподақтың «Қазақстанның қоғамдық өмірінде шетқақпай күй кешіп отырғанына» қынжылды.
Евгений Жовтис, адам құқы жөніндегі Қазақстан бюросының директоры. Алматы, 25 тамыз 2009 жыл.Евгений Жовтис, адам құқы жөніндегі Қазақстан бюросының директоры. Алматы, 25 тамыз 2009 жыл.
x
Евгений Жовтис, адам құқы жөніндегі Қазақстан бюросының директоры. Алматы, 25 тамыз 2009 жыл.
Евгений Жовтис, адам құқы жөніндегі Қазақстан бюросының директоры. Алматы, 25 тамыз 2009 жыл.

Евгений Жовтистің пікірінше, жұмысшылардың мүддесін қорғайтын тәуелсіз кәсіподақ қозғалысы Қазақстанда тиісті дәрежеде дамымай отыр. Қарымды кәсіподақ, қанша дегенмен, саяси күш. Қолдаушылары бүкіл саяси партиялардың мүшелерінен әлдеқайда көп, қуатты тәуелсіз кәсіподақтардың болғаны билікке керек емес дейді ол.

- Биліктің ырқына көнбейтін, әрі тәуелсіз, әрі қуатты бірлестіктер қалыптасса, олар «саясатпен айналысып кетеді» деген қауіп – пәрменді, тәуелсіз кәсіподақтардың дамуына кедергі болып отырған ең үлкен тосқауыл.  Ал өз жұмысшыларының мүддесін қорғау үшін кәсіподақтың саясатқа араласуы - даусыз нәрсе. Егер біз елдің қоғамдық-саяси жүйесінің аса маңызды да негізгі элементтерінің бірі ретінде тәуелсіз кәсіподақтың дамуын тежесе, Жаңаөзен оқиғасы сияқты шектен шыққан жағдайларға ұрынатынымыз анық, - дейді құқық қорғаушы Евгений Жовтис.

«КӘСІПОДАҚТАР - ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕПІЛІ»  

Кәсіподақ өкілі Павел Шумкин «Әуелі кәсіподақтар, содан кейін ғана саяси партиялар құру қажет. Өйткені Германия, Англия және АҚШ елдеріндегі сияқты халық алдымен өзінің проблемаларын талдап-талқылауды және азаматтық тұрғыдан ойлауды үйренуі тиіс» деп есептейді.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының мұнайшылары жұмыс берушіге наразылық танытып, ереуілде тұр. Жаңажол, 16 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының мұнайшылары жұмыс берушіге наразылық танытып, ереуілде тұр. Жаңажол, 16 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
x
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының мұнайшылары жұмыс берушіге наразылық танытып, ереуілде тұр. Жаңажол, 16 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының мұнайшылары жұмыс берушіге наразылық танытып, ереуілде тұр. Жаңажол, 16 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

- Өйткені тәуелсіз кәсіподақ - кез келген мемлекеттің саяси, азаматтық және қоғамдық жүйесінің тұғыры, - дейді Павел Шумкин.

Наталья Томилованың пікірінше, шын мәніндегі тәуелсіз кәсіподақ құру Қазақстанның шынайы әлеуметтік мемлекетке айналуының кепілі болмақ.

Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының қазіргі жағдайы талқыланған дөңгелек үстелдің аудионұсқасын мына арадан тыңдауға болады:
Қазақстандағы кәсіподақтардың дамуы туралы
Loading
12:00:00 / -:--:--



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Муратхан Ерлан Қайдан: Қызылорда
11.04.2012 10:53
+0 / -0
Тәуелсіз кәсіподақ құру қазіргі таңда кезек күттірмейтін маңызды мәселенің бір, сіздер білесіздер халқымысздың басым көп бөлігі қатардағы қарапайым қызметкерлерден тұрады, ал олардың заңды мүддесін бірнші кезекте өздері және жеке азаматтардың заңдық сауаты болуы, екінші кезекте заңдық ықпалы бар, шынайы түрде кызметкерлердің мүддесін қорғай алатын кәсіподақтың болғаны дұрыс,

Кімнен: түсінбедім Қайдан: заң жүрмейтін ел
11.04.2012 11:44
+0 / -0
Құрметті АЗАТТЫҚ басшылығы! Соцсопр сайтында өткенде жарық көрген Еңбек Кодекісіне өзгертулер енгізіліп, су жаңа парламент үн-түнсіз Косаревтің, Мұқашевтің бастамаларымен қабылдап, ақпанның 18-інде президент мақұлдап қол қойды деп жазған. Басқа басылымдардан қазақша нұсқасын таппадым, осы өгертулер туралы кеңінен мақала жарияласаңыздар екен деген өтінішім бар. Менің түсінгенім жаңа ереже бойынша биліктің дені жұмыс беруші жақта, жұмысшыларға жыртық тонның жұрнағындай ғана қалдырған, кәсіподақ мекеме басшыларына тікелей бағынышты, қит етсең қуыласың, митинг, ереуіл деген шараларға түбегейлі тиым салынған, еңбек аптасын 60 сағатқа көтеруге құқы бар, т.т. солай кетебереді. Осыған мамандардың түсініктемесін берсеңіз, бұл неткен "секретный" заң.

Кімнен: Тихушник Қайдан: Ақтау
11.04.2012 14:53
+0 / -0
Шумкиннің пікірі дұрыс. Партиядан бұрын тәуелсіз кәсіподақ керек. Оны Маңғыстау көрсетті. 16 желтоқсаннан кейін Ақтауда Қаламқас, Қаражанбас, кенорындарының жұмысшылары, Жетібайда Жетібай мұнайшылары митингте 4 күн тұрды, бірақ жетекші болмағанның қырсығынан тарап кетті. Егер олар тарамағанда, бүгінгідей мұнайшыларды емес, басшылар мен полиция сотталып жататын еді. Егер ниет етсе, мұнайшылар әлде де қорғай алады.

Кімнен: аси патриот Қайдан: астана
11.04.2012 16:59
+0 / -0
демократиялы ел болмасақ осындай кәсіподақтар болмас еді, ал бізде әркім өзінің пікірін ашық айта алады, әрине заңды түрде болса

Кімнен: Арман Қайдан: Актау
11.04.2012 18:12
+0 / -0
кәсіподақтың халық қамын ойлауы кемде кем. олардың әділдікті издеп жатыр дегенге өкінішке орай сенім аз.

Кімнен: Намыс .
11.04.2012 18:14
+0 / -0
Патриотқа демократиялық еліңде сол кәсіподағың жұмысшылардың сөзін сөилеп , шындықты аитып көрсінші Соколова құсатып түрмеден бірақ шығарсын . Ешкімде ашық атын жазып ақиқатты аита алмаиды , өзіңде қорқып атыңды жазбаи отырсыңғои . Ақиқатты аитып қара кешегі Заманбекпен , Алтынбек құсатып атып тастасын , ақиқат жолында қаншамасын қаиғылы қазаға ұшратты , қаншасын улап өлтірді одан хабарың жоқ . Қаи жерден көрсемде шолақтау коментарыи қалдыруды ұмытпаисың . Жылан жұтқан Астанадаи қаласында тұратын адамыда соған саи болу керек . Көп мылжың сенсізде жетіп артылады . Бір баиқағаным намысың жоқ екен .

Кімнен: kasym batyr
11.04.2012 18:20
+0 / -0
кей жағдайларда кәсіподақтардың өздері кінәлі, себебі өзара ауызбіршілік жоқ және жоғарғы білімді, сауатты мамандар қатарында жоқ (бар болса қатарында, оның сөзін аяқ асты қылады)
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.04.2012 20:06
+0 / -0
Кәсіподақ шаруасы біткен, күні өткен дүние. Жаңа заң бойынша тек аты бар, заты жоқ мешеу ұйым, мекеме басшысының рұқсатынсыз сиюге құқы жоқ.

Кімнен: Айдын Қайдан: Караганда
11.04.2012 23:03
+0 / -0
Халық қамын кәсіподақтардың ойлауы екіталай. Егер де қарапайым халқымыз өз құқығын жақсы білсе, және тиісті органдарға жүгінсе онда ешқандай ереуілдер мен даулар болмас па еді деп ойлаймын.

Кімнен: Ильдар Қайдан: Алматы
11.04.2012 23:06
+0 / -0
Халықтың сауатсыздығын пайдаланған кәсіпорын басшылары кінәлі. бірақ бұндай дауларды "білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады демекші" күшпен емес, білімімен шешу керек.

Кімнен: Алдияр Қайдан: Алматы
11.04.2012 23:22
+0 / -0
“Мың өліп, мың тірілген” қазақ халқы кеңес дәуіріндегі басқа түскен үлкен нәубет жылдарында да өзінің елдігін ынтымақ пен бірліктің арқасын¬да сақтай білді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзге республикаларда қантөгістер мен қақтығыстар болып жат¬қанда, татулық пен бірліктің арқасында жас мемлекетімізді жасақтап, өтпелі кезеңнен шығынсыз өттік емес пе?! Ойлан ҚАЗАҚ!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Сәт
12.04.2012 09:30
+0 / -0
Осы пікірге қосыламын. "Тарнақ астынан кір іздегенше" бір болуды, ынтымақта болуды ойлау керек. Сонда еліміздің іргесі берік, ұрпағымыздың болашағы жарқын болмақ.

Кімнен: Zaure B
11.04.2012 23:40
+0 / -0
ҚР Еңбек Кодексі кәсіподақтардың қызметін жетілдіруге барлық жағдай жасаған. Ал бұл құқықты жете пайдалана алмаған кәсіподақтарды қайта құру қажет

Кімнен: Жазира Қайдан: Жезказган
12.04.2012 01:00
+0 / -0
Сендер де бір қызық екенсіңдер! Әрқашанда біреуді айыптап жүресіндер. Мен күйеуімнен ерте айырылып, екі баламды асырап жүрмін. Басында жұмыс табу қыйын болған, бірақ соңында тауып, баспалдақпен ақырындап көтерілдім. Егер жұмыс тапқыларың келсе табасыңдар, бұлай бекерден босқа өмірге өкініп, баріне ренжіп жүрсеңдер сол орындарыңда қаласыңдар. Сондықтан тырысып алға ұмтылыңдар!

Кімнен: Болатжан Қайдан: Алматы
12.04.2012 09:49
+0 / -0
Әуелі кәсіподақтар, содан кейін ғана саяси партиялар құру қажет деген ой халықтың саяси мәдениетінің дамуына әсері болады. Билік тәуелсіз кәсіподақтың құрылуына мүделі болса қоғамдағы жемқорлықты азайтуға болады.

Кімнен: Rocci Balboa Қайдан: Kazakhstan
12.04.2012 10:55
+0 / -0
Алдымен халықтың сана сезімінен бастау керек деп ойлаймын. Кәсіподақ мүшелерінің өзі әлі толық өз құқықтарын білмейді. Заңмен танысып, кәсіподақ мүшелері жиі кездесіп, келелі мәселелер бойынша пікір алмасатын болса, өзгеріс те болар еді.

Кімнен: sultan Қайдан: oral
12.04.2012 11:25
+0 / -0
Халқымыздың құқықтық сауатсыздығы, өз мүддесін қорғай алмауы пысықтармен пайда күнемдердің жемтігіне айналып отыр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.04.2012 11:53
+0 / -0
Кәсіподақ мейлі ол тәуелсіз болсын, мейлі кәсіпорын-мекеменікі болсын, бәрібір жұмыс берушіге қарсы шыға алмайды. До поры, до времени жұмысшылардың құқын қорғағанымен немесе қорғағандай кейіп танытқанымен, жеме-жемге келгенде әркім өзінің қара басын ойлап кетеді. Сондықтан, тәуелсіз кәсіподақ күрмеуі қиын мәселелерді шеше алады деу қиын. Бұл, әрине, менің пікірім.

Кімнен: Алина Осипова
12.04.2012 12:11
+0 / -0
Өзіңізге Жаңаөзендегі болған жағдай мәлім, бірақ кімдікі дұрыс, ал кімдікі бұрыс екеніне сену қиын. Сондықтан баршаңызды елімізде ауызбіршілік сақтауға, сабырлы болуға шақырамын!!!

Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.04.2012 14:25
+0 / -0
Аш болсаң да тырп етпе дейсің бе?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.04.2012 09:04
+0 / -0
Қата қалсаң тіптен керемет!
Пікір алмасу

Кімнен: АЛАШ Қайдан: АЛМАТЫ
13.04.2012 10:58
+0 / -0
Мемлекет тарапынан кәсіподақтардың дамуына мүмкіндік беріліп-ақ тұр ғой. Мұнда ең бірінші кәсіподақ құрушы кәсіпкерлердің және халықтың саяси-құқықтық сауаттылығы болуы қажет! Сосын ғана батыс елдерімен салыстыруға келеді, өйткені батыс елдеріндегі кәсідақ кәсіпкерлері өзінің құқықтары мен мүмкіндіктерін біліп, барлығын заң аясында жасайды. Сондықтан халықтың санасын, саяси мәдениетін сондай деңгейге жеткізу қажет. Сонда барып нақты нәтиже шығады.

Кімнен: Батыс .
13.04.2012 12:01
+0 / -0
Алинаға сабырлы боламындеп құрып кететін жағдаи жоқ . сонда сеніңше атқан биліктікі дұрыспа , мұнаишыларды екі қолымды көтеріп қолдаимын олардікі дұрыс , олар бүгін сотталсада ертең ақталады тарихта қалатын бостандықтың алғашқы көгершіндері , олар сен сияқты аидалада өскен жалғыз тал ағаш емес , аттарын аитып жүрер батырлар , көкірегі ояау , намысы биік ірі тұлғалар . Алматыдағы 86 шы жылғы желтоқсанмен , Жаңаөзендегі желтоқсан , 37 тағдыр , 1937 ші жылмен сәикестігі кездеисоқтықдеп оилама Алина Осипова . Сыртымызда бізді қолдаитын құдіретті күш тұрғанын баиқауға болады . сондықтанда аузыңа келгенді аита берме тыныш жүргенің дұрыс болар .

Кімнен: Томирис Искакова
13.04.2012 18:27
+0 / -0
білмеймін, түсінбеймін, кәсіподақтар мемлекеттік емес жеке адамдардың құр,ан мекемесі ғой,оны дамытуға қандай қиындары болар?? мүмкін біздің азаматтарымыз еріншек шыығар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 00:44
+0 / -0
Нобел премясы жақсы кәсіподақдеген жаман нәрсе боп тұр ғой

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?