Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:21

ӘЛЕМ

«Трансперенси» коррупциямен күрестегі Қазақстан рейтингін сәл көтерді

Халықаралық ұйымның коррупция рейтингіне арналған жаңа баяндамасында Қазақстан аймақ мемлекеттерін артқа тастап, сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күресін күшейткен ел ретінде аталады. Алайда бұл ұйымның зерттеуінде халықтың пікірі ескерілмейді деушілер бар.

Мәтін көлемі - +
«ҚАЗАҚСТАН – АЙМАҚ ЛИДЕРІ»

Әлемнің 180 мемлекетін қамтитын рейтингте Қазақстан 120-шы орынға тұрақтаған. Бұл – бұрынғы Совет одағы мемлекеттерінің қатарында болған Балтық елдері – Эстония, Литва және Латвия, сондай-ақ Грузия, Молдова және Армениядан кейінгі үздік көрсеткіш. Орталық Азияның басқа мемлекеттері тізімде Қазақстаннан кейінгі сатылардан табылғандығын айтып өткен жөн.

Рейтингте Қазақстанға 2,7 индексі берілген. Яғни, бұл нәтиже өткен жылғы 2,2 индексінен жоғары, соған сәйкес республиканың сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес қабілетінің де артқандығы атап көрсетіледі. Салыстыру үшін келтіре кетсек, рейтингті бастаған Жаңа Зеландия 9,4 индексіне, тізімнің ең соңындағы Сомали 1,1 көрсеткішіне ие.

«Трансперенси Интернешнл» өз баяндамасында Қазақстанның осы бағыттағы жетістігін ерекше атап көрсете отырып, республиканың бір жылдың ішіндегі жоғарылауын үкіметтің коррупцияға қарсы шараларымен, сондай-ақ 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету қарсаңындағы ұмтылыстарымен байланыстырады.

«Қазақстан - бұрынғы совет елдері ішінде ұйымға төрағалық ету тізгініне ие болғалы отырған алғашқы мемлекет және аймақтағы экономикасы мықты ел» делінген баяндамада.

Дей тұрғанмен, Қазақстанның 2009 жылғы рейтингте алып отырған осы орнын «Трансперенси» ұйымы төмен деп есептейді.

«Соған қарамастан, Қазақстанның сыбайласқан жемқорлық бойынша индексі төмен. Бұл жағдай республикада коррупция жүйелі сипатқа ие екендігін, сондай-ақ оның сот органдарына, полицияға, кеден қызметіне, мүлік құқығы мен жерді тіркеу ісіне, сондай-ақ құрылыс жобаларына ықпалы бар» делінген «Трансперенсидің» баяндамасында.
Сергей Злотников, "Трансперенси Қазақстан" қорының атқарушы директоры.


«ЗЕРТТЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІ ЕСКЕРІЛМЕЙДІ»

«Трансперенси Қазақстан» қорының атқарушы директоры Сергей Злотников өзі басқаратын ұйымның Қазақстанда жүргізілген ауқымды зерттеуге қатыстырылмағандығын айтады. Оның пікірінше, халықаралық ұйым ұсынып отырған мәліметтер, яғни Қазақстанның коррупциямен күресі біршама ілгерілеген дегені шындыққа сай келеді.

- Бұрындары коррупцияға байланысты айыптар аудандық деңгейде тағылады деп айыптайтын. Кейін министрлерге айып тағыла бастағанда кейбіреулер «37-ші жыл қайта келді» деп айтатын болды. Қазіргі күні лауазымына қарамастан жауапқа тарта бастады.

Екіншіден, Қазақстан коррупцияға қарсы екі конвенцияны мақұлдады. Қазіргі кезде мемлекет ақшаны заңдастыруға тыйым салуды қарастыратын Страсбург конвенциясын мақұлдауды қарастырып жатыр. Үкіметтің осындай әрекеттері бүгінгідей нәтиже шығарып
Жанар Жандосова, "Сандж" зерттеу орталығының директоры. Алматы, 2 қыркүйек 2009 жыл.
отыр, - деді мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері Злотников.

Бұл уақытта «Трансперенси Қазақстан» қорының басшысын «мемлекеттік органдармен байланысы бар» деп айыптап, «сол себепті елде коррупция тыйылмай отыр» дегенді мәлімдеген «Сандж» зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Жандосова басқаша пікір білдіріп отыр.

- Үкімет қандай да бір әрекеттер жасап жатқан да болар. Бірақ мұндай әрекеттердің теріс жақтарын да көріп отырмыз. Мәселен, Қаржы полициясы мен Ішкі істер министрлігі арасындағы бәсекелестік дегендей... Мүмкін бұл «жаңқалар ұшқанымен орман оталады» дегеннің кері шығар.

Оның үстіне бұл зерттеу әртүрлі ұйымдар мен сарапшылардың арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйенеді. Яғни, халықтың пікірі ескерілмейді, - деді Жандосова.

Халықаралық ұйым өзінің зерттеуінде әлем елдерінің мемлекеттік секторларының коррупцияны қабылдау деңгейін қарастыратындығын атап көрсеткен. Ал индексті анықтау барысында әртүрлі деңгейдегі 13 сараптамалық сауалнама мен зерттеулер пайдаланылған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Періште Қайдан: Аспаннан
18.11.2009 06:24
+0 / -0
Басқа елді білмедім, ал, Қазақстанда еңбектеген баладан еңкейген кемпір-шалға дейін жең ұшынан жалғасқан сыбайласқан жемқорлар тобы жағында. Олар ешкімнен де қорықпайды, үкімет басшысы түгілі елбасшысы қанша ескертіп айтса да тыңдағанды қойды. Мемлекеттің елдің жағдайын жақсарту үшін деп бөлген миллиардтаған ақшасын "пышақ үстінде хан-талапайға" салып жібереді. Жоғарғы лауазымды шенеуліктерді айтасыз. Ол шенеуліктер аспаннан түскен жоқ қой. Ол осы еңбектеген балалардың әкесі, осы еңкейген кемпір-шалдың тәрбиелеп өсірген баласы. Ал, жемқорлыққа икемі жоқ, байлығы жоқ адамды кемпір-шал сыйламайды. Ондай адам біздің қоғамда қадірі жоқ, ынжық есебіне саналады және өлсе де таза адам шенеулік бола алмайды. Міне, ащы болсада шындықты осылай ашып айту керек. Болмаса, ауруын жасырған өледі деген рас. Қазақ елінің Сарыарқасы мен Шығысында қалай екенін білмеймін, ал, Оңтүстік пен Батыс жағында бай-жемқорлар өте жоғарғы және ерекше құрметке ие. Олардың байлығы қайдан келіп жатыр, еңбекпен бе, еңбексіз бе, оны ойлап жатқан адам жоқ сияқты. Мүмкін ондайды ойламайтын да шығар. Әйтеуір, оларды, ҚАЗАҚИ ҚОҒАМ жапырылып, сыйлап, пір тұтады. Халықтың астына көпшік қойып, өтірік мақтап айтқан олардың бір сөзіне халық риза болып, олардың ақ дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс деп қабылдайды. Әрбір ру-тайпаның жазылмай, ауызша сайланған сондай "Көсемсымақтары" болады. Олар халықты мәдениетке, думуға, шындықты айтып, көзін ашуға емес, керісінше аңқау халықты дарындылықпен алдап, өздерінің еңбексіз байу жолындағы істерін жасауда. Олардың қу тамағын ойлаған қарапайым, жасқаншақ халыққа жаман жағынан әсері күшті. (Осындай халықтың жемқорлық туралы пікірін есепке алса, онда Қазақстанның рейтингі ең жоғарысына бірден шығып кететін шығар). Солардың кесірінен ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ бір қадам алға, екі қадам артқа жылжып, тоқырап тұрмақ түгілі, кейін қарай құлдырап бара жатыр. Олардан облыс әкімдерінің өзі қаймығып, бірінші кезекте солардың жағдайын жасап, ығына жығылуға мәжбүр. Біреуін түртсе бәріне әсер етіп, өрмекшінің торы секілді бәрі қозғалады.
Жалғасы бар.

Кімнен: Періште Қайдан: Аспаннан
18.11.2009 06:25
+0 / -0
Жалғасы:
Негізі, жазу-сызуы жоқ, болса да оны қажетсінбеді ме, көшпелі қазақ қоғамы ауызша халық ауыз әдебиетінің кейіпкерлерінің портотипінде ғасырлар бойы тәрбиеленіп келген.
Мысалы, өзбектерде (парсыланып кеткен түркілерде)-Қожа-Насыр. Оған не айтсаңда сөзден жаңылмайды, алданбайды, тіпті ұрылардың өзіне тапқырлықпен жауап қайтарып, зардап шекпейді. Ешкімнің сөзіне сеніп, алданып, артынан еріп кетпей өзінің ісін жалғастыра береді.

Ағылшындарда-Мэльхаузин. Ол өте епті. Жерден де, жердің астынан да, судан да, судың астынан да, аспаннан да өз пайдасын ептілікпен тауып, қандай қауіп болса да қорықпай, одан өзінің ақылдылығымен құтылып,асыр салып, мәз-майрам болып, көңілді өмір сүреді.
Ал, Қазақтың ауыз әдебиетінің кейіпкерлері- Алдар-Көсе мен Тазша Бала. Алдардың жасайтынының бәрі-ҚУЛЫҚ-СҰМДЫҚ-АЛДАУ. Еңбексіз ұятсыздықпен-арсыздықпен жеке қу басының тамағын асырау, біреудің затын алдап алу, ұрлап алу, алдап пайда табу. Адалдық туралы сөз жоқ. Біреуге немесе жолдасына жақсылық жасаса, ол да өзінің адал еңбегінің есебінен емес, біреудің есебінен. Яғни, басқа біреуді жылатып, сорлатып, ұрлап немесе тартып алып беріп "жақсы" атанады. Сенбесеңдер, Алдар-Көсе туралы Ш.Аймановтың түсірген фильмін көріңдер.
Ал, енді, Тазша Баланың айтқандарына келсек, сөзінің бәрі-ҚЫРЫҚ ӨТІРІК. Құр сөз. Құлаққа лапша ілу. Адал іс жоқ. Ептілікпен іс жасауды үйрету жоқ. Адал еңбек жоқ. Жәй ғана еңбек ету туралы сөз де жоқ. Бәрі ЖОҚ, ЖОҚ және тағы да ЖОҚ.Оны, халық ауыз әдебиетінің "жетістігі" санап, мектеп оқулығына кіргізіп, халықты, оның өсіп келе жатқан жас ұрпағын тек қана өтірікті қалай айтуды, қулықты қалай жасауды, еңбексіз-ақ қалай арам тамақты табуды үгіттеп, насихаттайды. Басшы Алдардың ісін істеуде, Ал, аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін дегендей, айналасындағы Жағымпаз-жантықтары Тазша баланың қырық өтірігін қайталаудан танбауда. Міне, біздің ЭТНО, БИО ТАБИҒАТЫМЫЗ. Сүйтіп, еуропаның жақсы жағынан аздап қана алған, Ыбырай Алтынсарин бабамыздың еңбек ету мен білім туралы үйреткен, алдынғы қатарлы, өркениетті тәрбиемізден ажырап келе жатырмыз. Еуропа мәдениетін тасушы, орыс ағайындардан біраз мәдиенет пен тәрбие алған, аздап қана дамыған, олардан тәуелсіздігімізді емес, тәуелсіздігімізді алғымыз келмеген соң, еншімізді беріп, өздерінен бөліп жіберген соң ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ ҚАЙТАДАН БҰЗЫЛУДА

Кімнен: Оқырман Қайдан: Астана
18.11.2009 10:04
+0 / -0
Халықаралық ұйымдарда баяндама жасайтындарды да сатып алған ғой біздікілер. Періште дұрыс айтады, қазір дүниенің есігін ашып келетін бала үшін де ақша бермесең өлесің де қаласың. "Сыбайлас жемқорлық саласындағы табыстары үшін" деген әлемдік деңгейдегі мәртебелі сыйлық тағайындала қалса, біздің елдегі үміткерлердің арасында іріктеу конкурсы болып кететін сияқты ғой.