Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:30

БАЛАМА ТАРИХНАМА / Заманбектің өмірі мен өлімі

Заманбек Нұрқаділовті еске алуға келгендер оны өлтіргендерді табуды талап етті

Қарашаның 12-сі күні Алматыда жекелеген қоғам қайраткерлері мен журналистер қаза болғанына алты жыл толған саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің зиратына гүл шоқтарын қойып, марқұмға құран бағыштады.

Заманбек Нұрқаділовтің зират басындағы мүсіні. Алматы, 12 қараша 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

«БАТЫРҒА ТӘН МІНЕЗІ БАР ЕДІ»

Сенбі күні таңертең Кеңсайдағы Заманбек Нұрқаділовтың зираты басына жиналғандар арада алты жыл өтсе де, марқұмның өлімі әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отырғандығын айтты.

– Ол Алматыда әкім болып тұрғанда осы қалада қазақтардың қарасын
Ғабиден Жәкеев (оң жақта) Заманбек Нұрқаділовтің зираты басында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қараша 2011 ж.
​​көбейтуге үлкен үлес қосты. Алматыдан жер алып үй салған қарапайым ауыл қазағы да, сол кісінің қамқорлығымен баспаналы болғаны зиялы қауым өкілдері де аз емес. Бірақ Зәкеңнің өз үйінде қасақана өлтірілгеніне алты жыл өтсе де, қылмыс әлі ашылмады, ал ол жайындағы әңгімелер ас үйдің төңірегінен аса алмай келе жатыр, – деді сөйлегендердің бірі Ғабиден Жәкеев.

Ол бүгінгі зират басына жиналған жұртқа үкімет орындарынан қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің қазасына қатысты қылмысты ашуды талап етіп, қоғамдық комиссия құру туралы ұсыныс білдірді.

Ғабиден Жәкеев марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қазасы туралы


Бұл күні зират басына келген бас-аяғы отыз шақты адамның қатарында  қоғам қайраткерлері, бірқатар тәуелсіз басылымдардың журналистері және Заманбек Нұрқаділовті көзі тірісінде білген жұртшылық өкілдері болды. Олар марқұмның өмірі мен атқарған ісін еске алды.

– Бұл өмірден кеткенінен бері айлар, жылдар өткен сайын оның тұлғасы да биіктеп бара жатқандай көрінеді маған. Қазақ батырына тән мінез-қасиеті болған Зәкеңнің дәл қазіргідей кезеңде арамызда жоқтығы қатты білініп отыр. Әрине, он бес-он алты миллион халықтың арасында ондай тұлға жоқ деп айту артық болар, бірақ, ел-жұрт қысылтаяң шақта көптің ішінен
Алматы қалалық әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Сапура Жүсіпова. Алматы, 12 қараша 2011 ж.
​​суырылып шығатындарды іздейді ғой. Ол кісімен он жылдан астам уақыт бірге жұмыс істедім, ер азаматқа тән мәрттігін, туған халқына деген қамқорлығын, елге істеген жақсылығын – бәрін-бәрін көзім көрді. Амал қанша, осындай азаматтардың құрбан болып кеткеніне өкінесің, – дейді Алматы қаласы әкімшілігінің бұрынғы жауапты қызметкері Сапура Жүсіпова.

Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын жасаушы шебер Мұрат Жүсіп марқұм Заманбек Нұрқаділовтің Алматының әкімі болып тұрған кезінде, АҚШ-тың Джон Кеннеди атындағы қордың қолдауымен қалада «Шеберлер ауылының» дүниеге келгенін айтып берді.

– Алғашында шеберлер ауылына америкалық қор берген шатыр тігіп, бір нәрсе ұйымдастырғалы жатыр деген хабарды естіп ашу танытты. «Бұл жерге не жасағалы жатырсыңдар, неткен бассыздық?» деп сұрады түсін суытып. Мен оған: «Ей, Заманбек! Бұлар біздің атадан қалған кәсібімізді қайта қалпына келтіруге жәрдем беріп, бізге тегін шеберхана салып бермекші, сен өңіңді олай суытпай, қайта осыларды анда-мұнда жүгіртпей, көмектес. Сонда ертеңгі күні ұрпақ бұл ауылға сенің де еңбегің бар екендігін бағалайтын болады» дедім. Ол жағдайды түсінген соң сөзге келместен жәрдемін беріп, әлгілермен қолма қол келісіп, мәселені шешіп берді. Әкімнің ісіне разы болған біздің жігіттер оған өздері жасаған айбалта сыйлаған еді. Сонда, Заманбектің мәрттігі, «мен өзім де айбалтамын ғой» деп, жаңағы сыйлықты АҚШ-тан келген құрметті қонаққа тарту еткен еді. Міне осы сияқты оның істері аз емес еді. Мысалы, Алматының аумағына ауылдан келген қазақтардың қоныстануына оның еңбегі сіңді, егер сол жақсылығын ұмытпаған болса, бүгін солар аруаққа құран бағыштап келер еді солар, – деп сөзін аяқтады Мұрат шебер.

САЯСИ ӨЛІМ

Зират басындағы сөзінде «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы Нұрқаділовтің өлімі – саяси қаза деген пікір айтты.

– Осындай қайраткерді президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 6 жыл толуына орай марқұмның зиратында құран бағышталды. Сол жақтан бірінші - Мұрат Жүсіпов, онан кейін - Рысбек Сәрсенбайұлы. Алматы, 12 қараша 2011 ж.
​​ келгендігі үшін өмірден ерте оздыру – саяси қылмыс. Бәлкім, оны өлтіру туралы тапсырманы Назарбаев бермеген шығар, ондай тапсырысты оның төңірегіндегілер берген шығар – ол жағы әлі белгісіз, осы анықталу керек. Және бұл осы бүгінгі билік бар кезде анықталуы керек, – деді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Ол Заманбек Нұрқаділовпен бірге Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Асхат Шәріпжановтардың қазасына да қатысты екендігін қадап айтты.

– Егер билік осы қылмыстарды ашқызса, онда оның қолы мен ары таза, ал егер осы үш қылмыс және басқа да қылмыстарды ашқызбаса, онда бұл биліктің қолы қанды, ары – жоқ. Онда бұл билік – қылмыскер болады, – деді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Заманбек Нұрқаділов туралы Рысбек Сәрсенбайұлының сөзі


2004 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қатаң сынаған мәлімдемелерімен қоғам назарына өзіне аударған саясаткер Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада Алматыдағы өз үйінде жұмбақ жағдайда қаза болды. Оған жүрек тұсынан екі рет және басынан бір рет тапаншадан оқ атылғаны анықталды.

Ресми жүргізілген тергеу «Нұрқаділов өзін-өзі атып өлтірген» деген қорытынды жасады.

Бірақ Қазақстанның оппозициялық күштері мен марқұмның жұбайы Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов билікке жақпаған мінезі үшін қасақана өлтірілген деп санайды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Бау Қайдан: Ыргыз
12.11.2011 20:04
+0 / -0
Дурыс айтады Рысбек агамыз оны истеп отырган биликтег азаматтар

Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
12.11.2011 20:27
+0 / -0
ЗАМАНА
(Заманбектің аруағына бағышталады)

Бар ма екен, Заманбектей Ер боп туған,
Ішінде қазақтардың намыс қуған?!
Оққа ұшты,
Ажал құшты –
Қош бол батыр,
Мен – Қазақ,
Қара бетін қанмен жуған!

Соңыңнан ере алмадық,
Еретіндей,
Ергенмен
Ермей жатып өлетіндей;
– Қазақтың қатындығын сайқал тағдыр,
Нең қалды дәлелдесе –
Өлмейтіндей?!

Кек еді,
Керек еді
Қалды алынбай,
Қынында шіріп қылыш суырылмай...
Намысын қолдан беріп Ібіліске,
Қазақтың тізерлеген қорлығын-ай!..

Алтынбек Заманбектен кейін «кетті»,
Шындығын сорлы қазақ білсең нетті:
–Албанның екі арысын қолдан беріп,
Тірі өлмей,
Шыныңменен өлсең етті!..





МҰРАТ НҮСІПКЕ

Деді Мұрат,
Деді елдің ағасы;
– «Түкке тұрмайд мына билік бағасы!
Өңшең ұры тынысымды тарылтқан,
Қойдым болмай осылардың жағасы»...

Хан Тәңірі,
Гималай да аласа,
Шоқтығына ешкім алмас таласа –
Дауыл тұрмақ,
Топан суын қаптатып,
Күн тұтылар Мұрат Нүсіп қаласа!

Қазіргі заманында Мәшһұр Жүсіп –
Албанның арыстаны Мұрат Нүсіп.
Жоқтауға Заманбек пен Алтынбегін,
Көріне екеуінің көрді түсіп...

«Дүние-ай,
Кеңістігің осы ма еді?
Ұзыны екі құлаш,
Тереңдігі;
Биліктің бір-ақ тұтам ақылындай,
Кеудеден аспайтұғын таяз ба еді?»...

Деді де,
Мұрат Нүсіп ал егілсін,
Ерлердің қағып жатып көр шегесін...
Тия алмай қос жанардың тамшыларын,
Не істерсің әулие де көлдегесін...





Кімнен: Жомарт Қайдан: Талғар
13.11.2011 00:41
+0 / -0
оу, әлгі оппозиция басшылары неге келмеген? Заманбек олармен Әділетті Қазақстан, КСДСК қозғалыстарында бірге болмап па еді? сонда бұларға енді марқұм керек болмай қалған ғой, солай ма?.. ех, екіжүзді немелер, биліктен бұрын, сендердің өздерің құртасыңдар ғой, бас көтеріп шығар азамат боса ел арасынан
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.11.2011 10:35
+0 / -0
олар жаңа болатын парламенттен орын беруді сұрап, бірін бірі жамандап президенттің алдында шіретте отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
14.11.2011 12:07
+0 / -0
оларды али оппозицияга балап журсин бе??
кара басынын камы ушин журген жылпостар гой олар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.11.2011 14:10
+0 / -0
Біздің оппозициялар кәсіпқой әртистер гой,елді дүрліктіргеннен басқа ештеңе білмейді, жасап жатқан аландағы отірік жиналысы тек қара бастың қамы үшін қашан билікке жақындайым деп өліп жұр , билікке барғасын халықты ұмытады.Бұлардың сахнасы өртенген артистер гоййй

Кімнен: zheltocsan
14.11.2011 00:48
+0 / -0
Закеңнің кішкентай қызы:"мама, әкемді адамдар өлтірген екен ғой, мен әкем үшін кек қайтарам" - дегенде шешесі шошып кеткен екен. Қатысы жоқ болса неге шошиды? Бекер шошып отырған жоқ.

Кімнен: Асан Қайдан: астана
14.11.2011 09:25
+0 / -0
Жалпы мұндай ескерткіштерді бейітінің басына тұрғызу ислам құндылықтарына қарсы келеді. Мысалы, Алтекеңнің басындағы қазақы исламдық ескерткіш дұрыс қойылған. Түптің түбі мұны Зәкеңнің атындағы бір мекеменің алдына қойған дұрыс деп есептеймін.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.11.2011 09:43
+0 / -0
...Қатысы жоқ болса неге шошиды? Бекер шошып отырған жоқ.
______________________________________________________
Кезінде билік те мына сіз сияқты Мақпалға күйе жақпақшы болған, бірақ одан түк те шығара алған жоқ. Соны бықсытып отырғаныңызға қарағанда, жалданбалы жантық боларсыз?!!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
14.11.2011 18:35
+0 / -0
...Қатысы жоқ болса неге шошиды? Бекер шошып отырған жоқ.
______________________________________________________
Кезінде билік те мына сіз сияқты Мақпалға күйе жақпақшы болған, бірақ одан түк те шығара алған жоқ. Соны бықсытып отырғаныңызға қарағанда, жалданбалы жантық боларсыз?!!
_______

билікке көмек көрсеткен сол қатын деп санайтын болсам қалайша қалайша жалбанбалы жантық болам? Қайта жалданбалы жантық сендер шығарсыңдар "өзін өзі үш рет атқан" деп қисынға соқпайтын байламды арсыздықпен әлемге таратқан.

Кімнен: қарапайым қазақ
14.11.2011 09:49
+0 / -0
Марқұмның адамға жақсылық жасайтын мәрттігі де, билікте отырған кезде елден алтын жинату сияқты жындылығы да, осы Назарбайдың билігін күшейтуге белсене атсалысқан автократтығы да, және сонысы үшін халықтан кешірім сұрай білген ерге тән қасиеті де (күні бүгінге дейін Заманбектен басқа халықтан кешірім сұраған ешбір оппозиция қайраткері болған емес), батырға тән аңғалдығы да, серлігі де, аздаған ақындығы да бар еді. Өткінші дүниеден оның да кеткеніне алты жыл болыпты-ау. Өкініштісі сол, артыңда әкесін өлтіргенді іздейтін ұлы, болмаса азаматының құнын сұрайтын ел-жұрты жоқ болып отыр ғой. Зираттағы тас бейнесіне үңіле қарасаңыз Заманбек мәңгіге жалғызсырап тұрғандай...

Жатқан жері жарық болсын! Сені өлтірген жауыз(дар)дың сазайын Алла берсін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.11.2011 17:14
+0 / -0
қазақстанда дұрыс оппозиция жоқ. Сауатсыз, құр байбалам салып, өзара жікке бөлінген оппозиция ешнарсе де қарқ қылмай жүр. Оларда дұрыс азаматтар аз.Қазақстандық оппозияның дұрыс тұжырымдасамы да жоқ.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Арқадан
15.11.2011 15:12
+0 / -0
Хан Тәңірі,
Гималай да аласа,
Шоқтығына ешкім алмас таласа –
Дауыл тұрмақ,
Топан суын қаптатып,
Күн тұтылар Мұрат Нүсіп қаласа! Мұрат қаласа деген ұғым қате ол пенде олай деуге ешкімнің ақысы жоқ