Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:35

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзендегі төтенше жағдай тәртібі ұзартылды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай тәртібін қаңтардың 31-іне дейін ұзартты.

Жаңаөзен қаласындағы орталық алаңда тұрған полиция жасағы. 18 желтоқсан 2011 ж.
Мәтін көлемі - +

Қаңтардың 4-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай мерзімін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды.

Сәрсенбі күні президенттің ресми сайтында жарияланған жарлықта:

1. «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2011 жылғы 17 желтоқсанда № 197 жарлығымен енгізілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының аумағында төтенше жағдайдың қолданысы 2012 жылғы 31 қаңтардағы  7 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.

2. Қазақстан Республикасының үкіметі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген.

Бұған дейін президент Назарбаевтың жарлығымен Жаңаөзен қаласында 2011 жылғы желтоқсанның 17-інен 2012 жылғы қаңтардың 5-іне дейінгі мерзімге төтенше жағдай жарияланып, қалада түнгі 11-ден таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат тәртібі енгізілді.

Жаңаөзенде комендатура құрылып, оған Қазақстанның «Төтенше жағдай туралы» заңының аясында жұмыс істеу құзыры берілді. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Аманжол Қабылов Жаңаөзен қаласының коменданты болып тағайындалды.

Саясаттанушы Досым Сәтбаев Жаңаөзендегі төтенше жағдай мерзімін ұзарту
Саясаттанушы Досым Сәтпаев.
x
Саясаттанушы Досым Сәтпаев.
​​белгілі бір дәрежеде президенттің өзіне де жағымсыз әсер етеді деген пікір білдірді.

– Себебі, қалада төтенше жағдай жарияланған кезде президент ол жақта жағдай тез қалпына келетінін меңзеп, тіпті төтенше жағдай белгіленген мерзімнен ертерек алынып тасталуы мүмкін деп айтқан еді. Енді ондағы жағдай әлі күнге дейін тұрақталмаған болып отыр. Тіпті облыс басшыларын ауыстырғанына қарамастан билік жағдайды әлі толық бақылауына ала алмай жатыр. Бұл аймақта мемлекеттік құрылымдар әлі күнге дейін қандай да бір қатаң шаралар болуы мүмкін деп қауіптеніп келеді. Менің ойымша, биліктің қайта-қайта сақтануының себебі осында жатыр. Әсіресе, парламенттік сайлау алдында. Сайлау күні ол жақта ірі саяси қақтығыстар болмасын деп сақтанып отыр, – дейді Досым Сәтбаев.

Бұған дейін Қазақстандағы түрлі саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар биліктен парламенттік сайлауды кейінге қалдырып, елде қаралы күн жариялауды талап еткен еді.

Досым Сәтбаевтың пікірінше, билік қоғамның пікірін білуге аса құмар болып отырған жоқ.

– Өз дегенін орындатуға үйреніп алған билік үшін Жаңаөзен оқиғасы парламенттік сайлауды кейінге шегеретіндей аса маңызды себеп емес. Оның үстіне биліктің көзқарасы бойынша, егер парламенттік сайлау кейінге шегерілсе, бұл белгілі бір деңгейде соны талап етіп келген белгілі бір саяси күштерге, оппозицияға тиімді болар еді. Мұндай жағдайда билік өзінің қарсыластарына тиімді жағдай жасағысы келмейді, – дейді сарапшы.

«Қазақстанның экологиялық қоғамдық қорының» президенті саясаткер Мұсағали ​​
«Қазақстанның экологиялық қоғамдық қорының» президенті Мұсағали Дуамбеков.
x
«Қазақстанның экологиялық қоғамдық қорының» президенті Мұсағали Дуамбеков.
​​Дуамбеков биліктің бұл әрекетін құптамайды. Оның пікірінше, онсыз да үрейленіп отырған халықтың онан сайын берекесін қашырып, ызаландырудың қажеті жоқ.

– Төтенше жағдайдың не қажеттігі бар? Мысалы, шеруге шықпасын десе, оның барлығы заңда жазылған. Ол жақта 10 мың ОМОН жасағы жүр дейді. Сол 10 мыңның өзі ешкімді тырп еткізбейді ғой. Менің ойымша, ол елді онан әрі ызаландырады. Сондықтан мәселенің бәрін төтенше жағдаймен шеше алмайсың. Енді 21-ші ғасырда өмір сүріп отырмыз ғой. Елдің көзі ашық. Тіпті араб елдеріндегі революцияны, мына Ресейдегі болып жатқан биліктің күшінің азайып, демократиялық институттардың көбейіп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, меніңше, халықпен қазір басқаша сөйлесу керек. Күшпен емес, жағдайларын шешіп, мүмкіндігінше олардың мәселесін дұрыстап қараған жөн, – дейді Мұсағали Дуамбеков.
Мұсағали Дуамбековтің пікірі

«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосановтың ойынша, биліктің бұлайша әрекет етуінің бірнеше себебі бар.

– Біріншіден, «16 желтоқсан оқиғасының себебі неде?», «Ұйымдастырушысы кім?»,
«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов.
x
«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов.
​​«Оқу атуға кім бұйрық берді?» деген тәрізді құқықтық сұрақтарға жауап табылған жоқ. Егер бұл сұрақтарға жауап берілмесе, жағдайдың ушығып кететінін билік біліп, түсініп отыр. Сондықтан төтенше жағдай тергеу-тексеру, анықтау жұмыстарын неғұрлым жабық, құпия дәрежеде жүргізуге мүмкіндік береді, – дейді саясаткер.

Қосановтың ойынша, биліктің тағы бір көздеп отырғаны – бұл парламенттік сайлау кезінде Жаңаөзен оқиғасының қайталануына жол бермеу амалдарының бірі.

– Яғни, төтенше жағдай желеуімен сайлаудың өзін бақылауда ұстау, – дейді оппозиция өкілі.
«Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы Әмәіржан Қосановтың пікірі

Құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаевтың пікірінше, нақты жағдайда парламенттік сайлауды кейінге қалдыру керек.

– Өйткені, төтенше жағдай кезінде сайлау өткізу – еркін де әділ сайлау өткізу
Құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаев.
x
Құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаев.
​​мақсаттарына, принциптеріне қайшы. Қазақстан конституциясы бойынша кез келген сайлаушы қандай жерде тұрмасын, сайлау туралы, кандидаттар туралы, т.б. ақпарат алуға құқылы, – дейді ол.

Ал дәл қазіргідей жағдайда Жаңаөзен тұрғындары мен Қазақстанның өзге аймақтарында тұрып жатқан сайлаушылардың ақпарат алу мүмкіндіктері тең болып отырған жоқ дейді құқыққорғаушы.

– Төтенше жағдай кезінде кандидаттар мен партиялар ол жаққа бара алмайды. Кездесулер ұйымдастыра алмайды. Яғни, кандидаттардың құқықтары да шектеледі, негізінен ондағы сайлаушылардың ақпарат алу құқықтары шектеледі. Сайлаушылар кездесулер, үгіт-насихат жұмыстары арқылы кандидаттарды біліп, танып, сұрақтарын қою арқылы білуі тиіс. Сайлау кезінде ол негізгі ақпарат алу көзі десек те болады. Ал егер ондай құқықтары шектелсе, онда ешқандай сайлау болмайды, – дейді Амангелді Шорманбаев.
Құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаевтың пікірі

16-17 желтоқсанда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Шетпе станциясында болған толқу кезінде ресми дерек бойынша 17 адам қаза тауып, 100 шақты кісі жарақат алды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
04.01.2012 13:33
+1 / -0
Жаңаөзендегі қанды қырғыныңның уақытын ұзартқаныңмен таяп қалған ажал мерзіміңді бәрібір ұзарта алмайсың ғой...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 14:55
+1 / -0
Қанды қырғынды жасаған қылмыстарының ізін жасырып үлгермей жатқан шығар?! Бауыржанға тағы біраз уақыт шанс бергені ғой, "мұнайшылар полицияның мылтығын тартып алып өздерін өздері 3 рет атты" деп мультфильм жасасын дегені.
Пікір алмасу

Кімнен: Отандық телекөрермен Қайдан: Қазақстан
04.01.2012 20:17
+1 / -0
"Хабардың" жаңалықтарын көріп отырсақ, Жаңаөзендегі жағдай қалпына келді. Тұрақты түрде бүкіл қала мекемелері жұмыс істеп балалар мектепке барады деп жатыр. Олай болса не үшін төтенше жағдай мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған? Демек, қанішер Билік өз іздерін жасыру үшін әрекеттеніп жатыр ма деген күдік оянады жай адамдардың өзінде.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 20:21
+1 / -0
президент НАН қылмыстарын жасырайын деген ғой
Пікір алмасу

Кімнен: СолДАТ Қайдан: Алматы
06.01.2012 14:27
+0 / -0
Ауылдың қазағы ауылдың айналасынан ұзап, алшысынан түскен әдемі пікір айтыпсың. Уәжіңмен келісемін. Алпысқа дейін адам уақытты, алпыстан кейін уақыт адамды сынайды дейді...НАН бәрібір де уақыттың сынына ұшырайтын адам!
Пікір алмасу

Кімнен: Коблан Қайдан: Тараз қаласы
09.01.2012 16:00
+0 / -0
Ояныңдар, қазақтар!
16 желтоқсан 1986 жылы қазақтың жас жігіттері мен қыздары бүкіл СССР-ды дүр сілкіндіріп, ақыры сол империяны қиратуға септігін тигізді. Бірақ тәуелсіздігіміздің қызығын ұрылар мен жағымпаздар пайдаланып жүр.
16 желтоқсан 2011 жылы Жаңаөзендегі жағдай, болайын деп тұрған Жаңадауылдың басы. Билік басында халыққа жаны ашитын адам қалған жоқ. Біздің міндетіміз Тоқтар Әубәкіров, Мұхтар Шаханов сияқты ұлт жанды, таза, адал патриоттардың айналасына топталып қолдау керек. Қазір басына қиындық түссе, ешқандай шындыққа жете алмайсың. Сондықтан жаңа партия құрып, әр айдың 16-да хабарласып, Жаңа өзеннің кінәлілерін (халыққа оқ атқан, атқызуға бұйрық бергендер) тапқанға дейін қозғалысты тоқтатпау керек. Басқа елде бұндай жағдайда, президенттен бастап бәрі отставкаға кетеді. Бізде солай істеуіміз керек.

Кімнен: Алишер Қайдан: Ташкент
04.01.2012 13:45
+1 / -0
Қазағым елім
қайқайып белің
сынуға тұр таянып
талауда малың (қазынаң)
қамауда жаның
аш көзіңді оянып
Ахмет Байтұрсын

Кімнен: Адай Қайдан: Маңғыстау
04.01.2012 13:51
+1 / -0
Сайлауға бүкіл қазақ байкот жариялап, Жаңаөзендегі қанды қырғынды қоғамдық комиссиялардың тыңғылықты зерттеуін талап етуі керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 15:49
+1 / -0
Мен қандастырымды сайлауға міндетті түрде барып, бірақ бюллетеньді шимайлап кетуге шақырам.(мысалы бюллетеньге УРЫСУЛТАН деп жазып кетиниз)
Себебі сайлауда дауыс беретін қазақты ойлайтын есі дұрыс партия жоқ.
Нұр отан, ақжол, әділет, патриоттар – бәрі бір партия.
Биліктен еш айырмашылығы жоқ Азат деген партия бар. Кезінде бәрі билікте болған, сол билікпен бірге халықты аямау тонаған, тура біздің сияқты шала қазақтар.
Дауыс беретін жалғыз партия бар еді, билік оны да сайлаудан шеттіпті. Ол партияға тек Шаханов үшін дауыс бермекші болғам...

Ал сайлауға бармай қойсақ дауысымыз автоматты түрде нұр отан, ақжол немесе әділетке жазылады. Соған жол бермеу ушін бюллетеньге өзіңіздің риза болмай жүрген нәрсеніңізді жазып кетіңіз.
Ең болмаса осындай жолмен қарсылығымызды білдірейік!
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
04.01.2012 21:20
+0 / -0
Модератор мырза! Мына комментарий осыдан бұрын басқа тақырып бойынша жарияланған болатын. Енді неге осы бетке тағы көшіріп жазып қойғансыздар?
Пікір алмасу

Кімнен: Ersin
05.01.2012 10:36
+0 / -0
Мен өткен сайлауда , оның алдындағы сайлауда да, осы сайлауда да барғанмын. Бардым да озің айтпақшы бюллетенге оз азаматтық позициямды айқын білдіріп кеткенмін бір заттың суретін салып. Ол қандай зат өздеріңіз де біліп отырған шығарсыздар.
Пікір алмасу

Кімнен: Манг
05.01.2012 13:16
+0 / -0
Дурыс айтасын!

Кімнен: Алматбек Қайдан: Алматы
04.01.2012 14:07
+1 / -0
ЭЭЭ!! Менттер беспределы ұзартылды десеңші

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
04.01.2012 14:14
+1 / -0
Төтенше жағдайда өткізілген сайлау заңды болып есептеле ме? Егер қағаз жүзінде заңды қылғанмен, бұл төтенше жағдай Жаңаөзен халқын билікті таңдау құқынан айырмай ма, сөйтіп Жаңаөзенді, ал онымен қоса бүкіл Маңғыстауды құқықтық аймақтан шығарып алмай ма?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 14:18
+1 / -0
Жендет етегіне тығылып қашанғы күн көрер екен. Халықтың жүрегінде дық қалды, ыза менен кек қалды, сәті туғанда алапат атылып шығар, ал өтірік сайлауларың итіме қажеті жоқ.

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
04.01.2012 14:22
+1 / -0
Неге?
"Хабарда" бәрі дұрыс деп жатырсыздар ғой?

Кімнен: Қайсел Қайдан: Атырау
04.01.2012 14:42
+1 / -0
Жаңаөзен - қанды Желтоқсан!

Бес елі соры әуелден қазағымның,
Басына тағы келді азалы күн.
Сұмдық-ай!!!
Бүкіл әлем куә болды,
Қыршындай боздақтардың ажалының.
*** ***

Аттай ширек ғасырдан соң,
Желтоқсанда басылған сол.
Тынып жатқан қазақ РУХЫ,
Жаңаөзенде жанартау боп атылды.
Халыққа оқ атылды!!!
Арман қуған балалар,
Мақсат қойған ағалар,
Ақ сүтімен елді ұйытқан аналар,
Өкініштен аһ ұрды!!!

Кенесары РУХЫ көрден оянды,
Ояна сап қызыл қанға боялды.
Қасыретті Жаңаөзен боп тірілді,
Тіріле сап қарауылға ілінді!
Қасиетті Маңғыстауда тірілді,
Бар қазақтың ар-намысы бүгінгі!!!

Сұм биліктен қалмай шапқан,
Сол баяғы жандайшаптар,
Қарсы алды алдынан.
Мойнында сол баяғы қарғы бау!
Қарсы алды сол баяғы жендеттер,
Жүректері өліп қалған жөргекте.
Өз торына қол-аяғы маталған,
Сол баяғы ойы тайыз қатал жан.
Қиыспайтын ертегіден құралған,
Сол баяғы құр алдау!

Қаймықпады бірақта РУХ бұлардан.
Шындық деген найзасы бар қолында,
Шабақтарды шаншып алып шалшықтан,
Шырылдатып су бетіне шығарған.
Автомат боп себелеген ажалға,
Қарады РУХ тайсалмастан күлімдеп:
«Жақындады билік сенің түбің» деп,
«Туып келе жатыр менің күнім» деп,
Ажал оғын оңды-солды боратқан,
сатқын билік, жағымпаздар, жендеттер,
Қоя берді аяқ-қолы дірілдеп!!!
**** ****
Жаралы жұрт,
Қаралы елім,
Анашым!
Жыламаңдар, бекініңдер алашым!
Жәутеңдемей түз тағысы бөріде,
Емдемейме өз тілімен жарасын.

Тас жүрекке салды ма ұя қаталдық,
Бабалардан әлде теріс бата алдық.
Бейбіт елміз жер бетінде деп жүріп,
Өз бауырын қырған халық атандық.

Тамырына балта шауып тарихтың,
Саналарын уламақ қой халықтың.
Қазақ дейтін ел болмады деді ғой,
Біздің патша басқаларға тағып мін.
Бабалардың төккен қанын ескермей
Туған жердің киесінен сескенбей.
Менмендіктен екі көзін шел қаптап,
Тарих менен басталды дер дес бермей.

Қазақ деген ел болар ма ед осыгүн,
Жәнібекпен, Керей ханы болмаса.
Орда тігіп Шу бойына қонбаса.
Абылай хан, Бұхар жырау, Есімді,
Қазақ емес деудің өзі далбаса.
Қасым-Сыздық-Кенесары хандарды,
Қазақ үшін жанын қиған жандарды.
Қазақ емес дейсің бе сен Сырымды,
Исатай мен Махамбеттей Ұлыңды.
Құрбан болған айтып-айтпай талай ер,
Тәуелсіздік таңы үшін бүгінгі!!!

Өр қазақтың тамырының қап-қалың,
Қайдан білсін тым тереңде жатқанын.
Сол тамырдан әр қазақтың бойына,
Қан жүгіріп РУХ бүршік атқанын.
Өлмейтінін қайдан білсін РУХТЫҢ!
Көрінгенмен уақытша өшкендей!
Ол РУХ жүр ақтабан сор көштерде,
Ол РУХ жүр сонау белес төстерде.
Жан береді, қан береді қазаққа,
Көк бөрідей ұлып қызыл кештерде!
Ол РУХ жүр мынау шалғын беткейде,
Суарылып бабалардың қанымен,
Қайта шыққан мына әрбір шөптерде!
Текке өлді деп ойламаңдар,
Текке өлген!
Ол РУХ жүр алынбаған кектерде!
**** ****
Қарашасын тоғыз айда бір көрмей
Ортасына тоғыз айда бір келмей.
Қырып салдың өз жұртыңды бір күнде,
Ен далада киік атып жүргендей.
Айтыңдаршы айыздарың қанды ма?
Өз қаныңнан бөлек пе екен қан мына?
Қан жылаған қалың елге жауап бер,
Бармас бұрын тозақ соты алдына.

Тағыда атам депсіңдер ғой.
Атыңдар!!!
Билік сенде.
Арсыздыққа хақың бар.
Бойыңдағы қалмағанын намыстың,
Жойылғанын дәлелдедің ақырғы ар!
Шашын жұлған ақ шашты ана – жесірмен,
Жетім бала қарғысына батыңдар!!!

Азаланып тынбай соққан ызғырық,
Қатырғанмен табиғатты мұз қылып.
Тоң боп қалған жүрегі оның сезеді,
Келетінін бар дүниені қыздырып,
Сөгетінін қабырғасын бір бірлеп,
РУХ деген ізгілік!!!
**** ****

Бәрін білгіш өзіңше жандайсыңдар,
Өзіңді де, өзгені алдайсыңдар.
Тапжылмастан тоғыз ай тұрған жұртта,
Айтыңдаршы білсеңдер қандай сыр бар?
Себебі оның шапшыған қанындағы,
РУХТЫ енді өлтіре алмайсыңдар!!!
Сорғалаған ешқашан қолыңдағы,
Қанды жуып кетіре алмайсыңдар!
Өлтірерсің жүз адам, мың адамды,
Сімірерсің шашалмай жүдә қанды.
Қырғын болған екі рет Желтоқсанды,
Ұмытпайды қалың жұрт бұл алаңды!
ҰМЫТПАЙДЫ ҰРПАҚТАР БҰЛ АЛАҢДЫ!!

Кімнен: Сымбат Қайдан: АКтау
04.01.2012 14:52
+1 / -0
керек кылса бул карикакбас НАН 1жылга дейн созатын шыгар....сол коменданттык сагатынмен бирге неге курып кетпейсин....бул одан сайын халыктын ашу-ызасын кушейтпей ме ...сол омондарынды у берип олтиру керек па жок алдее баска бирдене истеу керек шыгар...сен халыктын жагдайын ойлап кайбир сол коменданттык сагатты созып отырсын ...озинше сайлауды тып-тыныш бейбит турде откизгин келип отырсын го ...иа сенин сол сайлауына ким сенеди дейсин ...саган биринши сайлаудын отуи манызды болды го...кайтесин енди тойымсыз.канагаттан айрылган биликтин бул ашкоздигине...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 15:17
+1 / -0
Ағайынның ынтымағын бұзғысы келетіндер өріп жүр ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: айман Қайдан: актау каласы
04.01.2012 21:37
+0 / -0
дурыс аитасыз,оте орынды оз,мен колдаимын!бурынгы оян казак деп жар салган акын агаларымыздын жоктыгы енди мине билинуде!барине де басшы кинали деп оилаимын!оз елин,кулшылыкка апарп коип,коркытып багындырганнан ештене де шкпаиды!каита одан бетер ушыктырады!мунда коптеген маселелер аитылып жатр,мен бари не де косыламн,колдаимын,тилимиз туралы,динимиз туралы!бунын бари де оте орынды аитылып жаткан маселелер.жакында озим сол жанаозен каласына барып келгенмин,кала сумдык болып жатыр,халыкты кушпен коркытып,сол халыкты коргауга жиберген омондары,сол халыкты оздери тонап жатыр,маскара,ауежаида караиган уялы тел.мен акшасы шкты деп жатыр.омон дегенимиз нагыз шаитаннын ози болып шыкты ,озендеги жагдаиды паидаланып .оздери халыкты тонап жатыр,болып жаткан жагдаиды паидаланып.елбасымыздын жасап жаткан тирликтери типти сумдык .билмеимин аргы жагы не болатынын,тек тилеитиним согыска аиналып кетпесе екен деимин.баска елге кулки болып ,корлап коиды халыкты!!!

Кімнен: Мунайшы Қайдан: Жанаозен
04.01.2012 15:20
+1 / -0
Кокент жазыпотырган халкым, сендер 100% дурыс айтасындар

Кімнен: Темирлан Қайдан: Астана
04.01.2012 15:33
+0 / -1
Арандатқан арандатушылар кері тартпай басты бері тартсаңдаршы. Елдің бірлікке шақырыңдар. Басқаны айтып мезі болмаңдар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 17:45
+1 / -0
ШЫДАМНЫҢ ДА ШЕГІ БАР ЕМЕС ПЕ????
сабыр деген рас адамға өте қажет нарсе, бірақ әр нірсенің өз шегі болу керек қой? мысалы малдың сабырлығы сиякты сабырлылық қажет пе адамға? мойнына пышақ тақап бауыздайын деп жатқан ундемей жата беретін қой сияқты болайық па?
Тілің анау шұбарланған,
дінің анау Құдайдың бұйрығынан безген,
байлығының анау НӘНмен оның туыстары тонаған.

Еуразиялық одақ, кедендік одақ деп билік халықты алдап қайта орыстарға құлдыққа апара жатыр.

енді не қалды бізге?!
мал екеш мал да бауыздағанда 1 мәрте тұяқ серпіп өлмей ме?
біз енді мал құрлы болмадық па????
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
04.01.2012 18:00
+1 / -0
Арандатушы халық емес билік қой, өтірігін қоймай тұрған. Жаңаөзенде 16 желтоқсанда қарап тұрған халықты арандатып отқа итерген билік, сонысын мойындаса, оқ атқандар мен оған бұйрық бергендер жазаланса бәрі тынышталады.
Пікір алмасу

Кімнен: Рамазан Қайдан: Алматы Қазақфильм 32-30
06.01.2012 09:18
+0 / -0
Бұл қазақты өз жерінде кім басындай отыр. Өткен 31 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Өзбекстанмен шекаралас Ескіқорған елді мекенінде кісі өлімі болды. Осы жердің үш-төрт бұзақысы көрші Құйған ауылының 22 жастағы тұрғыны Рысмахан Жорабековты өлтіріп, денесін Бозсу өзеніне тастап жіберген. Баланың өлі денесі екі-үш күннен кейін шекараның арғы жағындағы Жалдама қыстағындағы Су электр станциясынан табылған. Ескіқорған елді мекенінде негізінен түркмен ұлтының өкілдері тұрады. Олар өздерін "таулықтармыз" дейді, Олардың жастарының бұзақылық әрекеттері бұдан бұрын да бірнеше рет көрініс берген.Сондықтан да 3 қаңтар күні сағат 9-10 аралығында Құйған ауылының 200-дей тұрғыны Шымкенттен келетін автокөлік жолына шығып, рұқсат етілмеген наразылық шеруін өткізбек болды. Алада оларды полицейлер қоршап, Ескіқорған ауылына жібермеді. Бұл арада этникааралық қақтығыс тууы мүмкін еді. Бірақ та құқық қорғау органдарының өкілдері "кісі өлтіргендер ұсталынып, халық алдында ашық сот болады, әділ жазасын алады" деп сендірген соң жиналған жұрт үйлеріне тарады. Тұрғындардың айтуынша қылмыскерлер дереу Өзбекстан асып, іздерін жасыруға тырысқан. Шамамен олардың кімдер екені де белгілі. Егер кісі өлтіргендер іздестіріліп жазасын алмаса және Ескіқорған ауылы жастарының бұзақылық әрекеттеріне тыю болмайтын болса жұртшылық тағы да наразылық шеруіне шығамыз, барлық әрекеттерге барамыз деп отыр. Осыны билік орындары,құқық қорғау органдары жасырып бағуда. Бұл бәрібір түбі жарылатые сыздауық қой. Сраыағаш ауданының сот-медициналық сапартамасы бала суға тұншығып өлген деген қорытынды беріпті.

Кімнен: Ислам Қайдан: Талғар
04.01.2012 15:39
+1 / -0
Батыс өңірдің тумалары саналатын атақты Әбіш Кекілбай, Фариза Оңғарсынова, Аманкелді Айталы сынды аға-апаларымыз Жаңаөзендегі қасіретті күн туралы осы бойы үнсіз кетер ме екен, қайтер екен?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 15:46
+1 / -0
Бүгін бір суық хабар естідім. Мусор су дейма, сол жерден 6 - алты баланың өлігі табылды дейді. Сол рас пекен. Мен онша сене қойған жоқпын, бырақ айтушының сөзіне қараған да, халық оны ашық айтуға қорқып отыр дейді. Ең болмаса суретке түсіріп Интернет ке салып жібер се? Жаңа өзендіктер растау мүмкін ғой. Осы сайтта.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 16:40
+1 / -0
шын мәнінде өлгендер саны көп дейді бейресми акпарат.Құдай білсін. Не болса да өзіміздің қара қазақтың балдары қырылып қалды.Әзір ақ-қарасы айтылмайды, жабулы қазан жабулы күйінде қалатыны белгілі.НЕ болса да, оқ атпау керек еді.
Пікір алмасу

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
04.01.2012 18:46
+1 / -0
бәрі рас! керек десеңіз, омондар ұсталған ақшамен қарайған соткаменен аэропортта! енді партизандық соғыс басталады! кеше 3 омонды атып өлтірген, өзенде.

Кімнен: ел бар
04.01.2012 16:41
+0 / -0
ТЫНЫШТЫҚ, ТЕК ҚАНА ТЫНЫШТЫҚ
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.01.2012 17:24
+1 / -0
бары жаксы болсыншы алладан соны тылеймын
Пікір алмасу

Кімнен: БІЛГІШ Қайдан: Нұршәйтан жайлаған елден
05.01.2012 01:05
+0 / -0
ТОҚЫРАҒАН ТЫНЫШ ЕЛДІ НҰРШӘЙТАН ЖӘЙЛАП АЛАДЫ.

Кімнен: сұңқар Қайдан: оқжетпес
04.01.2012 17:55
+1 / -0
Қылмысты жасыру үшін және алдағы болатын жалған сайлау қортындысына Алматылықтар қарсылық білдірсе, көретін күндерің осы деп ескерту жасалған, жаза жорығы болып табылады.
қазіргі билікке қарсы келер ешкім жоқ.
жаңаөзендегі қырылып жатқан қазаққа жаны ашыған қазақ санаулы ғана. енді олардың тірілерінің тозақ отына қанша жанып аман қаларын кім білсін. аман қалудың жолы билік көрсеткен жолмен ауылды тастап басқа жаққа көшу керек шығар, еш қазақтың басына бермесін мұндай сұмдықты. ендігі жерде оларды қолдайтын үйымдардың жаны ашығандары, олрдың басққа жаққа көшіп ,тіпті шетел асып кетуіне көмектесуі керек шығар деп ойлаймын. басқа қандай амал бар?! оқатқан адамда белгілі. олармен қарсыласқан адамдарда белгілі. көзге көрініп тұрған жауызықтың жасырылуын ашудық кімге керегі бар. қазақстандықтар да шетелдіктерде көріп отырған жоқ па!? " күштінің арты тирмен тартады" қолдан келер қайран жоқ. қой сияқты, қоң етін қасқыр тартып жатсада күйсей беретін қоңыр қазағым.

Кімнен: Қарапайым халық
04.01.2012 18:15
+0 / -1
Ел арасына іріткі салмайық, ел тыныштығын сақтайық ағайын
Пікір алмасу

Кімнен: Нурбек Қайдан: Атырау
04.01.2012 18:51
+0 / -1
ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ не бопкети ? Кимге барып сырымды айтам, кимге барып мұңымды шагамын деген осау сира? Халык арасына Іріткі салмандар казак халкы татулыкпен бейбитшиликке не жетсин ширкин ай

Кімнен: Алтыншаш+ Қайдан: БКО
04.01.2012 18:46
+0 / -0
меним ойымша бул жаксы жаналык!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Әділет Қайдан: Жезқазғаннан
04.01.2012 20:29
+1 / -0
Адам құқықтары мен сөз бостандығын құрметтейтін демократиялық елдер, әсіресе АҚШ Қазақстанға қарсы санкциялар қолданбаса мына полициялық режим халықты жаншуын тоқтататын түрі жоқ. Бұрын демократия туралы айтқанда оны әншейін бір құрғақ абстракция деп ойлайтынмын. Сөйтсем, адам құқықтарын сақтайтын жалғыз жүйе - демократия екен ғой. Қазақ қырылмау үшін үшін демократиялық жолды таңдауы керек! Күштік құрылымдар Жанаөзеннен дереу шығарылуы тиіс!!! Әйтпесе, халықаралық бейбітшілік күштерін шақыруды халық болып талап етеміз! Қазіргі екіжүзді билікке сенім жоқ!

Кімнен: Запыран
04.01.2012 20:15
+1 / -0
Мен елімнің алға өрлеп, озық 50 ел емес, тіпті 10-дыққа іліккенін қалар едім. Алайда, ондай ойға тек хабар мен қазақстан телеарналарын қосып тыңдап, гипнозға түсіп кетсең ғана сенесің, 50- деген арманның. Бірақ, біздің елдегі жағдай қазақтың ел болып жарата алмайтынын көрсетіп отыр.Жаңаөзендегі қырғынды айтпағанда,өз сарбаздары өзі өсе алмай, көбейе алмай отырған, өз қандастарына оқ атты. Қазақ елі тілінің стандартын жасай алған жоқ, мәселен, кім қалай аударғысы келеді, солай аудара береді, термин сөздерді, орыс сөздерін. Ұшақпен ұшып келе жатсаң, құтқарушы жилет күрсіңіздің астында деп жазылып тұр. Креслоны КҮРСІ демей, орындық дей салсаңдар, сендерге ООН санкция жасай ма? Пойызбен жүрсең, дәретханада Кнопка спуска воды-ды , су жіберу ТУРАЛЫ тетік деп, тағы жыныңды келтіреді.Тіпті, егемендік алғанымызға 20 жыл болған екен, қазақтар өздерінің ұлттық тағамдары: бешбармақ, қазы, қымыз, шұбат,қымыз, таба нан, бауырсақ,құрт,қаймақ, кілегей, айран,көже, шалап, қымыран, саумал, жент, талқан, тары... дегендердің стандартын жасаған жоқ.Біздегі диктатураның қарыштауы соншалық, бұған да президент тапсырма беруі керек, ал оның бұған басы жетпейді екен. Ал тапсырмасыз бір министр қолға алса, бұл іс абырой жинап, таққа таласушылық болып есептеледі екен. Тығырық деп осыны айтады.
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбе
04.01.2012 21:42
+0 / -0
Президент арманына жетуге қалды. Қазір қазақстан өзіне-өзі қол салудан (суицид) дуние жүзінде екінші орын алады. Жезөкшеліктен алдыңғы ондықтың санатындамыз. Түрмеге қамалғандар саны бойынша сегізінші орындамыз. Жаңаөзен соты аяқталған соң одан да алдыңғы қатарға шығармыз. жиырма жыл "тәуелсіздіктің" арқасында жеткен жетістігіміз де жеткілікті. Өтірік айтып , халықты алдап көз бояушылық жасауда Алдаркөсенің ертегісі жолда ойнап қалады.

Кімнен: қайрат Қайдан: Адай елі
04.01.2012 22:21
+0 / -0
Ағайындар бірігейік. Енді жыдай алар емеспіз.
Мына сайттарды қараңдар
http://www.youtube.com/watch?v=2zPOhv0kpDQ
http://www.youtube.com/watch?v=5eUwE2ruylc
http://www.youtube.com/watch?v=HU7ANvYUpPA
Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
05.01.2012 00:52
+0 / -0
Қарадым, болтовня!
Әблязов "КЕТ" деп ашық айтты ғой НӘН-ге, және құр бос сөз емес, оның күйеу баласы Құлыбаевтың мемлекеттік дәрежедегі қылмыстарын жіліктеп, қолмен қойғандай дәлелдеп сотқа берді, ашық дискуссияға шақырды. Біздің құқық қорғау орындары ол келтірген фактілерді тіпті тексермеді де.
Жаңаөзендегі жағдайды көзапара өздері қолдан ушықтырды, егер дер кезінде дұрыстап қарап, мәселелерін толық шешпесе де, ең болмағанда халықпен адамша дұрыстап сөйлескенде бұл оқиға болмайтын еді.
Енді келіп өз "проколдарын" Әблязовқа жауып әлек!
Біздің халық Әблязов түгілі оның жеті атасы келіп жалынса да олардың айтағына ермейтін халық. Бірақ НӘН біздің Маңғыстаудың ондай менталитетін қайдан білсін, өз халқының мінез-құлқын толық танып-білуге оның мойны жар бермеді немесе өзін жарнамалаудан қолы тимеді, содан келіп "олар арақ ішкен, көздері қып-қызыл болып дым көрмей қалған", оларды сырттан біреу "дирижировать" еткен деп өтірікті суша сапырып, баланың әңгімесін айтып күлкіге ұшырады. Бірақ оған қысылып-қымтырылып жүрген ол жоқ, "ұят" деген адамдарға тән сезім бұнда атымен жоқ екендігі тағы да дәлелденді.

Кімнен: Қайрат Қайдан: Алматы
04.01.2012 22:24
+0 / -0
Таныс полиция қызметкерінің айтуынша, Жамбыл облысынан Жаңаөзенге барған полиция қызметкерлеріне адам басына 100000 (жүз мың) теңге премия берілді. Бұны естіген резервте қалған біраз жамбылдық полициялар өз еркімен Жаңаөзенге баруға өтініш білдіріпті, бірақ ол өтініштер әзірше қанағаттандырылмады. Менің білуімше, Жамбыл олысынан Жаңаөзенге кем дегенде 100-ден астам полиция қызметкреі жіберілген. Және де сол танысымның айтуынша, ОҚО облысынан келген полиция жасағының Жаңаөзеннен қуылғаны рас екен. Негізгі себебі - жергілікті елді ашық және жүйелі түрде тонағаны. Тағы бір белгілі жайт, жамбылдық бір полиция Жаңаөзенге барудан бас тартты, сол үшін оны жұмыстан шығарып жіберді. Танысымның айтуынша, ол жігіт қорыққанынан бас тартқан болу керек.
Азаттық радиосы қызметкерлеріне: бұл мәліметті айтқан танысыма сенбеу менің еш негізім жоқ, сенбейтін болсаңыздар, басқа дереккөздер арқылы тексеріп көріңіз.
Пікір алмасу

Кімнен: Құралай Қайдан: Ақтөбе
05.01.2012 00:51
+0 / -0
Өлгендердің қаны жібермейді ғой,Алла тағала атуға бұйрық бергендердің,атқандардың өздеріне, ұрпақтарына көрсетсе екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
05.01.2012 01:12
+0 / -0
Адам өлтіруге 100 мың, бізде адам құнын туған үкіметіміз осылай бағалайды екен!
100 мың үшін соншама ауыр қылмысқа барып тұрған ОМОН дарымыздың бет-бейнесі осындай болып тұр, бұл 20 жыл бойына бетімен кетіп, ауа жайылушылықтың тікелей салдары!
Пікір алмасу

Кімнен: Білгіш Қайдан: Нұршәйтан жәйлаған елден
05.01.2012 01:29
+0 / -0
Иә, жүз мың теңге деген, Жамбыл облысы үшін үлкен ақша болып саналады. Бырақ, өз халқыңа қиянат жасап ақша табу дегеніміз, барап тұрған сатқандық. Өз елін жауыздарға сатқан топастар.
Оңтүстік Қазақстанда полиция өз жерлестерін күнде жүйелі түрде, ашақтан ашық тонауда. Олардың елді тонауы тіпті де жаңалық емес қой.
Ал, Жаңаөзенге барудан бас тартқан Жамбылдық жігіттің қорқақтығы деп санамаймын. Керісінше, өз еліне, өз халқына шын берілген, халқына қызмет ету үшін, халқын қорғау үшін полицияға жұмысқа орналасқан, жоғары саналы, көкірегі ояу азамат деп есептеймін.
Қайрат, сенің айтқандарыңа сену, сенбеу туралы ешқандай себеп жоқ, полицияға қандай адам, кім, қандай жолмен жұмысқа кіретіні, олардың іс-әрекеті күнделікті көз алдымызда ғой.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі