Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:38

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзенге қатысты алты комиссия құрылды

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сында болған оқиғаларды тергеп, тексеруге осы уақытқа дейін жиыны алты түрлі комиссия құрылды. Олардың үшеуі үкіметтік тарапынан құрылған. Оған қоса бірлескен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (алдыда), оның артында - күзеті мен "ҚазМұнайГаз" компаниясының басшысы Ләззат Қиынов. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 ж.
Мәтін көлемі - +

ТӘУЕЛСІЗ КОМИССИЯ

Жаңаөзендегі қантөгіс болған желтоқсанның 16-сы күні «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы тәуелсіз қоғамдық комиссия құру бастамасын көтерді.

Құрамына «Азат» ЖСДП, Қазақстанның коммунистік партиясы және тіркелмеген «Алға» партияларының жетекшілері мен өкілдері кірген бұл комиссия желтоқсанның 17-күні Жаңаөзенге баруға тырысқан, бірақ жолдары болмады.

Қазір бұл комиссия құрамына «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры», Қазақстандық Хельсинки комитеті сияқты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бірқатар қоғам қайраткерлері мен заңгерлер, тәуелсіз журналистер де қосылды. «Руханият» партиясының жетекшісі Серікжан Мәмбеталин де комиссияға қосылуға тілек білдірді. 

ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ

17 желтоқсанда Астанада өткен Жаңаөзен оқиғасына қатысты қауіпсіздік кеңесінің отырысында сол кездегі вице-премьер Өмірзақ Шүкеев жетекшілік ететін үкіметтік комиссия құрылды.  Мұның құрамына Маңғывстау облысының жаңа әкімі Бауыржан Мұхамеджанов, «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компанияларының жаңа басшылары мен басқалары кіреді. 

Азаттық радиосы бұл комиссия мүшелерімен сөйлесе алмады. Маңғыстау
"Азат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов Ақтаудағы алаңда наразылық білдірушілермен сөйлесіп тұр. 21 желтоқсан 2011 ж.
x
"Азат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов Ақтаудағы алаңда наразылық білдірушілермен сөйлесіп тұр. 21 желтоқсан 2011 ж.
​​облыстық әкімдігінің қабылдауындағылар облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Жармағамбет Айтуаровқа сілтеді.

Үкіметтік комиссияға қоса бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің бірлескен жедел тергеу тобы құрылды. Бұл топты бас прокуратураның арнайы прокурорлар департаментінің бастығы Серік Қараманов басқарады.

Алайда, Қазақстан президентінің Маңғыстау облысындағы оқиғаларды тексеруде ашықтық пен жариялылық болатыны туралы мәлімдегеніне қарамастан, тергеу тобының Жаңаөзендегі оқиғаларды тексеру жұмысы жайлы білу қиынға түсті. Бірақ президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасынан ұққанымыз, тергеу тобына Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктердің шығу себебін анықтау және оны ұйымдастырушыларды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту тапсырылған.   

ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯ

Желтоқсанның 22-23-і күндері Ақтауға барған Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір республикалық комисиия құруды тапсырыпты. Бірақ ол үкіметтік емес, қоғамдық болып табылады. 23 желтоқсан күні бұл комиссия жұмысқа кірісіп кеткен.

Бұл комиссияның құрамына қарасақ, Назарбаев қоғамдық комиссия құру тапсырмасын мемлекет басшысы ретінде емес, «Нұр Отан» партиясының жетекшісі ретінде берген секілді. Себебі бұрынғы сенатор, Маңғыстау обдыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевтың айтуынша, комиссия құрамына «Нұр отан» партиясы филиалының, «Ақ жол» партиясының, Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің, «Өзенмұнайгаз» компаниясының өкілдері, Астанадан белгілі адамдар кіреді.  Бірақ ол бұл комиссияға мұнайшылар кәсіподағының өкілдері кірмегенін айтады.

Маңғыстау облысының «Ақтау» тәуелсіз кәсіподағының төрағасы Кенжеғали Сүйеуов Озғанбаевтың өзін комиссия құрамына кіруге шақырғанын, бірақ істің тек шақырумен шектелгенін айтады. 

Озғанбаевтың сөзіне қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық комиссияға бас прокуратура мен ІІМ-нің бірлескен жедел тергеу тобының жұмысына қоғамдық бақылау жасауды тапсырған. Ол қоғамдық комиссия құрылған күнінен бастап Ақтауда, Жаңаөзен мен Шетпеде өздерінің қоғамдық бақылау пунктерін ашқанын айтты. Бұл пунктерде тұрғындар тергеу тобының азаптау және басқа да заңға қайшы әрекеттері туралы шағымдарын, із-түзсіз жоғалған адамдар туралы мәліметтерді қабылдайды.   

Бірақ Озғанбаев өзі басқаратын комиссия Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысты күдіктілер отыратын Маңғыстау облысындағы түрмелер мен уақытша ұстау және тергеу абақтыларын тексеру кезінде олардан өздерін азаптап, қинағандығы жөнінде арыз-шағымдар түспегенін айтты.

ЕРІКТІ КОМИССИЯ

«Озғанбаевтың комиссиясымен» қатар Жаңаөзенде облыстық «Ақтау» тәуелсіз кәсіподағының төрағасы Кенжеғали Сүйеуов басқаратын, өзін тәуелсіз деп санайтын тағы бір комиссия жұмыс істеп жатыр.

Сүйеуовтың орынбасары Жомарт Айдарбековтың сөзіне қарағанда, комиссия
"Қаражамбасмұнай" компаниясынан босатылған жұмысшылар. Ақтау, 24 желтоқсан 2011 ж.
x
"Қаражамбасмұнай" компаниясынан босатылған жұмысшылар. Ақтау, 24 желтоқсан 2011 ж.
​​облыс тұрғындарының бастамасымен Жаңаөзендегі оқиғаның шындығын ашу, қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың нақты саны және аты-жөнін анықтау үшін құрылыпты.

Бұл комиссияның жұмысының нәтижесі туралы қазір айта алмаймыз. Себебі Айдарбековтың өзі қазір комиссияға көмек сұрап келіп жатқандардың аз екенін айтады. Комиссияға жүгінетіндердің өзі тікелей келуден қорқып, телефон арқылы ғана көмек сұрайды екен. Ол комиссияны тіпті әкімдікке де кіргізбегенін жеткізді. 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМИССИЯ

29 желтоқсан күні Ақтауға халықаралық «Penal Reform International» (PRI – «Халықаралық түрме реформасы») үкіметтік емес ұйымы мен Шымкент, Қызылорда, Петропавл және Ақтау қалаларынан қоғамдық бақылау комиссияларының өкілдері кіретін тағы бір комиссия келді. Бұл комиссия Ақтау мен Жаңаөзен қалаларының абақтыларында отырған күдіктілердің азапталып жатқандығы турасындағы әңгімелерді тексеруге келген.   

Алайда, комиссияның аймаққа жасаған сапарының қорытындысы жайлы ақпарат ала алмадық. Комиссия жетекшісі және PRI-дың Орталық Азия бойынша өкілі Жанна Малаеваның және аталған ұйымның Астанадағы өкілдігінің телефондары жауап бермеді. PRI-дың бастамасымен құрылған бұл комиссия аймаққа келу үшін бас прокуратурадан рұқсат алған.

Қазақстан билігі әлі күнге оппозициялық партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар құрған тәуелсіз қоғамдық комиссияны Жаңаөзенге, Жетібай мен Шетпеге жібермей отыр.  

Бірақ тәуелсіз комиссия мүшесі және «Гүлжан.орг» сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева өздерінің жаңаөзендегі төтенше жағдай тәртібінің мерзімі аяқталған соң қалаға барудан үмітті екендіктерін айтты. Бірақ үкіметтік комиссия жетекшісі Өмірзақ Шүкеев Жаңаөзендегі төтенше жағдай тәртібінің ұзаратыны туралы айтқан болатын. 

ЖӘНЕ БІР ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ

Ал соңғы күндері Жаңаөзенде еңбек мәселесін қарастырумен айналысатын тағы бір комиссия құрылды. Оны басқаратын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов бұл комиссия жұмыстан босатылған жұмысшылардың арыз-шағымын қарайтынын жеткізді.   

Вице-министрдің айтуынша, еңбек дауымен айналысатын комиссия үкіметік комиссияның жетекшісі Өмірзақ Шүкеевтің тапсырмасымен құрылған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ағайын Қайдан: Батыс
04.01.2012 14:53
+0 / -0
Қоғамдық комиссияны билікке тәуелсіз, еркін ойлы зиялы қауым да құрғаны жөн шығар. Сайлауды 6 айға шегеріп, қанды оқиғаны тыңғылықты тексеріп, терең зерттеп дұрыс қорытынды шығарылмаса, соңы орны толмас қасіретке ұрындыруы хақ. Өйткені, барлық жерде теперіш көріп жүрген қазақ әбден ашынған. Өз Астанасында баспаналы бола алмай жүрген қазақ жастарының барлығы дерлік өзге ұлттардың 3-4 үйінің бірін жалға алып тұрып, тапқанының 3-тен 2-сі пәтер ақыға төленіп, ашу-ыза-кегі қайнап тұрған шақ қазір. Сондықтан билік қатты ойланғаны жөн. Мүбәдә, Астана, Алматыда халық көтерілсе Жаңаөзендегі "ат" деген бұйрық тағы қайталанбас үшін, абайлайықшы, ағайын!
Пікір алмасу

Кімнен: Жазылбек Қайдан: Ақтау
04.01.2012 21:01
+0 / -0
Жаңаөзенге қатысты алты комиссия құрылды
-------------------------
Алтауын да президент сатып алған. президенттің трюктерінің біреуі.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.01.2012 16:11
+0 / -0
неге сонша жауыз боламыз бір бірімізге, бірігіп көтерген жұк жеңіл, жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады деген рас екен

Кімнен: Тарбағатай Қайдан: Алматы
04.01.2012 15:17
+0 / -0
Анау суретке қарасаң: «Ата жауын қырып тастап, соғыс болған далада, өліктерді баса-маса алға қарай, жаңа жер, иелік, байлық қайда деп алысқа көз тігіп, артына жендет-төбеттерін ерте келе жатқан қанішер қолбасшыны көресің».

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
04.01.2012 16:02
+0 / -0
Қалмақтың шіренуін-ай! "Қазақты қан еттім, ата-бабамның өшір бір осылай алдым!" деп кердеңдеп кетіп барады...
Қазақ киелі халық, қарғысы атып бір күндері аяғың аспаннан келіп бір тоңқалаң асарсың-ау өзі де!
Пікір алмасу

Кімнен: Қарт Шыңғыстау Қайдан: Астана
04.01.2012 16:41
+0 / -0
http://www.masa.kz/article/view/id/2538
Пікір алмасу

Кімнен: Нысан апа!! Қайдан: Қызыл-Орда
05.01.2012 21:41
+0 / -0
Жаңа Өзенім ардағым,
Батырларым айбарым.
Сендер жақтан естілді !
"Демократия " ҒАЖАБ үн

Жаңа Өзен,Шетпе,Ақтауым,
Жүрекке жеттау жоқтауың
Бір сілкінсе ҚАЗАҒЫМ!!
Мүмкін емес тоқтауың

Қаһарланса ҚАЗАҒЫМ !
Желтоқсанның азабын,
Жаңа Өзеннің "мазағын"
Бірақ күнде әділдік ...
Орнатады ҚАЗАҒЫМ!!

Ренжімегін қарағым
Шықтау ызаң,азалы үн..
Табылмай тұр бір батыр ..
Көтеретін жоғары ..
Алтын сапты "БАЙРАҒЫН"

Кімнен: Halyk uli
04.01.2012 16:26
+0 / -0
Bul istin anik kanigi karalip on wewimin tauip, barligi zhaksy bolar

Кімнен: Өскен
04.01.2012 16:29
+0 / -0
Құрылған комиссиялар халықтың сенімінен шықсын

Кімнен: Қосаяқ Қайдан: Алматы
04.01.2012 16:33
+0 / -0
Сайлау күні астаналық қазақтар теңдік сұрап көшеге шығады, алаңдарға жиналады деген ақпарат қаншалықты рас? Анық-қанығын білетіндер болса нақты дұрыс жауап беріңіздерші!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Актау
05.01.2012 16:56
+0 / -0
Ай, билмеймин-ау, отирик сиякты. естигеним жок.

Кімнен: Ел жұрт
04.01.2012 17:35
+0 / -0
Еліміз аман болып, түтініміз түзу болу үшін болашаққа жұмыс істеуіміз қажет

Кімнен: ермек
04.01.2012 18:42
+0 / -0
Елдегі тыныштық болашақ жолы
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қала
04.01.2012 19:12
+0 / -0
Қазағым менің аман болыңдар! тыныштық болсын! Бірақ шындықты айтайыншы: жұз рет, мың рет, 10мың, 100 миллион рет айт бәрібір үкіметтік комиссиядан түк шықпайды түк, сені комиссия болып баруға өлсеңде жібермейді! Тек Аллатағалам өзі біркүні жауыздардың көзін құртады.

Кімнен: Аңсар
04.01.2012 18:59
+0 / -0
Йа,бірі болмаса бірі шындығын шығарар.Ендігі іс жаңа өзендегі жабық уақыттың ұзартылғаны жәрияланды.бұл бір.енді бірі руханият партиясы сайламнан шектетілді.үшіншісі ,теле арналар жоғалтқанын тауып алғандай руханият партиясы мен ЖХСД партиясы туралы "жаңалықтарды"үтір нүктесін қалтырмай көп уақытын беріп жарияалатып жатыр.
жаңаөзен туралы ,әсіресе полцияның оқ шығаруы туралы бір ретте айтпады.сонда олардың кімнің мүддесі үшін шыжақ болып жүргені айқын.айтыңдаршы: осы да әділ ақпарат болды ма?әділ ақпараттарды қудаласа,кедергі жасаса бұл қоғамнан үмітім кесіліп барады....
Сайлау жаңа өзен оқиғасы әділ бағасын алған соң халықымыздың ғасырда бір туатын ардагері МҰҚТАР ШАХАН бастаған топтың сайлауға еш кедергісіз қатыстырылғаннан кейін барып өткізілсе әділ болар ма екен деймін.

Кімнен: Саят Қайдан: Қызылорда
04.01.2012 19:22
+0 / -0
Ешқандай партияда, мемлекетте кездеспейтін "тең төраға" деген сөзді осы оппозициялық "Азат" ЖСДП-нан көрдім. Бұрын "Ақ жолда" да солай болып еді. Оппозицияның басы бірікпейді, бір ғана партия төрағалығын бір-біріне қимайды. Мемлекет басқара қалса тіпті қалай боларын көзге елестету қиын. Мұндай да қазақ "сенген қойым сен болсан күйсеген аузынды ұрайын" дейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
04.01.2012 20:48
+0 / -0
Қойшы көп болса, қой арам өледі деуші еді ...Комиссия көп болса не болатынын бір құдайым білсін!

Кімнен: нағыз қазақ Қайдан: Астана
04.01.2012 23:15
+0 / -0
мына сайтты қараңдар
http://www.youtube.com/watch?v=HU7ANvYUpPA&feature=related
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.01.2012 16:34
+0 / -0
Қаламды қолға алайын,
Шабытты жолға салайын.
Шала ұйқы болып, қалғымай,
Сөзімді қолда ағайын.

Жырыңмен қорға жеріңді,
Жырменен қолда еліңді,
Деген маған Алламнан,
Түсімде бұйрық берілді.

Қолда деген еріңді,
Маған бұйрық берілді.
Жырыммен соны жеткізіп,
Тарқатайын шерімді.

Сор қылардай жерімді,
Қор қылардай ерімді.
Мына билік соншама,
Неге елінен жерінді?

Бастырып жатқа белімді,
Саттырып жатқа кенімді.
Елі сенген ел басы,
Ақтамады сенімді.

Көңілді демеп шер басқан,
Жазайын бір шер дастан.
Ой салар ма екен жандарға,
Мансаптан көзін шел басқан.

Отырып алып талайдан,
Шықпайтын салқын сарайдан.
Ойланар ма екен біреулер,
Байлықтан көзі қарайған.

Қазаны толып қайналған,
Азуы толып шайналған.
Ес жияр ма екен кейбіреу,
Бақыттан басы айналған.

Аптада тойы тойланған,
Өзінше дөкей сойланған.
Танытар ма екен бір кейіп,
Мықтылар бір сәт ойланған.

Не болса да жазайын,
Жүректен жыр-кен қазайын.
Ашып айтып шындықты,
Тартқызайын сазайын.

Хақым жоқ үнсіз жүрмекке,
Жалтақтап өмір сүрмекке.
Жұртына жаны ашитын,
Қосылайын дүрмекке.

Лайық емес құрметке,
«Арамшөп» пенен «күрмекке»
Кей ақын сынды хақым жоқ,
Мақтау айтып үрмекке.

Кездердей емес алғашқы,
Бұл күнде билік алжасты.
Алданбауға шақырам,
Үлкенің, кішің, бар жасты.





Кең дүниені тарылттың,
Жастарды мұзға қарылттың.
Сорлысы қылдың қазақты,
Жаһандағы бар ұлттың.

Ел үшін қайғы жемедің,
Қырылар халқым демедің.
Қанішерлерді қаптатып,
Қолтығынан демедің.

Еліңе қару кезеттің,
Өзіңді сөйтіп ез еттің.
Жеті ай етпей жақсылық,
Жамандық істі тез еттің.

Қандарын төгіп ұл-қыздың,
Мәйітті төпеп ұрғыздың.
Халыққа бейбіт осылай,
Омонмен зорлық қылғыздың.

Атқызып елді сорлаттың,
Қыздарыңды зорлаттың.
Жасырып өртеп өлікті,
Кәпірлік жасап қорлаттың.

Ерлерін елі азалар,
Арамнан елді тазалар.
Өзіңдей жауыз обырды,
Тарихтың өзі жазалар.

Іске асқан сәтте жазалар,
Харамнан қоғам тазарар.
«Нұрланған» қазір жүздердің,
Талайы сол сәт сазарар.

Кез туар жүздер «нұрланған»,
Қуарып барып сұрланған.
Қазына қайтар халыққа,
Арамза қолмен ұрланған.

Ал өмір ше, ал өмір?
Жазылар қашан қам көңіл?
Кірліктен қашан тазарар,
Бірлікке жетіп қанды өңір.

О, зар заман, зар заман!
Жаңаөзенді зарлаттың.
Қасиетсіз қар заман!
Жанардан жасты парлаттың.

Тірлікті мынау қия алмай,
Қансырап жүрек тоқтады.
Көзінің жасын тыя алмай,
Аналар зарлап жоқтады.

Көтеріп қару білектер,
Адамға қарсы оқтады.
Бейкүнә, қыршын жүректер,
Қыйналып барып тоқтады.

Қара тас қанға боянды,
Боздақтар жатты қансырап.
Атқандай қылған қоянды,
Кім екен?
Қыйнар сан сұрақ.

Атыңдар деген ауызды,
Толтырар екен құм қашан?
Оқ атқан елге жауызды,
Жазалар екен,
Кім, қашан?

Осындай обыр, жауыздар,
Туды екен қандай анадан?
Адамды малша бауыздар,
Келген ба қасапханадан?

Адамдық қайда, ар қайда?
Алмай ма екен мазасын?
Қыйналтып жанын алғай да,
Бір АЛЛА беріп жазасын.

Харами жолмен келтіргей,
Жаратқан ием қазасын.
Әулетін түгел өлтіргей,
Жан қалмай тартар азасын.
Пікір алмасу

Кімнен: Маңғыстаулық
05.01.2012 17:30
+0 / -0
Кім болсаң да көп рахмет! Ащы шындық! Сірә, айтыс ақындарының біреуі емес пе екенсің? Рахат Қосбармақ сияқты неге аты-жөніңді айтпасқа? Құдай бізді сол жауыздардың жазаланғанын өз көзімізбен көретін күнге жазсын, әйтпесе мына имансыздардың құдайды да алдап, пара беріп құтылып кетуі де ғажап емес, тіпті ешкімге сенуден қалдық.

Кімнен: Маңғыстаулық
05.01.2012 10:34
+0 / -0
Халық арасындағы әңгімелерге қарағанда Ө.Озғанбаевтың баласы Қаражанбастағы транспорт жөніндегі барлық тендердің жеңімпазы көрінеді, жақында тағы да 50 пикап сатып әкеліп сонда жұмысқа қосқан. Әрине, баласының бизнеспен айналысуына толық құқы бар, оған сөзіміз жоқ, бірақ...бір мәселе бар - осы Озғанбаев неге бірден билікті жақтап шыға келді? Өз халқының қырылып жатқанын көре тұра бұлайша құбылуын қалайша түсінуге болады? Оның үстіне бұл кісінің халық арасында беделі де жоқ. Ал беделі бар Маңғыстаудың ақсақалдары үндемей отыр, ең болмағанда өз қарсылығыңды осылайша білдіруге болатын еді ғой?
Осыдан кейін бұл комиссияға сенуге бола ма? Оның үкімет комиссиясынан қандай айырмашылығы бар?
Мен өз басым Озғанбаевтың комиссиясына сенбеймін!

Кімнен: Козсiзказак Қайдан: Астана
05.01.2012 12:42
+0 / -0
Укiмет тарапынан курылган комиссия мушелерiне айтарым ; ''Бас -басына би болган онкей надан''.
Пікір алмасу

Кімнен: Текті қазақ
05.01.2012 20:17
+0 / -0
Алдыңғы өлеңнің жалғасы, кетпей қалған болатын. Құрметті маңғыстаулық, мен айтыс ақыны емеспін, ел ішіндегі ақын жанды жандардың бірімін, Азаттық радиосына жолдағанмын, бірақ жеке тақырып болып шықпады, сондықтан пікірлер арасына жаздым:

Талауға салып, ЖАСАҒАН,
Харами жолмен жиғанын.
Ісі үшін мынау жасаған,
Бұйыртпағай иманын.

Шықты да атты тасадан,
Не болып кетті бұл өзі?
Осының бәрін жасаған,
Арамза НӘН-нің бір өзі.

Қос боздақ жатыр шалқадан,
Бірі өлі, бірі жаралы.
Мұң болып басар әр қадам,
Жаралы қашып барады.

Қиналды-ау сорлы боздағым,
Төпелеп ұрып жатқаны-ай!
Ботадай зарлап боздадың,
Жаныңа таяқ батқаны-ай!

Талықсыды-ау бауырым,
Тақымынан атқаны-ай!
Қан аққан қақпақ жауырын,
Көк тасқа қанмен қатқаны-ай!

Байлатып оққа қандасты,
Қанды қырғын жасатты.
Ханның көзін қан басты,
Осындай жасап қасапты.

Халқын қорғар қыранның,
Қанаттарын қайырды.
Ұрпақтар жалғар ұланның,
Талайынан айырды.

Билігі елін қазалап,
Көздердің жасы көл болып.
Жаңаөзен жатыр азалап,
Өзені құрғап шөл балып.

Билігі тойын тойлауда,
Бұрала биі биленіп.
Құлқы жоқ тіпті ойлауға,
Өлікті жатқан иленіп.

Мейманасы тасыған,
Әншілер әнін салуда.
Жігері құм боп жасыған,
Ана, жар естен тануда.

Зиялы деген жандарың,
Зиянды істер қылуда.
Төбетше қорғап хандарын,
Қаншықша көкке ұлуда.

Жазушы, ақын дегенің,
Халыққа жауып жаланы,
Қанішер жауыз неменің,
Қымсынбай артын жалады.

Маңғыстаулық қыз бен ұл,
Бауырларын сөккені-ай,
Жағымпазданып, болып құл,
Абыройларын төккені-ай!

Елге тілін тигізген,
Саясаткер ғалымдар.
Сайтанға бет сүйгізген,
Болып шықты залымдар.

Уа, халайық құлақ сап,
Айтқаныма наныңдар.
Шындық байғұс тұр ақсап,
Ақиқатқа қаныңдар.

Білу үшін шындықты,
К + ті қараңдар.
Шындықты жұтып қылғытты,
Мынау обыр харамдар.

Білу үшін анықты,
Азаттықты оқыңдар.
Шындықтан қорқып жанықты,
Билікте жүрген қоқымдар.

Дегеніңменен өзіңше,
Алдаспан қылыш, алмаспын!
Мынау елдің көзінше,
Айырылып естен, алжастың.


Алжасқаның сол болар,
Өмірін қидың бар жастың.
Өзіңе кейін сор болар,
Ұйыққа баттың албастым!

Аярлық алға баспады,
Қулығың бүгін білінді.
Мерейің асып-таспады,
Бір күнде-ақ бетің тілінді.

Халықты қырып жазықсыз,
Қанішер деген ат алдың.
Ашыққан елді азықсыз,
Міз бақпай қалай ата алдың?!

Жауыз ең қандай, жауыз ең?
Алсаң да қанша қоймайтын.
Ойпыр-ай неткен ауыз ең?
Жесеңде малша тоймайтын!

Жаласып ауыз жатпенен,
Халқыңа ауыз саласың.
Сатқын, қу деген атпенен,
Тарихта мәңгі қаласың.

Жастарға, сорлы мұңдық пен,
Жапқызып жатыр жаласын.
Аярлық, пасық сұмдықпен,
Нені өндіре аласың?

Бетпе бет келсең шындықпен,
Қара бет болып қаласың.
Сұмдықты сенен кім күткен,
Қырар деп халқын, баласын.

Халқыңды жатқа қанаттың,
Айналып езбе обырға.
Өз жұртыңды санаттың,
Жат көзге топас, тобырға.

Астына алып қанаттың,
Жай жасап жалғыз шоғырға.
Өзі қып бай мен манаптың,
Айналдырдың обырға.

Оны көрмес қазақтың,
Қос жанары соқыр ма?
Астында жүріп мазақтың,
Соны білмей отыр ма?

Қалайынша осыны,
Ақылмен ойлай алмадың?
Ақыры ОМОН қосыны,
Арқылы жұртты жалмадың.

Пікір алмасу

Кімнен: Маңғыстаулық
06.01.2012 00:55
+0 / -0
Мен, әрине, әдеби сыншы емеспін, мүмкін бұл өлеңнің кемшіліктері бар шығар, бірақ бір нәрсе анық - мұнда шырылдаған шындық жеріне жеткізіле айтылған!
Бұл жыр кейінірек жазылатын Жаңаөзен қырғыны туралы кітапқа енетіні анық. Ең бастысы - сөздің дер кезінде айтылғаны.
Әрине, кейін талай жырлар жазылар, бірақ әр нәрсе өз уақытында болғаны дұрыс қой.
Маңғыстаулық ұл мен қыз алғашында хабар толық жетпей, өз ойларын асығыс айта салған болар деп үміттеніп едім, одан бері біраз уақыт өтті, оларда әлі үн жоқ, енді үндемей-ақ қойсын, ондай сатқындардың барынан жоғы жақсы екен. Олармен бекер мақтанып келіппіз, кім екендіктері енді белгілі болды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 01:35
+0 / -0
Айналып кетейін, қалқатайларым!
Құлаш-құлаш өлең жазғанды қойыңдаршы осы!
Көпірген сөздер жүйкеге тиіп болды.

Кімнен: Хасен Қайдан: Алматы
07.01.2012 00:00
+0 / -0
Бұл комиссиялар да 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі мәселесін 25 жыл бойына шешпегендей "су аяқы құрдым" жасайды. Сондықтан үкіметтен қазақтың дәстүрлі заңы бойынша құн талап ету керек. Ердің құны 1000 қой немесе 200 жылқы болған. Қалғанын көре жатармыз.