Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:41

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзен оқиғасы: «жауаптылар» мен «жазықтылар»

Жаңаөзен оқиғасына қатысты оппозиция жетекшілері мен белсенділерін, оған қоса орта дәрежелі шенеуніктерді айыптап жатыр. Қуғынға ұшыраған бизнесмен Мұхтар Әблязовтың айтуынша, әшкереленетін шенеуніктердің шені өсуі мүмкін, бірақ оқ атқызып, қантөгіс жасаған басты адамдар жазаланбайды.

Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақтан үшінші) өртеніп кеткен ғимараттың қасында жүр. Жаңаөзен. 22 желтоқсан, 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
 
Қаңтардың 25-сінде Қазақстанның бас прокуратурасы Жаңаөзенде болған әлеуметтік дағдарысқа кінәлі деп, бірқатар адамдардың аттарын айтты. Соның ішінде Жаңаөзен қаласының бұрынғы және қазіргі әкімдері аталды. Бұрынғы әкім тұтқындалды, қазіргі әкім «әшкерелеу» кезінде Ресейде демалыста жүрген болып шықты.
 
Бұдан бөлек, Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті мен Жаңаөзен қаласы ішкі істер басқармасының бірнеше шенеунігі қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. «Барлау Өндіріс «ҚазМұнайГаз», «Өзенмұнайгаз» және «Компания Мұнай Экология» компаниялары басшыларының бірқатарына қарсы қылмыстық іс қозғалды.
 
Ал Алматыда оппозициялық «Алға» партиясы мен «Халық майданы» қозғалысының лидерлері мен белсенділері де тұтқындалды. Оларды әлеуметтік араздықты қоздыруға қатысы бар күдіктілер ретінде қамап отыр. Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар ретінде бірнеше кісі айыпталды, олар негізінен ереуіл жасаған бұрынғы мұнайшылардың белсенділері.
 
АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Уильям Кортни қаңтардың 25-інде  Вашингтонда өткен Америка-Хельсинки комиссиясының жиынында Қазақстандағы жағдай жайлы:
 
- Тергеу мен сот ісінің жария жүргізілгені маңызды. Әйтпесе көптеген қазақстандықтар Жаңаөзен трагедиясына кінәлі осы шенеуніктер ме, әлде лауазымы жоғарырақ адамдарды ақтап алу үшін оларды құрбан етіп отыр ма,- деп ойлауы мүмкін,- деп мәлімдеді.
 
Неліктен оппозиция жетекшілері мен белсенділері тұтқындалды? Жаңаөзенде болған оқиғалар бойынша айып тағылған шенеуніктер жазалана ма?
 
Осы мәселелер Азаттық радиосы дөңгелек үстелінің тақырыбы болды. Оған «Азат» ЖСДП оппозициялық партиясы Астанадағы филиалының басшысы Серікбай Әлібаев, «Эксперт Казахстан» журналы саясат бөлімінің редакторы Николай Кузьмин, «Журналисты в беде» ұйымының директоры Рамазан Есергепов пен қудалауға түскен бизнесмен Мұхтар Әблязов қатысты.
 
«ШЕШІМ ҚАБЫЛДАҒАН ҮШЕУ»
 
«Жергілікті шенеуніктерді қылмыстық жауапқа тартудың реті жоқ» дейді «Азат» ЖСДП оппозициялық партиясы Астанадағы филиалының басшысы Серікбай Әлібаев. Оның пікірінше, олардың орнына Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев пен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қамап, ал бас прокурор Асқат Дауылбаевты — қызметінен босату керек.
 
«Назарбаевтың Аслан Мусин, не болмаса ішкі істер министрі деңгейіндегі шенеуніктерді сатып кететін күніне де жетеміз» 
Қуғынға ұшыраған бизнесмен Мұхтар Әблязовтың ойынша,  Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі — Қырымбек Көшербаевтың Жаңаөзендегі жағдайға ықпал етуге еш мүмкіндігі болмаған. «Шешім қабылдағандар – Тимур Кұлыбаев, Кәрім Мәсімов, Нұрсұлтан Назарбаев» деп есептейді Әблязов.
 
— Облыс әкімінің, сөзсіз, мазасы қашқан. Жеке басым оны жақсы білемін. Ол мәселені премьер-министрге де жеткізген. Бірақ оған «сен кіріспе, бұл сенің ісің емес» деген. Сондықтан бұл арада айыптылар  - Тимур, премьер және Назарбаев, — деп нандырады Мұхтар Әблязов.
 
ОРТА БУЫННАН ШЫҚҚАН «ЖАЗЫҚТЫЛАР»
 
«Алға» оппозициялық партиясының лидерлері мен белсенділерін тұтқынға алу - Мұхтар Әблязовқа жасалған ескерту» дейді «Эксперт Казахстан» журналы саясат бөлімінің редакторы Николай Кузьмин. «Қазақстандағы саяси қайшылықтың идеологиялық емес, дербес сипаты бар» дейді Кузьмин Назарбаев пен Мұхтар Әблязовтың оппоненттеріне мегзейтінін айтып.
 
«Кінәлілер көбейгенде болған жағдайға байланысты нақты адамдарға кінә арту аса қиын» дейді Николай Кузьмин. Сондықтан билік «кінәлілерді орта буыннан іріктіп алуға мәжбүр». 
 
«Журналисты в беде» ұйымының директоры Рамазан Есергепов Жаңаөзенде болған трагедияға қатысты жауапкершілікті президент әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен бас прокурор Асхат Даулыбаев көтеруге тиіс екенін айтты.
 
Мұхтар Әблязов «Назарбаев ереуілдеген жұртты біреу алдап-арбап жұмсап отыр деді, бірақ оның өзін бәрі алдай береді» деп мәлімдеді.
 
— Егер Назарбаевтың қару қолдануға деген тікелей тапсырмасы болмаса, дәл 16 желтоқсанда, яғни тәуелсіздік күні қару қолдану туралы ешкім де, соның ішінде Аслан Мусин де шешім қабылдай алмайды, - деді Мұхтар Әблязов.
 
Оның ойынша, кінәлілерді тағайындап қойған. Әрі бұл - кінәлілерді Назарбаев жүйесінде қызмет етушілер арасынан іздестірудің алғашқы сатысы ғана. Әблязовтың сөзіне қарағанда, елде наразылық артқан сайын, Жаңаөзен оқиғасы жайлы деректер көбейген сайын «кінәлілердің шені де соғұрлым жоғары болады».
 
«Назарбаевтың Аслан Мусинді немесе ішкі істер министрі деңгейіндегі шенеуніктерді сатып кететін күніне де жетеміз» деп болжам жасайды Мұхтар Әблязов.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Асау Барақ! Қайдан: Жайықтан!
02.02.2012 10:09
+0 / -0
Президент өткенде Үкіметті сынып, дым жұмыс жасамайсыңдар дейді де, топас Мәсімовты қайтадан орнына қояды. Сонда бұл қалай? Жұмыс жасамаса неге алып тастамайды. Әлде Мәсімовтен басқа Үкімет басқара алатын адам жоқ па? Бұл Халықты алдаудың тағы бір жолы деп түсіну керек. Уақыты келгенде Жаңаөзендегі қанды оқиғаға Мәсімов, Қасымов және Құлыбаев адамның да, АЛЛАның да алдында жауап беретін болады. Оққа ұшып қыршын кеткен жастардың, оларды зарлап жоқтаған аналардың қарғысы осылардың және оқ атқан полиция қызметкерлері мен ОМОНның намыссыз жігіттерінің мойнында. Қан мен Қарғыс жібермесін сендерді!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 21:15
+0 / -0
Кім қалай қабылдайды білмеймін, менше ЕБ қазаққа сенбей, ұйғырды қайта сайлап отыр.
Ол жерге неғұрлым мылқау, иісалмас адам отырса, ЕБ үшін соғұрлым жақсы. Рахат.
Пікір алмасу

Кімнен: жәй қазақ
04.02.2012 10:10
+0 / -0
18,12,2011Ақтау қаласында Қаражанбасмұнайдан шығып қалған адамдармен кездескенде, жұмысшылар әуелі "полиция бассыздығын тоқтатуды " талап етті.Шөкеев оны тек" МВД министрі шешеді "деді. Онда соны шақыртуын сұрағандарында"Ол мені тыңдамайды" деп шарасыздық танытты.ОЛ кезде 1-вице премер еді. Бұдан байқағанымыз Шөкеев халықты тонағанға құмар болғандардың бірі болған.Осылай ғана рухы мықты Жаңаөзендіктерді тұқыртпақ болған.

Кімнен: Қангереев Асылқайыр Қайдан: Ақтау
02.02.2012 10:25
+0 / -0
Мұхтар Аблязов өте дұрыс айтты. Халықтың наразылығы күшейген сайын,яғни алаңдағы халықтың саны өскен сайын, жазаланатын шенуніктердің де шені өсе береді деді. Дәл солай. Козлов, Винявский,Сапарғали,Мамай сынды жанын шүберекке түйіп жүрген азаматтарымызды қорғайық ағайын.
Қазір мына жерге ұлт арасына, ру арасына, тіл арасына жік салушылар көбейіп кетеді, олар биліктен ақша алып отырған адамдар,оларға жауап беріп әлек болмасаңдар да болады.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ Қайдан: шқо
02.02.2012 15:58
+0 / -0
Қазақтарға! Биліктің сорақылығы дау тудырмайтыны сөзсіз. Кететін уақыты баяғыда болған. Алайда, Аблязов, Абилов сиқтыларға да еш сенуге болмайды! Қазір Қазақстанда билікке тек қана батысшыл, орысшыл "жаңа қазақтар" өзара таласып, қырқысып жатыр! Билік басындағылар да, оппозиция өкілдері де қазаққа еш жаны ашымайды! Бар мақсаттары осы Қазақстанда Батыстың фавориті (таңдаулысы) болып алып, қожайындарына, яғни Батысқа, адал қызыметтерімен жағыну. Елді-жерді Батысқа тонатып қойып, халықты одан ары аздыру, мәңгүрттендіру, дүбараға айландыру саясатын жүргізе беру! Козлов та, Винявский де сойылыңды соқпайды, ағайын! Оппозиция, қазір билікпен тірес үстінде ғана, қазақтың мүддесін ұран қылып көтергенсиді. Жаңаөзен трагедиясын өз мүдделеріне пайдаланғысы келеді! Билікке келіп алғаннан кейін қазақты сатады да кетед! Бұлар бір медальдың екі жағы! Олардан іргені бөлек салу керек! Қалай болғанда да, шынымен қазақтың сөзін сөйлеп жүрген Жасарал Қуанышалин сияқты азаматтардың маңына топтасу керек сияқты. Шет елде диссидент боп жұрген Мұхтар Мағауин сияқты ұлтжанды ағамыздан ақыл сұрауымыз қажет деп ойлаймын! Нағыз ұлттық, қазақтың азаматтық қозғалысы болмай, өз елімізде, өз жерімізде өгейдің күйін кеше беретін боламыз, ағайын! Батысшыл пысықайлар мен қушыкештердің еш қайсысыда көсегеңді көгертпейді, ағайын! Билікке ұмтылатын күн жетті! Билікті қолыңа алмай, қазақ, ел бола алмайсың! Ертең кеш болады, ағайын!
Пікір алмасу

Кімнен: Шахановшыл жас қазақ
02.02.2012 18:17
+0 / -0
Сен осы сол жалақор Жасаралыңды неге осы жерге тықпалай бересің! Әлде соның өзісің бе шұқыо деп отырған?
Қазақтар топтасса Шахановтың маңайына топтасады!
Пікір алмасу

Кімнен: Шахановшыға
02.02.2012 19:11
+0 / -0
Екеуі де азамат. Ең бастысы екеуі де қазаққа жаны ашығыш жандар. Айналайындар, марат тілшілер, халыққа айтар сөзі жоқ болғасын, әдейі осындай қулықтарға барып отырған сияқты. Біз Шахановтың да, жасаралдың да, Козловтың да , Бутяның т.б ағаларымыздың қасынан табылайық. Мүмкін ағалардың жеке бастарында түсінбеушілік болған шығар. Біздің онда шаруамыз жоқ. Кім әділеттілікті таңдаса , БІЗ СОНЫМЕН БІРГЕМІЗ.БІЗДІ БӨЛШЕКТЕЙ АЛМАЙСЫҢ марат тілші
Пікір алмасу

Кімнен: Шахановшыл жас қазаққа Қайдан: қазақ шқо
02.02.2012 20:12
+0 / -0
Шахановшыл жас қазаққа! "Сен осы сол жалақор Жасаралыңды неге осы жерге тықпалай бересің!" Мен қашан Жасаралды тықпаладым қайта-қайта? Мен негізі осы сайттың орыс тілді порталында көп отырамын. Сенбесең қара, мен онда "казах вко" деген никпен пікір қалдырамын. Ол порталда "новый қазақтардың" ниетін көріп отырғандықтан айтып отырмын! Мен Жасарал сияқты азаматтардың маңына топтасу керек шығар(!) дедім. М.Мағауин сияқты адамнан ақыл сұрау керек шығар дедім. Топтасыңдар, сұраңдар деп кесіп айтқаным жоқ қой! Өз ойымды ортаға салыдым, оның несі айып? Шынымды айтсам, артынан еретін адам таппай отырмын! Қазір бәрің НАН-нан құтылғанша асық болғандықтан, оның арғы жағына қарағыларың жоқ! Билікке тап НАН сияқты алаяқтар келе жатыр! Бәрі де батысшыл, бәрі де орысшыл! Не Вашингтонның, не Москваның, не Пекиннің қанжығасында кетеміз тағы! 1991 жылы тәуелсіздік алған жоқсың, Москваның босағасынан Вашингтонның босағасына барып байландық емес пе?!
Мен келісемін, НАН оңбаған адам! Халықты тайлы-таяғымен Батысқа сатып жіберген адам! Ал Жармахан, Аблязовтар үкіметтің "обоймасынан" түсіп қалғандарына назалы адамдар! Есе қайтару қамында жүр. Ертең билікті оларға берсеңдер бүгінгі күннен еш айырмасы болмайды ғой!
Пікір алмасу

Кімнен: Жәй қазақ
04.02.2012 08:36
+0 / -0
16,12,2011 Жаңаөзенде түс кезінде полиций 3-ке бөлініп келіп жол бойы ата берген. Сауленің видеосына түсіп қалған Ақтау қаласынан келген 16 таң атпай Өтеғалиевтың "сводной отряды" Қылмыстық істі болған қалған үшеуі де осы "сводный отрядтан". 3-"сводной отрядта халықты аямаған. бірақ көп атумен айналысқан Жаңаөзендік полицейлер. Ол "сводной отрядтың бастығы Жаңаөзен ГУВД-сының замы Әбдүрасул Өтешов болған.
Әбдурасылдың таныстарының қалада 2 магазині болған. көрші магазиндер өртеледі де Әбдүрасылдың ауылдастарының магазиндері "аман" қалады. Сонда 16,12,2011 күндіз халықты атуға белсене араласқан Әбдүрасыл түнде өртеумен айналысқан. өзі болмаса қасындағы полицей жерлестерінің бірнешеуін жіберген.

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
02.02.2012 10:31
+0 / -0
Маңғыстаулықтардың пікірі де осыған негізінен саяды, тек бір ғана айырмашылығы - Көшербаев туралы пікір ғана әртүрлі, кейбіреулер оны кінәлі десе екіншілері оны ақтайды. Менің жеке өз пікірім - Көшербаев кінәлі емес, оның орнында болған басқа кез-келген әкім де ештеңе жасай алмаған болар еді. Естуімізше, ол отставкаға бірнеше рет сұранған, бірақ оны жібермеген, яғни, қақпанның қасына байлап қойған тоқты сияқты ұстаған. Егер осы факт расталса, онда оның еш жазығы жоқ болғаны.
Айта кету керек - ол біздің облыс үшін істеген көптеген жақсы істерімен есте қалады деп ойлаймын. Іскер азамат деп есептеймін. Кәрім Мәсіммен салыстыруға тіпті де келмейді, айырмашылығы жер мен көктей, егер үкіметті осындай жігіттер басқарса жағдай мүлдем басқаша болатындығына сенімдімін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 14:34
+0 / -0
Әбдүрасыл және қасындағы шымкенттік полицейлер халықты көп атқандардың бірі. Әбдүрасылдың таныстары шымкенттік тердің екі магазині ін айналып өтіп , қасындағыларын жағып шығатыны бұл Өтешовпен" інілерінің ісі екені анық.Содан соң03,02,2012 жылы Шымкенттік "отырар,тв" арқылы ОҚО обл. МВД ветерандары жиналып 16,12-18,12,2011 болған оқиғаларға полицияларды қорғап бас прокуратураға хат жолдапты.Отставкадағылардың бастығы полковник Ақылбек Медеубеков деген біреу. Бұл Ақылбек не Шөкеевтің айтуымен болмаса мүмкін Абдурасулдың туысы шығар.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
02.02.2012 10:49
+0 / -0
Көп сөз неменеге керек, Мұхтар Аблязовтың айтып отырғаны дұрыс, Жаңаөзенді қанға боятқан басты қылмыскерлер: Назарбаев, Мусин, Қасымов, Дауылбаевтар!
Осылар қылмыстық жауапқа тартылмай ендігіде Қазақ жерінде тыныштық орнамайды...
Пікір алмасу

Кімнен: 123 Қайдан: Алматы
02.02.2012 19:23
+0 / -0
Қазақ балалары! біз бөлінбейік, бөлінуге тиіс емеспыз, бізге керегі Халықтың қамын ойлайтын, ақылды да саясаткер адамдар керек, бірақ тарих дәлелдегендей онда адамдар қарапайым, ешкім біле бермейтін адам болуы мүмкін. Мен өзімнің жеке пікірім; Жасарал Қуанышәлі аға талапқа сай азаматтардың бірі, мен бұл сөзді жәй ғана емес, қайта шынайы сеніп айта алам! ол шындықты айтудан қорықпайтын, нақты жұмыс істейтін адам. Ол кісі ешкім айтпаған Биліктің оқ ататынын алдын-ала айтты, онысы ақылдылығы, тарихы таза азамат!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 11:47
+0 / -0
Жасаралды ұлтқа деген көзқарастары үшін мен де сыйлаймын. Алайда ол ағамыз жападан жалғыз күрескер сияқты ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.02.2012 12:14
+0 / -0
Мусин, Касымов, Дауылбаевтың қасында Шукеев пешка ғой. Осы жай қазақ пен Тасайтегі бір адам сияқты. Тек Шукеев, Шукеев деп қақылдап қоймады ғой. Мықты болсан ЕБ неге айтпайсын.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
02.02.2012 11:03
+0 / -0
Назарбаев өзінің жаны үшін, ұрлаған дүниелерінің сақталуына бола ешкімді де аямайды. Сол тақ үшін туған күйеубаласының артына даңғыра қағып жіберді емес пе? Міне сол тарих тағы да қайталанып келеді. Асқар құдасының баласын да ертеңдері жаны қысылғанда қамай салады оп-оңай. Мұны былайша айтып отырғаным Назарбаевсыз біздің елді бірде-бір адам оқ атқызбақ түгілі түшкіре де алмайды. Ал Мусин, Көшербаев дегендер тек әлгі "кәттаның" аузына қарап жүргендер ғана.

Биылғы жыл-Назарбаев "тағының" соңғы жылы деп түсінуіміз керек ағайындар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 12:49
+0 / -0
Мұхтардың айтқаны - респект!
Көшербаевта кінә жоқ. Тек қысым күшейе бастағанда өз жанын сақтау үшін жазықты ғып жаба салуға ұстап отыр.
Біз сияқты қарапайым жұрт оппозизияның қамауға алынған саясаткерлерін қорғауға бар ынтамызбен атсалысуымыз керек! Оларды қорғау - біздің азаматтық борышымыз!!!
Пікір алмасу

Кімнен: атырау Қайдан: ауыл
02.02.2012 13:25
+0 / -0
коргауымыз керек,не истеймиз калай истеймиз
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 11:56
+0 / -0
Kөшербаев "козел отпущения" болайын деп тұр. Әйтпесе, мұнайшылардың еңбек дауын шешпек болып, жымысқы мұрттының есігін талай тоздырған дейді ғой. Ол "это не твое дело" деген көрінеді.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
02.02.2012 13:27
+0 / -0
Аблязовтың пікірі дұрыс, тек Көшербаев кінәсіз деген жеріне қосыла алмаймын. Себебі, ол кісі мұнайшыларға сендердікі заңсыз деді, мұнысы өзінен жоғарыдағылардың ығында болды деген сөз. Көшербаев ескерткіш салып,өтірік айтқаннан басқа Маңғыстауға ештеңе жасаған жоқ. АқтауСити деп өтірік айтты. Жолдар сол күйінде қалды, жылда жамау ремонт жасайды,онысы бір сезоннан кейін қайта тесіледі,қайта жасайды, сөйтіп бюджеттің қарайған ақшасын , пайдасыз жұмыстырға жұмсау арқылы құртты, әрі жеді. Мұнайшылардың талабын заңсыз деген Алшынбаев, Сейтмағанбетовалар да жауапсыз қалмауы керек, соттар да жауапталуы керек.Көшербаевтың орынбасары Айтқұлов, әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің бастығы Айтуаров жауап беруі керек. Осының бәрі мұнайшылардың талабының қанағаттандырылмауына жұмыстанып, олар жөнінде жалған ақпарат ұйымдастырып, сөйтіп соңы қанды қырғынға алып келгені үшін жауап беруі керек.
Пікір алмасу

Кімнен: ТАСАЙТЕГІ Қайдан: АЛМАТЫ
02.02.2012 18:41
+0 / -0
Көшербаев пен оның командасы жеді ме? Асаған шығар.Бірақ біздің Қазақстандағы әкім,министр бәрі шамасы келгенше "мемлекетті талап"жатыр. Көшербаев солардың ішінде "сравнительно ұяты бар,жұмысты да басқалардан "сравнительно жақсылау істеді.бірақ мәселе онда емес. Қырымбек пен оның командасын ақтайтын ойым жоқ.Өткенде декабрдің аяғында Шөкеев Хабар телеарнасындағы бір сюжетте " Жаңаөзенде газон жоқ. Хабты не істейін деп жүр" деп өзінен -өзі күңкілдеп қойды.Бұл"ордалы жылан" кітабының басты кейіпкерінің реніші.Шөкеев бұрыннан Көшербаевқа "оралманға " МҰНАИЛЫ ауданын ашып бердің деп тісін қайрап жүрген.Сондықтан Маңғыстауға азды-көпті пайдасы тиген азаматтарға қателерін бетіне басып шүйліге бергеніміз қаншалықты дұрыс.Олай жасай берсек Рахаттан да қауіпті Шөкеевтердің жұмысын жеңілдетпейміз бе? Оданда қазаққа қарсы,Маңғыстауға қарсы Қанша құрылым,қанша үлкен қызметтегі жүздеген адамдар бар.Сондықтан сұрағы көп мына кезеңде әр сөзімізді ойланып, әр ісімізді орнықты істегенніміз,орнықты ғой деймін ағайын.

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
02.02.2012 16:00
+0 / -0
бұл жауыздардын бәрін орындарынан алып тастамай ештене озгермейді ен бастысы Нұрсұлтан деген кудайга тенеп журген пәтшагар сосын Құлыбаев,Т, К,Мәсімов,А,Мусин,Қ,Қасымов,А,Даулыбаевтардан бастап тазартсак калган жәрбәкөштердін оздері бірінін бірі арттарын ашып береді қазақтын оның ішінде 362-әулие жатқан жеріміздегі халықтың қанын төккен оларға ешқайда қашып құтылатын жер жоқ тек сол қанды солардың мойына іліп қиналып өлулеріне әулие аталарымыз әмин қылсын деп тілеймін таңірденде аруақты жандардан да әмин!әмин!
Пікір алмасу

Кімнен: ҰМЫТПАЙМЫЗ,КЕШІРМЕЙМІЗ! Қайдан: ЖАҢАӨЗЕННЕН
02.02.2012 17:07
+0 / -0
Ақтаудың иілмеген қазағына қосыламын Көшербаев Маңғыстауға еш пайда әкелмеді.Жолдарды өзінің Орал қаласындағы ТОО сы жөндеді. Анау 26 шағынауданда Достықтың алдын асфальттады 2 күннен кейін жол ортасына түсіп кетті 4-5 ай болды әлі тұр(перегородил).Енді айтайын дегенім НК,МУСИН,ҚАСЫМОВ,ДАУЫЛБАЕВ жоғарыдан ЖӨ дегі қақтығысты ұцымдастыруды КӨШЕРБАЕВ пен оның замы АЙТҚҰЛОВ пен ЖӨ әкімі САРБӨПЕЕВ бұйырды осылар жан-жақтан детдомнан балдар жинады .Ұйыдастыру жағына Айтқұловтар алдына адам салмайды сондай әккі погром жасап жүрген өңкей жас балалар беттернін орамалмен жауып алған танытпау үшін. ЖӨ де Айтқұловтың жекеменшік нысандары өте көп олардың бірде-біреуіне зиян келмеген ол қалай.15,12,2011 күнгі К + ті қарасаң Сарбөпеев өзін -өзі ұстап беріп тұр. Сол жерден бәрін түсінуге болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.02.2012 18:54
+0 / -0
Аблязовтын айтуы дурыс. Бул жерде Кошербаевтын еш кинасы жок. Себеби ол канша мунайшылардын кимылын дурыс емес десе де,олардын мудделерин коргап маселени шешиниздер деп премьер Масимовтын алдына барды, НАН га жолыга алмаганын Масимовтын оз аузынан шыкпап па еди. Ендиги жерде ол ананы жеди,мынаны жеди деген бос соз агайын. Ол жерде ким отырсада жейди. Бул жерде акша жонинде бас саугалау ушин укимет басындагыларга-Кошербаев, Бабаханов,Сарбопеев сиякты, халыктын ашуын басып тастау ушин полиция замы Бактыгалиулы сиякты (пешкалар) керек. Жай бир кишкентай каланын полиция БАСТЫГЫНЫН ОРЫНБАСАРЫ калай халыкка ок атуга буйрык бере алады. Бундай козалдаушылыкка сенбеген жон. Бул жагдайды иыгына бас котерип журген кез келген адам баласы тусинип,билип отыр. Ен кинайтын жер Казакстанда ешкандай демократия жокккккккккк!
Пікір алмасу

Кімнен: қарапайым қазақ Қайдан: Алматы
02.02.2012 20:08
+0 / -0
Бұл жоғарғы жақтың істегені. Олай емес екенін білсекте,биліктің сызып берген, хабардың басымызға құйып берген "логикасымен-ақ" ойлайық." Сарбөпеев жеді. Бақтығали улы мен өтеғалиев аттырды" Солай-ақ болсын. СОНДА 1,5 айға созылған коменданттық сағат неге керек? Президент кеткен соң. , бәрі "көмектесеміз" "манғыстауды бәрі тамаша" деп тұрып, хабардан жүйткіп жүрген БТР көреміз. Мұның бәрі
РУХЫ өшпеген МАҢҒЫСТАУ ХАЛҚЫНқорқыту үшін әдейі істеген.Құлыбаев, Шөкеев, Ертісбаев"МАҢҒЫСТАУДЫҢбәрі оралман. Олардың ақылы қысқа,біздің тсатаған сүйегімізге таласып, өзара қырқысады " ,деп ойлайды.Сондықтан кез-келген қазаққа ойлану керек. Құр босқа биліктің құрған ауына бәріміз түсіп топырлап жатпайық,Билік енді қулықпен арандатуға көшті. ФИНФОЛИЦИЯның көбісі Шөкеевтің адамдары. Олар өз айыптарын жуу үшін "көшербаев бастаған Маңғыстаулықтарды бір-біріне талатады.Сондықтан сөйлер алдын ойлангу керек емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 12:05
+0 / -0
Бұл айтылғандарды тексеретін заманға қашан жетер екенбіз? Егер мұнайшылар ереуілін арандатуға олардың қатысы болған болса, әзірше, қарғыс атсын дейміз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Ақтау
07.02.2012 12:07
+0 / -0
100 процент қосыламын.

Кімнен: Айтжанов Бекарыс Қайдан: Ақтау
02.02.2012 21:42
+0 / -0
Саакашвили сияқты бұл команданы шефінен бастап түгелімен аудару керек. Тазарту керек. Бұлар алға сосын беруге үйреніп қалған, ал жұмыс істеуді білмейтін адамдар. Сондықтан, кім жақсы,кім жаман деп таласпай ақ қояйық. Бұның ішінде оңған адам жоқ. Оңған адамдар қуылды, атылды,сотталды. Көріп отырған жоқсыңдар ма, халық үшін шыбын жанын шүберекке түйіп жүрген адамдарды қамап,үстерінен іс қозғап жатыр. Ал қанішерлер тайраңдап жүр. Аблязовты да сөйтіп қуды, артынан өсек таратты. Халықтың "Хабар" арнасына сенетініне таң қаламын. Хабардың қандай канал екенін Өзендіктерден сұраңыздар.
Сосын, қазіргі негізгі мәселе, Жаңаөзен қырғынын кім ұйымдастырды, "Гонг" операциясы деген не,оны бекіткен кімдер, атуға бұйрық берген кім, міне осы мәселелер. Осы сұрақтарға жауап берілмейінше, қарсылығымызды тоқтатпауымыз керек. Кімнің айналасына деген әңгіме жоқ, кім осы мәселелер бойынша алаңға шақырады, соның айналасына жиналуымыз керек. Жармахан шақырды ,бардық. Жасарал шақырса да барамыз. Мұхтар Шаханов шақырса да барамыз. Басшыны істеген ісіне қарай халық өзі таңдайды.Сондықтан оған қазір бас ауыртпайық,ағайын. Жаңаөзен қырғыны үтір болып қалмауы керек. Нүкте қоюымыз керек. Біреулер Батыс десе зәресі кетеді, енді бұлар қарумен қырып жатырса, сол Батыстан араша сұрамағанда қайтеміз. Соңғы күндері ол жақтан да жақсы хабарлар келіп жатыр, иншалла зұлымдар жазасын алар.

Кімнен: Адаибек Қайдан: 362-ден
03.02.2012 01:49
+0 / -1
Мен қазақ шқо-ға келісемін,Шаханов та, Жармахан да 86-дан бері қаида жур.Ал Бутя, Аблязовтар дегендер бизнестер ғои. Қазаққа жаны ашыса Арон, Жасарал, Мағауин , С.Сапарғали сияқты азаматтардың жаны ашуы мумкін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 12:12
+0 / -0
Адайбек, бұл азаматтарды алаламайық! Қай қайсысы да қазақ үшін күресіп келеді емес пе?

Кімнен: zheltocsan
03.02.2012 01:53
+0 / -0
генералдың айтуы бойынша Гонг деген операция басталса полицияның қаруды алып шығып қалғанынша ата беруіне құқығы бар екен. Демек, ресми дерек бойынша 14 деп отырған адамның оққа ұшуына осы операцияны бастауға бұйрық бергендер және қарусыз халыққа қарсы атуға рұқсат беретін "Гонг" деген операцияны бекіткендер тікелей жауапты.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.02.2012 12:50
+0 / -0
"Гонг" деген өзінен өзі аптаматты түрде ойнап кететін мәшиненің сигнализациясы емес қой. Оны да бір маймыл іске қосып, ажыратып тұратын болар.
Ал ол маймылды іске қосатын жоғарыда тағы да маймылдар болады. Бірақ бұл жерде дирежер маймыл біреу-ақ екенін естен шығармаған жөн.

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
03.02.2012 20:46
+0 / -0
"Тимур, премьер және Назарбаев" Мұхтар Әблязов көреген адам екен,,,,,осы тізімде назакең артта қалыпты,,,, мұнда да бір шындық жатқан жоқпа,,,әсілі тимур да артта қалуы керек пе еді???

Кімнен: zheltocsan Қайдан: zheltocsan
03.02.2012 23:30
+0 / -0
ең болмағанда өкініш білдірудің орнына "күшіміз жетеді" деген Көшербаев та басты кінәлілердің бірі. Президентті алдады деген масқара сөзге қалғанша халыққа шындықты айтуға болады ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
04.02.2012 17:06
+0 / -0
мен өзім көшербаевка пәлен түген деп айталмаймын, тазалыкка өте мукіят кісі екен, демек жүрегіде солай шыгар деп ойлаймын,ол кісі калыкка ара түсем деп жумыстан айрылган болуыда мүмкін,кәзргі кезде калыкды колдап сөйлесең не жумыстан кетесің не.....

Кімнен: астана Қайдан: елорда
08.02.2012 20:52
+0 / -0
Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қоры ақпан айының басында SMS қызметін де іске қосты. Оған сәйкес, қазақстандық ұялы байланыс операторларының кез-келген түрін пайданалатын адам 9685 нөміріне Help сөзін жазып, SMS жіберу арқылы көмек көрсете алады. Бір SMS-тің құны – 449 теңге.