Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:42

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзенде жараланған азамат көмекке зәру

Жаңаөзен оқиғасында жараланған Нұрлыбек Нұрғалиевтің арқасындағы оқ әлі алынған жоқ. Ол үкіметтік комиссия уәде берген өтемақыны ала алмай отыр. Маңғыстау облыстық әкімдігі «зардап шеккендердің тізімі бекітілмей, өтемақы мәселесі шешілмейді» дейді.

16 желтоқсан 2011 жылы Жаңаөзенде оқ тиіп жараланған Нұрлыбек Нұрғалиев өзінің қалай зардап шеккені туралы айтады. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.


Жаңаөзеннің орталық алаңында жалақысын көтеруді талап етіп, ереуілде тұрған Нұрлыбек Нұрғалиевке желтоқсанның 16-сы күні өңешінен тиген оқ мойнын айнала сол жақ жауырынына барып тірелген. 11 жыл бойы УРНОиТК мекемесінде темір жонушы болып істеген Нұрлыбек Нұрғалиев сол күні өздеріне темір оқты жаудырады деп ойламағанын айтады.

«РЕЗЕҢКЕ ОҚ ДЕП ОЙЛАДЫҚ»

– Бізге қарсы атыс басталып кеткенде резеңке оқ қой деп бейқам тұра берген едік. Бір мезет қасымда тұрған балаға оқ тигенін көрдім. Ол бетін қан жуып, көзін басып отыра кеткенін көріп «ойбу, мына бала оққа ұшты-ау» дегенімше болған жоқ өзіме де оқ тиді. Анадай жерде жұмыстас жігіттер тұр еді. Соларға қарай жетіп алуға тырысып қозғалғаныммен сол қолым көтертпей құладым. Олар көтеріп алып кетті, – деп еске алды Нұрлыбек Азаттық тілшісіне берген сұқбатында.

Нұрлыбек Нұрғалиев сол күні қалалық ауруханаға түскен. Бірақ, оның әйелі Гүлжамал Нұрғалиеваның айтуынша, Жаңаөзенде дәрігерлер жетіспегендіктен сегіз сағаттан кейін Нұрлыбек Нұрғалиевті Ақтау қаласындағы ауруханаға апарған.

– Ақтау ауруханасында өңешіме дереу операция жасалғанымен оқты денемнен ала
Нұрлыбек Нұрғалиевтің мойны мен иегіне тиген оқ ізі. Жаңаөзен, 12 қаңтар 2012 ж.
x
Нұрлыбек Нұрғалиевтің мойны мен иегіне тиген оқ ізі. Жаңаөзен, 12 қаңтар 2012 ж.
​​алмады, қашып кетті дейді. Түтік арқылы дем алып 10 күн жаттым, сөйлей алмаймын. Бірақ ойламаған жерден ауруханадан шығарып жіберді. «Оқты Жаңаөзенде алады» деп айтты. Ал жаңаөзендік дәрігерлер оқты алуға болмайды деп отыр, – дейді Нұрлыбек.

Оның айтуынша, дәрігерлер оны Ақтау ауруханасынан қаңтардың 5-інде шығарған.

ТЕРГЕУ

Ауруханадан шығысымен Нұрлыбек Нұрғалиев өзін бірден полицейлердің күтіп алып облыстық ішкі істер департаментіне апарып, 4-5 сағат шамасында жауап алғанын айтып берді.

– Менен «не көрдің, кім атты, өртегеннің ішінде барсың ба» деп сұрады. Ол сәтте жағдайым оңала қоймаған еді. Тергеуден кеш бата шығып Жаңаөзенге кіре берістегі постыға жеттім. Онда тағы полиция күтіп тұр екен. Қасымдағы күйеу балам екеумізді темір торлы «Газель» көлігіне салып алып кетті. Жаңаөзендегі сот ғимаратына әкеліп тергемекші болып еді, мен жауап беруден бас тарттым. Өйткені сөйлеуге әлім болған жоқ, – дейді жаралы азамат.

Нұрғалиевтің айтуынша, кейін оны тағы бір-екі мәрте қалалық прокуратураға жауап беруге шақырған. Бірақ оның денсаулығы жарамсыздығына көздері жеткен соң мазалауды доғарыпты.

ӨТЕМАҚЫ

Нұрлыбек Нұрғалиевтың әйелі Гүлжамал Нұрғалиева күйеуіне емделу үшін квота алуына көмектесуді сұрап Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарыбөпеевке де барыпты.

– Желтоқсанның 29-ы күні әкімшілікке арыз жазғанмын. Одан хабар болмаған соң қаңтардың 11-інде әкімге бардым. Оған жағдайымыз туралы айтып, дәрігерлер берген
Нұрлыбек Нұрғалиевтің денесінде қалған оқты рентген суреттен көруге болады. Жаңаөзен, 12 қаңтар 2012 ж.
x
Нұрлыбек Нұрғалиевтің денесінде қалған оқты рентген суреттен көруге болады. Жаңаөзен, 12 қаңтар 2012 ж.
​​қағаздардың барлығын көрсеттім. Әкім «квота жағынан көмектесемін» деді. Жараланғандарға үкіметтен бөлінетін 500 мың теңге ақшаның да бізге тиесілі екен айтты, бірақ нақты қашан беретіні белгісіз, – дейді Гүлжамал Нұрғалиева.

Ал Нұрлыбек Нұрғалиевтің өзі оқ тигендерге беріледі деген ақшаға қол жеткізуге тырысатынын айтады.

– Анализ тапсырған соң қалай болса да барып осы оқты алдыртқым келеді. Бірақ оған квотасыз бара алмаймын, мүмкіндігіміздің неге жететіні әзір білмеймін, – дейді ол.

Үкіметтік комиссия «Жаңаөзендегі оқиғаларда қаза тапқандардың отбасыларына бір миллион теңге көлемінде, ал жараланғандардың отбасыларына жарты миллион теңге мөлшерінде өтемақы беріледі» деп уәде еткен еді.

Азаттық радиосының тілшісі зардап шеккен жаңаөзендіктер өтемақыны қалай алатынын білмек болып, Маңғыстау облысы әкімшілігіне хабарласты. Аты-жөнін айтқысы келмеген әкімшілік өкілі:

Нұрлыбек Нұрғалиевқа берілген медициналық анықтама қағазы. Жаңаөзен 15 қаңтар 2012 ж.
x
Нұрлыбек Нұрғалиевқа берілген медициналық анықтама қағазы. Жаңаөзен 15 қаңтар 2012 ж.
​​– Бас прокуратура тарапынан зардап шеккендердің толық тізімі бекітілмейінше өтемақы мәселесі шешілмейді, – деген жауап айтты.

Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков:
– Тізім бас прокуратураның ресми вебсайтында жарияланған, – деді.

Бас прокуратураның «2011 жылы желтоқсанның 16-сы мен 18-і аралығындағы жаппай тәртіпсіздіктер барысында зардап шегіп, Жаңаөзен қаласының орталық ауруханасына түскен азаматтар» деп аталатын тізімінде Нұрлыбек Нұрғалиевтің де аты-жөні жазылған.

«ҚАРУСЫЗ ЖАНДАРДЫ АТҚАНДАР ЖАУАП БЕРУІ КЕРЕК»

Азаттық тілшісіне берген сұқбатында Нұрлыбек Нұрғалиев адамдардың өлімі үшін жауапты полиция қызметкерлерінен сұрау керек деп санайтынын мәлімдеді.

– Полицияға қарсы оқ атылған жоқ ол жерде. Мылтық, пышақ тәрізді суық қарудан бізде
Нұрлыбек Нұрғалиев пен жары Гүлжамал. Жаңаөзен 15 қаңтар 2012 ж.
x
Нұрлыбек Нұрғалиев пен жары Гүлжамал. Жаңаөзен 15 қаңтар 2012 ж.
​​ештеңе болған емес. Полицияның бізді қалай атқылағанын өз көзіммен көрдім және оны қай жерде де айта аламын. Олардың барлығы әуелден дайындалғандары байқалады. Мұнайшылардың жазығы жоқ еді, – дейді Нұрлыбек Нұрғалиев.

Ол қазіргі уақытта қамаудағылар азап көріп жатыр деп ойлайтынын да айтты.

Азаттық тілшісімен әңгіме барысында Нұрлыбектің сөйлеуге шамасы жетпей қиналатыны байқалды. Оқ тесіп өткен өңештен шыққан ереуілшінің сөзі әзер естіледі. Ол тамағының құрғап, оқ тұрған жауырын жақ қолының ұйып, көтертпей жүргеніне шағымданды.

43 жастағы Нұрлыбек Нұрғалиевтің екі баласы бар. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әйелі Гүлжамал Нұрғалиева күйеуін емдету үшін Алматы немесе Астанаға алып барғысы келетінін, бірақ ақшадан қиналып жатқандарын айтады.

Нұрғалиевтер отбасына көмектесемін деушілер төмендегі реквизиттер бойынша ақша жіберулеріне болады:

Қазақстан Халық банкі
IBAN KZ 2760 1000 2000 2143 36
Kz          3460 1546 3000 0012 79
РНН       4307 1900 4727

Карточка номері (
Қазақстан Халық банкі): 6762 0035 1037 9109

Шот иесі Гүлжамал Нұрғалиеваның телефоны:  +7 701 143 7168



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 10:39
+0 / -0
Атады, атқанымен қоймай өлгелі жүрген адамды тергейді, бізде ұят та, ар-намыс та, заң да қалмады ғой!
Пікір алмасу

Кімнен: сана Қайдан: астана
18.01.2012 11:37
+1 / -0
ондай жарақаттар көп,бірақ бәріде адам баласы гой неге жаны ашымайды екен, дәрігерлерге не болған,меніңде бір досымнын аяғына оқ тиіген,дәрігерлер оқты алмаған, қарамаған енді айналғанда сүйік зақымданып аяқты кестіруге келіскен,ол жігіт жұмыссыз болатын,

Кімнен: Асау Барақ! Қайдан: Жайықтан!
18.01.2012 10:49
+0 / -0
Оқ атқан полиция қызметкерлері мен ОМОН жасағының адамдарын АЛЛАның өзі жазалайды! Ал адам жазалайтын кун туатын болса, олар аман калмайды. Негізі оқ атуға бұйрық берген облыстық Ішкі істер басқармасының бастығы деген әңгіме бар. Оны да күндердің күнінде анықтаймыз! Оқиген жандар мен олген адамдардың қарғысы сендерді жібермесін.

Кімнен: Маңғыстаулық
18.01.2012 10:58
+0 / -0
Бұдан асқан жауыздық бола қоймас сірә!
Көріңде өкіргір иттің балалары-ай, қорлады-ау әбден халқымды.
Мықты бол, Нұрлыбек, қысым жасағандардың сөздерін, басқа да айғақ заттар болса жойылып кетпеуін ойластыр. Кейін әрбір жауыз өз ісіне жауап беретін кез келеді. Кекшіл болмасақ та тиісті жазасын беруіміз керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 11:44
+0 / -0
бул не маскара? ок тиген адамды уиине де жеткизбей, тергеген.
Жанаозендеги шындыктар али де жабулы казан куиинде.Ен болмаганда зардап шеккендерге беретин каржыны дер кезинде бермей ме. Жанадан тагайындалган акими ай карап жур ме?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 13:13
+0 / -0
мына азаматтты Астанадагы клиникага тегин емдету керек?астанада медицина кластерин орнатамыз деп керим боламыз. Сонда жибертуге куш салындар!Азаттыктар, осыны Манкыстаудын жана акимине жеткизип, мына жигитти акысыз,тегин Астанада жаксы даригерлерге корсетуге куш салындар!

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
18.01.2012 11:32
+0 / -0
Нұрлыбек ағамызға кадалған оқтай сол аткан аткызған жауыздардын үрім бұтағына солай болып кенірдектерінен кіріп жүректеріне барып кадалсын соны кун түні бір АЛЛАХтан тілеймін,
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 15:47
+1 / -0
АМИН!!! НАзарбаевтың да өзімен бірге қыздарымен тоқалдарынадейін , және солардан туғандардың бәрінің кеңірдектеріне сондай оқ қадалсын деп АЛЛАХ-тан тілеймін!" Тілегімізді қабыл ете гөр!!! АМИН!!!АМИН!!!АМИН!!!

Кімнен: Қор
18.01.2012 12:05
+1 / -0
Жаңаөзен мен Шетпеге гуманитарлық көмек беру қоры Нұрлыбек Нұрғалиев отбасына жүз елу мың теңге аударатынын мәлімдейді. Қаражат Жаңаөзен мен Шетпеге қолдау көрсетуші азаматтардан жиналды.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
18.01.2012 12:25
+1 / -0
Тоқтар Әубәкіров, Әміржан Қосанов, Болат Әбілов басқа да ЖСДП ның белсенділері,Мұхтар Шаханов, Хасен Кожахмет, Жасарал Қуанышалин, Софы Сматаев бәріңізден Маңғыстаулықтар көмек сұрайды. Козлов, Болат Атабаевтарды білеміз,олар қолынан келген көмегін жасап жатыр, бірақ оларға қиын, тұтас мемлекеттік аппаратпен жағаласу оңай ма. Сіздер Қазақстанның ішіне де, сыртына да танымал адамсыздар, бұл жерде Қазақстан билігіне сырттан ықпал, қысым болама, халықаралық ұйымдарға дабыл қағу керек па, мына әділетсіздік пен негізсіз жәбірлеуді доғаруды талап етіп, адвокаттарды сырттан алатын мүмкіншілігі бар ма, сондай жағдайларын қарастыру керек. Болмаса, ел емеспіз бе, көріп отырып жазықсыз зәбірге жол береміз бе, халықтан көмек сұрау керек шығар. Елде зорлық зомбылық жүріп жатырғанда , қалғандарымыз ештеңе болмағандай , сол өзімізді репрессиялауға кетіп жатырған қаржыны мұнай өндіріп, немесе көмір қазып, металл балқытып, соларға тауып беріп,жүре беруіміз керек пе? Ең болмағанда жан ашырлық деген жоқ па. Бізге Астанадағы Әбіш пен Фаризадан да, ел ішіндегі Сайын Назарбек, Сабыр,Светқалилардан да пайда болмай тұр, олар інге кіріп кеткен саршұнақтарша жатып алды. Кімнің кім екенін білдік. Енді бір үміт сіздерде.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
18.01.2012 13:00
+1 / -0
Жаңаөзендіктер, европарламентте тыңдау болады, тағы видеолар болса жіберіңдер.

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
18.01.2012 13:03
+1 / -0
Мен "Ливияда азамат соғысы басталғалы тұр" деген мақалаға жазған пікірімді осы жерде де қайталағым келіп отыр, өйткені біздің адамдардың менталитеті қызық - "бір жақтағы Ливия бізге не керек" деп оқымай қоя салады.
...Қаншама жыл бір адам басқарған жүйеде осылай болуы заңды да, өйткені барлық мемлекеттік құрылым бір адамның ыңғайына қарай құрылған, сол адам кетіп еді - елді басқаратын, халықтың сеніміне ие ешбір құрылым қалмады, сондықтан халық өзін-өзі қорғауға көшті, мұндай жағдайда әртүрлі "командирлер" пайда болмағанда қайтеді енді.
Ал бізде осылай болуы мүмкін бе?
Біздегі жағдай Ливиямен өте ұқсас, яғни басқару жүйесі, мемлекетте "форс-мажор" жағдайда билікті қолына ала алатын халықтың сеніміне ие бірде-бір құрылымның немесе тұлғаның жоқтығы, т.с.с. Бізде тіпті егер халықтың тұрмыс-деңгейін салыстырсақ жағдай Ливиядан да нашар болуы мүмкін, өйткені осы интернетте жарияланған, әрбір ливиялыққа үкімет тарапынан жасалып отырған жақсылықтар рас болатын болса ондай жақсылықтың біздің халық жүзден бірін де көрмегені анық.
Дейтұрғанмен де мен біздің халық ондайға бара қоймас деп ойлаймын. Осы Маңғыстаудың жергілікті адайымын, мына қазақ үкіметінің бізге қандай жауыздық жасағанын және әлі де сол жауыздығын жалғастырып жатырғанын көзіммен көріп отырмын. Басқа еш жазығым жоқ, тек қана осы жауыздықты өз көзіммен көріп, куә болғаным үшін ғана сотталуым мүмкін екенін де біліп отырмын. Тек ақырын күткеннен басқа амалым жоқ, өйткені барып арызымды айтатын орган жоқ - прокуратура, сот - қазір бәрі "кінәліні" іздеп әлек, арыз жазып барғандардың өздерін тексеріп қорқытып жатқандарын естіп отырмыз. Басқа өңірлерден келген ОМОН соншама жауыздық жасайтындай, тіпті екіқабат әйелді зорлайтындай иттікке қалай барды? Бұл өзі адам ба, қазақ па, мұсылман ба? Бұларды,сірә, осында жұмсағанда "адай" деген қазақ емес, басқа, бізге жау халық деп үйретіп жіберген болуы керек. Міне, осыншама иттікті көріп отырсақ та біз өзімізді басқа қазақтан бөлектеп отырған жоқпыз. Біз біргеміз. Әрине, сәл-пәл ерекшелігіміз бар - ол бізде, орысша айтқанда, "более обостренное чувство справедливости" бар. Ол біздің басқа қазақтардан артық туғандығымыздан емес, оның объективті себептері бар - біз басқалардан көбірек қорлық көрдік, қолымыздан келгенше шайқастық, бірақ күш тең болмады, қолымызда қару жоқ, жеңілдік, көштің алдыңғы легі Иран, Тәжікстанға дейін жетті. Тәуелсіздік алғанда ерекше қуандық, елге орала бастадық, өз елімізде, өз жерімізде адамша өмір сүргіміз келді, ата-бабадан қалған байлығымыздың қызығын көргіміз келді, оның қызығын қытай көреді деген ой үш ұйықтасақ та түсімізге кірмепті.
Міне, оралман болсын, жергілікті болсын - жалпы адайдың ойы осы, бізді ана жақтан келдің, мына жақтан келдің деп бөлудің еш қажеті жоқ, ол - "сен ана көшенің баласысың" деген сияқты, баланың әңгімесі, ел басқарған адам олай сөйлемеуі керек еді...
Бізге жетіспей тұрғаны - осы үкіметтің бір ауыз жылы сөзі еді ғой. Мына қанды сойқаннан кейін де біз осы мемлекеттен бөлініп кеткелі отырған ештеңеміз жоқ қой, соншама неге әкесінің өші қалғандай қуғындап жатыр? Тұтас бір аумақтың халқын қорқытып-үркітіп аузын жаппақ па? Ол тіпті ақылға симайтын нәрсе ғой! Бұл жерден "сыртқы күшті" қанша іздесең де таппайсың - әуелден табиғатта болмаған нәрсені қалай табуға болады? Ел ішіндеміз, егер шынымен де әблязов, болмаса әлиев, иванов, петров, мырқымбаев... біреу мұнайшыларды ұйымдастырған болса естіген болар едік қой. Кезінде Сталин "Жапонияның шпионы" деп талай ауылдан шығып көрмеген, Жапонияның өзі түгілі атын да естімеген шалдарымызды соттады, мына сұмдықтың содан несі кем? Бір ғана жол бар - қолымыздағы барлық аудио, видео жазбаларымызды, заттай айғақтарымызды сақтау керек, ертең шын тәуелсіздік келгенде қазіргі қылмыскерлер түгелдей әділ сот алдында жауап берулері керек.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 13:31
+0 / -1
Менің ойымша, Жаңаөзендегі қайғылы жағдайдың орын алуына басқалармен бірге БАҚ -дың да себеп болғаны анық. Мәселен, мұнайшыларды қоздырып, азғыруда алдына салмайтын К плюс, Жас алаш, Азаттық радиосы басқада бірқатар құралдардың әсері өте көп болды. Өлім құшқан адамдардың құнын биліктен сұрап жатыр ғой. Онысы дұрыс, осындай жағдайға жіберіп алған. Бірақ менің ойымша, елдің құлағын көтеретін, өздері милары ашып отырған мұнайшылардың жағдайын одан сайын ушықтырған бАҚтарды да жауапқа тарту керек.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
18.01.2012 14:06
+1 / -0
Шындықты айтқан К+ қандай жазығы бар, мұнайшыларға порлиция тарапынан көрсетіліп жатырған зорлық зомбылықтарды , әділетсіздіктерді К+ көрсетті. 7 ай бойы шындықты тек К + көрсетті, сөйтіп мәселенің оң ,бейбітшілікпен шешілуіне жұмыс жасады. Тіпті ,сол 16 желтоқсан күні К+ Жаңаөзеннен онлайн передача жүргізіп, болып жатырған қырғынды бүкіл әлемге демде тікелей жарияламағанда, полиция ол алаңдағы мыңдаған адамды түгел қырып тастауға жүз жанатын емес екен. Сондықтан, мен бұл жерде К+ каналы талай адамды ажалдан алып қалдыма деп ойлаймын. Ал, Хабар, Қазақстан тағы басқа, сол халықтың ақшасын жеп отырған каналдар, керісінше, мұнайшыларды, өтірікшілер қылып көрсетіп отырды, шындықты үнемі жасырып отырды, сөйтіп, даудың шешілмей ұзаққа кетуіне, айналып келгенде, қырғынға алып келді. Қайдасыңдар, Болат Атабаев аға, Жасарал аға, Жанболат Мамай, Әміржан Қосанов; Тоқтар Әубәкіров бюджеттен қаржыландырылып отырған, әдейі жалған хабарлар беріп, мұнайшылар мәселесін ушықтырып, айналып келгенде көптеген адам өлімдеріне әкелгені үшін"Хабар","Қазақстан" тағы басқа каналдардық каналдардың басшыларын қылмыстық жауапқа тартуды талап ету, сосын Хабар және Қазақстан каналдарын бюджеттен қаржыландыруды тоқтату мәселелерін көтеру керек. Сонымен қатар, бұл мәселенің ушығуына Маңғыстау облысының ішкі саясат бөлімінің басшылары да жауапты, олар да акпарат құралдарында мұнайшылардың талабы негізсіз деген көзқарас тудыру бағытында жұмыс істеп отырды. Ал, мұнайшылардың талабының орынды екенін Назарбаевтың өзі мойындады ғой, ендеше кінәлі адамдар жауапқа тартылу керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Венера Қайдан: Актау
20.01.2012 20:30
+0 / -0
Ағамыздың жанын жаксы түсініп отырмын Өте кйын жагдай жанын азапка салып койган мына билікті каргыс атсын.
Пікір алмасу

Кімнен: Асылан Қайдан: Маңғыстау
18.01.2012 14:08
+1 / -0
Иа, шындықты айтпай, жасырып келген, баяғыда бітіп кететін еңбек дауын жасырып қылқұртсып жүрген Хабар, Қазақстан сияқты биліктің арналары ма? жоқ, баяғыдан халықтың мұң-мұқтажына құлақ асыңдар, қараңдар, көмектесіңдер деп шындықты көрсетіп, осы сойқанға жеткізбеңдер, тыныштық бұзылмасын деп халықтың сөзін жеткізіп жүрген сен айтқан арналар ма? Сен де барыптұрған бұралқы екенсің, жасарыңды жасап алып, миығыңнан күліп отырсың, ит!
Пікір алмасу

Кімнен: Маңғыстаулық
18.01.2012 14:33
+0 / -0
Айналайын, бұл жерде БАҚ тың еш кінәсі жоқ. Тіпті осы БАҚ болмағанда біз шын жағдайдың қалай болғандығын да білмеген болар едік - "Жаңаөзенде Түрікпенстан мен Өзбекстаннан келген бір топ бұзақы наркоман халықтың тыныштығын бұзды" деп ойлаған болар едік. Қазақстанның көп жерінде тіпті әлі де солай ойлауы мүмкін кейбіреулердің. Өйткені қылмыскерлер өз қылмыстарын жасыру үшін барын салып-ақ жатыр, халықтың көңілін басқа жаққа бұру үшін концертті бірінен соң бірін беріп ойларына келгендерін жасауда. Қаралы күн жарияламауы да, сайлауды кейінге қалдырмауы да сол себептен, халық бұл күндерді тезірек ұмытса екен деп тілейді билік. Мұны ақыл-ойы орнындағы кез келген адам түсініп отыр. Жәрайды, оны қойшы, мен үшін мына сұрақ қызықтырақ болып отыр - қанды қол қылмыскерлердің "тойына" ортақтасып, солармен бірге қуанып, оларға әндерімен шашу шашып, солардың диірмендеріне су құйып жүрген әртістерімізді енді не дейміз?
Күлбілтелемей турасын айтайық - бұлардың сол қылмыскерлерден еш айырмашылығы жоқ, ниеттері түзу емес, жүректері қап-қара, арын ақшаға сатқан құлдар, бұлар халқын сатқан сатқындар! Қалай ойласақ та олар өздерінің осы қылықтарын еш ақтай алмайды - ертең "біздер тек қана әртістерміз, саясатпен айналыспаймыз" деп мүләйімсуі мүмкін немесе "шақырған соң қорыққаннан келдік" деуі де мүмкін. Бірақ мұның бірде біреуі оларды ақтай алмайды!
Пікір алмасу

Кімнен: Ержігіт Қайдан: Алматы
18.01.2012 15:15
+0 / -0
Бауырлар, менде Соц.Сопр сайты, республика порталы сияқты сайттар 4-5 күннен бері ашылмай жатыр, К+ пен Азаттықта әрең ашылып тұр, сіздерде солай ма? Себебін білсеңіздер жазыңыздаршы!
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
18.01.2012 15:44
+0 / -0
Дұрыс айтасыз, қайдағы бір ағылшын музыканты Стинг, тіпті қан төгілмей тұрғанда бойкот жариялап, концертін бермей тастады. Ал, бұл нәйсаптар, адам қынадай қырылып жатырғанда шат-шадыман ән айтып жүр. Адам қаншама тасжүрек,қатыкез болғанда да сондай болама екен, нағыз қорықсаң аурып қалуға болмады ма,оңбағандар, айтпады деме оңбайсыңдар, өмірлеріңнің соңы қайыршылықпен өтеді, халық сендерден теріс айналады,ақымақтар. Мылтық атқандар да бұйрық дейді, ау бұйрық болса, алдыңдағы көздеп тұрғаның жауың емес, өз қазағың екенін көріп тұрған жоқсың ба, басыңда миың бар адам емессің бе, қолында қаруы жоқ, басшыларыңнан қорықсаң тигізбей аспанға атуға болмады ма. Сондықтан бұйрық ешкімді ақтамайды, бәрі де жазалануы керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Саке Қайдан: Алматы
18.01.2012 22:13
+0 / -0
Ойпыр-ой сен Жаңаөзендіктерді тіпті сауатсыз, ақымақ көріпсің-ау. Өкіметтің көбікке толы БАҚ-ы мен ұлт жағындағы ақпараттарды саралай алмайтын өзің сауатсызсың. Өздері де қайғырып отырған халыққа қарсы шықпа. Одан да өзің көзіңді аш. Қазақ деген ұлтқа титтей де қатысың болса.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.01.2012 00:03
+0 / -0
атаннын басы кайта булар шындыкты елге жайып биликтин жасырган отириген осылар жайды мен буларды колдаймын

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 15:39
+0 / -0
Иілмеген қазақ осы орындап жатқан тапсырыстары үшін қанша ақша алып жүр екен тапсырыс берушілерден?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 16:39
+0 / -0
Ол тапсырыс емес жан айқай ғой. Жоқ бауырластарыңа қиналмайсыңба? Сен өзің қалай тусінесің, қазақ қазақты қашқалдақтай қырып жатқан видеоны?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 16:48
+0 / -0
Нұротаннан басқа кім де ақша бар дейсің? бұл кезде!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 17:25
+0 / -0
ұрыотаныңның қаржысы халықтан қиянат жасау арқылы алған ақша емес пе! Бюджеттегілердің жұмыстан шықпауы үшін жарна төлейді! Қалғанын сайлауда жеңді деген салдақы саясаты арқылы бюджеттен алаяқтықпен алынған каржылары
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 17:04
+0 / -0
Ал сен салдақы!! Өзің ақша үшін комент жазатын болған соң, бәрін өзіңдей деп ойлама. Тіпті жазатын аудиторияңды шатастырдың. Бұл саған Қазақстан,Еларна, Хабар емес! Бұл еркін ойлы азаматтардың арнасы!!!!!

Кімнен: Мақсат Қайдан: Алматы
18.01.2012 17:34
+0 / -0
Ағайын, ел болып, жапа шеккен ағамызға көмектесейік. Осындайда әрекет етпесек, кім болғанымыз? Әрқайсымыз шама жеткенше Нұрлыбек ағамызға ақша аударайық!
Аллаһ Тағала күнәләрімізді кешіріп, тілектерімізді қабыл етсін.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 17:43
+0 / -0
"Жараланғандардың ішінде 9 бұрынғы жұмысшыларымыз бар. Жазылса, оларды да жұмысқа аламыз. Отбасыларына қажетті материялдық көмек көрсетеміз. Маған 2 мұнайшының әйелі келді. Бәріне көмектесіп жатырмыз". Бұл Қазмұнайгаз БӨ АҚ атқарушы директоры Алик Айдарбаевтың айтқаны. Сөзбе-сөз беріп отырмын. Енді қамқорлық жасаса болар еді....
Пікір алмасу

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
18.01.2012 18:19
+0 / -0
Нұрлыбектің сөйлеген сөзіне өзін-өзі ұстауына қарасам нағыз Президент болатын адам екен!

Кімнен: Сәбит Қайдан: Астана
18.01.2012 19:23
+1 / -0
Құрметті, Азаттық Радиосы! Мүмкіндік болса ағамыздың ия жеңгеміздің карточкасының нөмірін жариялай аласыздар ма? Ақша аудару оңай әрі өте жылдам болар еді.

Халайық, елдік сана деген осындай сәтте көрінеді емес пе? Әрқайсымыз, шама-шарқымыз келгенше, 1000 теңге ме, 2000 ба, 10 000 ба ағамызға қол ұшын берейік. Көп түкірсе көл дейді ғой дала даналығы!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
18.01.2012 19:38
+0 / -0
Құрметті Сәбит!
Нұрлыбек Нұрғалиевтің карточкасының номері (Қазақстан Халық банкі): 6762 0035 1037 9109
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
18.01.2012 20:12
+0 / -0
Өте жақсы бастама, көп түкірсе көл деген. Нұрсұлтанды осылай сындырамыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Көмек беру қоры
18.01.2012 19:47
+0 / -0
Бүгін таңертең гуманитарлық көмек беру қоры Нұрлыбек ағамыздың отбасына 150 мың теңге аударды. Халық банк арқылы. Жоғарыда жарияланған реквизиттерге ақшаны жіберсеңіз болды. Қаражатты алдық деген хабар келді бізге. Инга Иманбай

Кімнен: Небоскреб Қайдан: Латвия
18.01.2012 22:17
+0 / -0
Халыққа оқ аттырған Нұр Отанға итаршы болмай қайтейін, барлық елге қарабет болып тарихта қалатын болдық. Қанша тыраштанып қомпаңдағанмен бүткіл жұрттың жек көретіні біз болып қалдық. Оның үстіне ұрланған, қымқырылған, жымқырылған қаншама дүние бар, биліктен Нұр Отан кетсе оны кім қорғайды? Енді қайтейін, ағайындар? Бізді мынау төніп келе жатырған апаттан кім қорғайды, АҚШ-тан бастап дамыған елдердің бәрі теріс айналды? Қайтейін? Енді қайтейін?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 23:12
+0 / -0
Өз обалың өзіңе
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.01.2012 01:19
+0 / -0
небоскреб атаннын басы!нанге айт мунайшылар ауруханасына операционный нормальный оппараттар алып берсин.ана окты магнит операция аппаратымен он минутта алып тастауга болады.комгенде кулгир онбагандар.казахстан дамымаган.халыктын тури мынау болса.нанге айт.

Кімнен: аязгул Қайдан: алматы каласынан.
19.01.2012 02:18
+0 / -0
Денсаулык маселес!не катысты ,тиген окпен асте ойнауга болмайды ,козгалып кетсе болды гой ,жолы армен болсын ,алынып жаксы болсын деп т!лей!к!!! Прокуравтуранын ,турл! сурактарынын бар! бекер ,сценария бойынша ,бил!к анык б!лед! к!налыларды ,не айтамыз мырзалардын лагнет!н ,АЛЛА ЖАЗАСЫН БЕРС!Н ДЕМЕКП!З !!!

Кімнен: Руза Қайдан: Кереку
19.01.2012 08:35
+0 / -0
Билік сірә, барлығы қырылып бітсін, қалғандарына өте көп ақша кетпейді деген саясат жүргізіп жатқан болу керек. БАҚ, қоғам, мейлі қай көзден тапса да, тым болмаса берілетін тізімде бар адамдарға, ақшасын жедел бергізуге ықпал жасайық билікке. Болмаса шынында да қырылдырып қоямызба, қалған Жаңаөзендіктерізміді. Руза

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
19.01.2012 11:09
+0 / -0
Нұрлыбекке ақша аударам дегендерге еш қарсылығым жоқ, бірақ негізі барлық ақшаны бір орталыққа, гуманитарлық көмек қорына (төменде осы қордың атынан Инга Иманбай қол қойыпты ғой, мен бұл қызға сенемін, шындық үшін шырылдап, отқа да, суға да түсіп жүрген аяулы қыздарымыздың бірі деп білемін) аударып, осы қор арқылы бір орталықтан реттестіріп бөліп отырған дұрыс сияқты. Себебі, халық арасындағы әңгіме бойынша, өлгендер саны 100-ден асады, ал жараланғандар 400-500-дей адам, олардың бәрі бірдей Нұрлыбек сияқты эфирге шығып жатқан жоқ қой, бәрі де қорқып отыр. Нұрлыбектің онша қатты қорықпауына да болады, өйткені ресми тізімде бар, яғни үкімет өзі атқанын жанама түрде болса да мойындаған, ал тізімде жоқ, "жараландым десем тергеп қуғындай ма" деп қорқып отырған қаншама адам бар, олардың жанұясында қандай трагедия болып жатқанын көзімізбен көрмесек те жүрегімізбен сезіп отырмыз. Сосын, біздің халықтың менталитеті де қызық қой, бір адамға 2000 теңге көмек жасаса, үлкен іс бітіргендей, сонысын 10 адамға айтып мақтанады.
Сондықтан менің "Азаттық" радиосынан сұрайтыным - осы гум. көмек қорының адресін, счет нөмірін қайта-қайта хабарлап немесе басқалай жарнамалау керек сияқты.
Ал, үкімет уәде берген ақшаның жәйі белгілі болды, ол кезекті пияр ғана, ол ақшаны алам деп жүргенде ана дүниеге аттанып та кетесің және олар соны тілейді де, оларға өз қылмыстарының куәгерлері неғұрлым азая бергені жақсы.
Керек болса Ингаға немесе арнайы сенімді адамға жалақы тағайындау артық болмас, өйткені, менің ойымша, бұл қордың жұмысы кемі 4-5 жылға кететін сияқты - қаншама адам мүгедек болып қалып отыр, оларға ең азы коляска да қажет болуы мүмкін.
Шетпеде үйлердің балконын, газ пешті, ілулі тұрған кілемді тесіп өткен оқ ОМОН - ның белгілі бір "бұзақыларды" көздеп емес, жалпы оқты бас-көзіне қарамай қарша боратқандығын көрсетеді. Сондай-ақ К+ көрсеткендей, снайперлер де болды деген әңгіме расталып тұр - жоғарыдан атылған оқ маңдайдан кіріп желкеден шыққан. Бұдан шығатын қорытынды - өлгендер мен жаралылардың саны жөніндегі халық арасындағы әңгіме шындыққа жанасады.

Кімнен: pariza
19.01.2012 11:19
+0 / -0
Қазақ зиялысы ұлт мақтанышы, халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынова былай деді:

- Таңертеңгі сағат 10.30-да «Нұр Отан» партиясына дауыс бердім. Біз қоғамның белсенді мүшелері, есімі елге белгілі азаматтар «Дауыс бермейміз» деп жан-жаққа тартып отырсақ, халық не ойлайды? Мен өз басым Президенттің саясатын қолдайтын адаммын. Сол себептен, сайлауға қатысып, болашақ алдындағы өз міндетімді атқардым.
Осы орайда айта кетпесем болмас, бір басылымдар Жаңаөзендегі жағдайға байланысты «Оңғарсынова қайда қарап отыр?» деп жазатын көрінеді. Түптеп келгенде, мұндай жағдай әр мемлекеттің басында бар. Халыққа мылтық кезенгендерді әрине жазалау керек. Қыршын кеткен жас жігіттерге обал болды. Бірақ арандатушылардың айтқанына еріп, мемлекеттің мүлкін қиратып, өртеу қаншалықты қажет болды?
Президенттің жарғақ құлағы жастыққа тимей, бүкіл жер шарын аралап, қазақтың атын шығарам деп жүрген саясатын қатар жүріп көріп келе жатқан адаммын. Ресей иемденіп кетпек болған солтүстік облыстардың жағдайын ойлап, Астананы аласапыран кезде Алматыдан Ақмолаға көшіріп әкелді. Соның бәрі не үшін, кім үшін? Назарбаев ата-бабасының жерін тастап, Сарыарқаға еріккеннен көшіп келді ме? Жоқ, өзіне үй салайын деп келді ме? Қазақ деген елдің территориясын сақтау үшін. Сөйтіп, шекарамызды бекітті. Қазақ қазақ болып жер бетіне жаратылғалы шекарамызға қазық қағылып көрген жоқ еді. Оны да бірінші рет тұңғыш Президентіміз жасады. Елбасымыз айдай әлемге Қазақстан деген Тәуелсіз мемлекет бар екенін паш етіп келеді. Ендеше, мен біреулер ортаға от жақты екен деп қалай ереуілдеп кетемін? Осы жасқа келіп, пиғылы жат біреулердің айтағына еріп, көйлегімнің етегін желбіретіп, «Ойбай, қырылып жатырмыз, Президентке қарсымын» деп көшеге шығатын жағдайым жоқ.
Мемлекеттік мәселелер мен елдің жағдайын шешетін, халықтың мұң-мұқтажына құлақ салатын, Елбасы мен оның басқаруындағы партия. Сондықтан бірауыздан «Нұр Отан» партиясына дауыс бердім. Бұл да Президентіміздің бүгінгі саясатын қолдағаным деп есептеймін. Халықтың да дауыс беріп, қолдап жатқанының куәсі болдым. «Берсең де бересің, бермесең де бересің» деп мәжбүрлеп, зорлық көрсетіп жатқан ешкім жоқ. Әркім кімді сайласа да өзі шешеді, өзі біледі. Өз басым ешқандай партияның мүшесі емеспін. Партияға өтуге шақырғандар болды. Бірақ мен бас тарттым. Әңгіме қай партияның тізімінде болғаныңда емес, әңгіме сенің жүрегіңде, таңдауыңда. Туған Отаныңа, еліңе-жеріңе деген махаббатыңда, патриоттық сезіміңде.

АЙҚЫН газетінің бүгінгі номерінен
Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
19.01.2012 13:12
+0 / -0
Мына Фариза апамыз әбден алжыған екен, мына айтып отырғаны есі дұрыс адамның әңгімесі емес. Бұлар елдің шын мәнінде не ойлайтынынан мүлдем хабарсыз, өздерінің виртуальды өмірінде өмір сүріп жатқан адамдар болып шықты. Мен алғашында "бұлар байқамай қалған болар, нағыз шындықты білгеннен кейін алғашқы пікірлерін өзгертер" деген ойда жүр едім, ол үмітімнің үзілгенін көріп отырмын. Назарбаевтың еңбегін мүлдем жоққа шығарып отырған ешкім жоқ, бірақ, "көп тұрса көл ашиды" деген, бұл кісінің соңғы жылдары жұмысты мүлдем қойғандығын, елмен санасудан кеткендігін, елді коррупция жайлағандығы соншалық, тіпті қазір жұтқан ауаңа ғана әзірше ақы төлемейтіндігің, жұмыссыздық әбден шегіне жеткендігін, шағым айтып баратын бірде-бір органның қалмағандығын бұл апамыз білмейтін болып шықты. Әрине, Назарбаевтың орнында басқа біреу болғанда да, мүмкін, осындай кемшіліктер болатын болар, бірақ тап мынадай сорақы түрде болмаған болар еді.
Апа, енді «Оңғарсынова қайда қарап отыр?» деген сөзді естімейтін боласыңыз, бірақ енді Маңғыстауға аяқ басам деп ойлаушы болмаңыз, тіпті басқа да өңірлерге бармай-ақ қойыңыз, өйткені осынау қиын шақта өз бауырларына бір ауыз жылы сөз айтуға жарамай отырған сатқын адамнан ешкім де жақсылық көре қоймас. Бір құдайдың бар екені рас болса, сіздерге күнімізді салмасын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: adaistan
22.01.2012 16:51
+0 / -0
osi kempirding mneniesin bilgisi keletinderdi tusinbeimin. Magan oning mneniesi 1 tiin. Esh uakitta tingdagan emespin, tipti kizik emes. Abish, Tasmaganbetov tagi baskalardi da izdemei ak koingdarshi. Bir ideal ol Alla, baskalari pendeler. Mina kempir zhuregi zhok tas bauir bale eken.

Кімнен: Қалдархан Қайдан: Алматы
19.01.2012 13:01
+0 / -0
Фариза әпкеміз "Айқын" газетінде өзінің құлпытасына жаздырғысы келіп жүрген "алтын сөздерді" жаздырыпты. Кіші жүздің ұлдары мен қыздары - Фариза, Әбіш, Иманғали және т.б. толып жатқан бауырларың, биліктің "сарқытына" қақалып қайтыс болды. Қайғырып көңіл айтамыз! Олардың күнәларын Аллаһ кешірсін! Әйтеке би аруағы - азған ұрпақтырыңды кешіре гөр! Әумин!
Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
19.01.2012 13:24
+0 / -0
Қалдархан, сенің табалауың орынды, айтатын жауап таппай отырмыз. Жоғарыда атап өткен адамдарың осы батыс өңірінде туған демесең, әлдеқашан елмен байланыстарын үзген, шын жағдайдан бейхабар, өздерінің қияли "мирінде" өмір сүріп жатқан адамдар болып шықты. Қиын шақта өз бауырларына жаны ашымаған, тіпті ақ-қарасын айырмастан басқалармен қосыла сабаған адамдар ешкімге де опа бере қоймас, сондықтан көңілді тек бізге ғана емес, жалпы қазаққа айтқаның дұрысырақ болар.

Кімнен: Гульмира Қайдан: БКО
19.01.2012 13:33
+0 / -0
барлык казакстандыктарды кол ушын беру шакырамын. Нурлыбек ага Гулжамал апай сабырлы болыныздар, иншалла жаксы болып жазылып кетесиз!
Пікір алмасу

Кімнен: баха
31.01.2012 23:03
+0 / -0
бизде олген казактардын куны 1мил тенге болганы гой тым кымбат турамыз
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі