Бейсенбі, 23 мамыр 2013, Алматы 23:50


ЕРКІН СӨЗ

Жауабы жоқ сауал

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев полицейлермен сөйлесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев полицейлермен сөйлесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

Ей, зымиян, "Нұротандық" сатқындар,
Жазығы жоқ елді неге аттыңдар.
Жеті ай бойы жетім елге қайрылмай,
Неге сонша зор күнәға баттыңдар?

Кім соншама бұйрық берген төменге,
Автоматтан оқ жаудырған өр елге.
Мен сенбеймін бас изегіш сорлылар,
"Нұрекеңсіз" қимылдайды дегенге.

Халық енді ұмыта ма бұл күнді,
Шындық деді, шамырқанды, шыңғырды.
Мәсімов жүр мұртын майлап мұнаймен,
Құлыбаев елді неге құл қылды?

Алты алаштың не болады тағдыры,
Басыла ма өксігі мен зар-мұңы.
Зиялылар "зияндыға" айналды,
Нұрсұлтанның артын жалап барлығы.

Қашан қазақ жетер екен ақ таңға,
Ақикөздер Ардың жібін аттауда.
Сайқал билік, сайлау сенің не теңің,
Адайларым ойбай салып жатқанда...

Беу, Жаңаөзен, даңқтысың, дарасың,
Болашаққа пәк күйіңде барасың.
Сен ҚАСҚЫРСЫҢ, ҚАНСЫРАҒАН, ҰЛЫҒАН,
Өз тілімен жазып алар жарасын!!!

Бауыржан Халиолла
13 қаңтар 2012 жыл, Орал қаласы
Бауыржан Халиолла. Жауабы жоқ сауал
Loading
12:00:00 / -:--:--



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: ара Қайдан: ұядан
13.01.2012 22:21
+0 / -0
айтар жоқ мықты өлең екен!
Бәукеңді айтыскер ақын кезінен білеміз, мына өлеңінде тіпті қатты айтқан екен. Тіпті мүйізі қарағайдай ана ақын жазушылар билікті мақтаудан аспай жатқанда, олардың қасында қаршадай бала Бауыржан нағыз ерледі.
ОСЫНДАЙ АДАМДАР САЙЛАУҒА ТУССЕ ҚОС ҚОЛЫМДЫ КӨТЕРІП ҚОЛДАУҒА ӘЗІРМІН!!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 22:22
+0 / -0
БАКЕ ТАГЫ ЖАЗ

Кімнен: Батыстың қызы Қайдан: астанадан
13.01.2012 22:29
+0 / -0
Керемет! Дөп басып; тура жазды! Билік бірақ, бұны оқымайды ғой!! Оқыса ғой, мүмкін ойланар ед..
Пікір алмасу

Кімнен: дойыр Қайдан: жаңаөзен
14.01.2012 13:33
+0 / -0
билік ойланбайды олардың миы және ары ақшаның буынан еріп жоқ болған
Пікір алмасу

Кімнен: ссссс
16.01.2012 14:10
+0 / -0
Оқымай отыр дейсіз ба, ойланатын адамды тапкан екенсіз!!!

Кімнен: Ербол Қайдан: Алматы
13.01.2012 22:58
+0 / -0
Билік ойланар дегенге ешкім сенбейді-ау. Менде сенбеймін. Ол жағын ойлаудың өзі артық сияқты. Елге бірігіп өз құқын қорғау керек. Маселені шештін жалғыз жол осы.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 23:54
+0 / -0
Атыраудағы әкімшілікті басып алу туралы К+ та
Пікір алмасу

Кімнен: Текті қазақ
14.01.2012 00:09
+0 / -0
Тағы да жаз өлеңді бауырым, аянба, халықтың рухын көтер, жігерлендір! Өлең өміршең болады. Өткір болады. Сондықтан да қолдан келсе оңбаған, қанішерлерді өлеңмен өгіздей өкіртуіміз керек! Өлең ғасырдан ғасырға қалатын өшпес белгі.
Аянба бауырым, АЛҒА!!!

Кімнен: Асан Қайдан: Орал
13.01.2012 23:54
+0 / -0
Бауржан балам, атаңның ақылы тыңдасаң "көтере алмас шоқпарды-беліңе байлама".Алда- жалда айтқанымнан қайтпаймын, тұра алмасам маған сер дер болсаң, әділет пен адалдықты ,Президент басқарып отырған "Нұротанның" депутаттарын жағалап алған пәтеріңді қайырып берген соң айтқаның орынды секілді.Басқалай мына тірлігің...
Пікір алмасу

Кімнен: Оралдық Асан атаға
14.01.2012 00:28
+0 / -0
Асан ата өйткен ақылыңды теріс айналдырып бір жеріңе тығып қой, малша оттамай тыныш отыр! Сен сияқты шалдардың ақылы біз сияқты жастарды жасық, қорқақ, жалтақтыққа ғана тәрбиелейді. Ақылың тасып бара жатса ол ақылыңды өзінің миы су болғасын екі жүз миллиярд теңгеге шетелден өзінен гөрі миы қоюлау, өзі сияқты қанішерлерге ақыл айтқыш Тони Блэрды шақыртып отырған Назарбаевқа айт. Өзің Тони Блэрге кеңесші болуыңа болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат Досалиев Қайдан: Қазақия
14.01.2012 16:10
+0 / -0
Қай бабаларымыз, нақ бүгінгідей бақытқа, бостандыққа, тәуелсіздікке, қашан, қай заманда кенеліп еді?! Ешқашанда!
Біздер бүгінгі кенелген бар бақытымыз үшін Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлына қарыздармыз, борыштымыз! Өйткені, ол біздің Тәуелсіздігіміздің басты қаһарманы. Сондықтан, Елбасыға тілеулес болайық.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.01.2012 18:03
+0 / -0
Оттайсыңдар, Қасым хан, Есім хан, Тәуекел хан, Әз Тәуке тұсында қазақ ірге кеңейтіп, қуатты, құдіретті ел болған, иранға дейін шабуыл жасаған, Қазақтың бүгінгі көп жерлерін сол кезде бойсұндырған, ал қазіргісі сол жердің өзіне ие бола алмай, көрінген ит пен битке сатып, байлығын шашып +жатыр ғой.,,,,
Пікір алмасу

Кімнен: Үсен
14.01.2012 02:51
+0 / -0
Әй, Асан шал, қазақ байғұстарды билікті жағалатып үй сұратып қойған кім кінәлі?
Алдымен осыны ойлан!
Үйді Нұротан қалтасынан шығарып беріп пе? Ол осы адамның өзіне тиесілі үйі!
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
14.01.2012 15:46
+0 / -0
Асан аға! Сіздің айтқаныңызға толық қосыламын. Билікке қарсы сөз айтып жүргендердің бірі осындай үй ала алмағандықтан жазады, бірі биліктен үй алып жер ала алмай жүргендер. Жаны ашып бара жатса күрек алып Жаңаөзенге неге бармайды Бауыржан?
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
14.01.2012 17:32
+0 / -0
Жаңаөзенге бара алмай жүрген жоқ па ел ағалары қазір?
ЖСДП партиясы, Мұхтар Шаханов ағамыз бармақшы болғанда жол ортадан қайтарган жоқ соларды???
Пікір алмасу

Кімнен: ссссс
16.01.2012 14:17
+0 / -0
Мәәәәәә, атамыз бопсалауға көшті... Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында журген мемлекеттің бір пәтерін әлдеқандай болып жазып отырғаны несі. Ақынынан аяп....

Кімнен: Текті қазақ
14.01.2012 00:18
+0 / -0
Жұмбақ пен сұрақ
Жұмбағым осылай жұтыла бермек пе?
Жауапкерлер осылай құтыла бермек пе?
Өркөкіректердің ұпайы өсумен болып,
Қара халық үнемі ұтыла бермек пе?
Қарапайым халық, қорлана бермек пе?
Зорлықшылар қолымен зорлана бермек пе?
Елді есеңгіретіп есінен айырар
Қара бұлт осылай торлана бермек пе?
Зұлымдықтың желі есе бермек пе?
Адалдықтың жолын кесе бермек пе?
Шыныменен-ақ, Әділет байғұс
Әділетсіздікке солай есе бермек пе?
Күн шықпас жақтан, күн шыға бермек пе?
Қорланып, ашынған үншыға бермек пе?
Адалдық заңы, адамдық заңы
Арамдық заңмен тұншыға бермек пе?
Заңдылықтар орынсыз өзгере бермек пе?
Көңіл сезгенді, көз көре бермек пе?
Осының барлығын біліп, сезе отырып,
Лауазымдылар жолдау сөзге ере бермек пе?
Жалғандық әлі де жалғаса бермек пе?
Жағаға шап беріп жармаса бермек пе?
Жақсылық шегініп, жамандық емініп,
Тынымсыз екеуі арбаса бермек пе?
Жамандық жеңіске жете бермек пе?
Жақсылық еңіске кете бермек пе?
Аярлық пенен алдамшы қылықтар
Әлемге үстемдік ете бермек пе?
Жақсылыққа жол жабылмақ па?
Ол байғұс, іздікке зар боп сабылмақ па?
Тап солайша домалап тасы өрге
Жамандыққа тура жол табылмақ па?
Таң атпас жақтан, таң ата бермек пе?
Қапасқа шындықты қамата бермек пе?
Іділет шындығы әдірең қалып,
Әлсізді мықтыға қаната бермек пе?
Жүректер жөнсіз жаралана бермек пе?
Аппақ арлар да қаралана бермек пе?
Алым-берімсіз аяқ атталмай,
Тіршілік түгелдей паралана бермек пе?
Арсыздық араны ашыла бермек пе?
Ұят-абырой шашыла бермек пе?
Барлық құндылық аяқ аст боп,
Халықтың құтын қашыра бермек пе?
Адамдар осылай аладана бермек пе?
Өтірік мақтанға малдана бермек пе?
Жігері жасып, қайғы мен уайым басып,
Бөксесі ауырып салдана бермек пе?
Қойды ғой сұрақтар күнімді батырмай,
Қойды ғой түн бойы таңымды атырмай.
Сандаған сұрақтар сарғайтты санамды,
Мазалап күні-түн шешуін таптырмай.
Құр босқа қанымды басыма шаптырмай.
Отырған сұрақты жауабын таптырмай.
Алдына қойсам құзырлы жандардың,
Қалама япыр-ай, тағы да жақтырмай?
Тағы белгісіз, тағы да сұрақ!?
Сан сұрақтар келіп қатарға тұрат.
Сұрақтар қатары көбейері анық,
Болама жауап? Білмеймін бірақ!?
Құр босқа долданып, қанымды тасытпай,
Бекерге қорланып жанымды жасытпай.
Сандаған сұраққа табам ба бір жанды
Беретін жауабын ойланып асықпай?!

Кімнен: Жасан.
14.01.2012 00:36
+0 / -0
Асеке ел жырын жырлаған ақындарымыэдың бір үй алатындай құны жоқ па. Ертеде мұндай шайыр,сал серілерге астындағы жалғыэ атын да берген еді ғой сөз салмағын түсінген қазағымыэ. Және де ол үй ешкімнің жеке қаржысына салынбаған, халықтың еңбегі.

Кімнен: адай Қайдан: манғыстаудан
14.01.2012 01:19
+0 / -0
Бауыржан сен жыраусың ел қамын жеген; Аллаһ берген,Осы өлеңнен кеиін халық жұдырық түиер, аллаһ қолдап,,Аллаһ ұлы,
шындықты айтып шыңға шығар кез жеті, Оян қазақғым кең далама жау шапты ,Аллаһу әкбәр !

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
14.01.2012 01:34
+0 / -0
Құдайымау мыналардын турлері кадімгі кан ішерлерден аумайды гой осындай жауыз турді кан ішерлер деп айтпаска болмас ал Баке бауырым тіліп айткан создерін ушін халкым колдап бір болып осындай жауыз кан ішерлердін козін жояйык алаш журтым
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.01.2012 02:23
+0 / -0
Тамаша жазылған!

Кімнен: Гүлжан Қайдан: Алматы
14.01.2012 04:17
+0 / -0
Осындай ащы шындықты қара өлеңмен жеткізген Бауыржан мырза, рахмет! Керемет жазыпсыз!!!

Кімнен: Мәулен Қайдан: Алматы
14.01.2012 05:24
+0 / -0
Бауыржан аға, сіз секілді ақындарымызға Құдай Тағала жар болсын! Қазіргі кезде дәл осындай, елдің рухын көтеретін өлеңдер керек!

Кімнен: Қуан Қайдан: Маңғыстау
14.01.2012 12:23
+0 / -0
Бауыржан інім жарадың елдің еңсесін көтеріп рух берер өлеңіңді көптеп жаз.Асан сияқты 1000 зиялыдан сенің санаң өрең биік тұрғанын ел біледі.Осындай өлеңдеріңді Жас алаш ,Алтын ғасыр сияқты баспасөзгеде берсең жақсы болар еді. Халқын құл қылып отырған билікті жақтайтын қу басының қамымен жүрген мәңгүрттердің көзінде аш.Айбынды сөздерің болашақ Қазақ Елі үшін керек бауырым.
Пікір алмасу

Кімнен: Асанды орынсыз балағаттағ Қайдан: -ға және Үсен,Жасанға
14.01.2012 14:24
+0 / -0
Біріншісі, қазақты қазаққа айдап салғандардың қол шоқпарына айналу, батырлық емес, есерлік.
Екіншісі, Мен Бауыржан балама ақыл айтқаным жоқ. Тәрбиелілікті тәрік етпеуін өтіннім.
Үшіншісі, ақиқатын айтып пікір білдіргенім үшін, мені малға теңеп отырған, сен секілділер қолдаған топ билікке келер болса... Ойлауға қорқамын
Төртіншісі, Үсен ақыны болсын басқасы болсын, қазақтың барлығы заң алдында тең болыуы керек.Сондықтан үй де кезекпен басқалардың алдын орамай берілуі керек.Түптеп келгенде, ақындық міндет емес, адамдық міндет. кайыр болмақ,,.Біреуге әділдік туралы сын айту үшін, өзің ар тазалығыңнан бастау бастау алса ғана, ғибраты болмақ.Басқалай ауыз не демейді... болмақ, халық ақымақ емес, бәрін біліп, жіпке тізіп отыр.
Бесіншісі, Жасан, елде Бауыржандай ақынға "атын түсіп берер" азамат болмаса ол да "Нұротанның" айыбы ма?

Кімнен: ADAIBEK Қайдан: AKTAU
14.01.2012 13:11
+0 / -0
Адай Қаһары

Армысың Жаңаөзен елім ашылғандар
Ашылып намысқакүресіп жатырсыңдар
Көтеріліп Адай рухын асырдыңдар,
намысыңды жыққан емес сен туған ақылды ұлдар, қыздар
Арсыздықты көргенсін тасыдыңдардар
Бірақ сендер қай кезде басылдыңдар
Әділетсіздікті көрген сайын ашылдыңдар
Қазақстанда сендер ғана батырсыңдар
Қалғандары үнсіз жатырсыңдар
Сонда да рахмет қолдап жатырсыңдар
Биілікткі қолдағандар арсыздар қатынсыңдар
Көк қағаз үшін Шалдың артын жалап жатырсыңдар
Халықты қырып тастасада көрмей қаласыңдар
Құртып алып енді шындықтан қашасыңдар
Мен түсінбейм қарғыспен қалай тыныш жатасыңдар
Құдай жазасын берер азапты тартарсыңдар,
Жатыр бәрі өкпелеп дала қырлар,
Қазағым қашан үн қатасыңдар
Не айтсақта сөз сүйектен өтпейтін жауызсыңдар
Қаншама аналарды жылаттыңдар,
Көздеринен қан аққыздыңдар
Ата бабам қалаған елді талқандап қатырдыңдар,
Бәрініңде жауабы болар,
Көрде жатқанда сұрақ туар,
Жауап бере алмай тозаққа барарсыңдар,
Сол кезде неге ит болып туылмадым деп жыларсыңдар,
Бәрі бір әділет жеңет,
аман болыңдар тек қана иманы барлар.

Кімнен: kuathan
14.01.2012 16:12
+0 / -0
халық арасында теріс пиғыл тудыратын осындай мәтіндерге жол берілсесе екен деймін. аталған өлең шумақтары жаны ашығаннан емес, тұрғындарды шатастыру мақсатында шығарылған сияқты
Пікір алмасу

Кімнен: Қайрат Қайдан: Ақтау
14.01.2012 17:08
+0 / -0
kuathan, дұрыс айтасыз, менен "кейін топан су" дейтін мысық тілектердің қазаққа жаны ашығансып, тапсырмамен "үріп" отырғаны қаншама десеңші. Бұны қайран қазекем "ақылдан-дәм ету" -деген еді ау.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.01.2012 18:47
+0 / -0
25000 теңге
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.01.2012 20:08
+0 / -0
нұр отанның шын шамасы белгілі болды. бар-жогы 17% дауыс алып тур сауалнама бойынша
Пікір алмасу

Кімнен: Мырдың Оғы
14.01.2012 18:46
+0 / -0
НАЗАРБАЕВ КЕТ!!! Жағымпаз шалдарыңмен, арсыз мәңгүрттеріңді де бірге ала кет! Орныңа Қазақтың жігерлі де, арлы, дана да, көреген қайсар тұлғасы келе жатыр! Уақытқа, Тәңіріге қарсы шыққанның жазасын каддафи қалай тартқанын ескер!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.01.2012 17:11
+0 / -0
Керемет жазылган. Тағы да жаза түс

Кімнен: Еркебұлан әл-Қарасази Қайдан: Алматы облысы
14.01.2012 18:43
+0 / -0
Ай, азаматым, арысым!!! Жарадың!!!
"Нұрсұлтанның артын жалап барлығы." Дәл айтылған теңеу!
Он бесінші қаңтарда сүйсініп-ақ жалайды-ау, жалайды.. армансыз!!! Жасы да, кәрісі де. 71 жасына 71%-ды жалааааааааааапп тұрып, "сыйлайды", ол да ұялмай сол "сыйлықты" қабыл алады. Осы аталған көрсеткіштен плюс-минус он пайыз кем алмаса, менің атым өшсін!!!
Пікір алмасу

Кімнен: РУСЛАН Қайдан: МАГЫСТАУДАН
14.01.2012 20:04
+0 / -0
Бауыржан-батыстын Арланы жарайсын! Міне нағыз Азамат. Нурекен оз акылымен кете кою керек кой. Президент кетседе орнына президент келеді.
Пікір алмасу

Кімнен: МАЙЛАН ЖАРЫ ҚЫЗЫ Қайдан: АҚТАУДАН
14.01.2012 20:33
+0 / -0
Бауыржан бауырым жарайсың.Түсінген адамға ой салар.Жаңаөзенге арналған қайсы өлеңді алсаң да жүректі қан жылатады.Біз ЖӨ бауырларымызды әрқашан да қолдаймыз және сізбен біргеміз
Пікір алмасу

Кімнен: Ер Қайдан: Орал
14.01.2012 23:26
+0 / -0
Тасада отырып, тас атканша алдымен Бауыржандай болып алындар. Айтпесе, комптын коленкесінде отырып, кобік комменттерді копірткеннен не пайда? Алажагым кетсе де, айтажагымыз кетпесін! Тым курымаса осындай мумкіндіктерді пайдалану керек. Тамшы тама берсе тасты да тесетінін умытпайык.

Кімнен: Ағлен Қайдан: Атырау
14.01.2012 22:01
+0 / -0
25 мың теңгеліктер көбейген екен! Құдай жазаларыңды берер!
Халық болып көтерілу керек!! НӘН кетпей жарық күн жоқ қазаққа!! Шындықты халыққа барынша жеткізу керек, ауылдағы көп халық тек арсыз, өтірікші "Хабар" мен "Қазақстан" телеарналарын қарап отыр, сондықтан шындықты білмейді.

Кімнен: Берік Қайдан: Өскемен
15.01.2012 00:05
+0 / -0
Бауырым Бауке! Саган амандык тілеймін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.01.2012 00:13
+0 / -0
Алла Жар болсын сизге!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Нурбол Қайдан: Астана
15.01.2012 12:54
+0 / -0
Жарайсын, Баке!!! Аман болшы тек

Кімнен: DDoS-шабуыл Қайдан: Тау
15.01.2012 15:08
+0 / -0
Мұхтар Мағауиннің мақаласын оқып, ақсақалдардың барына шүкірлік еттім. Светқали мен Ұлықбек ағамыздың жырын оқып, ағаларымыздың барлығына тәуба дедім. Енді міне сенің өлеңіңді оқып, құрбыларымның тірі екендігіне көзім жетті. Аман бол батыстың батыры Бауыржан!
сәлеммен, 408-де тұрған курстасың.
Пікір алмасу

Кімнен: Оқырман Қайдан: Маңғыстау
15.01.2012 16:13
+0 / -0
Светқали мен Ұлықбектің өлеңдерін қай жерден оқуға болады? Мәтіндерін осы Азаттыққа қоюға болмас па екен? Мүмкін болса сілтеме берсеңіз алғыс айтамын!
Пікір алмасу

Кімнен: DDos-атака Қайдан: Сайдан
16.01.2012 04:43
+0 / -0
www.abai.kz
осы сайттан оқығам
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?