Дүйсенбі, 20 мамыр 2013, Алматы 15:36


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Полицейлер соты

Полицейлер сотында Saule540 видеосының кейіпкері де сұралды

27 сәуір күні Ақтау қаласындағы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жаңаөзен оқиғасында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деп айыпталған полицейлер соты басталды. Сотта әуелі жәбірленушілер сұралды.

Loading
12:00:00 / -:--:--

Жаңаөзен оқиғасы бойынша полиция қызметкерлерінің сот отырысы. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.

Мәтін көлемі - +

Сотқа Ақтау қалалық сотының судьясы Гүлмаржан Әділсұлтани төрағалық етті.

Сот басталар алдында сотталушы полицейлердің адвокаттарының бірі орнынан тұрып, залда отырған қазалы адамдарға көңіл айтып, «адвокаттардың жұмысына түсіністікпен қарауды» өтінді.

Бұл іс бойынша айыпталушы бес полицей бар. Олар - Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті (ІІД) бастығының орынбасары Қабдығали Өтеғалиев, ІІД-нің экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы Бекжан Бағдабаев, ІІД-нің оперативтік қызметкері Ринат Жолдыбаев, Жаңаөзен қаласы ішкі істер басқармасының аға анықтаушысы Нұрлан Есберген, Жаңаөзен қаласы ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Бақытқалиұлы.

Айыпталушылардың төртеуі үйқамақта отырса, біреуі «қаладан кетпейтіні жөнінде» қолхат беріп, еркіндікте жүрген екен.

Үйқамақта отырған Ерлан Бақытқалиұлы кеше, яғни 26 сәуірде Жаңаөзен абақтысының бастығы Жеңісбек Теміровтің сотына куәгер ретінде қатысқан еді. Ол «желтоқсанның 16-сы күні Астанадан келетіндерді әуежайдан күтіп алумен ғана шұғылданғанын» айтқан.

«SAULE 540»-ТЫҢ КЕЙІПКЕРІ»

Сот шешімі бойынша әуелі жәбірленушілер тыңдалатын болды.

Сот алдына қос балдақпен жеткен Жанболат Жаманқараев қақтығыс кезінде қалай жарақат алғанын баяндап берді.

 - Үйден шықсам, үйдің артында айғай-шу болып жатыр. Түк түсінбей қалдым. Жұрт абыр-сабыр, сасқалақтап қашып жүр. Оқ атылып жатыр. Сөйткенімше жанымдағы адам құлады. Ізінше оң аяғыма арт жағымнан оқ тиіп, жілігімді шашып жіберді. Аяғымды басқанда күтірлеп сынғанын көрдім, - деді ол.

Жанболат Жаманқараев «еңбектеп қашқанын, артынан қуып жеткен полиция қызметкерлері дубинкамен төпелеп, тепкілегенін» айтты.

 - «Ағалар, қойыңдаршы» деп жалынғанымды тыңдаған ешкім болмады. Сөйтіп мені добивать етті ғой. Есім кіресілі-шығасылы. Не үшін ұрып жатқанын да білмеймін. 
Жаңаөзен оқиғасы кезінде Saule540 түсірген видеодан көрініс.Жаңаөзен оқиғасы кезінде Saule540 түсірген видеодан көрініс.
x
Жаңаөзен оқиғасы кезінде Saule540 түсірген видеодан көрініс.
Жаңаөзен оқиғасы кезінде Saule540 түсірген видеодан көрініс.
Онымен қоймай: «Ей, үніңді шығарма, атып тастаймын, өлтіріп тастаймын» деп маңдайыма тапаншасын тақады біреуі. Үстімнен аттап өтіп, көзімнен теуіп кетті. Ауруханаға келгенде шешем танымай абдырап тұрып қалды. Полиция халыққа оқ атады деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді, - деді Жанболат Жаманқараев.

Осы әңгімесінен кейін отырғандардың бірі «Сәуле деген әйелдің видеожазбасына түсіп қалған сен екенсің ғой» дегенде Жанболат Жаманқараев «иә» деп жауап берді.

 - Мемлекет 500 мың теңге берді, оған мына денсаулығымды қалай түземекпін, - деген Жанболат Жаманқараев сөзін: - Егер сотталушылардың айыбы дәлелденсе, ең қатаң жазаға тартылуын талап етемін, - деп аяқтады.

Бірақ ол залда отырған бес күдіктіні танымайтынын айтты. Денсаулығына байланысты әрі қарай отыра алмаған Жанболат Жаманқараев сот залынан шығып кетті.

Жанболат Жаманқараевтан кейін жауап берген жәбірленушілер де өздерін дәл кімнің атқанын білмейтінін, бірақ оқ тиіп ауруханада жатып шыққандарын айтты.

Қақтығыс кезінде күйеуі қаза болып, бес баласымен жесір қалған Бақытгүл Намазова әлі талап-арыз да бермеген екен.

Тағы бір жәбірленуші Тұрсынбай Есетов «полиция қызметкерлерінің адамдарды атып жатқанын» өз көзімен көргенін баяндап берді.

«АЯҒЫМ АРТҚА АЙНАЛЫП КЕТІПТІ»

Сот алдында балдақпен жеткен жәбірленуші өзін Дүйсенбек Нұров деп таныстырды.

 - Жығылып жатқан адамға көмектескелі жатқанымда оқ тиді. Мені сүйрелеп әкетіп бара жатқандарға: «Жігіттер, аяғымды түзеп қойыңдаршы» дедім. Өйткені аяғым артқа қарай айналып кетіпті. Жаңаөзеннің, одан соң Ақтаудың ауруханасына әкетті. 
Жәбірленуші Дүйсенбек Нұров. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.Жәбірленуші Дүйсенбек Нұров. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
x
Жәбірленуші Дүйсенбек Нұров. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
Жәбірленуші Дүйсенбек Нұров. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
Үш күннен кейін есімді бір-ақ жинадым. «Аяғыңды кесеміз» деді. Ақыры шегелеп берді. Бәрібір жеті сантиметр қысқарып қалды, - дейді Дүйсенбек Нұров.

Дүйсенбек Нұров оқ атылып жатқан жерде «әйел, бала-шағаның толып жүргенін» айтады.

Прокурор «Сіз жарақаттанып құлағанда полиция қызметкерлері жәрдем көрсетті ме?» деген сауалды Дүйсенбек Нұровқа да қойып еді, жәбірленуші «Өзі атқан полиция өзі көмектесуші ме еді?» деп, прокурорға қарсы сұрақ қойды.

Жауап алу кезінде «Полиция халыққа қарсы атты ма, әлде аспанға атты ма?» деген сұрақ та қойылды.

 - Полиция халыққа қарата атпаса, халықты аспаннан біреу түсіп атып кетпеген шығар. Сендер де қызық сұрақ қоясыңдар, - деді Дүйсенбек Нұров.

Бұл жәбірленуші де «сотталушыларды көрмегенін» айтты, бірақ олардың айыбы дәлелденсе - ең ауыр жазаға кесуді сұрады.

Айта кетерлік жайт - осы сот барысында сот төрағасы жәбірленушілерден «Қандай жаза сұрайсыз?» деп сұрап отырды.

«ҰЛЫМНЫҢ МАҢДАЙЫНАН СИПАП ҚАЛАЙЫН ДЕП ЕДІМ...»

Тағы бір жәбірленуші, лицейдегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінінің мұғалімі Күләш Маханова желтоқсанның 16-сы күні өз оқушыларын алаңға апарып, шеруге шығып қайтқанын айтты. Оның сөзіне қарағанда «бұл шеру бұрынғыдай салтанатты түрде өткізілмеген, балаларды тезірек алып кетуге бұйрық берілмеген».

 - Бірақ ол кезде әлі қақтығыс болған жоқ еді. Оқушыларымды таратып, өзім де қайттым. Ойымызда ештеңе бола қойған жоқ, - дейді ол.

Күләш Маханова «алаңда қырғын болып жатқанын» үйіне келген соң естиді. Содан 
Жәбірленуші Күләш Маханова. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.Жәбірленуші Күләш Маханова. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
x
Жәбірленуші Күләш Маханова. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
Жәбірленуші Күләш Маханова. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
кейін баласын іздеп шығып, таба алмай қайтқан екен.

 - Бірнеше әйел жылап-сықтап, «полиция адамдарды малша қырып тастады» деп жатыр. Үйге кешке жеткенімде көршілерім баламның оққа ұшқанын естіртті. Үйленгеніне 1 жыл 7 ай болған еді. 10 айлық баласымен келін қалды. Өзім Ыбырай Алтынсарин медалінің иегерімін. Полиция осылай оқ атқаннан кейін енді қалай мұғалім боламын, білмеймін, - деді Күләш Маханова.

Ол үлкен баласының «сіз көрмей-ақ қойыңыз» дегеніне қарамай, «ең болмаса маңдайынан сипап қалайын» деп, мерт болған ұлының сүйегін көргенін айтты.

 - Оққа ұшқан ұлымның не маңдайы, не тұмсығы жоқ екен ғой. Желкеден тиген оқ қопарып кетіпті, - деді Күләш Маханова сот алдында жылап тұрып.

«ҚОЛЫМ ТЕРІСІНЕ ІЛІНІП ҚАЛДЫ»

Сотта жәбірленуші ретіне сұралған Ертай Сатыбалдиев те «ОМОН-дарға кездейсоқ тап болғанын» айтады. Ақтауда жұмыс істейтін ол желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзендегі үйіне қайтыпты.

 - Таксиден түсіп, «Барыс» дүкеніне қарай өтіп бара жатқанымда алдымнан саппен келе жатқа ОМОН-дар көрінді. Ол жерде мұнайшылар жоқ - бала-шағалар болды. Сөйткенше болған жоқ, саптың алдыңғы жағындағылар тұра қалып ата бастады. 
Жәбірленуші Естай Сатыбалдиев. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.Жәбірленуші Естай Сатыбалдиев. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
x
Жәбірленуші Естай Сатыбалдиев. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
Жәбірленуші Естай Сатыбалдиев. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
Оларды боевой оқпен атып жатыр деп ойламадым. Адамдар құлап жатқанын көріп енді қаша бастағанымда қолым жансызданып қалды. Құлап бара жатқанымда алдымда екі-үш адамның құлап жатқанын көрдім, - деді ол.

Ертай Сатыбалдиев ОМОН-дардың алдындағы адамдарда қару болмағанынан айтады.

 - Екінші топтағы мүгедек болып қалдым. Оқ тигенде қолым терісіне ғана ілініп қалды. Мына темірмен жалғап берді, қазір қолым дұрыс істемейді, -  деді ол.

Сотта сөйлеген жәбірленушілердің көпшілігі сотталушы полиция қызметкерлерінің абақтыға қамалмай, тек үйқамақта ғана отырғанына наразылық білдіріп жатты.

Ал сот басталар алдында, яғни таңертең сағат 10-ға дейін Азаттық тілшісі сөйлескен сотталушы полицейлердің бірінің әкесі «баласының тек бұйрықты ғана орындағанын, сол бұйрықты берген адамды соттау қажет екенін» айтқан еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 09:03
+2 / -0
Жаңаөзен оқиғасы болғалы бері,сол туралы жаза алатын газеталар мен интернеттегі БАҚ-тарды жібермей оқып келеміз.Сондағы мыңдаған куәгерлер жүздеген полицейлерге деген ренішін аитады.Солардың ішінде мына бесеуі туралы үкімет тексерісі бойынша қаңтардың аяғында аитылғанымен бірде-бір адам бұлар туралы тіс жарған жоқ.СОЛ 4 АЙ БОЙЫ Жаңаөзендіктер 1 полицейдің атып бара жатқанын көргендігін,содан кейін тергеуде айыпталушыларды қорлағанда ,Абдүрасул Өтешов деген кісінің аты аитыла беретін еді. Ол туралы желтоқсанда шыққан "НОВАЯ ГАЗЕТА"ның тілшісі Елена Костюченко да сол кезде жазды. Көпшіліктің көргені полицейдің бет перде кимей-ақ атып бара жатқанын да жазды.Бұл қалай? Заң аз-да болса бар болса, алдымен сол отыру керек емес пе? Ылғи болатын "аиран ішкендер құтыла бере ме? Бұл дегеніміз халықты одан бетер ашындыра түспей ме?

Кімнен: Қайрат Қайдан: Астана
28.04.2012 09:45
+2 / -0
Мыналар Астанадан келетін полицияларды күтіп жүрдік дейді. Оларды кім шақырған? Не үшін ерте келген?
Халықты қыру жоспарланған екен ғой........

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
28.04.2012 10:04
+1 / -0
Бұйрықты берген адамның атын атаса, жазасы жеңілдейтіні сөзсіз. Алайда, қанша жерден бұйрық орындадым дегендерімен заңсыз бұйрықтан бас тартпай, өз халқына қарата оқ атқандары заң алдында да, құдай алдында да кешірілмейтін күнә. Жәбірленушілердің айтуларына қарағанда, бейсауат жүргіншілерден мұздай қаруланған полициялар үшін қандай қауіп төніп тұрған еді? Еш қандай!
Ал, билік шынымен әділдікті қалпына келтірем десе, бұйрық берушілер мен орындаушыларды тауып, бұлтара алмастай дәлелдермен мойындарына қойып, лайықты жазасын берсін!
Шынымен әрекеттенсе, нақты қылмыскерлерді әшкерелеуге деректері жетіп артылатыны талас тудырмайды.
Нақақтан қайтыс болғандардың туыстары мен жәбірленушілерге өз қалаулары бойынша лайықты материалдық жәрдемақы төленуі тиіс!
Қайтыс болғандардың мүрдесін саудаға салушылар да жазадан қалыс қалмаулары керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Семей
28.04.2012 11:35
+1 / -0
"Баламның маңдайынан сипайын деп едім" деген ананың сөзі қандай қасіретті. Көзімнен жасым парлап оқып отырмын осы мақаланы. Мен де анамын, мен де мұғаліммін. Сұмдық қой мынау. Бейбіт күнде балаларымыздың өз қанішерлеріміздің қолынан мерт болып жатқаны. Алла жеңілдігін берсін сіздерге, Маңғыстау халқы! Жендеттердің құдай жазасын берсін! «баласының тек бұйрықты ғана орындағанын, сол бұйрықты берген адамды соттау қажет екенін» айтқан еді. Балаң еркек болса, айтсын сол бұйрық берген адамды!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Оралдан
08.05.2012 17:12
+0 / -0
Балана акенди ат деп буйрык берсе, сени де атып тастайын деп турго, ондай баланын болганынан болмаганы жаксы емеспе...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 11:44
+1 / -0
"ОГОНЬ НА ПОРОЖЕНИЕ" сөзінің авторы актау гувд-сының замы ҰЛЫҚБЕК МЫЛТЫҚОВТЫҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАМАҒАНЫ ТҮСІНІКСІЗ.Ол атқыштың қызметі ақпан айында көтеріліп кетіпті.Негізгі атқыштарды прокуратура негеқорғаған? келесі атуларға атқыштар қажет болды ма?
Пікір алмасу

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
29.04.2012 18:05
+0 / -0
ұлықбек өзбек көрген , ақшамен ұрып-жығып әлде қашан құтылып кеткен!

Кімнен: Топ Қайдан: Ақтау
28.04.2012 10:50
+1 / -0
Маңғыстау ОВД сол уақыттағы бастығы және 17 желтоқсаннан бастап комендант болған Қабыловтың жауапсыз қалуы тіптен мүмкін емес жағдай. Абдрасул Өтешовтың жазаланбауы ақылға симайды. Біз аттық деп мойындап тұрған Қайрат Сариннің бостандықта жүруі елдің ашуын келтіруде. Сол Сариннің Ақтаудағы коттеджі қандай ақшаға салынды екен.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
28.04.2012 10:59
+1 / -0
халықты қырғандар да, оларға бұйрық бергендер де екі дүниеде Аллаһтың лағынетіне ұшырасын!!

бұл дүниеде де, ахиретте де қорлықтан көз ашпасын!

Кімнен: жай казақ Қайдан: қазақ елі
28.04.2012 12:43
+1 / -0
Неге 5 полицей отыр, оқ жаудырған басқа полицей болмады ма? әлде дәлелденбеді ме? қосымщша сұралып тергелу керек.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ қызы Қайдан: Маңғыстаудан
28.04.2012 15:55
+0 / -0
5 полицейдин крышасы жоктар шыгар или сендер мойындарына алын, артынан амниссиямен шыгарып аламыз деп кулактарына тепкен болар!
Мен бирак сол жогарыдагы малгундардын тергелип, сотталатынына сенбеймин! Тек Аллам жазасын берсин! Ерте ма кеш па ол миндетти турде орындалады.

Кімнен: Сабыржан Қайдан: Шымкент
28.04.2012 12:59
+0 / -0
Азаттық радиосы редакциясы, сендерге пікір білдіру қиын. тіркеу, тіркелдің бе, кіріңіз деген нәрселермен әбіржітіп жібересіңдер. Бір рет тіркеліп едік. Қайтіп бәрі түсініксіз болып кетті. Пікір білдіруді жеңілдетсеңдерші. Мейлі сендердің сүзгілеріңнен өтсін. Бірақ, шектен тыс қуудың не қажеті бар? Олай етуде жабайылық.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
28.04.2012 16:14
+0 / -0
Құрметті Сабыржан,

сайттағы форумдарға тіркелмей де пікір жазып қалдыруыңызға болады. Ол үшін мақаланың астындағы "Пікір қосыңыз" деген жазуды басыңыз, сонан кейін ашылған "Пікір жазатын жер" деген торшаға пікіріңізді жазып, оның төменгі жағындағы бос орынға сол жақтағы алты саннан тұратын код-сандарды теріп енгізіңіз. Ең соңында "Жіберу" деген жазуды басасыз.

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
28.04.2012 13:36
+1 / -0
Сауленин видеосы алла тагаланын жауыздарга карсылыгы бул кездейсоктык емес осы кишкентай периште кыздын колымен тусиртип осы видео аркылы жауыздарды ашкереледи.Видеодагы адамнын да анадай урган соккыдан аман калуы да гажайып нарсе мумкун емес кой тири калуы.Видеода алланын колдауымен тири калды ана жигит.Бул жигиттин омири узак жаксы боп кететин шыгар.Жараткан ием комектести гой жазыксыз жандарга.Журеги кан жылаган халкыкка бул Видео конилине медеу боп умит отын жагып Сауле шашты.Бул кыз бала келешекте казактын батыр кызымын халкымнын мактанышымын деп мактанышпен айтады али.Сол кундер келип казактын батыр кызын халкы коретин кун туады.
Пікір алмасу

Кімнен: Ареке Қайдан: ОҚО
29.04.2012 21:01
+0 / -0
Мына сотталып жатқандардың ішінде Жанболатты атып соққыға жыққандар барма екен өзі. Әрине бұрар кінәлілер, дегенмен нағыз кінәләлер жоғарыда отыр ғой. Оларға қазір ешкімнің шамасы келмейді. Билік алдадым, халықты ақымақ қылдым деп мәз, қара халық қолынан ештеңе келмейді, іштері қара қазандай қайнайды, көздерінде жас, бірақ қазір билікте оны коретін көз де еститін құлақ та қалмаған. Бәрін заңдастырып алған, білесің зорлық екенін, қорлық екенін, бірақ заңды, ештеңе істей алмайсың, тек сотталасың.

Кімнен: Есбол Қайдан: Жанаөзен
28.04.2012 15:41
+0 / -0
Халыкка ок аткан полицейлер ауыр жаза алулары керек,
Пікір алмасу

Кімнен: ой
28.04.2012 22:19
+0 / -0
кім жаза береді? Халық па? ЕНдеше неге сол халық митингке көп келмеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 23:01
+0 / -0
Karapaim KAZAKTAR kashan jaksi omir syrer eken? OK ATKAN policederdi KATAN JAZALAY KEREK.

Кімнен: Айару Қайдан: жанаозен
28.04.2012 16:03
+0 / -0
Кулаш апай казанын арты кайырлы болсын баланыз жаннаттан орын алсын баланызды аткан адамга алла жазасын берсин
Пікір алмасу

Кімнен: Айым Қайдан: Атырау
28.04.2012 17:43
+0 / -0
Күләш апай балаңыздың қазасының арты қайырлы болсын, артында қалған туыстарына, сәбиіне шапағатшы болсын! Жауыздар табылып, тиісті жазасын алсын!

Кімнен: Асқар Қайдан: Атырау
28.04.2012 17:07
+0 / -0
Шынымен де, бұрыннан сақшылардың қаныпезерлігін, шаш ал десе бас алатын озбырлықтарын (бәрінің бірдей) білуші едік, Жаңаөзен оқиғасы бұл жендеттерді "жаңа қырынан" танытты! Осы қырғынды ұйымдастырған малғұндар мен оны жүзеге асырғандар Алланың қарғысына ұшырап, тозаққа отын болсын деген бір тілек! Күлаш апа өзін Қазақпын дейтін, кеудесінде намысы бар әрбір жан сіздің қайғыңызға ортақ! Балаңыздың жаны жәннатта болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Болатбек
29.04.2012 02:56
+0 / -0
Сұмдық екен мына жағдайлар, ішім қан жылап отыр. Жаңаөзен соты әділ өтпесе, шешім дұрыс болмаса жұрт тағы көтерілуі мүмкін. Назарбаев артын ойласа, бәрін өз қолына алуы керек ертерек. Сотта отырғандар қалай шыдып отыр екен мынандай аянышты оқиғаларды тыңдағанда...

Кімнен: Айару Қайдан: Жанаозен
28.04.2012 22:22
+0 / -0
Сол 16-17 куны болган ОМОН жасактарынын барлыгы неге сотка шакырылмайды екен, турлерине карап танылып калуы да мумкингой. Халыкка ок атканы окинышты, мемлекеттин улкен кателигы. Сол буйрык берген адамнын журегинде мейірім, иман жок. Олгендер кайтып келмейди, жазасы алла колында. Ендыгы тилерим, Жанаозен каласы жаксы жагына озгерсе екен. Б.Мухамеджановтын "Жанаозен измениться до не узнаваемости" дегенин естип едим, бос соз болмай, шынымен озгерип, карапайым халыктын конилы жадыраса екен!

Кімнен: мерген Қайдан: ақтау
28.04.2012 22:37
+0 / -0
Өлгендер мен жараланғандардың компенсациясын үкімет төлеуі керек, себебі полиция үкімет адамы.

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
28.04.2012 22:40
+0 / -0
Әрине, мүмкін бұлар да атқан шығар, бірақ негізгі атқандар мен адамдарды ұрып-соғушылар құтылып кеткенге ұқсайды. Мыналар кілең осы Маңғыстауда туғандар сияқты айтыстарына қарағанда, яғни билік бұл жерде бір оқпен екі қоянды атып отыр - сендерді атқан өз тумаларыңыз дегісі келеді. Мына жігіттер осыны дұрыс түсінсе барлық шындықты қаз-қалпында айтулары керек, әйтпесе олар бізді мазақ етіп отыр, біреудің қолында ойыншық болуға болмайды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Тілекші.
29.04.2012 02:14
+0 / -0
Құрметті жәбірленуші туыстар, сендердің қайғыларың, көрген қорлықтарың барлық еліміздің ізгі адамдарының жаныныа батады. Бұл болған сұмдықтар елімізде жылдар бойы жасалып келе жатырған,қордаланған, қылмыстардың ашылуына себеп болды. Қылмыстың қайдан бастау алып жатырғаны әшкере болды. Өзімнің білгенімді адам білмесін деген талайлардың абыройлары айрандай төгілді. Дана қазағымның "мың асқанға бір тосқан" деген сөзінің тегін айтылмағанын, әр нәрсенің де шегі бар екенін көрсетті. Енді алдағы уақытта еліміздің басынан өткен зұлматтың артының қайырын сұрайық, алдағы күндеріміз жарқын, жақсылықтың бастауы болсын, Алланың берген несібесін тыныштықпен бөліп жейік. Осыншама байлықты тегін берген мейірімді,рақымды Алланың қаһарына ұшыраудан сақтанайық. Адамдардың жауыздығынан жазықсыз құрбан болған, жапа шеккендердің отбастарына көмегімізді беріп, олардың тығырықтан шығуына атсалысайық. Аллаһым басқарушыларымыздың зұлымдығынан, шайтанның азғыруынан сақтасын.

Кімнен: Намыс
29.04.2012 04:04
+0 / -0
Аяқ сынды , бас жарылды , жүректер соғуын тоқтатты , қан төгілді . Бұндаи ауыр азапбен , қаиғы тәуелсіз елдің ішінде болғаны қандаи өкінішті . Жалған саясат , қартаиған нұркөкеміз алдап , алдап , мал құсатып аидап әкеліп қораға қамап , торға түсіріп қырып салды . Санасы ақшамен уланған , өз баилығына өзі мас болған көкеміз қара мұнаиды халқынан қызғанып , қанға аиырбастады . Қанның дәмін татып көрген билік енді қашан шалқасынан түсіп құлағанша тоқтамаиды . Жазылған мақала өте ауырда қаиғыға толы оқып отырып пікір қалдырмау мүмкүн болмады . Қазақтың тал шыбықтаи қаисар қызы Сауленің батылдығы , оқ жауып тұрғанына қарамаи видиоға түсіруіде ерлік , қаршадаи Қазақтың жас қысының ерлігі ескерілер күнде келер , аман бол аяулы қарындасым . Жаңаөзенім ерліктің , қаисарлықтың жолын көрсете білдің , кәзіргі билік өздерің қаққан қазықты суыра алмаи , көтерген ақ туыңды құлата алмаи әуреге түсіп мазасыз күи кешуде . Өздеріңді құрытпақ болған жетесіз биліктің соңғы тұиақ серпілісі болғаидеп тілеимін .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 05:58
+0 / -0
іс қозғалмағандардың үстінен өзіміз іс қозғаймыз!!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Берлин
29.04.2012 12:32
+0 / -0
Неге ДВД-ның басты жауапты адамдары іске тартылмаган, ҚАБЫЛОВ ҚАЙДА?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 15:57
+0 / -0
Қасымов, Қабылов, Сарин, Өтешов, Мылтықов - міне соттайтын адамдарың!!! Осыларға қоса облыстық прокурор, кнб, қалалық барлық деңгейдегі басқарма бастықтары жауап берсін.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 22:56
+0 / -0
Бұл иттердің миының тамақ сұрайтын, пара алатын, бұйрық орындайтын түйсіктерінен басқа клеткаларын сылып тастағаннан саума, отқа түс деп бұйырса ойланбастан қойып кетеме. Анау бейшара мұғалімге қаза арты қайырлы болсын, көре тұра балаларды өзі бастап барып өз баласы оққа ұшуы әрине қайғылы да ауыр оқиға. Осыдан кейін әріптестері ойланып "нұрсұлтан - қазақстан" деп жиын болса зал толтырып желпінетін жиіркенішті әдетті доғарса, бірақ дүбәрә мәңгүрт топқа екі қойың бір сом-ау.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?